9 тақырып. Оқушы білім-білігі, дағдысын тексерудің жолдары. Дәрістің мақсаты


Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды ұйымдастыру



бет3/5
Дата27.10.2023
өлшемі27,84 Kb.
#188630
1   2   3   4   5
Байланысты:
Лекция-1663265446958
Робототех 9, ПЗ Инф 7, Робототех 11 пз
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды ұйымдастыру

  1. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда мынандай бақылау түрлері қолданылады:

  • сабақ сайын – нақты сабақтың оқу материалын меңгеру нәтижелерін қадағалау;

  • тақырыптық – оқу бағдарламасының түйінді тақырыптары бойынша білім мен біліктерді білім алушылардың меңгеру нәтижелерін қадағалау;

  • жалпылау –тоқсан соңында немесе жартыжылдық жеке оқу курсы бойынша білім алушылардың пәндік білімді және іс-әрекет тәсілдерін (біліктер мен құзырлықтарды) меңгеру нәтижелерін қадағалау;

  • қорытынды –нақты сыныптағы немесе мектеп сатысындағы білімінің соңғы нәтижелерін (аттестация) қадағалау.

2. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау олардың ауызша, жазбаша, практикалық оқу іс-әрекеттері нәтижесін тексерудің әр түрлі формаларын ұйымдастыру барысында жүзеге асады.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау сыртқы және ішкі бағалау болып екіге бөлінеді.
3 Білім алушының оқу жетістіктерін ішкі бағалау оқыту нәтижелерін бақылаудың төмендегі түрлерін қамтиды:

  • ағымдық – 2-11(12) сыныптардағы оқу кезеңдерінде бағалау (тақырыптық, сабақ сайын)

  • кезеңдікбөлімді аяқтауда, сондай-ақ жартыжылда, оқу жылында бағалау (тақырыптық, жалпылау);

  • межелік – оқыту циклдары аяқталғаннан кейін, яғни 2, 4, 6, 8, 10, 12 сыныптардан кейін (тақырыптық, жалпылау) бағалау.

4 Білім алушылардың оқу жетістіктерін сыртқы бағалау бастауыш және негізгі мектепті аяқтағаннан кейін (4 және 10 сыныптардан кейін) аралық мемлекеттік бақылау және оқыту нәтижелерін межелік бағалау арқылы өткізіледі.
5 Сыртқы қорытынды бағалау жалпы орта білім алуды аяқтағаннан кейін (11(12) сыныптардан кейін) Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) ретінде жалпы орта білім сапасын мемлекеттік бақылау түрінде өткізіледі
6 Оқу үдерісінің заңдылықтарын ескере отырып оқыту нәтижелері білім алушылардың жеке оқу жетістіктері түрінде оқу іс-әрекетінің деңгейлеріне сәйкес қадағаланады және бағаланады: бірінші деңгейдегі іс-әрекет – репродуктивті, екінші деңгейдегі – продуктивті, үшінші деңгейдегі – шығармашылық.
7 Оқу іс-әрекетінің бірінші репродуктивті деңгейінде жеке пән аясындағы білім, білік, дағдыларды меңгеру бойынша білім алушылардың оқу жетістіктері бағаланады; екінші продуктивті деңгейінде пәнаралық сипаттағы мәселелерді шешу үшін әртүрлі пәндерді оқып үйренуде алған білім, білік, дағдыларын интеграцуиялай алу біліктерінен байқалатын пәндік құзырлықтықтарды игеру бойынша білім алушылардың іс-әрекеттері бағаланады;
үшінші шығармашылық деңгейінде адамгершілік нормаларына негізделген әртүрлі оқу және өмірлік жағдаяттарды шешу үшін алған білімі мен тәжірибелерін қолдану қабілеттерін көздейтін түйінді құзырлықтарды игеру бойынша білім алушылардың іс-әрекеттері бағаланады.
8 Оқу іс-әрекетінің бірінші деңгейінде білім алушылардың оқу жетістіктері 1-ден 4 балға дейін, екінші деңгейде 5-тен 7 балға дейін, үшінші деңгейде 8-ден 10 балға дейін бағаланады.
9 Бағалаудың 10 балдық шкаласының критерийі (бағалау өлшемі) мен әр балдың бағалау талқыламасы төмендегі кестелерде (кесте 2, кесте 3) көрсетілген:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет