9 тақырып. Оқушы білім-білігі, дағдысын тексерудің жолдары. Дәрістің мақсаты



бет1/5
Дата27.10.2023
өлшемі27,84 Kb.
#188630
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Лекция-1663265446958
Робототех 9, ПЗ Инф 7, Робототех 11 пз

9 - тақырып.
Оқушы білім-білігі, дағдысын тексерудің жолдары.
Дәрістің мақсаты: Бағалауға қойылатын критерийлермен таныстырып, оқушы білім-білігін, дағдысын тексерудің әр түрлі жолдары: сөздік, сызықтық диктанттар, сигналды карточкалар, кесте, мылқау суреттер және оларды пайдалану жолдарын көрсету.
Дәріске керекті құралдар: слайдтар
Дәрістің жоспары:
1. Бағалауға қойылатын қазіргі кездегі критерийлер.
2. Оқушы білім-білігін, дағдысын тексерудің әр түрлі жолдары.
3. Критерийлерді жүйелі түрде есепке алудың тиімділігі.
Дәрістің барысы:
1 Осы білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау ережесі (бұдан әрi – Ереже) Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңына ( 27 шілде 2007жылғы № 319-III) , Қазақстан Республикасы президентінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегi №448 Жарлығымен бекітілген «Бiлiм» мемлекеттiк бағдарламасы, 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығымен бекітілген 2005-2010 жылдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (24 мамыр 2006 жылғы № 123 бұйрықпен, 16 қараша 2007 жылғы №443бұйрықпен енгізілген өзгерістер мен қосымшалар), «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 12-жылдық білім беруге көшу бойынша іс-шаралар жоспары мен желілік кестәсі жоспарын бекіту» туралы ҚР БжҒМ-нің 27 қараша 2008 жылғы № 627 бұйрығына сәйкес даярланды.
2 Оқу жетістіктерін бағалау жүйесінің ережесі ҚР БжҒМ-нің 19 қараша 2008 жылғы № 616 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Негізгі ережелер. Орта білім» нормативтік құжатына сәйкес қолданысқа енгізіледі.
3 Ереже білім алушының оқушының барлық оқу іс-әрекеттерінің нәтижелілігін анықтайтын олардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру ретін, формасын және әдістерін белгілейді.
4 Бағалаудың жаңа жүйесі:
- білім беру нәтижелерін бағалау ретін білім алушының пәндік білім, білік және дағдыларды игерудегі кемшіліктерін бағалаудан олардың оқу жетістіктерін бағалауға қайта бағдарлау;
- бағалаудың объективтілігі мен оқу-танымдық іс-әрекеттердің сапасын арттыру;
- білім алушы тұлғасының әлеуметтік қорғалуын күшейту;
- мейлінше үлкен нәтижелерге қол жеткізу үшін білім алушының оқу-танымдық белсенділікке, өзіндік өзіндік ізденімпаздылыққа ұмтылдыру;
- білім алушының өзінің оқу іс-әрекеттерін өзі бағалауын және өзі реттеуін жүзеге асыруға жағдай жасау мақсатында енгізіледі.
5 Білім алушының оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесінің міндеттері:

  • күтілетін нәтижелер жүйесі негізінде оқушының оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау;

  • білім беру стандарттары мен оқу бағдарламаларында белгіленген күтілетін (жоспарланған) нәтижелерге оқыту нәтижелеріне сәйкестігін айқындау;

  • білім алушылардың білімі мен біліктеріндегі кемшіліктерді жою бойынша, олардың құзырлықтарын дамыту бойынша коррекциялық жұмыстарды жолға қою;

  • әрбір оқу пәні бойынша әртүрлі бақылау жүргізу үшін білім алушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштерінің комплектісін жасау;

  • Білім алушылардың оқуға, өзіндік іс-әрекеттерге, күнделікті жүйелі жұмыстарға деген ынталарын арттыру;

  • оқушы табыстарының негіздері ретінде сыни ойлацуын және өзін-өзі бағалау қабілеттерін дамыту;

  • сыртқы және ішкі бақылау негізінде оқу жетістіктерінің өсу динамикасын қадағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет