Жастар арасындағы қылмыс: негізгі факторлар, шешу жолдары



Дата24.05.2017
өлшемі64,31 Kb.
#16935
Жастар арасындағы қылмыс: негізгі факторлар, шешу жолдары

Адамзаттың жаһандану кезеңіндегі қоғамның өзгеруі мен дамуы қаншалықты өскелен ұрпаққа өз әсерін тигізіп жатқаны, яғни жасөспірімдер арасындағы қылмыстың көбею салдары мен факторларын толықтай анықтап , заң бұзушылықтың алдын алу шараларын осы мақалада қарастырамын. Қоғамда өзекті мәселеге айналған жастар арасындағы қылмыстың көбеюі өз шешімін талап етудегі маңызды жайтқа айналған. Мектеп қабырғасынан кәмелеттік жасқа толмағандарды заң бұзушылыққа итермелейтін негізгі факторларға жатқызамыз:



  • Ата-ана тәрбиесі,отбасылық жағдай;

  • Тәрбие беруші білім ордалары (мектеп,колледж,лицей);

  • Қоғам;

  • Әлеуметтік желідегі зиянды видеороликтер.

Жалпы алғанда отбасының беретін тәрбиесі өте маңызды рөл атқарады. Толыққанды емес немесе материалдық жағдайдың төмен болуынан баланың санасында психологиялық өзгерістер орын табады. Ата-ананың балаға деген уақыт тапшылығы оның көп уақытын сыртқы ортамен байланысқа түсуіне ықпал жасайды. Осы тараптан білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиетың сөзін дәлел ретінде қарастыруға болады. «Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер де көп. Қазіргі уақытта жалпы тек қана 10-12% ата-аналар мектептердегі жиналысқа қатысады. Біздің есебіміз бойынша, ата-аналардың 50% 11 жыл ішінде мектептерге келмейді. Біздің ойымызша, ата-аналарды сағат 18.00-ден кейін үйлеріне, балаларына жіберу практикасын бастау қажет»- деп өз ұсынысын білдірді [1]. Сонымен қатар тәрбие беруші орталықтардың тәрбиеленушінің заң бұзушылық әрекетінде ата-ана деңгейінде жауапкершілікке тартылады. Білім ордаларында сабақ жүру барысындағы орын алған жайттарға тікелей білім беруші басшылық жауапқа тартылады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бап, яғни кәмелетке толмаған тәрбиелеуші міндеттерін орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін ата-аналар немесе осы міндеттері бар өзге тұлға, сондай-ақ мұғалім немесе білім берудегі басқа да қызметкер кәмелетке толмаған жасқа есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтарының немесе қаңғыбастықпен немесе қайыр сұраушылық немесе қасақана қылмыстық құқық бұзушылық немесе қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған уақытта жауапқа тартылады [2].

Осылайша, Кодекстің 127-бапқа олардың ата-аналарының немесе кәмелетке толмағандардың тәрбиелеу мен білім беру міндеттерін басқа да заңды өкілдерімен орындамағаны үшін 7 АЕК айыппұл қарастырылған. Осындай жағдайлар жасөспірімдерге қоғамның әсерінен де болады. Мысалға

наркологиялық диспансерларда тіркеуде тұрған, тәртіп сақшыларына бір емес бірнеше рет түскен жасөспірімдер, біреудің мүлкіне қол сұғып , ұрлыққа үйреніп келе жатқан ұрпақтың бұл әрекеттері қоғамда дау туғызада. Нақты тоқталып өтсек мектеп қабырғасынан шылым шегу және ішімдік ішудің өзі қалыпты жайтқа айналған. Мұнын бірден бір себебі ішімдіктердің қол жетімді болуында. Заңсыз түрде кәмелеттік жасқа жетпеген жасөспірімдерге алкогольді сусындардың сатылуы заңмен жауапкершілікке тартылады. Бірақ біл әрекет қоғам ішінде ашық таралған процесс болып табылады. Бастапқыда бұл істерін ермек көрсе, соңында тәуілділікке әкеліп соғуына қарамастан жастар арасындағы бұл тәртіп бұзушылықтың өзі соңынан заңды бұзуға алып келеді. Біреуі қылмыстық ісі үшін түзету колонияларына жіберілсе, ал көп жағдайда тәртіп сақшыларының тіркеуіне ілігеді. «Тіркеу» деген жай қарапайым сөз болғанымен, алып келер зардабы есейіп ел қатарлы жұмыс істегенде және жоғарғы оқу орнына барғанда өз қиыншылықтарын тигізеді. Әрбір бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңның (20,24,48 баптары және 50бапта) талаптарына сәйкес, мемлекеттік Республикасының рәміздер, мүгедектер, ата-аналар тарихи және мәдени мұраны сақтау қамқорлық, және табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты үшін, тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтап қалуға міндетті [2].

Қазақстан Республикасында кәмелетке толмаған жасөспірімдер үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті 16 жастан жауапқа тартылады, жеке жағдайларда, қылмыстық жауапкершілікке қатысты 14 жастағы қылмыс жасаған болып есептеледі. Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың құқық бұзушылық бойынша берген статистикасын жариялады: «Жасөспірімдер ісі жөніндегі қызмет мамандарының бақылауында 11 мыңнан астам жасөспірім есепте тұр. Жыл сайын полиция органдарына 100 мыңнан астам жасөспірім түрлі заңбұзушылықтары үшін жеткізіледі. Олардың дені –мектеп оқушылары мен колледж студенттері» екенін атап өткен [1]. Жастар арасындағы бұл тәртіп бұзушылық ұрлық пен қорқытып алушылықтан басталса, үлен ауыр қылмыстарға дейін, тіпті адам өлтіру факторларына дейін алып келеді. Жалпы осындай заң бұзушылыққа қолданатын құқық қорғау органдарының шаралары:



  • Қылмыс жасаған кезде 14 жасқа толған адамдар адам өлтiргенi - 96 бап;

  • денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiрген жағдайда - 103 бап;

  • ауырлататын мән-жайлар кезiнде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiрсе - 104 бап, 2-ші бөлік;

  • зорлық көрсетілген жағдай - 120 бап;

  • ұрлық жасағаны - 175-бап, 2-ші, 3-ші бөліктер;

  • тонаушылық - 178-бап, 2-ші, 3-ші бөліктер;

  • қарақшылық жасағаны -179 бап;

  • қорқытып алушылық - 181-бап, 2-ші, 3-ші бөліктер;

  • ауырлататын мән-жайлар кезiнде автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленген - 185-бап, 2-ші, 3-ші, 4-ші бөлiктер;

  • ауырлататын мән-жайлар кезiнде мүлiктi қасақана жойғаны немесе бүлдiргенi - 187-бап, 2-ші, 3-ші бөлiктер;

  • терроризм актісі - 233-бап;

  • терроризм актiсі туралы көрiнеу жалған хабарлағаны - 242-бап;

  • қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлағаны не қорқытып алғаны - 255-бап;

  • есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды ұрлағаны не қорқытып алғаны - 260-бап;

  • көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіргені - 299-бап [3]

Жастар арасындағы қылмысты алдын алу жолдарын қарастырып, шұғыл түрде бұл мәселені қолға алған жөн. Жасөспірімдердің аяқ астынан қылмыскерге айналуының осындай терең себептері бар екенін ескерген Ішкі істер министрлігі 2007 жылдан бастап орта білім беретін оқу ордаларының жанынан оқушылардың тәртібін қадағалайтын мектеп инспекторлары тобын құрды. Бұл мектеп инспекторлары қазіргі таңда қалалық немесе аудандық Ішкі істер басқармаларының әкімшілік полиция бөліміндегі ювеналды полиция бөлімшелеріне қарайды [4]. Осы мәліметке сәйкес Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтың «Жастар арасындағы қылмыстың көбеюі» жайында берілген ақпаратын негіздесек болады. «Тығырықтан шығудың тағы бір жолы – мектеп инспекторларының жұмысын күшейту. Бүгінгі күні еліміздегі барлық орта білім беретін оқу ошақтарының 46 пайызы ғана мұндай мамандармен қамтылған. Қосымша тағы 1850 қызметкер керек» екенін мәлімдеді [1]. Сондықтан Ішкі істер министрі облыс әкімдеріне аса көңіл бөлуді сұрады.

Сонымен қатар қатаң түрде кешкі 22.00-ден 6.00-ге дейін уақытта заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде кәмелетке толмағандар болып табылатын үш айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде заңды өкілдеріне айыппұл салуға әкеп соғады.



Жаңа ғасыр жастарының қылмыстық әрекеттерін басу, тоқтату жүйесін ұстанып, жасөспірім балаларға деген көп көңіл бөлініп, олардың қызығушылығын спорт салаларына немесе мәдени салаға көңіл аудартса, оларды толықтай бақылау оңайырақ түседі. Оларды әр уақытта жазалап, заңмен қорқыту мәселесі емес керісінше оларға ол істерден аулақ болуын қамтамасыз еткен жөн. Дұрыс бағдар беріп, олардың құқығын қорғайтын болсақ, қоғамды өзгертетіндер де осы жастар болмақ. Салауатты өмір салтын насихаттап, отбасылық жағдайларын қоғам болып шешетін болсақ, яғни заңды түсініп, құрметтейтін азамат тәрбиелеуіміз қажет. Ауылдық жерлерде, балабақшадан бастап спорттық кешендер салынып баланы жасынан бейімдеу керек.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  • http://www.videobox.kz/watch/3UCW3jd4RJg

  • http://pravstat.prokuror.kz/rus/sub/news/nesovershennoletnie-i-ih-roditeli-kto-za-kogo-v-otvete

  • http://kazorta.org/k-meletke-tolma-andardy-ylmysty-zhauapkershiligi/

http://anatili.kazgazeta.kz/?p=20401
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет