6-тақырып. (2 сабақ) Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу


Лицензиялау кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік құқықтық реттеу түрі ретінде



бет17/26
Дата11.03.2023
өлшемі369,5 Kb.
#171918
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
Байланысты:
6-та ырып. (2 саба ) К сіпкерлік ызметті мемлекеттік реттеу (1)
Са , н, йсін, а лы тайпалары тарихыны зерттелуі. Т ркі а а
Лицензиялау кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік құқықтық реттеу түрі ретінде.
Лицензиялау - лицензияларды беруге және қайта ресiмдеуге, лицензиаттардың тиiстi талаптарды сақтауын лицензиарлардың бақылауды жүзеге асыруына, лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұруға және қайта бастауға, лицензиялардан айыруға байланысты iс-шаралар кешенi;
лицензиялық бақылау - лицензиардың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын лицензиаттардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметi;


Экологиялық экспертиза және экологиялық бақылау.

Экологиялық сараптама - көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған орта сапасының нормативтері мен экологиялық талаптарға сәйкестігін белгілеу, сондай-ақ осы қызметтің қоршаған ортаға тигізуі мүмкін қолайсыз әсерлерінің және солармен байланысты әлеуметтік зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектісін іске қосуға жол берілуін айқындау;


экологиялық мониторинг - қоршаған ортаның жай-күйін және оған әсер етуді жүйелі түрде байқау мен бағалау;


Экологиялық сараптама түрлерi
Қазақстан Республикасында мемлекеттік экологиялық сараптама және қоғамдық экологиялық сараптама жүзеге асырылады.
 
Экологиялық сараптаманың мақсаттары
Экологиялық сараптама:
1) жоспарланып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық, норма шығару және өзге де қызметті іске асырудың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына ықтимал теріс зардаптарын айқындау және шектеу;
2) экономикалық даму мен қоршаған ортаны қорғау мүдделерінің балансын сақтау, сондай-ақ табиғат пайдалану процесінде үшінші тараптарға залал келтіруді болдырмау мақсатында жүргізіледі.
Мемлекеттік экологиялық сараптама oбъектілерi
Міндетті мемлекеттік экологиялық сараптамаға мыналар жатады:
1) жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызмет жобалары және оларға ілеспе, ЭКодекстің 37-бабында айқындалған кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдары;
2) табиғат пайдалану мәселелеріне қатысты жоспарлау алдындағы және жобалау алдындағы құжаттаманың барлық түрлері, болжамдардың, экологиялық және өзге де бағдарламалардың жобалары, мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметі негізгі бағыттарының тұжырымдамалары, мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар, шарттар, келісімшарттар, оның ішінде меншік және жекешелендіру нысандарын өзгертуге қатыстылары;
3) қолданыстағы oбъектілер үшін қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдарымен қоса реконструкциялау жобалары;
4) қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің жобалары;
5) іске асырылуы қоршаған ортаға теріс әсерлерге әкеп соғуы мүмкін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобалары, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары;
6) аумақтарды ұйымдастыру схемаларының жобалары;
Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері ЭКодекстің 40-бабында келтірілген объектілердің сыныпталуына сәйкес І, ІІ, III, IV санаттарға бөлінеді.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдар
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы І санат объектілеріне - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, ІІ, ІІІ және ІV санат объектілеріне - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жүргізеді.
Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын І санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлуді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен критерийлерге сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу тәртібi
Мемлекеттік экологиялық сараптамаға құжаттаманы:
1) белгіленіп отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтің тапсырыс берушісі (инвестор);
2) мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын нормативтік құқықтық актілердің, жоспарлар мен бағдарламалардың жобаларын әзірлеуді жүргізетін мемлекеттік органның басшысы табыс етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет