6-тақырып. (2 сабақ) Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу


Сәйкестікті міндетті растау



бет16/26
Дата11.03.2023
өлшемі369,5 Kb.
#171918
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
Байланысты:
6-та ырып. (2 саба ) К сіпкерлік ызметті мемлекеттік реттеу (1)
Са , н, йсін, а лы тайпалары тарихыны зерттелуі. Т ркі а а
Сәйкестікті міндетті растау.
Сәйкестікті міндетті расталуға жататын өнім техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде айқындалады.
Сәйкестікті міндетті растау:
1) дайындаушы (орындаушы) кәсіпорынның сәйкестік туралы декларация қабылдауы;
2) міндетті сертификаттау жүргізу нысанында жүзеге асырылады.
Өнімнің сәйкестігін міндетті растау техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігі және сәйкестікті растау схемалары бойынша жүзеге асырылады.
Сәйкестікті растау схемаларында сәйкестікті белгілеу тәсілдері (сынау, өндірісті бағалау, сапа менеджменті жүйесін бағалау, техникалыққұжаттаманы талдау, инспекциялық тексеру) болады және сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен (немесе) өнімді дайындаушылар (орындаушылар) оларды міндетті сертификаттау жүргізген немесе сәйкестік туралы декларация қабылдаған кезде қолданады.
Өнімнің сәйкестігін міндетті растау кезінде техникалық сарапшылар тартылуы мүмкін.
Егер ҚР-ның заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, бұрын тұтынуда болған, сонддай-ақ ізгілік көмек желісі бойынша жеткізілетін өнім сәйкестікті міндетті растау объектілеріне жатпайды.


Сәйкестік сертификаттар.
Сәйкестік сертификатын өтінім берушіге сәйкестікті растаудың та сертификатын өтінім берушіге сәйкестікті растаудың таңдалған схемасына сәйкес барлық рәсімдерді орындаудың оң нәтижелері болған жағдайда өнімге сәйкестікті растау жөніндегі орган береді.
Сәйкестік сертификатында:
1) өтінім берушінің, өнімді дайындаушының (орындаушының), сәйкестік сертификатын берген оргнның атауы және орналасқан жері;
2) сертификатталған өнімнің бірдейлендіруге мүмкіндік беретін атауы;
3) оның талаптарына сәйкестікке сертификаттау жүргізілген техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актінің атауы;
4) жүргізілген зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер туралы ақпарат;
5) өнімнің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігіне дәлел ретінде өтінім берушінің сәйкестікті растау жөніндегі органға ұсынған құжаттары туралы ақпарат;
6) сертификаттың қолданылу мерзімі көрсетілуге тиіс.
Сәйкестік сертификаты бланкіде ресімделеді, оның нысананы мен толтырылуы тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Сәйкестік сертификаты оны берген сәйкестікті растау жөніндегі органда тіркелуге тиіс.
Сериялы шығарылатын өнімге сәйкестік сертификаты сәйкестікті растау схемасында белгіленген мерзімге беріледі.
Сәйкестік сертификатының күші ҚР-ның бүкіл аумағына қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет