9-дәріс. Сананың бұзылуы



Дата08.11.2022
өлшемі22,72 Kb.
#157241
Байланысты:
лекция 9
тест зоо

9-дәріс. Сананың бұзылуы


Диалектикалық материализм тұрғысынан сана – адамның айналадағы шындықты бейнелеудің ең жоғарғы түрі. Сана адамның қоғамдық еңбегінің арқасында пайда болып, адамдарды жануарлардан ажырататын белгі болып саналады.
Сананың бұзылуы кейбір жалпы белгілері бар. Санасы бұзылған науқас адамдар өздерінің қайда екенін, уақыттың қанша болғанын, айналасындағы жағдайды, тіпті кейде өзінің кім екендігін де білмейді. Сананың бұзылуының 2 түрін көрсетуге болады: сананың бұлыңғырлануы және сананың өшуі.
Сананың бұлынғырлануына келесі жағдайлар жатады.
Делирия айналадағы жағдайды шатастыру және оны жалған қабылдау. Бұндай науқас қайда, уақыттың қанша екенін және айналасындағылардың кім екенін білмейді. Маңызды белігсі өте айқын галлюцинацияның болуы. Онда көбінде көру галлюцинациясы басым болады. Бұл бұзылыстар психомоторлы қозумен көрінеді. Науқас үрейленіп қорқып қашуға тырысады, көз алдына құбыжық көрінеді. Науқас жағдайдан шыққан соң басынан өткен кейбір жағдайлар есінде қалады.
Аменция - сананың бұзылуының ауыр түрі. Бұл жағдайда адам толығымен шатасады. Науқас айналадағыны мүлдем түсінбейді, өзінің кім екенін білмей, сөздері де түсініксіз болады. Өздеріне қойылған сұрақтарды мүлдем түсінбейді. Сөйлемдері мағынасыз түрде қолданылады. Оларда жартылай галлюцинация мен сандырақтың бар екенін сөйлеген сөзінен байқауға болады. Аурудан соң өзінің қайғыларын ұмытып, амнезия болады.
Онейройд – түс көру тәрізді жағдай. Науқас қайда екенін шатастырып айналасындағының кім екенін танымай, көру галлюцинациясы басым болып, өзіндік санасы бұзылады. Онеройдта науқас адамның қайғысы мен жүріс тұрысында айырмашылық болады. Ол өзін басқа планетада, космос корабілінде екенін сезеді. Бұл жағдайдағы адам бір нүктеге қарай қалады. Онымен қарым қатнас жасау қиынға түседі. Ауру басылған соң науқас өзіне не болғанын есіне сақтап, ол туралы айтып бере алады. Сондықтан жартылай амнезия болады.
Қарауытқан сананың бұзылуы кенеттен басталып, қысқа уақыт болып, жылдам аяқталып, кейде қатты ұйқы тудырады. Науқас қайда екенін, айналадығы кімдер, уақыттың қанша болғанын білмейді. Оларда жиі қорқынышты галлюцинация мен сандырақ болады. Осының нәтижесінде өзінің таныстарын не бөтендерін жау деп өлтіруі мүмкін. Ауру адамның есінде ештеңе сақталмай толық амнезия болады.
Амбулаторлық автоматизм - бұл жағдайда мінез-құлық, жүріс-тұрыс автоматты түрде болады. Айналасын және өзін-өзі тану өзгерген, жартылай ұйқыда жүргендей. Бұнда галлюцинацияда, сандырақта болмайды. Амбулаторлы автоматизм жағдайы аяқ-асты пайда болғандай кездей-соқ аяқталады. Бұған сондай-ақ транс және сомнамбулизм жатады.
Транс автоматты түрде әрекеттер жасайтын амбулаторлық автоматизмдер. Бұл әрекеттер науқастың есінде қалмайды. Науқас билет сатып алып, қаланың екінші жағына, тауға тіпті басқа қалаға кетуі мүмкін.
Сомнабулизм –(ұйқы сұрау) ұйқыдағы адамның есінде сақталмайтын жүруі және сөйлеуі. Бұл жағдайда науқас адамды ояту мүмкін емес,
Фуга - аурудың қысқа мерзімді амбулаторлық автоматизмі. Ол кенеттен өзіне себеп бермей қашады, тоқтайды, киімін шешіп бір жерде айналуы мүмкін. Мұндай жағдай бірнеше минутқа созылып есін жинаған кезде өзіне не болғанын білмейді.

Сананың өшуінің келесі түрлері болады.


Обнубиляция – сананың жеңіл түрде бұзылуы. Сана бірнеше секундқа немесе минутқа тұманданады. Айналасына, өзіне деген бағдары бұзылмаған, қалыпқа келгенен кейін амнезия болмайды.
Сомноленция – ұзаққа созылған (сағаттап, күндеп) жағдай, қалғыған жағдайды көрсетеді. Бағдары бұзылмаған. Нейротропты инфекция кезінде (ішімдікпен уланған кезде) болады.
Есеңгіреу- терең бұзылыс. Науқас талықсып кетеді. Қойылған сұрақтарға мүлдем жауап бермейді немесе бірнеше қайталағаннан кейін ғана қысқаша жауап қайтаруы мүмкін. Галлюцинация мен сандырақ болмайды. Ұйқылы ояу жағдайда болады.
Сопор – Науқас айналасындағыларға көңіл бөлмейді, ешбір сұраққа жауап бермейді. Қозғалмайды, жауап реакциясын тудыру қиындайды, тек ауырсыну, жарыққа көз қарашығының реакциясын тудыруға болады.
Кома
сананың және барлық сезімталдық пен рефлекстардың болмауы.
Талу – аяқ асты санасының жоғалту есінен тану. Бас миының қысқа уақыттағы анемиясы.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет