2 – тапсырма. Дененің тығыздығын анықтау. Құрал – жабдықтар: тығыздығы анықталатын денелер, мензурка, сызғыш, жіп.
Жұмыстың барысы: Алдыңғы берілген тапсырмадағы массасы анықталған денелерді алыңдар. Параллелепипедтің көлемін анықтау үшін сызғышпен оның қабырғаларын өлшеңдер, содан соң оның көлемін (V=abc) есептеңдер.
Пішіні күрделі болып келген басқа денелердің көлемін мензурка көмегімен анықтаңдар немесе № 1 зертханалық жұмыста көлемі анықталған денелерді пайдаланыңдар.
Дене тығыздығын формуласымен есептеп, оны г / см3 және кг / м3 – пен өрнектеңдер. Өлшеу мен есептеу нәтижелерін төмендегі кестеге жазыңдар.