А. Б. Билялова «Топонимика» пәнінен оқу әдістемелік кешені Көкшетау, 2013. 119 бет. «Топонимика»



бет2/4
Дата29.03.2017
өлшемі3,63 Mb.
#12721
1   2   3   4
ОӘК төрағасы _____________ Сыздыкова Б.Р.

1.Оқытушы туралы мәліметтер

Оқытушының тегі, аты, әкесінің аты: Билялова Алина Бакытжанқызы

География және экология кафедрасы

Кафедрада жұмыс істеу уақыты /консультация/ : сәрсенбі сағат 12.00

Байланыс ақпараты: бас оқу корпусы, каб.702

2. Пән жөнінде мағлұмат

Атауы : Топонимика

Өткізілу уақыты: сабақ кестесі бойынша

Оқу жоспарының көшірмесі:



курс

семестр

Кредит


саны


Дәріс сағаты

Практ.

семин.


саб.,сағ.

СОӨЖ

сағат саны



СӨЖ

Сағат саны


Барлығы

Бақылау формасы


3,4

5,7

2

15

15

15

45

90

емтихан



3. Пәндердің пререквизиттері: «Геоморфология», «Метеорология және климатология», «Геология палеогеорафия негіздерімен», «Ландшафттану», «Топырақ географиясы», «Биогеография»,, «Құрлық гидрологиясы», «Қазақстанның физикалық географиясы», «Елтану» сияқты география курстары.

4. Постреквизиттері: - білімді және білікті, географиялық карталар жасау және басқа оқу материалдарын сабақтарда пайдалана білетін мамандарды дайындау.

5. Пәнді сипаттау:

Мақсаты: географиялық атаулардың шығу тегін /этимологиясы/ және мағынасын /семантика/ ашу арқылы студенттердің географиялық танымдылық білім шеңберін кеңейту.

Студенттер бұл пәнді оқу барысында топонимдердің тарихи кезеңдеріндегі халықтардың әдет тұрмысы мен қоныс аударуылары, тілдердің таралу ареалдары мен эволюциясы жөнінде тарихи этнографиялық мәліметтерге сүйене отырып игереді.Топонимиканы түсініп, оқып үйрену біріншіден, карталар мен оқулықтардағы географиялық атаулардың мағынасын дұрыс түсініп, нақтылы түрде игеруде қызығушылық пен ізденісті тудырады, екіншіден жалпы әр елдің көне тарихын, мәдениетін, тарихын,әдет ғұрпын бағалауға, ұмыт болған географиялық атауларды іздестіруде студенттерді творчестволық зерттеу жұмыстарына баулиды.



Міндеті: студенттерді топонимиканың заңдылықтарымен, оның басқа ғылым салаларымен байланыстылығын /тарих, тіл, этнография ауыз әдебиеті / сонымен бірге жеке аймақтар мен елдердегі топонимикалық жүйелердің ерекшеліктерімен және топонимиканың қолданбалы маңызымен таныстыру;Географиялық атаулардың көпшілігіне негіз болған халықтық географиялық терминдер мен жергілікті жіне т.б. атауларды зерттеуде жаңа үрдістегі технологияны, интертетті қолдана білуі қажет.

Пәнді зерделеуді аяқтаған соң студенттер не білу керек:

- топонимиканың тарихпен тығыз байланысты екенін ескере отырып, лингвомәдени деректер ретіндегі топонимдердің танымдық мәнін, географиялық атаулардың қалай пайда болып дамуы және жойылуы, сонымен бірге ішкі мазмұнын қандай екендігін шешу міндетін атықтау. Негізгі міндет – мына сұрақатрға қалай жауап беру керек:

- неге өзендер атаулары осылай аталды: Нұра, Ертіс, Сырдарья, Шу, Кеңгір?

- әртүрлі географиялық атаулар, олардың ареалдарының таралу заңдылықтары, ұқсастығы туралы мәліметтер;

- топонимикаданың әлі түсінісіз жақтары көп. Ол туралы кезінде В.Гете: «Адам түсініксізге де сенуі керек, әйтпесе ол туралы ойланбас еді» деген;

- кез-келген географиялық объектіні – физико-географиялық территория немесе аудан, елді мекен болсын студент сипаттай алатын болуы керек;

- атаулардың белгілі бір кезеңде пайда болуын, формаларының уақыт өте өзгеруін, мазмұнының өзгеруін, белгілі бір тарихи жағдайларға байланысты – халық миграциясы, соғыс, мәдени, экономикалық және тілдік қарым-қатынасқа байланысты

- географиялық атауларды зерттеу әдістеріне, тарихи география мен этнографияға талдау жасай білу;

- топонимиканы әртүрлі мақсатта пайдална отырып оны жаңа ізденістермен толықтыру.

Білгірліктер мен іскерліктер, студенттер нені білу /түсіну керек/ :

- географиялық атаулардың этимологиясын танымдық тұрғыдан қарастырып зерттеумен қатар олардың соңғы 75 жылдағы өзгерістерін көрсету. Осыған байланысты кейбір топонимдер заманның тарихи өсуі мен саясатының өзгеруін көрсетеді.Мысалы, Теміртау; Хромтау, Мақтаарал;

- географиялық карталар жасау және басқа оқу материалдарын сабақтарда пайдалана білу;

- карталар бойынша алынған топонимикалық мәліметтерді өңдеу;

- терминдерді меңгеру.

Пәннің қысқаша мазмұны:

Пән мазмұны екі бөліктен тұрады, біреуі- кіріспе, екіншісі негізгі бөлімдері.Кіріспе бөлімінде осы оқылатын объектілері /мәселелері/ және тәсілдері /методтары/ туралы мәлімет беріледі, сонымен бірге пән ғылымының басқа ғылымдар арасындағы рөлі мен орны көрсетілген. Тағы да пән ғылымының өркендеу кезеңдерін бейнелейтін қысқаша тарихи мәліметтер бар. Қоршаған ортаны географиялық атауларсыз елестету мүмкін емес. Атаулардың тарихы мен ішкі мазмұнын білуге және оларда ойлау мен танымдылық жүйесін қалыптастыру топонимика /грекше «топос» - мекен,кеңістік, «онома» - есім/ ғылымының қалысптасып дамуына себепші болды.

Топонимдер тарихи кезеңдердегі халықтардың тұрмысы мен қоныс аударулары, тілдердің таралу ареалдары мен эволюциясы жөнінде тарихи этнографиялық мәләметтер береді.

Топонимика - лингвистикалық ономастика саласына енетін, география, тарих, тіл ғылымдары негізінде қалыптасып, дамитын ғылым саласы.

Топонимика - топонимикалық зерттеу объектісі. Географиялық атауларджың көптігі және әрекеттілігі туралы ұғым.

Топонимика пәнәнің негізгі мақсаттары мен міндеттері, ғылыми және қолданбалы маңызы. Жалпы және аймақтық топонимика жайлы түсінік.

Топонимиканың ғылымдар жүйесіндегі орны.Басқа ғылым салаларымен ақпарат алмасуының маңызы және давму болашағы.. география ғылымдарымен байланысы.

Географиялық атауларды зерттеудің комплексті сипаты. Топонимикадағы тарихи анализ, лингвистикалық, географиялық методтар және оларды қатар пайдаланудың маңызы.

Негізінен байырғы этнотопонимдердің өзгеру себептерінен оның заңдылығын ашу.

Бағдарламада пән мазмұны тараулар мен тақырыптар бойынша берілген.Осы ғылымның өркендеуіне қосқан ғалымдар үлесі, қазірге уақыттағы тенденциялар мен оолардың келешектегі өркендеуі айтылған.Географиялық атаулардың шығуын зерттегенде олардың мағнасы, мазмұны семантикалық тұрғыдан сарапталған. Топонимиканы оқуды халық этимологиясын зерттеу тәсілімен жүргізіледі. Әсіресе топонимикада зерттеу тәсілі тарихи, географиялық, тілдік жолмен жүргізіледі. Соның нәтижесінде әрбір атаудың қалай пайда болғаны, қалыптасқаны, сөздің төркіні ашылады. Мысалы, қазақтың жергілікті топонимдері әрқилы замандарда жарық көрген, аталған. Шыққан себептері жер-жерлерде біркелкі емес.


6. Сабақ жоспары

    1. Дәрісханалық сабақтардың оқу-тақырыптық жоспары



Мазмұны

(тақырыбы мен сұрақтары)





Дәрістер

сағат саны





Практ., семинар

сабақтар сағ.



Оқу мен әдіст. әдебиетке сілтеме

1

2

3

4

6

1.

Курстың жалпы мәселелері (орны, терминологиясы).

Географиялық атаулардың зерттелу кезеңдері /Қазақстан мысалында/



1

1

Мурзаев Э.М. Очерки топони

мики. М., Наука, 1974.


Орталық Қаз

ақстанның жер – су аттары. Алматы, Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасы, 1989. Жауапты ред.

Т.Жанузаков.

Әбдірахманов А.
Топонимика және этимология.139 бет Алматы.

Султаньяев О.А. «Казахская оно-мастика». Кок-шетау – 1998. с.

Поспелов Е.М. «Топонимика в школьной гео-графии» М., 1981.

Поспелов Е.М. Топонимический словарь. М., Астрель-Аст, 2002.




2

ТМД елдеріндегі топонимиканың дамуы.

1

1

3

Қазақстан жер-су аттарын бастапқы зерттеген орыс ғалымдары

1

1

4

Орыс ғалымдарының Қазақстан топонимдерінің монғол, араб, парсы және де басқа халықтардың лексикасымен байланыстылығын зерттеулері.

1

1

5

Ұлы Отан соғысына дейінгі Совет Одағындағы топонимикалық зерттеулер.

1

1

6

Ұлы Отан соғысына кейінгі жылдардағы топонимикалық зерттеулер.

1

1

7

Қазақстан топонимикасының даму тарихы.

1

1

8

Топонимика және география.

1

1

9

Топонимиядағы ұғымның дамуы.

1

1

10

Топонимиканың бастапқы даму кезеңі.

1

1

11

Халық географиялық терминологиясындағы сараптамалық лексика.

1

1

12

Азия шөлдерінің атаулары.

1

1

13

Орта және Орталық Азия топонимдерін зерттеу деңгейі.

1

1

14

Орта Азия мен Қазақстан аймағының географиялық атауларының этимологиясын зерттеу.

1

1

15

Жергілікті гидронимдер, оронимдер, ойконимдер және олардың этмологиясы.

1

1




Барлығы

15

15



6.2. ОБСӨЖ оқу-тақырыптық жоспары






ОБСӨЖ тақырыптары



ОБСӨЖ сағат саны

Оқу мен әдіст. әдебиетке сілтеме (негізгі, қосымша)

Басқа дереккөздер (сайттар, электр. Оқулықтары)


1

2

3

4

5






Курстың жалпы мәселелері

1

2, 9,11, 12, 42






ТМД елдеріндегі топонимиканың даму кезеңдері /Х1-ХУШ/.

1

4,9,10,12,1321,33, 35,37






Қазақстан жер-су аттарын зерттеген орыс ғалымдары.

1

7,8,19,21,224,35






Ұлы Отан соғысына дейінгі Совет Одағындағы топонимикалық зерттеулер.

1

7,8,19,21,224,35






Ұлы Отан соғысынан кейінгі Совет Одағындағы топонимикалық зерттеулер.

1

7,8,11, 12,19,21,224,35






Қазақстан топонимикасының даму тарихы

1

7,8,11, 12,19,21,224,35






Орталық Қазақстан топонимдерін лексика-семаникалық тұрғыдан топтастыру.

7.1.Қоршаған ортаның физикоөгеографиялық қасиетін көрсететін топонимдер.

7.1.1.Қазба байлықтар атаулары мен жер бедеріне, ауа райының құбылысына байланысты топонимдер.


1

7,8, 21






Орталық Қазақстанның топонимдеріндегі өсімдік атаулары.

1

7,8, 21,44






Орталық Қазақстанның топонимиясындағы жануарлармен байланысты атаулар.

1

7,8, 21,44






Орталық Қазақстанның топонимиясындағы түске байланысты атаулар.

1

7,8, 21,44






Орталық Қазақстанның топонимиясындағы сан есімдер.

1

7,8, 21,44






Орталық Қазақстанның топонимиясындағы адамдардың іс-әрекет, тұрмысы және қоғамдық өмірін көрсететін атаулар. атаулар.

1

7,8, 21,44






Орталық Қазақстанның сан есімдер арқылы жасалған топонимдер.

1

7,8, 21,44






Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарына шолу жасау.

1

7,8, 21,44




15

Көкшетау қаласының

атаулары.



1

7,8, 21,44







Барлығы

15






6.2.1 ОБСӨЖ тақырыптары бойынша тапсырмалар




  1. ТМД елдерінде топонимиканың даму тарихы.

  2. Азиялық топонимдердің таралған аудандары.


  1. Орыс ғалымдарының Қазақстан топонимдерінің монгол, араб, фарсы және де басқа халықтардың лексикасымен байланыстылығын зерттеулері.

  2. Топонимика және география.

  3. Орта Азия мен Қазақстанның географиялық атаулары.

  4. Біздің өміріміздегі атаулар.

  5. Географиялық картадағы атаулар.

  6. Атаулар қалай пайда болады.

  7. Атаулардың этимологиясы.

  8. Өзендердің атаулары.

  9. Таулардың атаулары.

  10. Ойконимдер..

  11. Теңіз топонимиясы.

  12. Мемлекеттердің атаулары.

  13. Жергілікті географиялық терминдер және олардың топонимдего рөлі.

6.3. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы






Оқулықтар, оқу құралдары

Пайдаланылған әдебиет тілі

Автор, басылған жылы

Даналар саны

Электронды

нұсқалар


кафедрада

кітапханада

1

2

3

4

5

6













1


Казахская ономастика

Орыс

Султаньяев О.А..

Кокшетау,1998.



1

15




2

«Қазақстан этнотопонимикасы». Алматы. 1979. 37 бет

Қаз.

Әбдірахманов А.Алматы. 1979. 37 бет

1

2




3

Краткий топонимический словарь

Орыс

Никонов В.А.Москва: Мысль, 1966. - с.

-

2




4

Очерки топонимики. М., Наука, 1974.


Орыс

Мурзаев Э.М. М., Наука, 1974.

1

2




5

Справочник названий населённых пунктов Акмолинской области.

Орыс

.Изд. РГКП «Картография». Алматы, 2002.

1

2




6

Справочник названий гидрографических объектов справочник Акмолинской области.

Орыс

Изд. РГКП «Картография». Алматы, 2002.


1

1




7

Справочник названий орографических объектов Акмолинской области.

Орыс

Изд. РГКП «Картография». Алматы, 2002.

1

1




8

Орталық Қазақстанның жер – су аттары


Орыс

Алматы, Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасы, 1989. Жауапты ред.Т.Жанузаков

2

1




9

Қазақстан. Ұлттық энциклопедия І том.

Орыс



Алматы, «Қазақстан энциклопедиясының» бас редакциясы, 1998.

1

2




10

Қазақ топонимдерінің этноэкологиялық негіздері. Алматы. 2002.

Қаз.

Каймулдинова К. Алматы. 2002.


1

1




11

«Топонимика в школьной географии» М., 1981

Орыс

Поспелов Е.М. «М., 1981.

1

1





Әдебиеттер:

  1. Әбдірахманов А .«Қазақстан этнотопонимикасы». Алматы. 1979. 37 бет.

  2. Әбдірахманов А. Топонимика және этимология.139 бет Алматы.

  3. Султаньяев О.А. «Казахская ономастика». Кокшетау – 1998. с.

  4. Никонов В.А. Краткий топонимический словарь. – Москва: Мысль, 1966. - с.

  5. Энциклопедический словарь географических названий. Москва, Современная энциклопедия, 1973. – с.

  6. Варкентин И. Мы хотим на частной основе возродить село. -- Товарищество акции, 1996. - с.

  7. Султаньяев О.А. Об изучении истории края через топонимику. - Алма-Ата, 1968. - с.

  8. Султаньяев О. «Қазақ ономастикасы». Көкшетау. «Шоқан тағылымдары» жинақ. 1998.

  9. Суперанская А.В. Что такое топонимика. – Москва: Наука, 1985. - с.

  10. Мурзаев Э.М. Словарь народных географических терминов. – Москва: Мысль, 1984. – с.

  11. Мурзаев А.М. Местные географические термины и их роль в топонимии. М. 1970.

  12. Мурзаев Э.М. Очерки топонимики. М., Наука, 1974.

  13. Айдарбеков К.Ж. Ономастилогический анализ именования лиц. – Алматы: 1999. – с.

  14. Справочник названий гидрографических объектов справочник Акмолинской области. Изд. РГКП «Картография». Алматы, 2002.

  15. Справочник названий орографических объектов Акмолинской области. Изд. РГКП «Картография». Алматы, 2002.

  16. Справочник названий населённых пунктов Акмолинской области. Изд. РГКП «Картография». Алматы, 2002.

  17. Қалиев Б. Қазақ тіліндегі өсімдік атаулары. Алматы, Ғылым, 1988.

  18. Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20 – 40 жылында. Алматы Санат, 1994.

  19. Керімбаев Е.А. Казакская онамастика В этнокультурном, номинативном и функциональном аспектах. Алматы, 1995.

  20. Аяпбекова Э.Е. Батыс Қазақстан аймағының ландшафт ерекшеліктерінің анықтайтын топонимдер бірлестігі – Автореферат. География ғылымы. Канд дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясы, Алматы 2002 ж.

  21. Орталық Қазақстанның жер – су аттары, Алматы, Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасы, 1989. Жауапты ред.Т.Жанузаков.



  1. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия І том, Алматы, «Қазақстан энциклопедиясының» бас редакциясы, 1998.

  2. География және табиғат. Ғылыми педагогикалық журнал. № 3,6 - 2003. № 4 - 2004. № 2 – 2005.

  3. Әбуев К. Кокшетау и исторические очерки. Көкшетау. 1997.

  4. Бугаянко А. Сапалы су тіршілік көзі. Көкшетау 1997. 8 сәуір.

  5. Бірмағанбетова Ә., Мамырова Қ. «Географиялық сөздік» Алматы. 1992.

  6. Бейсенбаев Ә. «Первооткрыватели». Алматы 1987.Мерзімдік баспасөз материалдары.

  7. Жанетова Ф. «Шет тілдерінен енген «География экологиялық терминдер». «Табиғат». 2004, №5.

  8. Жанайдар Мусин. «Жер шоқтығы Көкшетау». Алматы. 1989.

  9. Иллич – Свитыч В.М. «Опыт сравнения иностранных языков» С. 340. М., 1972г.

  10. Ілиястегі К. «Табиғат тарықса, адам зарығады» Арқа ажары 1999. 27 шілде.

  11. Көшкенов С. «Зеренді көлінің тағдыры алаңдатады». Көшетау. 1990. 29 наурыз.

  12. Қазақстан тарихы. Том І-ІІ-ІІІ. Алматы 1997 .

  13. Каймулдинова К. Қазақ топонимдерінің этноэкологиялық негіздері. Алматы. 2002.

  14. Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы 1972.

  15. Казбеков А., Сагадиев К. Государственный национальный природный парк «Кокшетау». Кокшетау, 2002.

  16. Мусин Ж. Тарих және ономастика. Көкшетау 2001.

  17. Мукаев К. Судың да сұрауы бар: Сексен көл туралы аңсар. Көкшетау 1997. 22 наурыз.

  18. Мұқаев К. «Сексен көл келбетіндегі көлеңке». Көкшетау. 1999., 19 мамыр.

  19. Назарбаев Н.А. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында /Қазақстан халқына жолдауы/. Астана, 2005. 18 ақпан.

  20. Омаров Т. Р. Қазақстанның өзендері мен көлдері.Алматы.1975.

  21. Поспелов Е.М. «Топонимика в школьной географии» М., 1981.

  22. Поспелов Е.М. Топонимический словарь. М., Астрель-Аст, 2002.

  23. Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Жинақ. Астана. 2002.

  24. Султаньяев О. «Қазақ ономастикасы». Көкшетау. «Шоқан тағылымдары» жинақ. 1998.

7. Студенттердің өздік жұмысы аясындағы сабақтар жоспары

7.1

Тапсырма беру аптасының нөмірі

Сабақ тақырыбы

СӨЖ

тапсырмасы



Ұсынылатын әдебиет

ОБСӨЖ-дегі бақылау түрі

Тапсыру мерзімі аптасының

нөмірі


1

2

3

4

5

6

7

2, 8

1



Рефераттар, ауызша сұрау

2
4

2


14-15 бет

5-10



Бақылау жұмысы,ауызша сұрау,тест тапсырмалары


8,14




2




12

28-77 бет










3




21

5-15










4




12

55-56










5




12

41-51










6




8

3-9 б.










7



21

72 б.










8




21

181 б.










9




21

183 б.










10




21

188 б.










11




21

208 б.










12




21

196 б.










13




21

206 б.










14




44

Барлық

беттер











15




8

90 б.






























  1. Баға бойынша ақпарат

Бақылау түрлері



ағымдық

аралық

қорытынды

Бақылау әдістері

Теориялық сабақтар мен и ОБСӨЖ конспектілері, практикалық жұмыстар (картамен жұмыс).

Бақылау жұмысы, тестілік тапсырмалар, қосымша материалдар.Баяндама. Терминдерді тапсыру.

Емтихан /жазбаша, тестпен


Сұрақ, жазба жұмыстары, тестер



  1. Бағаны қою саясаты

Бағаны қою саясаты 100 балдық (100 %) жүйеге негізделген және бағалардың төмендегідей бөлінуін қарастырады.
Бағалау баламасы


Әріптік жүйе бойынша бағалау

Сандық балама

Балдардың пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,00

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,00

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,00

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,00

50-54

Ғ

0,00

0-49

Қанағаттанарлықсыз

10. Оқу пәні мен академиялық әдеп саясаты


Сабақтарға қатысу

Сабақтағы тәртіп ережелері


көтермелеу және талап ету


Сабаққа қатысу;

Ауырып қалғанда анықтама қағазын көрсету;

Қатыспаған сабақтарды оқытушы белгілеген уақытта тапсыру.


Сабаққа кешікпей келу;

Сабаққа талапқа сай киіну;

Сабақ кезінде сөйлемей отыру;

Сабақ үстінде газет оқымау;

Сағыз шайнамау;

Үялы телефонды сабақ кезінде сөндірі;

Оқу процесі кезінде белсенді болу;

Сабақты орындамаса қорытынды баға төмендейді.; Үй жұмысын өз уақытында орындау;

Ұжымдық жұмысқа ұяң студенттерді тарту.


Мадақтау баллы за:

Белсенді жұмыс – 10%

Сабақты жібермегені, кешікпегені үшін – 5%

Жауапты тапқырлықпен айту – 10%

Жұмысты мерзімінен бұрын орындау – 5%

Студенттік конференцияға қатысу – 10%



Жазалау баллдар:

Сабақ жіберген үшін – 10%

Тапсырма орындамаса – 10%

Жұмысты уақытында тапсырмаса- 10%

Кешіксе – 10%

Бірнеше реет жауап жауап бермесе – 10%

Сабақ үстіндегі тәрпіп бұзғаны үшін – 10%



Дәріс 1.

Кіріспе.

Курстың жалпы мәселелері (орны, терминологиясы).

Пән нені оқытады, ұғымдық маңызы, тарауы, қайталануы, модельдер. Бір тілден бір тілге өтуі, жазылуы, қалайша ол топонимдердің тұрақталуымен біркелкі болуы. Терминдерді қолдануы туралы.


Дәріс 2.

ТМД елдеріндегі топонимиканың дамуы.

Дәрістің жоспары:

  1. Топонимиканың бастапқы даму кезеңі (XI-XVIII).

  2. Біздің еліміздегі топонимиканың дамуына шолу.

  3. Өткен (XI-XVII) ғасырларда топонимдердің этимологиясы.

Топонимиканың ғылым ретіндегі мәртебесі туралы пікірталас ТМД елдерінде XX ғасырдың екінші жартысында орын алды. Бұл пікірталас барысында топонимиканың ғылымдар жүйесіндегі орнына қатысты көптеген пікірлер айтылды. Көрнекті лингвист А.А. Реформатский бастаған ғалымдар тобы топонимиканы географиялық атауларды сипаттайтын тіл білімінің бөлімі ретінде сипаттаса, А.Н.Суперанская (1973), Н.В. Подольская (1988) оған «ономастика ғылымының топонимдерді зерттейтін саласы» деп түсінік берді. В.А. Никонов, Е.М. Поспелов, Э.М. Мурзаев топонимиканы географиялық атауларды зерттейтін дербес ғылым ретінде тануды ұсынса, А.В. Маракуев, В.А. Жучкевич, С.В. Калесник оны географияның қосымша саласы ретінде есептеді. А.К. Матвеев, И.В. Воробьева бастаған ғалымдар топонимиканы нағыз лингвистикалық ғылым ретінде сипаттады.

Топонимиканың географиядағы орнына байланысты мәселеде географтар (Рябчиков 1954; Калесник 1961; Маракуев 1955) топонимиканы географиялық ғылымдар жүйесіндегі сала ретінде қарастырады. С.В. Калесник топонимикаға «лингвистика мен географияның аралығындағы, географиялық атаулардың шығу тегі мен мағынасы туралы ғылым» ретінде анықтама береді. Құрамына топонимикадан басқа тағы 17 пән енгізілген география ғылымдарының дамуы біртұтас, өзара байланысқан жүйенің дамуы ретінде түсіндірілген; осы тұрғыдан алғанда, осы жүйеге енетін кез келген саланың дамуы басқаларының да ақпаратпен толығуына, алға басуына ықпал етеді. Топонимиканы география құрамындағы сала деп ұғынудың ұтымды жағы ең алдымен, әр түрлі мамандануы бар географтардың топонимикалық зерттеулерге ден қоюына, сол арқылы оның ғылыми нәтижелерін географияның басқа салаларынакеңінен енгізілуіне ықпал етсе, екінші жағынан топонимикалық зерттеулерді географияның қуатты әдіснамалық негізіне сүйеніп жүргізуге жол ашады деп түсінеміз.

Топонимикалық зерттеулермен айналысқан географ А.В. Маракуев та топонимиканы географиялық ғылым ретінде сипаттаған: « Топонимика деп біз географиялық атаулардың пайда болуы мен эволюциясы мәселелерімен айналысатын, олардың үлгілерін,

семантикасын (мағыналық жағын) және синонимиясын зерттейтін, олардың орографиялық (дұрыс жазылуы), сондай-ақ оларды картада бұрыннан бар жазу жүйелері мен картографияда қолданылатын шрифттер арқылы бейнелеу ережелеін бекітетін географияның бөлігін атаймыз». А.В. Маракуев Бүкілодақтық географиялық қоғамның Қазақ бөлімшесінде 1953 жылы Тарихи география және топонимика секторының ашылуын қазақ атауларының географиялық картада дұрыс жазылуын реттеуге көмектесетін оқиға ретінде бағалаған. Ғалымның топонимиканы география құрамындағы сала ретінде бағалағанымен, топонимикалық морфология, семасиологиялық талдау барысында лингвистиканың ғылыми негізін басшылыққа алған.

Топонимиканың географиялық бағытына қатысты пікір айтқанда, ең алдымен географияның зерттеу пәні « әр түрлі құбылыстардың географиялық таралуы» екендігі туралы Л.С. Берг жасаған тұжырымды есте сақтауымыз қажет. Ғалым география тек қана табиғи жағдайлар немесе адамның шаруашылық әрекетіне байланысты құбылыстарды ғана емес, оның рухани әрекеттерінің көріністерін де зерттейтіндігін, ал өзіне қажетті заттар туралы нақты деректерді географ басқа пәндерден алатындығын жазған. Бұл көзқарастың мәнін топонимдерді «рухани әрекет көрінісі» деп ұғынумен, ал рны зерттеуде географтың лингвистика, тарих тәрізді ғылымдардың деректерін пайдалана алатындығымен толықтырсақ, әйгілі географтың бұл анықтамасының топонимиканың географиялық бағытына да тікелей қатысы бар екендігін түсінуге болады.

Топонимиканың ғылым ретінде қалыптасуына үлкен үлес қосқан әйгілі географ Э.М. Мурзаев топонимиканы лингвистиканың да, тарихи және географиялық талдау әдістерін де қатар пайдаланатын жеке ғылым саласы ретінде сипаттап, аталған әдістерді жетік меңгерген географ та өзін топонимист деп есептеуіне болатындығын атап көрсеткен. Бұл қорытынды арқылы ғалым географияның топонимикадағы аса маңызды үлесін төмендетіп отырған жоқ, керісінше, оныі әдістерін қолданбайынша, топонимикалық зерттеулерді жүргізу мүмкін еместігіне назар аударып отыр.

Біз «географиялық топонимика» деп атауды ұсынып отырған бағыт жалпы топонимика ғылымын географиялық деректермен толықтырып, топонимдердің мағыналық жүктемесі мен этимологиясын зерттеуде географиялық негіздеме жасауға мүмкіндік береді. Өйткені топонимиялық жүйе белгілі бір аумақтағы географиялық атаулардың қарапайым жиынтығы емес, оның қалыптасуына географиялық фактор ықпал еткен, ал олардың орналасуы кеңістіктік заңдылықтар негізінде жүзеге асады.

Тексеру сұрақтары:

1. Қай уақытта ТМД елдерінде топонимика ғылымы қалыптаса бастады?

2. Топонимика ғылымының дамуына қандай ғалымдар үлес қосты?

3. Топонимиканың ғылым ретінде мәртебесі туралы пікірталас қай ғасырда қалыптасты?


Дәріс 3.

Қазақстан жер-су аттарын бастапқы зерттеген орыс ғалымдары

Дәрістің жоспары:

1. Қазақ топографиясының орыс ғалымдарының еңбектерінде көрінуі.

2. Қазақтың географиялық терминдерін зерттеу.

Қазақ жерінің топографиясы, тарихы мен этнографиясы орыс оқымыстыларының еңбектерінен ерекше орын алады. Әсіресе Қазақстанның сан мың ұлан- байтақ жері, оның сан мыңдаған жер-су атаулары орыс мемлекетінің географиялық картасынан тиісті дәрежеде көрініс тапты.

«Қазақ топонимдері» деген ұғымның шеңберіне қазіргі тіліміз тұрғысында нақты мағыналық жүктемеге ие болатын, қалыптасу кезеңі негізінен XV-XX ғасырлар аралығын қамтиды. Осы бағыттағы қомақты жұмыстар қатарына А.Макшеевтің 1627 жылы жарық көрген «Үлкен Сызба кітабындағы» мәліметтерге, 1716-1733 жылдары құрастырылған швед Ренаттың «Жоңғария картасына» талдау жасап, бұл еңбектердегі географиялық атауларды өз заманындағы топонимдермен сәйкестендіру бағытындағы еңбектерін айтуға болады. Мысалы, А.Макшеевтің пікіріне сәйкес, «Үлкен сызба кітабында» берілген Аспага және Куеей өзендерінің аттары кейіннен Бұлдырты және Қандығайты, ал Сауық өзенінің аты Торғай, Сун гурлук өзені Хобда (Қобда), Бозын-Гинчал Илген (Бозінген салған болуы мүмкін) өзенінің аты Улкаяк (Өлкейек) болып өзгерген.

Қазақтың географиялық терминдерінің ғылыми әдебиеттер бетінде жарық көруіне Орыс География қоғамының басшылығымен өткен ғасырларда Қазақстан жеріне жиі-жиі экспедиция жіберілу нәтижесінде ықпал етті. Осы тұста еңбек еткен П.П.Семенов-Тян-Шанский, Н.А.Северцов, И.В.Мушкетов, В.В.Радлов, Л.Мейер, М. Красовский, А.И.Добромыслов сынды ғалымдардың географиялық, тарихи-этнографиялық зерттеулерінің маңызы аса ерекше.

П.П.Семенов-Тян-Шанский басшылығымен шыққан «Россия империясының географиялық-статистикалық сөздігі» атты еңбекте Қазақ жеріндегі географиялық атаулары жарық көрген. Бұл еңбектің ерекшелігі- топоним құрамындағы географиялық терминдер сызықша арқылы бөлініп жазылған. Мұның өзі қазақ тіліндегі жазылу нормасына сәйкес келмегенімен, орыс тілінде оқитындар үшін қазақ терминдерін айрықшалаудың бір жолы болғанға ұқсайды. Сөздікте терминнің қазақшадан аударғандағы мағынасы жақша ішінле берілген. Бұл сөздіктің қазіргі география, топонимика ғылымдары үшін маңызы атаулардың тізімін, мағынасын беруімен ғана емес, объектінің географиялық ерекшеліктерін қысқаша сипаттауымен де құнды. Мұның өзі көптеген қазақ топонимдерінің мәнін түсінуге, мағынасын жан-жақты талдауға мүмкіндік береді.

Қазақ терминдерін қарастыруда XVII-XX ғасырларда жарық көрген ғылыми әдебиеттер кеңінен пайдаланылды.


Қазақ терминдері басқа түркі халықтарының географиялық терминологиясының құрамында Э.М.Мурзаевтың еңбектерінде талданды. Халқымыздың географиялық терминологиясын ғылыми көпшілікке насихаттап түсіндіруде Э.М.Мурзаевтың 1984 жылы жарық көрген «Халықтық географиялық терминдер сөздігінің» маңызы зор.


Тексеру сұрақтары:

1. «Қазақ топонимдері» деген ұғым қай ғасырларда қалыптасты?

2. А.Макшеевтің 1627 жылы жарық көрген еңбегі.

3. 1984 жылы жарық көрген «Халықтық географиялық терминдер сөздігінің» авторы?

4. Орыс География қоғамының басшылығымен өткізілген экспедицияларға қатысқан орыс ғалымдарын атаңыз.

Дәріс 4.

Орыс ғалымдарының Қазақстан топонимдерінің монғол, араб, парсы және де басқа халықтардың лексикасымен байланыстылығын зерттеулері.
Дәрістің жоспары:

1. Қазақ топонимдерінде араб, парсы тілдерінің орын алуы.

2. Монғол тілінің орын алуы.

3. Көне түркі тіліне тән топонимдер.

4. Қазақ топонимдеріне орыс тіліне енген топонимдер.
ХІХ ғ. дейін ежелгі қазақ жерінде әр тарихи кезеңдерде орын алған өзге мемлекеттер мен елдер тарапынан жасалып отырған басқыншылық саясаты төлтума топонимдік жүйенің ұлттық болмысына, тұтастығына айтарлықтай ықпал ете алмады. Ерте кездегі Араб халифатының орнатқан билігі топонимдік деңгейде кітаби тіл, діни ықпал арқасында еніп, кейбір топонимдік модельдердің компоненттері ретінде, жоғарыда көрсеткендей, ирригациялық (суландыру), сәулеткерлік апеллятивтерде, агиотопонимдік жүйеде т.б. және жеке жер-су атаулары тұлғасы ретінде сақталып қалды. Алайда араб, парсы кірме атаулары мен компоненттері ұлттық топонимиконның жүйеқұраушы әлеуетті қабат емес, фрагментарлы сипаттағы жеке элементтер арқылы ұлттық топонимиконның көне субстраты ретінде танылады. Ол атаулар өзінің көнелігіне байланысты лексемалық бейнесі сақталғанымен семантикасы күңгірт болғандықтан төл ономастикамыздың табиғи құрамдас бөлігі ретінде қабылданып, әбден кірігіп, қалыптасып кеткен. Сондықтан, араб, парсы тілдері компоненттерінің қатысуымен жасалған топонимдердің өзгелігі «бөтендігі» тілді тұтынушыларға айқын сезіле бермейді. Мәселен, Талғар, Шардара, Шарлақ, Ленгір, Астана, Шымкент.
Монғол тілінен енген немесе монғол тілі ықпалы арқылы жасалған жер-су атаулар қазіргі топонимдік кеңістігінде сан жағынан басымырақ едәуір қабат құрайды. Олар өзіндік лексикалық орфографиялық ерекшеліктеріне қарай өзге ұлттық атауларымыздан оқшауланыңқырап, «бөтендігі» семантикасының күңгірттігі арқылы да, фонетикалық-графикалық, лексикалық тұрғыдан белгіленуі де өзге қазақи атаулардан айырып тұрады, мысалы, Қапшағай, Боралдай,Ұранқай (Ораңғай), Дегерес, Шамалған, Қаскелең т.б.

Қазақстан топонимдері құрамы жағынан екі бөлімнен тұрады:



  1. ана тілінің негізінде;

  2. басқа тілдер негізінде жасалған топонимдер.

Ана тілінің негізінде жасалған топонимдер деп шартты түрде атап отырған жер-су аттарын стратиграфиялық тұрғыдан біз: а) алтай дәуіріндегі; ә) көне түркі дәуіріндегі; б) көне қазақ тіліндегі және г) жаңа қазақ тіліндегі атаулар деп топқа бөлеміз. Мұның ішіндегі алтай дәуіріндегі атаулар түркі- монғол тіл бірлестігі заманын қамтиды. Ал осы топқа жататын кейбір атаулардың құпиясы ностратикалық тілдер тұрғысынан ашылады.

Ал басқа тілдер негізінде жасалды деген атаулар тобын екіге бөлуге болады:

А) сол халықтың Қазақстан территориясында тікелей болуы нәтижесінде жасалған атаулар; б) түрлі тарихи және мәдени қарым-қатынастың нәтижесінде енген кірме атаулар.

Қазақ топонимдерін осындай стратиграфиялық топтарға бөле отырып, алтай, көне түркі замандарында жасалған топонимдерді, басқа тілдерден ерте уақыттарда және орта ғасырларда енген топонимдерді с у б с т р а т т ы топонимдер деп атаймыз.

Республикамыздың картасындағы көне түркі тіліне тән топонимдер тарихының тым тереңде жатқаны байқалады. Бұған Жезқазған облысының Ұлытау маңайындағы, сондай-ақ Көкшетау, Қарағанды, Торғай, Павлодар өңірлеріндегі көне топонимдер тобы толық дәлел бола алады.

Қарлұқ қағанаты кезінде араб- парсы деректеріндегі жер- су аттары біршама дұрыс түрде кездеседі. Мәселен, бір кездегі жазбаларда Құлан, Мерке, Отырар, Шаш, Тараз, Суяб, Баласағұн, Ыстықкөл, Барақ, Тон, Талхиз, Қаялық сияқты атаулар кездеседі. Бұл атаулардың көпшілігі түркі тілдерінің негізінде жасалған.

Бұл атаулардың соғды, араб атаулары да болуы мүмкін, өйткені VI-VIII ғасырларда Жетісуға соғдылар қоныс аударып көшіп келсе, VIII-IX ғасырларда арабтар Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігіне бірнеше рет шабуыл жасады. Ал араб тілі мен мәдениеті осы өлкелерде X-XII ғасырларда тарады. Осының нәтижесінде Оңтүстік Қазақстанда, Жетісу өлкесінде соғды және араб атаулары тарады.

Ақ Орда монғол дәуірінен кейін Қазақстан жерінде түркі тайпаларының негізінде құрылған ірі мемлекеттік құрылым болды. Осы тарихи кезеңге байланысты монғол тілінен енген топонимдер Қазақстанның барлық аудандарында ұшырайды.

Алайда Шығыс Қазақстанда мұндай атаулар көбірек көбірек кездесетінін ескерте кеткені жөн.

Әл- Идриси еңбегінде Шария деген өзен аты кездеседі. Оның картасында бұл өзен Гаган (Алакөл) көліне құятыны көрсетілген. Б. Көмеков бұл қазіргі Тентек өзеніне сай келеді деп көрсетеді.

Шария өзенінің аты түркі- монғол тіл бірлестігі заманында жасалған болуы керек. Шары формасын араб авторы Шария деп бұрмалар жазуы мүмкін. Сөздің мағынасы «сары», ш мен с дыбыстарының алмасуы – монғол мен түркі тілдерінің арасында да, түркі тілдерінің өз ішінде де жиі кездесетін құбылыс. Сары сөзі монғол тілінде шар түрінде айтылады. Сол сияқты монғол мен қазақ тіліндегі мынадай сөздерде ш/с алмасуы бар: шавар- сабыр, шалтах- сылтау, шийр- сирақ, ширдэг- сырдақ, шонхор- сұңқар, шор- сор, шөл- сөл, шулых- сылу, шунгах- сүңгу т.б.

Сөйтіп, атаудың этимологшиясы түркі- монғол тіл бірлестігі заманындағы шар// сары сөзімен түбірлес болса керек. Әл –Идрисидің еңбегінде Гамаш өзені жөнінде толық мағлұмат бар. Мұнда қимақтардың он екі қаласы Гиргир тауының солтүстік- шығыс жағында орналасқан, ол оның сегізі Гамаш өзенінің бойында дейді. Б. Көмеков Гамаш Ертіс өзені дейді. Ертістің орта ағысы орта ғасырда арб нұсқаларында Гамаш аталғанын байқаймыз.

Ерте орта ғасырлардағы араб-парсы нұсқаларындағы атаулардың қазіргі территориясын анықтау, салыстыру, оларды археологиялық жағынан зерттеу мәселесімен академик Ә.Х. Марғұлан да шұғылданды.

Ал XVII ғасырдың басынан бастап, орыс халқымен қарым –қатынастың және Қазақстанның Орыс мемлекетінің құрамына өз еркімен енуінің нәтижесінде орыс топонимдері де ене бастады. Қазақстан жерінде ең ертеден орнаған қалалардың қатарына Гурьев қаласы жатады. Кейбір зерттеушілердің пікіріне қарағанда, қала патшаның бұйрығымен 1940 жылы салынған. Қаланың аты өзінің ұлдарымен келіп, қаланы салуға тікелей көмегі тиген Гурий деген кісінің атына қойылған. Қазақстанға орыс топонимдерінің енуі XIX ғасырда кеңінен өріс алды. Қазақстанның қазіргі үлкен қалаларының көпшілігі XIX ғасырда салынды және олардың салынуы орыстардың көшіп келіп, қоныстануына тікелей байланысты болды. Орыс топонимдері тек бір қала аттарына ғана емес, деревня, поселке және селолардың аттарына енді.



Тексеру сұрақтары:

1. Қазақстан топонимдері құрамы жағынан неше бөлімнен тұрады?

2. Субстратты топонимдер дегеніміз не?

3. Республикамыздағы көне түркі тіліне тән топонимдерді атаңыз.

4. XVII ғасырдың басынан бастап қазақ жеріне қандай топонимдер кіре бастады?


Дәріс 5.

Ұлы Отан соғысына дейінгі Совет Одағындағы топонимикалық зерттеулер.

Дәрістің жоспары:

1. Орта Азия елдерінің топонимикалық зерттеулері.

2. Орыс елінің топонимикасы.
XIX соңы мен XX басында түрік лексикасы туралы топонимикалық және терминологиялық мәліметтерді тюрколог академик Радлов өзінің төрттомдық «Опыте словаря тюркских наречий» кітабында жинап, өңдеген болатын. Ол өз еңбегінде гидронимдерге назар аудара отырып, жергілікті географиялық және жалқы географиялық атауларды енгізді. Онда Алтай тауының (биік тау) анықтамасын, карасу (бұлақ көзі, қайнар көз) терминінің шығу тегі туралы келтірген. Радлов ең алғаш түрік сөзі баш (бас, басы, бастауы) өзендер атауларымен қосылып, оронимдер туғызады деп айтқан.

Венгерлік ғалым, білімді, шығыс тілдерін жақсы танушы Арминия Вамбери тюркологиямен, Түркістан тарихы мен этнографиясымен қызықты. Оның Парсы, Бухара, Хива, Самарқандқа жасаған саяхаттары нәтижесінде топонимикаға қатысты көптеген еңбектер жинады, содан кейін Орта Азия географиялық атаулары туралы үлкен еңбекті басып шығарды. Мұнда түрік және иран тілдерінің топонимдері берілген. Бұл жұмыс Орта мен Орталық Азия топонимикасын еуропалық тілдерде шығуына себеп болды.

XX ғасырдың ғалымдарының ішінен бірнешеуін ерекше атап кетуге болады: В.В. Бартольд, Л.С. Берг, В.А. Казакевич, Ф.Е.Корш, Н.Я.Марр, П.Л.Маштаков, А.Ф.Орлов, Ф.П.Саваренский, А.М.Селищев, В.П.Семенов-Тян-Шанский, А.И.Соболевский, В.Б.Шостакович.

В.В.Бартольд- Орта Азиялардың ішіндегі ең ірі тарихшы. Ол Түркістандағы жайылым мен Әмудария өзенінің ескі арнасының су ағысы туралы сөз қозғаған. Бартольдта арнайы топонимикалық жұмыстары жоқ. Бартольд жергілікті географиялық терминдерді қолданды: арық, джуй, кам, қыр, рабад, тархан, төрткүл, шахристан, юрт және т.б.



Л.С.Берг өзінің еңбектерінде халықтық географиялық терминологияны оқытып және жүйелендіріп жинақтады. Л.С.Берг «О происхождении названия Москва» атты арнайы топонимикалық мақаласы шықты. Автордың айтуы боынша, Москва өз атын мосх- тайпа, фин тілдегі ва-«су» деген мағынаны білдіреді.

В.А.Казакевич- монголист, академик Б.Я.Владимирцовтың оқушысы. Ол Орта Азияның географиялық атаулары және оларға талдау жасады. Бір еңбегін орхон тас жазбаларына арнады. Казакевич Монғолия Халықтық Республикада саяхат жасап жүрген кезде монғолдардың географиялық лексикасы туралы мағлұматтар жинады.

Ф.Е.Корш орыс филологы көптеген тілдерді білді: антикалық, славян, роман, герман, түрік, араб парсы. Ғалым жергілікті географиялық номенклатураға назар аударды. Ол екі мақаласында бір және сол жердегі ареалдардың жергілікті географиялық терминдерді көрсетті.

Н.Я. Марр орыс елінің топонимикасымен айналысты. Ол топонимикалық жұмыстармен гимназияда оқып жүргеннен бастап, мектеп кезінде ең алғаш Батуми атының шығу тарихы, яғни bathys- «терең» туралы жазған болатын. Н.Я.Марр жұмыстарынан жергілікті географиялық терминдер мен жалқы географиялық атаулар туралы арнайы бөлімдерін көруге болады. Сонымен қатар топонимика туралы жеке жұмыстар да бар. оған мынаны жатқызуға болады: «К вопросу о топонимике Крыма» (1927) және «К вопросу о названиях рек Сибири в освещении яфетической теории» (1926). Осылардан басқа «О происхождении имени Анапа», «Сухум и Туапсе. Кимерский и скифский вклады в топонимику Черноморского побережья» және т.б. Н.Я.Маррдың топонимикалық мұрасы өте зор. Бірақ қазіргі кезде оның жұмыстарына ғалымдар қарсылық тудыруда.

Ф.П.Саваренский – мамандығы бойынша натуралист. Ол Тула губерниясының топырақ жамылғысы зерттей отыра, географиялық атауларды жинастырып, бір жүйеге келтірді және таралуын ландшафтымен байланыстырды. Оның пікірінше, географиялық атаулар табиғи жағдайларды білдіреді. Кейде бұл байланыстар түсініксіз және парадоксальды болып көрінеді. Орманмен байланысқан атаулар (Дубки, Залесье, Березняки) дала ландшафтарына тән, ал ормандарға тән емес. Сулы жерлерде мынадай атаулар кездеседі: Белый Колодец, Озерки Поганые т.б., ал суы жоқ жерлерде қалыпты. Бұл түсінікті: суы мол жерлерде «сулы» атаулары бар географиялық объектілердің болуы маңызды емес. А.М.Селищев славян топонимиясымен шұғылданды. СССР территориясының еуропалық бөлігінен басқа Балқан түбегін де қамтыды: Македония, Албания. Оның «Из старой и новой топонимики» жұмысы өте белгілі. В.П. Семенов-Тян-Шанский геоографияға терең із қалдырды. Е.М.Поспеловтың ойынша оның шығармашылығында үш бағыттты бөліп көрсетті: 1) топонимика және картография; 2) топонимика және этнография; 3) топонимика мен территорияның географиялық ерекшеліктерімен байланысы. Ол өзінің топонимикалық ісін 1904-1907 жылдары бастады, онда Орыс географиялық қоғамында географиялық атаулардың подкомиссиясы жұмыс істеп тұрды. Оған белгілі географтар, тарихшылар мен лингвистер мүше болды: Ю.М.Шокальский, В.В.Бартольд, А.А.Шахматов, С.Ф.Ольденбург, П.М.Мелиоранский.

Қорытындылай келе, А.Ф.Орлов Шығыс Еуропа ауданының барлық топонимиясы фин-угор тілінен шыққан деп есептейді, А.И.Соболевский ежелгі иран тілдері ықпал еткен десе, Н.Я.Марр яфетистикалық бастауды Орыс жазығы, Волга мен Оралда, және Сібірден байқады.


Пысықтау сұрақтары:

1. Академик Радловтың төрттомдық еңбегі.

2. Орта Азия ғалымдарының ішінен қай ғалым жергілікті географиялық терминдерді қолданды?

3. В.А.Казакевич қай халықтың топонимикасымен айналысты?

4. «О происхождении названия Москва» атты еңбектің авторы

5. Е.М.Поспелов шығармашылығында неше бағыттты бөліп көрсетті?



Дәріс 6.

Ұлы Отан соғысына кейінгі жылдардағы топонимикалық зерттеулер.
Дәрістің жоспары:

1. Соғыс жылдарынан соң топонимикалық зертттеулер.

2. Топонимикалық комиссиялардың құрылуы.

3. Ресей орталығындағы топонимика.

4. Орта Азия мен Қазақстанның топонимикасы.

Соғыс жылдарынан соң Кеңес Одағында топонимикалық зерттеулер кеңінен таралды, жергілікті терминология туралы жинақтар, ғылыми жұмыстар, танымал кітаптар, сөздіктер шыға бастады. Киев, Мәскеу, Лениноград, Рига, Минск және басқа қалаларда кеңес топонимдері жиналып, топонимикалық конференциялар өткізілді. СССР Географиялық қоғамында топонимикалық комиссиялар пайда болды. Топонимикалық зерттеулердің жаңғыруы 50 жылдардың соңы мен 60 жылдардың басында болды. Нәтижесінде топонимика ғылыми және оқыту жұмыстарында маңызды орын ала бастады. Мәскеуде соғыстан соң лезде академик В.В.Веселовскийдің Москва облысының елді мекендері туралы жазған мақаласы жарық көрді. Мәскеулік топонимистердің ішінен В.А.Никонов және оның кеңес Одағындағы топонимиканы құруы туралы ерекше атап кетуге болады. Ол Географиялық қоғамның мәскеулік филиалының топонимикалық комиссиясының қйымдастырушысы болды, кейін АН СССР этнография институтының ономастика тобын басқарды. Ол өзінің екі еңбегін жариялады: «Введение в топонимику» (1965) және «Краткий топонимический словарь» (1966).

Е.М.Поспелов географиялық атаулардың транскрипциясының теориясы мен тәжірибесі сұрақтарымен байланысты ғылыми жұмысын бастады. Оның зерттеунінің басты мәселесі- топонимика мен картография. Автор топонимикалық карта мен картографиялық деректер туралы айтады. А.В.Суперанская жеке ғана емес, географиялық жалқы атаулармен айналысады.

Оның шығармашылығында төрт бағытты байқауға болады:


  1. жалқы атаулардың орфографиясы мен орфоэпиясы;

  2. топонимиканың жалпы сұрақтары;



  1. қандай да бір облысқа талдау жасау;

  2. топонимиканың танымалдылығы.

Өзінің қызығушылықтарын арттыра отыра, ол «Общая теория имени собственного» атты үлкен кітабын шығарды.



Топонимикалық комиссияның ішіндегі белсенділерден ғылым теориясы мен ағылшын тілді елдердің топонимикасымен шұғылданған В.Д.Беленькаяны, орыс географиялық терминологияны зерттеуші Г.П.Бондарукты, топонимикалық терминология мен географиялық атауларға зерттеу жасаған Н.В.Подольскаяны айтуға болады. Т.И.Тепляшина фин – угорлық топонимдерімен шұғылданды. Ол бірнеше мақалалар жазып, соның ішінде кар-«қала» (Сыктывкар, Кудымкар, Шуршкар және т.б.) деп қарастырылатын жұмысы үлкен жетістікке әкелді. Ленинградтың кәрі топонимисі А.И.Попов та фин-угорлық топонимия туралы біраз еңбектер жазды. Ол Шығыс Еуропа тілімен айналыса отырып, топонимикалық лексикаға да көп көңіл бөледі.

Орта Азияның, әсіресе Памирдің иран тілді топонимдеріне көп еңбек сіңірген адамдардың бірі- А.З.Розенфельд. оның мақалаларының ішінде памирлік географиялық атаулар, олардың семантикалық сараптамасы мен географиялық анықтамалар кездеседі. Соғды топонимиясын О.И.Смирнов, ненец топонимиясымен Н.М.Терещенко айналысты.

Киев топонимистерінің ішінен А.А.Белецкий, Р.В.Кравчук, А.А.Купчинск, В.П.Петров Украинаның ономастикасы туралы мақалаларын жариялады. Жергілікті орографиялық терминдер туралы үлкен жұмысты Т.А.Марусенко атқарды. А.А.Белецкий жалқы есімдер, ономастикалық терминология және ономастиканың басқа сұрақтары туралы кітабын басып шығарды. Молдавия топонимиясы туралы М.В.Сергиевский, Белоруссия туралы В.А. Жучкевич, Литваның гидорнимдері туралы А.Ванагас, Латвияның топонимикалық зерттеулерімен академик Я.М.Эндзелиннің үлесі зор.

Орта Азия мен Қазақстанның топонимикалық зерттеулерімен жергілікті ғалымдар А.Л.Хромов пен В.Н.Попов айналысты. Олардың жұмыстарының алдыңғы қатарларында Тәжікстанның, әсіресе Ягноб ауданының топонимиясы тұр. Қазақстан топонимиясын Шымкенттен В.Н.Попов зерттеді. Ол әсіресе Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облысы гидронимдеріне назар аударды және Ертіс өзенінің шығу тегі туралы қызықты мақаланы басып шығарды.

Әзірбайжан топонимиясын аянбай және жүйелі түрде еңбек еткен Рамзи Юзбашев болып табылады. Ол көптеген мақалалар мен екі ірі кітап жариялады. Оның «Азербайджанские географические термины» атты кітабы жергілікті терминология туралы бай орографиялық және геоморфологиялық, метеорологиялық, гидрологиялық мағлұматтардан тұрады.

Тексеру сұрақтары:

1. Топонимикалық зерттеулердің жаңғыруы қай уақытты қамтиды?

2. Академик В.В.Веселовский қандай облыстың топонимикасы туралы жазды?

3. Топонимикалық комиссияның белсенділері.

4. Орта Азия мен Қазақстанның топонимикалық зерттеулерімен айналысқан ғалымдар.

5. Әзірбайжан топонимиясын жүйелі түрде зерттеген ғалым?

6. Киев топонимистерін атап шығыңыз.
Дәріс 7.

Қазақстан топонимикасының даму тарихы.
Дәрістің жоспары:

1. Қазақ топонимиясына Ш. Уалихановтың қосқан үлесі.

2. Қ. Сәтбаевтың еңбектері.

3. Қазақ жеріндегі географиялық атаулар.

4. Мемлекеттік каталог құру.

Географиялық атаулар қазақтың бірінші ғалымы Шоқан Уәлихановтың қызметінде ерекше орын алды. Ол Орталық Қазақстан, Жетісу, Ыстықкөл, Шығыс Түркістан және Орта Азияның тарихи-геог­рафиялық жазбасы мен географиялық атауларының шығу тарихына көп көңіл бөлді. Халық аңыздары, ауыздан-ауызға тараған әңгімелер мен сөздерге сілтеме жасай отырып көптеген геогра­фиялық атаулардың мағынасын ғылыми тұрғыдан түсіндірді және этимологиясын ашты.

Көрнекті қазақ ғалымы, академик Қ.Сәтбаев пайдалы қазбалардың кен орындарын іздестіруде топонимдерді сенімді белгілердің бірі есебінде кездейсоқ енгізген жоқ. Топонимдерде аумақтарды қоныстанудың тарихи кезеңдері, адамдардың шаруашылық іс-қимылдары, байырғы көші-қондар мен ұлтаралық қарым-қатынастар, этностардың ареалдары, елде ғасырлар бойы болған тарихи, саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер көрсетілген. Географиялық атаулардың мекен-жайлық және ғылыми-ақпараттық қызметімен қатар, мемлекетіміздің тәуелсіздігі және ұлттық басымдығы мен мемлекет символын бекітудің бірден-бір құралы ретінде қызмет етеді.

Географиялық атаулары жоқ кез келген картография көзі «тілсіз» болып есептеледі. Географиялық атаулар – карта тілі, ал топонимдер халықтың рухани байлығы мен даналығының орасан қоймасы бола отырып, мәдениет пен халық ауыз шығармашылығының ескерткіштері ретінде әрі қарай жинауды, сақтауды және ұқыпсыз пайдаланудан қорғауды қажет етеді.

Географиялық атаулар мәселесі көптеген жағдайларда мемлекетішілік, ұлттық мүдделер шеңберінен шығып, халықаралық маңызға ие болып кетеді.

Біздің республикамызда географиялық атаулар саласындағы жұмыстар 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» және 2002 жылғы 3 шілдедегі «Геодезия және картография туралы» заңдарына, сондай-ақ Үкіметтің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ, физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің тәртібіне» сәйкес жүргізіледі.

Осы мәселенің маңыздылығын ескере отырып және Президенттің «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығын негізге ала отырып Жер ресурстарын басқару агенттігі 2001 жылы Қазақстан Республикасының географиялық атауларының мемлекеттік каталогын (ҚР ГАМК) жасау жұмыстарын бастап кетті. Ол жұмыстың негізгі мақсаты – Қазақстандағы географиялық атаулар туралы ақпараттарды жинау, сақтау, жаңарту, енгізу, өңдеу және түрлі тұтынушыларды мәліметтермен қамтамасыз ету. Каталог жасау қажеттілігі, сонымен қатар түрлі көздерден алынған географиялық бір нысанның атауларының түрлі нұсқада жазылуынан, сондай-ақ оларға географиялық терминдерді жазғандағы айырмашылықтардан туындады.

Мемлекеттік каталог қалыптастыру үшін база ретінде 1:100 000 масштабты мемлекеттік топографиялық карта алынды. Осы бойынша жұмыстарды Білім және ғылым министрлігі География институтының қатысуымен Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры» РМҚК жүргізді.

Әлемдік тәжірибе база ретінде 1: 100 000 масштабты топографиялық картаны алып жасаған таңдауымыздың дұрыстығын дәлелдеп отыр. Топографиялық картаның өзі де географиялық атаулардың қоймасы, яғни, өз алдына каталог болып табылады. Сонымен бірге, каталогтың мұндай түрімен жұмыс істеу кейде қиынға соғып жатады, сондықтан атауларды топографиялық карталардан түсіріп алып, өзге көздерден алынған ақпараттармен толықтырып (тарихи, мұрағаттық және т.б.) және арнайы тізімге немесе карточкаға енгізіп отырады, жиынтығын белгілі бір жүйеге келтірген соң географиялық атаулардың каталогын қалыптастырады.

Осы уақыт аралығында кітап және электронды нұсқасындағы мемлекеттік және орыс тілінде Қазақстанның барлық облыстарында географиялық нысандардың атаулары мәліметтерінің базасы жасалды. Кітап нұсқасының әрбір томында мемлекеттік және орыс тілдерінде облыс туралы қысқаша ақпарат, Қазақстан Республикасының картасы, тиісті облыстың картасы, алғысөз, каталогтың ҚР ГАМК-да жасалуы туралы және осы облыс үшін каталог құрастыру туралы толық ақпарат, қазақша географиялық атауларды орыс тілінде жеткізудің қағидасы, каталогтың құрылымы бойынша жазбалар, каталог терминологиясы, қысқартылған сөздердің тізімі, орыс және қазақ алфавиті бар.

Кітап нұсқасындағы каталогтағы географиялық нысандардың жазбасында географиялық нысанның жеке атауы (қазақ және орыс тілдерінде), нысанның бұрмаланған атауы, аты өзгерген нысандардың бұрынғы атауы, нысан түрі, нысан бойынша қосымша мәліметтер, осы облыс шеңберіндегі географиялық байламдар, аудандар бойынша әкімшілік байламдар, географиялық атаулардың этимологиясы мен нақты мазмұны, бұрмаланған атауларға сілтемелер бар.

ҚР ГАМК толық электронды нұсқасы 25 белгісі бойынша географиялық атаулардың жазбасы берілген Қазақстан аумағандағы географиялық нысандар атауының жүйелендірген қорын ұсынады.

Осындай көлемдегі және қалыптағы географиялық атаулардың каталогын жасау жұмыстары біздің елімізде алғаш рет қолға алынып отыр. Сондықтан құрылған мәліметтер қоры уақыт өте келе өзіне саны жағынан да, сапасы жағынан да географиялық нысандар сипатындағы үлкен ақпараттарды сіңіре отырып, республикамыздың топонимдерін жан-жақты және терең зерттеуге негіз болады деп болжаймыз.

Көптеген елдердің географиялық атаулар саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың дамуының маңыздылығын түсінуі, БҰҰ түрлі органдарының елдер атауларының мемлекеттік тіл мен БҰҰ ресми тілдеріндегі қолданылуы бірдей болуына мүдделі болуы БҰҰ жанынан географиялық атаулар бойынша сарапшылар тобының құрылуына алып келді. Қазіргі уақытта оған Әзербайжан, Армения, Беларусь, Болгария, Грузия, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан және Украина сарапшылары топтастырылған, бақылаушылар ретінде Қазақстан, Литва, Польша, АҚШ, Түркіменстан, Эстония сарапшылары қатысады.

Бөлім өкілдері өз мемлекеттеріндегі географиялық атаулардың ұлттық стандарттау бойынша жасалған жұмыстар туралы ақпараттармен бөліседі, географиялық атаулар бойынша заңнама, нормативтік және әдістемелік құжаттар әзірлеу жөніндегі, ұлттық электронды каталогтарды әзірлеу барысы, романизациялаудың ұлттық жүйесін қолдану туралы мәселелерді талқылайды, географиялық атаулар бойынша картографиялық шығармалар мен анықтамалық басылымдар үлгілерінің тұсаукесерлерін жасайды.

Бөлім қызметінің негізгі бағыттарының бірі халықаралық пайдалану үшін карталар шығару кезінде қолданылатын (романизациялау) латын графикасының негізінде транслитерлеу жүйесін келісу болып табылады. Қазіргі уақытта латын алфавитіне көшпеген елдер (армян, грузин, қазақ, қырғыз, тәжік, украин) басқа елдердің тәжірибесін назарға алып, географиялық атауларды романизациялау бойынша жұмыстар жүргізуде. Жұмыстарды үйлестіру БҰҰ Географиялық атаулар бойынша сарапшылар тобының Балтық жағалауы бөліміне тапсырылды.

Эстония өкілдерінің (үйлестіруші) мәліметтері бойынша, БҰҰ қарары латындандыру жүйесін енгізуді қарастырды.
Қазіргі уақытта БҰҰ географиялық атаулар жөніндегі сарапшылар тобының Балтық бөлімі латын графикасы негізінде қазақ алфавитін транслитерлеу жүйесімен айналысуда және олар романизациялаудың 1979 BGN/ PCGN, ISO:1995 жүйесі нұсқасын ұсынады.

Романизациялаудың ұсынылған нұсқасы қазіргі әдеби қазақ тілінің нормаларына сай келмейтіндіктен Қазақстан ғалымдары латын алфавитінің қазақша нұсқасын әзірледі, ол қазақтың грамматикалық оқылуына дәл келеді, сонымен қатар, ақпараттық технологияларды пайдалану кезінде қолдануға жеңіл.

Географиялық нысандардың атауларын ұлттық стандарттауды дамыту және оның негізінде халықаралық стандарттау жүргізу, географиялық нысандарға атау беру және географиялық нысан­дарды қайта атау саласындағы қызметтің құқықтық негізін орнату, сонымен қатар, географиялық нысандардың атауларын қалыпқа келтіру, қолдану, тіркеу, есепке алу және сақтау «Қазақстан, Республикасындағы географиялық нысандардың атаулары туралы» заң жобасын әзірлеуді қажет етеді.
Тексеру сұрақтары:

1. Ғалым Ш. Уалиханов Қазақстан жерінің қай жерлерін зерттеді?

2. Географиялық атаулар.

3. Мемлекеттік каталогтың маңыздылығы.



Дәріс 8.

Топонимика және география.
Дәрістің жоспары:

1. Топонимика ғылымының география үшін маңыздылығы.

2. Халықтық этимологияның пайда болуы.

3. Географиялық атаулардың шығуы.

4. Географиялық терминдердің қалыптасуы.
Географтар әрқашан географиялық атауларды оқуға көп көңіл бөлді. Әсіресе, көп еңбектерде Орыс географиялық қоғамының маңызы зор. (Вальская,1962).

Географтар үшін географиялық атауларлы оқу тек педагогикалық мақсатта ғана шектелмеуі тиіс: зерттеу аспектісі де маңызды. Топонимика арқылы кейбір территориялардың физико-географиялық ерекшеліктерін, тұрғындардың мінездерін, елді мекендердің құрылу спецификасын және т.б. білуге болады..

Осылай халықтық этимология пайда болды, ереже бойынша шындықпен сәйкес келмейтін және басқа жаңа әлемге апаратын ассоциациялар туындады.

Мысалы, Обь өзені - «апа немесе тәте өзені», Катунь өзені - «ханым», Бия өзені – «мырза, бастық» және т.б.

Географиялық атаулардың алғашқы этимологиясы нигилизмге әкелді, яғни олардың семантикасын түсіндіруіне мүмкіндікті жоққа шығарды. Алайда топонимикалық жұмыстардың көрсетуінше, ғылым бұл облыс бойынша көптеген қызықты оқиғаларды жинады, тарих, география және тіл білімін байытты. Көптеген ерте топонимдердің, әсіресе өзен атауларының мәнін ашу қате болса да, кейіннен ол қызықты ғылыми ашылуларға әкеледі.

Географиялық атаулардың көп жағдайда жалпы сөздер болса, уақыт өте келе олар жеке есімдерге айналады. Мұндай сөздерге қарапайым жергілікті географиялық терминдер, номенклатуралар жатады: су, өзен, көл, бұлақ, тау, жота, ауыл, қала және т.б. (Мысалы, су – Ақсу, кұм – Қарақұм, көл –Ыстық-көл және т.б.)

Географиялық терминдер географтардың көмегімен далалық зерттеулерде ашылған. Сондықтан, жергілікті географиялық терминологияны оқу– топонимиканың маңызды тапсырмасы, және мұнда географтар қатысуы қажет. Әйтпесе, сол немесе басқа халықтық географиялық терминнің мазмұнын нақты түсіндіруге жеткіліксіз.

Географиялық атаулардың тілдік қатыстылық пен жұрнағы әрқашан сәйкес келе бермейді. ТМД территориясында шетелдік атаулар орыс грамматикалық жалғаулар, жұрнақтармен өңделеді. Мысалы, Е.М. Поспеловтың анықтауы бойынша (1965), «атаулар арасында орыс жұрнағы –ово сияқты фин (Токсово, Кавголово, Мухтолово), и чуваш (Янтуково, Аблязово), және мордва (Пичкасово, Пургасово, Мечасово), және басқалардан табуға болады». Орыс «қалалық» жұрнақ – ск сонымен қатар славян емес қалалардың атауларында да кездеседі екен: Уральск, Томск, Ачинск, Мурманск және т.б.

Славяндық топонимдер түріктер сияқты тек бір ғана етістіктен жасалмауы мүмкін. Орта және Орталық Азияда сөйлем құрайтын мынадай атаулар бар: Барсакелмес – «барсаң-қайтып келмейсің»; Эшеканкренкыр – «үстірт-есек баж етті» (халықтық этимология; қазіргі формасы Ишек-Анкренкуыр); Кулан олди – «құлан өлді», Джульбарсаткан кол – «барысты аулаған алқап» және т.б.

Елді мекен атауларында сол жерге ең алғаш келген адамдардың, жер иелерінің, феодалдардың т.б. аттарын, фамилияларын береді. Сонымен қатар ауыл мен елді мекендерге, өзендер мен басқа географиялық объектілерге өсімдік, жануар, пайдалы қазбалардың аттарын беру нәтижесінде зерттеушіге сол ауданның табиғи жағдайларын білуге қосымша көмек береді.

Топоним –бұл картадағы сөз. Топонимика мен картография арасындағы байланысты Е.М. Поспелов жақсы көрсеткен(1962,1971);оның айтуынша, географиялық атаулардың алғашқы жазбалары, олардың инвентаризациясы, орграфия мен орфографиясы,топонимикалық статистика – бұл барлығы топонимиканың ажырамас бөлігі,картография мен картографтарды өте жақсы қызықтырады.

Топонимика топографқа далалық зерттеу кезінде дұрыс жазуға және картаға таныс емес, әсіресе шетел тілінде жазылған географиялық атауды ауыстыруға көмектеседі. Соның нәтижесінде қателерден және өрескел сөздерден құтылуға болады.

Топонимиканың табысты дамуы үшін география мәнінің зор екенін тек географтар ғана емес, сонымен қатар топонимикалық зерттеулермен айналысатын лингвистер де мойындайды. Осыған қатысты филологиялық ғылымдардың докторы Ю.А. Карпенконың еңбегінен көруге болады (1970). Оның аты автордың позициясын көрсетеді: «Лингвистика – география – тарих (топонимикалық этимологияның мәселелері)».

Географиялық атаулардың этимологиясы автордың айтуы бойынша № 1 мәселе болып табылады. Егер географиялық тарихына мән аудармасақ, этимологиялық әдістің тұрақсыздығы мен таластары бола бермек.


Тексеру сұрақтары:

1. Топонимика мен географияның байланысы.

2. Топонимиканың география салаларымен байланысы.

3. Географиялық атаулардың алғашқы негізі.


Дәріс 9.

Топонимиядағы ұғымның дамуы.
Дәрістің жоспары:

1. Топоним ұғымы.

2. Топонимиканың түрлері.

3. Ономастика ғылымы.


Топонимдер – картографиялық обьектінің өзінің меншікті атауы . Олар рельеф элементтерінің аттары- оронимді, су обьектілерінің аттары-гидронимді , этностардың аттары- этнонимді, жануар әлемінің аттары- зоонимді және сол сияқты.

Терминдер – картографиялық обьектіге қатысты ұғым. Бұл жалпыгеографиялық, геологиялық, мұхиттық, әлеуметтік - экономикалық және - басқа терминдерді бола алады ( мысалы, «аудан», «бұғаз», «шығанақ» және басқалары).

Түсіндірмелі жазудың :

- сапалық мінездеме;

- сандық мінездеме;

- хронологиялық жазу;

- қозғалыс белгілеріне түсіндірме;

- меридиандардың және параллельдердің цифрлеу және картографиялық тор сызықтарына түсіндірме түрлері бар.


Топонимика ( грекше topos- орын және Noma - ат ) - географиялық атауларды зерттейтін ғылым, олардың пайда болуын, мағынасын, дамуын, қазігі жағдайын, оларды белгілеуді зерттейді. Топонимика география, тарих және лингвистика ғылымдармен байланысты. Топонимия - қандай болмасын аумақ атауларының жиынтығы.

Топонимика бірнеше түрге бөлінеді:

· Ойконимдер – елді мекендердің атаулары ( гр. oikos - пәтер-үй, мекен).

· Астионимдер - қалалардың аттары (гр. asty - қала)

· Гидронимдер - өзендердің аттары (гр. hydros - су).

· Дримонимдер - ормандардың аттары (гр. Δρΰς ағаш).

· Оронимдер - таулардың аттары (гр. oros - тау).

· Урбанонимдер – қала ішіндегі нысандардың аттары (Urbanus-қалалық).

· Годонимдер - көшелердің аттары (гр. hodos - жол, көше, арна).

· Агоронимдер - аудандардың аттары ( гр. agora - аудан).

· Дромонимдер - хабарлау жолдарының аттары (гр. dromos - қозғалыс, жол).

· Макротопонимдер – үлкен аумақты елсіз мекендердегі нысандардың аттары (гр. makros - үлкен).

· Микротопонимдер - кішкене аумақты елсіз мекендердегі нысандардың аттары (гр. mikros - аз).

· Антропотопонимдер – адам қолынан пайда болған географиялық нысандардың аттары (гр. antropos - адам).

Географиялық атаулар бұл топонимдер болып есептелінеді. Географиялық атаулар карталарды орналастыру кезіндегі нақты шараларды қажет етеді. Топонимика бес формада қолданылады:

Жергілікті арнайы жерлер формасы, яғни бұл елдердің мемлекеттік тілімен жазылады.

Фонетикалық формасы, яғни мұнда басқа тілде жазылуы.

Салттық формасы, мұнда әрбір елдің тілінде жазылады.

Ауыстыру формасы мағынасына қарай жазылады (Отты жер- Огненная земля).

Әріппен берілу формасы немесе оны транслитерация деп атайды. Бір әріппен беріле отырып, екінші әріпке көшу. Әрбір адам дүниежүзіндегі, өз еліндегі, туған облысы, ауданындағы,туған қаласындағы жеке географиялық атаулардың, тіптен, көше, аландардың,өзен, көл, жоталардың аталу себептерін біле бермейді. Совет елінің жазушысы К.Г.Паустовский жас кезінде картаны қарағанды өте жақсы көрген екен. Жазушыны өзен ағыстары, қалың тайганың терең құбылыстары, Маточкин Шар, Гебридтер, Панама, Кордильер сияқты, т. б. көптеген атаулардың аталусебебі таңғалдырған және өте қызықтырған. Бұндай мәселелер ертедегі Греция, Римдегі, т.б. елдердегі тұратын адамдарды да қызықтырған.Топонимдердің атаулары әр түрлі сакталады, өзгеріп, ауысып отыруы мүмкін.Кейбір атаулар бір жыл, он жыл, кейбір атаулар ғасырлап сакталады. Мысалы,Иерусалим, Иордан, Египет, Рим, Афины, Александрия, Самарканд, Ереван атаулары мындаған жылдар сақталуда.


ТМД елдерінің барлығында топонимикалык зерттеулер үнемі жүргізіледі. Ертедегі Армения топонимдері Мовсес Хореноцидің, Қырғыз топонимдері Махмуд Қашкаридің еңбектерінде берілген,т.с.с. Ғалым- энциклопедист Абу Рейхан әл-Бируни XI ғасырда “Қандай да болмасын бір жерлерді бөтен тілді тайпалар иемденсе, сол жердің атауы тез өзгере салуы мүмкін, себебі олар атауларды өз тілдеріне келтіріп айтулары керек ” деген.

Жалқы есімдерді түсіндіретін ілімді ономастика дейді. Ономастика немесе ономасиологая көне гректің онота “есім, ат” (адамның аты, аңдардың немесе жер бетіндегі өзге түрлі объектілердің аты, аспан өлеміндегі планеталардың, космос кеңістігіндегі жарық дүниелердің, галактика топтарының аттары болуы да мүмкін) +logos “ұғым” сөздерінен құралған есімдер туралы ілім деген сөзі.

Ономастика сөзінің өзін (осы сөздің жеке өзін) қазіргі қазақ тілінде айтатын болсақ, мейлі ол абстракциялы ұғым ретінде болсын, мейлі жалқы есімдер жүйесі түрғысында болсын — “атаулар ілімі” немесе тіпті, бір-ақ сөзбен “атаулар” деп те айтуға болар еді. Бірақ қазақ тілінде жарық көріп жүрген баспасөз нұсқалары оны жалқы есімдер туралы ілім деуді қолдайды.

Ал жалқы есімдер дегеніміз, ономастика тұрғысынан айтқанда, біреуді біреуден айыру үшін немесе бір объектіні екінші бір объектіден даралау үшін солардың әрқайсысына жеке дара тағылған белгілер немесе атаулар. Сондықтан осы ажырату дұрыс деп есептеледі. Ономастикалык зерттеулер талай ғылымның деректеріне сүйенеді. Көп жағдайда ол лингвистикалық деректермен бірге география, этнография, тарих, т.б. ғылым деректерін мол пайдаланады. Ол коғамдық ғылымдармен ғана жанасып коймай, табиғаттану, зоология, ботаника ғылымдарымен де ұштасып жатады.

Сонымен, топонимика, ғалым А.В.Суперанскаяның айтуы бойынша, ономастиканың кесек бір бөлігі. Ономастика ілімін біріне-бірі жалғас, ара жігі іліктес ірі-ірі үш салаға бөлуге болады:

1. Топонимика — жер бетіндегі объектілердің тілдік қүрамын, мән-мағыналарын карастыратын ілім.

2 . Антропонимика — адам аттарының шығу тарихын қарастыратын ілім.

3. Этнонимика — ру, тайпалардың тарихын, құралу, ыдырау үдерістерін қарастыратын ілім.

Топонимика грек созі “топос” — орын, жер, “ономо” — атау. Топонимиканың топоним терминдерінен айырмашылығы бар. “Топонимдер” — жер-су атаулары болса, “топонимика” сол атауларды зерттейтін ғылым. Топонимика тіл білімінде, география ғылымында географиялык жалқы атауларды зерттейтін ғылым саласы болса, ал географиялык жалкы атаулардың өзі (жер-су аттары) топонимдер деп аталады. Географиялык жалқы атауға — Алматы, Ертіс, Маңғыстау, Ақтау, Атырау, Теңіз, т.б. жатқызатын болсақ, ал жалпы атауға өзен, көл, түбек, шұңғыма, арал, бұғаз, шығанақ, мұхит, теңіз, т.б. жатқызамыз.

Топонимика пәніне байланысты ономастиканың төмендегідей салалары бар:

Астронимикаәуе кеңістігіндегі жарық дүниелер аттары туралы ілім;

Гидронимика — өзен, су, көл және теңіз аттары туралы ілім;

Зоонимика — хайуанат аттары туралы ілім;

Космонимика — галактика және жұлдыздар тобының аттары туралы ілім;

Ойкономика — үй, ауыл, туған ел аттарынын койылу жолдары туралы ілім;

Оронимика — тау аттары туралы ілім;

Урбанимика — қала, көше аттарының даму, өзгеру заңдылықтары туралы ілім;

Фитонимика — өсімдіктермен байланысты атаулар туралы ілім.

Ғалым Матрусовтың пікірі бойынша, топонимика — тіл немесе лингвистика ғылымының бір бөлігі. Демек, топонимика да лексикология сияқты сөз туралы ілім, тілдегі лексиканы, сөздік құрамды, солардың калыптасу тарихын қарастырады. Сол себепті тілдің өзі тарихи лексикамен тікелей байланысты. Осы орайда топонимдер немесе жалқы есімдер өзінің құрылымы жөнінен үлкен 5 топқа бөлінеді: түбір, туынды түбір, біріккен тұлғалы, қос түлғалы және сөз тіркестерінен түрады.

1. Түбір тұлғалы жалқы есімдерден пайда болган атаулар: Жем, Сағыз, Өзен, Бұлақ, Қайнар, т.б.

2. Туынды түбір тұлғалы жалқы есімдер — Сүлікті, Өрікті, Бұғылы, Жыңғылды, Шиелі, Қырғауылды, Бұланды, Алмалы, Қоянды, т.б.

3. Біріккен тұлғалы жалқы есімдер — Майқайың, Суықбұлақ , Жалғызтөбе, Ұлытау, Тасөткел, Жаңаталап, Ұлтуған, Белбұлақ, Ақкөл, т.б.

4. Қос тұлғалы жалқы есімдер — Сарыесік Атырау құмы, Ертіс-Құлынды, Тобыл-Обаған жазыктары, Ақсу-Жабағылы, Барса-Келмес, Токта-Барлық, Қапал-Арасан, Алма-Арасан шипалы сулары, Арыстанды-Қарабас желі,

т.б.

Н.А.Баскаковтың классификациясы бойынша, топонимдер — морфологиялык, семантикалық болып бөлінеді. Осының ішіндегі топонимдер жасалуының морфологиялық жағын алатын болсақ, сөз таптары карастырылады. Яғни топонимдердің жасалуына сөз таптары — зат есім, сын есім, сан есім, етістік,есімдік, үстеу қатысады.



Зат есімнен жасалған күрделі топонимдер бірнеше сөзден құралуы мүмкін, мысалы, Шалқартеңіз, Бетпакдала, Құрқамыс, т.б. Көбінесе, топонимдер негізгі сын есімдерге ак, қара, қызыл, сары, шұбар,ащы, жалпақ, жуан, жаңа, сұлу, суық, терең, төмен, ұзын сиякты, т.б. географиялык жалпы атаулар қосылуы арқылы жасалады. Мысалы, Сарыесік, Қарабұлақ, Қызылқүм, Сарысу, Шұбартау, Ащысай, Жалпактөбе, Жамансор, Жаңақорған, Сұлутөбе, Тереңөзен, Ұзынкөл, т.б. Сын есімдерге өсімдік аттары қосылуы арқылы да жасалатын топонимдер: Қаратал, Көктал, Сарыағаш, Ұзынағаш, т.б.Сын есімге жануар аттары қосылу арқылы жасалатын топонимдер: Алаайғыр, Арықбалык, Жиренайғыр, т.б. Сын есімнің — лы, лі, ды, ді, ты, ті жұрнағы арқылы жасалган топонимдер: Алматы, Жусалы, Жыңғылды, Шиелі, Шідерті, Жымпиты, Сексеуілді, Темекілі, т.б.

Сын есімдерге сан есім қосылу арқылы жасалған топонимдер: бір, екі, үш, бес, жүз, мың, т.б. Біршоғыр, Бесшоқы, Қосқұдық, Үштөбе, Бесарық, Жүзағаш, Мыңарал, Жалғызтөбе, Төрткүл, т.б.

Бір ғана есім сөзден жасалған топонимдер (кісі атына байланысты): Наурызбай, Байқадам, Байқабыл, т.б. Ру атына байланысты: Кыпшақ, Қоңы рат, Айдабол, т.б. Халық атына байланысты : Қырғыз, Ұйғыр, т.б.Ілік септік пен тәуелді жалғаулы сөз тізбегі арқылы жасалған топонимдер:Алматы каласы, Бұланды ауданы, Ескене кенті, Шу стансасы, т.б. Есімшенің -ған, -ген, -қан, -кен түрлеріне аяқталатын топонимдер: Қаракеткен, Көшкентау, Шамалған, Итқырылған, Тайсойылған, Атқырылған, Қалғантау, т.б.

Есімшенің -ар, -ер, -с формаларына аяқталған топонимдер: Отырар, Тұрар, Далақайнар, Қайнар, Қойбағар, Барсакелмес, Тастұрмас, Оқжетпес, Козжетпес, Құсжетпес. Жедел өткен шақты етістіктің -ды, -ді формаларына аяқталатын топонимдер:Қарауылкелді, Байқоңды, Қожакелді, т.б.

Сан есім арқылы жасалған топонимдер: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, жалғыз, қос, жүз, мың сан есімдерімен жасалады. Мысалы,Бірсуат, Екішек, Екісор, Үшқамыс, Үшбидайық, Төрткұлақ, Төртқұдық, Бесқонақ, Алтыайғыр, Алтыбас, Жетікөл, Тоғызкен, Тоғызкүн, Қосқұдық, Қосқарағай, Жалғызқайың, Жүзағаш, Мыңадыр, т.б.

Етістік тұлғалардың қатысуы арқылы жасалған топонимдер: дара, біріккен және күрделі тұлғада кездеседі. Дара тұлғалы етістіктен жасалған топонимдер:Қозған-кол, Кепкен-тау. Біріккен тұлғадағы (зат есім+сын есімнен тұратын) етістік: Бурылбайтал, Бөрлітөбе жерлері, Тасарал, Қарақұм шөлдері, т.б. Үш сөзден тұратын , оның бірі етістік болып келетін топонимдер: Айтуғансай — село, Көкатсойған — бұлақ (Қарағанды обл).

Етістіктің өзі есімше, көсемшеге және түрлі шақтарға (өткен, осы, келер шак) бөлінетін болатындықган, есімшенің -ган, -ген, -қан, -кен формаларына аяқталатын топонимдерге жатады: Жезқазған, Қаракеткен, Көшкентау, Шамалған, Иткырылған, Тайсойған, Атқырылған,Қалғантау, т.б.

Ал топонимдер жасалуының семантикалық жағы болса, түрлі атаулардың мағынасына сай койылуы болып табылады. Оған төмендегідей мысалдарды келтіруге болады.

1. Адам атынан қойылған топонимдер: Жәнібек. Ескендір, Өтеген, Шоқай, т.б.

2. Жер бедерін білдіретін сөздерден жасалған топонимдер: Ескентау, Жуантөбе, т.б.

3. Су көздерінің аттарынан қойылған топонимдер: Тұзкөл, Тассуат, т.б.

4. Ағаш атауларынан қойылған топонимдер: Қарағайлы, Қайынды, Тіктоғай, т.б.

5. Этнотопонимдерден (ру, тайпа аттарынан) қойылған атаулар: Қаңжығалы көлі, Калмаққырған жері, т.б.

6 . Өсімдік атауларынан койылған топонимдер: Талды — аудан, Құрқамыс-разъезд.


7. Адамдардың қызмет, кәсібін көрсететін топонимдер: Темірші — жер, Балуанкөл — көл.

8. Жәндіктер атына байланысты қойылған топонимдер: Соналы — өзен, Инелікті — көл.

9. Үй жануарларына байланысты қойылған топонимдер: Түйекеткен —көл, Тайынша — станса.

10. Құс атына байланысты қойылған топонимдер: Торғай — өзен, Құсмұрын — станса.

11. Шөпке байланысты койылған топонимдер: Қаулы, Миялы, Қоғалы, т.б.

12. Дала жануарларына байланысты қойылған топонимдер: Маралды, Суырлы, Қоянды,т.б.

13. Балық аттарына байланысты атаулар: Шортанды — көл, Майбалық —елді мекен.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет