А. А. Карабалина Теориялық және қолданбалы психология кафедрасының



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата09.04.2020
өлшемі1,13 Mb.
#62060
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ЗАҢ ПСИХОЛОГИЯСЫ
ҚІЖҚ, метод-лек-Гигиена-дет-подр-ОЗ-каз, Русский язык. Лекции 1 курс, Педагогикалык шеберлик УМКД, Д рісті мазм ны Педагогика толык лекциялар, Лекция №44 Омонимы, паронимы в русском языке., педагогикалық зерттеулер әдістемесі, педагогикалық зерттеулер әдістемесі, педагогикалық зерттеулер әдістемесі

 
Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 
1. Заң психологиясының пәні, міндеті, мақсаты. 
2. Заң психологиясының басқа салалар мен байланысы. 
3. Заң психологиясының салаларының міндеттері мен мақсаты. 
4. Заң психологиясының әдістерінің түрлері оның маңызы мен қолданылуы. 
 
Дәріс 2. 
Тақырыбы: Заң психологиясы пәнінің даму тарихы. 
Мақсаты:  Заң  психологиясының  ғылым  ретінде  пайда  болуы  мен  дамуы 
тарихын талдау. 
Сабақ жоспары: 
1.  Заң психологиясының ғылым саласы ретінде қалыптасуы мен дамуы 
(Шетел, Ресей, Қазақстан бойынша).  
2.  Заң психологиясының теориялық және практикалық негіздерінің 
қалыптасуы.  
 
Дәріс тезистері: 
Психологияның  жетістіктерін  ғылыми  білімде  қолдану  ХVIII  ғ.  аяғында 
басталды.  Бұл  кезде  сот  істерінде  күрделі  қылмыс  істерінде,  айыпталушының 
кінәсін  анықтауда  тек  қана  құқық  білімдері  жеткіліксіз  болды.  Осыған 

12 
 
байланысты  басқа  да  жаратылыстану  ғылымдарының  соның  ішінде 
психологияның қажеттілігі туындады.  
Ең алғаш неміс табиғи сынақшысы К.Эккартсгаузеннің «Қылмысқа жаза 
тағайындауда психологиялық танымдардың қажеттілігі туралы» еңбегі 1792 ж. 
шықты. Осы кезеңде И.Х.Шауманнің «Криминалды психология туралы ойлар» 
атты  еңбегі  жарық  көрді.  ХІХ  ғ.  басында  В.Гофбауердің  психологияның 
соттағы  негізгі  қолданулары  еңбегін  (1808  ж.)  жазды.  Осы  кезеңде  атақты 
италия психиатры және криминологы, антропология мектебінің негізін салушы, 
«Жаратылысынан  қылмыскер»  атты  теорияның  авторы  Ч.  Ломброзо 
еңбектеріне,  қылмыскер  тұлғасының  мәселесіне  аса  назар  аударылды.  Оның 
теориясының  ғылыми  негізсіздігіне  қарамастан,  осы  мәселелерді  ары  қарай 
зерттеу  туралы  тартыстардың  күшеюі  құқықтық  ғылымдардың  (қылмыстық 
құқық,  криминалистика,  психиатрия,  психология,  патопсихология  және  т.б.) 
түйісуі жаңа бағыттың криминалды психологияның пайда болуына әкелді. Осы 
ғылымның  дамуына    маңызды  үлес  қосқан  неміс  ғалымдары:  Ю.Фридрих 
/«Психологияның 
қылмыспен  күрестегі  маңызы»  1915/,  П.Кауфман 
/«Қылмыскерлік  психологиясы  (психология  преступности)  1912/,  Ф.Вульфен 
/«Қылмыскердің  психологиясы»/  және  т.б.  Сот  психологиясы  саласындағы 
неміс  криминалисті  Г.Гросстің  «Сот  тергеушілеріне  криминалистика  жүйесі 
ретіндегі  құрал»,  «Криминалды  психология»  еңбектері  белгілі.  Бұл  еңбектер 
сот әрекеттеріндегі куәгерлер мен айыпталушыларды тергеу психологиясының 
негізі  болды.  Ғалым  соңғы  еңбегінде  эксперименталды  психологиядан 
(В.Вундттың,  Г.Эббингауздің,  А.Биненің  т.б.)  криминалистикаға  қатысты 
ауқымды материалдарды қолданды. 
ХХ  ғасырдың  басында    2  бағыт  криминалды  және  сот  психологиясы 
белгіленді.  Кейінірек  олар  бірігіп  сот  психологиясы  атанды.  Осы  кезеңде 
негізінен  куәгерлердің  көрсетулеріне  бағытталған  әр  түрлі  эксперимент 
жұмыстары  жүргізіліп,  осыған  сәйкес  лабораториялар  құрылып,  арнайы 
журналдар  жарық  көрді.  Лейпцигте  1903-1906  ж.  Г.Гросстің  «Куәлік  ету 
психологиясы бойынша баяндама» атты жинағы басылды. 
Сот 
психологиясының 
дамуына 
психотехника 
(В.Штерннің, 
Г.Мюнстербергтің және т.б., есімдері қазақ ғалымы Ж.Аймауытовтың ғылыми 
еңбектерінен  белгілі)  сияқты  қолданбалы  саланың  маңызды  әсері  болды.  Осы 
мәселелерді зерттеу тергеушілердің, судьяның кәсіби қасиеттерін, алдын – ала 
тергеу  органдары  қызметкерлерін  оқыту  мен  іріктеуде  практикалық 
нұсқауларды өңдеу мақсатында алғышарт болып табылды. 
1912  жылы  Германияда  заң  конгресі  болды,  онда  сот  психологиясы 
«заңгерлердің  білім  алуының  негізгі  құрамы»  ретінде  ресми  танылды. 
Қылмыстық  процесте  психологиялық  білімдерді  қолдану  тек  Германия, 
Франция да ғана емес, Ресейде де болды. 1806-1812 ж. Мәскеу университетінде 
«Қылмыстық психология» курсы оқытылды. 1864 ж. сот реформасының ерекше 
әсері  болды.  Сот  ісін  жүргізуде  судьялардың  тәуелсіздігі  мен  бейтараптығы 
принципі, сот процесінің бәсекелестігі, тараптардың бірдей құқылығы бекітілді. 
Сот  алқалары  мемлекеттік  биліктен  тәуелсіз  жұмыс  жасай  бастады.  Құқық 

13 
 
қолдану  әрекеттеріндегі  психологияның  мүмкіндіктері  туралы  әр  түрлі 
еңбектер,  монографиялар    жарыққа  шығарылды.  Бұл  профессор  А.У.Фрезенің 
(1826-1884), 
Л.И.Петражицкийдің 
(1867-1931), 
сот 
ораторлары 
мен 
заңгерлердің  А.Е.Владимировтың  т.б.  еңбектері.  Олар  сотта  дәлелдемелерді 
(әсіресе қылмыстық құқықта) бағалау үшін психологиялық білімдерге жүгінді. 
Сот  (қазіргі  заң)  психологиясының  қалыптасуы  мен  дамуы  көрнекті 
психиатрлар  мен  психологтар  В.М.Бехтерев,  С.С.Корсаков,  В.П.  Сербский 
есімдерімен 
тығыз 
байланысты. 
В.М.Бехтеревтің, 
Д.А.Дрильдің 
инициативасымен  Психоневрологиялық  ғылыми-  үйрену  институты  құрылып, 
оның  бағдарламасына  «сот  психологиясы»  курсын  жасау  енді.  Осы  кезеңнен 
бастап /1909ж./ сот психологиясы психологияның жеке саласы ретінде дамыды.  
1925  ж.  Мәскеуде  алғаш  болып  Қылмыс  пен  қылмыскерді  зерттеу 
мемлекеттік  институты  ашылды.  Бұл  жылдары  көптеген  сот  психологиясы 
бойынша 
қызықты 
жұмыстар 
басылды 
(А.Е.Брусиловскийдің, 
С.В.Познышевтің,  К.М.Сотониннің  т.б.).  20  жылдардың  соңына  қарай 
А.Р.Лурия  1927  ж.  құрылған  эксперименттік  психологиялық  лабораторияда 
қызықты зерттеулер жүргізді. 
Заң  психологиясының  дамуына  1930  жылғы  психологияны  зерттеуде 
өткен  бірінші  Бүкіл  Одақтық  съездегі  құрылған  арнайы  сот  психологиясы 
секциясы маңызды роль атқарды. Съездге қатысушылар сот психологиясының 
ары  қарай  дамуы  үшін  3  бағыттың  қажеттілігі  туралы  қорытынды  жасады. 
Олар:  криминалды  –  қылмыс  пен  қылмыскер  тұлғасы  психологиясын 
зерттейтін;  пенитенциарлы–қылмыстық  жазаны  өтеушілердің  мінез-құлқын 
зерттейтін;  қылмыстық  сот  ісін  жүргізушілердің  оның  әр  түрлі  кезеңдерінде 
жүргізілетін түзету жұмыстары. 
30-шы 
жылдардың 
басында 
Отандық 
ғалымдардың 
ғылыми 
зерттеулерінің жоғарғы деңгейінен сот психолдогиясы ғылымның беделді және 
кең  саласын  иеленді  (А.В.Петровский).  30-шы  жылдардың  басында 
репрессияның  алғашқы  толқынында  көптеген  көрнекті  ғалымдарды  жоғалтты. 
40-50  ші  жылдарда  екінші  толқын  көпке  танымал  –ғылыми  –идеологизация 
болды.  
СССР  одағында  сот  психологиясының  қайта  өрлеуі  60-шы  жылдарда 
басталды.  1964  ж.  бастап  барлық  заң  жоғағы  оқу  орындарында  сот 
психологиясы  заңгерлерді  кәсіби  дайындауда  міндетті  бөлімі  ретінде 
жүргізілді. 
Сот  психологиясының  танылуы  мен  ары  қарай  дамуына  А.Р.Ратиновтің 
«Тергеушілерге  арналған  сот  психологиясы»  монографиясы  болды,  ол  өзінің 
келесі публикацияларға (А.В.Дулов, В.Л.Васильев, М.И.Еникеев т.б.) жағымды 
әсерін тигізді.  
1971  жылы  елімізде  сот  психологиясы  мәселеріне  арналған  алғашқы 
Бүкіл  одақтық  конференция  өтті.  СССР-дің  психологтар  қоғамында  сот 
психологиясы  секциясы  құрылды.  Бүкіл  Одақтық  қылмыстың  алдын  алу 
шаралары  мен  себептерін  зерттеу  институтында  қылмыстың  алдын  алу 
психологиясы секторы ұйымдастырылды. Көптеген алдыңғы қатарлы елдермен 

14 
 
бірге  Қазақстанда  заң  психологиясы  кафедралары  құрылды.  Қазақстанда  заң 
психологиясы  мәселелдерімен  профессор  Г.Г.Доспулов  (әл-Фараби  атындағы  
Қаз.МУ.) айналысты. Психология және заң ғылымдарының жетістіктері ретінде 
көптеген  еңбектер  жарық  көрді.  /«Тергеу  психологиясы»,  «Алдын-ала  тергеу 
психологиясы»  және  т.б.  конференциялар  өткізіледі,  берілген  мамандық 
бойынша ғылыми дәреже тағайындайтын арнайы Ғылыми Кеңес жұмыс жасай 
бастады. Заң психологиясының дамуы құқық қолдану әрекеттері салаларының 
азаматтық  сот  істерін  жүргізу,  отбасылық,  еңбектік,  кәсіпкерлік  құқық 
әрекеттерінің  психологиялық  сипатына  ғылыми  зерттеулер  жүргізуге  көңіл 
бөлуге бағытталған. 
Заң  психологиясының  дамуы  құқықтық  психологияның,  көзқарастың 
даму тарихымен байланысты жүзеге асады. Құқықтың заңның пайда болуымен 
бірге  адамдардың  заңға,  құқыққа,  заңдылыққа  деген  көзқарастарының, 
ойларының,  қатынастарының  дамуы  негізінде  әділеттілік  пен  құқықтылық 
туралы  жалпы  адамзаттық  түсініктер  қалыптасты.  Құқықтың  мәні  мен 
құқықтық санасы теориялық пайымдаулардың негізін ежелгі грек философтары 
салған.  Сол  кездің  өзінде  заңның  тиімділігі  адамдардың  мінез-құлығының 
табиғи заңдарымен байланыстырылды. 
ХVIII  ғ.  алдыңғы  қатарлы  ойшылдар  адамзат  қоғамын  сауықтыру  үшін, 
олардың  өмір  әрекетіне  еркіндік  беру  қажеттігін  түсіне  бастады.  Кант,  Руссо, 
Вольтер,  Дидро,  Монтескье  және  т.б.  либерализм  мен  құқықтық  мемлекет 
туралы  концепцияны  қалыптастырды.  Аталған  философтар  құқық  тек  тыйым 
салудан ғана емес, рұқсатты танудан да тұруы керек  деп есептеген. Қоғамның 
әрбір мүшесі ақыл-ойы, адамгершілігі толық жан ретінде танылуға тиіс. Әрбір 
жеке  адамның  одан  айыруға  жатпайтын  құқықтары  міндетті  түрде  танылуы 
керек.  Адамдарға  ойлауға,  ойлағанын  анық  айта  білуіне,  өзінің  мүмкіндіктері 
мен  меншіктерін  еркін  пайдалана  білуге  рұқсат  етілуге  тиіс.  Жеке  адам 
мемлекет  алдында  белгілі  бір  жауаптылыққа  ие,  сондай-ақ  мемлекет  те  жеке 
адамның  алдында жауаптылығын  сезінеді.  Осы  сәттен  бастап,  жаңа  құқықтық 
дүниетанымының  қалыптасуы  басталады.  Құқық  қоғам  сезінетін  әлеуметтік 
әділдіктің  өлшемі,  жеке  адамның  әлеуметтік  еркіндігінің  шамасы  ретінде 
айтыла  бастады.  1789  жылғы  ұлы  француз  революциясының  жеңісінен  кейін 
адам  мен  азаматтың  құқықтарының  Декларациясы  қабылданды.  Оның  бірінші 
бабында адамдар азат болып туады және солай болып қалады, тең құқылы деп 
жазылған.  Бұл  Декларацияға  азаттыққа  мынадай  анықтама  берілген:  Азаттық 
өзгеге  зиянын  тигізбейтін  кез-келген  өмір  әрекеті  белсенділігінің  мүмкіндігі. 
Азаттықтың шектері заңмен белгіленеді. Заң тыйым салмағанның бәрін жасауға 
болады Осы жаңа құқықтық идеология адамзаттың белсенділігінің, іскерлігінің 
негізін  бұғаудан  босатты.  Көпшіліктің  құқықтық  сауаттылығы  кеңейе 
түсті».1791  жылы  жаңа  қылмыстық  кодекс  қабылданып,  ол  осы  заманға  сай 
қылмыстық-құқықтық көзқарастың негізгі қағидаларына жол берді. Яғни заңда 
көрсетілген  жағдайлар  ғана  қылмыстық  болып  табылады, жазалау  қажет  және 
ол қылмысқа сай болу қажет. Кінәлаушы соттау нысаны сөз, пікір таластырушы 
нысанға ауыстырылды, кінәсіздік презумпциясы енгізілді, құқықтық қатынасқа 

15 
 
қатысушы  заңдық  тепе-теңдік  бекіту  т.б.  жүзеге  асырылды.  Кінәсі 
дәлелденбеген  жағдайларда  ақтап  үкім  шығару  міндетті  болды.  Кінәсізді 
қорғауға  алуға  құқылы  болды,  кінәні  дәлелдеу  айыптаушыға  жүктелді. 
Өзгерістер  адамдардың  экономикалық  іс-әрекет  саласына  байланысты 
құқықтық байланыстар да жүрді.  
Құқықтық  мемлекет  азаматтық  қоғам  еркін  экономикалық  дамудың 
негізінде  ғана  пайда  бола  алады.  Осылайша  қарағанда,  құқық  –  тарихи 
негізделген  әлеуметтік-психологиялық  құбылыс.  Оның  мазмұны  мен  қызметі 
қоғамның  экономикалық  және  рухани  өмірінің  жағдайларымен  анықталады. 
Құқық сол қоғамдағы адамдардың азаттығы мен әлеуметтік әділдігінің, қажетті 
мінез-құлығының  шамасын  анықтайды,  белгілейді.  қоғамның  ілгері  дамуын 
тежейтін,  ондағы  экономикалық  және  адамгершілік  психологиялық 
мүмкіндіктерді  ескермейтін  құқықтық  ережелердің  ғұмыры  қысқа.  Ағарту 
дәуірінде  туған,  дүниеге  қазіргі  құқықтық  көзқарас  тұрғысынан  алғанда, 
құқықтық  азаматтық  пен  азаматтық  жауаптылықтың  теңестіруші,  реттеуші 
құрал. XVIII- ХІХ ғ. жаңа құқықтық көзқарастың негізінде психологиялық заң 
білімдерінің  арнайы  салалары  криминология  және  сот  психологиясы  пайда 
болды.  Криминалдық  психологияның  негізінде  қылмыстық  мінез-  құлық 
психологиясы мен қылмыскердің жеке басының психологиясы туралы деректер 
жинала  бастады.  ХІХ  ғ.  соңында  криминалистика  мен  эксперименттік 
психологияның  қалыптасуына  байланысты  сот  психологиясы  қарқынды 
қалыптаса  бастады.  Криминалистиканың  негізін  салушы  Ганс  Гросс  сот 
психологиясын жалпы психологияның қолданбалы саласы ретінде қарастырды. 
Белгілі  француз  психологы  Э.Клаперд  сот  психологиялық  мәселелер  көлемін 
мейлінше  кеңейтіп,  ХІХ  ғ.  ІІ  жарт.  «заң  психологиясы»  ұғымын  енгізді.  ХІХ-
ХХ  ғ.  басында  Ресейде  заңгер  және  әлеуметтанушы  Л.И.Петражицкий  негізін 
салған  құқықтық  психология  мектебі  қалыптасты.  Оның  пікірінде  құқық  пен 
мемлекет  туралы  айтқанда  психикалық  құбылыстар  да  талдануға  тиісті 
делінген.  1909  жылдан  бастап  сот  психологиясы  мен  кәсіби  психологтар 
айналыса бастады және криминологиялық институт ашылды. 
 Сот  психологиясында  қылмыстық  іске  қатысушылардың,  куәгердің 
психикасын  зерттеу,  алдауды  анықтаудың  диагностикасына  қатысты  негізгі 
мәселелердің  ауқымы  белгілі  болды.  Төңкерістен  кейінгі  жылдарда 
қылмыскерлердің 
әр 
түрлі 
топтарын 
қылмыстың 
психологиялық 
алғышарттарын,  жекелеген  сотқа  қатысушылардың  психологиясын,  сот 
психологиялық  сараптама  мәселелерін,  құқық  бұзушылардың  түзетудің 
психологиясын  зерттеу  жұмыстары  кеңінен  жүргізілді.  1925  жылы  Москвада 
әлемде  бірінші  болып  «Қылмыскер  мен  қылмысты  мемлекеттік  зерттеу 
институты»  құрылды.  1929  жылға  дейін  институт  300  жуық  ғылыми 
жүмыстарды  жарыққа  шығарды.  Алайда  1930  ж  басындағы  жағдайлар  сот 
психологиялық 
зерттеулердің 
тоқтатылуына 
әкеп 
соқты. 
Адамның 
шығармашылығындағы  дүниетанымдық,  ойлауындағы,  азаттық,  құғынға 
ұшырады. Адамның жасаушы рухы қудаланып, психикасына ауытқушылықтар 
түсті.  «Революциялық  заңдылық»  ұғымы  адам  құқығын  бұзылу  құралына 

16 
 
айналды. Осылайша 1960 ж. ортасына дейін заң психологиясының мәселелері, 
сұрақтары  ұмтылды.  Бұл  салалардағы  өзгерістер  1966  жылы  елдің  заң  оқу 
орындарында  жалпы  және  заң  психологиясын  оқыту  енгізілгеннен  кейін  ғана 
жүре  бастады.  Сол  жылдан  бастап  Қазақстанда  да  психологияның  тәжірибеге 
бағытталған жеке салалары дами бастады. Психологияның басқа да қолданбалы 
салалары  үшін  тиісті  мамандармен  қоғам  жағынан  сұраныстың  болмауына 
байланысты  даму  мүмкіндігі  болмады.  1960  ж.  соңы  мен  1970  ж.  басында 
тергеу  мен  іздеудің  психологиялық  жақтарына  арналған  алғашқы  еңбектер 
жарық  көре  бастады.  Профессор  Г.Г.Досполовты  «Психология  показания 
свидетелей  и  потерпевших»,  «Психология  допроса  в  предварительном 
следствии», «Психология допроса в уголовном процессе» деген еңбектерін атап 
өтуге  болады.  Жақын  арада  осы  автордың  «Психология  предварительного 
расследования» деген еңбегі шықты. Автор бұл еңбегінде тергеу қызметкерінің 
психологиясына кеңінен тоқталған. Сонымен қатар, 1984 ж. Е.К.Нұрпейісовтың 
«Психология правомерного поведения» және «Оптимизация предварительного 
следствия» деген кітаптары жарық көріп, онда қылмысы ашу процесінің жүйелі 
категориялары  талданған.  Осы  салада  жемісті  еңбек  етіп  келе  жатқан 
профессор  У.С.Жекебаевтың  «О  социально  психологических  аспектах 
преступного  поведения»,  «Преступность,  как  криминологическая  проблема», 
«Мотивация  преступления  уголовной  ответственности»  деген  еңбектері  бар. 
Аталған  еңбектер  ішкі  істер  министрлігі  жүйесіндегі  оқу  орындарында 
мамандар  даярлау  мен  құқық  қорғау  органдарының  күнделікті  тәжірибелік 
сұранымдарына сәйкес келеді.  
Қазіргі  ұйымдасқан  қылмыстың  құқық  бұзушылықтың  өсіп  отырған 
жағдайында Ішкі істер министрлігі, прокуратура, Әділет министрлігі салалары 
психологиялық  талдамаларымен  және  білікті  мамандармен  қамтамасыз  ету 
қажеттілігі  туындап  отыр.  Заң  психологиясының  алдында  тұрған  бірінші 
кезектегі  міндеттерге  құқықтық  тәрбие  мен  құқықтық  насихаттың 
психологиялық  негізделген  әрекеттерін  жасау;  құқық,  бұзушылықтың 
әлеуметтік  психологиялық  көздерін  зерттейді;  қоғамдық  және  дара  санадағы 
ауытқушылықтарды  анықтап  отыр.  Олардың  алдын  алуға  қатысты 
ұсыныстарды  қабылдау;  құқық  қорғау  органдары  іс-әрекетінің  психологиялық 
негіздері  мен  оларды  жетілдірудің  құралдарын  зерттеу;  сот-психологиялық 
сараптамасының  түрлеріне  қатысты  оқу  әдістемелік  құралдарды  жасау.  Ішкі 
Істер  Министрлігінің  жоғары  және  орта  арнайы  құқық  орындарының 
тілектерін,  құқық  қорғау  органдарының  қызметкерлерінің  психологиялық 
даярлаудың  көлемін  ұлғайту.  Құқықтық  реттеу  жүйесінің  қызметкерлері 
күнделікті мінез-құлықтар көріністерімен жүздесе отырып, адам психологиясы 
туралы  жалпы  танымдық  түсінік  алады.  Бірақ  жүйесіз  жалпы  танымдық 
психологиялық  түсініктер  жеке  адамның  құқықтық  санасының  кемістіктерін 
білікті  талдауға  және  құқықтық  маңызды  мінез-құлықтың  психологиялық 
механизмдерін  білуге  жеткіліксіз.  Азаматтық-құқықтық  реттеу  барысында 
келісімді қатынастар үшін психология саласынан білімдер қажет.  

17 
 
Психологиялық 
білім 
заңгер 
үшін 
негізгі 
қылмыстық-құқықтық 
категориялардың мәнін терең ұғыну үшін де (мысалы: кінә, мақсат, ниет-түрткі, 
қылмыскердің  жеке  басы  және  т.б.),  жекеленген  мынандай  заңгерлік 
сұрақтарды  шешуге  байланысты  да  (сот-психологиялық  сараптамасын 
тағайындау,  қылмыстың  құрамын  анықтау,  күшті  жан  күйзелісін  анықтау 
арқылы  кіәлінің  жауапкершілігін  жеңілденуге  байланысты  жекеленген 
баптарды жүзеге асыру үшін де) қажет. 
Заң психологиясының біздің қоғамымызда алатын орны ерекше маңызы бар. 
Қоғам  өміріндегі  әлеуметтік  жаңаруға  байланысты  демографиялық  құқықтық 
сананың,  құқықтық  мемлекет  жағдайындағы  мінез-құлық  стереотиптерін, 
қалыптастырудың механизмдерін зерттеудің үлкен қажеттілігі туып отыр. 
 
Өзін- өзі бақылау сұрақтары: 
1. Заң психологияның ғылым ретінде қалыптасуы. 
2. Шетел заң психологиясының даму тарихы. 
3. Ресейде заң психологиясының дамуы. 
4. Қазақстанда заң психологиясының дамуы. 
 
Дәріс 3. 
Тақырыбы: Құқықтық психологияның феноменологиясы және құқықтық 
сана мәселесі . 
Мақсаты: Құқықтық психология ерекшеліктерін анықтау және құқықтық сана 
ұғымының мәнін ашу. 
Сабақтың жоспары: 
1.  Құқықты әлеуметтендіру мәселесі. 
2.  Құқықты әлеуметтендірудегі кемшіліктер. 
3.  Баланың дамуына сыртқы ықпалдардың әсерлері және тәрбиесі қиын 
балалардың туындау себептері. 
4.  Сананың құрылымы мен қызметтері. 
5.  Құқықтың сананың қалыптасуы. 
Дәріс тезистері: 
Құқықтық  психология  құқықты  мінез-құлықтың  әлеуметтік  реттеуші, 
тиімді  заң  шығарудың  психологиялық  аспектілерінің  факторы  ретінде,  жеке 
адамның  құқықтық  әлеуметтенуі,  құқықтық  маңызы  бар  құбылыстарды 
псиологиялық бейнелеуінің ерекшеліктерін, құқықтық қолдану және құқықтық 
санасының  психологиясын,  құқықтық  орындаушылық  мінез-құлықтың 
психологиясын қарастырады. 
Құқықтық  психология  -  заң  психологиясының  бөлімі  «адам  және  заң» 
жүйесіндегі  құқықтық  қарым  қатынасты  зерттейді.  Адам  өмірі  қоғамда 
қалыптасқан  заңдарға  тәуелді.  Қоршаған  орта  мен  қоғамдық  өмірге  араласа 
отырып әрбір адамның азаматтық қасиеттері қалыптасады: 
–  Әртүрлі жағдайларға байланысты заң шараларды меңгереді. 
–  Заңдар мен ережелерді танысып біледі. 
–  Заңдар мен ережелерді өмірінде қолданады. 

18 
 
–  Адам  өмір  сүруге  қажетті  заңдар  мен  ережелерді  білумен  қатар  өзіне 
қатысты заңдар мен ережелер шеңберінен шықпау керек: тәртіп пен құқық 
ережелерін сақтау. 
 
Құқықтық мәдениетті меңгерудің үш түрі бар: 

Белгілі  әрекет  барысында  басқа  адамдармен  іс-әрекетке  түсе  отырып  іс-
шаралар мен тәртіп ерекшеліктерін үйренеді. 

Қалыптасқан  жолы:  әртүрлі  жағдайлардағы  шараларды  бағдарлай  отырып 
қажетті тәртіп ережелерін меңгереді. 

Ұтымды  жолы  адам  құқықтық  құндылықтарды  басқа  адамдармен 
әңгімелесу  барысында;  кітаптар,  ақпараттық  құралдар  арқылы  біліп 
түсінеді. 
          Балалар 
мен  жеткіншектердің  моральдық  дағдарысқа  ұшырауы 
қылмыстық  тәртіптің  қалыптасып  әкелуіне  соғады.  Бұл  жолдың  мынадай 
кезеңдері бар: 

Ата-аналарымен конфликті жағдайлардың туу. 

Мектептегі сәтсіздіктер, қиыншылықтар. 

Моральдық  дағдарыстағы  құрбыларымен  қарым-қатынасы,  олардың 
ықпалы. 
 
Аталған факторлардың ішінде ерекше орны алатыны- отбасыдағы қарым 
-  қатынас,  микроклимат.  Адамгершілігі  мен  құқықтық  тәртіптің  бұзылуы 
отбасы жағдайларына байланысты төмендегідей жіктеледі. 
  Ата- аналары сөз түрінде және істері арқылы балаларына қоғамға қарсы 
аморальдық тәртіпке баулуы, үйретуі, үгіттеуі. 
  Ата-аналары  сөз  түрінде  қоғамдық-моральдық  тәртіпті  қолданғанымен, 
өз істерінде қарама - қайшы қылықтарды істеу. 
  Ата-аналары  сөздеріне  және  істері  арқылы  адамгершілік  –  құқықтық 
нормаларды  толық  жақтайды,  бірақ  балалармен  эмоционалдық  қарым-
қатынасы селқос. 
  Бала  тәрбиелеуде  дұрыс  тәлім  тәрбие  бермеу,  тәрбие  әдістерін  дұрыс 
қолданбау.  
Жағымсыз отбасылардың бірнеше түрлері бар
1. Криминогенді отбасы. 
2. Алкогольдік және жыныстық тәртіпсіздік сипат алған- аморальдық отбасы. 
3. Үнемі конфликтілі қарым-қатынастағы проблемалық отбасы. 
4. Толымсыз отбасы.  
5.  Тәрбие  әдістерін  дұрыс  пайдаланбайтын  жалған  жағымды  отбасы,  әке-
шешесінің тым қатал болуы, баланы ұрып – соғу, жәбірлеу.  
 
Құқықты  қорғау  ғылымның  негізгі  міндеті  –  құқықтық  тәртіптің 
сататалуы  мен  орындалудың  әлеуметтік  механизмнің  жүзеге  асырылуына 
құқықтық және әлеуметтік көптеген факторлардың бір-біріне ықпалы зор.  
Құқықтық нормалардың тиімді шарттары мынадай топтарға бөлінеді:  
  Микроәлеуметтік  шарттар  –  қоғамдағы  әлеуметтік-экономикалық 
нақтылы  мүмкіншіліктер,  құқықтық–жүйе,  әлеуметтік  институттар, 
қоғамдық пікір, құқық дәрежесі және т.б.  

19 
 
  Макро – әлеуметтік шарттар - әр-түрлі формальды және формальды емес 
топтар, еңбек ұжымдары.  
  Құқықты жүзеге асырудағы жеке адамның өзіндік шаралары. 
Адамдардың  құқықтық  нормаларды  сақтауға  байланысты  тәртіптерінде  сай 
болады:  
-  Конформистік тәртіп – құқықтық нормаға бағынатын адам.  
-  Нонконформистік  тәртіп  –  құқықтық  нормадан  ауытқушылық  жасайтын 
адам.  
Конформистік тәртіптің түрлері: 
1.  Легалистік  тәртіп  –  сократтық  позиция  деп  аталады.  –  құқықтық 
нормаларды құрметтеу. 
2.  Оппортунистік немесе инструменталдық тәртіп- жеке адамның пайдасын 
құптайтын құқықтық нормаларлы жақтау. 
3.  Құқықтық  нормаларды  сақтауға  қысым  жасау,  бақылау:  құқықтық 
тәртібін – мотивін қалыптастыруға ықпал ету. 
 
Қазіргі  зерттеулерге  қарағанда,  құқықты  әлеуметтендірудегі  кемістіктер 
мен тәртіп бұзуға ең бірінші түрткі болған оқиға баланы тікелей тәртіпсіздікке 
әкелмейді,  әуелі  қайғыға  ұшыратады  да,  ол  қайғы  баланы  ашуланшақтыққа 
әкеліп соқтырады.  
Тәртіп  бұзушылықтың  салдарының  негізі-  сабаққа  үлгере  алмаушылық. 
Кейбір оқушы қатар құрбыларынан сабақта артта қалып қойып, тәртіп бұзуын 
өзінше батырлық деп санайды. Мұны өзгелердің көзінше көрсеткісі келеді. Бұл 
мінез  көбіне  мен-  менсінген,  бала  мінезінің  дұрыс  тәрбиеленбеуінен  болады. 
Бірақ,  осылай  болған  жағдайда  да,  тәртіпсіздікті  баланың  бойына  біржолата 
сіңіп кеткен әдеттен деп, барлық себептен содан іздестіруге болмайды. Өйткені, 
тәртіп бұзу тек өзіне ғана байланысты емес, оның үй ішіндегі жағдайларға да, 
айталық ата- ана бірлігінің жоқтығына және баласына қойған талаптың әртүрлі 
болып  келуіне  байланысты.  Бала  үнемі  жақсы  психологиялық  жағдайда 
тәрбиеленуі,  оқуы,  өсуі  қажет.  Сонда  балада  жағымды  «Мен»  бейнесі 
қалыптасады, өзіне деген сенімділігі, өзіндік сенімділігі туады. Мұндай «Мен» 
бейнесі кез–келген баланың жақсы жағдайда, нәтижеге жетуіне, дұрыс дамуына 
мүмкіндік береді.  
Тәрбиесі  қиын  балалардың  туындау  себептердің  бірі  –  үйелмен 
тәрбиесіндегі  кемшілік,  яғни  балаларын  оқытуда,  тәрбиелеуде  ата–аналардың 
жауапкершілік  сезімінің  жоқтығы  бала  мінезінде  мейірімсіздікті,  яғни 
қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілдікті туғызады.  
 
Екінші себеп – бұл үйелмендегі сәтсіздік, маскүнемділік, ұрыс – төбелес, 
ұрлық,  ата  –  аналардың  және  басқа  үйелемен  мүшелерінің  жеңілтек  мінез  – 
құлқы,  ал  бәрінен  жаманы  –  ажырасу,  неке  бұзу.  Үйелмен  тәрбиесінде  ата  – 
аналардың  мінез  –  құлқы  шешуші  фактор.  «Сіз  өз  балаңыздың  тәрбиесін 
бастамастан  бұрын  өзіңіздің  мінез  –  құлқыңызды  тексеріңіз»  деген  болатын 
А.С.Макаренко. Егер әке маскүнем болса, мектеп жасына дейінгі балалар жүйке 
ауруынан  (невроз),  жиі  қояншық  ұстамадан  (эпилепсия)  азап  шегеді,  олардың 
ақыл  ойы  баяу  дамиды.  Мұндай  балалар  енжар,  тынымсыз,  ашушаң  келеді. 

20 
 
Әрбір ата – ана ішкілікке, азғындыққа түспеу үшін күш қабілетін пайдаланып, 
балаларға мейірімді өнеге мен әсер етуі керек.  
 
Үшінші  себеп  –  ұл  балаға  үнемі  жеткіліксіз  көңіл  аударылады.  Кейбір 
үйелмен  баланың  ішкі  дүниесін,  тілектерін,  ойларын,  қайғысын  қоршаған 
ортаға қатынасын жете біле бермейді. Тату үйелменде ата – аналар балалардың 
күнделікті  өмірімен,  іс-әрекетіне  басшылық  жасайды.  Балалардың  өздерінің 
қуанышын,  қайғыларын,  ойларын,  уайымдарын  бөлісуге  үйретеді,  саяси 
мәселелерді,  жаңа  фильмдер  мен  кітаптарды  бірлесе  отырып  талдайды, 
өздерінің сүйікті әндерін орындайды. 
 
Үйелмен  бала  үшін  өмір  мектебі,  онда  мейірбандық,  шындық,  адалдық, 
қайырымдылық,  еңбек  сүйгіштік  т.б.  тәртіп  пен  мінез  –  құлық  қасиеттері 
дамиды  және  қалыптасады.  Үйелменде  қоғамның  келешек  азаматы  өседі. 
Басқаша  айтқанда,  білімнен  құлықтың  сенімге,  сеніммен  әрекет  етуге  ұзақ, 
күрделі жолдан өтеді. Демек, үйелмен жеке адамның тәртібі және мінез – құлық 
негізін қалайтын микро – ұжым. 
 
Төртінші  себеп  –  бұл  сынып  жетекшілерінің  тәрбие    жұмыстарындағы 
олқылықтары  мен  кемшіліктері.  Тәрбиесі  қиын  балалар  жөнінде  сынып 
жетекшілерінің  іс-әрекеті  көпшілік  жағдайда  кейбір  жұмыстармен  ғана 
шектеледі.  Олар:  әңгіме,  сынып  және  оқушылар  жиналыстарында  талқылау, 
оқушылардың ата – наларын мектепке шақыру. Мұндай жалпы және қарапйым 
жұмыстар  бойынша  тәрбиесі  қиын  балаларды  жан  –  жақты  білу  мүмкін  емес. 
В.Г.Степанов, В.А.Крутецкий мінез – құлықтағы қиындық мәселесін қарастыра 
келе, оқушыларды екі қатарға бөледі. 
Бірінші  қатарға  адамшершілік  дамуында  және  мінез  –  құлқында, 
шамамен  алғанда  өте  үлкен  емес  ауытқушылықтары  бар  оқушыларды 
жатқызады,  олар  –  тәртіпсіз,  жалқау,  қыңыр,  дөрекі,  өтірікші  балалар. 
Тәртіптілікті  мынадай  –  қалыптасқан  тәртіпті  емес  белгілері  бөлініп 
қарастырылады,  өзіне  және  басқаларға  деген  жоғарғы  талап  қоюшылық, 
киіміндегі  тазалық  және  жинақтылық  сияқты  және  т.б.  көрсеткіштерден 
айқындалады.  Тәртіпті  емес  мінез  –  құлықты  осыған  қарама  –  қарсы 
көрсеткіштерден:  жұмыстан  жалтарып  кетуге  тырысу,  берілген  тапсырманы 
орындамау, адал еместік, өзінің жеке қызығушылқтарын достарының арасында 
жүзеге асыруға  тырысу, үнемі тәртіпті бұзуынан және т.б. байқалады. Екінші 
қатарға жеке акцентуациясына және мінез – құлқында қиындығы бар балаларды 
жатқызады.  Мінез  акцентуациясы  –  бұл  жеке  бітімдегі  аса  күшейтілген 
мөлшердің ең ақырғы түрі. Сондықтан психогендік ықпалдарға жататын белгілі 
қатардың кейбір осалдығы білінеді.  Олар психогендік бұзылудың дамуы  үшін 
сендірілген  факторлардың  психопатиялық  даму,  реактивті  ұжымданып,  ауру 
(психоз), мінез – құлықтың патологиялық бұзылуына себепші болған жағдайлар 
және т.б. салдары болып табылады. Жеткіншек жастағы балаларға жүргізілген 
жеке  құрылымдағы  зерттеулер  бастауыш  мектеп  жасындағы  оқушылардың 
жеке ерекшеліктерін талдауы үшін негізгі қызмет атқарады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет