А. А. Карабалина Теориялық және қолданбалы психология кафедрасының



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата09.04.2020
өлшемі1,13 Mb.
#62060
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ЗАҢ ПСИХОЛОГИЯСЫ
ҚІЖҚ, метод-лек-Гигиена-дет-подр-ОЗ-каз, Русский язык. Лекции 1 курс, Педагогикалык шеберлик УМКД, Д рісті мазм ны Педагогика толык лекциялар, Лекция №44 Омонимы, паронимы в русском языке., педагогикалық зерттеулер әдістемесі, педагогикалық зерттеулер әдістемесі, педагогикалық зерттеулер әдістемесі

 
Өзін өзі бақылау сұрақтары: 
1.  Заңгердің кәсіби қызметте жарамдылығын сипаттайтын жағдай. 
2.  Заңгер қызметінің коммуникативті жақтары. 
3.  Заңгердің кәсіби тәуелділік факторлары. 
 
Дәріс 5. 
Тақырыбы:  Заңгер  іс-әрекетіндегі  танымдық  психикалық  процестерді 
талдау. 
Мақсаты:  Заңгердің  іс-әрекетіндегі  танымдық  психикалық  процестерді 
анықтау. 
Сабақ жоспары: 
1.  Заңгердің танымдық процестеріне қойылатын талаптар. 
2.  Зейін мен ес заңгердің кәсіби сапасы ретінде.  
3.  Қабылдау мен сөйлеу, оның заң тәжірибесінде алатын орны. 
4.  Темперамент пен мінез заңгердің негізгі тұлғалық қасиеттері ретінде. 
 
Дәріс тезистері: 
 
Танымдық  әрекеттерге  келесі  процестер  жатады:  сенсорлы,  перцертивті, 
мнемиқалық,  интеллектуалды.  Танымдық  процестердің  бірлігінде  олардың 
үзіліссіз  байланыстары  жүзеге  асады.  Қылмыстық,  азаматтық  процестердің 
қатысушылары  және  де  куәгерлердің,  куәлік  етуін  дұрыс  бағалау  үшін, 
танымдық  процестердің  қасиеттерін,  негізгі  заңдылықтарын  білу  қажет. 
Куәгердің, 
жәбірленушінің, 
күдіктінің, 
айыпталушылардың 
беретін 
жауаптарының  материалдарын  тіркеу  оны  жинау  мен  ақпараттарды  өңдеу 
түйсік  пен  қабылдау,  физиологиялық  негізін  құрайтын  сезім  органдары 
әрекеттерінен  басталады.  Берілетін  жауаптардың  қалыптасуына  әсер  ететін, 
түйсіну  қасиеті  -  бұл  біріншіден,  адамдар  ажырататын,  ең  төменгі  тітіркену 
күшімен  анықталатын,  сезгіштік  анализаторлары.  Сонымен  қатар,  екі  стимул 

39 
 
арасындағы  ең  төменгі  айырмашылықтар,  түйсінуді  өзгерістерге  ұшыратуға 
қабілетті.  Ең  төменгі  тітіркену  күші  –  түйсінудің    төменгі  абсолютті 
табалдырығы  /  түйсіну  табалдырығы  төмен  болған  сайын,  сезгіштік  жоғары  /, 
ал – тітіркенудің жоғарғы күшімен анықталатын, түйсінудің жоғарғы абсолютті 
табалдырығы  /  түйсінуге  адекватты  /  одан  жоғарылау  ауырсыну  сезімдерін 
туғызады. 
Жасқа 
және 
басқа 
жағдайларға 
байланысты 
сезгіштік 
анализаторлары  өзгереді,  оның  өткірлігі  20-30  жасқа  қарай  жоғарлайды. 
Сезгіштіктің  уақытша  ауытқуларына  әсер  ететін  факторлар,  тәуліктің  мезгілі, 
сыртқы  тітіркендіргіштер,  психикалық  жағдай  т.б.  Мысалы:  куәгер, 
айыпталушының  сезімдерін  сипатын  бағалау  үшін  субъектіге  басқа 
тітіркендіргіштің әсерлері / ішімдіктің, нашаның, фармакологиялық заттардың / 
болмағандығын  анықтау  қажет.  Бұл  жағдайлар  жауап  алу,  тергеу 
эксперименттері  кезінде  ескерілуі  қажет.  Мысалы,  айыпталушының  кереңдік 
стимуляциясын  вибрациялық  сезгіштігін  зерттеуде  оның  жалғандығын,  арт 
жағынан  еденге  бір  затты  тастау  арқылы  оның  реакциясын  байқауға  болады. 
Естуі бұзылған вибрациялық сезгіштігі дұрыс адам бұл тітіркендіргішке жауап 
береді,  ал  стимулянт  бұл  тітіркендіргішке  жауап  бермейді.  Сезгіштік 
анализаторлары  төмен  тітіркендіргіштер  әсерінен  жоғарлайды,  ал  қатты 
әсерлерден  төмендейді.  Бұл  заңдылықты  субъект  куәгерді,  сотты  шатастыру 
мақсатында  «қараңғы  болған»  деп  тұжырымдағанда  ескеру  қажет.  Адам  3-5 
минуттан  соң  қараңғыға  үйренеді,  заттарды  айыра  алады,  20-30  минут 
қараңғыда  бағдарлай  алу  үшін  жеткілікті.  Абсолютті  қараңғы  жағдайда  болу 
жарықты сезіну анализаторын 40 минутта 200 есе жоғарлатады. Иіс сезу, сипап 
сезу  /тактильді/  анализаторларының  бейімділігі  жоғары,  көру  және  дәм  сезу 
анализаторларында  төмендеу.  Сезім  органдарының  қызметіне  субъектінің 
жүйке  жүйесінің  типі  елеулі  әсер  етеді.  Жүйке  жүйесі  күшті  адамдарда 
төзімділік  пен  тұрақтылық,  ал  жүйке  жүйесі  әлсіз  типтерде  сезімталдықтың 
жоғарылығы анықталады (Б.М. Теплов, А.Р.Лурия). Аутотренингтің көмегімен 
сөздік  нұсқаулар  арқылы  субъектінің  қызығушылығын,  мақсатын  өзгерте 
отырып  сезгіштік  анализаторларының  жоғарлату  немесе  төмендетуге,  іс-
әрекеттің мақсаты мен міндеттеріне бағындыруға қол жеткізуге болады. 
Бейімделу – берілген заңдылық сезгіштік анализатордың өзгергіштігінен, 
тітіркендіргіштің  ұзақ  әсер  етуінен  сезгіштік  табалдырығының  төмендеуі 
немесе  жоғарлауы  немесе  тітіркендіргіштің  ұзақ  әсер  ету  процесінде 
толығымен  жойылып  кетуінен  байқалады.  Бейімделудің  бұл  түрлері  негативті 
деп аталады. Мысалы: жағымсыз әсер ету  қараңғыда әсіресе көмескі жарықта, 
жарыққа  бейімделуге  әкеледі.  Мұндай  жағдайда  автокөлік  жүргізушілерінің 
реакция  уақыты  жоғарлайды,  қозғалушы  объектілердің  локализациясы 
нашарлайды. Қараңғылыққа бейімделу - миға қараңғылықтағы көзден берілетін 
сигналдың  тежелуіне  әкеледі.  Мұндай  тежелу  адамның  затты  кешіктіріп 
көруіне  әкеледі,  бұл  кейде  авто  көліктердің  қарқынды  қозғалысты  жолдарда 
апатты  жағдайлардың  пайда  болуына  әкеледі.  Қабылдау  процесі  мен  оның 
нәтижесі    қабылдау  объектісіне  де,  қабылдаушының  тұлғаның  /  қажеттілігі, 
қызығушылығы, 
мүмкіндігі 
т.б./ 
индивидуалды 
ерекшеліктеріне 
де 

40 
 
байланысты.  Күндізгі  немесе  электр  жарығымен  сәулелендірілген,  алыстан 
байқалатын  объект,  қабылдаушының  көзінде  оған  жақындаған  сайын  өзгереді 
(әр  түрлі  қалыптарда,  әр  түрлі  бұрышта,  әр  түрлі  ауа-райы  жағдайларында). 
Түс, дыбыс, иіс, заттың формасы және құбылыстардың көп немесе аз мөлшерде 
байқалуы 
тұлғаның 
зейіні 
мен 
мақсатына 
байланысты.  Адамның 
айналасындағы  болып  жатқан  жағдайларды  бағдарлай  алуы  мен  қабылданған 
объектілердің  мақсатын  түсінуі  өмірлік  тәжірибемен  оның  негізі  болып  ес, 
ұғыну,  пайымдау  арқылы  іске  асады.  Мысалы:  тергеуші,  өліктің  денесінің 
басының  қатерлі  жарақатын  қарап,  айыпталушыдан  алынған  қылмыс  құралын 
зерттеуі  қажет.  Қылмыс  құралының  негізгі  қасиеттерін  анықтап,  зиян 
келтірілудің  нақты  бас-ми  жарақатының  конфигурациясын  анықтау.  Толық 
ауқымды қабылдау- затты толықтай және бөлшектей жобалау сезімі мен ойлау 
бірліктеріне  байланысты.  Қабылдаудың  сезінуден  айырмашылығы  қабылдау 
нәтижесінде  заттың,  құбылыстың  толық  бейнесі  қалыптасады.  Осындай 
заңдылықтар күшіне сәйкес, адам ақпараттардың жеткіліксіз болу себептерінен 
жеткіліксіз  элементтерді  өзі  толықтыруға  тырысады.  Бұл  қате  пікірлердің 
қалыптасуына  әкеледі.  Сол  себепті  куәгерлерді  тергеу  кезінде  тек  олардың 
көргендерін,  естігендерін  ғана  емес,  олардың  тұжырымдарының  неге 
негізделетіндігіне,  қабылданған  объектінің  қасиетіне  аса  назар  аудару  қажет. 
Куәгердің,  айыпталушының,  күдіктінің  қабылдауында  иллюзия  (жалған,  қате) 
орын алуы мүмкін. Оның себептері: 
1) 
Бақылаудың ерекше жағдайларда өтуі /бір көзбен, саңылау арқылы 
және т.б./ 
2) Көрген бейнелерді қате ұғыну мен жалған пайымдау. 
3)Көру процесіне қатысты әр түрлі анализаторлардың жеке ерекшеліктері 
мен  көздің  оптикалық  жетілмеуі  салдарынан  /  сетчатка,  жүйке  рефлекстері/. 
Алыстан  көре  алмау  (близорукость),  алыстан  көргіштік  (дальнозоркость), 
көздің қызыл, қызғылт, көк, көкшіл түстерді айыра  алмауы (дальтонизм) көру 
аппаратының басқа да кемістігіне байланысты. 
Қабылдаудың  константлығына  /тұрақтылығына/  аффекті,  стресс 
жағдайлары  кері  әсерін  тігізеді.  Сол  себепті  куәгерді  тергеу  барысында, 
қабылданған  объектінің  ерекшеліктерін  ғана  емес,  оның  хал-жағдайы  мен 
перцептивті  әрекетінің  қандай  жағдайда  өткендігін  анықтаған  соң  оның 
тұжырымдарына  баға  беруге  болады  /заттың  түсіне,  көлеміне,  т.б. 
қасиеттеріне/.  Перцептивті  әрекеттердің  ішіндегі  жеке  заттарды  қабылдаумен 
салыстырғанда  күрделі  болып  кеңістікті  қабылдау  табылады.  Кеңістікті 
қабылдау  негізі  болып  вестибулярлық  /сезім  мүшелері/  әрекет  пен  көздің 
қозғаушы  аппараттары,  көздің  бинокулярлы  /екі  көзбен  бірдей  көру/ 
қабылдауының  қатысуы,  көру  осьтерінен  берілетін  ақпараттан  белгіленген 
затқа  бұлшық  еттің  күшеюі  (конвергенция)  және  хрусталиктің  жалтару 
қасиетінің  өзгеруінен  қисықтығын  өзгерту  жолын  сезіну  (аккомодация) 
табылады.  Кеңістікті  қабылдауда  көру  анализаторлары  мен  бірге  есту, 
тактильді,  кинестетикалық  анализаторлар  іске  қосылады.  Кеңістікті 
қабылдаудың нақтылығына тәжірибенің әсері үлкен.  

41 
 
Уақытты  қабылдау  –  бұл  адамның  санасында  шынайы  құбылыстардың 
жүйелігі,  ұзақтығы,  жылдамдығының  бейнеленуі.  Бұл  адамның  уақытты 
бағдарлауы.  Тергеу  практикасына  сәйкес  куәгердің,  айыпталушының, 
жәбірленушінің  уақытты  қабылдауы  көбіне  эмоциялық,  психикалық  қысым 
жағдайларында  өтуі  оқиғаның  жүйелігінің  бұрмалануына  әсерін  тигізеді. 
Мысалы  бұл  жағдайларды  куәгердің  тергеу  барысында  қылмыстың  жасалу 
кезінде  аффект  жағдайында  болғандығын  бақылауға  болады.  Тергеу 
экспериментері  барсында  айыпталышыға  (куәгерге,  жәбірленушіге)  қажетті 
кезеңде  ол  немен  айналысқанын,  сол  іс-әрекеттерді  қайта  жаңғырту  талап 
етіледі. Сонымен қатар хронометрлеу /уақытты белгілеу/ жүргізіледі. 
Қимыл-қозғалысты  қабылдау  –  бұл  адам  санасында  кеңістікте  заттың 
орнының:  оның  жылдамдығы,  шапшаңдығы  мен  бағытының  бейнеленуі. 
Мысалы:  көлік  апатын  тергеу.  Мұндай  жағдайда  куәгерлер  авто  көліктің 
жылдамдығы  жайлы  апат  нәтижесіне  немесе  болған  динамикалық  жағдайға 
байланысты  айтады.  Деформацияланған  көлікке,  адамның  өлі  денесіне,  қанға, 
тормоздың  дауысына,  қатты  соққы  жылдамдықты  қабылдаудың  маңызын 
мүлдем өзгертуі, қате тұжырымдарға әкелуі әбден мүмкін.  
Зейін  мен  ес  заңгердің  кәсіби  сапасы  болып  табылады.  Ес  –  тұлғаның 
индивидуалды дамуы үшін маңызды, психикалық процестердің бірі. Заңгердің 
кәсіби  әрекетінде  естің  алатын  орны  ерекше.  Оның  есте  сақтауы  ауқымды 
көлеммен  ерекшеленуі,  есте  сақтаудың  мықтылығы,  қажетті  жағдайларды 
нақты  қайта  жаңғыртуы,  қажетті  ақпараттарды  жылдам  еске  түсірумен 
ерекшеленеді.  Куәгерлік  түсінік  беруді  қалыптастыруда  ес  басты  рөлді 
атқарады.  Куәгерлердің,  айыпталушының,  жәбірленушінің  еске  түсірулерінен 
есте сақтаудың, қайта жаңғыртудың заңдылықтары туралы білімдерін қолдана 
отырып  қажетті  ақпаратты  алу  тергеуші,  прокурор,  адвакат,  соттың  басты 
кәсіби қасиеті болып табылады.  
Зейін  –  адам  санасының  қоршаған  ортадағы  белгілі  заттар  мен 
құбылыстарға  белсенді  бағытталуы.  Бұл  өзінің  кәсіби  іс-әрекетін  іске  асыруға 
әсерін тигізеді. Азаматтық- қылмыстық процестің қатысушыларының зейінінің 
сапалы  жағын  заңгердің  дұрыс  анықтай  алуы,  олардың  дәлелдерін  объективті 
анықтауға  мүмкіндік  береді.  Зейіннің  деңгейіне  адамның  жалпы  денсаулық 
жағдайы,  психофизиологиялық  құбылыстардың  бұзылуы,  шаршау,  зейіннің 
тұрақтылығының төмендеуі, зейіннің шашыраңқылығы әсер етеді. 
Ес  –  тұлғаның  индивидуалды  дамуы  үшін  маңызды,  психикалық 
процестердің бірі. Заңгердің кәсіби әрекетінде естің алатын орны ерекше. Оның 
есте  сақтауы  ауқымды  көлеммен  ерекшеленуі,  есте  сақтаудың  мықтылығы, 
қажетті  жағдайларды  нақты  қайта  жаңғыртуы,  қажетті  ақпараттарды  жылдам 
еске  түсірумен  ерекшеленеді.  Куәгерлік  түсінік  беруді  қалыптастыруда  ес 
басты  рөлді  атқарады.  Куәгерлердің,  айыпталушының,  жәбірленушінің  еске 
түсірулерінен  есте  сақтаудың,  қайта  жаңғыртудың  заңдылықтары  туралы 
білімдерін қолдана отырып қажетті ақпаратты алу тергеуші, прокурор, адвокат, 
соттың басты кәсіби қасиеті болып табылады. 

42 
 
Әртүрлі таным процестері ішінде обьективті шындықты адам санасында 
бейнелейтін  жоғарғы  және  күрделі  процесс  болып  ойлау  табылады.  Әрбір 
әрекеттің  мақсатқа  жетуі  үшін,  соның  қажеттілігін  сезінуі  және  оның  іске 
асуына  мүмкіндік  жасауы  қажет.  Ойлаудың  белсенділігінсіз  мақсатқа  жету 
мүмкін  емес  екендігін  сезіну,  субъектінің  алға  қойған  мақсатының  іске  асуы 
үшін ойлау процесінің стимулы маңызды болып табылады. Мысалы, тергеуші 
күрделі  қылмыстық  істі  алғанда,  өзінің  ерік-жігерін,  санасын  да  қылмысты 
ашуға  бағдарлауы  қажет.  Зейін-  адам  санасының  қоршаған  ортадағы  белгілі 
заттар  мен  құбылыстарға  белсенді  бағытталуы.  Бұл  өзінің  кәсіби  іс-әрекетін 
іске 
асыруға 
әсерін 
тигізеді. 
Азаматтық-қылмыстық 
процестің 
қатысушыларының  зейінінің  сапалы  жағын  заңгердің  дұрыс  анықтай  алуы, 
олардың дәлелдерін объективті анықтауға мүмкіндік береді. Зейіннің деңгейіне 
адамның  жалпы  денсаулық  жағдайы,  психофизиологиялық  құбылыстардың 
бұзылуы, 
шаршау, 
зейіннің 
тұрақтылығының 
төмендеуі, 
зейіннің 
шашыраңқылығы әсер етеді. 
Қиял  –  бұл  адамның  санасында  бар  тәжірибелер  мен  білімдер  негізінде 
жаңа  бейнелер  мен  құбылыстардың  пайда  болатын  психикалық  процесс. 
Тергеушінің қылмысты ашуға бағытталған іс-әрекетінде, қиял процесі маңызды 
орынды  алады.  Қажетті  ақпараттың  жетіспешілігі,  жағдайдың  анықталмағаны 
іздестіріліп  жатқан  қылмыскердің  бейнесі  мен  жасалған  қылмыстың 
механизмдерінің  ойда  қайта  қалыптастыруын  туғызады.  Қиялдың  көмегімен, 
куәгерге  ойлаудың  белсендігін  арттыру  нәтижесінде  жеткіліксіз  ақпараттарды 
толықтырып,  дұрыс  шешім  қабылдауға  мүмкіндік  береді.  Қиялдауға 
бейімділіктің  әсері  куәлік  дәлелдердің  бұрмалануына  әкеледі.  Бұл  эмоцияға 
берілгіш  және  әсершіл  адамдарда  кездеседі.  Сондықтан  азаматтық  және 
қылмыстық процеске қатысушы заңгерлердің мұны ескеруі қажет. Қиял – бұл 
адамның санасында бар тәжірибелер мен білімдер негізінде жаңа бейнелер мен 
құбылыстардың  пайда  болатын  психикалық  процесс.  Тергеушінің  қылмысты 
ашуға бағытталған іс-әрекетінде, қиял процесі маңызды орынды алады. Қажетті 
ақпараттың  жетіспеушілігі,  жағдайдың  анықталмағаны  іздестіріліп  жатқан 
қылмыскердің  бейнесі  мен  жасалған  қылмыстың  механизмдерінің  ойда  қайта 
қалыптастыруын туғызады. Қиялдың көмегімен, куәгерге ойлаудың белсендігін 
арттыру  нәтижесінде  жеткіліксіз  ақпараттарды  толықтырып,  дұрыс  шешім 
қабылдауға мүмкіндік береді. Қиялдауға бейімділіктің әсері куәлік дәлелдердің 
бұрмалануына  әкеледі.  Бұл  эмоцияға  берілгіш  және  әсершіл  адамдарда 
кездеседі.  Сондықтан  азаматтық  және  қылмыстық  процеске  қатысушы 
заңгерлердің мұны ескеруі қажет 
Cөйлеудің  заң  тәжірибиесіндегі  қызметтерін  мысал  ретінде  келтірсек, 
тергеушінің  бөтен  адамдармен  тез  арада  араласып  кетуі,  олардың  өздеріне 
керек  деректерді  алу  мүмкіндігі,  адаммен  тез  сөйлесіп  кетуі,  эмоционалдық 
тұрақтылық,  адамды  тыңдай  білуі,  адаммен  қарым-қатынас  жасай  білуі, 
адамның  ішкі  жан  дүниесін  тани  білуі,  сыйлауы,  өз-өзін  ұстай  білуі.  Мұның 
бәрі  оның  өз  қызметінің  шеберлігін  білдіреді.  Байланысқа  түсу-  оның 

43 
 
қаншалықты  орындалуына  байланысты.  Білімді  тергеуші  өзінің  практикасын, 
сөзінің мәнерін жауапкер ыңғайына қарай келесідей өзгертіп отырады. 
Бірінші  сатыда-  динамикалық  байланысқа  түседі.  Адамның  жүйке 
жүйесіне  әсер  ету  арқылы  күшпен,  жігермен,  салмақтылықпен  байланысқа 
түседі.  Екінші  сатыда-  әлеуметтік  сипатта  болады.  Үшінші  саты-  әлеуметтік 
психикалық  қатынас  жауапкердің  ыңғайын  байқаумен  байланысты  болады. 
Сұрау  кезінді  адамның  күштілігін,  қатаңдығын  байқасаң  да,  жай  сөйлеуге 
тырысу  керек,  сол  кезде  оған  да  сондай  қатынас  пайда  болады.  Сондықтан 
флегматиктермен  сұхбаттасқанда  жай негізден,  одан  біртіндеп  көтерілу  керек. 
Көбінесе  мінезі  жұмсақтар  өте  жауаптылықпен  қарауы  керек.  Көбіне  мұндай 
мінез қиындық тудырады, ашылып, сөйлеп кету қиын болады. Мысалы ретінде 
мұндай мінездерге «емтихандық кездерді» айтуға болады.  
Әрбір  адамның  тұлғалық  ерекшеліктерін  айқындайтын  маңызды 
құрылымдық компонент болып темперамент пен мінез табылады. Құқық қорғау 
іс-әрекеттерінің  өзінің  ерекшеліктері  бар.  Ол  заңгердің  темпераменті,  жүйке 
жүйесіне,  психикасына  белгіленген  талаптар  қояды.  Бұл  факторлардың 
орындалмауы,  жағымсыз  психикаға  әсерін  тигізетін  тітіркендіргіштердің 
көптігіне  психологиялық  дайын  болмау,  кейбір  темперамент  типін  қажетсіз 
жүйке-  психикалық  қысымның  жоғарлауына,  әртүрлі  психосоматикалық 
ауытқуларға  әкеледі.  Осыған  байланысты  адамның  темпераментіне,  жүйке 
жүйесінің негізгі динамикалық қасиетіне байланысты, оның қандай іс-әрекетке 
қабілетті екендігін көруге болады. Осыған байланысты қызметке кәсіби іріктеу, 
кәсіби  бағдарлау  арқылы  алынуы  қажет.  Осыған  сәйкес,  әдебиеттерде  барлық 
іс-әрекеттермен  сәтті  шұғылдануға  болатындығы  айтылады.  А.Р.Ратинов 
бойынша  тергеу  іс-әрекеттері  үшін  жүйке  жүйесі  мен  темперамент  типтерінін 
анықтауды  қажетсіз,  себебі  әртүрлі  жағдайларды  жоғары  деңгейде  әртүрлі 
темперамент  типтері  арқылы  атқарады.  Темпераментті  адам  өзінің  мінезіне 
бағындыра  алады.  Темпераменттің  қасиеті  қылмыстың  жасалу  әдістерінде, 
шұғыл  жағдайларда  импульсивті  әрекеттердің  жасалуы  саналы  еріктік 
регуляцияға  бағынбайтындығынан  байқалады.  Темпераменттің  қасиеттері 
шиелініскен  конфликті  сипаттарында,  сыртқы  ортадан  жасыру  мүмкін  емес, 
эмоцияның  аффективті  сипат  көрінісінен  анық  көрінеді  (денсаулыққа  ауыр 
зардап тигізу, адам өлтіру т.б.). 
Мінез-  бұл  адамның  өмірінде,  айналасындағылар  мен  қарым-
қатынасында  байқалатын  адамның  мінез-құлқының  тұрақты  индивидуалды 
психологиялық  қасиеттерінің  жиынтығы.  Адамның  мінезін  білу  арқылы  оның 
кездейсоқ жағдайларда өзін қалай ұстайтындығын анықтауға болады. Мысалы, 
субъектінің  өзін  қалай  ұстағандығына,  қалай  қылмыс  жасағандығына 
байланысты,  оның  мінезін  анықтап,  осыған  байланысты  тергеу,  іздестіру 
жұмыстарын, жаза тағайындау мен түзету жұмыстарын таңдап алуға болады. 
Қылмыстық  /азаматтық/  процеске  қатысушылардың  мінезін  зерттеуде 
тергеушінің /соттың/ жүргізетін әрекеттері: 
1.  Қылмыстың  жасалу  механизмдері  мен  оның  себебін  түпкілікті  анықтау. 
Айыпталушының  мінезі  тұрылы  ақпарат,  оның  қылмысты  жасауының 

44 
 
объективті  жағын,  кінәлінің  ниетін,  қылмыстың  жасалу  мотивін, 
тұлғаның  эмоциялық  ерекшеліктері,  жүйке-психикалық  тұрақсыздығы, 
жеңілтектік,  жоғарғы  агрессивтілігінің  себебін  бағалауға  қолданылуы 
мүмкін.  
2.  Тергеу барысында жауап алу мақсаттары үшін. Жауап берушінің мінезіне 
байланысты  әртүрлі  жауап  алу  әдістері  қолданылады.  Нейтралды 
сұрақтардан  нақты  дәлелді  қолдана  берілетін,  кінәліні  әшкерілейтін, 
жалғандығын 
анықтайтын 
сұрақтар 
қолданылады. 
Тергеушінің 
айыпталушының  мінезін  білуі  қылмыскерді  ұстауда,  тінту  жүргізуде, 
көзбе-көз  беттестіруде  оның  маңызды  шешім  қабылдауына  септігін 
тигізеді.  
3.  Азаматтарға,  әсіресе  жазасын  өтеу  мекемелерінде,  заңгерлердің 
жүргізетін  тәрбие  және  түзету  жұмыстарында  мінез  бітістерінің  аса 
жағымсыз  жақтарын  анықтауы  /эпилептоидті,  гипертимді,  паранойялды 
т.б./ индивидуалды әдісті қолдануға мүмкіндік береді. 
Адамның мінез акцентуациясы мәселелері тек психолог мамандары үшін 
ғана  емес  заңгерлер  әсіресе,  қылмыспен  күрес  жүргізу  мекемелері  үшін  де 
маңызды.  Акцентуацияның  негізі  болып  дені  сау  адамның  мінезінің  кей 
қасиеттерінің  қатты  өзгеруі  немесе  акцентуациясы  психопатияның  шегінде 
тұруы,  тек  субъектіге  белгілі  бір  күрделі  жағдайларда,  оның  мінезінің  типіне 
қарсы тұру қажеттілігінің төмендігіне талаптың жоғары болғанында ғана анық 
байқалады (А.Е.Личко). Гипертимді – тез қозғыш мінез типті субъектілер үшін, 
оның  қасиеттері  (белсенділік,  қозғалғыштық,  аса  көпшілдік,  лидер  болуға 
ұмтылу) жағымсыз әлеуметтік әсерлерден, тәрбиенің ақсауынан қозғыш типтер 
келеңсіз  топтың  әсеріне  тез  қосылады  /құмар  ойындар,  ішімдік  ішу  т.с.с./. 
Мұндай  мінез  типтер  құрдастары  арасында  көзге  түсу,  беделін  арттыру  үшін, 
топтық бұзақылыққа бару және құқық бұзушықтың басшысы болу, оны негізгі 
мақсаттарды  іске  асыру  және  қауіп-  қатерді  сезіну  үшін  жасауы  мүмкін. 
Әртүрлі  мінез  акцентуацияларын,  олардың  ерекшеліктері  мен  көріністерінің 
заңдылыңтарын  білу  қылмысқа  қатыстылардың  әрекеттеріне  тек  сауатты  баға 
беру  ғана  емес,  құқыққа  қарсы  әрекеттердің  механизмін  түсінуге  мүмкіндік 
береді.  
Үлкен  шабуылмен  бас  салсақ,  меланхолик  деңгейін  тез  түсіріп  алады. 
Бұзықтылық жасалған, адам өлтіру жөніндегі істі жүргізу барысында тергеуші 
көптеген қиындықтармен кездесті. Қылмыс екі жыл бұрын болса да ашылмаған 
түрде  қалған,  куәлері  табылмаған.  Тергеуші  болжамы  бойынша  қылмысқа 
қатысты болған куә- ол оныншы сынып оқушысы Л. есімді азамат еді. Оны білу 
үшін азамат Л- дан жауап алу керек болды. Егер әңгіме сәтсіз өтетін болса, істін 
бәрін  құртатын  болады.  Сол  үшін  тергеуші  ол  сәтке  біраз  күн  дайындалды, 
алдын  ала  оған  сабақ  берген  мұғалімдермен,  таныстарымен,  көршілерімен 
әңгіме  жүргізді.  Осыдан  тергеушінің  көз  алдында  өте  тұйық,  өз-өзіне  жаны 
батып  жүрген  адамның  бейнесі  елестеді.  Ол  өзімен  болған  реніштік 
жағдайларды  ұмытпайтын,  ұзақ  талдап  отыратын.  Елдермен  тіл  табысу  өте 
қиын, жан дүниесін ешкімге айтпайтын, жүйкесі тозған адам болатын. Тергеуші 

45 
 
Л. азаматының мінез-құлқын, темпераментін білу арқылы тергеуді жүргізді. Ол 
баланың  өмірбаянын  айтып  беруді  сұрады.  Туған  мезгілі  мен  білім  деңгейін 
сұрады. Ол айтып келе жатып тоқтап қалды. Сонда тергеуші басқа сұрақтар қоя 
бастады.  Сұрақтардан  азамат  Л.  тергеушінің  ол  жайлы  жақсы  білетіндігін 
түсінді.  Тергеудің  барысында  азамат  Л.  сұраққа  жауап  бергісі  келмеді,  бірақ 
тергеуші оңай сұрақтар қою арқылы, екеуінің арасындағы қарым-қатынас терең 
психологиялық  әңгімеге  ұласты.  Біраз  сағаттан  кейін,  тергеуші  оған  сыпайы: 
«Жанынды мазалап  жүрген нәрсе бар ма?»  -  деп сұрады. Азамат  Л-  дің  есіне, 
екі жыл бойы мазалап жүрген қасірет түсе бастады да, түрі бұзылып кетті. -Енді 
барлығын өзің айт- деді тергеуші. «Сіз бәрін де білесіз ғой» -деді де, оқиғаның 
қалай болғанын толығымен айтып берді. Тіпті өлтірушінің өзі азамат Л. сияқты 
толық  сипаттама  бере  алмады.  Тергеудің  дұрыс  әдісін  таңдау  жауап  берушіге 
байланысты.  Бір  дәлелді  әр  адам  әр  қалай  қабылдайды.  Жол  апаты  көлігі 
болатын  көшедегі  қиылыстың  жүріс-тұрысын  жүйеге  салу  белгі  тәртібін 
өзгерту  керек  екеніне  көзін  жеткізу  үшін,  адамның  типіне  байланысты  біз 
көптеген  дәлел  қолданылады.  Адамның  «көркемдік»  типіне  апатқа  ұшырап 
жатқан  адамның  түрі,  маңызды  дәлел  болып  табылады.  Ал  «абстракт»  типіне 
статистикалық  мәлімет,  нақты  болған  оқиға  және  оның  салдарары  көп  әсерін 
тигізді.  «Көркемдік»  типке  жататын  адамдарға  тергеу  барысында  бейнелі 
дәлелдерді  ұсынады:  сурет,  айғақты  зат  т.б.,  ол  оларға  қатты  әсерін  тигізеді. 
Тергеу барысында олар аз танымалы жердің, адамның бейнесінің сипаттамасын 
бере  алады.  Толық  мәлімет  алу  үшін  оқиға  болған  жерге  әкелген  жөн. 
«Абстракт»  типке  жататын  адамдар  тергеу  барысында  эксперттік  қорытынды 
жасауға лайықты дәлел болып табылады. Бұл адамдар оқиғаның себебін айтуға 
тырысады, есіне түсіру үшін оларға тергеуші барлық мәлімет толық ұсынады. 
Психологиялық  тергеу  барысындағы  ең  маңызды  мәселе,  тергеуші  мен  жауап 
берушінің арасындағы қарым-қатынас. Ол соңғы нысанына көп әсерін тигізеді. 
Тергеу  ісінің  тәжірибесі  бойынша,  айыпталушы  тергеушіге  сенбегендіктен 
өзінің  айыбын  жасырады.  Қамаудағы  адамдардан  сұраған  кезде,  олардың 
қылмысы 
дәлелденсе 
де, 
тергеушімен 
әдеттегідей 
қарым-қатынас 
болмағандықтан толық мәлімет берілмегендіктен айтты. Егер жауап беруші өзі 
«біз», ал тергеушіге «олар» деген көз қараспен, онда бұл жағдай психологиялық 
ұласуға кедергі болады, сенімсіздік туады. Қорытынды мақсатқа жетуге кедергі 
болады. Тергеушіге «бөтен» деген мағына қалыптаспау керек, өйткені ол бөтен 
адамға жан дүниесін, сырын білетін мәлімет айтпайды. Әсіресе мұндай жағдай 
айыпталушыны тергеу кезінде қиналтады. Әрине, қамаудағы адам тергеушінің 
алдына  келген  өзінің  жағдайына  байланысты  айналасындағы  адамдарды  «біз» 
және «олар»деп бөледі. Қиын жағдайда, тергеушіге айыпталушының өміріндегі 
істелген барлық әлеуметтік  рольдерді білу  керек.  Мысалы:  Зорлау  ісі  жөнінде 
күдіктенуші  бес  адам  қамауға  алынып,  КПЗ  –  ға  отырғызды.  Оның  төртеуі 
алдында сотталған. Бесінші адам жақын араға дейін, жақсы адам болған екен. 
Таныс  адамдардың  айтуы  бойынша,  соңғы  апталарда  оның  мінезінде  кері 
жағымсыз  қылықтар  пайда  болды,  ол  арақ  іше  бастады,  үйіне  кеш  келетін 
болды, оны жаман топтың ішінде көретін болды. Бұл баланың соңғы жылдары 

46 
 
тек бір мақсаты болатын. Ол спортпен шұғылданып, жеңіл атлетикадан бірінші 
разряді бар, жақында болатын жарысқа іскер спортсмен атағын алуға үміттеніп 
жүрген.  Осы  кезде  ол  кездейсоқ  кездескен  сыныптас  жолдастарымен  бірге 
қарақшылық  және  зорлау  қылмысын  жасайды.  Ұсталғаннан  бастап,  алдыңғы 
сағаттарда жігіт ешкіммен сөйлеспей, сұраққа жауап бермей отырды. Тергеуге 
дайындалу барысында, зерттей отырып тергеуші адамның ымыраға келуі қиын 
екенін  анықтады.  Тек  қана  психологиялық  байланыс  арқылы  бұл  жігітпен 
толық  мәлімет  алу  мүмкін  еді.  Өйткені,  ол  бұрын  спортсмен  болған,  қазір 
зорлау ісі жөнінде айыпталушы. Бірінші сұрақ- жауапта айыпкер бір шешімге 
келу  ерек  еді,  бөтелкелес  достарымен  бірге  болып,  қылмыс  жасап,  артынан 
тергеу  камерасына  қосылу  керек  па  жоқ  па.  Тергеудің  басына  айыпталушы 
сөйлемей,  қабағын  шытып  отырды.  Басын  төмен  салбыратып,  тергеушіге 
қарамауға  тырысты.  Кенеттен  тергеушінің  жағасындағы  спорт  шеберінің  төс 
белгісін  көріп,  түрі  өзгере  бастады.  Спорттың  қай  түрімен  шұғылданғанын, 
спорт  командалары  туралы  және  спорт  жайлы  әңгіме  басталып,  екеуінің 
арасында психологиялық байланыс пайда болды. «Біз- спортсмендерміз» деген 
ұғымда  тоқталып,  біраз  уақыттан  кейін  оқиғаның  бәрін  толығымен  сипаттап 
берді. Осындай тақырыптағы бірнеше мысалдарды арастырып көрейік. 
Мысалы: Айыпталушыны зерттей отырып, тергеуші оны радиотехникаға 
әуесқой  екендігін  анықтады.  Ол  өзі  де  радиотехникаға  құмар  болғандықтан, 
әңгіме  арасында  осы  тақырыпты  қолданып,  толық  психологиялық  айланысқа 
жете отырып, барлық керекті тақырыптарды біліп алды. Басқа істе айыпталушы 
жауап  беруге  қарсы  бола  келе,  артынан  тергеушімен  бірге  Ұлы  Отан  соғысы 
кезінде бір майданда соғысқанын білгеннен кейін ғана бастады. Бір куәгер- көп 
балалы  ана-  уақытының  жоқтығын  айтып  сотта  жауап  беруден  бас  тартты. 
Тергеушінің  өзі  сияқты көп балалы  ана  екендігін  естіп,  жақсы  психологиялық 
байланысқа  шықты.  Психологиялық  байланысқа  жетудін  тәсілі  өте  көп,  бірақ 
оның  бәрі  келесі  заңдықтарға  бағынады:  жауап  берушіні  зерттей  отырып, 
тергеуші  оның  жақсы  ақтарына  көңіл  бөліп,  өмірдегі  әлеуметтік  жақсы 
позициясын  еске  ала  отырып,  жақсы  қасиеттерін  білу  керек.  Айыпталушыны 
жақсы  білген  жағдайда  да  оның  жаман  жақтарын,  психологиялық  байланыс 
үшін қолдануға болмайды. Тергеу барысында «біз» деген пікір пайда болса, ол 
оның  алдында  хабардар,  ұқыпты,  сергек  адам  отырғанын  сезінеді. 
Айыпталушының  істеген  қылмысы  көз  қарасына,  себебіне  байланысты.  Ол 
соған  жүктеліп  жауапкершіліктен  қашады.  Айыпталушыларға  қарағанда 
криминалистер  тергеудің  барысын  екіге  бөледі:  Даусыз  және  дау-  жанжал. 
Даусыз тергеудің ерекшелігі, ол дұрыс, шын мәлімет беру. Даусыз тергеудің де 
өзінің қиындықтары бар. Өзінің кінәсін азайту үшін айыпталушының қателесуі, 
ұмытып қалуы, өтірік айтуы мүмкін. Кейде айыпталушы өтірік мәлімет беріп, 
тергеуді  шатастыруға,  созуға  тырысады.  Сөйтіп,  қылмыстық  іс  ашылмай 
қалады.  Ондай  жағдай  кем  де  кем  кездеседі.  Айыпталушымен  тығыз 
байланыста  ғана  тергеуші  қылмыстық  іс  жайлы  толық  мәлімет  ала  алады. 
Қазіргі  тергеушілер  тергеу  жүргізу  барысында  адамзатқа  тән  көптеген  түрлі 
білімдердің бәрін қолдануға тырысады. Ол оған мәлімет жинауға көмектеседі. 

47 
 
Психология, логика, паралингвистика, қылмыстық процесс және тактика 
–  бұл  ғылымдар  тергеушіге  неғұрлым  көптеген  мәлімет  жинауға  және 
қылмыстық  істі  ашуға  көмектеседі.  Тергеушілердің  еңбектік  дамуының  ең 
маңыздысы - ол: тергеуге диалогты еңгізу, жоғары мәдениетте істі жүргізу және 
оған мүмкіндік беру.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет