2 – тапсырма. Бұранда қадамын өлшеу.
Жұмыстың барысы:
-
Бұранда қадамы деп қатар жатқан орам оймасының ара қашықтығын айтады. Бұранда қадамы өте аз шама болуы да мүмкін. Сондықтан оны анықтау үшін де қатарлау тәсілі қолданылады.
-
Бұранданың немесе бұрандашегенің орам оймалары орналасқан бөлігінің L ұзындығын сызғышпен өлшеп алыңдар. Одан кейін оймалардың N орам санын мұқият санап шығыңдар. Бұранда қадамы: d = өрнегімен анықталады.
-
Бұранда қадамын анықтауда (әсіресе, оймасы ішкі жағында болатын бұранғыштар үшін) бұранда оймасының бедерін қағаз бетіне түсіріп алып өлшеу ұтымды болады. Ол үшін бұранда оймасы орналасқан бетті сия немесе жұмсақ графитпен ( қарындашпен) бояп алу керек.
-
Өлшеулер мен есептеулер нәтижелерін мына кестеге толтырыңдар.
Зерттелетін
дене
|
Ойма ұзындығы
( L, мм)
|
Орам саны
N
|
Бұранда қадамы
( d, мм)
|
Бұранда қадамын өлшеу қателігі
(hd , мм)
|
Бұранда
Бұранғыш
Бұрандашеге
|
3
2
3,2
|
6
5
7
|
0,5
0,4
0,46
|
0,45
0,35
0,41
|
Қорытынды.Кішкентай денелердің өлшемін анықтап,нәтижесін өлшеу қателігімен жазуға үйрену.
№ 3 жұмыс.
Достарыңызбен бөлісу: |