А. Б. Билялова «Ландшафтану және физико географиялық аудандастыру»



бет2/5
Дата04.08.2017
өлшемі3,91 Mb.
#22868
1   2   3   4   5
ОӘК төрағасы _____________ Сыздыкова Б.Р.

1. Оқытушы жөнінде мәлімет

Оқытушының тегі, аты, әкесінің аты: Билялова Алина Бакытжанқызы

География және экология кафедрасы

Кафедрада жұмыс істеу уақыты /консультация/ : сәрсенбі сағат 12.00

Байланыс ақпараты: бас оқу корпусы, каб.702

2. Пән жөнінде мағлұмат

Атауы : Ландшафттану және физико — географиялық аудандастыру

Өткізілу уақыты: сабақ кестесі бойынша

Оқу жоспарының көшірмесі:



курс

семестр

Кредит


саны


Дәріс сағаты

Лабораториялық сабақтарының сағаты

СОӨЖ

сағат саны



СӨЖ

Сағат саны


Барлығы



Бақылау формасы

3

5

3

30

15

22

68

135

емтихан


3. Пәннің пререквизиттері: «Жалпы жер тану», «Метеорология және климатология», «Геология палеогеорафия негіздерімен» сияқты жалпы физикалық география курстарының жалғасы.

Пререквизиттері: «Жалпы жер тану», «Метеорология және климатология», «Геология палеогеорафия негіздерімен».

Постреквизиттері: «Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы».«Қазақстанның физикалық географиясы», «ТМД-ның физикалық географиясы», «Антропогендік ландшафтану», «Рекреациялық география».

Пәннің мақсаты: Студенттерге Жердің ландшафттың сферасының барлық табиғи компонентерінің біртұтас бірлігі туралы түсінік беру; айналамыздағы абиғат жағдайының пайда болуын, оның өзгеруін,оған әсер етуші табиғи күштермен, антропогендік күштердің әсер ету мүмкіншеліін зерттеу.

Пәннің міндеттері: Пәннің оқыту обьектілерін айқындап, әдістемелік тәсілдерінің ерекшеліктерімен таныстыру.Табиғи және антропогендік ландшафттар жүйесін оқу; ландшафттардың аймақтық және локальді деңгейін оқып білу; табиғи компоненттер арасындағы байланыстарды айқындау; ландшафттардың жіктелуін, олардың динамикасын, кеңістікте таралуын, антропогендік әрекеттерді зерттеу; әртүрлі ландшафттық кешендердің әртүрлілігі мен біртұтастығы туралы ұғымды қалыптастыру. Ландшафттық географиялық білім берудегі негізгі принциптер:

  • дамытушылық;

  • білім беру;

  • тербиелік;

  • өлке танытушылық;

  • экологиялық;

  • басқа пәндермен интеграциясы;

  • практикалық;

  • зерттеушілік;

  • ғылымдық.

Білгірліктер мен іскерліктер, студенттер нені білу /түсіну керек/ :

    • курстың мақсаты мен міндеттерін; пәннің даму тарихын; басқа пәндермен байланысын және пәннің орнын;

    • ландшафттың жіктелуін;

    • азональдылықты; секторлықты; биіктік белдеулікті; ярустылықты және тосқауылдылықты; морфоқұрылымдық жіктелуді; антропогендік факторларды



    • ландшафт біртұтас геосистема екендігін; ландшафттардың деңгейлерін; ландшафтардың шекарасын;

    • ландшафт морфолоиясын; фация және оның ерекшеліктерін; қоныстар және оның түрлерін;

    • жергілікті жерді жуне оның типологиясын;

    • ландшафт генезисі ландшафтмен динамикасын;

    • Жер сферасының ландшафтысын;

    • ландшафттың класссификациясын; жерлердің ландшафттарын

    • антропогендік ландшафттарды;

    • Қазақстанның ландшафттық құрылымын; жазық және таулы жерлердің ландшафттарын;

    • далалық ландшафттық зерттеу әдістерін.

5. Сабақ жоспары

5.1. Аудиториялық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары






Мазмұны

(тақырып және сұрақтар)



Дәріс сабақ / сағаты

Лаборатор.

сабақтар/

сағаты


Оқулық, әдістемелік құралдар

1.

Ландшафт туралы ғылымның даму тарихы.

1

1

Молдагулов Н. Ландшафттану негіздері және Қазақстанның ландшафт географиясы.

Алматы. Рауан.1994.

Исаченко.А.Г. Ландшафтоведение и физико- географическое районирование. М.: Выс.шк. 1991. 364 с.



2.

Ландшафттың дифференциациялану факторлары. Ендік зоналдылық.

2



3.

Азоналдық, секторлық және ландшафттық зоналар жүйесі.


2

1

4.

Биіктік белдеулік. Ярустылық және барьерлік.

1

1

5.

Морфоқұрылымдық диффенциация.

Антропогендік факторлар.



2



6.

Ландшафт туралы түсінік. Ландшафт компоненті.

2

1

7.

Ландшафт морфологиясы.

2

1

Арманд.Д.Л. Наука о ландшафте. М., 1975. 288с.

Гельдыева Г.В., Веселова К.М. Ландшафты Казахстнан. Алма-Ата, 1992.

Макунина Г.С. Методы полевых физико-географических исслдеований.

М.: МГУ.1988.



8.

Ландшафттық кешендердің генезисі және динамикасы.

1

1

9.

Жердің ландшафттық сферасы.

2

1

10.

Ландшафттардың класс, класс бөлшегі, типі, түрі.

2

1

11

Жазықтық, таулы, тау алды, тау аралық ландшафттар.

2


1



12.

Өзен аңғары, террасалар.

1

1

13.

Мұздықтар.

1

1

14.

Батиальды и абиссальды ландшафттар.

2



15.

Антропогенндік ландшафттар.

2


1

16.

Казақстанның жазықтық ландшафттары.



2


1



Исаченко А.Г. География в современном мире. М., Просвещение, 1998.

17.

Тау жүйесінің ландшафттары.

1

1

18.

Ландшафттарды зерттеудің далалық әдістері.

2

1




Итого:

30

15

5.2. ОБСӨЖ күнтізбелік-тақырыптық жоспары


ОБСӨЖ тақырыптары


ОБСӨЖ сағат

саны


Әдебиетке сілтеме жасау (нег.қос.)

Басқа құралдар (сайттар, электр.оқулықтар)

1

2

3

4

5

1

Ландшафттың дифференциациялану факторлары.Морфоструктуралық дифференциация.

1

1/4,6,8,11

2/2


Арманд.Д.Л. Наука о ландшафте. М., 1975. 288с.


2

Ландшафт морфологиясы.Фацияның өзара орналасуы.Қоныстар.

1

1/4,6,8,11

2/2





3

Жергілікті жер.

1

1/4,6,8,11,29

2/2





4

Ландшафттық кешендердң генезисі мен динамикасы.

2

1/4,6,8,11

2/2





5

Ландшафттық сфераның пайда болуы.Жер беті ландшафттары.

1

1/4,6,8,11,16

2/2





6

Су ландшафттары.

2

1/4,6,8,11

2/2





7

Жазықтық ландшафттар сферасы.

2

1/4,6,8,11,15

2/2





8

Түпкі ландшафт сферасы.

2

1/4,6,8,23

2/2





9

Ландшафттардың класстары мен класс бөлшектері.Типтері.

2

1/4,6,8,11

2/2





10

Батиальды және абиссальды ландшафттар.

1

1/4,6,8,11

2/2





11

Антропогендік ландшафттар.


1

1/4,6,8,11

2/2





12

Аймақтық ландшафттық кешендер.

1

1/4,6,8,11,22

2/2





13

Жеке таулы облыс ландшафтары.

1

1/4,6,8,11

2/2





14

Жеке арнайы карта құрастыру.

2

1/4,6,8,11,15

2/2





15

Ландшафттық экологиялық аудандастыру.

2

1/4,6,8,11,24

2/2







Барлығы

22






5.2.1 ОБСӨЖ тақырыптары бойынша тапсырмалар






ОБСӨЖ тақырыптары

Тапсырмалар

Бақылау түрлері

1

2

3

4

1

Ландшафттың дифференциациялану факторлары.Морфоструктуралық дифференциация.

Дәптерге анықтамаларды жазу.

Ауызша түсіндіру.



Конспектіні тексеру.Ауызша

сұрау.


2

Ландшафт морфологиясы.Фацияның өзара орналасуы.Қоныстар.

Дәптерге анықтамаларды жазу.

Ауызша түсіндіру.



Конспектіні тексеру.Ауызша

сұрау.


3

Жергілікті жер.

Дәптерге анықтамаларды жазу.

Ауызша түсіндіру.



Конспектіні тексеру.Ауызша

сұрау.


4

Ландшафттық кешендердң генезисі мен динамикасы.

Дәптерге анықтамаларды жазу.

Ауызша түсіндіру.



Конспектіні тексеру.Ауызша

сұрау.


5

Ландшафттық сфераның пайда болуы.Жер беті ландшафттары.

Дәптерге анықтамаларды жазу.

Ауызша түсіндіру.



Конспектіні тексеру.Ауызша

сұрау.


6

Су ландшафттары.

Дәптерге анықтамаларды жазу.

Ауызша түсіндіру.



Конспектіні тексеру.Ауызша

сұрау.


7

Жазықтық ландшафттар сферасы.

Дәптерге анықтамаларды жазу.

Ауызша түсіндіру.



Конспектіні тексеру.Ауызша

сұрау.


8

Түпкі ландшафт сферасы.

Дәптерге анықтамаларды жазу.

Ауызша түсіндіру.



Конспектіні тексеру.Ауызша

сұрау.


9

Ландшафттардың класстары мен класс бөлшектері.Типтері.

Дәптерге анықтамаларды жазу.

Ауызша түсіндіру.



Конспектіні тексеру.Ауызша

сұрау.


10

Батиальды және абиссальды ландшафттар.

Дәптерге анықтамаларды жазу.

Ауызша түсіндіру.



Конспектіні тексеру.Ауызша

сұрау.


11

Антропогендік ландшафттар.


Дәптерге анықтамаларды жазу.

Ауызша түсіндіру.



Конспектіні тексеру.Ауызша

сұрау.


12

Аймақтық ландшафттық кешендер.

Дәптерге анықтамаларды жазу.

Ауызша түсіндіру.



Конспектіні тексеру.Ауызша

сұрау.


13

Жеке таулы облыс ландшафтары.

Дәптерге анықтамаларды жазу.

Ауызша түсіндіру.



Конспектіні тексеру.Ауызша

сұрау.


14

Жеке арнайы карта құрастыру.

Дәптерге анықтамаларды жазу.

Ауызша түсіндіру.



Конспектіні тексеру.Ауызша

сұрау.


15

Ландшафттық экологиялық аудандастыру.

Дәптерге анықтамаларды жазу.

Ауызша түсіндіру.



Конспектіні тексеру.Ауызша

сұрау.


5.3. Пәнді оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыздандыру картасы






Оқулықтар,

оқу құралдары



Оқу тілі

Автор, шыққан жылы,

баспахана



Оқулық, оқу құралының саны (данасы)

Электрондық түрі

Кафедрада

кітапханада

1

Ландшафтоведение и физико- географическое районирование.

Рус.


Исаченко.А.Г. М.: Выс.шк. 1991. 364 с.

1

1

Арманд.Д.Л. Наука о ландшафте. М., 1975. 288с

2

География в современном мире.


Рус.

Исаченко А.Г. М., Просвещение, 1998.


1

1

3

География в современном мире.


Рус.

Исаченко А.Г.. М., Просвещение, 1998.

1

1

4

Ландшафты Казахстана.

Рус.

Гельдыева Г.В., Веселова К.М. Алма-Ата, 1992.

1

1

5

Современные ландшафты и хозяйственная деятельность.

Рус.

Современные ландшафты и хозяйственная деятельность.

1




6

Функционирование и оптимизация ландшафтов.


Рус.

Макунина.А.А., Рязанов.П.Н. М.: Изд.геогр.фак. 1988. Гл.1,3,4.


1




7

Методы полевых физико-географических исслдеований.


Рус.



Макунина Г.С. М.: МГУ.1988.


1




8

Ландшафттану негіздері және Қазақстанның ландшафт географиясы.

Рус.

Молдагулов Н..Алматы. Рауан.1994

8

11

9

Мильков ф.Н. Человек и ландшафты.

Рус.

Мильков ф.Н. М.:Мысль, 1973.


1

1

10

Основные проблемы ландшафтоведения и охрана природы Казахстана.


Рус.

Чигаркин А.В. Казахстана.Алма-Ата.1974.

1




11

Ландшафтоведение. Москва.


Рус.

Голованов А.И., Кожанов Е.С.,Сухарев Ю.И. Москва. «КолосС».2005. с.215

1

6






6. Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары

№ тапсырма беру аптасы

Сабақ тақырыбы

СӨЖ тапсырма-

лары


Ұсынылатын әдебиеттер

ОБСӨЖ бақылау формасы

№ тапсырманы

тапсыру уақыты



оқу құрал



беті, § және тарау

1

2

3

4

5

6

7

2,8

1-11

Реферат,

ауызша жауап беру



4,6,11

4/5-10 бет

Бақылау жұмысы,

ауызша жауап беру, тестілік тапсырмалар



8,14




2




4,6,12,24

12-16










3




4,15,22

24-27










4




4,15,22

28-30










5




4,15,22

2,14,29










6




6,11,16

18-35










7




11,23

24-35










8




11,12,24

73-101










9-12




4,6,12,24

54-65










13




15,22

45-56










14




14,28

45-53










15




11

30-73









7.Бағалау ақпараты

Бақылау түрлері (ағымдық, аралық, қорытынды)

Бақылау әдістері (сұрақ, жазба жұмыстары, тесттер)

8. Бағаны қою саясаты

Объективтілігі (бағалау жүйесінің нақты эквиваленті ).

Айқындылығы (хабарлануы).

Ыңғайлылығы (әртүрлі бақылау формасын ескеру).

Жоғары дифференциация (көп ұпайлық бағалау шкаласының көмегімен жоғары дифференциациялау ).

Студенттерге оқу әрекетінің әрбір түрінің бағалану ережесін және ағымдық, аралық, қорытынды ұпайлардың критерийін уақытында айту (семестр басында, сабақ басында, бақылау жұмысының алдында).

Бағаны қою саясаты 100 ұпайлық (100%) жүйеге негізделеді және ұпайлардың төмендегідей бөлінуін қарайды.

Он ұпайлық шкалада бағалау эквиваленті

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Сандық эквивалент

Ұпайдық пайыздық көрсеткіші

Дәстүрлі жүйе

бойынша бағалау



A

4,00

95-100

Өтежақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,00

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,00

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,00

50-54

F

0,00

0-49

Қанағаттанарлықсыз


9. Оқу пәнінің саясаты және академиялық этика

Сабаққа қатысуы

Сабақта өзін-өзі ұстау ережесі

Мадақтау және жазалау

Сабаққа қатысу;

Ауырып қалған жағдайда анықтама қағазын көрсету;

Қатыспаған сабақтардан оқытушыдан тапсырма алып белгілеген уақытта тапсыру


Сабаққа кешікпей келу;

Сабаққа талапқа сай киіну;

Сабақ кезінде бос сөйлемеу;

Сағыз шайнамау;

Ұялы телефонды сабақ кезінде сөндіру;

Оқу процесі кезінде белсенді болу;

Үй тапсырмасын өз уақытында орындау;

Ұжымдық жұмыстарға ұяң студенттерді тарту



Мадақтау баллы:

Белсенді жұмыс – 10%

Сабақты босатпағаны және кешікпегені үшін – 5 %

Жауапты тапқырлықпен айту – 10 %

Жұмысты мерзімінен бұрын орындау – 5 %

Студенттік конференцияға қатысу – 10 %



Жазалау баллдары:

Сабақты босатқаны үшін – 10 %

Тапсырманы орындамаса – 10 %

Жұмысты уақытында тапсырмаса – 10 %

Кешіксе – 10 %

Бірнеше рет қатарынан жауап бермесе – 10 %

Сабақ үстінде тәртіп бұзғаны үшін – 10 %



_1_ - Дәріс
Ландшафттану ғылымының қалыптасу тарихы
Мақсаты: Ландшафттың ғылымының қалыптасау тарихын студенттерге түсіндіру.

1. ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы ландшафттану.

2. Ландшафттану ғылымы екінші дүние жүзілік соғыстан кейін.

3.Ландшафттанудың қазіргі кездегі дамуы.


1. ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы ландшафттану

20 жылдардың басынан-ақ экономиканы қайта құру, жаңа экономикалық аудандарды ұйымдастыру, еліміздің алыс және аз экспедициялар жүргізілген аймақтарын зерттеу жұмыстары аудандастыру істеріне жаңа жігер берді. Тек 1921-25 жылдар аралығындағы жекелеген аудандардағы, республикалардағы, губерниялардағы жүргізілген физгеографиялық аудандастыру жұмыстары Қазан революциясына дейінгі еңбектерден бірнеше есе асып түсті. Бірақ осы уақыттағы жұмыстардың теориялық негізі әлі болса таяз еді, зоналық принцип жеткіліксіз болды. Осы жылдардағы аудандастыру жұмыстарының ландшафттық теорияға қосқан үлесі - провинциальдық принципі. С.С.Неуструевтың, В.Л.Комаровтың еңбектерінде климаттың, топырақ пен өсімдіктің өзгеруі тек қана ендікке ғана емес, бойлық бойынша да, ал оның негізгі себебі құрлық пен мұхиттың қарым-қатынасында екені анықталды. Сонымен зоналық-климаттық факторлар жекелеген жерлердің геологиялық құрылымына, рельефіне, әр түрлі деңгейдегі климаттың континентальдығына әсер ете отырып, әр түрлі комплекс пайда болады екен.

Осы уақыттағы ландшафттық-географиялық идеялардың екінші бағыты- бұл түбегейлі ландшафттық экспедициялдар ұйымдастыру еді. Ландшафттық сьемкалар ірі масштабта жүргізіліп, обьектісі - табиғи территориялық комплекстер болды. Обьективті түрде олар далалық ізденістер кезінде бөлінді, картаға түсірілді де шартты белгілері белгіленді. Ландшафттық сьемкалар кезінде табиғи компоненттер арасындағы тығыз байланыс дәлелденді, индикаторлық өсімдіктер арқылы комплекстің басқа компоненттері, тіпті оның ауылшаруашылық потенциалы анықталды. Осы сьемкаларда табиғи территориялық комплекстердің әртүрлілігі оларды бірнеше грация бойынша бөлуге мәжбүр етті. Осының маңызды қорытындысы ландшафттың баспалдақ бойынша анықтамасы, оны – Б.Б.Полынов –элементарлық ландшафт, И.В.Ларин – микроландшафт деп атады. Түпкілікті ландшафттық ізденістердің тағы бір нәтижесі ол ландшафттардың динамикасы мен эволюциясы туралы алғашқы идеялардың пайда болуы. Сонымен осы кезеңдегі география ғалымдары ландшафт туралы ілімнің дамуына екі тұрғыдан келді «жоғарыдан» - теорияны дамыта отырып, регионалдық схеманы «меридиональдық зонаны» «провинцияны», «төменнен» ландшафттық сьемкалар арқылы элементарлық физгеографиялық бірліктерді бөлді.

20 және 30 жылдары совет географтары арасында ғылымның теориялық және методикалық проблемаларына деген қызығушылық кең тарады. Өйткені мұндай талас- пікірлерге куә болған Л.С.Бергтің «Ландшафтно - географические зоны СССР» (1930) деген еңбегі еді.

Бұл еңбегінде Л.С.Берг ландшафттану ғылымының дамуына В.В.Докучаевтың көп еңбегі сіңіргенін айта келіп, өзінің ландшафт туралы берген бірінші анықтамасын толықтырды, мысал келтірді, олардың ара қатынасындағы жекелеген компоненттердің ролін қарастырды, уақыт бойынша ландшафттардың өзгеруіндегі негізгі себептер мен факторларды атап айтты. Сол кездегі көптеген географтар сияқты Л.С.Берг те ландшафттарды кеңістіктегі алатын аумағына қарай дұрыс ажырата білмеді. Оның түсінігі бойынша ландшафтқа жер бетіндегі қайталанып отыратын балшықтар, төбешікті құмдар, қайталанып отырмайтын регионалдық бірліктер: Валдай қыраты, тіпті Орта Сібір қыраты да енді. Сонымен ландшафт туралы ұғымды талқылауда екі түсінік туды.

Біріншіден, Л.С.Берг ландшафт анықтамасында оның жер бетіндегі зоналарда қайталанып келетіндігін айтса, екіншіден, ол ландшафт «географиялық индивид» не кеңістікте, не уақыт бойынша қайталанбайды деді. Л.С.Бергтің еңбегіндегі осындай қарама-қайшылыққа бірінші болып 1932 жылы М.А.Первухин назар аударды. Первухиннің ғылымға қосқан үлесі: ландшафттану ғылымының негізгі әдісі аудандастыру мен территорияға типологиялық талдау жасау және аудан дегеніміз белгілі территория типтерінің жинағы. Дегенмен типологиялық әдіске ол шешуші роль берді, сондықтан ландшафт түсінігін біртекті территориялар бірлестігі емес, бір-біріне ұқсас территория типі деп түсінді. Сонымен Первухиннің түсінігі бойынша ландшафт белгілі территория емес, классификациялық түсінік.

Бірқатар географ ғалымдар Первухиннің түсініктемесімен келіспеді, осылай ландшафт туралы 2 - типологиялық және регионалдық ұғым пайда болды. Регионалдық ұғымға нақты түсініктеме беріп, ландшафт морфологиясы идеясын дамытқан Л.Г.раменский еді.

2. Ландшафттану ғылымы екінші дүние жүзілік соғыстан кейін

Соғыстан кейінгі ландшафттану ғылымының дамуы ландшафттық сьемкаларды одан әрі өрістету еді. Бұл жұмыстың қолдаушысы болып Н.А.Солнцевтің басқаруымен Мәскеу университетінің ғалымдары, 50 жылдардың бас кезінде Ленинград, Львов, Латвия тағы басқа республикалардың ғалымдарының ландшафттық сьемканы өрістетуі еді. 1947 жылы Н.А.Солнцев Ленинград қаласында болған географтардың ІІ сьезінде Мәскеу университеті ғалымдарының жасаған істерін қорытындылады. Ол Л.Г.Раменскийдің ландшафттың морфологиясы мен оның регионалдық түсініктерін дамытты, Солнцевтің анықтамасы бойынша табиғи территориялық комплекстер қатарында ландшафт негізгі таксономиялық бірлік, қоныстар мен фациялардың заңдылықты түрде үйлескен құрамасы. Сонымен Л.С.Бергтің ландшафт-табиғи компоненттердің бірлігі туралы идеясы одан әрі дамуын тапты. Осы уақытта мемлекеттік университеттердің география факультетінің оқу жоспарына «Ландшафт туралы ұғым» сабағы енгізілді.

1947 жылы ТМД Ғылым Академиясының ғалымдарының еңбегінің нәтижесі ретінде «Естественно-географическое районирование СССР», С.П.Сусловтың «Физическая география СССР» деген еңбектері жарық көрді. Бұл еңбектерде қолданылып келе жатқан жіктеумен қатар алғаш рет ірі регионалдық бірліктерді жіктеуде азоналдық принцип қолданылды. Дегенмен ландшафт туралы ілім мен физгеографиялық аудандастыру жұмыстары бір-біріне бағынышсыз дамыды. Тіпті ландшафттану ғылымы тек «кіші» табиғи территориялық комплекстерді, ал аудандастыру кезінде жоғарғы бірліктерді зоналарды, секторларды, аймақтарды зерттеу керек деген ұғымдар да болды. Сонымен бұл бағыттарды бір-бірімен байланыстыратын географиялық қабықшаның территориялық дифферециациясы заңдылықтары ұғымы жетіспеді. Бірақ бұл ұғымның алғашқы бірлігі, ландшафттың негізгі «түйін» екені, аудандастырудың ландшафттардың жоғарғы бірлігінің жиынтығы екені туралы түсініктердің дамуы еді.

Ландшафттану ғылымының дамуына 1655 жылы Ленинград қаласында болған І ландшафттану жиыны үлкен үлес қосты. Бұл жиындарда, мерзімді басылымдарда ландшафттанудың теориясы, ізденіс әдістері, ландшафттық карталар жасау талқыланды.1961-65 жылдары 1:4000000 масштабтағы ТМД территориясы бойынша ландшафттық карта жасалынды. Осыған байланысты ландшафттарды жүйелеу проблемасы туды.

Ландшафттық ізденістер екінші дүние жүзілік соғыстан кейін шет елдерде де жалғастырылды. Оның ішінде К.Троллдың ландшафттың жаратылыста өз шекарасы бар табиғи бірлік екені, ландшафттардың морфологиясы мен экологиясын ажыратудың, фацияның синонимі ретінде «экотоп» терминін енгізуін атап кетпеуге бомайды.


3. Ландшафттанудың қазіргі кездегі дамуы

60 жылдардағы ғылыми-техниканың кең өріс алуы, өндіріске көп табиғи ресурстарды пайдалану, орман шаруашылығындағы ағаштарды жөнсіз кесу, атмрсфераның, су, топырақ жамылғысының ластануы, ауыл шаруашылығына қажетті жерлердің көлемінің азаюы адамзат алдында жаңа проблемалар туғызды. Сондықтан адамзат баласына қажетті ортаны сақтау, табиғатты қорғау, ландшафттарды қайта құру мәселелері туды. Осыған байланысты ландшафттану ғалымдарының істерінде күрт өзгеріс, яғни олардың құрамын, даму бағытын, техногендік өзгеруін қарастыру күн тәртібіндегі негізгі іс болды. Сонымен қатар ландшафттық геохимия әдістерін жетілдіру, ландшафттардың биологиялық өнімділігін арттыру міндеттері туды.

Ғылымдағы осындай бетбұрыс ландшафттануға системалық әдісті енгізумен сәйкес келді, В.Б.Сочава ғылымға табиғи территориялық комплекстің эквиваленті ретінде геосистема деген түсінік енгізді, оның уақыт бойынша өзгерісіне назар аударды. Ғылымдағы прогресс жаңа әдістерді қолдануымен толықтырылды: математикалық статистика, геосистеманың графикалық және математикалық моделін жасау, космостық , аэрофото-суреттерін қолдану, ландшафттық-рекреациялық ізденістердің артуы. Ғалымдардың негізгі жұмыстары ландшафттар мен қоныстарға ауылшаруашылығына қажеттілігі тұрғысында баға беру еді.


Тексеру сұрақтары:

1. ХХғ. 20-30 жылдары ландшафттанудың қайта құрылудың маңыздылығы неде?

2. Соғыстан кейінгі ландшафт ғылымының дамуына қандай мақсат болды?

3. Ландшафттанудың қазіргі кездегі дамуы қандай көрсеткіште?



_2_ - Дәріс
Ландшафттардың дифференциялану факторлары. Ендік зоналдылық
Мақсаты: Студенттерге ландшафттың дифференциялану факторлары мен ендік зоналары туралы түсіндіру.

1. Ландшафттардың дифференциялану факторлары.

2. Ендік зоналдылық.
Физгеографиялық дифференциацияның екі деңгейі ажыратылады: регионалдық және жергілікті. Регионалдық дифференциация эпигеосфераға әсер ететін екі фактордың әсерінен: күн энергиясы мен жердің ішкі энергиясы әрекеттерінен пайда болады. Бұл фактолар кеңістік пен уақыт бойынша әрқалай бола отырып, екі жалпы географиялық заңдылықты- зоналық пен азоналдықты анықтайды.

Ендік зоналдылық деп физгеографиялық процестердің, компоненттердің, комплекстердің экватордан полюстерге қарай заңдылықты ауысуын айтамыз. Зоналық өзгерудің негізгі себебі жер шар тәрізді болғандықтан күннің қысқа радиациясының әр түрлі таралуы мен жерге күн энергиясының әр түрлі бұрыш бойынша құлауы. Сондықтан ендік бойынша жер бетінің белгілі көлеміне түсетін күн жылуы әрқалай. Демек, зоналықтың пайда болуына екі жағдайдың: күн радиациясы мен жердің шар тәрізділігі жеткілікті. Шындығында ендік бойынша күн энергиясының таралуы басқа да факторларға байланысты. Мысалы, Жер мен Күннің ара қашықтығы.

Зоналыққа жердің массасы да әсерін тигізеді, өйикені ол күн энергиясының таралуы мен трансформациясын атмосфера қабаты арқылы ұстап тұрады. Зоналық схемаға жердің тәуліктік жылжуы, яғни солтүстік жарты шарда оңға, ал оңтүстік жарты шарда солға жылжуы да әсерін тигізеді.

Күннің жарық энергиясының зоналық таралуының алғашқы қорытындысы жер бетіндегі радиациялық баланстың зоналық таралуынан көрінеді. Дегенмен, жер бетіне келіп түсетін радиацияның ендік бойынша ауқымалығы байқалады. Жер бетіне келіп түсетін жиынтық радиациясының ең көп мөлшері экваторда емес, екі жарты шарда да 20 және 30 параллельдерде болады.

Ендік бойынша жылудың біркелкі таралмауының салдары: ауа массаларының, атмосфера циркуляциясының, ылғалданудың зона бойынша өзгеруі. Жер бетінің әр түрлі қызуы мен буланудың әсерінен температуралық қасиеті, ылғалдылығы мен тығыздығы әрқалай ауа массалары пайда болады. Негізінен төрт зоналық ауа типтерін бөледі: экваторлық (жылы, ылғалды), тропиктік (жылы, құрғақ), бореалдық( салқын, ылғалды) жәнет арктикалық, ал оңтүстік жарты шарда антарктикалық. Ауа массаларының әр түрлі тығыздығы мен қызуы тропосфера қабатында термодинамикалық тепе-теңдікті және тауа массаларының қозғалуын өзгертеді. Егер де жер өз осінің бойымен қозғалмаса, онда экваторлық ендіктен ауа массалары жоғары көтеріліп полюстерге, ал полюстерден жер беті арқылы экваторға қайтып келген болар еді. Басқаша айтқанда циркуляция меридионалды болар еді де, солтүстік жарты шарда солтүстік, ал оңтүстік жарты шарда оңтүстік желдер соғар еді. Бірақ жердің қозғалуы бұл схемаға бірқатар өзгеріс енгізеді. Сондықтан тропосфера қабатында бірнеше циркуляциялық зона пайда болады.

Олардың негізгісі ауа массаларының төрт зоналық типіне сәйкес келеді, сондықтан әр жарты шарда олар төрттен: экваторлық екі жарты шарға да ортақ( төменгі қысым, желсіз тымық), тропиктік( жоғарғы қысым, шығыс желдер), қоңыржай (төменгі қысым, батыс желдер), полярлық (төменгі қысым, шығыс желдер). Сонымен қатар үш өтпелі зонаны: субарктикалық,субтропиктік және субэкваторлық ажыратады. Атмосфера циркуляциясы жазда полюстерге, ал қыста экваторға жақын болғандықтан жыл мезгілдері бойынша ауа массалары мен циркуляция типтері ауысып отырады. Сонымен әр жарты шарда жеті циркуляциялық зонаны ажыратады. Күн жылуының зона бойынша бөлінуі жер бетінде жылу белдеулерінің жіктелуінен көрінеді. Негізінде мынадай белдеулерді ажыратады: ыстық (орташа жылдық температура 20°С жоғары), екі қоңыржай, екі суық. Бұл схема шартты түрде ғана,. Өйткені қоңыржай белдеу, үлкен температуралық аумақты – тундра зонасынан шөл зонасына дейін алып жатыр.

Демек, мұндай температуралық белдеулер циркуляциялық және ылғалдану белдеулерімен сәйкес келмейді. Атмосфера циркуляциясының зоналығымен ылғал айналымы мен ылғалдану тығыз байланысты. Бұл жауын-шашынның таралуынан айқын көрінеді. Жауын-шашынның мөлшері ландшафттар мен табиғи процестердің ылғалмен қамтамасыз етілуін анықтайды. Дала зонасында 500 мм жауын-шашынды біз жеткіліксіз ылғалдану десек, ал тундрада 400 мм-де артық ылғалдану екенін білеміз. Ылғалдануды білу үшін біз геосистемаға жыл бойы түсетін жауын-шашын мөлшерін ғана емес, сол геосистеманың дамуына қажетті ылғалдануды білуіміз қажет. Ылғалданудың көрсеткіші булану, яғни жер бетінен булануға тиісті ылғал ылғал мөлшері. Жыл бойы түсетін жауын-шашынның жылдық булану көрсеткішіне қатынасы климаттық ылғалдану деп аталады. Бұл көрсеткішті 1905 жылы алғаш рет Г.Н.Высоцкий енгізді. Кейіннен Н.Н.Иванов бұл көрсеткіштің изолиниясын құрып, оны ылғалдану коэффициенті (К) деп атады да, ландшафттық зоналар шекарасының (К) ылғалдану коэффициентінің әр түрлі мөлшерімен сәйкес келетінін көрсетті: тайга мен тундрада 1-ден аспайды, орманды далада 1,0-0,6, далада 0,6-0,3, шөлейт зонасында 0,3-1,12, ал шөл зонасында 0,12 төмен. Егер К 1-ге тең болса, онда оптимальді ылғалдану, К 1-ге жуық болса, онда өсімдіктер жамылғысының азықтық мөлшері жоғары, К 1-ден төмен болса, онда ылғалдану жеткіліксіз. Климаттық зоналықтың әсері басқа да географиялық құбылыстарда- гидрологиялық режимде, су ағынында, батпақтану мен жер асты суларының таралуында, топырақтың үгілу қабығында , химиялық элементтердің миграциясында байқалады. Географиялық зоналдылық тірі ағзалардың таралуынан да көрінеді. Сондықтан да ландшафттық зоналар атаулары өсімдіктер типіне қарай аталынады.

Дегемен кейде жер бетінің рельефі мен ландшафттардың геологиялық фундамент ізоналық емес, оларды «азоналық» деген түсініктер де кездеседі. Сонымен географиялық компоненттерді зоналық, азоналық деп жіктеу дұрыс емес, өйткені әрбір компонентте зоналық және азоналық процестердің әсері байқалады. Біз білетініміздей рельеф табиғаты азоналды эндогенді факторлармен қатар экзогендік факторлар нәтижесінде пайда болды(үгілу, желдің, мұздықтардың, ағын сулардың әсерінен). Осы екінші топтағы процестер зоналық процестерге, ал солардың әсерінен пайда болған скульптуралық рельеф формалары жер бетінде зона бойынша таралады. Мысалы, жекелеген зоналардың өзіне тән рельеф формалары:шөл зонасында-эолдық рельеф типтері, ағынсыз сор ойыстар, дала зонасында- жыралар, сайлар. Тіпті азоналдық деп есептелетін карст формаларының , теңіз жағалауларының пайда болуы зоналық заңдылыққа негізделген.

Зоналық және азоналық процестердің ықпалы тіпті жер қыртысының құрамына да әсерін тигізеді. Жанартаудың атқылауынан жер бетіне шыққан жыныстар азоналды болғанымен, жоғарғы шөгінді қабаты климаттың, ағын судың, тірі ағзалардың әсерінен дамиды, сондықтан да зоналықтың әсері байқалады. Н.М.Страховтың айтуы бойынша геологиялық жыл есебінде жыныстардың пайда болуы мен дамуы әр зоналарда әр түрлі. Мысалы, арктикалық және антарктикалық мореналы жыныстар, шөл зонасында тұзды жыныстар, ал ылғалдылығы жеткілікті зоналарда жыныстардың пайда болуы әрқалай., тіпті қоңыржай, субтропик және экваторлық климатты аймақтар бойынша ерекшелігі едәуір.

Зоналық заңдылықтың әсері эпигеосфераның бөлігі- ландшафттық сфера мен күн радиациясының байланыста болатын аумағында жақсы білінеді. Осыған эпигеосфераның шеткі аймақтарына қарай зоналықтың әсері біртіндеп әлсірейді. Тау жыныстарындағы жарықшақтармен су және ауа массаларының енуі литосфераның біршама тереңдігінде зоналықтың әсерінің барлығын көрсетеді. Тіпті жер асты суларының орналасуында да зоналық байқалады: оны судың температурасының, тұздылығының өзгеруінен көреміз.

Сонымен зоналық универсальды географиялық заңдылық- барлық ландшафт құрушы факторлардың, процестердің және геосистемалардың жер бетінде орналасуынан көрінеді.

Тексеру сұрақтары:

1. Ландшафттардың дифференцияның қандай екі деңгейі ажыратылады?

2. Ендік зональдылық дегеніміз не?

3. Қандай ғалымдар өз үлестерін қосты?



__3__ - Дәріс
Азоналдық, секторлық және ландшафттық зоналар жүйесі
Мақсаты: Азоналдық, секторлық және ландшафттық зоналар жүйесі туралы студенттерге түсіндіру.

1. Азональдық.

2. Секторлық және ландшафттық зоналар жүйесі.
В.В.Докучаев табиғи зоналарды дұрыс белдеулер, яғни параллельдермен шектелген орталық деп түсінбеді. Оның түсінігі бойынша табиғат- математика емес, зоналық- тек схема ғана. Кейіннен түпкілікті зерттеулердің нәтижесінде ландшафттық зоналардың жалпы белдеу емес екендігі, кейде олардың бөлініп бірнеше территорияларда кездесетіндігі дәлелденді. Мысалы, жалпақ жапырақты ормандардың құрлықтардың шеткі территорияларында, ал шөлді аймақтар оның материктердің орталығына орналасады. Керісінше белгілі бір зонаның территориясында физгеографиялық қарама-қайшылықтардың кездесуі мүмкін, ал таулы аймақтарда зоналық ендік жойылып, биіктік белдеулер пайда болады. Шындығында зоналық ендіктің мұндай ауытқымалары құрлықта, мұхиттарда, жазықтарда әр түрлі жағдайларда бірдей емес.

Жердің тектоникалық дамуында оның жоғарғы қабаты жердің ішкі энергиясының әсерінен зоналық, азоналдық заңдылықтардың әсеріне ұшырайды. Жер бетінің азоналдық дифференциациясының қорытындысы құрлықтағы биіктіктер мен мұхиттардағы қазаншұңқырлар, яғни құрлықтар мен мұхиттар. Құрлық жер бетінің 29℅ , ал мұхиттар 71℅ алып жатыр, олардың салыстырмалы қатынасы эпигеосфераның әр бөлігінде әрқалай. Географиялық қабықшаның полярлық ассиметриялығы құрлықтардың үлкен бөлігі солтүстік жарты шарда орналасқанынан көреміз. Жер бетінің қатты қабаты мен сулы қабатының физикалық қасиеттерінің әрқалайлығына байланысты континенттік және мұхиттық ауа массалары қалыптасады. Қалыптасқан континенттік-мұхиттық ауа ағыны жалпы атмосфера цикуляциясының қозғалысын қиындатады. Мысалы, муссондар- ауа массалары жазда мұхиттардан қызған құрлыққа қарай, ал қыста керісінше жылжиды. Сонымен территорияның континенттік-мұхиттық атмосфера циркуляциясы системасына алыс, жақын орналасуы физгеографиялық дифференциациясының негізгі факторы болып табылады. Мұхиттардан құрлық орталығына жылжыған сайын, әлбетте, теңіздік ауа массаларының қайталануы азаяды, климаттың континентальдығы артады, жауын-шашын мөлшері кемиді.

Сонымен қатар жер бетінде жылудың таралуының қосымша факторы жалпы атмосфера циркуляциясына, құрлықтарлың орналасу жағдайына, конфигурациясына байланысты қалыптасатын теңіз ағыстары. Суық ағыстар өтетін аймақтарда мұхит беті жыл сайын 2500 МДж/м² дейін жылу жоғалтады, бұл булануға кететін жылу мөлшерімен тең. Ал Атлант мұхитының қоңыржай белдеуінде жылы ағыстың әсерінен мұхит беті 1000, ал кей жерлерде 3000 МДж/м² дейін қосымша жылу алады. Теңіз ағыстары атмосфера циркуляциясы арқылы құрлықтардың шеткі аймақтарының температуралық жағдайы мен ылғалдануына әсерін тигізеді (мысалы, суық ағыстар тек температураны төмендетіп қана қоймайды, климаттың құрғақтығын арттырады, ол әсіресе Перуан, Калифорния ағыстарынан айқын байқалады).

Континентальды-мұхиттық ауа массаларының температуралық әсері, әсіресе қыс айларында айқын байқалады, өйткені қатты суыған құрлық бетінде жоғарғы қысымды аймақтар пайда болады. Бұл кезде мұхиттарға жақын жатқан территориялар теңіздік ауа массаларының әсерінде болғандықтан, құрлық орталықтармен салыстырғанда жылы болады (негізінен құрлықтардың батыс бөлігі). Мысалы, бір ендікте жатқан Скандинавия түбегінің батыс бөлігі мен Сібірдің солтүстік шығысындағы тауаралық ойпаттардың қаңтар айының орташа температурасының айырмашылығы 47°С. Жазда құрлық орталығында жылылау, дегенмен айырмашылығы онша емес, мысалы, орталық Якутияда Скандинавия түбегінің батыс жағалауымен салыстырғанда 4-5°С жылы.

Мұхиттардың құрлықтардың температурасына әсері туралы жалпылама бағаны климаттың континентальдық көрсеткіштері арқылы білуге болады. Климаттың сандық жағынан континентальдығын анықтайтын бірнеше әдістері бар. Олардың ішінде дұрыс деп табылғаны 1959 жылы Н.Н.Ивановтың ұсынған көрсеткіші. Бұл көрсеткіш мына формула арқылы есептеледі:

К= ( Ат+Ас+0,25 До/ 0,36µ+14)·100

Мұнда : К- климаттың континентальдығы (100 процент деп белгіленеді), Ат- ауа температурасының тәуліктік амплитудасы, До- ең құрғақ айдағы салыстырмалы ылғалдылықтың жетіспеуі, µ- жергілікті жер ендігі.

Бұл жер бетіне түсетін жауын-шашынның жылдық мөлшері 103 мың км³ болса, оның 37 мың км³ адвективті ( яғни горизонтальды ығысқан) жауын-шашын да, 66 мың км³ құрлықтардан буланған жауын-щащын. Құрлықтың орталық бөлігіне жақындаған сайын теңіздік ауа массалары ылғалдылығын азайтады, өйткені оның көп бөлігі теңіз жағалауларында, әсіресе, теңізге жақын орналасқан тау беткейлерінде қалады. Тайга зонасының Атлант мұхитына жақын жатқан және құрлықтың орталығына орналасқан аймақтарындағы ландшафттардың жауын-шашын мөлшерінің айырмашылығы 3-4 есе.


Субтропиктік және тропиктік ендіктерде бұл айырмашылық ерекше байқалады: шығысында муссондық жауын-шашын мөлшері көп, ал орталық және батыс аймақтарда континентальдық пассаттардың әсерінен құрғақ. Мұхиттардан құрлықтарға жылу мен жауын-шашыннан басқа ауа массалары арқылы тұздар жеткізіледі. Бұл процесті Г.Н.Высоцкий импульверизация деп атады, ол шөл және шөлейтті жерлердегі тұзданудың бірден бір себебі болып табылады.

Континентальды-мұхиттық ауа массалары циркуляциясының ландшафттарға әсері әрқалай. Ерте уақыттан-ақ мұхит жағалауларынан құрлыяқ орталығына қарай жылжыған сайын заңдылықты түрде өсімдік жамылғысының, жануарлар дүниесінің, топырақ типтерінің өзгеретіндігі байқалған. 1921 жылы В.Л. Комаров бұл құбылысты меридиональдық зоналық деп атады, ал қазіргі кезде секторлық деген ұғым қолданылады. Екуінде де ұқсастық байқалады. Дегенмен табиғи құбылыстардың зоналық ендік бойынша өзгеруінде негізгі рольді жылумен қамтамасыз етілуі мен ылғалдану атқарса, секторлықтың негізгі факторы ылғалдану. Физгеографиялық процестердің дифференциациясына бойлық бойынша жылудың өзгеруі де әсерін тигізеді.

В.Л.Комаров құрлықтарды үш «меридиональдық зона» батыс, орталық, шығыс деп бөлуге болады деп түсінді. Ал А.И.Яунпутнинь осылай құрлықтарды үш физгкографиялық секторға жіктеді. Кейіннен әр түрлі ендіктерде секторлықтың бірдей еместігі дәлелденді. Еуразия материгінің қоңыржай белдеуінде құрлықтың ұзындығы мен атмосфера циркуляциясының ерекшеліктеріне байланысты секторлықтың толық спектрі байқалады.

Пассаттар белдеудің шығыс желдер басым аймақтарында шөлдер құрлықтың орталық бөлігінен батыс жағалауына дейін созылады да ылғалды батыс мұхиттық сектор болмайды. Тек құрлықтың шығыс бөлігінде муссондардың әсерінен орманды ландшафттар қалыптасады. Сонымен тропиктік белдеудің секторлық құрылымы әр қалай, негізгі 2 сектордан басқа өтпелі саванналық ландшафттары басым континентальдық секторды бөлуге болады.

Субтропиктік ендіктерде секторлық дифференциация ауыспалы, дегенмен тропиктікке жақын. Субэкватор және экватор ендіктерінде секторлық әлсіз байқалады, бірақ жоғалып кетпейді. Экватор зонасында ауа массаларының горизонтальдық ауысуы әлсіз, конвекцияның әсерінен құрлыққа көп жауын-шашын жауады.

Полярлық облыстарда біркелкі ауа массалары басым болғандықтан, төменгі температура мен ылғалданудың артықшылығынан секторлық физгеографиялық айырмашылық онша байқалмайды. Секторлық пен зоналық бір-бірімен тығыз байланысты құбылыс. Секторлықты тек бойлықтық дифференциация деп түсіну дұрыс емес, өйткені континентальды-мұхиттық ауа массаларының ауысуы тек бойлық бойынша ғана емес, ендік бойынша да байқалады. Егер теңізлік ауа массалары құрлыққа солтүстіктен немесе оңтүстіктен енетін болса, онда секторлық зоналықпен қатар жүріп, ландшафттардың зоналық ауысуын күшейтеді немесе әлсіретеді.

Мысалы, Солтүстік мұзды мұхиттың жазғы температураны төмендететін, әсіресе Еуразия мен Солтүстік Америка материктерінің солтүстік жағалауларында байқалады. Ендік температуралық градиент тундрада 10-20 есе жоғары, тайгамен салыстырғанда, жаздық изотерма теңіз жағалауларына параллель орналасады, тундраның оңтүстік шекарасы орналасуы бойынша құрлықтың солтүстік теңіз жағалауларының формасына сәйкес. Бұл тундра зонасының зоналық құбылыс екеніне қарамастан, оңтүстік шегі мұхиттың суық ықпалымен айқындалатынын көрсетеді.

Ал оңтүстік-шығыс Азия бөлігінде басқаша. Үнді мұхитынан келетін пассаттар жаз айларында мұхиттық муссонға ауысып экватордан солтүстікке құрлықтың біршама орталығына таралып, тропиктік шөлдерді ығыстырады, сөйтіп тропиктік ормандар мен саванналардың шекарасын солтүстікке қарай жылжытуға жағдай жасайды.

Дегенмен, көптеген жағдайда, секторлық дифференциация бірталай табиғи зоналарды кесіп өтеді, өйткені әрбір зона бір сектордан екіншісіне ауысқанда біршама өзгерістерге ұшырайды.

Оған қоңыржай континенттік Шығыс Еуропа секторында, Батыс Сібірдің континенттік белдеулерінде жекелеген «участкелермен» кездесетін тайга зонасы мысал болады.

Егер белгілі бір ендікте біртиптес жылу мен ылғалдану процесі сақталса, онда ландшафттық зоналар біркелкі, яғни бөлінбейтін болып келеді. Климаттың континентальдығының секторлар бойынша өзгеруі бойлық бойынша зоналар вариантының құрылуынан көрінеді. Егер біркелкі жылумен қамтамасыз етілген ендікте бір сектордан екіншісіне ауысқанда, ылғалдану айырмашылығы болса, онда зоналар ауысады, ендік бойынша бірнеше зона қалыптасады.

Сонымен зоналық пен секторлықтың ара- қатынасын қарастыра отырып, біз бір ғана емес бірнеше ландшафттық зона системалардың бар екендігін мойындаймыз. Зоналар системасы деп біз құрлықтың бойлық секторына тән бөлінбейтін ландшафттық зоналар системасын түсінеміз, негізінен,континентальдық және мұхиттық қатарларға жіктеледі. Біріншісі әр түрлі белдеулердің шөл зонасы, шөлейттер, даралар, екіншісіне әр түрлі ендіктердегі орман зоналары жатады. Бірақ зоналардың батыс пен шығыс бөліктерінде ылғалдану процесінде біршама айырмашылық бар. Жоғарыда айтылған зоналық спектрдің бірқатар ерекшеліктері физгеографиялық процестердің: буланудың, фитомасса қорының және өнімділіктің әртүрлігінен байқалады.

Тексеру сұрақтары:

1. Жер бетіне түсетін жауын-шашынның жылдық мөшері қанша?

2. Г.Н. Высоцкий импульверизация деп нені атады?

3. В.Л.Комаров құрлықтарды нешеге, қалай бөлуге болады деді?



__4__ - Дәріс
Биіктік белдеулік. Ярустылық және барьерлік
Мақсаты: Биіктік белдеулік не екенін, Ярустылық және барьерлік не екенін студенттерге түсіндіру.

1. Биіктік белдеулік.

2. Ярустылық және барьерлік.

Биіктіктің жазықтағы орналасқан ландшафттар дифференциациясына әсер ететіндігі ерте кезден-ақ белгілі болған. ХІХ ғасырдың бас кезінде Г.Н.Высоцкий «Орыс жазығының оңтүстік бөлігіндегі рельефтің биіктігінің өзгеруі құрғақ және жылы климаттық зонадан, ылғалды да суық зонаға ауысқаны сияқты әсер етеді», - деп жазған еді. Қыраттарға ойпатты жерлермен салыстырғанда жауын-шашын көп жауатындығы, сондықтан орманды дала зонасындағы қыраттарда ормандардың ойпаттарға қарағанда едәуір жақсы қалыптасқандығы белгілі. Жазықты жерлердегі ауа температурасы таулардағыдай биіктік артқан сайын төмендейді. Вертикаль бағыттағы температуралық градиент әр түрлі аудандарда әр қалай, әр жыл мезгілдері сайын да өзгеріп отырады, дегенмен орташа 0,5-0,6 ° С-ға жақын. Сондықтан, егер биіктік айырмашылығы 200 м болса, онда орташа ауа температурасы 1°с-ға төмендейді. Температураның мұндай бірлікке төмендеуі, әрине, биіктік белдеулердің пайда болуы үшін жеткіліксіз, бірақ зоналардың ендік шекарасының ауытқуына әсерін тигізеді. Шындығында, ландшафттық зоналардың шекарасы көбінесе толқын тәріздес болып келеді: қыраттарда олар оңтүстікке, ал ойпаттарда солтүстікке ығысады. Дегенмен, мұндай жағдайды белгілі бір тура, өзгермейтін заңдылық деп айта алмаймыз, өйткені табиғатта шекаралардың керісінше суреттерін де кездестіреміз.

Сонымен жазықтық жерлерде абсолюттік биіктік шешуші роль атқарады. Төменгі деңгейдегі жазықтар аккумулятивтік жас рельеф формаларымен сипатталады, үстіңгі жер бедері аз тілімденген, борпылдақ шөгінділерден құралған, жер асты сулары жер бетіне жақын орналасқан. Қыратты жазықтардың жасы ескілеу, денудациялық процестер басым, біршама жақсы тілімденген, жер асты суларының деңгейі төмен орналасқан.

Жоғарыды аталып өткен айырмашылықтардың ландшафт құрушы әсері зор.Мысалы,тайга зонасындағы ойпаттар қыраттармен салыстырғанда 200-300 м жауын-шашын мөлшерін аз алады, бірақ көрші қыраттардың беткейлерінен қосымша ылғал келетіндіктен , сонымен қатар су ағыны нашар болғандықтан ойпаттарда ылғалдану өте жоғары. Осының негізінде тайгалық ойпаттарда батпақтану процесі басым, ал қыраттарда батпақтар аз. Екінші жағынан тайгалық қыраттар жаз айларының температурасының төмендігіне, вегетациялық кезеңнің азаюына қарамастан оңтүстік ландшафт элементтерін солтүстікке өткізуші роль атқарады. Мысалы, Валдай жазығында еменді ормандар ойпаттармен салыстырғанда, солтүстікке қарай дамыған. Сонымен атмосфералық ылғалдылықтың артықтығына қарамастан, қыраттар зоналық шекаралардың оңтүстікке емес, солтүстікке ығысуына ықпал етеді. Атмосфералық ылғалдылық тұрақты емес, орманды дала зонасында жауын-шашын мөлшерінің көбеюі рельеф әсерімен сәйкес келеді, осының нәтижесінде жалпақ жапырақты орман зонасының шекарасы бірдей оңтүстікке, бірдей солтүстікке ауысып отырады. Орман өсімдіктері мен оған сәйкес келетін топырақ жамылғысының тарлуына рельефтің тілімденуі, жер беті сулары мен тез еріп кететін тұздардың шайылуы әсерін тигізеді, сонымен қатар аналық жыныс құрамында да әсері мол.

Сонымен жазық жерлердің ландшафттарының дифферециациясының екі деңгейі анық байқалады. Олардың екеуінің арасындағы шекарасы белгілі бір дәл мағынадағы сандық өлшеммен берілмейді. Орыс жазығында ол шамамен алғанда 170-180 м абсолюттік биіктікте орналасқан. Ал биіктеу жазықтарда, биіктік белдеу қасиеттері байқалған жағдайда, қосымша белдеулерді жіктеуге тура келеді. Ярустылықты жазықтарға да, тауларға да тән жалпы географиялық заңдылық деп қарастыруымыз керек. Биіктік белдеулер тек таулы табиғи комплекстерге тән.

Тауларда вертикальды бағыт бойынша тек қана климаты өзгеріп қана қоймайды, сонымен қатар жер бетінің құрамы да өзгереді. Негізінен тауларды аласа, орта және биік таулар деп үш деңгейге бөлу олардың пайда болу кезеңдерімен, жекелеген бөліктерінің жасымен, тектоникалық қозғалыстарының интенсивтігімен, экзогендік тілімденуінің ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Осы деңгейлер бойынша өзгерістер таулардың шеткі бөліктерінен орталығына қарай ауысып отырады.

Биік таулы аймақтардың шеткі бөліктерін тауалды жазықтар немесе аласа қыраттар құрады, гумидті климатты аймақтарда орналасқан таулармен салыстырғанда аридті облыстарда олар мезгілдік су ағындарымен шайылған, тауалды пролювиальдық шлейфтермен қоршалған. Орташа тауларға терең эрозиялық тілімдеңулер, ал биік тауларға қазіргі мұздықтар, нивальдық белдеулер, мұздықтардың әсерінен пайда болған рельеф формалары тән. Деңгейлік немесе «баспалдақтық» көбіне таулардың геологиялық, петрографиялық, дислокациялану деңгейі әр түрлі қатпарлықтардың ауысуынан байқалады. Мысалы, Үлкен Кавказдың төменгі тауалды бөліктерін неоген жасындағы конгломерат, құм-сазды жыныстар құраса, биіктеген сайын көне, дислокацияланған палеоген, мезозой, палеозой эрасының жыныстары, ал ең биік шыңдарын массивті кристалдық жыныстар түзеді.

Жоғарыда аталған үш деңгейді климаттық деңгей ретінде қарастыруға да болады. Аласа таулардың климаты жақын орналасқан жазықтардың атмосфералық циркуляциясымен байланысты. Оңтүстікке орналасқан таулардың осы деңгейіне солтүстіктен келетін суық ауа массаларының әсері зор. Ландшафттық деңгей мен биіктік белдеулердің аралығында байланыс болғанымен, теңдік белгісін қоюға болмайды. Ең төменгі деңгейге негізінде, төменгі, бірінші биіктік белдеу сәйкес келеді.

Таулардың орталық бөлігінде белдеулер системасы әрқалай, мұнда белгілі бір биіктікке әр түрлі белдеулер кездеседі. Дегенмен, әрбір ландшафттық зонаның орташа тауларында өзіне тән бір немесе бірнеше белдеулер системасы болады. Мысалы, тайга зонасының орташа тауларына сирек қисық ормандар, жалпақ жапырақты ормандар зонасына-таулы тайгалық белдеулер, қоңыржай белдеудің щөл зонасына-орманды дала, ал ық жақ беткейлеріне ормандар тән.

Сонымен, тауларда да, жазықтарда да абсолюттік биіктіктің табиғи комплекстері жіктеу ролін басқа да азоналдық факторлардың әсерінен жеке бөліп қарауға болмайды. Абсолюттік биіктіктің ландшафттарға тура әсері биіктеген термикалық жағдайдың өзгеруінен көрінеді. Сонымен қатар гипсометрлік фактордың қосымша ролі- әсіресе тосқауылдық әсері туралы да айтуға болады.

Таулардың тосқауылдық әсері тауалды жазықтарға да әсерін тигізеді, оларға ауа массаларының жиналуы қыраттарға дейін жүздеген килотетрден-ақ байқалады, осының нәтижесінде жазықтардың, тауға жақын жатқан жел жақ беткейлерінде жауын-шашын көп жауады. Қыраттардың қарсы беткейлерінде, керісінше, бұлттылық азаяды, жауын-шашын мөлшері төмендейді, жылы да құрғақ жел басым болады. Бірінші жағдайда тау етегінің тосқауылдық ландшафттары, екінщі жағдайда тосқауылдық көлеңке ландшафттары түзіледі ( А. Яунпутнин терминологиясы). Оның мысалы ретінде Ыстықкөл қазаншұңқырын қарастыруға болады (батысы мен шығыс бөлігі ара қашықтығы 200 км). Шұңқырдың түпкі бөлігінің биіктігі шамамен 1700 м, батыс бөлігі тосқауылдық көлеңкеде жатқандықтан жауын-шашын мөлшері 200 мм, жусанды шөл зонасының сұр топырағы басым. Батыс бөлігінен шығысына жылжыған сайын жауын-шашын мөлшері көбейеді, ландшафттар қатары алдымен шөлейт, сосын құрғақ далалық, далалық және далалық шалғынды болып ауысады.

Тексеру сұрақтары:

1. ХІХ ғ. бас кезінде Г.Н. Высоцкий қандай жазба қалдырды?

2. Биіктік белдеулік дегеніміз не?

3. Ярустылық және барьерлік дегеніміз не?


_5__ - Дәріс

Морфоқұрылымдық дифференциация
1.Морфоқұрылымдық диффенциация.

  1. Антропогендік факторлар.

Жоғарыды аталған факторлардың алуан түрлілігіне қарамастан, олардың геосистемалардың дамуы мен дифференциациясына тигізетін әсерлері ұқсас: зоналық та, секторлық та, белдеулік те жылу мен ылғалмен қамтамасыз етілуі солар арқылы ландшафттық сфераның басқа компонпнттерінен көрінеді. Сонымен қатар ландшафттық сфераның аймақтық құрылымның алуан түрлілігін анықтайтын фактор, ол литосфераның беткі қабатының құрылымы мен зат құрамы. Көбінесе бұл факторларды азоналдық деп те атайды. Жердің беткі қабатын құрайтын тау жыныстарының құрамы мен олардың физгеографиялық әсері әрқалай. Тау жыныстары ландшафттардың негізін құрайды: топырақ жамылғысының минералдық құрамын, оның физикалық, химиялық қасиеттерін, геохимиялық айналымға қатысатын элементтердің құрамын, өсімдіктердің өсуін, рельеф пішіндерін айқындайды.

Мысалы, ылғалды орман ландшафттары қалыптасқан қышқыл топырақ жамылғысының қалыптасуына карбонаттық тау жыныстарының әсері мол. Карбонатты тау жыныстарында дамыған шымды-күлгін топырақтардың табиғи құнарлығы кабонатсыз ана жыныстарда дамыған топырақ жамылғысына қарағанда артық, осының нәтижесінде бұл топырақтарда өсімдік жамылғысы да бай.

Құмды аллювиальды немесе мұздықтардың әсерінен пайда болған жазықтардағы ландшафттарда құмды топырақтар басым. Құмдардың су өткізгіш қасиеті жоғары, көктем айларында тез кебеді, қызады, сондықтан атмосфералық жауын-шашын артық болғанда, гидротермикалық қасиеттері қолайлы. Бірақ өсімдіктердің өсіп-дамуына қажетті минералдық элементтерге кедей. Сонымен қатар құмды жыныстар, негізінде рельефтің ірі ойпаттарына тән және біршама тереңдікте су өткізбейтін жыныстармен төселген. Сондықтан жер асты сулары жер бетіне жақын , су ағыны қиын. Осының нәтижесінде тайга зонасының жазықтарында балшықтардың қалыптасуына жақсы жағдай жасалған.

Шөл зонасының эолдық массивті құмдары ылғалдың жетіспеуіне қарамастан, егер мал жайылуының нәтижесінде өсімдік жамылғысы бұзылмаса, жақсы дамыған өсімдік жамылғысымен сипатталады. Мысалы, орта азиялық шөлдерде –сексеуілдер. Себебі құмдарда төменде жатқан жер асты суларының булануы нәтижесінде 2-5 м тереңдікте тұщы судың конденсациялық горизонты пайда болады.

Таулардағы табиғи комплекстердің ала-құлалығы геологиялық құрылымның негізін анықтайтын тау жыныстарының әр түрлілігіне байланысты. Оның ішінде негізгі роль атқаратыны: жыныстардың орналасу ерекшелігі, минералдық құрамы, үгілу процесіне төзгіштігі, жарықшақтығы, ерігіштігі.

Ландшафттардың дифференциациясына құрылымдық, петрографиялық факторлардың ролін басқа да, яғни гипсометрлік орыннан, рельефтің ірі формаларының бағытынан, орографиялық ерекшеліктерінен бөліп, жекелей қарастыруға болмайды. Жер беті құрылымының осы элементтері мен жердің қатты қабатының формалары бір-бірімен тығыз байланысты, табиғаты жағынан азональды мофоқұрыдымның бір бөлімі болып табылады.

Морфоқұрылым дегеніміз эндогендік процестердің әсерінен пайда болған жер бетінің ірі кедір-бұдырлы территориясы, сондықтан да жер қыртысының құрылысымен тығыз байланысты. Морфоқұрылымды бірнеше бөлікке бөлуге болады. Ең ірі , геотектура деп аталатын бөлігі жер қыртысының ірі құрылымдық элементіне сәйкес келеді (құрлықтар, су асты қазаншұңқырлар, мұхиттық қыраттар). Төменгі деңгейдегі морфоқұрылымға платформалық жазықтар мен таулы үстірттер, орогендік зонада орналасқан тау системалары жатады. Келесі деңгейге платформалық жазықтардағы жекелеген қыраттар мен ойпаттар, қатпарлы жоталар, тауаралық қазаншұңқырлыр сәйкес келеді.

Жалпы айтқанда, азоналдық дифференциация жер бетінің морфоқұрылымдық планының әсерінен пайда болады. Зоналықпен салыстырғанда мұнда белгілі бір бағыт бойынша өзгерістер байқалмайды, дегенмен ірі морфоқұрылымдардың орналасуында өзіндік заңдылық бар.

Қысқа мерзімді, ұдайы реттеп отыру қажет ететін ландшафты. Бұларға егін жай, елді қоныс, кен орны, саялы жер, т.б. жатады. Олардың шығу тегі мыңдаған жылдармен есептеледі, бірақ қай-қайсысы болсын жыл сайын өңдеп күтуді қажет етеді. Мысалы, егістік жер жыл сайын агортехникалық өңдеуден өткенде ғана тұрақты өнім береді.

Анторпогендік факторға адамның аң аулауы, мал өсіруі, егін салуы, кен өндіруі, өнеркәсіп пен жол қатынасын дамытуы, ауылдық, қалалық, демалыс саяжайы, мекен жайлар тұрғызу сияқты әрекеттері арқылы территориялық табиғат кешендерінің құрамдық, құрылымдық бөліктерінің өзгеруі жатады. Геогендік және биогенді факторларға қарағанда анторпогендік фактордың әрекеті күн сайын дамуыда. Олардың қарқынының артуына ғылыми – техникалық революция үлкен әсер етіп отыр.

Бұл аталған экологиялық факторлар ландшафт экологиясына бір кезде әсер етеін құбылыстар мен прорцестер. Бірақ, дәрежесі мен қарқыны жергілікті жер жағдайына байланысты әр түрлі болып келеді де, территориялық табиғи кешендерінің тепе-теңдігін бұзып, ландшафт экологиясын өзгертеді. Мысалы, Қазақстандағы жиі байқалатын жұт жылдарында аңызақ желдің әсері артады.

Осыған орай жылу мен ылғал қатынасының көпжылдық тепе-теңдігі бұзылады, ылғалдың жетімсіздігі байқалады., жайылым мен шабындыққа шөп шықпай қалады, өрсіті малдың қоректік тізбек байланысы нашарлайды, қоректік заттар мен ауыз су қоры жетіспегендіктен мал шығынға ұшырайды.

Мұндай табиғат жағдайына байланысты болатын экологиялық апаттар көбіне қыста кездесетін маусымдіқ оқиға қатарына жатқызылады. Олар тез өте шығады, келесі маусымда экологиялық фактордың әрекеттері теңесіп, территориялық табиғат кешендерін құрайтын құрамдас бөліктер бірімен-бірі үйлесім табады. Сөйтіп, ландшафт экологиясының динамикалық байланысты өзгеретін экологиялық жағдай, өкінішке орай, кейде территориялық табиғат кешендерінің тепе-теңдігін бұзып жіберуі мүмкін. Мысалыға, Арал маңы экологиясын алуға болады. Атап айтқанда, қазіргі кезеңде Әмудария мен Сырдарияның суы Аралға өте аз мөлшерде құйылады. Сондықтан Арал теңізінің деңгейі 14 м-ге төмендеп кеткен. Аралдың табаынан ащы соры шыққан жаңа шөл көтеріп, оның тұзы Арал маңындағы территориялықтабиғат кешендерін уландыруды. Мұндай экологиялық апат жергілікті халықтарға үлкен нәубет болып отыр. Адам әрекетіне байланысты көбіне территориялық табиғат кешендерінің жеке-дара құрамдас бөліктері өзгереді. Мысалы, Қазақстан территориясындағы құлан мен дуадақ тек қана адам әрекетіне байланысты жойылып кеткен. Территориялық табиғат кешенінің экологиялық жағдайының өзгеруі біріншілерінің таксономиялық бірліктер жүйесіндегі орындарына, түзіліс жолдарының тарихына, жергілікті жер жағдайына, құрылымдық ерекшелігіне, экономикалық, реликкттік элементеріне, т.б. байланысты болады.



_6__ - Дәріс
Ландшафт компонненттері және ландшафтты қалыптастырушы

факторлар
Мақсаты: Ландшафт компоненттері және ландшафттың қалыптастырушы факторларына жеке-жеке тоқтала отырып студенттерге түсіндіру.

1. Ландшафт компоненттері.

2. Ландшафт қалыптастырушы факторлар.

1. Ландшафт географиялық қабыққа кіретін компоненттерінен тұрады да, әр қайсысы гесфераның жекелеген бөліктерінің өкілі болып саналады. Геосистеманың компоненттерінің немесе табиғи географилық компоненттер туралы жалпы түсінік кіріспеде белгіленген еді, енді осы түсінікке толығымен тоқталып, оны ландшафт пен байланыстырайық. Әр бәр компонент эпигосфераның зат құрылымының ерекше бір деңгейі болып табылады, сондықтан оны географиялық деңгейдің алғашқы ұйымдасуы десек те болады. Геосистеманың әр бір компонентті барынша күрделі дене. Мысалы, біз сұйық немесе су компонентті десек, онда әңгіме таза, тазартылған су емес, керісінше нақты табиғи жағдайда басқа компоненттермен тығыз байланыста пайда болған күрделі ерітінділерді еске түсіреміз. Ауа компоненті- атмосфера дегеніміз газдардың таза қосындысы емес, құрамында су булары мен қатты түйіншіктері бар(оның ішінде биогендік) күрделі субстанциясы. Литосфераның қатты заттары-алғашқы тау жыныстары ландшафт шегінде механикалық және химиялық мүжілулерге ұшырайды, суға, антмосфералық газдарға қанығады. Географиялық компоненттердің негізгі ерекшелігі: оның әр бір компоненттінде басқа да аомпоненттердің заттары қатысқандықтан жаңа қасиетке ие болды, ал мұндай қасиет таза және физикалық біріңғай заттарда болмайды.


Ландшафттың компоненттері туралы сөз болғанда біз оның әрқайсысының өзідік территорялық жүктелу деңгейінің бар екенін ұмытпаумыз керек. Сондықтан эпигеосфераның (мысалы, қатты) компоненті ландшафт компонентінен басқа, ал ландшафт компоненті фация компоненті бола алмайды. Геосистемалардың территориялық категоиялары немесе деңгейлері мен жекеленген компоненттер арасында белгілі бір таксонномиялық шамаластық болу керек. Өзіміз анықтағандай, фацияның структуралық бөліктері болып компоненттердің ең ұзақ, территорялдық бөшектері (релеф элементі, микроклимат, топырақ айырмасы, фитосеноз) қызымет етеді.

С.П. Хромовтың көсетуі бойынша климаттың әртүрлі территориялық масштафтағы категорияларға бөлінуі географиялық коплекстердің әртүрлі қатардағы таксономиялық біліктерге жіктелуінен шығады, үйткені климат геокомплекстің компоненті болып табылады. Негізгі климатологиялық бірлік ретінде С.П. Хромов ландшафт климатын ұсынады. Макрокроклимат деп белгілі географиялық облыс немесе зонаның , яғни жоғарғы региональдық комплекстердің климаттық ерекшеліктердің жиынтығын айтамыз. Литосфера заттары «орамасыздығымен» айқындалады, тек құрамындағы сулардың тынымсыз циркуляциясы арқасында оттегінің, көмір қышқыл газдың енуі, әсіресе тірі оргонизмдердің. Олар зат айналымына қатысады, өзгереді және толықтырлады. Сондықтан да осындай пассивті немесе консерватифті қатты компонентті ландшафтың негізгі факторы есептеу дұрыс емес.

2. Ландшафт белгілі бір заңдылық бойынша әрекет ететін көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады, дамиды. Қалыпты жағдайда ландшафт құрайтын факторлардың әрекеті белгілі бір шеп бойымен қайталана береді де, ландшафтысын құрайтын құрамдас бөліктер бірімен-бірі үйлесім тауып, динамикалық тепе-теңдік қалпын сақтайды. Кейде барлық факторға: ауа ылғалдылығы, температура режимі, жауын-шашынның жылдық мөлшері, топырақ құнары, т.б. орташа жылдық көрсеткіштерінен ауытқымаса да, ландшаф өзгерісінен төтенше құбылыс байқалып қалады. Мысалы, қайсібір жылдары Алматы маңындағы жеміс бақтары өнім бермейді. Зерттеген кезде сол жылдары жемістер гүлдеп, тозаңданарда ауа райы қалып, гүлдеген жеміс бақтар ұрықтанбай өнімсіз өседі екен.Сондықтан да жәндіктердің ұрықтандырушы әрекеттері жемістердің өнім беруіндегі шешуші фактордың рөлін атқарады.

«Фактор» деген ұғым ландшафттану ғылымында кеңінен қолданылады, көбінесе қандайда болсын компонентпен тепе-тең деп есептеледі,бірақ фактор және компонент екеуі екі түрлі ұғым, теңдік белгісін қойған дұрыс емес. Фактор дегеніміз процестердің негізгі қасиеттері мен белгілермен айқындайтын активті бастама. Ландшафттарда бір ғана «бастауыш» фактор болуы мүмкін емес, үйткені ол көптеген фактлорлдадың әсерінді болады да оның әрқайсысы ландшафт әр алуан сапасы мен қасиеттерінің дамуында әртүрлі рөль атқарады. Сондықтан «бастаушы фактор болмайды. Ландшафттардың интеграциялық, дифференциялық факторлары, олдардың даму, орналасу факторы туралы айтуға болады. Әр-бір жекелеген жағдайда факторлар әр-түрлі болады. Мысалы, ландшафттардың өте айқын білінетін шекаралары ландшафттардың қатты фундаментінің құрлымымен байланысады, өздерінің тұрақтылығымен, консервативтігімен айқындылатын салыстырғанда бяу өзгеретін фактор бастапқы бола алмайды. Ландшафттардың даму факторлар сыртқы және ішкі болып шіктеледі. Барлық компоненттер бір-бірімен байланыстығы сонша, олардың әрқайсысы ішкі қарым-қатынастың, сыртқы факторлардың әсерінен дамып отырады.

Сондықтан климаты да, қатты фундаменті де ландшафт дифференциясының бастаушы факторы деп айта аламыз. Мұндай факторларға күн радиациясы ағынының біркелкі емпестігін, жер айналымын, тектоникалық қозғалыстары, атмочфералық циркуляцияны жатқызуға болады. Климат пен қатты фундамент арқылы осы фаторлардың әсері басқа компоненттерге ықпал етеді, бірақ климатта қатты фундамент сияқты гиосистема компоненті мен сыртқы факторлардың әсерінен пайда болған «азық» болып табылады.

Мысалы, климаттың пайда болуы релефтің тау жыныстарының, өсімдік, топырақ жамылғысынің әсерімен байланысты. Климаттың ерекшеліктеріне қарай ландшафтының басқа да, әсіресе биогендік құрамдас бөліктері секторлық бағытта бөлінеді.Жылу мен ылғалдың бойлық бағыттардағы әр түрлі мөлшерінде бөлінулерінің айқын мысалдарын Исландия минимумы мен Сібір макимумдарының әсерінен көруге болады. Мұхитармен құрлықтардағы ауа массасының климатқа тигізетін әсеріне қарай Еуразия құрлығының ландшафтысын төрт бөліке бөлінеді. Алғашқысына Батыс Еуропа жатады. Мұнда Атылант мұхитының әрекеті байқалады. Екіншісі - Шығыс Еуропа. Бұл бөлікте ауа массасының батыстан шығысқа қарай ауысуы айқын байқаладымен, ландшафтысының қалыптасуында континентті ауа массасының әрекеті басымболады. Үшіншісі - Орта және Шығыс Сібір жерлерін қамтып, Сібірлік бөлікке жатады. Мұнда ландшафт мәңгі тоң жағдайында қалыптасады. Төртінші – Шығыс бөлігі муссонды ауа массасымен ерекше көзге түседі.

Жер беті жыныстарының литогенді құрамы жер асты және топырақтағы судың режимін, топырақ қабатының тұздылығын, механикалық құрамдарын түрлендіре түседі.

Атап айтқанда, жазық жерде жер беті жыныстардың литогенді құрамы саздақты, құмды келеді. Соған орай сазды жынысты және зоналы ландшафтыны сор, құмды жынысты жерде шағылдар ерешке көріктендіреді.

Тауда жер беті жынысының литогенді өте күрделі болады. Ол тасты шөгінді жыныстар мен жанартаулық құрамдас бөліктердің қатпарлы – жақпарлы қабаттарынан, кесектасты блоктарынан тұрады. Сондықтан жер беті жыныстарының топырақ пайда болатын қабаты жартасты, қорымтасты, қиыршықтасты болып келеді.

Жер беті жыныстарының осындай әр түрлілігі сол өңірдің ландшатфысын күрделендіреді. Халқымыз табиғаттың осындай ерекшеліктеріне үлкен мән берген. Бұдан Алатау,Қаратау, Құмбел, Қарақия, Қызылқұр сияқты көптеген жер аттары дәлел бола алды.

Таулы аймақтар жыныстық айырмаларымен бірге асқар биік, керілген кең, сом тұлғалары арқылы ландшафтты айқындап тұратын тосқауыл рөлін атқарады. Тау жоталарының жел өтіне бағытталған беткейлері сырттан келген ауа ағымының ылғалын тосып қалады да, гумидті ландшафттының қалыптасуына қолайлы жағдай туғызады, ал желдің ығындағы беткейлерде аридті ландшафтысы қалыптасады. Мәселен, Іле Алатауының терістігі гумидті ландшафт, ал оның қарсысындағы Күнгей Алатауының күнгей беткейі желдің ығында жатқандықтан аридті болып келеді.

Тау жоталарының ландшафтысын айқындауға тигізетін әсері барлық георрафиялық белдеулерде бірдей бола бермейді, ол ауа массасы айналымының бағытына, таудың биіктігіне, орналасқан жеріндегі климат жағдайына байланысты болады. Еуразияның шығысындағы таулар меридиан бағытында орналасқандықтан, тынықмұхиттық муссонды тосады да, Арктиканың суық ауа массасының ауысуына әсер етпейді. Орал таулары онша биік болмағандықтан ,батыстан соғатын желдің де, Сібір антициклонының да екпінін баса алмайды. Іле Алатауы мен Алтай тауларының биіктік айырмасы болмаса да, қарсы беткейдегі ландшафтық айырмасы екі түрлі. Іле Алатауының айырмасына байланысты беткейлерінің ландшафтылы белдеулері бір – біріне тіптен ұқсамайды, ал Алтай тауларының ылғалы жеткілікті болғандықтан, ондағы қарсы беткей ландшафт айырмасы онша күрделі емес. Тау беткейлерінің көрнісі де ландшафт айырушы фактордың рөлін атқарады. Күнгей беткейге күн сәулесі көп түсетіндіктен, жылу балансы артып, ылғал балансы кемиді, жылу мен ылғал баланыстарының ауытқуы артады да, ландшафтысы ариді бағытта, ал теріскей беткейде жылу баланысы кеміп, ылғал баланысының байланысты жылуымен ылғал қатынасы үйлесімді болғандықтан кейін, ландшафтысы гумидті бағытта дамиды. Тау беткейлері көрнісінің айырмасы қоңыржай белдеуде ғана айқын байқалады, ал ыстық және суық белдеулерде онша жақсы байқалмайды. Ыстық белдеуде күн сәулесі жер бетіне 66-90 бұрышпен түскендіктен, қарсы беткейлердің жылу баланысында айырма болмайды.


Су және климат факторларын баяндауды қорыта келіп, олардың зоналы және азонолылы сипатары да жердің энергиялық құрамдас бөлігіне, әсіресе күн энергиясына байланысты болатынын естен шығармау керек. Су және климот факторларының зоналығы жалпы географиялық заңдылық болғандықтан, ландшафтының зоналы жүйесі мұхиттардан да кестеленеді.

Дүниежүзілік мұхит әлемін С.В.Калесник төмендегідей ландшаф зоналарына бөліп сипаттайды:



      1. Солтүстік мұзды теңіздер зонасы;

      2. Солтүстік қоңыржай зона:

      3. Солтүстік пассат ағысы зонасы:

      4. Маржанды теңіздер зонасы:

      5. Оңтүстік пассат ағысы зонасы:

      6. Теңіздік прерий зонасы;

      7. Орта оңтүстік мұхит зонасы;

      8. Оңтүстік мұзды теңіздер зонасы.

Тірі ағзаларды қоректік тізбек, басқаша айтқанда, трофикалық байланысына қарай продуценттер, консументтер және редуценттер деген үш топқа бөледі.

Продуценттер күн энергиясын және көмір қышқыл газын пайдаланып, органикалық емес заттардан органикалық заттарды синтездеп шығарады. Консументтер - жануарлар өсімдіктермен қоректеніп, өзінше қоректік тізбек қатарын құрастырады.Жер шарындағы жануарлар жылына 164 миллиард тонна фитомасса қажет етеді. Редуценттерге төменгі сатыдағы өсімдіктер мен басқа хайуанаттардың өлкесімен қоректенетін хайуанаттар және топырақ қабатындағы жануарлар жатады. Олар өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын шірітіп, минералдаушы қызмет атқарады, басқаша айтқанда, топырақ қордасын құрап, оның құнарын арттырады. Тірі ағзалар қоректік тізбек байланысы негізінде өніп-өсу мүмкіндігін реттеп отырады. Мысалы, республикамыздың шөл даласындағы өзен жағасында жылу мен ылғал балансы үйлесіп, топырақ құнары жоғары болғандықтан, гүлді өсімдіктер, шыбын- шіркейлер, құстар өзен жағасынан өздеріне қолайлы мекен-жай табады.

Тірі ағзалардың өзгерісіне байланысты етілуін эволюциялық даму дейді. Ол тірі организмдердің экологиялық жағдайына бейімделіп сұрыпталу процессі арқылы жүзеге асады.Экологиялық жағдайға бейімделуі тірі организмердің барлық ерекшеліктері мен қасиеттерін: ұрықтану, төлдеу, көбею, таралу ерекшеліктері, жасың, формасын, түсін, физиологиялық әрекетін, міңез- құлқын, т.б. толық қамтиды.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет