А. А. Букаева 5В011600 Геогафия мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі



бет2/13
Дата19.02.2017
өлшемі7,28 Mb.
#11000
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ІҮ. Грамматика әлемінде

Жақты сөйлем дегеніміз – бастауышы бар, жасырын тұрғанда да баяндауышы арқылы тауып алуға болатын сөйлем.

а) Мысалдарды оқып, әрбір сөйлемнің жақты сөйлем екендігін дәлелде.

Ол туристік фирмаға хабарласып, жолдамаға тапсырыс берді. Бір сағаттан кейін жолдманың дайын екенін хабарлады.

ә)

- Өзіңіз сөйлесесіз бе?



- Иә, өзім сөйлесемін.

- Көшеге шықса деймін.



Кейбір сөйлемдерде бастауыш мүлде болмайды. Ондай жағдайда баяндауыштың өзі сөйлемге негіз болып тұрады. Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрін жақсыз сөйлем дейміз

а) Жақсыз сөйлемдердің жасалу жолын анықтаңыз
Саяхат жетекшісінің туристік сапармен танысқысы келеді.

Енді сізге айтуға тура келеді

Біздің ашық сөйлесуіміз керек.

Нені айтып отырғанын түсініп болмайды


ә) Төменде берілген күрделі сөздерді баяндауыш етіп жақсыз сөйлем құрыңыздар

барғым келмейді, түсуге болмайды, кездесуі мүмкін, түсініп болмайды, сөйлесуің керек, айтуға тура келді, тілі күрмеліп қалды.
Пайланылған әдебиет:

  1. Қалыбекова Қ.С. Кәсіби қазақ тілі / Қ.С.Қалыбекова, Р.Иманбаева – Қарағанды: ҚарМТУ, 2013

  2. Тұрсынова Г.Т.Кәсіби қазақ тілі / Г.Т. Тұрсынова.- Алматы, 2011.

  3. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит) / З.Күзекова. Алматы: Ғылым,2001.

  4. Н.Қ. Мұхамадиева «Кәсіби қазақ тілі» А., 2003ж.

  5. З. Күзекова, Ғ. Қарақұсова «Қазақ тілі» А., 1997ж.

  6. Н.Оралбаева «Практикалық қазақ тілі» А., 1993 ж.


3-практикалық сабақ

Тақырыбы: Атмосфера, Биосфера
I.Мәтінге дейінгі жұмыс:

  1. Сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыз, есте сақтаңыз, аударыңыз.

  2. Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып сөйлем құрыңыз.

Қабат, шекара, тау жыныстарының үгілу, биіктік, қабат, сәуле, зиян, өсімдік, тіршілік, ілім, дүние

  1. Екі бағандағы сөздермен сөз тіркестерін құрып, сөйлем құрыңыз.

Ауа әсер

Негізгі жыныстары


Органикалық процесі

Зиянды құрамы

Тау дүние

Үгілу қабаты




  1. Мәтінмен жұмыс.

  1. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқыңыз.

  2. Мәтәнін мазмұнына қарай бөлімге бөліп, әрқайсысына тақырып қойыңыз.

  3. Тақырып бойынша әнгімелеңіз.


Атмосфера, Биосфера

Атмосфера Жердің ауа қабатын құрайды. Оның жоғарғы шекарасы аса анық емес. Атмосфера жер шарын түгелден орап тұрады. Ол гректің «atmos» - бу, «sphairi» (сфера) сөзінен шыққан. Оның қалыңдығы 100 км-ге дейін жетеді. Атмосфераның негізгі құрамында оттегі (20,95 %), яғни 1,5 * 1015 тонна аргон (1,28 %), азот (75,50 %), яғни 3,8 * 1012 тонна және басқадай газдар кездеседі. Атмосфера негізінен – тропосфера, стротосфера және иопосфера қабаттары болып үшке бөлінеді. Атмосфера Жер бетіндегі өмірдің кепілі. Ол Жерді және Жер бетінде өмір сүретін органикалық дүниені ультракүлгін сәулелердің зиянды әсерінен, сонымен бірге ірілі-ұсақты метеориттердің бомбылауынан сақтайды. Атмосфераньң өзі өте маңызды геологиялық агент (әсер) болып саналады. Ол тау жыныстарының үгілу процесінде ең басты роль атқарады.

Атмосфераның жалпы массасы ~ 5,15-105 т, басқаша айтқанда жер массасының миллионнан бір бөлігін құрайды. Атмосфера массасының көпшілігі (90%) жер бетінен 16 км-ге дейінгі аралыкты алып жатыр. 100 км-ден жоғары биіктікте жалпы атмосфералық ауа массасының миллионнан бір бөлігі ғана орналасқан, ал 30 км-ден жоғары қарай оның көлемі бір проценттен аспайды.

Биосфера – ерекше биос - өмір және тіршілік, «Sphaira» (сфера) шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың жан-жануарлардың, өсімдіктердің және басқа тірі организмдердің тіршілік ететін ортасы деген мағына береді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Австрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернацкий болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50 % -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады. Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар. 




  1. Мәтінен кейінгі жұмыс.

1. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз

2. Мәтінге аннотация жазыңыз

3. Сөйлемдерді толықтырыңыз


1.

Атмосфера Жерді және Жер бетінде өмір сүретін органикалық дүниені













2.

өмірдің кепілі.

3.

Биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері













4.

ең басты роль атқарады.


ІҮ. Грамматика әлемінде

Тұрлаусыз мүше қатыспаған жай сөйлемді жалаң сөйлем дейміз. Мысалы, Саяхат қызық. Үй жылы.

Тұрлаусыз мүше қатысқан жай сөйлемді жайылма сөйлем дейміз. Мысалы, Ертең саяхатқа шығамыз.
а) Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырыңыздар.

Саяхатқа жиналды. Ол киіне бастады. Сәні болмайды. Студенттер шақырылды. Саяхатшылар шақырылды.


ІІ Бөлім. Физикалық география

4-практикалық сабақ

Тақырыбы: Жердің құрылысы. Жер қыртысының қозғалысы туралы болжамдар

I.Мәтінге дейінгі жұмыс:

  1. Сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыз, есте сақтаңыз, аударыңыз.

  2. Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып сөйлем құрыңыз.

Ескерткіштер, қызығушылық, нысандар, қорғандар, мазарлар, қазақ хандығы, кесене, қорымдар, елді мекендер.

  1. Екі бағандағы сөздермен сөз тіркестерін құрып, сөйлем құрыңыз.

Туристердің қалалар

Қола нысандар

Сақ астана

Туристік дәуір

Алғашқы нысандар

Көне қорғаны

Тартымды қызығушылығы


  1. Мәтінмен жұмыс.

1.Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқыңыз.

  1. Мәтінін мазмұнына қарай бөлімге бөліп, әрқайсысына тақырып қойыңыз.

  2. Тақырып бойынша әнгімелеңіз.


Жердің құрылысы. Жер қыртысының қозғалысы туралы болжамдар

Жер қабатының құрылымы — диаметрі 6357-6378 км-ге тең эллипстік (дөңгелекке жуық) шаршы нысандас Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар.

Жер негізгі 3 геосферадан тұрады: жер қыртысы, мантия, ядро.

Жердің физикалық қасиеттері мен температурасы тереңдеген сайын өзгереді.

Жердің ішкі өзегін ядро деп атайды. Жердің ядросын радиусы 3486 км-дей құрайды. Ол сыртқыжәне ішкі ядроға (субядроға) бөлінеді. Бұл екеуінің арасында сыртқы ядро құрамына кіретін аралық белдем бар. Ядро шекарасында бойлық сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы 13,6 км/с-тан 8,1 км/с-қа дейін кемиді, субядро шегіне тау 11,2 км/с-қа дейін артады. Субядродағы сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы тұрақты.

Жердің келесі қабаты — мантия (гр. mantion—жамылғы). Мантия жоғарғы (900 км-ге дейін) және төменгі (900—2900 км) мантияға бөлінеді. Мантия жер көлемінің 83%-ын, жалпы салмағының 67%-ын құрайды. Жоғарғы мантияның 250—300 км тереңдігінде қаттылығы мен беріктігі төмендеу, тұтқыр қабат орналасқан, оны астеносфера деп атайды.

Жердің ең беткі жұқа қатты қабығы — жер қыртысы. Жер қыртысы деп - литосфераның жоғарғы қабаты, жер бетіндегі барлық сулар - гидросфера, жерден 20 шақырым биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын және бүкіл тірі ағзалардың өмір сүру аймағын айтамыз. Географиялық қабықтың пайда болуынан ірі табиғи кешендері материктер мен мұхиттар пайда болды. Дүние жүзінде 6 материк немесе құрлық бар. Олар: Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия, Антрактида. Мұхиттардың саны 4: Тынық, Атлант, Үнді, Солтүстік мұзды мұхиттары.

Былай қарағанда жер беті бізге мызғымай, еш уақытта қозғалмайтын, бірқалыпта тыныш тұрғандай көрінеді. Ол шын мәнінде солай ма? Егер біз жердің адамзат баласы пайда болғаннан бергі тарихына үңілсек, онда жер беті үнемі қозғалыста болғанына көзіміз жетер еді. Ондай қозғалыстардың іздерін жер шарының көптеген өңірлерінен табуға болады. Мысалы: Италиядағы Венеция қаласы қазір жартылай су астында тұр,кезінде ол түгелдей құрлық бойына салынған

    Жер қыртысы ешқашанда тыныш жатпайды: оның кейбір аумағы көтерілсе, басқа бір жері шөгеді. 1. Жер қыртысы қозғалысының екі  түрі болады: 1 – жер қыртысының баяу көтерілуі мен төмендеуі: Мысалы, Скандинавия жағалары жылына шамамен 1 см-ге көтеріліп, ал Жерорта теңізі аймағы шөгіп бара жатқанын аңғарған. Бұл процесс жер бетінің географиялық жағдайларын өзгертеді. Мәселен, теңіз жағалаулары – құрлыққа, шығанақтар – көлдерге, аралдар – түбектерге айналды.

Жер  қыртысының  екінші  қозғалысы   – тау жасалу процесі

Тау түзілу жер бетінде жиі болатын құбылыс – жер сілкінулерге апарып соғады.

2. Жер сілкіну дегеніміз – жер қыртысы мен жоғары мантиядағы кенет ығысу және ыдыраулардың әсерінен туатын жер асты дүмпулері мен жер бетінің тербелістері.

Жердің терең қойнауындағы тау жыныстары қабаттарының кенет жарылып, ығысатын жерін жер сілкіну ошағы (гипоцентр) деп атайды.

Ошақтағы дүмпудің жер бетіне шығатын жері эпицентр (эпи – үстіңгі, центр – шеңбердің орталығы) деп аталады..


ІҮ. Мәтінен кейінгі жұмыс.

      1. Мәтін бойынша сұрақтар құрыңыз.

      2. Мәтінге аннотация жазыңыз.

Ү. Грамматика әлемінде



Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің барлығы қатысқан сөйлемдерді толымды сөйлем дейміз. Мысалы, Саяхатшылар сапарға шықты

Толымсыз сөйлем деп ойға қатысты сөйлем мүшелерінің бірі түсіп қалған сөйлемнің түрін айтамыз. Мысалы, Қарлығаштар тағы келді. Тағы кетті. Қайта-қайта келе берді. Келген сайын ұяның аузы бүріліп, тарыла берді.

а) Берілген сөйлемдердің толымды-толымсыз екендігін анықтап, толымды сөйлем құруға қатысқан сөйлем мүшелерін және толымсыз сөйлемдердің жетпейтін мүшелерін табыңыздар.

Ақыры ай да туды. Мен әуелде айдың туғанын байқамай қалдым. Айналам тым-тырыс тына қалыпты. Ауа да қайтадан ылғал тарта бастаған сияқты.


  • Сүйіншіні бізге сіз беріңіз.

  • Ол сүйіншіні өздерің қалаңдар.




  • Сейіл кім?

  • Біздің ауылдың баласы. Екі жас үлкен.




  • Мынауың қандай кітап?

  • Чеховтің әңгімелері.

Пайланылған әдебиет:

  1. Қалыбекова Қ.С. Кәсіби қазақ тілі / Қ.С.Қалыбекова, Р.Иманбаева – Қарағанды: ҚарМТУ, 2013

  2. Тұрсынова Г.Т.Кәсіби қазақ тілі / Г.Т. Тұрсынова.- Алматы, 2011.

  3. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит) / З.Күзекова. Алматы: Ғылым,2001.

  4. Н.Қ. Мұхамадиева «Кәсіби қазақ тілі» А., 2003ж.

  5. З. Күзекова, Ғ. Қарақұсова «Қазақ тілі» А., 1997ж.

  6. Н.Оралбаева «Практикалық қазақ тілі» А., 1993 ж.


5- практикалық сабақ

Тақырыбы: Жердің бедері

І. Мәтінге дейінгі жұмыс:

    1. Сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыз, есте сақтаңыз, аударыңыз.

  1. Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып сөйлем құрыңыз.

Түркі әлемі, Аллаға сиыну, киелі орындар, маңында, батырлар, қолбасшылар, ескерткіштер, естеліктер, орналасу

  1. Екі бағандағы сөздермен сөз тіркестерін құрып, сөйлем құрыңыз.

Киелі ескерткiштер

Түркі монументі

Аллаға орындар

Азаттық монументі

Құрмет орындар

Тарихи күрес

Тәуелсіздік орындар

Қастерлi әлемі

Мәдени сиыну
ІІ. Мәтінмен жұмыс.


    1. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқыңыз.

    2. Мәтінін мазмұнына қарай бөлімге бөліп, әрқайсысына тақырып қойыңыз.

    3. Тақырып бойынша әнгімелеңіз.


Жер бедері

Жер бедері , рельеф (фр. relіef, лат. relero — көтеремін деген сөзінен шыққан) — жер бетіндегіқұрлықтардыңмұхиттар мен теңіздер түбінің тілімденген пішіндерінің жиынтығы.

Жер бедері тау, жазықойпаттаулы үстірттөбеқырқааңғаржыра, т.б. болып келеді. Жер бедері эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) күштердің ұзақ уақыт бойы әсер етуі нәтижесінде пайда болады. Әрбір аймақтың бедері оның геологиялық құрылысына, ішкі және сыртқы процестердің біреуінің басым болуына байланысты. Жер бетінің бұдырлылығы әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан мөлшеріне (масштабына) қарай Жер бедерін планеталық пішінді (құрлықтар, мұхит табаны) мегапішінді (тау жүйелеріаумақты жазық жерлермұхит ойпаттары), макропішінді (жоталар, тауаралық аңғарлар), мезопішіндер (төбелераңғарларсай-жыралар), микропішіндер (шұқанақтар,дала бидайықтары) және нанопішіндер (түбіршіктертөбешіктер) деп бөледі. Осы заманғы Жер бедері шамамен бұдан 150 млн. жыл бұрын қалыптасқан. Қазіргі кезде бүкіл құрлықтардың 55%-і таулы және 45%-і жазық өлкелер. Жер бедерін геоморфология ғылымы зерттейді.

ІІІ. Мәтінен кейінгі жұмыс.



      1. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз

      2. Мәтінге аннотация жазығыз

ІҮ. Грамматика әлемінде

Іс-оқиға жайында баяндамай, тек соған байланысты жағдайды (мезгіл, мекен) атап көрсететін жай сөйлемнің түрін атаулы сөйлем дейміз. Мысалы, Тоғай. Егін. Шалғын. Жабағыдай ұйысқан қалың көктен машинаның кейде шамы ғана көрінеді.

а) Мәтіннен ыңғайы келген сөйлемдерді атаулы сөйлем етіп жазыңыздар.


Пайланылған әдебиет:

  1. Қалыбекова Қ.С. Кәсіби қазақ тілі / Қ.С.Қалыбекова, Р.Иманбаева – Қарағанды: ҚарМТУ, 2013

  2. Тұрсынова Г.Т.Кәсіби қазақ тілі / Г.Т. Тұрсынова.- Алматы, 2011.

  3. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит) / З.Күзекова. Алматы: Ғылым,2001.

  4. Н.Қ. Мұхамадиева «Кәсіби қазақ тілі» А., 2003ж.

  5. З. Күзекова, Ғ. Қарақұсова «Қазақ тілі» А., 1997ж.

  6. Н.Оралбаева «Практикалық қазақ тілі» А., 1993 ж.



ІІІ Бөлім. Физикалық география

6- практикалық сабақ

Тақырыбы: Ұлы географиялық ашылулар

І. Мәтінге дейінгі жұмыс:

    1. Сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыз, есте сақтаңыз, аударыңыз.

  1. Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып сөйлем құрыңыз.

Табиғат, ерекшелену, қар, тау, салқын, тоғайлар, жазық жерлер, қорық, көрікті, қонақжайлылық, әсер, өкілдер.


  1. Екі бағандағы сөздермен сөз тіркестерін құрып, сөйлем құрыңыз.

Қар жамылған мәдениет

Салқын бөлшек

Жазық қорық

Қалың жерлер

Қазақстан көлдер

Көшпелі тоғайлар

Табиғи таулар

Бөлінбейтін аумағы



ІІ. Мәтінмен жұмыс.

    1. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқыңыз.

    2. Мәтінін мазмұнына қарай бөлімге бөліп, әрқайсысына тақырып қойыңыз.

    3. Тақырып бойынша әнгімелеңіз.


Ұлы географиялық ашылулар
Ұлы географиялық ашылулар, Ұлы географиялық жаңалықтар — 15 ғ-дың соңы мен 17 ғ-дың ортасы аралығында еуропалық саяхатшылардың жаңа жерлерді, құрлықтар мен аралдарды, мұхиттар мен теңіздерді, аса маңызды теңіз жолдарын ашу кезеңі. Бұл кезең тарихқа Ұлы географиялық ашылулар заманы деген атпен енді. Жаңа жерлердің көптеп ашылуы Еуропадан Оңт. және Шығыс Азия елдеріне теңіз жолдарын іздеумен тікелей байланысты болды. Мұндай ізденістің басты себептері:

15 ғ-дың ортасына қарай Еуропа елдерінде өнеркәсіп пен сауданың мықтап өркендеуі, Еуропаны Шығыс Азиямен байланыстыратын құрлық жолын және кеме қатынасы өркендеген Жерорта теңізінің шығыс жағалауын түріктердің басып алуы, ашық мұхитқа шығып, алысқа жүзе алатын берік кемелердің жасалуы, ғылым мен техниканың жандануы бұған қолайлы жағдай туғызды. Араб саяхатшысы Әбу-Абдаллаї Мұхаммед ибн Баттута Еуропа саяхатшыларына дейін 30 жыл бойы саяхат жасап, Африканың солт. жағалауын бойлай жүзіп, Танжер қ-нан (Марокко) бастап Египет, Арабия, Кіші Азия түбегін, Қырым, Ресей, Орт. Азия,  Иран,  Ауғанстан, Үндістан,  Қытай,  ИндонезияИспанияда  болған. Ұлы географиялық ашылуларды сол кезде күшті дамыған елдер — Португалия мен Испания бастады.



ІІІ. Мәтінен кейінгі жұмыс.

      1. Мәтінге сұрақтар құрастырыңыздар

      2. Мәтінге аннотация жазыңыздар

ІҮ. Грамматика әлемінде

Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемдерді Құрмалас сөйлем дейміз. Мысалы, Мақсат туристік фирмаға телефон соғып, туристік саяхаттар туралы мәлімет алды.

Құрмалас сөйлемдерді қатыстырып «Менің досым» тақырыбында әңгімелеңіз


Пайланылған әдебиет:

  1. Қалыбекова Қ.С. Кәсіби қазақ тілі / Қ.С.Қалыбекова, Р.Иманбаева – Қарағанды: ҚарМТУ, 2013

  2. Тұрсынова Г.Т.Кәсіби қазақ тілі / Г.Т. Тұрсынова.- Алматы, 2011.

  3. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит) / З.Күзекова. Алматы: Ғылым,2001.

  4. Н.Қ. Мұхамадиева «Кәсіби қазақ тілі» А., 2003ж.

  5. З. Күзекова, Ғ. Қарақұсова «Қазақ тілі» А., 1997ж.

  6. Н.Оралбаева «Практикалық қазақ тілі» А., 1993 ж.



7- практикалық сабақ

Тақырыбы: Материктер

І. Мәтінге дейінгі жұмыс:

    1. Сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыз, есте сақтаңыз, аударыңыз.

  1. Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып сөйлем құрыңыз.

денсаулық, қор, көмек, ерікті, емдеу, ерікті сақтандыру, жеке тұлға, қызметтер шетел, азаматтар, шығындар, қауіп, бағдарлама, міндетті




  1. Екі бағандағы сөздермен сөз тіркестерін құрып, сөйлем құрыңыз.

денсаулығын сақтау

құрамдас сақтандыру

медициналық мүмкіндіктер

шетелдік көмек

қауіпті сақтандыру

қызметтер жағдай

Ерікті бөлігі

әлеуметтік көрсету

медициналық азаматтар

тең сақтандыру



ІІ. Мәтінмен жұмыс.

    1. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқыңыз.

    2. Мәтінін мазмұнына қарай бөлімге бөліп, әрқайсысына тақырып қойыңыз.

    3. Тақырып бойынша әнгімелеңіз.

Материктер

Жер шары бетінің жалпы ауданы 510,2 млн.км-ге тең. Ол материктер мен мұхиттарға бөлінген. Құрлықты құрайтын материктер мен аралдар үлесіне шамамен 149,1 млн км немесе бүкіл Жер бетінің29,2%-ы келеді.

Жер шарында барлығы алты материк бар. Материктер қалыптасуы мен қазіргі табиғат ерекшеліктеріне сәйкес, солтүстік және оңтүстік жарты шар материктеріне топтастырылып, мынадай тәртіппен қарастырылады: Еуразия (54 млн км астам), Солтүстік Америка (24,2 млн км), Оңтүстік Америка (18,3 млн км), Африка (30,3 млн км), Аустралия мен Мұхит аралдары (9,0 млн км-ге жуық), Антарктика (14 млн км). Материктерге таяу жағалаудағы қайраңдар мен материктік беткейлерде материктік аралдар орналасқан. Олар – жер қыртысындағы қозғалыстар әсерінен құрлықтың кейіннен бөлініп қалған бөліктері, көбінесе ауданы ауқымды келеді (Гренландия, Мадагаскар, Британ аралдары және т.б.). Мұхиттардың қозғалмалы бөліктерінде жанартаулық аралдар (Исландия, Гавай, Азор аралдары), ал судың беткі температурасы +25С-тан жоғары аймақтарында маржандық аралдар (Үлкен Аустрия Тосқауыл рифі, Маржан теңізінің аралдары) орналасқан. Аралдар жеке-дара және топ болып кездеседі, аралдар тобын архипелаг деп атайды. Жер шарындағы ірі архипелагтар қатарына Канаданың Арктикалық архипелагы, Малайя архипелагы, Шпицберген архипелагы жатады.

Құрлық материктерге бөлінумен қатар, дүние бөліктеріне де жіктеледі. Дүние бөліктері дегеніміз құрлықтың ашылуы мен қоныстану ерекшеліктеріне сәйкес шартты түрде ажыратылатын тарихи-географиялық ірі аймақтар. Дүние бөліктері де алтау: Еуропа, Азия, Африка, («Ескі дүние»), Америка, Аустралия, Антарктика («Жаңа Дүние»).

Жер шарының аса ірі материгі Еуразияны ежелгі грек географтары екі дүние бөлігіне ажыратқан. Бұл дүние бөліктері Месопотамияны мекендеген ежелгі халықтар – финикиялықтардың «эреб»-батыс, «асу»-шығыс деген сөздерінің негізінде Еуропа және Азия деп аталған. Кейінірек ашылған Солтүстік және Оңтүстік Америка материктері табиғат жағдайларының айырмашылықтарына қарамастан, біртұтас Америка дүние бөлігіне біріктірілген. Дүние бөліктерінің құрамына көршілес жатқан аралдар да енеді.

ІІІ. Мәтінен кейінгі жұмыс.


      1. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

      2. Мәтінге аннотация жазыңыз

ІҮ. Грамматика әлемінде
Құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрін салалас құрмалас дейміз.Мысалы, Айгүл аттан түсіп еді, су қайта таязданып қалғандай екен. Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара екі түрлі жолмен байланысады:

  • Мағыналарының жақындығына қарай, іргелес тұрып, ұласпалы интонация арқылы байланысады: мысалы, Берден бұдан гөрі де шұбылты сөйлемек еді,-әлденеден сүйретпеде жатқан қозылары шу ете түсті.

  • Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Олар: да,де,та,те, әрі, және, бірақ, алайда, дегенмен, өйткені, себебі, не, немесе, әлде, кейде, бірде, біресе. Мысалы, Айбала мен Ботагөздің қандары қазандай қайнады, бірақ қолдарынан келері жоқ.

а) Берілген мақал-мәтелдердің екінші сыңарын өздерің ойлап тауып, салалас құрмаласқа айналдырыңдар.

Еңбек ерлікке жеткізер, ....... .Көз қорқақ, ...... . Еңбек түбі береке, ...... . Қоянды қамыс өлтіреді, ..... Атаның баласы болма,..... . Білекті бірді жығар, .... . Көп жасаған білмейді,.......


Пайланылған әдебиет:

  1. Қалыбекова Қ.С. Кәсіби қазақ тілі / Қ.С.Қалыбекова, Р.Иманбаева – Қарағанды: ҚарМТУ, 2013

  2. Тұрсынова Г.Т.Кәсіби қазақ тілі / Г.Т. Тұрсынова.- Алматы, 2011.

  3. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит) / З.Күзекова. Алматы: Ғылым,2001.

  4. Н.Қ. Мұхамадиева «Кәсіби қазақ тілі» А., 2003ж.

  5. З. Күзекова, Ғ. Қарақұсова «Қазақ тілі» А., 1997ж.

  6. Н.Оралбаева «Практикалық қазақ тілі» А., 1993 ж.

8- практикалық сабақ

Тақырыбы: Мұхиттар
І. Мәтінге дейінгі жұмыс:

    1. Сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыз, есте сақтаңыз, аударыңыз.

  1. Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып сөйлем құрыңыз.

Қажеттіліктер, қанағаттандыру, маңызы зор, тасымалдыу, туризм нұсқаушылары, уәкілетті өкіл, жазбаша, өтініш бойынша, төл құжат, құқығы бар.

  1. Екі бағандағы сөздермен сөз тіркестерін құрып, сөйлем құрыңыз.

мәліметтерді қою

құжаттарды куәландыру

өтініш рәсімдеу

жазбаша растау

лицензияны өтініш

белгіленген беру

қол рәсімдеу

мөрмен мерзім



ІІ. Мәтінмен жұмыс.

    1. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқыңыз.

    2. Мәтінін мазмұнына қарай бөлімге бөліп, әрқайсысына тақырып қойыңыз.

    3. Тақырып бойынша әнгімелеңіз.

Мұхиттар

Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері. Глобусты алып қарасақ, жер шарының көпшілік бөлігін су басып жатқанын көреміз. Ол Дүниежүзілік мұхит деп аталады. Дүниежүзілік мұхиттың үлесіне бүкіл жер бетінің бөлігі немесе 361млн км2 тиеді. Мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан құрлық жер  материктер  немесе  континенттер деп аталады. Дүниежүзінде 6 материк бар. Олар: Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия және Антарктида. Құрлықтың барлық жағынан су қоршаған шағын бөлігі арал деп аталады (картадан Гренландия,Мадагаскар, Исландия аралдарын көрсету). Құрлықтың су кеңістігіне терең сұғынып кіріп тұрған бөлігін түбек деп атайды (картадан Апенин және Лабрадор түбектерін көрсету). Дүниежүзілік мұхит 4 бөліктен тұрады.  Тынық мұхит-Жер шарындағы ең үлкен әрі ең терең мұхит. 1520-1521 жылдары Ф.Магеллан дүние жүзін айналу саяхаты кезінде осы мұхитты алғаш рет жүзіп өтті. Жүзу кезінде ешқандай дауылға ұшырамағандықтан, саяхатшылар оған «Тынық мұхит» деген ат берді. Ең терең жері-Мариан шұңғымасы бар. Оның тереңдігі 11022м.  Атлант мұхиты Тынық мұхитынан екі есе кіші (92млн.км2). Солтүстік және Оңтүстік Американың шығысынан бастап Еуразия мен Африканың батысына және Антарктидаға дейін барады. Ол солтүстік полярлық аймақтан оңтүстік полярлық аймаққа дейін созылып кетеді. Атлант мұхиты арқылы батыс және шығыс жарты шарда орналасқан елдерді бір-бірінен жалғастыратын аса маңызды кеме жолдары өтеді. Мұхит кеме қатынасына игерілген. Үнді мұхиты Оңтүстік жарты шардың едәуір бөлігін алып жатыр. (75 млн.км2). Бұл ең жылы мұхит. Үнді мұхиты суының таза, көгілдірлігімен де көзге түседі. Солтүстік Мұзды мұхит-мұхиттардың ішіндегі ең шағыны (14 млн.км2). Ол Солтүстік Америка және Еуразия жағалауларымен шектеледі. Оның көпшілік бөлігін жыл бойы мұз басып жатады.

Мұхит  бөліктеріне теңіздер, шығанақтар, бұғаздар  жатады. Теңіз-мұхит суының қасиеті мен жануарлар дүниесі оқшауланып тұратын бөлігі. Теңіздер көбінесе құрлық жағалауында болады, бірақ кейде ашық мұхиттарда да кездеседі. (мысалы,Саргасс,Фиджи теңізі). Материкке сұғына еніп жататын теңіздерді ішкі теңіздер деп атайды. (мысалы,Қара теңіз, Жерорта теңізі). Материктердің маңында орналасқан теңіздерді шеткі теңіздер деп атайды. Шеткі теңіздерге-Еуразия жағалауындағы Баренц, Лаптевтер, Жапон, Охота, Шығыс Қытай және т.б теңіздер жатады. Шығанақ-мұхиттың немесе теңіздің құрлыққа сұғына еніп жатқан шағын бөлігі. Атлант мұқиты Солтүстік Америка жағалауындағы Гудзон,Мексика шығанақтарын, ал Үнді мұхиты Еуразияның оңтүстігіндегі Парсы шығанағын құрайды. Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері бір-бірімен бұғаздар арқылы жалғасады. Бұғаз-екі жағынан материктердің немесе аралдардың жағалары қосып шектеп тұрған енсіз су айдыны. Бұғаздардың ені әр түрлі. Ені ең кең (950км) және терең (5248м) бұғаз-Дрейк бұғазы; ал ең ұзыны (1670км)-Мозамбик бұғазы.

2. Мұхит суының температурасы және тұздылығы.  Су-жер бетіндегі жылу сыйымдылығы үлкен дене. Сондықтан да мұхитты «жылу қорының жинаушысы» деп  атайды. Мұхит суы өте баяу жылынып, баяу суынады.



ІІІ. Мәтінен кейінгі жұмыс.

  1. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз

  2. Мәтінге аннотация жазыңыз.




  1. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

1.

Туристiк қызмет көрсету түрлері













2.

жүзеге асыру құқығы үшін берілетін лицензия болып табылады.

3.

Лицензия субьектіге немесе оның уәкілетті өкіліне













4.

өтініш беруге міндетті.

5.

Лицензиардың басшысы не осыған уәкілетті адам








ІҮ. Грамматика әлемінде: Ыңғайлас салалас

Құрамындағы жай сөйлемдерінің бірінде айтылған ойға екіншісінде айтылған ойдың мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде қарым-қатынаста болуын ыңғайлас салалас дейміз. Мысалы, Мен бұл арада үндемедім және үндеуді қажет те көрмедім.

а) Берілген жай сөйлемдерді ыңғайлас салалас құрмаласқа айналдырыңдар.



Ел орынға отырған кез еді, ...... . Балалар ертеңгі тамақты ішіп болды да, ........ . Бауға барған еді,..... . Айсұлудың бұған күші де жетеді, ..... .
Пайланылған әдебиет:

  1. Қалыбекова Қ.С. Кәсіби қазақ тілі / Қ.С.Қалыбекова, Р.Иманбаева – Қарағанды: ҚарМТУ, 2013

  2. Тұрсынова Г.Т.Кәсіби қазақ тілі / Г.Т. Тұрсынова.- Алматы, 2011.

  3. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит) / З.Күзекова. Алматы: Ғылым,2001.

  4. Н.Қ. Мұхамадиева «Кәсіби қазақ тілі» А., 2003ж.

  5. З. Күзекова, Ғ. Қарақұсова «Қазақ тілі» А., 1997ж.

  6. Н.Оралбаева «Практикалық қазақ тілі» А., 1993 ж.



9-Практикалық сабақ

Тақырыбы: Географиялық нысандардың топонимиясы және туризм географиясы

I.Мәтінге дейінгі жұмыс:

  1. Сөздер мен сөз тәркестерін оқыңыз, есте сақтаңыз, аударыңыз.

  2. Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлем құрыңыз.

Мағына, білдеру, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, басқарушы, үрдіс, әуә жолдары, кесте, сұраныс, жолсілтеуші, айналысу, жарнама.


  1. Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін құрып, сөйлем құраңыз.

  1. Мағынаны а) алу

  2. Жоспарлауды ә) отыру

  3. Қызмет б) білдіру

  4. Қарса в) көрсету

  5. Әуә г) реттеу

  6. Бақылап ғ) атқару

  7. Қызмет д) бағасы

  8. Жолдаманың е) жолдары

II.Мәтінен жұмыс.

  1. Мәтінді мәнерлеп түсініп оқыңыз.

  2. Мәтінің мазмұнына қарай бөлімге бөліп, әрқайсысына тақырып қойыңыз.

  3. Тақырып бойынша әігімелеңіз.


Географиялық нысандардың топонимиясы және туризм географиясы

ТОПОНИМИКА (грек. Topos-орын,  жер және  оnomo. оnyma-ат, атау) — ономастиканың жер-су, елді мекен атауларының шығуы мен пайда болуын (этимологиясын),мағынасын, құрылымының дамуын, таралу аймағын, қазіргі жағдайын, граммат., фонет. пішінін, жазылуы мен
екінші бір тілде берілуін зерттейтін құрамдас бөлігі. Топонимика география, тарих, тіл білімі, этнология ғылымдарының деректеріне сүйеніп, өзара байланыста дамиды. Кез келген аумақтың географиялық  атауларының жиынтығы сол жердің топонимиясьш кұрайды. Топонимдер зерттелетін географиялық  нысандардың көлеміне не мөлшеріне қарай макротопонимдерге  (тау жоталары, үлкен ойпаттар, мұхиттар, т.б.), мезотопонимдерге (жеке таулар, теңіздер, т.б.), микротопонимдерге (көл, бұлақ, құдық, қоныс, т.б.) бөлінеді. Пайда болуы жағынан эндоним және экзонимдерге жіктеледі. Біріншісі -жергілікті халықтың өзі тұратын жердегі географиялық  нысандарға  берген атаулары; екіншісі-сол жерге отарлаушылардың не сырттан келгендердің берген атауы. Топонимдердің, әсіресе, эндонимдердің ең негізгі касиеті-олардың тұрақтылығы, сол үшін де мұндай атаулар адамзат тарихы, мәдениеті және тілі жөнінде көне ғылым мәліметтер береді. Мысалы, география атаулардың құрамын зерттеу сол аймақты ежелгі заманда қандай тайпалар, халықтар  мекендегенін анықтауға, олардың өткен тарихының ерекшелігін қалпына келтіруге, тараған жерінің шекарасын белгілеуге, орын ауыстыру бағытын шамалауға, сауда жолдарын т.б.  білуге  болады.Осы мағынада топонимдер (жер-су, елді мекен, халықтараттары) тарих, этнология, археология және тіл біліміне нақтылы мағлұмат береді. Топономиканың жер бедері сипатын (ороним), кен байлықтарын (геоним), су жағдайын (гидроним), өсімдік (фитоним) пен жануарлар (зооним) дүниесін анықтауға да тигізер пайдасы орасан зор. Топоним тіл тарихын (тарихи лексико-семантик., лексико-грамматик., диалектол., этим.) зерттеуде маңызды дерек көзі болып саналады. Өйткені кейбір топонимдер (әсіресе, эндооронимдер мен эндогидронимдер) архаизмдер мен диалектизмдерді тұрақты сақтайды, көбінесе олар сол аумақты мекендеген халықгың субстрат тілдерінен бай мағлұмат береді. Топонимдердің халық берген дұрыс нұсқасын барлық жағдайда және басқа тілдерде дүрыс жазылуының маңызы зор. Жергілікті географиялық атауларды басқа тілдерге қатесіз берудің іс жүзіндегі жолы-транскрипция (айтылуы) мен транслитерация (жазылуы) әдістері болып табылады. Бұл әдістердің географиялық  нысандары картаға, атласқа түсірілгенде, түрлі әдебиет, бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінде және коммуникацияның барлық саласында олардың атауларын дұрыс жазуға көмектесетіні анық. Топономика  нысан ерекшеліне байланысты жоғарыда  аталғандардан басқа бірнеше топқа жіктеледі: ойконим (елді мекен атауы: Астана қ., т.б.); хороним (табиғи, әкімшілік-аумақ атауы); дромоним (жол қатынасы тораптарының атауы). Сондай-ақ топонимдер өзге ономастикалық  топтағы  сөздерге [кісі есімдері (антропоним), өсімдік (фитоним), мал-жануар (зооним), ру, тайпа атауы (этноним), аңыз әңгіме, эпостардағы қиялдан туындаған атаулар (мифоним), т.б.] ұйтқы болады. Трансонимистикалау құбылысы нәтижесінде ондай онимдер топонимдер қатарына ауысып, антропоним, зоотопоним, фитотопоним, этнотопоним, мифотопоним, т.б. терминдермен белгіленеді. Казақ тілінің Топономикасын Ғ.Қоңқашбаев, Н.Баяндин, А.Әбдірахманов, т.б. ғалымдар зерттеген. Казақстан егемендік алғаннан кейін тарихи атауларды қалпына келтіруге, жергілікті атауларды баска тілдердс дүрыс жазуға, идеод. және отарлаушылық атауларды өзгертуге көп көңіл бөлінуде. Соның  бір дәлелі  ҚР  Бж ҒМ География институтыты ҚР Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінін "Ұллтық картографиялық  геодезиялық коры  мен" бірлесіп Қазақстанның  барлық облыстары бойынша қазақ және орыс тілдерінде 28 томдық "Казақстан Республикасы географиялық атауларының мемлекеттік каталогын" дайындау жұмысы.

Бірнеше сөз тіркестерін құрыңыз:

Туристік компанияның


Саяхатшының



3.Сөзжұмбақты шешіңіз:


1.







1.































2.

























3.
















  • Тігінен: 1.Турларды ұйымдастыратын адам.

  • Көлдеңнен: 1. Коммерциялық туристік мекеме

2. Туристік мекемелерде сатылатын құжат

3. Белгігі бір мақсатпен жол жүру





  1. Суретке қарап төмендегі диаграмманы толтырыңыз.



5. Сұхбатты толықтырыңыз.

1.

Менеджер сөзі қандай мағынаны береді?












2.

Ендеше, менеджер жоспарлауды, ұйымдастыруды және бақылауды реттейтін басқарушы болып табылады?

3.

Туристік фирманыңименеджері қандай жұмыс атқарады?













4.

Саяхатшыны туристік фирмада алдымен менеджер қарсы алады.

5.

Ол саяхатшыны немен таныстырады?













6.

Саяхатшы өзіне ұнаған сапарды таңдаған соң сұраныс жазады.

7.

Бұдан соң менеджер не істейді?













8.

Кейбір үлкен туристік компанияларда бірнеше менеджерлер жұмыс істейді

9.

Турларды ұйымдастыратын менеджер қандай қызмет атқарады?













10.

Сату бойынша менеджер саяхатшылармен жұмыс істеп, жолдама сатумен айналысады

11.

Тағы қандай менеджерлер болады және олар немен айналысады?








ІҮ. Грамматика әлемінде

Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін салалас құрмаластың түрін себеп-салдар салалас дейміз. Мысалы, Нұрлан сөзді әрі қарай тереңдеткісі келмеді, сондықтан әңгіме желісін бұрып жіберді.

а) Берілген жай сөйлемдерден себеп-салдар салалас құраңдар.

Жомартты жауапқа тартады деген ой оның басына келген емес. Айыпты тек Нұрым екеуміз деп түсінді. Қолың қатты дейді. Қорқып тұрмын. Мезгіл кешкіріп кетті. Амалсыз қонуға тура келді.

Пайланылған әдебиет:


  1. Қалыбекова Қ.С. Кәсіби қазақ тілі / Қ.С.Қалыбекова, Р.Иманбаева – Қарағанды: ҚарМТУ, 2013

  2. Тұрсынова Г.Т.Кәсіби қазақ тілі / Г.Т. Тұрсынова.- Алматы, 2011.

  3. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит) / З.Күзекова. Алматы: Ғылым,2001.

  4. Н.Қ. Мұхамадиева «Кәсіби қазақ тілі» А., 2003ж.

  5. З. Күзекова, Ғ. Қарақұсова «Қазақ тілі» А., 1997ж.

  6. Н.Оралбаева «Практикалық қазақ тілі» А., 1993 ж.



ІҮ Бөлім. Экономикалық және әлеуметтік география

10-практикалық сабақ

Тақырыбы: Дүние жүзінің халқы. Халқтардың саны, құрамы,жіктелуі

I.Мәтінге дейінгі жұмыс:

      1. Сөздер мен сөз тәркестерін оқыңыз, есте сақтаңыз, аударыңыз.

      2. Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлем құрыңыз.

Туристік сала, тұжырымдама, Жолдау, бағдарлама, әлеуметтік-экономикалық, бағыт, талдау, әзірлеу, қағидаттар, мақсат, міндет, кезең.


      1. Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін құрып, сөйлем құраңыз.

туристік мерзім

мемлекеттік  түрлері

бәсекеге нарық

көтеру саясат

мемлекеттік нәтижесі

халықаралық сала

талдау қабілеттілік

туристік үшін



ұзақ бағдарлама

туризм тәжірибе



http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U100000922_ - z8

II.Мәтінен жұмыс.

        1. Мәтінді мәнерлеп түсініп оқыңыз.

2. Мәтінің мазмұнына қарай бөлімге бөліп, әрқайсысына тақырып қойыңыз.

3. Тақырып бойынша әігімелеңіз.



Дүние жүзінің халқы. Халқтардың саны, құрамы,жіктелуі
Адамзаттың шығу тегі мен жер шарында таралуы. Жер шарында адамзаттың пайда болған орны мен мерзімі жөніндегі мәселе ғалымдар арасында әлі күнге дейін талас тудырып келеді. Адамның шығу тегі мен даму ерекшеліктерін зерттейтін антропология ғылымында адамзаттың тегі туралы қарама-қайшы көзқарас қалыптасқан. Осыған сәйкес, антропологияда бүкіл адамзаттың ататегі ортақ деп есептейтін "моногенизм" бағыты және керісшше, әр нәсіл дербес ататектен тарағандығы туралы пікірді үстанатын "полигенизм" бағыты бар. Көпшілік ғалымдардың пікірінше, алғашқы адамдар Шығыс Африкадағы Ұлы жарықтар маңында пайда болған. XX ғасырдың 70-жылдарында Кения азаматтары болып есептелетін әйгілі ғалымдар Луис және Мэри Лики Танзанияның солтүстігіндегі Олдувай шатқалынан өздері зинджантроп деп атаған ежелгі адамның қаңқасын тапты. Оның жасы шамамен, 1,7 млн жыл деп анықталды. Кейінгі археологиялық қазба жұмыстары барысында Рудольф көлінің шығыс жағалауынан табылған қаңқалар адамның ата- тегінің одан да ерте (шамамен 5 млн жыл бұрын) пайда болғанын дәлелдеді. Осы зерттеулердің нәтижесінде ғалымдар адамзаттың пайда болған орны Шығыс Африка болған деген қорытындыға келді. Дегенмен полигенизм бағытын ұстанған ғалымдар адамзаттың әр нәсілдің жеке дүние бөлігінде дербес пайда болып, дамығаны туралы болжамдар келтіреді. Саналы адам (Homo sapiens) осыдан, шамамен, 50—100 мың жылдай бұрын пайда болған. (Адамның ататегінің даму сатылары туралы биология сабақтарынан алған білімдеріңді еске түсіріңдер.) Ғалымдардың көпшілігі алғашқы адамдар палеолиттің соңында Африкадан алдымен Еуропа мен Азияға, кейіннен Азиядан Америка мен Аустралияға, одан соң Мұхит аралдарына таралған деп есептейді Уақыт өте келе, қоршаған орта жағдайларына бейімделу нөтижесінде дүние бөліктерінде тіршілік ететін адамдар әзіндік антропологиялық ерекшеліктерге ие болды.     
ІІІ. Мәтінен кейінгі жұмыс.

1.Мәтін бойынша сұрақтар құрыңыз

2.Мәтінге аннотация жазыңыз
ІҮ. Грамматика әлемінде

Құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі іс, оқиға екіншісіндегі іс, оқиғаға қарама-қарсы болатын салаластың түрін қарсылықты салалас дейміз. Мысалы, Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ.
а) Берілген жай сөйлемдерге ойларыңнан қарама-қарсы мәнді жай сөйлем ойлап жазып, қарсылықты салалас құрыңыздар.

Жел саябырлаған сияқты, ....... . Теңіз тынышталды, ................. . Тау астындағы көлдің үңгірі жолдан алыс емес екен, .................. . Бұрын бай еді, ............. . Жаз ортасы болып қалды, ...................


ә) Қарама-қарсы мәнді жай сөйлемге мысалдар жаз.
Пайланылған әдебиет:

  1. Қалыбекова Қ.С. Кәсіби қазақ тілі / Қ.С.Қалыбекова, Р.Иманбаева – Қарағанды: ҚарМТУ, 2013

  2. Тұрсынова Г.Т.Кәсіби қазақ тілі / Г.Т. Тұрсынова.- Алматы, 2011.

  3. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит) / З.Күзекова. Алматы: Ғылым,2001.

  4. Н.Қ. Мұхамадиева «Кәсіби қазақ тілі» А., 2003ж.

  5. З. Күзекова, Ғ. Қарақұсова «Қазақ тілі» А., 1997ж.

  6. Н.Оралбаева «Практикалық қазақ тілі» А., 1993 ж.


11-практикалық сабақ

Тақырыбы: Шаруашылық салаларының географиясы

І. Мәтінге дейінгі жұмыс:

Сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыз, есте сақтаңыз, аударыңыз.

Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып сөйлем құрыңыз.

Дін, тарих, мақсат, ахуал, қажалық, шіркеу, мешіт, Пайғамбар, қасиетті, сапарнама, орталық, ұлттық, ғажайып.



ІІ. Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін құрып, сөйлем құрыңыз.

Діни ахуал

Кен білу

Қасиетті икона

Шет мереке

Сапар қала

Ұлттық мәдениетті

Ғажайып тараған

Қазіргі шегу

Діни елдер

Танып орталық

Шіркеу кезде



ІІІ. Мәтінмен жұмыс.

  1. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқыңыз.

  2. Мәтінің мазмұнына қарай бөлімге бөліп, әрқайсысына тақырып қойыныз.

  3. Тақырып бойынша әңгімелеңіз.

Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі — дүние жүзі елдері ұлттық шаруашылықтарының жиынтығы.

Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі сыртқы сауда, капиталды сыртқа шығару, жұмыс күшінің көші-қоны, экономикалық келісімшарттар жасау, халықаралық экономикалық ұйымдарды құру, ғылыми-техникалық ақпарат алмасу сияқты өзара экономикалық байланыстар мен өзара қарым-қатынастардан тұрады.

Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі, негізінен, 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында ірі машиналық индустрияның, көліктің және әлемдік рыноктың дамуы нәтижесінде қалыптасты. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің негізгі саласы — өнеркәсіптердің Дүниежүзілік өнеркәсіпте 20 ғасырдың аяғында шамамен 350 миллионға жуық адам жұмыс істеді. Соңғы жүз жыл ішінде өнеркәсіп өндірісі 50 есе өсті, бұл өсімнің 3/4-і 20 ғасырдың 2-жартысына келеді. Пайда болу уақытына қарай өнеркәсіптің барлық салалары, әдетте, 3 топқа бөлінеді. Бірінші топқа “дәстүрлі” салалар: көміртау-кен өндірісіметаллургиятемір жол көлігікеме жасаутоқыма өнеркәсібі; екінші топқа жаңа салалар: автомобиль жасау, алюминий қорытупластмассахимиялық талшықтар өндірісі; үшінші топқа ғылыми-зерттеу жұмыстарын қажет ететін “жоғары технология” салалары: микроэлектроникаесептеуіш техника, робот жасау, информатика индустриясы, атом және аэроғарыш өндірісі, органикалық синтез химиясымикробиология өнеркәсібі жатады. АҚШ-та, ГФР-де, Ұлыбританияда, Францияда өңдеуші өнеркәсіптің жалпы өнімінің 35 — 40%-і осы 3 топтағы салаларға келеді. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің негізгі салаларының бірі — отын-энергетика кешені. Бастапқы энергетика байлықтарын дүние жүзі бойынша өндіру және тұтыну ұдайы өсіп келеді. Ол 1900 жыл 1 миллиард тонна шартты отыннан 1990 жыл 10 миллиард тоннаға дейін өсті, ал2000 жыл 14 миллиард тоннаға жетті.

. ҮІ. Мәтінен кейінгі жұмыс



1. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Діни туризм туризмнің қандай түрі?

  2. Діни туризм қандай мақсатпен жасалатың саяхат?

  3. Діни туризмнің қандай түрлері бар?

  4. Мұсылмандар үшін қажылықтың орталығы қандай қала?

  5. Қажылыққа бару-мұсылмандар үшін қандай мереке?

  6. Католиктер қандай қалаға сапар шегеді?

  7. Әр елде діни туристік сапарнаманы анықтайтын не бар?

  1. Сөйлемдерді толықтырыңыз:

  1. Мұсылман діни- ............

  2. Мұсылманның қасиетті кітабы-....................

  3. Мұсылманның Пайғамбары-........................

  4. Мұсылманның діни мерекелері-...................

  1. Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Көкшетау қаласында неше мешіт бар?

  2. Неше шіркеу бар?

  3. Олар қаланың қай жерінде орналасқан?

  4. Науан Хазирет атындағы мешіт қайда орналасқан?

  5. Аптаның қай күні мұсылмандардың қасиетті күні?




  1. Сұхбатты толықтырыңыз.

1.

Қахіргі кезде туризмнің кен тараған түрі қандай туризм?













2.

Діни туризм-дін тарихын танып-білу мақсатымен жасалатын және дін адамдарының шет елдердегі діни ахуалмен танысу үшін жасайтын саяхат

3.

Діни туризмнің қандай түрлері бар?













4.

Қажылыққа бару-барлық мұсылмандар үшін діни мереке.

5.

Мұхаммед Пайғамбар туған қасиетті қала-Сауыд Аравиясындағы мереке қаласы мұсылмандар үшін қандай қала?













6.

Католиктер католик шіркеуінің басшысы Папа Римскийдің жері-Ватикан қаласына сапар шегеді.

7.

Ұлттық діни орталықтарда не жатады?








Пікірлесейік:

  1. Менің ойымша, қазіргі кезде мешітке көбінесе жастар барады......

  2. Сіз досыңыздың неке кию салтанатына бардыңыз, алған әсеріңіз туралы әңгімелеңіз.

  1. Суретпен жұмыс.

  1. Суреттерге қарап, «Қажылыққа бару» тақырыбында әңгімелеңіз.





  1. Астана қаласындағы «Нұр мешіт», Ақтау қаласындағы мешіт туралы әңгімелеңіз.





ІІ. Жаттығулар әлемінде:

  • Төмендегі сөздерге «и» жұрнағын жалғап, сөйлем құрыңыз:

Саясат, мәдениет, қоғам, кәсіп, дін.

  • Төмендегі сызба бойынша сөйлем құрыңыз.

______________, бірақ .........................

______________, өйткені .....................

______________, сонда да ...................

______________ туралы .....................



  • Мәтіннен изофеттық қатынастағы (Ілік септігі+тәуелдік жалғау) сөз тіркестерін теріп жазыныз.

  • Төмендегі сөздерді қазақ тіліне аударып, сөз жұмбақты шешіңіз.




1.




1.






















2.




























3.

























4.




2.






















5.























Тігінен: 1. Мусульмани 2. Мечеть

Көлденеңнен: 1. Священная книга мусульман 2. Паломничество 3. Праздник 4. Молитва 5. Церковь

Пайланылған әдебиет:

  1. Қалыбекова Қ.С. Кәсіби қазақ тілі / Қ.С.Қалыбекова, Р.Иманбаева – Қарағанды: ҚарМТУ, 2013

  2. Тұрсынова Г.Т.Кәсіби қазақ тілі / Г.Т. Тұрсынова.- Алматы, 2011.

  3. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит) / З.Күзекова. Алматы: Ғылым,2001.

  4. Н.Қ. Мұхамадиева «Кәсіби қазақ тілі» А., 2003ж.

  5. З. Күзекова, Ғ. Қарақұсова «Қазақ тілі» А., 1997ж.

  6. Н.Оралбаева «Практикалық қазақ тілі» А., 1993 ж.


12- практикалық сабақ

Тақырыбы: Елдердің экономикалық-географиялық сипаттамасы
I.Мәтінге дейінгі жұмыс:

  1. Сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыз, есте сақтаңыз, аударыңыз.

  2. Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып сөйлем құрыңыз.

Халықаралық туризм, шетелдік төлқұжат, виза, кеден, бқылау, нормативтік құқықтық база, меншік.

3.Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін кұріп, сөйлем құрыңыз.

Валюталық ұсыны

Шетелдік өту

Туристік бақылау

Виза түрде

Нормативтік бақылау

Халықаралық төлқұжат

Саяхат ашу

Саяхатқа құқықтық

Туристік туризм

Міндетті мақсат

Медициналық үйім

Кеденнен шығу


Елдердің экономикалық-географиялық сипаттамасы

Ресейдің әлемдегі ең ірі материкте орналасуы оның экономика -


лық - географиялық жағдайының қолайлы жағы болып табылады. Өйткені, Еуразияда дүние жүзі мемлекеттерінің 40%-дан астамы, халықтың басым көпшілігі орналасқан. Жалпы алғанда, Ресейдің 12 мемлекетпен теңіздік шекарасы бар, ал 14 мемлекетпен құрлық арқылы байланысқан. Ресей құрамына енетін Калининград облысы анклав болып табылады, өйткені оның елдің негізгі бөлігімен ортақ шекаралары жоқ.
Көршілес мемлекеттердің көп болуы, олардың көпшілігінің неғұрлым дамыған батыс бөлікте орналасуы елдің сыртқы байланыстарына қолайлы ықпал етеді. Дегенмен, Ресей өзінің көршілік жағдайының қолайлы тұстарын әлі де болса толығымен пайдаланбай келеді. Ресейдің географиялық орны әлемдік экономикалық орталықтарға қатысты алғанда, қолайсыз болып табылады. Өйткені ол Батыс Еуропаның дамыған елдерімен, АҚШ және Жапониямен тікелей құрлық арқылы шектеспейді, аса маңызды теңіздік сауда жолдарынан алыста орналасқан. Алайда ел аумағының Еуропаны Шығыс және Оңтүстік - Шығыс Азия елдерімен теміржол арқылы байланыстырып жатуы, Солтүстік теңіз жолын игеруі Солтүстік Еуропа, Оңтүстік - Шығыс Азия елдерімен байланысты жақсартуға оң ықпал етеді. Қиыр Шығыстың айрықша орны әлемдегі үш ірі мемлекеттің (Ресей, Қытай, Жапония) тоғысында жатуымен анықталады. Ресейдің Тынық мұхиттық жағалауы, Азия - Тынық мұхит аймағындағы елдердің барлығымен де теңіз арқылы байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

АҚШ – Батыс шарындағы ірі ел. Оның барлық жері түгелдей дерлік Солтүстік Америкада: Солтүстікте Канадамен, Оңтүстікте Мексикамен шектеседі. Батысында Тынық мұқитымен, Шығысында Атлант мұхитымен шайылады.Оның 50 штатпен ел астанасы Вашингтон қаласы орналасқан федералдық Колумбия округінен федерациялық республика. 48 штат шоғырлана орналасқан. Ал Аляска мен Гавай негізгі аумақтан бөлек орналасқан.


Мемлекеттік құрылымы - АҚШ федерациялық конституциялық ел. Мемлекет басшысы Президент. Президент бас әскери қолбасшысы. Ол заң жобасын жою құқығына ие болады. АҚШ үкіметі 3 – тармаққа бөлінеді:
1. Заң шығарушы
2. Атқарушы
3. Сот
АҚШ - та 2 бас партия бар:
1. Демократиялық партия - 1824 жылы құрылған.
2. Республикалық партия - 1854 жылы құрылған

Қазақстан ең ірі әрі халық көп қоныстанған құрлық - Еуразияның ортасында орналасқан. Біздің құрлықта жер шарындағы мемлекеттердің жартысы орналасқан. Мұнда адамзаттың 2/3 және әлемдік экономиканың 3/5 бөлігі шоғырланған. Аумағы жөнінен алып мемлекеттер (Ресей, Қытай), халық саны ең көп мемлекеттер (Қытай, Үндістан) және экономикасы аса қуатты елдер де (Жапония, Қытай, Германия) осы құрлықта. Еуразияда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) мен ЕуроОдақ (ЕО) орналасқан.

Қазақстан саяси-географиялығы аймағы - Орталық Азия. Ол 5 мемлекетті біріктіреді. Аймақтағы шет елдерде 1,5 млн этникалық қазақтар тұрады. Еліміздің шекарасының 14-і осы елдерге сәйкес келеді. Олар саудадағы, табиғи қорларды бірлесіп пайдаланудағы, қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды серіктестер болып табылады.

Экономикалық-географиялық жағдайы

 Ел аумағының ең басты сипаты - оның географиялық жағдайы болып табылады.

Шаруашылықтың дамуы үшін экономикалық-географиялық жағдайдың (ЭГЖ) маңызы зор.

Экономикалык-географиялық жағдай - елдің, әлемнің экономикалық картасындағы орнын көрсетеді. ЭГЖ-ға баға беру дегеніміз, оның жағдайын:

әлемдік экономиканың басты орталықтарына, әлемдік нарықка (нарықтық-географиялық жағдайы);

көрші елдерге (көршілік жағдай);

халықаралық көлік жолдарына (көліктік-географиялық жағдай) қатысты анықтау.

ЭГЖ тиімді немесе тиімсіз, қолайлы немесе қолайсыз болуы мүмкін.


  1. Мәтінен кейінгі жұмыс.

  1. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Сыртқы туризм қандай саяхат?

  2. Халақаралық туризмнің өзіне тән ерекшелігі қандай?

  3. Қазақстан қай жылы әлемдік туристік ұйымдардың нақты мүшесі болды?

  4. «Туризм туралы» Заң қай жылы қолданысқа енгізілді?

  5. Осы салада қанша ұйымдар бар?

  6. Қазақстаның туристік фирмалары әлемнің қанша елімен бірлесіп қызмет етеді?




  1. Сөйлемдерді толықтырыңыз:

Бүгінгі таңда елімізде туризм секторын дамытуға үлкен мән беріп отыр, өйткені ........ .

Туризм ел экономикасын нығайтуға едәуір үлес қосатындықтан, осыны ескере келе....... .



Қазақстанның түкпір-түкпірінде тарихи жерлер көп болғандықтан ............ .


  1. Сұхбатты толықтырыңыз.

1.

Саяхатшылардың басқа елдерге саяхаттауы қандай туризм?













2.

Туристік мақсатпен шетелге саяхатқа шыққанда турист міндетті тұрде шетелдік төлқұжат алып виза ашады, кеденнен өтіп, медициналық және валюталық бақылаудан өтеді.

3.

Қазақстан 1993 жылы қандай ұйымның нақты мүшесі болды?













4.

Қазақстан Респуубликасында туризмді дамыту үшін нормативтік құқықтық база құрылған.

5.

6000 мың адам және 1500 кәсіби гид-экскурсоводтар қай салада жұмыс істейді?













6.

Қазақстанның туристік фирмалары әлемнің 80 елімен бірлесіп қызмет етеді.

7.

Қазақстанның туристік фирмалары қандай бағытта саяхаттар ұсынады?










  1. Сөйлемді сүреттер арқылы толықтырыңыз.

Мен жазғы демалыста баруды жоспарлап жүрмін.
Олар демалыстарын өткізеді.
Біз демалысымызды қызықты өткіздік.


  1. Каталог: Книги
    Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
    Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
    Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
    Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
    Книги -> АҚША, несие, банктер
    Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
    Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
    Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
    Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет