АЖ жобалау жүйелерін қолданып, жобалау жүргізе алады.
Пән бойынша оқытудың күтілетін нәтижелер:
ақпараттық жүйелердің, техникалық және бағдарламалық құралдардың құрамы мен құрылымын білу және ақпараттық процестің құрылымы туралы түсінікке ие болу, ақпараттық процестерді ұйымдастыру негіздерін білу;
ситуациялық есептерді шешу процесінде ақпараттық жүйелер мен ақпараттық жүйелерді әзірлеу құралдарын пайдалану дағдыларын меңгеру;
АЖ-ге салыстырмалы талдау жүргізу және басқаруды ақпараттандырудың бағдарламалық құралдарын таңдау мүмкіндігі;
кәсіпорын қызметінде ақпараттық жүйелерді пайдалану бойынша тәжірибе жинақтау;
басқарушылық есептің нақты ақпараттық жүйелерінде жұмыс істеу дағдыларын меңгеру.
Пререквизиттері: Информатика( мектеп курсы)
Постреквизиттері: Ақпараттық жүйелерді модельдеу, Деректер қорын басқару жүйелері, Web технологиялар, IT инфрақұрылымы, Ақпараттық жүйелерді әкімшілдеу, Интерактивті графикалық жүйелер