А. А. Букаева 5В011600 Геогафия мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі



бет4/13
Дата19.02.2017
өлшемі7,28 Mb.
#11000
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Пікірлесейік.

  • Сіз шетелден саяхаттан келдіңіз, алған әсеріңіз туралы достарыңызбен бөлісіңіз.

  • Сіз шетелге саяхаттап келдіңіз, өз елініз туралы мәлімет беріңіз.


Грамматика әлемінде:

Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап, ал соңғысыалдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашатындай, талдап түсіндіріп тұратын құрмаласты түсіндірмелі салалас дейміз.

Мысалы, Тұманның қалыңдығы сонша – түк те көрінбейді.



а) Сөйлемді жалғастырып, түсіндірмелі салалас сөйлем құрыңыздар

Оның қорыққаны саондай - ............ . Сіздерге айтарым сол: ......... . Өтірік сөз жарақат сияқты: .....


Пайланылған әдебиет:

  1. Қалыбекова Қ.С. Кәсіби қазақ тілі / Қ.С.Қалыбекова, Р.Иманбаева – Қарағанды: ҚарМТУ, 2013

  2. Тұрсынова Г.Т.Кәсіби қазақ тілі / Г.Т. Тұрсынова.- Алматы, 2011.

  3. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит) / З.Күзекова. Алматы: Ғылым,2001.

  4. Н.Қ. Мұхамадиева «Кәсіби қазақ тілі» А., 2003ж.

  5. З. Күзекова, Ғ. Қарақұсова «Қазақ тілі» А., 1997ж.

  6. Н.Оралбаева «Практикалық қазақ тілі» А., 1993 ж.


Н.4.02-02

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Филология және педагогика факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

БЕКІТЕМІН

ОӘК шешімімен

Төраға


___________ А.Қ.Құрманова

(қолы) (аты-жөні, тегі)

«_____» 2015 ж.
Қазақ филологиясы кафедрасы

(кафедраның толық атауы)


5В011600 – География мамандығының студенттері үшін
Кәсіби қазақ тілі

(пәннің атауы)

пәні бойынша студенттің оқытушымен өзіндік жұмысына (СОӨЖ) арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Оқу нысаны: күндізгі

Көкшетау, 2015
Әдістемелік нұсқаулар Кәсіби қазақ тілі пәнінің

(пәннің атауы)

оқу жоспары мен бағдарламасының талаптарына сәйкес құрылған және студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы (СОӨЖ) жұмыстарының талаптарын орындауға барлық қажетті мәліметтерді қамтиды.


Қазақ филологиясы кафедра отырысында бекітілген

1 хаттама « 27 » тамыз 2015 ж.


Кафедра меңгерушісі ___________________________ ф.ғ.к.,доц О.А.Жумагулова

(қолы ) (тегі, аты,әкесінің аты)




Филология және педагогика факультеттің оқу-әдістемелік комиссиясымен келісілген
1 хаттама « 28 » тамыз 2015 ж.
ФакультеттіңОӘК төрағасы______________п.ғ.м., ак. доцент А.К.Курманова

(қолы) (тегі,аты,әкесінің аты)




Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы (СОӨЖ) – кредиттік жүйедегі оқытудың бір формасы. Ол дәрісханада өтеді. СОӨЖ екі функцияны атқарады:

  1. Кеңес беру функциясы:

  • Оқу жұмыс жоспарына енетін пән бойынша студенттің өзіндік жұмысын орындауға педагогикалық мақсатта көмек көрсету. Оқу материалын меңгеруде студентке жұмыс әдістерін таңдауға көмектеседі. Оқу материалын бекіту тапсырмаларын орындау мүмкіндігі бар.

  • Оқу материалын тереңірек түсінуге ықпал етеді. Талап бойынша, студенттер алдын-ала дайындалатын нақты тақырыппен өтеді.

  • Студенттің өзін қызықтыратын ғылыми жұмыспен терең айналысуына ықпал етеді.

  1. Бақылау функциясы:

  • Студенттердің білімін күнделікті тексеру. Осы сабақта студент бағдарлама бойынша мжоғары балл алу үшін нақты мүмкіндік туады.

Кейбір студенттер өздігінен білім алуға әлі машықтанбаған. Біреулері көмек сұрамайды, екіншілері өздерінің оқудағы кемшілігінің себебін білмейді, үшіншілері өздерінің жұмыстағы кемшіліктерін көрмейді. Тек оқытушының басшылығымен, оқытушымен бірлесіп қана туындаған қиындықтан шығатын жолды табуға болады.

СОӨЖ сабақ кестесіндегі уақытқа сәйкес, көрсетілген дәрісханада өтеді. Алайда ол өздігінен жақсы жұмыс істей алатын студенттер үшін міндетті емес. Сондықтан оқытушының міндеті студенттердің оқудағы жетістігінің мониторингін жүргізіп, олардың бәрі де оқу курсын толық игеріп, емтиханды табысты тапсыруын қадағалау. Сол үшін де СОӨЖ жүргізіледі.

СОӨЖ жүргізудің формалары әртүрлі. Сұрақ-жауап формасы: бір немесе бірнеше студенттер сұрақ қойып, оқытушы оларға жауап береді. Немесе қойылған сұраққа байланысты оқытушының студенттермен әңгімелесуі түрінде өтеді. Алайда студенттердің оқуын тексеруге бағытталған оқытудың белсенді әдістері – СОӨЖ өткізудің негізгі формасы болып табылады. СОӨЖ әрбір сабағы жоспарланып, сабақтың әр элементі алдын-ала ойластырылғаны жөн.

СОӨЖ әр сабағына қажетті көрнекі құралдар дайындалады (кейстер, рольдік ойындар, тестілер, кроссвордтар, т.б.). Олар кезінде лекцияда көрсетугемүмкін болмаған материалдар және кейбір сұрақтарды кеңітіп тереңдетеді, ұсынылған жағдаяттарды талдауға, қойылған міндеттерді шешуге, шешім қабылдауға көмектеседі.

Оқытушыда СОӨЖ тиімді өткізуге қажетті әдістемелік материалдар, әдебиеттер жеткілікті болуы керек.   

Студенттердің өзіндік жұмысына назар аударуды бірізді күшейту арқылы әдіснамалық қолдау көрсету.

Ақпараттық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету студенттердің өзіндік жұмысына назар аударуды бірізді күшейту арқылы іске асады.

Студенттің өзіндік жұмысы тапсырмаларды тәжірибе жүзінде орындай білу шеберліктері мен дағдыларын қалыптастыруға, логикалық ойлауын дамытуға, шығармашылық белсенділігін, меңгірілген оқу материалын талдауға, танымдық қабілетін арттыруға бағытталады.

Студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыру оқу әдістемелік әдебиеттер және нұсқаулықтармен қамтамасыз етіліп, белгілі бір тақырыптар(оның ішінде өз бетімен оқытуға арналған) бойынша жүзеге асады және тест, бақылау жұмыстары, коллоквиум, реферат, шығарма, есеп және т.б. бақылау түрлері арқылы тексеріледі.

Өзіндік жұмыс екі түрге бөлінеді – оқытушының жетекшілігімен орындалатын өзіндік жұмыс(СОӨЖ) және студенттердің толығымен өз бетімен орындайтын өзіндік жұмысы(СӨЖ).

Оқытушының жетекшілігімен орындайтын өзіндік жұмыс(СОӨЖ) – жалпы оқу кестесіне кірмейтін, жеке график бойынша студенттің оқытушымен байланыста аудиториядан тыс орындайтын жұмыс түрі болып табылады.

СОӨЖ және СӨЖ ара қатысын ЖОО өзіндік жұмыстың жалпы көлемінде өз бетімен анықтайды.

СОӨЖ барысында оқу бағдарламасының күрделі сұрақтары, үй тапсырмасын орындау, курстық жобалар(жұмыс), семестрлік тексеру жұмысы, СӨЖ-ның тапсырма түрлері бойынша консультация жүргізіледі.

Тілдер және тілдік пәндер бойынша оқу сабақтарын өткізу, сондай-ақ студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру үшін ЖОО-да лингофон кабинеттері және тиісті жабдықтары болы тиіс.

ЖОО-да кестеге сәйкес оқу сабақтарын толық өткізетін және студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыратын соңғы үлгідегі компьютерлік сыныптар, интерактивті тақталары болуы тиіс.


      1. ОБСӨЖ тақырыптары бойынша тапсырмалары



Тақырыбы

Кейс тапсырма

1

Географиялық ғылымдардың терминдері мен түсініктері

  1. Геофиялық терминдермен жұмыс

  2. Планеталар туралы мәлімет дайындап, слайдпен қорғаугра

2

«Географиялық қабық» тақырыбы бойынша терминдер мен түсініктер

  1. Геофиялық терминдермен жұмыс

  2. «Географиялық қабық» тақырыбанда реферат жазып қорғау

3

«Жердің құрылысы. Жер қыртысының қозғалу болжамы» тақырыбындағы арнайы ұғымдар мен түсініктер

1.«Жердің құрылысы» тақырыбында мақала жазу

2. «Жер қыртысының қозғалу болжамы» реферат жазып, слайд арқылы қорғау



4

Жер бедері туралы нақты түсініктер. Жер бедерінің өзгеруі

  1. «Жер бедері, жер бедерінің өзгеруі тақырыбында баяндама дайындау

5

«Ұлы географиялық ашылулар және оларға сипаттама» тақырыбындағы арнайы ұғымдар мен түсініктер

  1. «Ұлы географиялық ашылулар» тақырыбында реферат дайындау.

  2. Қазақтың ұлы географы Ш. Уәлиханов туралы мәлімет жинау

6

«Материктер» тақырыбындағы ұғымдар мен түсініктер

  • Материктер жайлы мәлімет дайындап, слайдпен қорғау

  • Материктердің ерекшеліктері жайлы хабарлама жасау

7

«Дүниежүзілік мұхит» тақырыбы бойынша ұғымдар мен түсініктер

  • Мұхиттар жайлы мәліметтер жинау

  • Мұхиттардың тереңдігі,көлемі жайлы слайд дайындап, қорғау

8

«Солтүстік Американың физикалық-географиялық нысандарының топономиясы» тақырыбы бойынша ұғымдар мен түсініктер.

  1. Дүние жүзінің жер қоры жайлы мәлімет жинау

  2. Әлемдік жер қорының құрамы мен мөлшері туралы реферат жазып, қорғау




9

«Дүниежүзінің халықтар географиясы» тақырыбы бойынша ұғымдар мен түсініктер

  1. Әлем халықтарының саны, қозғалысы, құрамы, орналасуы жайлы слайд дайындап, қорғау

  2. Демография, депопуляция түрлері жайлы баяндама жасау, салыстыру

10

Өнеркәсіп салаларының нысандары бойынша нақты терминдер мен түсініктер



  1. Әр елдің өнеркәсіп салалары бойынша слайд жасап, салыстыру, ой бөлісу, пікірталас жасау.




11

Қазақстандағы елді мекендер, қалалар, ауылдар топонимиясы

  1. «Қазақстан қалалары» тақырыбында реферат жасау

  2. «Қазақстан ауылдарының дамуы мен құлдырауы» тақырыбында пікірталас өткізу

12

«Ауыл шаруашылық» тақырыбы бойынша ұғымдар мен түсініктер

1. «Ауыл шаруашылығын дамытудың басым бағыттары» тақырыбында баяндама жасау, өз көзқарасын талдау, дәлелдеу

13

«Қазақстанның географиялық нысандарының топонимиясы» тақырыбы бойынша ұғымдар мен түсініктер

  1. «Қазақстан өзендері», «Қазақстан көлдері», «Қазақстан тау мұздықтары» тақырыбында реферат жасап, қорғау.




14

ТМД елдерінің эконоикалық – әлеуметтік нысандары туралы нақты терминдер мен ұғымдар

  1. ТМД елдерінің эконоикалық – әлеуметтік нысандары туралы мәлімет жинап, ақпарат беру

15

Географиядағы ғылыми еңбектердің ғылыми мазмұны – монография, диссертация, географиялық ғылыми журналдардағы мақалалар.

  1. Географиядағы ғылыми еңбектер, монография, диссертация, мақалаларды оқып аннотация жазып, өз пікірін дәлелдеу





Н.4.02-02

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Филология және педагогика факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы
БЕКІТЕМІН

ОӘК шешімімен

төраға

___________ А.Қ.Құрманова



(қолы) (аты-жөні, тегі)

«_____» 2015 ж.


Қазақ филологиясы кафедрасы

(кафедраның толық атауы)




5В011600 – География мамандығының студенттері үшін
Кәсіби қазақ тілі

(пәннің атауы)

пәні бойынша студенттің өздік жұмыстарына арналған


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Оқу нысаны: күндізгі

Көкшетау, 2015

Әдістемелік нұсқаулар Кәсіби қазақ тілі пәнінің

оқу жоспары мен бағдарламасының талаптарына сәйкес құрылған және студенттің өздік жұмыстарының талаптарын орындауға барлық қажетті мәліметтерді қамтиды.



Қазақ филологиясы кафедра отырысында бекітілген

1 хаттама « 27 » тамыз 2015 ж.


Кафедра меңгерушісі ___________________________ ф.ғ.к.,доц О.А.Жумагулова

(қолы ) (тегі, аты,әкесінің аты)




Филология және педагогика факультеттің оқу-әдістемелік комиссиясымен келісілген
1 хаттама « 28 » тамыз 2015 ж.
ФакультеттіңОӘК төрағасы______________п.ғ.м., ак. доцент А.К.Курманова

(қолы) (тегі,аты,әкесінің аты)



І. Студенттердің өзіндік жұмыстарының қажеттілігі мен маңызы, мақсаты

Өзіндік білім алу үшін орындалатын тапсырмалардың бірі студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) болып табылады.

СӨЖ дегеніміз – студенттің таным белсенділігіне байланысты оқу аудиториясында және одан тыс жерлерде өзінше орындайтын жұмыстардың жиынтығы. Қазіргі таңдағы білім беру жүйесіндегі реформалар оқыту сатысынан, білім беру сатысына өтумен байланысты. Бұл жағдайда СӨЖ білім беру процесінің бір формасы ғана емес, ең негізгілерінің бірі болып есептеледі, студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту дегеніміз жалпы білім беруден, жеке яғни әр тұлғаның кажеттілігі мен мүмкіндігіне карай білім беру.

Бұл – СӨЖ-дің рөлін көтеру деген сөз.



Білім алуды дамыту үшін студент өзіндік дамуға қабілетті болуы керек. Алған білімді шығармашылықпен қолданып қазіргі заман талабына сай өз бетінше жұмыс істеуге, білім алуға және оны меңгеруге мүмкіндік алады, машықтанады, үйренеді.

СӨЖ-дің мақсаты:

  1. Студенттің оқу материалын өзінше түсініп жұмыс істеуі.

  2. Ғылыми ақпараттарды пайдалана білу.

  3. Өзіндік тұжырым жасауға және өзін тәрбиелеуге алғашқы қадам жасау.

  4. Өзінің білім деңгейін жоғарылату мақсатында еңбек ету.

СӨЖ-ді ұйымдастыруда оқьпушы белсенділік таныту қажет. Ол жұмыстыстудентпен емес, жеке тұлғамен атқару керек. Оқытушының міндеті-студенттің жоғарғы деңгейдегі маман болуы үшін білімін саналы түрде дамыту. Студент СӨЖ арқылы аудиторияда алған білімдерін кеңейтуге, тиянақтауға мүмкіндік алады. Сабақтан тыс уақыттарын үнемдеп пайдалануға бейімделеді.

II. СӨЖ-дің түрлері және оны әдістемелік тұрғыдан жабдықтау.

Студенттің өзіндік жұмысын ғылыми негізде ұйымдастыру, маман кадрлар даярлаудың жемісті бір тұсы. СӨЖ жүйелі жүргізіліп, студенттер өзіндік жұмысты оқу процесінің құрамдас бір бөлігі деп санағанда ғана жұмыс нәтижелі болады. СӨЖ орындау арқылы студенттер оқу процесінің белсенді мүшесі бола алады және өз ойын жеткізе алатын дағдыларды үйренеді, меңгереді. Мамандандырылған жоғары білім стандарты бойынша аудиториядан тыс жұмысқа оқу процесінің жартысы,яғни аптасына 24-сағат бөлінген. Студент бұл уақытты толығымен өзіндік жұмысты орындауға жұмсау керек. Оқу процесінде СӨЖ-ұйымдастырудың екі бағыты бар:

Бірінші – аудиториялық сабақтар. Мұнда оқытушы аудиториялық сабақтың методикасы мен формасын дұрыс ұйымдастыру керек.

Екінші – аудиториядан тыс уақытта орындалатын жұмыс. Пәнді оқыту кезінде бір-бірімен тығыз байланысты үш формасы бар.

1.Аудиториядан тыс СӨЖ.



2.Аудиториядағы СӨЖ (оқытушының қатысуымен болады).

3.Шығармашылық (ғылыми-іздену жұмыстары).


СӨЖ-дің түрлері

  1. Лекция тақырыптарын талдау, дамыту және дағдылану мақсатында кейс тапсырмаларын беру: тұсаукесер (презентация), ойбөліс, ойталқы, пікірсайыс, пресс-конференция, ойын технологиялары түрінде.

  2. Конспектілеу.

  3. Реферат жазу.

  4. Белгілі бір тарауларды, мақалаларды талдау.

  5. Ізденіп тапсырмалар табу.

  6. Ғылыми-теориялық әдебиеттерді тереңірек талдау.

7)Кафедрада, факультетте, университетте өтілетін ғылыми, әдістемелік
семинарға қатысу.

8)Бақылау жұмысы (жазбаша, тест т.б. түрінде).



Әр пән үшін СӨЖ өткізу формасы мен түрін талдауға оқылатын пәннің мақсаты мен міндеті және СӨЖ-ге бөлінген сағат саны ескерілуі қажет. Студент бір семестірде он бес апта оқығанда аптасына үш сағат өзіндік жұмыс орындап, аптасына бір рет өзіндік жұмыс орындап отыруы керек. Семестр соңында студент 15 СӨЖ тапсырмасын орындайды. Сондай-ақ, СӨЖ тапсырмаларын ірілендіріп тапсырма санын азайтуға болады.


  1. Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары

№ тапсырма беру аптасы

Сабақ тақырыбы

СӨЖ тапсырма-

лары


Ұсынылатын әдебиеттер

ОБСӨЖ бақылау формасы

Сағат саны

№ тапсырманы

тапсыру уақыты



оқу құрал



беті, § және
тарау

1

2

3

4

5

6




7

1 апта

«География» термині туралы ұғым (анықтамасы және шығу тегі)

Глоссарий жасау







Термин-дерді жинап, анықтамасы туралы ақпарат беру

4

Бас ғимарат Қазақ филологиясы кафедрасы 320 дәрісхана

2 апта

Ғылыми оқу әдісі.

«Жердің географиялық қабықтары» тақырыбы бойынша студенттерге арналған оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар оқу







Мазмұндау пікірталас

4

Бас ғимарат Қазақ филологиясы кафедрасы

320 дәрісхана



3 апта

«Атмосфера, биосфера, литосфера,гидросфера»

Мәтіндер оқу және аудару







Эссе жазу.

4

Бас ғимарат Қазақ филологиясы кафедрасы

320 дәрісхана



4 апта

Литосфералық тақталардың қозғалысы»

Оқулықтар мен ғылыми журналдар оқу







Конспект жасау, өз ойымен бөлісу

4

Бас ғимарат Қазақ филологиясы кафедрасы

320 дәрісхана


5апта


«Жер құрылысының моделі»


Оқулықтар мен ғылыми журналдар оқу, мәліметтерді салыстыру







Жазбаша сипаттама жазу

4

Бас ғимарат Қазақ филологиясы кафедрасы

320 дәрісхана



6 апта

«Жер сілкіну», «Вулкандар», «Цунами»

Географиялық мәтіндер оқу және аудару







Конспект жасау, өз ойымен бөлісу.

4

Бас ғимарат Қазақ филологиясы кафедрасы

320 дәрісхана



7 апта

«Материктер»

Ғылыми журналдар оқу









Реферат жазып, слайдпен қорғау

4

Бас ғимарат Қазақ филологиясы кафедрасы

320 дәрісхана



8 апта

«Солтүстік жарты шар материктері»

Интенеттен мәлімет жинау







Жазбаша сипаттама жазу

4

Бас ғимарат Қазақ филологиясы кафедрасы

320 дәрісхана



9 апта

«Оңтүстік жарты шар материктері»

Интенеттен мәлімет жинау







Сипаттама жазып, слайд дайындау

4

Бас ғимарат Қазақ филологиясы кафедрасы

320 дәрісхана



10 апта

«Дүниежүзілік мұхит»

Интенеттен мәлімет жинау







Сипаттама жазып, слайд дайындау

4

Бас ғимарат Қазақ филологиясы кафедрасы

320 дәрісхана



11 апта

«Дүниежүзілік халықтар географиясы және олардың демографиялық болжамы»

Интернеттен мәлімет жинау, ғылыми журналдар оқу, зерттеу







Баяндама дайындау

4

Бас ғимарат Қазақ филологиясы кафедрасы

320 дәрісхана



12 апта

«ҚР-ның ғылым қайраткерлерінің географ ғалымдарының еңбектері»

Интернеттен мәлімет жинау, ғылыми журналдар оқу, зерттеу.







Реферат жазып, слайдпен қорғау

4

Бас ғимарат Қазақ филологиясы кафедрасы

320 дәрісхана



13 апта

«Дүниежүзілікшаруашылық және проблемалар»

Ғылыми журналдар оқу, зерттеу







Мәтіндермен жұмыс, аудару, пікірталас

4

Бас ғимарат Қазақ филологиясы кафедрасы

320 дәрісхана



14 апта

«ТМД елдерінің шаруашылық құрылымдарын дамыту стратегиясындағы өнеркәсіптік күштер»

Интернеттен мәлімет жинау, ғылыми журналдар оқу, зерттеу







Ғылыми мақалаларды талдау

4

Бас ғимарат Қазақ филологиясы кафедрасы

320 дәрісхана



15 апта

«Елдердің экономикалық географиялық сипаттамасы»

Интернеттен мәлімет жинау, ғылыми журналдар оқу, зерттеу







Презентация дайындау

4

Бас ғимарат Қазақ филологиясы кафедрасы

320 дәрісхана




Ғылыми-кәсіптік және оқу-кәсіптік салаларда категориялық- түсінушілік базалық аппарат.

Ғылыми мәтін компрессия ретінде қайта қарастыру негізгі түрі. Түпдерек-мәтіндерінің компрессия түрлері. Мәтіннің компрессия жережелерінің негіздері.

Мамандық бойынша ғылыми мәтіннің тезистеу. Тезистің мазмұнды-стилистикалық негіздері. Мәтінді тезистеу кезенінде жазбаша әдеттерін дамыту. Ғылыми салада тезистердің түрлері.

Мамандық бойынша ғылыми мәтіндерге аннотация жасау. Тұтынушы ерекшеліктерін есептей отырып аннотацияның түрлері.

Мамандық бойынша ғылыми мәтіндердің рефераттау. Өнімді және өнімсіз рефераттардың түрлері. Реферат түрінде мәтіннің ақпараттық мазмұның беру. Рефераттың үлгі-схема композициясы. Рефераттың тілдік құрал рәсімдері.

Мамандық бойынша ғылыми мәтіндердің пікірлеу. Ғылыми пікірлердің құрылымы.

Мамандық бойынша ғылыми жұмыс туралы сипаттау. Ғылыми пікірдің құрылымы.
Қазақ тілінде мамандық бойынша пәндік саласында мазмұнының мінездемесі. Кәсіптік жағыдайларда кәсіптік- бағдарлау материалын қолдануымен мамандық бойынша ғылыми мәтіндермен жұмыс жасауда кәсіптік құзыретің дамыту.

Мамандық бойынша мәтінді тезистеу кезінде жазбаша дағдыларын дамыту.

Мамандық бойынша мәтінді аннотация жасау кезінде жазбаша дағдыларын дамыту.

Мамандық бойынша мәтінді реферат жазу кезінде жазбаша дағдыларын дамыту.

Мамандық бойынша мәтінді рецензия жазу кезінде жазбаша дағдыларын дамыту.

Мамандық бойынша мәтінді пікірлеу кезінде жазбаша дағдыларын дамыту.


Пән мамандықтармен кәсіптік қазақ тілінің тілінің байланысы. Кәсіптік қазақ тілінің өзгеруі және түрлерге бөлінуі. Кәсіптік салада тілдік тәртіптерінің ерекшеліктері. Адамдардың әлеуметтік - психологиялық қарым-қатынас механизмі.

Өзара оқыту принциптерін жүзеге асыру: мамандықтар пәнімен қазақ тілінің өзара қарым-қатынас. Кәсіптік салада коммуникативті және тілдік құзыретің еліктеу, алмастыру, түрлендіру, репродуктивті және тілдік тапсырмалар тілдік қалыптасуына бағдарланады.



Н.4.02-05
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Филология және педагогика факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

«Бекітемін»

Кафедра отырысы

шешімімен

Кафедра меңгерушісі:

_____ ф.ғ.к.,доц. О.А.Жумагулова

(қолы) (аты-жөні, тегі)


« 28 » тамыз 2015 ж.
№ 1 хаттама

Мамандық : 5В011600 – География


Курс 3 семестр 5,6
Оқыту түрі: күндізгі
Кәсіби қазақ тілі пәні бойынша

(атауы)
Бақылаудың түрі: Аралық



І аралық бақылау жұмысы.

  1. Маман тіл ретінде ғылыми стильдің жалпы мінездемесі.

  2. Ғылыми оқулық мәтіннің ұйымдастыру құрылымы.

  3. Ғылыми стильдің негізгі белгі ретінде кәсіптік терминология.

  4. Ғылыми мәтіннің қайта қарастыру компрессия негізгі түрі ретінде.Түпдерек-мәтін компрессия түрлері. Мәтіннің компрессиясының негізгі ережелері.

  5. Мамандық бойынша ғылыми мәтінді тезистеуі.

ІІ аралық бақылау жұмысы.

  1. Мамандық бойынша ғылыми мәтіндерге аннотация жасау. Тұтынушылардың ерекшеліктерін есептей отырып аннотациялардың түрлері.

  2. Мамандық бойынша ғылыми мәтіндерге реферат жасау. Өнімді және қайта өнімді рефераттар.

  3. Реферат түрінде ақпараттық мазмұнды мәтінді үйлестіру. Рефератты тілдік құрал рәсімдеуі.


Н.4.02-06
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Филология және педагогика факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

БЕКІТЕМІН

Кафедра отырысы шешімімен

Кафедра меңгерушісі________

ф.ғ.к.,доц. О.А.Жумагулова (қолы) (аты-жөні, тегі)
5В011600 – География
1 курс, 1,2 семестр
Оқу нысаны: күндізгі

Кәсіби қазақ тілі пәні бойынша

(атауы)
Қорытынды бақылау материалдары

(билеттер мен тест тапсырмалары)

«____» ____________2015 ж. № _____хаттама



Филология және педагогика факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясымен мақұлданған.
«____» _______________ 2015 ж. № _____хаттама

Н.4.02- 05

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК

Филология және педагогика факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

БЕКІТЕМІН

Кафедра отырысы шешімімен

Кафедра меңгерушісі _______

ф.ғ.к.,доц. О.А.Жумагулова (қолы) (аты-жөні, тегі)


Емтихан сұрақтарының

ТІЗІМІ
Кәсіби қазақ тілі пәні бойынша
5В090200 – «Туризм»

1-тақырып


  1. Грек ғалымы Эратосфен туралы әңгімелеңіз.

  2. «Қоғамдық географиялық пәндер» – тақырыбына сұхбат құрыңыз.

  3. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.

Жаратылыстану ғылымы, географиялық қабық, жалпы жертану, құрылық гидрологиясы

2-тақырып

1. «Жердің географиялық қабықтары» тақырыбында ой бөлісіңіз.

2. «Әлеуметтік экономикалық география» - тақырыбына сұхбат құрыңыз

3. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз

Географиялық сызбалар, физикалық география, туризм географиясы, географиялық қабық

3-тақырып

1. Шетелден келген қонаққа Қазақстанның жер бедері туралы әңгімелеңіз.

2. «Гидросфера- Жердің біртұтас су қабаты» - тақырыбында сұхбат құрыңыз.

3. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.

Құрылық гидрологиясы, мұхиттану, гляциология, топырақтану, мәдениет географиясы

4-тақырып


  1. Литосфера және Гидросфера жайлы әңгімелеңіз.

  2. «Биосфера деген не?» тақырыбында сұхбат құрыңыз.

  3. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.

Тропосфера, бұлттар, циклондар, антициклондартемпература, озонның мөлшері

5-тақырып

  1. «Атмосфера қабаттары» - тақырыбында әңгімелеңіз.

  2. Мәңгі тоңдағы су қорлары туралы досыңызбен пікірлесіңіз.

  3. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.

Литосфера, атмосфера, гидросфера, биосфера,жердің географиялық қабықтары

6-тақырып

  1. Екі дүние бөлігінен тұратын Еуразия жайлы әңгімелеңіз

  2. «Топонимиялық жүйелерді қалыптастырушы факторлар» - тақырыбында сұхбат құрыңыз.

  3. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.

Үнді мұхиты, Солтүстік мұзды мұхит, теңіздер, шығанақтар, бұғаздар, Атлант мұхиты

7-тақырып

  1. Жер қыртысының қозғалыстары жайлы әңгімелеңіз.

  2. «Ұлы географиялық ашылулар» - тақырыбына сұхбат құрыңыз.

  3. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.

Үгілу процестері, экзогендік процестер, тау жыныстары, жер қыртысы, мантия, ядро

8-тақырып

  1. Жер – ғарыш денелерінің бірі жайлы әңгімелеңіз.

2. «Үгілу процестерінің түрлері» - тақырыбына сұхбат құрыңыз

3.Мына сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.

Цунами, сейсмикалық белсенді зоналар, интрузивті, жер сілкіну, эффузивті , вулканизм

9-тақырып


  1. Христофор Колумб туралы әңгімелеңіз.

2. «Жер қыртысының заттық құрамы» - тақырыбына сұхбат құрыңыз

3. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.

Ежелгі дүние бөліктері, өсімдіктер, жануарлар, жерлерді игеру, Атлант мұхиты

10-тақырып

1. Жер қыртысының қозғалыстары туралы әңгімелеңіз.

2. «Цунами, сейсмикалық белсенді зоналар» - тақырыбына сұхбат құрыңыз

3. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.

Тау жыныстары, денудация, аккумуляция, ежелгі вулкандар, жас вулкандар, жазықтар ойыстар

11-тақырып

1. Аустралия – Жер бетіндегі ең кішкентай материк туралы ой бөлісіңіз .

2. «Сыртқы туризм» - тақырыбына сұхбат құрыңыз

3. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.

Жер шары, ең суық мұхит, топонимикалық жүйе, жер бедері, құрылық

12-тақырып

1. Жер шарындағы ең үлкен материк туралы әңгімелеңіз

2. «Африка – ең ыстық материк» - тақырыбына сұхбат құрыңыз

3. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.

Таулар, қыраттар, жазықтар, ойыстар, жер сілкіну, тау жыныстары, экзогендік процестер

ГЛОССАРИЙ



  1. Аккумуляциялық процесс – су, жел, әсерінен әр түрлі бос жатқан минерал шөгінділері мен органикалық тұнбалардың бір жерге жиналуы, үйілуі.

  2. Аллювий – үйінді жыныстардың өзен суымен шайылып, өзен арналарына жиналатын шөгінді.

  3. Антициклон –атмосферадағы ауа қысымы жоғары аймақ.

  4. Антропогенді әрекет – адамның ландшафтыны өзгерту әрекеті

  5. Антропоген дәуірі – жердің геологиялық тарихының қазіргі өтіп жатқан кезеңі, бұдан 1 млн жыл бұрын басталған деп шамаланады.

  6. Антропогенді ландшафт – адам әрекетінен түлеп қайта түзілген ландшафт

  7. Антропогендік фактор – ландшафтылардың пайда болуындағы адам әрекеті

  8. Ареал – жер бетінің жануарлар мен өсімдіктерініңбелгілі бір түрлері тіршілік ететін ауданы

  9. Ауа айналымы – жер бетіндегі ауаның әр түрлі қызуы және ондағы қысым айырмашылығы салдарынан пайда болатын ауа ағыстарының жүйесі

  10. Батолит – жер қыртысының беткі қабатына қатқан интрузивті жыеыс

  11. Биогенді кешен –аумақтық табиғат кешендерінің топырақ жамылғысы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі

  12. Биоклиматтық белгі – белгілі бір климатпен үйлескен биоценоздардың жай-күйі

  13. Бионика – тірі ағзалар құрылысының заңдылықтары туралы ғылым

  14. Биотикалық фактор – ландшафтардың пайда болуына тірі ағза тіршілігі әрекетінің тигізетін әсері

  15. Галофиттер – тұзды топыраққа өсетін өсімдіктер.

  16. Гамада – тасты шөлдердің араб тілінде аталуы

  17. Геодезия – жердің пішіні мен көлемін зерттейтін, оның бетін план мен картада бейнелеу үшін жергілікті жерде өлшеу жұмыстарын жүргізумен айналысатын ғылым

  18. Гербицид – арамшөптерді жою үшін қолданылатын химиялық қосылыс

  19. Гидрофизика – өзен, көл жер асты суының, теңіз, мұхит суының физикалық құбылыстарын, прцестерін зерттейтін ғылым.

  20. Гравитациялық қозғалыс – заттардың салмақ күші әсерінен орын алмастыруы

  21. Гумидті ландшафт – климаты жылы және ылғалды жердегі ландшафт

  22. Дефляция – топырақ пен тау жыныстарының жер әсерінен үгілуі

  23. Дендро бағы – жеке бір жерде не ботаника бағының бір бөлігінде ағаш өсімдіктердің әр алуан түрлерін өсіретін арнайы бақ

  24. Депрессия – жер бетінің немесе жер қыртысының ойыс жері

  25. Дренаж – жер асты суының деңгейін төмен түсіру үшін қазылатын канал.

  26. Жер беті жыныстарының аэрациясы – жер беті жыныстары мен ауаның төменгі қабатындағы зат алмасуы

  27. Зоомасса – аумақтық табиғат кешендеріндегі жануарлар дүниесінен түзілген масса

  28. Инсоляция – күн радиациясының жер бетіне сәуле болып түсуі

  29. Инсоляциялық беткей – күнгей беткей

  30. Карбонатты шөгінді – құрамында көмір қышқылының қоспалары болатын жыныстар.

  31. Күннің тік радиациясы – күннен жер бетіне тік түсетін сәуле.

  32. Плиталы жазық – шөгінді жамылғысы қалың жазық

  33. Регрессия – теңіз, көл деңгейінің қайтуы, ландшафтының құнарсыздану бағытындағы өзгерісі.

  34. Шық нүктесі – ауадағы су буының су тамшысына айналатын температура шегі

  35. Сапрофог – шіріп ыдырағын органикалық заттармен коектенетін тірі ағзалар

  36. Синеклиза – жыныс қабаттары ойысты болып келетін аймақ

  37. Хемосинтез – кейбір ұсақ ағзалардың коректену тәсілі

  38. Эффузия – жер бетіне шыққан сұйық лаваның жайыла суынып, тасқын жамылғы түрінде қатаюы

  39. Радиациялық жылу – күн сәулесінің жылуы

МАЗМҰНЫ


Алғы сөз





Силлабус





Аудиториялық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулық





Аудиториялық сабақтар





Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысына арналған нұсқаулық





Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар





Студенттің өздік жұмысына арналған нұсқаулық





Студенттің өздік жұмысына арналған тапсырмалар





Аралық бақылау тапсырмалары





Қорытынды бақылауға арналған сұрақтар тізімі





Глоссарий





Типтік оқу бағдарламасының көшірмесі









Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет