6-тақырып. (2 сабақ) Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу


Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу мерзімдерi



бет18/26
Дата11.03.2023
өлшемі369,5 Kb.
#171918
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
Байланысты:
6-та ырып. (2 саба ) К сіпкерлік ызметті мемлекеттік реттеу (1)
Са , н, йсін, а лы тайпалары тарихыны зерттелуі. Т ркі а а
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу мерзімдерi
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу мерзімі мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдарға алдын ала сараптамадан өткен қажетті барлық құжаттама берілген кезден бастап үш айдан аспауға тиіс.
Алдын ала сараптамадан өткізу мерзімі құжаттаманың мемлекеттік экологиялық сараптамаға келіп түскен күнінен бастап екі аптадан аспауға тиіс. Табыс етілген құжаттама толық болмаған жағдайда ол табыс еткен тұлғаға қайтарылуға жатады.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы оны жүргізу нәтижелері бойынша беріледі. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы экологиялық сараптама объектісін іске асыру жөнінде шешім қабылдауға болатындығы мен мүмкіндігі туралы тұжырымдарды қамтиды. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы болған кезде тапсырысшы сараптамаға ұсынылған материалдарды сараптамалық қорытындының ұсыныстары мен ескертпелеріне сәйкес пысықтауды қамтамасыз етуге және ол белгілеген мерзімде барлық материалдарды қайтадан экологиялық сараптамаға табыс етуге не белгіленіп отырған қызметінен бас тартуға міндетті. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу міндетті болатын шаруашылық және өзге де қызмет жобаларын мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз банктердің және өзге де қаржы ұйымдарының қаржыландыруына және іске асыруына тыйым салынады.
Қоғамдық экологиялық сараптама
Қоғамдық экологиялық сараптама - қоғамдық бірлестіктер құратын сараптама комиссиялары ерікті негізде жүзеге асыратын қызмет түрі.
Қоғамдық экологиялық сараптама кез келген шаруашылық және өзге де қызметті азаматтардың өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны сақтау жөніндегі қоғамдық мүдделердің сақталуы тұрғысынан қарайды.
Қоғамдық экологиялық сараптама объектісі іске асырылған жағдайда мүдделері қозғалатын жеке тұлғалар немесе қоғамдық бірлестіктер қоғамдық экологиялық сараптаманың бастамашысы болуы мүмкін.
Қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы - қоғамдық бірлестіктер, олардың атынан экологиялық сараптама жүргізу туралы өтініш беріледі және сараптама комиссиясының қызметін ұйымдастыру жөнінде шаралар қолданылады.
Қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының:
1) қоғамдық экологиялық сараптама объектісінің тапсырыс берушісінен қоғамдық экологиялық сараптама жүргізуге қажетті құжаттар мен материалдар сұратуға;
2) сараптама жүргізу үшін сарапшылық комиссия құруға;
3) қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысын жергілікті атқарушы органдарға және қаржы ұйымдарына табыс етуге құқығы бар.
Қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушы:
1) қоғамдық экологиялық сараптаманы осы Кодексте жазылған талаптарға сәйкес ұйымдастыруға;
2) қоғамдық экологиялық сараптаманың барысы мен нәтижелері туралы жұртшылықтың хабардар етілуін және қоғамдық экологиялық сараптама қорытындысын әзірлеуде қоғамдық пікірдің есепке алынуын қамтамасыз етуге;
3) қоғамдық экологиялық сараптама қорытындысының барлық мүдделі тараптар үшін ашық болуын қамтамасыз етуге міндетті.
Қоғамдық экологиялық сараптаманы қаржыландыру:
1) қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастыратын және жүргізетін қоғамдық бірлестіктердің өз қаражаттары;
2) ерікті қайырмалдықтар, өтеусіз негізде ұсынылған гранттар;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет