2-тапсырма. Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз.
Мысалы: Алаш аты тарихта кездесетін ең көне атаулардың қатарына жатады. Тарихта_____________________________________________________________
Жауабы: Тарихта алаш аты — ежелгі атаулардың бірі.
Ескі шежіре деректерінде Алаш атауы қазақ халқының синонимі ретінде келтіріледі. Алаш атау_____________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Қадырғали Жалаиридің өзі деректерінде қазақтың орнына Алаш атауын қолданады. Алаш атауын___________________________________________________________
____________________________________________________________________
Алаш — ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау әрекеті.
Ел ретінде ____________________________________________________________
____________________________________________________________________
Елге демократия, білім-білік алып келу үдерісінің бастауында тұрғандар да осы зиялы қауым өкілдері болды.
Зиялы қауым өкілдері ___________________________________________________
_________________________________________________________________________
Алаш зиялылары Отанға адал қызмет етуді мақсат етті.
Отанға ________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
Алаш қайраткерлері қазақ халқын азат ел ету бағытындағы мақсатты ойларын бес тұғырға негіздеді .
Қазақ халқын __________________________________________________________
_________________________________________________________________________
Түпкі мақсатымыз — ғылым мен ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, ұлттық-демократиялық мемлекет құру.
Ғылым мен ___________________________________________________________
_________________________________________________________________________
Алаш идеясының аясында мыңдаған қазақ бірікті.
Мыңдаған қазақ________________________________________________________
________________________________________________________________________
Алаш зиялылары ұлттық әскер құрып, қуатты мемлекетке айналу идеясын автономия құрудан бұрын ойластырған еді.
Қуатты мемлекетке айналу _______________________________________________
________________________________________________________________________
Алаш қозғалысының негізгі идеясы демократиялы қоғам қалыптастырып, тәуелсіздік пен дамудың алғышарты ретінде қазақтың ұлттық мемлекетін құру болатын.
Қазақтың ұлттық мемлекетін құру______________________________________
________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |