8-сынып. Қазақ тілі. 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар



Дата29.04.2024
өлшемі15,55 Kb.
#201527
Байланысты:
8-сын қаз тіл 1 БЖБ 4- тоқс (1)
ТЖО КІТАП, prilozhenie-2-metodicheskie-rekomendaczii-po-primeneniyu-kriteriev-i-pokazatelej (1), Анасын сағ бала. Уәде

8-сынып. Қазақ тілі.
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

№ 8 Бөлім. Театр өнері мен мәдениеті.Синтаксис.Жай сөйлемнің түрлері



Оқу мақсаты

8.4.4.4. Жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы
жай сөйлемдерді айтылу мақматы мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолданады

Оқу дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану


Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырмалар Диктант
Театр- тәрбие көзі
Театр - ол шығармашылық адамдардың ортасы. Грек тілінен аударғанда "ойын-сауық орны" деген мағына беретін бұл мекеннің өз құндылығы бар. Тек дайын драматургияны қойып беру емес , ондағы оқиғалардың неге олай болғаны жайында ойлану. Театр көрермендерге әрдайым дұрыс жол көрсетіп отырады. Адам баласын жақсы жағына өзгеріп, өзін түсініп, рухани дамуға септігін тигізері сөзсіз. 
Жүсіпбек Аймауытов айта кеткендей «... театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны». Шын мәнінде онда ізгілік пен махаббат, зұлымдық пен қасірет секілді қасиеттердің ара жігін көрсетеді.
Еліміздің театр тарихына көз жүгірте кетсек, өмірлерін өнермен байланыстырып, сөз жетпейтін ерекше сезім қалдыра білген Тұнғышбай Жаманқұлов, Асанәлі Әшімов, Гүлжамал Қазақбаева сынды тағы да басқа өнер адамдарының есімі тарихта мәңгіге қалады. Елімізде аты әлемге танылған Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Абай Құнанбаев, Жүсіпбек Аймауытов секілді ұлағатты өкілдеріміздің атынан ашылған театрларда бар. Сонымен қатар балаларға арналған театрлар және балалардың ой- өрісін кеңейту үшін қойылатын " Алтын сақа», «Нұрлы тас», «Әлия Молдағұлова», «Жастық», «Есірткен ерке», «Біздің Ғани» сияқты пьесалар бар.
Театр өлмейді де, оны ешкім өлтірмейді. «Театр - сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі».- деген Мұхтар Әуезов атамыздың сөзімен ойымызды қорытындылайық
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/blogs/30661/
Тапсырма.
1. Мәтінде неше жай сөйлем бар екендігін анықтаңыздар.
2. 1-азат жолдағы 4-сөйлем жай сөйлемнің қай түріне жатады?



Бағалау криерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолданады

1



Мәтіндегі жай сөйлем санын анықтайды.

1

Белгіленген жай сөйлемнің түрін анықтайды

2

Емле қатесі жоқ

4

Емле қатесі 3-тен жоғары

2/1

Тыныс белгі қатесі жоқ

3

Тыныс белгі қатесі 3-тен жоғары

2/1

Барлығы







10


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет