А. А. Карабалина Теориялық және қолданбалы психология кафедрасының



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата09.04.2020
өлшемі1,13 Mb.
#62060
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ЗАҢ ПСИХОЛОГИЯСЫ
ҚІЖҚ, метод-лек-Гигиена-дет-подр-ОЗ-каз, Русский язык. Лекции 1 курс, Педагогикалык шеберлик УМКД, Д рісті мазм ны Педагогика толык лекциялар, Лекция №44 Омонимы, паронимы в русском языке., педагогикалық зерттеулер әдістемесі, педагогикалық зерттеулер әдістемесі, педагогикалық зерттеулер әдістемесі

Өзін –өзі бақылау сұрақтары: 
1. Заң ғылымында жәбірленуіші мәселесін қарастыру. 
2. Шетел, кеңестік ғалымдардың виктимологиялық зерттеулері. 
3. Қылмыстың нақты механизм түрлеріндегі жәбірленуші психологиясы. 
 
 
Дәріс 9. 
Тақырыбы:  Жеке  адамның  индивидуалды  ерекшеліктерін  талдау  және 
оны тергеу, сот, сауықтыру және түзету жұмыстарында есепке алу. 
Мақсаты:  Мінез  және  мінез  акцентуациясы,  психопатия  ұғымдарының  ара 
байланысын  анықтау  және  олардың  тергеу  жұмысында  қолдану  жолдарын 
анықтау. 
Сабақ жоспары: 
1. Мінез бітістері мен акцентуациясы, психопатия түрлері.  
2. Азаматтық процестегі жеке тұлғалар арасындағы психология. 
 
Дәріс тезистері: 
Адамның мінез акцентуациясы мәселелері тек психолог мамандары үшін 
ғана  емес  заңгерлер  әсіресе,  қылмыспен  күрес  жүргізу  мекемелері  үшін  де 
маңызды.  Акцентуацияның  негізі  болып  дені  сау  адамның  мінезінің  кей 
қасиеттерінің  қатты  өзгеруі  немесе  акцентуациясы  психопатияның  шегінде 
тұруы,  тек  субъектіге  белгілі  бір  күрделі  жағдайларда,  оның  мінезінің  типіне 
қарсы тұру қажеттілігінің төмендігіне талаптың жоғары болғанында ғана анық 
байқалады (А.Е.Личко). Гипертимді – тез қозғыш мінез типті субъектілер үшін, 
оның қасиеттері (белсенділік, ширақтық, аса көпшілдік, лидер болуға ұмтылу) 
жағымсыз әлеуметтік әсерлерден, тәрбиенің ақсауынан қозғыш типтер келеңсіз 
топтың әсеріне тез қосылады (құмар ойындар, ішімдік ішу т.с.с.). Мұндай мінез 
типтері  құрдастары  арасында  көзге  түсу,  беделін  арттыру  үшін,  топтық 
бұзақылыққа  бару  және  құқық    бұзушықтың  басшысы  болу,  оны  негізгі 
мақсаттарды іске асыру және қауіп-қатерді сезіну үшін жасауы мүмкін. Әртүрлі 
мінез  акцентуацияларын,  олардың  ерекшеліктері  мен  көріністерінің 
заңдылықтарын  білу  қылмысқа  қатыстылардың  әрекеттеріне  тек  сауатты  баға 
беру  ғана  емес,  құқыққа  қарсы  әрекеттердің  механизмін  түсінуге  мүмкіндік 
береді. Психопатия түрлері: 
1.Тұрақсыз тип. 
2.Истериялық тип. 
3.Психатеникалық тип. 
4.Шизоидты тип. 
Психопатия  түрлері  балалық  шақтан  қалыптасады.  Жасөспірімдерде 
психопатия  белгілері  біліне  бастайды  да,  ал  кемеліне  келген  адамда  ол  әбден 
толысады.  Психопатия  –  ауруға  қаттысы  жоқ  «патологиялық  мінез».  Осындай 
мінезді  адамдарда  ақыл-ой  мүмкіндігі  қалыпты  не  қалыптан  тыс  болады. 
Психопатияның бірнеше түрлері бар. 

68 
 
Тұрақсыз  тип.  Тұрақсыз  психопатия  типінің  белгілері  11-12  жаста 
білінеді. Негізгі белгсі – жас балалардың қалыпты психикасы ретінде білінетін 
эмоциялық  тұрақсыз  ерік.  Тұрақсыз  психопатиялы  адамдардың  жоғары  ерікті 
қызметі жетілмегендіктен, өзінің сол сәттегі тілегі мен әуестігін тежейалмайды. 
Олардың  әрекеттері  белгілі  бір  мақсатпен,  міндетпен,  қарызбен  байланысты 
болмайды, тұрақсыз және өзгермелі ақыл-ойы дұрыс не кемелді  болмағанмен, 
істері жеміссіз не аяқсыз қалады. 
Истериялық 
типтің 
негізгі 
белгісі 
– 
айқын 
дарашылдық, 
айналасындағылардан 
ерекшелену, 
біріншілікке 
ұмтылу. 
Истериялық 
пихопатия  барлық  жұртты  мойындатуды  тойымсыздықпен  көксеу  тән.  Неміс 
психиатры  Шнейдер  мұндай  адамдарды  «мойындатуды  көксейтіндер»  деп 
атады.  Истериялық  психопатия  жыныстық  жетілмеген  және  жетілген  кезде, 
кейдежас балаларда да кездеседі. Психопатияның осы түрі әйелдерде жиі, кейде 
еркектерде  де  кездеседі.  Мұндай  адамдардың  дарашылдығы  мойындатуды 
көксеумен,  жасандылықпен,  қыр  көрсетумен  бірге  өтеді.  Бұл  әлеуметтік 
жағынан  жетілмеуі,  жігерсіздігі,  ынтасының,  қабілетінің  болмауы,  еңбекке 
немқұрайлылық  ретінде  білінеді.  Олардың  көңіл-күйі  ауыспалы,  тұрақсыз. 
Олар  біреулерге  жұмсақ,  мейірімді,  ал  енді  біреулерге  дөрекі,  қатігез  және 
мейірімсіз  болып,  әрбір  іс-әрекеті  айналасына  күшті  ықпал  етуге  құрылады. 
Мұндай балалар әуелі бала - бақшада, кейін мектепте өзгелерді билеп - төстеуді 
жақсы  көреді.  Олар  ән  айтып,  өлең  оқып,  билегенді,  төңірегіндегілерден 
ерекшеленіп көріну үшін жарқырап, сәнді киінгенді, жарқыраған талаптар мен 
әшекейлі  заттарды  пайдаланғанды  ұнатады.  Өзінің  негізгі  мақсатын  орындау 
үшін  ол  назарын  өзіне  аударып,  үлкен  қажырлылық  танытады.  Олардың 
талаптану  дәрежесі жоғары  болады, тілегімен мүмкіншілігі сәйкес келмесе де, 
ойлаған  мақсатына  жету  үшін  әр  үрлі  айла  -  шарғы  жасайды.  Күншіл  мен 
қызғаншақ келеді. Болмаған жағдайды ойдан құрастырады, тіпті ата-анасы бола 
тұра,  көшеде  кездескенде  олардың  өліп  қалғанын  не  тастап  кеткенін  айтады. 
Сөйтіп  өзіне  аяушылық  сеніміне  кіреді.  Жұрттың  назарында  болу  үшін 
шытырман оқиғаларды ойлап шығарады. Кейде сол қиялына өзі сене бастайды. 
Психастеникалық  тип.  Бұл  негізінен  ересек  адамдарда  кездеседі.  Бірақ 
кейбір  психоастеникалық  белгілер  жас  кезінде  де  білінеді.  Сужүректік, 
қорқақтық,  қараңғыдан,  жалғыздықтан  қорқу,  жүрексіздік,  ұялшақтық,  өзінен 
кішілермен  ойнау,  тыныш  ойындар,  сурет  салу,  айтқанды  тыңдау  –
психастеникалық  типке  тән  белгілер.  Осы  типтегі  балалар  шулы  ойындардан 
қашып,  үзіліс  кезінде  оқшауланып,  төбелеске  жоламайды.  Олар  тырысып 
оқиды, бірақ жауап бергенде ұялады, ынталы оқушы болудан иемденеді, көптің 
арасынан ерекшеленбеуге тырысады, өзіне артық назардың болмауын, белгісіз 
болып қалуды және ешкімнің тиіспеуін қалайды. 
Шизоидты  тип.  Бұл  –  патологиялық  тұйық,  айналадағылармен  қарым-
қатынас  жасауға  ынта  -  ықыласы  жоқ,  оқшау  жүретінішкі  жан  дүниесі  бай, 
бірақ сырт келбеті кедей адам. Бұларға тәртібі мен эмоциялық қайғы -қасіреті 
арасындағы  қарама-қайшылық  тән.  П.В.Ганнушкиннің  айтуы  бойынша, 
олардың  эстетикалық  сезімі  нәзік,  принциптік  және  адамдық  мәселелерге 

69 
 
сезімтал,  сөйте  тұра  қасындағылардың  қайғысы  мен  қуанышына  ортақтаспай, 
тіпті түсіндейді. Шизоидты (аутикалық, ауто – мен, аутизм - өзімен айналысу) 
деген атау психопатияда шизофренияның  кейбір ерекшеліктерінің байқалуына 
байланысты  қойылған.  Психопатияның  басқа  типтеріне  қарағанда,  шизоидты 
психопатияның белгілері бала кезінде жақсы білінеді. Ол басқа типтерден гөрі 
сирек  ұшырасады,  оның  өзіндеұлдарда  байқалады,  мұндай  типті  24  жастағы 
балардың мінез-құлқы құрдастарынан ерекшеленіп тұрады. Ата - аналары олар 
туралы  былай  дейді:  «Басқалардай  емес,  тыныш,  алғыз  ойнаушы  еді,  бір 
ойнаған  ойыншығынан  басқа    ештеңе  сұрамайтын,  еркелеуді  ұмытпайтын». 
Мектепке  дейінгі  жаста  өз  құрдастарынан  тасаланып,  бірге  ойнаудан  қашады. 
Бұл  жаста  организмде  үйлесімдік  болмағандықтан,  мидың  дамуы  жылдамдап, 
қозғалыс қызметі нашар жетіледі. Үлкендердің көмегінсіз оқуды ерте үйренеді, 
бірақ  бәтенкесінің бауын байлай  алмайды.  Сөйлескен кезде олардың білімінің 
жасына  сәйкес  емес  екенін  (ересек  адамдарды  таңқалдыратын  көптеген 
сұрақтар  қойып),  білуге  құмарлығын  көрсетеді.  Олар  дерексіздікке  жоғары 
ынта танытып, әлемнің пайда болуы, табиғат пен өлім туралы сұрайды. 
Азаматтық  іс-жүргізудің  ары  қарай  жылжуы  және  дамуының 
бағыштылығы,  сот  қорғауына  жүгінуі  азаматтық  іс-жүргізудің  негізгі 
принципін,  яғни  диспозитивтілік  принципін  құрайды.  Сот  мәжілісінің 
басымырақ 
психологиялық 
бөлімі– 
тараптардың 
жарыссөздері. 
Қызығушылықтың  қақтығысы  мұнда  қуаттылық  шегін  иеленеді.  Әрбір  тарап 
ерікті немесе еріксіз түрде сотты өз көзқарастарының ақиқаттылығымен баурап 
алғысы  келеді.  Жарыссөз  кезінде  әрбір  тарап  қайталап  жауап  беруге  құқылы. 
Бірақ,  сот  бұл  кезде  олардың  бір  –  біріне  жәбірлеу,  кемсіту  сөздер  айтуына 
шектеу  қоюы  керек.  Кәсіби  бақылаумен  қатар  сот  тарапынан  әлеуметтік 
бақылау  да  жүргізіледі.  Тараптың  белсенділігі  олардың  екінші  тарапқа  деген 
ара  –  қатынасынан  көрінеді.  Сот  тараптарының  әрекеттерін  байланыстыруы 
керек,  бірдей  дәрежеде  дәлелдемелердін  ұсынуға  мүмкіндік  беруі  керек. 
Жарыссөз  қағидасы  соттың  өзі  үшін  істі  обьективті    түрде,  жан  жақты  және 
толықтай  қарауына  мүмкіндік  береді.  Тараптардың  белсенділігі  сотпен 
бағытталады.  Тараптар  өз  талаптарын  негіздеу  үшін  фактілерді  хабарлауға, 
қажетті  дәлелдерді  келтіруге  тек  құқылы  емес,  сонымен  қатар  міндетті болып 
табылады.  Тараптардың  дауларын  қарау  кезінде  сот  қажетті  дәлелдерді 
ажыратады.  Тараптар  куә  болған  адамнан  жауап  алу  кезінде  де  процеске 
қатысуға  құқылы.  Олардың  қатысуымен  сарапшының  қорытындысы  да 
тыңдалады.  Жарыссөз  принципі  тараптардың  өзара  қатынасының  мінез  – 
құлқымен  де  байланысты.  Азаматтық  іс  жүргізудегі  құқықтық  реттеу  оған 
қатысушылардың  мінез  –  құлығын  реттеумен  өзара  байланысты  екені  сөзсіз. 
Дауласқан жағдайларда адамдар өз мінез – құлқықтарын әр түрлі жағдайлармен 
көрсетеді. Дауласу субьектісі өзінің іс жүргізуде мәртебесін таңдауға еркіндігі 
бар, сот ісі жүргізу кезінде субьект қорғаушыдан бас тартуға, дауды тоқтатуға, 
реттеуге  мүмкіндік  бар  (талаптан  бас  тартуға,  бейбітшілік  келісімге  келуге). 
Тараптардың  мінез  –  құлығы  еркіндік  нұсқау  актісінде  көрсетілген  (талаптан 

70 
 
бас  тарту,  талапты  тану,  бітімге  келу).  Дәлелдеу  субьектісі  белсенді  және 
құлықсыз болуы да мүмкін.  
Соттың міндеті – дәлелдеу субьектісінің белсенділігін арттырып, онымен 
бірге дәлел  көзі ретінде бірігіп әрекет жасау. Тараптардың әлеуметтік маңызды 
мінез – құлығы азаматтық іс жүргізуде, талап қоюшы мен жауапкердің мінез – 
құлығы, олардың  іс  жүргізудегі  мәртебесімен  анықталады.  Талап  қоюшы –  ол 
сотқа,  төрелік  және  аралық  сотқа  өзінің  құқығы  бұзылғандығы,  заңмен 
қорғалатын мүддесінің бұзылғандығы туралы талап қоюшы тұлға. Азаматтық іс 
жүргізуде  талап  қоюшы  (азамат  немесе  заңды  тұлға)  құқық  субьектісі,  оның 
құқықтарын  қорғау  мақсатында  азаматтық  іс  қозғалады.  Азаматтық  іс  сотта 
мүдделі  адамның  талап  –  арызы  берілгеннен  бастап  қозғалады.  Азаматтық  іс 
прокурордың мәлімдемесі, кейбір жағдайларда мемлекеттік басқару органдары 
мен  қоғамдық  ұйымдардың  мәлімдемесі  бойынша  қозғалуы  мүмкін.  Талап 
қоюшыға біршама құқықтар берілген – ол іс құжаттарымен танысуға, олардан 
үзінділер  жазып  алуға  және  көшірмелер  түсіруге,  қарсылықтарын  мәлімдеуге, 
дәлелдемелер  табыс  етуге  және  дәлелдемелерді  зерттеуге  қатысуға  іске 
қатысушы  басқа  адамдарға  сұрақтар  қоюға,  сотқа  түсініктеме  беруге,  өз 
ойларын  айтуға,  сот  шешімі  мен  анықтамасының  ұйғарымына  шағымдануға 
және заңда көзделген өзге де әрекеттер жасауға құқылы. 
Талап  қоюшы  (сот  бақылауымен)  іс  жүргізуде  талабынан  бас  тартуға, 
оның  негізімен  пәнін  өзгертуге,  талап  қоюдың  көлемін  ұлғайтуға  немесе 
азайтуға  құқылы.  Негізсіз  талап  қойған  және  істің  тез  жүргізілуіне  қарсы 
әрекеттер  жасаған  талапкерге  соттың  жауапкер  пайдасына  сыйақы  салуға 
мүмкіндігі бар. Өндірісті тоқтату немесе қарамау заңда көзделген жағдайларда 
жүзеге  асады.  Талапкердің  жауапкерге  қоятын  талаптары  сипатынан 
қойылатын  талап  түрі  анықталады:  ол  жауапкердің  нақтылы  әрекеттерге  үкім 
шығаруға  бағытталуы  (мүлікті  қайтару,  зиянды  өтеу,  алимент  төлеу,  мүлікті 
пайдалануға  кедергіні  жою),  құқықтық  қатынастарды  өзгерті  немесе  тоқтату 
(жалпы  меншікті  бөлу,  некені  бұзу).  Талап  негізі  –  мүдделі  тұлғалар 
арасындағы  құқықтық  қатынастарды  тоқтату,  өзгерту  немесе  пайда 
болуынаматериалдық  заңды  фактінің  нақты  болуы.  Талаптың  пәні-даулы 
құқықтық  қатынас.  Талап  қоюдың  нысаны  талап  арыз.  Онда  мынадай 
мәліметтер  болуы  керек:  соттың  мекен  –  жайы,  талаптың    негізгі,  айғақтар, 
талап  мазмұны,  талап  бағасы,  ұсынылған  құжаттар  тізімі  болу  керек.  Талап 
көшірмесі  жауапкерлер  санына  қарай  беріледі.  Заң  сотта  бұзылған  құқықты 
қорғаудың  мерзімін  белгілейді  (азаматтардың  талабы  бойынша  –  үш  жыл, 
мемлекеттік  органдар  мен  қоғамдық  ұйымдар  үшін  -  бір  жыл).  Жауапкер  – 
азаматтық іс жүргізудің  тараптарының бірі, оған талап қойылуына байланысты 
соттағы  іске  тартылады.  Жауапкердің  мәртебесі  азаматтық  –  құқықтық 
жауапкершілікпен,  тұлғаның  азаматтық  құқықта  көзделген  міндеттемелерін 
орындамауы  салдарынан,  өзге  тұлғаның  субьектілік  азаматтық  құқықтарын 
бұзуымен  байланысты.  Азаматтық  жауапкершілік  тұлғаның  міндеттерін 
орындамау  немесе  тиісті  орындамауы  негізінде  кінәсі  болса  пайда  болады. 
Азаматтық  жауапкерлік  зиянды  толық  өтеу  қағидасына  негізделеді. 

71 
 
Шаруашылық  келісім  -  шарттарының  тиісті  тәртіп  бойынша  орындалуы 
заңдарда  көзделген  және  мүліктік  әсер  етуші  шаралармен  қамтамасыз  етіледі. 
Құқық  бұзушылыққа  жауапкершіліктің  шарты  кінә  болып  табылады. 
Жауапкершіліктен  құтылу  үшін  құқық  бұзушы  өз  кінәсінің  жоқ  екенін 
дәлелдеуі  қажет.  Заң  жоғары  қауіптілігі  бар  залал  үшін  қатаң  жауапкершілік 
жүктейді. 
 
Өзін - өзі бақылау сұрақтары: 
1.  Психопатия түрлері 
2.  Мінез бітістері мен акцентуациясы. 
3.  Азаматтық 
іс-жүргізудің  ары  қарай  жылжуы  мен  дамуының 
бағыштылығы. 
 
Дәріс 10. 
Тақырыбы: Тергеу іс-әрекетінің психологиясы.  
Мақсаты:  Тергеуді  жүргізудің  әлеуметтік-психологиялық  жағдайларын 
анықтау. 
Сабақ жоспары: 
1. Алдын ала тергеу психологиясы. 
2. Тергеу іс-әрекетінің негізгі құрылымы. 
3. Тергеу іс-әрекетіне қысқаша сипаттама. 
 
Тергеу  және  жедел  іздестіру  іс-әрекеті  психологиясы  -  қылмысты  ашу 
мен тергеудің психологиялық аспектілерін зертеп, сонымен қатар криминалды 
элементтерге  ықпал  етудің  психотехникалық  құралдарын  жасайтын  заң 
психологиясының саласы болып табылады. 
Тергеушілер  мен  опер  қызметкерлер  мамандығына  тән  басты 
ерекшеліктер  «адам-адам»  қатынастарына  ену,  адамдардың  психологиясын 
білу,  қылмыстық  әрекеттердің  заңдылықтар  мен  механизмдеріне  бағдарлану 
болғандықтан,  психологиялық 
зерттеу 
әдістері 
мен 
ықпал  етудің 
психотехникалық  тәсілдерін  іске  асыру  мүмкіндіктері  қүқық  қорғау 
органдарының  аталмыш  категориядағы  қызметкерлерінің  кәсіби  іс  әрекетінің 
нәтижелілігіне айтарлықтай ықал етеді.  
Қылмысты  тергеу  дегеніміз  бұрын  орын  алған  оқиғалардың  шынайы 
картинасын  қазіргі  кездегі  тікелей  және  жанама  белгілер  (заттық  дәлелдер, 
психологиялық іздер, куәгерлердің мәліметтері т.с.с) арқылы қайта қарау болып 
табылады. 
Тергеуші іс-әрекеті кәсіби тұрғыда төмендегілер арқылы сипаталады:  

тергеу  құралдары  мен  мерзімінің  процестік  регламентациясымен, 
тергеушінің әлеуметтік - ролдік функциясының жоғары ресмилілігімен; 

танымдық ізденушілік және сенімді бағыттылықпен

тергеу әрекеттерінің жеделдігімен және мақсаттылығымен (бір әрекеттің 
практикалық нәтижелері басқасын таңдауға себепші болады); 

72 
 

мүдделі  адамдардың  мүмкін  боларлық  қарсылық  көрсету  әрекеттерін 
жоюдағы белсенділікпен; 

шешім 
қабылдаудағы 
жауапкершілік 
кезінде 
кең 
әлеуметтік-
коммуникативтік  және  ұйымдық  -  басқарушылық  бағыттылықпен,  билік 
өкілеттілігінің болуымен. 
Психологиялық  талдау  кезінде  тергеушінің  жалпы  кәсіби  іс  әрекетіне 
әдетте  мынандай  құрылымдық  бөліктерді  (құрылымшалар)  бөліп  көрсетуге 
болады:  танымдық-болжамдық,  коммуникативтік,  ұйымдық  -  басқарушылық, 
әлеуметтік-тәрбиелік. 
Тергеу  іс-әрекетінің  танымдық-болжамдық  құрылымшасында  оның 
ізденушілік,  реконструктивті  және  сенімді  жақтары  айрықша  ролге  ие. 
Ізенушілік-тергеушінің  қылмыс  оқиғасы  жайлы  әр  түрлі  ақпараттар  жинауы; 
реконструктивтік-жиналған  ақпараттарды  ағымдық  және  қорытынды  талдау 
мен  осы  талдау  мен  синтездің  негізінде  болған  оқиғаны  түсіндіретін  арнайы 
версиялар ұсыну; сенімділік-бұл жинаған ақпараттарды арнайы, заңды тұрғыда 
қарастырылған  формаға-  хаттама,  қаулы-келтіру  болып  табылады.  Тергеу  іс 
әрекетінің  коммуникативтік  құрылымшасы  кәсіби  қарым-қатынас  барысында 
барлық  қажетті  ақпаратты  құру  және  жинаумен,  сондай-ақ  қажет  болған 
жағдайда  тергеу  үшін  маңызды  психотехникалық  ықпал  етумен  сипатталады. 
Бұл  құрылымша  әсіресе  сұрақ  алу  мен  іштей  баға  беру  кезінде  үлкен  орын 
алады.  Тергеу  іс-әрекетінің  үйымдық-басқарушылық  құрылымшасы  кәсіби 
міндеттерді шешу  (мысалы,  жедел  тергеу  топтары)  кезінде  адамдарды  тікелей 
басқарудан  тұрады.  Тергеу  іс-әрекетінің  әлеуметтік  құрылымшасы  тергеудің 
қылмыстарды  түбегейлі  жою  үшін  күресте,  оның  ішінде  құқықтық  насихат 
жүргізудегі,  халық  арасындағы  кәсіби  жұмысқа  қатысудағы  ролінің 
маңыздылығын көрсетеді.  
Қылмысты  тергеу  кезінде  психологиялық  талдау  жүргізудің  міндеті 
қылмыстың  субъективті  жағын  (мотив,  мақсат,  қылмыстағы  кінаның  мазмұны 
мен формасы) дәделдеуге кіретін қылмыстық -құқықтық сипаттағы мәселелерді 
шешуге  ғана  бағыну  емес,  сондай-ақ  қылмыстық  істі  тергеуді  жоспарлау  мен 
ары  қарай  оперативті-психологиялық  жалғастыру  мәселелерін  шешуге  де 
бағыну болып табылады.  
Қылмыстық  оқиғалар  мен  әрекеттердің  адамдармен  байланысты 
субъективті  жақтарына  бағытталудың  негізгі  психологиялық  аспектісі 
қылмыстық  ойды  жоспарлау  мен  іске  асыру  үрдісінің  психологиялық  мәнін 
анықтау болып табылады.  Бұл жағдайда келесідей сұрақтарға жауап іздеу іске 
асады: өзінің психологиялық ерекшелігіне байланысты бұл қылмысты кім және 
қандай  мақсатта  іске  асырды;  қылмыс  субьектісі  болжам  бойынша  қандай 
адамдар тобына жатады (кәсіби, жас ерекшеліктеріне қарай); алдын-ала тергеу 
үрдісінде әр түрлі адамдардан қандай ірекеттер күтуге болады және т.б. 
Қылмыстың  обьективті  және  субьективті  жақтарына,  оған  қандай  да  бір 
тұрғыда  қатысқан  адамдардың  мінез-құлқына  бағдарлану  істің  шынайылығын 
анықтауға  арналған  алғашқы  психологиялық  мәліметтерді  диагностикалық 
түрде  жинақтауға  бағытталған.  Қылмыста  орын  алған  заттарды,  құжаттарды, 

73 
 
іздерді  мүмкіндігінше  бірнеше  аспектіде  психологиялық  тергеу,  істің 
обьектілері 
мен 
басқа 
материалдары 
арасындағы 
себеп-салдарлық 
байланыстарды  қадағалау  осы  мақсатта  орынды  болып  табылады.  Екінші 
жағынан, қылмысқа қатысы бар адамдармен тікелей қарым-қатынаста келесідей 
субьективті белгілердің психологиялық «тізбегін» ескеріп және бақылау керек: 
кәсіби  және  тұрмыстық  дағдылар  сөйлеудің  ерекшелігі  (сөздік  айналымдар, 
үнсіз  қалу,  сылтау  айту),  мимика,  жесттер,  сөйлеушінің  дене  қалпы,  оның 
психикалық күйінің өзгерісі, осылардың барлығын ескеру тек қана тергеушілер 
үшін  емес,  сонымен  қатар олармен өзара  әрекетке  түсетін  қызметтестері  үшін 
де маңызды болып табылады. 
Тергелушінің  субьективті  жақтарын  талдау  біріншіден,  тергеушінің 
танымдық  үрдісін  жетілдіру  үшін,  оның  ішкі  ойын  қалыптастыру  және  тиісті 
процестік  шешімдерді  ққабылдау  үшін  тиімді  болса,  екіншіден,  адвокат, 
прокурор,  сот  және  қылмыстық  іске  қатысатын  өзге  де  субьектілер  танысуға 
тиіс іс материалдарын сапалы түрде рәсісдеу үшін де пайдалы. 
Қылмыстық  іс-әрекеттің  нақты  түрлері:  оқиға  орнын  қараудың  психологиясы, 
сұраққа алу психологиясы, іштей баға беру психологиясы, тінту психологиясы, 
тану үшін көрсету психологиясы, тергеу экспериментінің психологиясы. 
Оқиға  орнын  қарау  психологиясы.  Тергеушінің  оқиға  орнын  кәсіби 
сауатты  түрде  қабылдай  алуы  оның  оқиғаның  жалпы  картинасын  елестете 
алуына  және  басқа  да  тергеу  әрекеттерін  жүргізу  мен  версиялар  ұсыну  үшін 
қажетті мәліметтердің эмпирикалық базасын анықтауына мүмкіндік береді. Бұл 
кезде  тергеушінің  психологиялық  мінез  -  құлқын  анықтауға  келесілер  ықпал 
етеді: оның ізденушілік қабілетінің даму деңгейі; халық алдында қателіктер мен 
асығыс үстірт әрекеттер жіберіп аламын ба деген қорқыныштан пайда болатын 
уайымның  бар  немесе  жоқ  болуы;  оқиға  онындағы  физикалық  және 
психологиялық  жағдайдың  ерекшелігі  (ауа  райы,  климаттық  жағдай,  тәуліктің 
жағымсыз  мерзімі,  оқиғаның  жағымсыз  фоны,  болған  оқиғаны  танудағы 
біршама айқынсыздық, жағдайдың қиындығы және т.б.). 
Көптеген  ғылыми  зерттеулердің  көрсетуі  бойынша  тергеушінің 
ізденушілік қабілеті оның интеллект және креативтілік, кәсіби бақылампаздық 
пен  ерік  сапалары,  сонымен  қатар  қылмыстың  субьективті  жақтарының 
элементтерін  анықтауға  деген  психологиялық  бағдары  сияқты  тұлғалық 
сапаларының  дамуына  байланысты.  Оқиға  орнын  қарау  кезінде  тәжірибелі 
тергеушілер  әрқашан  біріншіден,  қабылдау,  зейін,  ойлау  және  қиялдың 
сапаларын  ұйымдастыру  мен  арттыруға,  екінші  жағынан,  шындықты  анықтау 
үшін  психологиялық  маңызды  мәліметтерді  мұқият  іздеу  мен  жинақтауға 
бағытталған психологиялық тәсілдердің тұтас кешенін іске асырып отырады. 
Сұрақ  алу  психологиясы.  Сұрақ  алу  -  қылмыстық  іске  қатысы  бар 
адамдармен тергегушінің кәсіби қарым-қатынасы барысында дәлелдерді алуды 
қамтамасыз  ететін  өте  маңызды,    дегенмен  де,  психологиялық  жағынан 
айтарлықтай  күрделі  тергеу  ірекеті  болып  табылады.  Сұрақ  алу  кезінде  пайда 
болған  коммуникативті  ситуацияға  байланысты  конфликтілі  жағдайдағы  және 
конфликтілі  емес  жағдайдағы  сұрақ  алу  деп  ажыратуға  болады,  сондықтан  да 

74 
 
тергеу  кезіндегі  барлық  сұраққа  алынғандарды  шартты  түрде  категорияларға 
бөледі. 
Тергеушінің сұрақ алуға дайындалу кезіндегі негізгі міндеттері мыналар: 
мәліметтік негіз құру, кәсіби қарым-қатынастың стратегиялары мен тактикасын 
анықтау;  сұрақ  алу  барысын  тиімді  жүргізу  үшін  барлық  жағдайларды 
жоспарлау және қамтамасыз ету. 
Тергеуге  алынушы  тұлғасының  психологиялық  ерекшеліктері  мен 
аталмыш  сәттегі  күйін  ескере  отырып  психологиялық  байланыс  орнату 
аталмыш  тергеу  әрекетінің  табысты  болуы  үшін  негізгі  сәт  болып  табылады. 
Куәгерлерден,  жәбірленушілерден,  күдіктілерден  сұрақ  алу  кезінде  байланыс 
орнату  әдетте  бастапқы  ситуацияға  -  конфликтілі  немесе  конфликтілі  емес 
ситуацияларға байланысты болып келеді. 
Кедергі  келтіретін  қандай  да  бір  психологиялық  бөгеттерді  (мысалы, 
бравады,  наглости,  қарсылық  көрсетуге  бағдар  және  т.б.)  әсер  етудің  сұраққа 
алынушының  өзекті  қажеттіліктерін,  оның  психикалық  күйі  мен  тұлғалық 
ерекшеліктерін есепке алатын арнайы психотехникалық тәсілдерінің көмегімен 
жоюға  болады.  Тергеушінің  бұл  кездегі  корректілігі,  әділеттілігі, 
мұқияттылығы,  ситуативтік  икемділігі,  эмоциялық  тұрақтылығы  тек  қана 
қарым  -  қатынастағы  кедергілерді  жеңуге  емес,  сондай-ақ,  сұраққа 
алынушылардың  қарсылық  көрсету  позицияларын  бәсеңдетуге  де  жағымды 
ықпал етеді. 
Психологиялық тұрғыдан алғанда сұрақ алудың тиімділігін бағалау сұрақ 
алудағы  әрекеттің  белгіленген  психологиялық  линиясын  іске  асыруға 
байланысты  жасалуы  керек:  субьектілі,  обьектілі  және  жағдайлық  шарттарды, 
диагностикалаудың  психотехникалары  мен  тәсілдерінің  сапасын,  олардың 
сұраққа алынушы тұлғасына әсерін есепке алу. 
Іштей  бағалау  психологиясы.  Тергеу  іс-әрекетінің  аталмыш  түрі  әрдайым 
динамикалықтың  жоғарылығымен  және  конфликтілі  тұлғааралық  өзара 
әрекеттің  өткірлігімен  ерекшеленеді.  Іштей  баға  беру  маңызды  қарама-
қайшылықтарды жою үшін де жүргізіледі. Іштей баға беру іске асатын мұндай 
жағдайда  ес  ассоциацияларының  жандануына  мүмкіндік  беретін  «жанды» 
дәлелдер тәсілі қолданылады.  
Тінту  психологиясы.  Тек  прокурордың  санкциясымен  жүргізілетін 
аталмыш тергеу әрекетінің мәжбүрлеуші сипаты қылмысты ергеу үшін дәлелдік 
маңызы  бар  жасырын  құжаттар  мен  заттарды    алуда  қылмысқа  қатысы  жоқ 
адамдардың тергеушіге ашық түрде қарсылық көрсетуіне әкеледі.  
Психологиялық  зерттеулердің  көрсетуі  бойынша  тергеу  егер  тергеуші 
тінту  барысында  тінтілушінің  мүмкін  боларлық  әрекеттерін  ғана  ескеріп 
қоймай,  сонымен  қатар  оның  тінтуге  қатысушылардың  әрекеттеріне  деген 
ырықсыз реакцияларын тексерсе, тергеуші әрекеті тиімді болады. 
Тану  үшін  көрсету  психологиясы.  Аталмыш  тергеу  әрекетінің 
нәтижелілігінің  психологиялық  алғышарттары  тіпті  сұрақ  алу  барысында-ақ 
қалыптасады.  

75 
 
Тергеушінің  психологиялық  тұрғыда  негізделген  мінез-құлық  линиясын 
іске  асыру  тану  үшін  көрсету  кезінде  танудың  психологиялық  заңдылықтары 
мен механизмдерінің негізгі түрлерін ескеріп құрылуы тиіс. Тану нәтижелерін 
дұрыс бағалауда біріншіден, субьективті және обьективті жағдайларды ескеру, 
екіншіден,  тануды  психология  ғылымының  тануға  байланысты  ұсыныстарына 
сәйкес модельдеу үлкен мәнге ие. 
Тергеу  экспериментінің  психологиясы.  Қандай  да  бір  әрекеттерді, 
оқиғаларды  немесе  құбылыстарды  іске  асырудың  мүмкіндіктері  мен 
ерекшеліктерін  тәжірибелік  тексеру  тергеу  версиялары  мен  іске  байланысты 
жиналған  дәлелдерді  растау  немесе  теріске  шығару,  сондай-ақ,  тергеу  үшін 
маңызды жаңа фактілер алу мақсатында жүргізіледі. 
Тәжірибеде тексеру экспериментінің әр түрлі түрлері кездеседі: 
1.  Қандай  да  бір  фактіні,  құбылысты  қабылдау,  бақылау  мүмкіндіктерін 
анықтауға байланысты
2. Қандай да бір әрекеттерді жасау мүмкіндіктерін анықтауға байланысты; 
3. Қандай да бір құбылыстың болу мүмкіндіктерін анықтауға байланысты; 
4.  Жалпы  оқиғаның  немесе  оның  жекелеген  детальдарының  механизмін 
анықтауға байланысты; 
5. Оқиға іздерінің құрылу процесін анықтауға байланысты; 
6.  Кәсіби  немесе  қылмыстық  дағдылардың  болу  немесе  болмауын  анықтауға 
байланысты. 
Қылмыстық  іс  үшін  шешуші  болып  табылатын,  қылмыстың  субьективті 
жақтарын  анықтауға  байланысты  барлық  диагностикалық  эксперименттерді 
психолог-  маманның  қатысуымен  жүргізген  жөн.  Ол  тек  психологиялық 
модельдеуге байланысты сарапшы ғана емес, сондай-ақ, тергеу экспериментіне 
қатысушы тұлғаның мінез-құлқының сенімділігін бағалаушы ретінде де болуы 
мүмкін. 
Сонымен,  негізгі  тергеу  әрекеттерін  жүргізу  ерекшеліктерін  қарастыру 
олардың нәтижелі болуы көп жағдайда біріншіден, тергеушінің психологиялық 
дайындық  деңгейіне,  екінші  жағынан,  тергеу  іс-әрекетін  психологиялық 
қамтамасыздандыруға  психолог-мамандарды  белсенді  түрде  тарту  мен оларды 
кәсіби-сараптамалық  верификацияға  қатыстыру  қажеттілігіне  байланысты 
болатындығын нанымды түрде көрсетеді. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет