8 ақпан 020 жыл жұма №24 (18976) Қасқырбай Қойшыманов



Pdf көрінісі
бет45/104
Дата28.02.2022
өлшемі7,44 Mb.
#133634
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   104
Байланысты:
Nomer 024

К.ШАРИПОВА,
 
Қостанай қаласы 
№28 мектеп-гимназиясының 
мұғалімі. 
ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – ЖАҢА КӨКЖИЕК
Тіліміз үшін
жасалған игі қадам


Жұма 
№ 2
28 ақпан
2020 жыл.
12 бет
14 бет
17 бет
18 бет
БҮГIНГI 
САНДА
Атын 
шығарам деп...
Тырнақ бояудың 
сырын меңгерген
Біліммен алға 
ұмтылған
«Қостанай таңының» танымдық-тағылымдық, көңілашар қосымшасы
Боз кілемдегі 
белдесу
Әсел 
ҚИБАШ
Ахмет Байтұрсынов атындағы 
ҚМУ-нің «Шаңырақ» жастар 
театры М.Әуезовтың «Абай» 
спектаклін сахналады. Қойылым 
ұлы ақынның 175 жылдық 
мерейтойына арналды. Аталмыш 
шараға оқу орын басшылары
оқытушылар, студенттер және 
БАҚ өкілдері қатысты. 
Қойылымның қоюшы режиссері әрі 
«Шаңырақ» жастар театрының жетек-
шісі Айсәуле Әбдешқызының айтуынша, 
спектакльді дайындауға үш ай уақыт жұм-
салған.
– Биыл Абай Құнанбайұлының туғаны-
на 175 жыл толады. Осыған орай «Абай» 
спектаклін қоюды жөн көрдік. Бұл қой-
ылымға қазан айынан дайындықты бастап,
желтоқсан айында спектакль толықтай 
дайын болды. Алайда, студенттердің дема-
лыс уақыты келіп қалды. Кейін студенттер 
демалыстан келген соң қорытынды дай-
ындық жұмыстарын жүргізіп, қойылым-
ды ақпан айына белгіледік. Спектакльді 
студенттер сахналағандықтан, барынша 
жастарға икемдеуге тырыстым. Сондай-ақ, 
қойылымның тағы бір өзегі, қазақ халқы 
жік-жікке бөлінбей, тату-тәтті ғұмыр кеш-
сін деген мағынада болды. Ұлы ақынның 
ойлары бүгін де өзекті және болашақта 
маңыздылығын жоғалтпайды, – дейді 
«Шаңырақ» жастар театрының қоюшы ре-
жиссері, меценаттар сыйлығының иегері 
Айсәуле Есенбекова.
Абайдың рөлін екінші курс студенті 
Жәнібек Сұлтанбек сомдады. Ал Ажар-
дың рөлі бірінші курс студенті Қарлығаш 
Сапарбекке бұйырды. Басты кейіпкерді 
сомдаушының айтуынша, Абай рөліне 
дайындық барысында барынша ізденіп
М.Әуезов театрында қойылған «Абай» 
спектаклінде Абай рөлін сомдаған бел-
гілі актер Азамат Сатыбалдыдан барынша 
тәлім алуға тырысқанын айтады. 
Жас актерлер ұлы Абай мен оның 
шәкірттерінің өмірінен алынған көрініс-
терді сахналады. 
– Қойылым барысында мен өзімді оқу 
орнында емес, құдды бір театрда қойылым 
тамашалап отырғандай сезіндім. Тіпті, 
студенттердің сахналап жатқаны да бір 
сәт естен шығып кетті. Себебі, біздің сту-
денттер өз рөлдерін кәсіби актерлер тәрізді 
сомдай білді. Шығармашылық ұжымға, 
Айсәуле Әбдешқызына толағай табыстар 
тілеймін. Алдағы уақытта театрға барын-
ша қолдау көрсетуге тарысамыз, – деді 
ҚМУ ректоры Алма Дощанова.
Шара соңында білгілі ақын, жазушы 
Ақылбек Шаяхмет пен профессор, фило-
соф Қалқаман Жақып сөз алып, жылы 
лебіздерін білдірді.
– Әрқайсын бөліп жаратыны жоқ, бәрі де 
өздеріне берілген рөлді сәтті алып шықты. 
Бұл білім ошағындағы Абай ілімін одан әрі 
дамытудағы кезекті бір кезең деп білемін, – 
деді Ақылбек Шаяхмет.
Көрермендердің көңілінен шыққан кеш 
Абай Құнанбайұлының өсиет сөздерімен 
аяқталды.
Айта кету керек, университет жыл бойы 
Абай мерейтойына арналған түрлі шаралар 
өткізетін болады. Бұл шаралар жастардың 
білім деңгейін көтеруге, рухани байытуға, 
адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   104




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет