9 «А» сынып Тәрбие жұмысының жоспары 2020-2021 оқу жылы


Сынып жетекшісі жұмысының басым бағыттары



бет3/16
Дата07.02.2022
өлшемі87,33 Kb.
#88552
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
тәрбие журналы 9 А

Сынып жетекшісі жұмысының басым бағыттары
Сынып жетекшісі- мектептегі оқу- тәрбие жұмысын тікелей және негізгі ұйымдастырушы , сыныптағы тәрбие жұмысын жүзеге асыру үшін директор тағайындаған ресми тұлға.
Сынып жетекшісінің негізгі қызметтері : тәрбиелеу (баланы әлеуметтік қорғау); ұйымдастыру (сынып және мектептің тіршілік әркетінің барлық педагогикалық аспектілері бойынша жұмыс, тұлғаны және ұжымды қалыптастыру, оқушылапды зерделеу); үйлестіру (тәрбие процесіне қатысушылар – педагогтер , оқушылар , ата-аналар жұртшылық арасында дұрыс қарым-қатынас орнату); басқару ( оқушылардың жеке ісін және құжаттамалардың басқа түрін жүргізу негізінде тұлға мен ұжым дамуының өзгерісін бақылау).
Баланы әлеуметтік қорғау қызметі басым болып табылады, бұл –балалардың дене, ақыл-ой және рухани –адамгершілік дамуы, олардың барлық құқықтары мен адами құндылықтарын шектеудің алдын алу үшін қалыпты жағдайды қамтамасыз ететін практикалық әлеуметтік, саяси, құқықтық , психологиялық –педагогикалық , экономикалық және медициналық - экологиялық шараларды мақсатты түрде реттейтін жүйе.
Ұйымдастыру қызметінің басты міндеті- балалардың аймақ, микроорта , мектеп өмірін және оқушылардың өз өмірін жетілдірумен байланысты жақсы бастамасына қодау көрсету. Бұл кездегі сынып жетекшісі міндетінің бірі оқушылардың өзін өзі басқаруын дамыту болып табылады.
Сынып жетекшісінің үйлестіру қызметі тәрбие жұмысын педагогикалық ұжымның басқа мүшелерімен және ең алдымен осы сыныппен жұмыс жасайтын педагогтармен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асыруда көрінеді.
Басқару қызметі аясында сынып жетекшісі тәрбие жұмысына болжау, мақсатты тұжырымдау , жоспарлау, бақылау және түзетуді жүзеге асыруда көрінеді.
Болжау қызметін жүзеге асыру оқушылар тәрбиелігінің бастапқы деңгейін анықтауды және өзгерістерді үнемі бақылап отыруды білдіреді.
Мақсатты тұжырымдау қызметін тәрбие жұмысының мақсаттарын оқушылармен бірге әзірлеу ретінде қарастыруға болады.
Бақылау және түзету қызметінің негізгі мақсаты- сынып тәрбие жүйесінің үнемі дамуын қамтамасыз ету.
Қарастырылған қызмет деңгейлері сынып жетекшісі жұмысының бағыттарын анықтайды, олардың ішінде алты басым бағытты бөліп көрсетуге болады.
Бірінші бағыт- Денсаулық
Оқушының физикалық және пихологиялық денсаулығын қорғау, сақтау және дамыту мақсатында сынып жетекшісі оқушылардың физикалық денсаулығын зерделеу және алдағы уақытта түзету үшін мектептің , аудан, немесе қаланың медицина қызметкерлерімен бірге жұмыс жасайды; оқушылардың ата-аналарымен бірлесе жұмыс жасайды және пән мұғалімдеріне кеңес береді; денсаулықты сақтау ,дамыту , түзету бойынша оқушылармен ағартушылық жұмысты ұйымдастырады; дене шынықтыру сабақтарына , спортпен айналысуға дұрыс қарым- қатынас қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастырады; оқушыларда тұлғалық өсуді қалыптастырады және т.б.
Сынып жетекшісі оқушылардың түрлі жас деңгейде дамуының психологиялық ерекшеліктерін , бала ағзасының физиологиялық ауытқу белгілерін білуі, олардың денсаулығындағы ауытқу себептерін түсінуі тиіс.
Сынып жетекшісі мектеп дәрігерімен және ата-аналармен бірге оқушыларды тамақтандыру, шынықтыру , физикалық және тыныс алу жаттығуларының жеке бағдарламасын құрастыруға көмектеседі, оған жұмыс жасау мен демалудың , ұйықтайтын уақытының жеке кестесін дайындауға көмектеседі; оқушыға өз тұрмыс кестесін жасауға көметеседі.
Екінші бағыт- Қарым-қатынас.
Қарым-қатынас- бұл бала тұлғасын дамытуға, ең алдымен көпшілікке таныс құндылықтар қалптастыруға бағытталған этикалық тәрбиесіне барынша көңіл ескерілген ықпал.
Сынып жетекшісі « оқытушы – оқушы» , «оқушы- оқушы» «оқытушы- оқушы – ата-ана» жүйелері жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында эмпатия көрсету біліктілігіне , қарым-қатынасына жақсы көңіл –күй ахуалын қалыптастыруға , өзара қарым- қатынаста талдамалы және рефлексивтік біліктілігіне үйрету; өзара қарым-қатынас проблемалары бойынша ата-аналарға кеңес беру және ағартушылық жұмыстар ұйымдастыру; қарым-қатынас тренингтерін, кездесулер , пікірталастар , қарым-қатынас сағаттарын пайдалана отырып оқушылар мен ата-аналарды белсенді қарым-қатынас түрлеріне үйрету; зерделеу, диагностика жұмыстары бойынша түзету жұмыстарын жүргізеді.
Мұғалімнің басты міндеті- адамдар арасындағы қарым-қатынасты , адамның әрекетін бағалау нормаларын басқарушы болу.
Үшінші бағыт- Адамгершілік.
Оқушыларда өз дене дамуының сапалары туралы білімді, қатынас жасау біліктілігін дамыта отырып, адамгершілік қасиеттерін жетілдіруге зор назар аудару қажет. Сынып жетекшісі осы бағытта жұмыс жасай отырып шынайы өмірлік жағдайлардан алынған адамгершілік тәрбиелеріне сәйкес білу, түсіну және әрекет ету тілегін дамытуы; басқа адамдардың ұқсас жағдайларда аман қалған мысалдарын келтіре отырып төтенше жағдайларда күресу және аман қалу біліктілігін тәрбиелеуі; оқушының өзіне деген қызығушылығын , өзін өзі жетілдіру тілегін тәрбиелеуі; өз халқының , өз отбасының салт – дәстүріне , әдет-ғұрпына оң көзқарас қалыптастыру, айтылғанды тыңдау, көру , түсіну және жауап қайтару , өзі туралы қорытынды жасау біліктілігін қалыптастыруы тиіс.
Сынып жетекшісі оқушыларды адамзаттың өмір сүруінің мәнін, өзінің және өзге адамдардың өмір сүру құндылықтарын түсінуге үйретеді, оқушыларда тарихи өткенді және болашақты , сондай-ақ өзінің тікелей рөлін түсінуі мен сезінуін қалыптастырады. Мұғалімнің міндеті- оқушыларға ең жоғары құндылық- ол адам өмірі екендігін түсінуге үйрету ,олар ересек өмірде әлемнің рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарынсыз толыққанды қалыптаса алмайтынын түсіндіру.
Төртінші бағыт- Оқу
Оқушылардың зияткерлік біліктіліктерін дамыту – сынып жетекшісі жұмысындағы өте маңызды бағыт болып табылады.
Бұл бағыттағы жұмыстарды ұйымдстырғанда жалпы сыныптың оқу ерекшеліктерін зерделеу және әрбәр оқушының оқу мүмкіндіктерін алдағы уақытта түзету үшін анықтау; педагогтармен бірлесе отырып оқушылармен сабақ барысында және сабақтан тыс жүргізілген жеке жұмыстың әдістерін, тәсілдерін және түрлерін анықтау; сыныптан тыс шараларды ұйымдастыруда зерделеу нітижесін пайдалану; отбасымен бірлесе отырып, оқушының оқудағы біліктіліктерін, оның танымдық белсенділігін, болашағы мн кәсіптік анықталуын дамытудағы бірыңғай тәсілін дайындау; оқушының өз зияткерлігін дамытуына оң қарым-қатынас қалыптастыру қажет.
Сынып жетекшісі оқушылардың танымдық қызығушылықары , қабілеттері, ойлау ерекшеліктері, ес, зейін, ерік, оқудағы қиындықтарын анықтауға бағытталған тесттер жүргізген тиімді.
Сынып жетекшісі оқушыларға көмектесуде пән мұғалімдерімен, оқу ісі меңгерушілерімен бірлесе жұмыс жасайды, оқушылармен жұмыс жасауда олардың мүмкіндіктеріне сәйкес келетін оқытудың формалары мен әдістерін пайдалану үшін баланың ойлау, жады ерекшеліктері туралы әңгімелейді.
Бесінші бағыт – Бос уақыт
Сынып жетекшісі жұмысының маңызды құрамдас бөлігі балалардың бос уақытын ұйымдастыру болып табылады. Бұл – демалыс, қабілеттері мен қызығушылықтарын дамыту және адамдармен еркін қарым-қатынас жасау уақыты. Сынып жетекшісі сабақтан тыс уақыттағы оқушылардың қызығушылықтарын және қажеттіліктерін анықтау; оқушылар үйірме, секция және т.б. таңдағанда оларға кеңес беру және түсіндіру; оқушылардың жеке өзінің және басқа адамдардың жетістіктері мен табыстарына қуану біліктілігіне және т.б. назар аударуы қажет.
Сынып жетекшісі келесі ережелерді ескерген жағдайда оқушылар бос уақыт аясында жақсы дамиды: бос уақыт қызметі оқушылардың формасы мен мазмұнын оқшыларға күштеп таңылмайды, балалар өз бос уақытының ұйымдастырушы болып табылады; бос уақытты ұйымдастыру формалары орынды кезектеседі. Бос уақыт әрекетінде оқушылардың дербестігі, шығармашылық мүмкіндіктері, адамгершілік қасиеттері айқын көрінетіндіктен сынып жетекшісі балаларды мұқият қадағалауы және олар туралы жаңа білімді тәрбие процесінде пайдалануы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет