9-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі мен әдебиеті



бет9/15
Дата28.05.2022
өлшемі136,32 Kb.
#145352
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
2 5215484422253452852

3-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Мүмкіндігінше, өз сөзіңізбен жауап беруге тырысыңыз.


  1. «Алаш» идеясы қандай мақсатты көздеді?

_________________________________________________________________________


  1. Алаш қайраткерлері өздеріне қандай мақсаттар қойды ? Кем дегенде 2 мақсатын көрсетіңіз.

_________________________________________________________________________




  1. Алаш идеясының құндылығы неде? 2 дәлелді жазыңыз.

_________________________________________________________________________

35
9-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі мен әдебиеті



Инновациялық мектептерге. ІІ нұсқа 1-тапсырма. Төменде берілген мәтінді оқыңыз.

Заң – қоғамның тірегі

Еліміздің ең жоғары Заң құжаты — Конституция. Ата Заңымыз еліміз үшін қиын кезеңдерде халықтық референдум жолымен қабылданды және күрделі мәселелерді шешудің түйінді формуласы ретінде орнықты. Ата Заң демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетке тән ортақ құндылықтардың қорғалуын қамтамасыз етеді. Ол елдегі қоғамдық-саяси құрылымның құқықтық сипатын негіздеп, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін айқындап береді.

Қазақстанның Ата Заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады. Расында, бүкіл мемлекеттік құрылымды айғақтайтын, елдіктің бастауы болып табылатын құжат биыл 25 жасқа толып отыр. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, Қазақстанның Конституциясы әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі болып саналады.

Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет халықтық талқылауға салынған да, елдің көптеген пікірі ескерілген де осы-1995 жылы қабылданған Конституция. Сол кезде құжатты талқылауға 3 млн. 345 мың адам қатысыпты. Жұртшылық тарапынан сарапталған 31 мың 886 ұсыныс түссе, соның 1 мың 100-і конституция жобасына енгізілген.

Ал бүгінгі Ата заңымыздың басты ерекшелігі туралы не білеміз ? Парламент Мәжілісінің депутаты болған Алдан Смайыл бұл ерекшелік Елбасы ұсынысымен енгізілген төрт ұстанымда жатқандығын айтады. Бұл біріншіден — қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, екіншіден — экономикалық даму, үшіншіден — қазақстандық патриотизм, төртіншіден — маңызды мәселелерге референдум жасау және Парламентте дауыс беру арқылы шешу. Міне, осы төрт мәселе біздің республикамыздың негізгі принциптері болып саналады.

Тоғыз бөлім мен тоқсан сегіз баптан тұратын Ата заңның алғашқы бабы: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» – деп басталады. Бұл — мемлекетімізде адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары өте жоғары дәрежедегі құндылық ретінде бағаланатындығының айқын дәлелі.

Еліміздің Ата Заңы уақыт сынынан сүрінбей өтті. Оның негізгі қағидалары барлық халықаралық стандарттарға сай келіп, қоғам мен мемлекетті дамытудың осы кезеңдердегі ең жетілдірілген үрдістерімен үйлесім тапты. Мемлекеттің тәуелсіздігін нығайту және экономикалық реформаларды жүргізудің басты құралына айналған Конституция адамдардың барлық азаматтық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етеді. Ата Заң халыққа мемлекеттің сенімді қорғауында екенін терең сезінулеріне жағдай туғызды.

Сондықтан да Конституция күні біз үшін қасиетті күн болу керек. Өйткені, Ата Заңымыз — Қазақстанның әлемдік өркениетке қарай қарыштай қадам басуының алғы-шарттарын жасап берген жасампаз құжат. Ол — Қазақстандағы батыл жүргізіліп жатқан демократиялық реформалардың негізінде қол жеткізіп отырған жетістіктердің бәрінің қайнар көзі.

(345 сөз)

Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.
Осы жылы–_________________________________________________________
Дүниедегі – _________________________________________________________
Алғаш – ____________________________________________________________
Өзгешелік – ________________________________________________________
Жасады – __________________________________________________________

36
9-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі мен әдебиеті





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет