А. Б. Билялова «Топонимика» пәнінен оқу әдістемелік кешені Көкшетау, 2013. 119 бет. «Топонимика»



бет3/4
Дата29.03.2017
өлшемі3,63 Mb.
#12721
1   2   3   4

Тексеру сұрақтары:

1. Топонимика ғылымы нені зерттейді?

2. Топонимика сөзі қандай тілден шыққан?

3. Топонимиканың қандай түрлері бар?

4. Терминнің мағынасы.

5. Антротопонимика ғылымы нені зерттейді?

6. Этнонимика қандай ғылым?

7. Транслитерация дегеніміз не?


Дәріс 10.

Топонимиканың бастапқы даму кезеңі.
Дәрістің жоспары:

1. XI ғасырлардағы зерттеулер.

2. Орта ғасырлардағы топонимикалық зерттеу.

3. XVIII ғасырдағы зерттеу.


Географиялық атаулардың шығу тегін зерттеу өте ертеден бастап жүргізіле бастады. Топонимдердің этимологиясы жайлы отандастарымыздың ішінен өте жақсы белгілі түрік лингвисті және географ Махмуд Қашғари XI өзінің үштомдық түрік лексикасын «Диуани лұғат ат түрк» және бірнеше географиялық картасын құрды. Х.Х.Хасановтың талдауынша, М.Қашғари географиялық атаулардың семантикасына өте күшті қызығушылығын танытқан. Ол Қырғызстанда туған, сондықтан түрік тілдерінің ішінен ол араб және парсы тілін біліп, салыстыруды кең қолданған. Оның Тарим, Юрункаш, Каракаш, Окуз өзен атауларына түсінік бергені өте қызықты. Сонымен қатар кейбір атауларды түсіндіруде ол халықтық этимологияны қолданған.

Мысалы, Ертіс эртишмак-«кім бірінші өтеді» және Самарқанд –«майлы, бұлтты қала» деп түсіндірген.

Орта ғасырлардағы ғалымдардың еңбектерінен Шығыс топонимикасы туралы біраз айтылған. Осындай мысалдар X-XI ғасырлардағы Абу Рейхан Бируни Сырдария гидронимін –Хасарт, ал грекше Яқсарт деп аударған.

Хайдар Мирза Тянь-Шаньды Могулистандық таулар деп атайды. Шынында да, бүгінде ол тау жүйесінің оңтүстік-батыс жотасы Моғолтау деген атқа ие.

Ертедегі топонимика армян мен грузин географтары мен тарихшыларының ескі еңбектерінде кең тараған. Өкінішке орай, Закавказье республикаларының ғалымдары топонимикалық мәліметтерді оқып жариялауға мүмкіндіктері болмапты. Әсіресе ескі географиялық қайнар көздерінің бірі Еревандағы «Матенадаран» болып табылады. Армяндық ғалым Мовсес Хорнаци мен грузиндық географ ханзада Вахушти мақалалары өте белгілі.

Ресейде XVIII ғасырлардың ескі жазбаларында, географиялық лексикондарда географиялық атаулардың сөздігін кездестіруге болады. Қазіргі таңда 29 том орыс жазбалары шығарылған. «Слово о полку Игореве» еңбегінде географиялық атаулар әдебиеті пайда болды, ал ескі орыс қалалары туралы мәліметтер IX-XII ғасырларда польшалық топономист С.Роспонд жазған болатын. Географиялық атаулар мен терминдер әсіресе «Үлкен Сызбаның кітабы», «Сібірдің Сызба кітабы» және т.б. еңбектерде кездеседі.

В.Н.Татищев, М.В.Ломоносов, А.П.Сумароков, Г.Ф.Миллер шығармаларында топонимдердің мағыналарына талдау жасаған.

XIX ғасырдың басында А.Х.Востоковтың «Задача любителям этимологии» атты үлкен емес мақаласы шықты, мұнда ең алғаш гидронимдерге талдау жасалды.
Тексеру сұрақтары:

1. Түрік топонимиясы туралы жазылған Махмуд Қашғаридың еңбегі.

2. Ертіс өзені қандай мағына береді?

3. Ресейде ең алғаш географиялық атаулар жазылған жазба?

4. Географиялық атаулар мен терминер әсіресе қандай еңбекте кездеседі?


Дәріс 11.

Халық географиялық терминологиясындағы сараптамалық лексика.
Дәрістің жоспары:

1. Халықтық географиялық терминдер.

2. Географиялық терминдердің көмескіленуі.

Халықтық географиялық терминдерді фоносемантикалық тұрғыдан қалыптастырудағы глоттогенез мәселесінің рөлі. Ғалымдардың пікірінше, алғашқы сөз қорының белгілі бір бөлігін географиялық терминдер құраған. Алғашқы жер - су атаулары тілдің шығу дәуірінде адамзаттың қауымдастық тіршілігі үшін бірінші кезекте үлкен маңызға ие болған. Сол себепті халықтық географиялық терминдерді глоттогенез мәселесімен байланысты қарастыруға болады.

А.М.Газов-Гинзберг өзінің «Был ли язык изобразителен в своих истоках?» (М., 1965) атты монографиясында, сондай-ақ басқа да ғылыми еңбектерінде семит тілдерінің туыс емес төрт тілдік семьяларындағы дыбыс бейнелеуіш түбірлерді салыстыра келе, тілдің пайда болуындағы дыбыс пен мағынаның байланыстылығын көрсеткен. Ал, чуваш ғалымы Г.Е.Корнилов өзінің зерттеулерінде «идеофон және имитативтер символикалық түрде дыбыс бола тұра, жанды немесе жансыз объектілерді бейнелей алады» деген пікірді дәйекті түрде ұсынды [1, 14].

Көне заманнан қазіргі тілтанымға дейін және қазіргі кезеңде фоносемантика бағыты өркендей бастаған жағдайда, сөздегі дыбыс пен мағына байланысы көптеген ғалымдарды толғандырды. Дыбыстағы заттың (аталған нысанның) символикалық немесе еліктеуіш көрінісі кейбір ғалымдар тарапынан тілдің пайда болу мәселесімен байланысты қаралды. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ тілінің негізгі сөздік қорында сақталып қалған кейбір географиялық терминдерді еліктеуіш және дыбыс символикалық сөздер ретінде «алғашқы» сөздер қатарына жатқызуымызға болады. Бастапқы немесе «алғашқы» сөздер дыбыс бейнелеуіш сөздер болғаны жайында академик Ә.Қайдар былай жазады: «Бағзы заманда дыбысты елестетудің өте көне ең қарапайым түрі әрбір тілде тек бір ғана дауысты дыбыстың көмегімен жүзеге асса керек және осылай болуы күмәнсіз де. Демек, о баста ата-бабаларымыздың қоршаған ортадағы дыбысты елестету қабілеті өте бір жақты, жалпылама, яғни сөйлеу тіліндегі /а/, /ә/, /о/, /ө/, /е/, /ұ/, /ы/, /і/ секілді дауысты дыбыстар негізінде дүниеге келген. Өте көне географиялық терминдердің құрамында ілкі еліктеуіш түбір сақталғанымен, тілдің эволюция барысында ол түбір – дыбыс бейнелеуіш тұлға дербес қолданудан қалады, себебі «құбылысқа еліктеудің мәні мен мағынасына, табиғатына қарай, дауысты дыбысқа үнемі дауыссыздар үстемеленіп жалғанып отырған» [2, 174]. Еліктеуіш негіздердің құрамдық дамуы бірнеше тарихи сатыдан өтіп, ұзақ кезеңдерді өткізгенін ескерсек, қазақ тіліндегі көне деп саналатын географиялық терминдердің тілдік тұлғасынан ілкі еліктеуіш түбірді тауып алып, оны фонемотип немесе идеофон, имитатив сипатында қарастырып, фоносемантикалық сипаттамасын бере аламыз.


Басқаша айтқанда, тілдің пайда болған кезеңінде туындаған «алғашқы» сөздер ретінде географиялық терминдер таза, дербес күйінде күні бүгінге жетпеуі мүмкін, бірақ ілкі бейнелеуіш түбірлі көне терминдер өз морфемдік (морфологиялық) құрамын сақтап қалған.

Қазақ халықтық географиялық терминдерінің құрамында кездесетін өте көне сөздердің тілдің алғашқы шығу дәуірінде пайда болғанын көрсететін дәйекті және жанама сипаттамаларына жататын мына белгілерді атап кетуімізге болады: 1) олар, әдетте, бір буынды ілкі түбірлі сөздер болып келеді; 2)географиялық термин ретінде көптеген тілдердің сөздік қорында кездеседі, тіптен бір-біріне жанаспайтын, туыс емес тілдерде де ондай географиялық апеллятивтер ұшырасып қалады; 3) өте көне, «алғашқы» географиялық түбірлерде (сөздерде) дыбыс бейнелеуіштік қызметін атқаратын имитатив, идеофон (Г.Е.Корниловтың терминологиясы бойынша) немесе фонемотип, фоносемантикалық модель (С.В.Ворониннің терминологиясы бойынша) міндетті түрде болады.

Қазақ халықтық географиялық терминологиясында кездесетін, бірақ мағынасы көмескіленіп қалған және қазіргі кезде дербес қолданылмайтын қара сөзінің (Найзақара, Үшқара т.б. топонимдерде) фономорфологиялық және семантикалық параллельдері трансконтинентальдық ареалдарда ұшырасады. Э.М.Мурзаевтың көрсетуінше, мысалы, осындай семантикалық және морфемдік тұлғалары өте жақын апеллятивтерге орыс тілінде гора, ауған тілінде гар, грузин тілінде гора – «горка, холм», албандарда – gur, армяндарда кар – «камень», авестада gairi – «гора», хиндиде – гар – «замок, крепость», тибетте гархи – «крепость», әзербайжандарда отгар – «гора с хорошими пастбищами», Сахарада гара – «холм с твердыми склонами, скалистый останец, скалистая гора» жатады [3, 109]. Қазақ халықтық географиялық қара термині мағыналық және тұлғалық жағынан Сахарадағы гараға өте ұқсас, жақын: Қара (қара; дәлме - дәл мағынасы - қара; карталарда көбіне - гара) жалаңаш тұстары көбіне кәдімгі қара түсті болып келетін қатты тау жыныстарынан құралған шоқы немесе салыстырмалы түрде ірі болып келетін биіктік. Көкжиектен қарағанда, мұндай биіктіктің сұлбасы алыстан қара болып көрінеді. Осыдан келіп ол қара деген атау алған. Қазіргі таңда қара сөзі термин ретінде қолданылмайды, бірақ өзіндік географиялық атау құрамына жиі енеді: Үшқара, Берікқара, Иманқара, Жетіқара т.б. Моңғолдарда да жалқы есім құрамында Нарынхара, Доланхара деген биіктік атаулары кездеседі.
Тексеру сұрақтары:

1. Қазақ терминдерінің алғашқы шығуын нешеге бөлуге болады?

2. Географиялық терминологиямен айналысқан ғалымдар?

3. Терминдердің көмескіленуіне не себеп?


Дәріс 12.

Азия шөлдерінің атаулары.
Дәрістің жоспары:

1. Азия шөлдері туралы түсінік.

2. Азия шөлдерінің мағынасы.
Азияда шөлдер көп көлемді алып жатыр. Кей жерлері батысында Араб түбегіне дейін созылып жатыр, одан шығысында африкалық шөлдер Үлкен Хинганға дейін алып жатыр. Ең ірілері бізге мектептен бері белгілі. Бұл Қарақұм, Қызылқұм, Үстірт, Гоби, Такла- Макан. Алайда ешкім осы атаулардың шығуын, олардың мағынасын біле бермейді.

Азия шөлдері жеке аттары жалқы сөздер, географиялық терминдер, негізінен ландшафттық терминдер болып табылады.



Алашань – Орталық Азиядағы, Солтүстік Қытайдағы шөл мен тау жотасы. Этимологиясы түсініксіз, алайда шань сөзі – қытайша «тау» оронимикалық объектілерде кездеседі: Наньшань, Бэйшань, Тянь-Шань, Иньшань және т.б. Кейбір зерттеушілер алаша сөзін түркі топонимімен байланыстырады – «жаман жылқы, ат». Географиялық анықтамасы дәлелденбеген. Басқа да гипотологиялық этимологияны ұсынуға болады. Орталық Азияда түрік топонимдері кеңінен тараған. Алашань жотасы Алатаг деп аталды – Ішкі Азияда ол қарапайым ороним. Түрік тілдес аудандарда Алатау, Аладаг, Алатоо, Алатуу және т.б. деп аталды. Кейін калькалау нәтижесінде түрікше таг сөзі қытайлық шань мағынасын білдірді. Сонымен қатар, қытайлық топоним – Цзаланьшань.

Егер бұл гипотеза тұрақты аргументация алса, онда Алашань шөлінің атауы «ала-құла таулары», яғни топырақ өсімдігі мол биіктік белдеулікте орналасқан тау дегенді білдіреді.



Арабия шөлі – Оңтүстік-батыс Азиядағы Арабия түбегінің Үлкен Нефуд, Кіші Нефуд, Рубь-эль-Хали және т.б.шөлдердің жалпы атауы. Шөл араб этнонимін алды. Алайда бұнда араб этнонимі керісінше байқалады. Арабия түбегі Биладь-аль-араб, яғни «дала елі» деген мағынаны білдірді. Осы жалпы атау кітап бойынша таралып кетті.

Бетпақ-Дала – Қазақстандағы шөл. Кейде орыс әдебиеттерінде екінші атауы – Аштық дала деп кездесті. Дала географиялық термині Кавказдан бастап Тынық мұхитына дейін кең ареалды қамтиды. Кей түрік тілдерінде батпақ сөзі бар – «жабысқақ, батпақты, сазды, батпақтың лайы». Негізінен, жабысқақтық, батпақ, лай Орта Азия мен Қазақстанда таралған сазды грунттармен байланыстырады. Жауын уақытында олар қатты өткізбейтін болады.

Гоби – Орталық Азиядағы ұлы шөл. Этимологиясы айқын. Топоним негізі монғол сөзі говь терминінен, ландшафтты анықтайтын типтен құралған. Гоби –тек құдықтар мен кей бұлақтарда кездесетін суы аз, тасты және тұзды топырақты, сирек шөл мен шөлейт өсімдігімен жабылған жазықты жер.

Мұнда бұл термин кездесетін жеке бөлікті шөлдер кездеседі: Бордзон-Гоби, Дабасу-Гоби, Шаргын-Гоби, Номин-Гоби және т.б.



Деште-Кевир – Иранның орталық бөлігіндегі шөл. Парсы топоним ландшафттары басым дегенді нұсқайды. Алғашқы сөзі дешт (дашт) Орта Азия және Закавказьеда белгілі. Негізгі мағыналары– «жазық, дала, шөл, тасты шөл». Деште - Кевир атауындағы екінші сөзі географиялық атаулардың маңыздысы. Орта Азияда кебир сөзінің басқа нұсқасы бар. С.Караев өзбек формасын кабир дегенді келтіреді. Мағынасы– «сортаң, тұзды шөл, өткізбейтін сортаң ми батпақ, ұсақ тұздалған көл, тұзды лай». Топонимикалық мысалдар: Кевире-Немек сортаңы – «сортаңды батпақ»; Ирандағы Кевирабад ауылы; Қазақстандағы Кебирсай өзен арнасы. Сондықтан, Деште-Кевир топонимін былай түсіну қажет: сортаңдармен жабылған сортаңды шөл немесе жазық. Ежелгі орыс әдебиеттерінде кейде Үлкен Тұзды шөл деп аталды.

Деште-Лут – Иранның шығыс бөлігіндегі шөл. Алғашқы сөзінің мағынасы Деште-кевир топонимінің мысалында айтып кетілген. Ал екінші сөзінің мағынасы В.И.Савиннің айтуынша: лут – «өсімдікке кедей, суы жоқ, жалаңаш, құмды шөл 1971). Осы шөлдің этимологиясы: «өсімдігінен айырылған,тік(жазықты) құмды шөл».

Жоңғар шөлі Алтай мен Шығыс Тянь-Шанның аралығында орналасқан. Атау монғол тілінен алынған: дзун+гар– «сол қол, сол жақ». Жоңғария Барун-Тале – «оң жазыққа» қарама қарсы орналасқан, монғолдар оны тибеттік жота Джантанг деп атайды. Халха-монғолдарда алдыңғы жағы– оңтүстік, сондықтан дзун «шығыс» деп те аталынады. Бірақ батыс монғол халықтарында түрік дәстүрі бойынша шығысқа бет жағымен қарау қабылданған.

Қарақұм – Орта Азия мен ТМД-дағы ең үлкен шөл. Бұл атауда өзі айтып тұрғандай: қарақұм, түркменше гарагум – «қара құм». Алайда бұл топонимде қарама қарсы әдебиет бар. Түркмендер әр түрлі өсімдік жамылғысымен байытылған құмды атайды,ал аққұм- «ақ, таза құм»,яғни өсімдік жамылғысынан айырылған.

Қызылқұм – Орта Азиядағы шөл. Этимологиясы анық – «қызыл құм». Қызылқұм шөлінің атауы ең алғаш 1816 жылы Депо карт құрған картада, ал әдебиетте–1794-95 жылдары Бұхара құмдары арқылы өткен Тимофей Бурнашев есебінде 1818 жылы кездеседі. Автордың айтуы бойынша, Қызылқұм аты Яныдарь және Букантау аралығында, ал картада екі жерде –Яныдарь оңтүстігі мен Шардара даласында кездеседі.

Такла-Макан – Орталық Азиядағы Тарим қазаншұңқырындағы құмды шөл. Бұл атау қытай географиясына кейінірек келген, Талимушамо, яғни «Тарим құмды шөлі». Қазіргі заманғы әдебиетте «барасың-қайтып оралмайсың» деген аудармасы бұған қатысты емес, түрік тілінен аударғанда Барсакелмес, яғни оның орталық бөліктері жолы қиын және адам тұрмайды. Екінші сөзінің мағынасы қарапайым: арабша макан, мекан – «орын, тұратын орны, үй» Оңтүстік және Орта Азияның көптеген тілдерінде хинди, урду, пушту, парсы, тәжік және түрік тілдерінде белгілі.

Такла-Макан – «өлілердің тұратын жері». Тар (Тхар) – Үнді мен Ганг өзендерінің арасында, Үндістан түбегінде орналасқан шөлді және шөлейтті жазық, мұнда сортаңды тақырлар,тұзды көлдер кездеседі. Бұл шөлдің атауы тік рельефтің мінезімен байланысты.



Үстірт – Қазақстан, Өзбекстан және жартылай Түркменстанда кездесетін шөл. Н.Л.Корженевскийдің айтуынша үстірт – «тегіс жазық» дегенді білдіреді. Х.Хасанов мынадай анықтама береді: «биік тегіс қыр». С.Атаныязов өзінің сөздігінде Үстірт екі сөз: уст+юрт, немесе «биік юрт». Екінші сөз Шығыс топонимиясында кең тараған: Дагестандағы Хасавъюрт қаласы, Башкириядағы Карагасъюрт ауылы, Түркменстандағы Язъюрт, Гюльюрт, Юртказем ауылдары. Бұл сөз үлкен семантикалық өрісті қалыптастырады: елді мекен, тұрақ, шеткі көше, лагерь,ел, аймақ,туған жер. Сондықтан, Үстірт – «биік ел, биік қоныс, биік жақ».
Тексеру сұрақтары:

1. Арабия шөлі қандай мағына береді?

2. Қазақстандағы шөлдер?

3. Тар шөлі қайда орналасқан?

4. Орта Азиядағы ең ірі шөл?

5. Қызылқұм шөлі қай ғалымның еңбектерінде кездеседі?

6. Дзун деген сөз қандай мағынаны білдіреді?

7. Иран мемлекетіндегі шөл.



Дәріс 13.

Орта және Орталық Азия топонимдерін зерттеу деңгейі.
Дәрістің жоспары:

1. Орта және Орталық Азияны зерттеген ғалымдар.

2. Орталық Азияның топонимиясының шығу тарихы.

3. Орта Азияның топонимиясының шығу тарихы.


Орта және Орталық Азия туралы мәліметтерді көптеген еңбектерде, әсіресе В.В.Бартольд мақалаларында кездеседі. Кейбір авторлар, лингвистер топонимикалық зерттеулер жүргізді. Соның ішінен ерекше атап өтуге болатын ғалымдар: В.А.Казакевич, Лекок, Рейнольд, Ракетт, Ярринг. А. Вамбери ең алғаш Орта Азия географиялық атаулары жайлы арнайы еңбекті жариялады. Осындай тақырыптарда кеңес және шетел авторларын да атауға болады. Француздық шығыс танушы Пелльо «Марко Поло жайлы естеліктер» атты еңбегі өте зор.

Орта және Орталық Азия – Азия материгінің кең далалы облысы, мұнда шөлдер мен шөлді далалы ландшафттар, таулар басым. Орта және Орталық Азия тарихи жағынан ұқсас, олардың халқы бір бірімен тығыз байланысқан.


Мұнда ірі көшпелі империялар пайда болды, олардың халқы тек жаулау кезінде ғана емес, сонымен қатар бірлікте де отырықшы халықтармен қарым-қатынас жасап отырды. Орта және Орталық Азия халқы тілдік жалпылықпен де сипатталады. Бүгінде түркі-монғол тілдері үстемдік етеді. Сонымен қатар иран, тәжік және памир тілдері де бар. Орта және Орталық Азияда түркі тілі иран тілімен өте байланысқан.

Түрік тілдері Куньлунь, Памир мен Гиндукушқа дейін кең таралған. Тұран ойпатындағы түркілендіру процесін Л.В. Ошанин өзбек пен түркмендерді антропологиялық зерттеуде толықтай көрсетті.

Орталық Азияның ірі көшпенді мәдениеті скифтік және сакстік, сонымен қатар ирандық. Бұл туралы С.И. Руденко скифтік уақытты Алтайдың темір дәуірімен сәйкестендіріп жазған. Барлық жерлеу құралдары, киімдер, әшекейлер, суреттер Алдыңғы Азия мен Қара теңіздің тығыз байланыстығын көрсетеді. С.И. Руденконың айтуы бойынша, алтайлық тайпалар- скиф-сакс тайпасының солтүстік-шығыс бұтағы. Осы ескертулерге қарап, біз Орта және Орталық Азияның топонимикалық жүйесінің ұқсастығын көреміз.

Орта және Орталық Азияда түрік –монғол географиялық атаулары басым. Олар жеңіл этимологияландырылады. Алайда бұнда да жеңіл түсіндірілмейтін географиялық терминдер кездеседі. Осындай жұмбақ терминдер нақты бір ареалды көрсетеді. Орта және Орталық Азияның жұмбақ топонимдеріне қысқаша тоқтала кетейік.

Тувиндік кем, хем –«өзен». Бұл сөз тувиндік тілде тек өзен атауларында ғана қолданылады. Осыдан қорытындылай келе, ол тувиндік емес, ал шетелдік болып табылады: Бий-Хем, Улуг-Хем, Ка-Хем, Ак-Хем,Кызыл-Хем, Кара-Хем, Кемчик- бұл бәрі өзендер, ол Тувин қазаншұңқырында орналасқан, Енисей өзенін туғызады. Бұл термин алтай топонимиясына да тән. Мысалы, Делюгем өзені, алтайлық негізі- Дьайлукем, мұнда дьайлу, яйлу, яйла-«жазғы қоныс, жазғы тұрақ».

Монғолдық морон (орыс ғылыми әдебиеттерде- мурэн) – «үлкен, суы мол өзен; теңізге құятын өзен». Осындай монғол өзендерінің қатарына Селенга жатады. Ол – Байқалға құятын ең мол сулы өзен, мұны монғолдар Байгал-Далай, кейде Байгал-Мурэн деп атайды. Мұнда термин суы мол көл, теңізге синоним ретінде қарастырады. Амурды Хара- Мурэн, Волганы- Ижил- Мурэн деп атайды. Монғол сөзі мурэн енисейдің бастауында (Секиз-Мурэн-«сегізөзен») кездеседі.

Түрік- монғолша катун-хатан. Әр түрік тілдерінде бұл гадын, катын яғни «әйел, жұбайы»; алтайша кадын «әйел, ханым» дегенді білдіреді. Монғол тіліндегі мағынасы мынадай: «ханша, ханшайым». Эвенк тілінде катун –«ертегі ханшайымы, батыр әйелі, ханым». Алтайлық өзен Катунь –Обь өзенінің бір саласы, осылай түсіндіріледі, ал келесі саласы –Бия керісінше «хан, бастық» дегенді білдіреді. Енисейдің бастауы-тувиндік Бий-Хем өзені-«мырза-өзен» делінсе, ал Бия мен Катуннан Обь өзені-«тәте, апа» пайда болады.

Катунь Азия топонимиясында жалғыз емес, оған мынадай басқа да географиялық атаулар жатады: Шығыс гоби аймағындағы Хатан- Булак ауылы, Хатунхэ- Солтүстік-шығыс Қытайдағы Тумыньцзян өзенінің сол жақ ағысы, Катанца- Батыс Саяндағы Казыр өзенінің сол жақ ағысы.

Қырғыз сөзі кол өзен атауларында айтылады. Тянь- Шань гидрономиясында көл сөзі атаулардың соңында көптеп кездеседі. Кол сөзі қырғыз тілінде қол деген мағынаны береді, мысалы, Каракол – «қара қол». К.К. Юдахин қырғыз – орыс сөздігінде былай деп көрсетеді: «кол- өзен арнасы, өзен аңғары; Каракол, Нарынкол, Кенгкол және т.б. Каракол атты өзендер Қырғызстанда бірнеше: Сусамыр бассейнінде, Теріскей- Алатауда, Памирдегі Сарыкөл және Мұзкөл. Қазақстанда Баянкөл, Тувада Карлукол, Колдор және т.б.

Александр Гумбольдтың «Орталық Азия» еңбегінде мынадай тамаша тіркес бар: «Тау жүйесі мен үлкен өзендердің ежелгі атаулары алғашында тау мен суды білдірді». Түрікменстанда Қарақұм шөлі арқылы жыра, ақ сортаң, тақыр тізбектері Унгуз атымен белгілі. Унгуз атауында уз, немесе ус бөлігі «су, өзен» деген мағына береді. Усу, Уса аты кездесетін өзендер он шақты. Унгуз толық формасы «су» дегенді білдіреді. Г.И. Рамстедтің ежелгі ұйғыр сөзінде угуз-«су» дегенін білдіргенін байқаймыз. Ал В.В.Радловтың түрік сөздігінде угус «өзен, өзеншік» деп аударылған.

Ертеде Лобнор көліне Сулэхэ өзені құйды. Қазір ол Лобнорға жетпей, Гоби шөліндегі Халачи көлшігіне келіп құяды. К. Риттер Қашғар ертеде Сулэ атын ұстағанын көрсетеді. Сулэхэ топониміндегі хэ сөзі ежелгі болып табылады. Ол қытай сөзінен шыққан, хэ «өзен» деген мағынаны білдіреді. Негізгі сөзі Сулэ біріккен: Су+лэ. Г.Е. Грумм-Гржимайло Орталық Азия өзендерінің бассайндерін зерттеуде Сулайхэ формасын естіген. Содан жалпытүріктік су-«вода», лай-«глина, ил, муть» деп аударылған. Лай термині тек Орта мен Орталық Азияда ғана емес, сонымен қатар Кавказ, Украина және ТМД-ның басқа аудандарында да кездеседі.

Батыс Түркменстанда шөлді жазықтарда Үлкен және Кіші Балхан таулары көтерілген. Біріншісі мұхит деңгейінен 1000 м биіктікте жатыр, ал екіншісі онша емес. Географиялық әдебиеттерде бұл атау әлі кездеспеген. Парсы тілінде балахан-«екінші құрылыс, екінші қабат,биік қабат» деп сақталған. Түрікше балкан-« таулы жапырақты жота». Осындай географиялық атаулар Түркменстанда Балхан тауы, Балкан жотасы, Әзірбайжанда Балахандар, Волгада Балахна, Челябинск облысында Балкандар кездеседі.

Түркменстанда, Афганистанға жақын шекарада Бадхыз және Карабиль шөлді шоқылары жатыр. Биль терминінің бэль формасы Орталық Азия мен Тянь-Шаньда жақсы танымал. Бұл сөз қырғызша «таулы жота, таулы асулар» дегенді білдіреді. Кара сөзі- жалпытүрікше «черный». Сондықтан, Карабиль топонимі «қара таулы жота, қара тауалды» болып табылады. Карабиль атауы Орталық Азияда жиі қайталанады, мысалы, Карабияйлу, Каратау және т.б.

Орталық Азиядағы ең бай және тығыз орналасқан бөлігі – Ферғана аңғары. Ферғана –өз мағынасын жоғалтқан атау. Өзбекше Паргана деп айтылады, себебі ф әрпі жоқ. М.С. Андреев Паргананы «жазық жер, таулармен қоршалған, бір ғана кіретін жері бар аңғар» деп жазып кеткен.

Хорезм. Бұл ежелгі топонимге бірнеше анықтама ұсынды. Соның ішінде халықтық этимология: хор (хвар)- «ет»+разм- «ағаш». Хорезм – ежелгі Кангюй, Кангха. Арабтарда- Хваризм, ежелгі парсыларда- Хуваризм, авестша- Хваиризам және т.б. Аудармасы: «ойпатты жер, байтақты жер, күн жері».

Қарасу. Бұл термин жайлы әр әдебиетте әр түрлі. Қарасу – «негізінен суы мөлдір, жер астынан алынатын суы шамалы өзендер, бұлақты сулар». Түрікше қарасу дегеніміз- тұрып қалған, ағынды емес көл. Ресей мен Украина топонимиясында қарасу «қара өзен, қара су» сияқты мағыналарды білдіреді.
Тексеру сұрақтары:

1. Орта және Орталық Азия туралы мәліметтерді кімнің еңбектерінен кездестіруге болады?

2. Орта және Орталық Азияда қандай тілдер басым?

3. Қарасу термині қандай мағына білддіреді?

4. Хорезм терминінің аудармасы.

5. Александр Гумбольдтың еңбегі.

Дәріс 14.

Орта Азия мен Қазақстан аймағының географиялық атауларының этимологиясын зерттеу.
Дәрістің жоспары:

1. Орта Азия мен Қазақстан топонимдерін зерттеген ғалымдар.

2. Орта Азия елдеріндегі топонимиканың дамуы.

3. Орта Азия елдерінің астаналарының шығу тарихы.


Орта Азияның топонимикалық сюжеттерін зерттеп айналысуда А.Вамбер, В. Радлов және В. Бартольдтың еңбектері өте зор. Соның ішінен алматылық топонимист Г.Қ. Қоңқашбаев көптеген еңбектер жазып, қазақ географиялық халықтық терминология байлығын көрсетіп, Қазақстандағы монғол топонимикалық элементтерін, түрік тілдес терминологияны сөздіккке жүйелендіріп, топонимдердің этимологиясын ашты. Бұл сөздікте 2000 географиялық атаулар бар, орыс эквиваленттері, семантика, жергілікті географиялық терминдер, дұрыс жазылуы барлығы енгізілген. Г.Қ. Қоңқашбаевтан кейін А.Абдрахманов Қазақстанның топонимдеріне лингвистикалық анализ жасады. Жетісу топонимиясын Е.Қойшыбаев зерттеді.

Қырғызстандағы республиканың географиялық атауларының сөздігі негізінен өзендер мен көлдер бассейндері бойынша құрылды.




Алайда топонимикалық жұмыстарды ешкім жариялаған жоқ. С.Умурзақов Қырғызстанның кейбір атауларының этимологиясымен таныстырып, тау асуларын білдіретін терминдерді атап өтті: ашуу, бель, арт, даван. Солтүстік Қырғызстан топонимиясы туралы арнайы жұмысты Д. Исаев жүргізді. Онда кең таралған атаулар: Иссык-Куль, Джеты-Огуз, Алатоо және т.б. этимологиясын ұсынды.

Өзбекстанда 1945 жылға дейін ташкент ғалымдарының географиялық атауларға байланысты еңбектері өте аз болды, тек содан кейін ғана он шақты пайда болды. Олардың ішінен Х.Хасанов, С.Караевтың еңбектерін атап кетуге болады. Ташкенттік ғалым Суюн Караев географиялық атаулармен айналысты. Оның «Өзбекстан топонимиясының оқыту тәжірибесі» атты диссертациясы өзбек географиялық терминдердің семантикасы мен атаулардың этимологиясы туралы көптеген қызықты бақылауларды құрайды.

Түркменстандағы топонимикалық зерттеулердің дамуы С. Атаниязовпен байланысты. Ол республиканың оңтүстік-шығыс бөлігінің топонимикасы туралы кандидаттық диссертация қорғады, Түркменстанның топонимикалық сөздігін жариялады. М.Гельдыханов түркмендік географиялық халықтық терминдерді жинады.

Тәжікстан топонимикасын оқуында А.И.Смирнов, А.З. Розенфельд, А.Л.Хромов басты кейіпкерлері болып табылады. Әзірге Тәжікстанның өзіндік топонимикалық сөздігі жоқ, дегенмен, Памир географиялық атауларының жинағы басталды. А.Гафуров ономастика жөнінде ақпараттар жинады.



Орта Азия мен Қазақстан географиялық атауларын айтарда, олардың республика астаналарының атауларының шығу тегіне қысқаша тоқталайық.

Алма-Ата. Қарапайым аудармасы— «алмалардың атасы», бірақ қазақша негізі Алматы — «алмалық». 1854 жылы мұнда осындай атпен Іле қорғанысы қаланды. Келесі жылы ол Верный қаласына ауысты. 1921 жылы Қазан төнкерісінен кейін қазақша топоним Алма-Ата формасы қалыптасты. Бұл атаудың шығу тегін Ғ.Қ. Қоңқашпаев (1948) –ата атты қазақ топонимдерінде жазды: Хорсан-Ата, Сунақ-Ата, Баба-Ата, Әулие-Ата. Мазар, қалашық, үңгір, жылы минералды қайнар көздерде ата — «әке, ата, әулие» географиялық атаулар кездеседі. Негізінен ол өз атын Алматы гидронимдерден алды: Қазақстан арқылы өтетін екі өзен— Үлкен Және Кіші Алматинка. Тарихи деректерге сүйенсек, мұнда орта ғасырда Алматы қаласы болған, кейбір жеке шығыс авторларында ол Алмалык деп аталды.

Ғ.Қ. Қонкашпаевтың ескертуінше (1971), Алматы формасы ежелгі түрік Алмалық нұсқасын ауыстырған. ( Алмалық —Ташкент облысындағы қала), яғни «алманың көп болуы». Түркілік формант –лық монғол форманты -ты жалғауымен орын ауысты. Ц.Д.Номинханов Алма-Ата (1958) қаласына арналған мақаласында монғол форманттарын -ту, -тай, -тэй, -той, -та қолданған. Сондықтан Қазақстандағы –ті жалғауымен аяқталатын атаулар (Өлеңті, Яманты, Ар-шаты, Тарбағатай және т.б.) монғол тегінен алынған.



Ашхабад, түркмендік негізі— Ашгабат — «сүйікті, жағымды жер».

Ертеде ол Ахалтеке оазисінде ауыл, кейін Каспий маңы облысында орталық болған. Басқа мағыналары кездестірілмеген.

Алайда бұл атаудың бірінші элементі Орта Шығыстың топонимдерінде қайталанады: Астрабад, Ирандағы Ашназ, Аш-Кара, Астара, Армениядағы Аштарак, Тбилисидің батысында және басқалары. Осы ұқсас сөздердің негізін түсіндіру өте қиын. Армян лингвисті Гр. Капанцян (1940) Аштарак (армянша «мұнара», жүк, агарак) сөзін семиттік аштар, Иштар құдайы, Астарт сөздерімен сәйкестендірді.

Абад термині жеке өзі қолданылмайды, тне географиялық атауларда ғана кездеседі. Абад немесе тәжікше обод — «суландырылған, жақсы жабдықталған», сонымен қатар «қайта істелінген, өңделген, жаңа үлгідегі, құрылған». Бұл сөзді ерте ғана емес, сонымен қатар жаңа географиялық атауларда да кездеседі: Ленинабад, Захматабад, Новабад. Алайда В.В. Бар-тольд (1927) Шахабад атауын — «шахтың құрылуы» деп аударғанын ескерген жөн.

Ең алғаш топоним этимологиясын А. Вамбери (1891) ұсынған: «Каспий маңындағы Аskabad емес,Aschkabad деген қала. «Махаббат орны» арабша aschk—«махаббат» және парсыша аbad—«орын, тұрақ, орналасқан жері».

Ашхабад 1881 жылы құрылған. 1919 жылы дейін Асхабад, 1927 жылға дейін—Полторацк деп айтылды.



Душанбе.1925 жылға дейін Дюшамбе қыстағы деп аталды. 1929 жылы қыстақ сақталған 1925 жылы қала болып өзгерді. 1929 жылдан1961жылға дейін Сталинабад, кейін бұрынғы атауы қайта аталды. Орта және Орталық Азия аудандарындажеке елді мекендер апта күндеріне байланысты аталды. Топо­нимнің этимологиясы қызықты. Дюшамбе қыстағында базар күні дүйсенбі болып саналды, яғни «аптаның екінші күні». Сешамбе топонимі — «аптаның үшінші күні, сәрсенбі», Якшам-бе — «аптаның бірінші күні, жексенбі» және т.б.

Нукус, қарақалпақша түпнұсқа— Нoкис, Әмудария дельтасында орналасқан, Қарақалпақ АССР орталығы. Б. В. Андрианов (1962) есептеуінше, атаудың негізі этноним, тайпа аты, басқа дельта топонимдеріне сәйкес келеді: Чимбай, Кунград, Қыпшақ, Ходжейли, Манғыт, Қытай. Бірақ картада өзбек пен қарақалпақ тайпалары XVIII—XIX ғасырларда орналасқан, нукус тайпасы аталмаған. К. Әбдімұратов (1965) иран тіліндегі ұғымды ұсынды: ну — «тоғыз», кэс— «адам» (арбакеш — «арбаның адамы, тасымалдаушы», пахтакеш — «мақтажинаушы» және т. б.). Э. М. Мурзаев (1967) кус сөзінде көреді, кеш — сөз, Орта Азия мен Иран елді мекендерінде «тұрақ, үй, орын» деген мағыналын берген.

Сондықтан, Нукус, Нoкис, Нукеш— «тоғыз үй, тоғыз қоныс» деп айтқан қисынды. Осындай сан есімдері бар атаулар Орта Азияда көптеп кездеседі: Қазахстандағы Семипалатинск, Украинадағы Пятихатка,Қазақстан мен Қырғызстандағы Жетісу облысы, Тәжікстандағы Пенджикент пен Пяндж , Түркменстандағы Пенде, Өзбекстандағы Учкурган және т.б.




Ташкент, өзбек негізі — Тошканд. Негізінен Таш + кент — «тас қала» деп аударылады. Кейбір ғалымдардың айтуы бойынша, бұл аудармасы ертеден немесе атаудың фонетикалық ұқсастығына байланысты айтылған. Шыршық өзенінің маңына мекен етуіне байланысты сол облысты Чач немесе Шаш делінді, яғни: Шашкент — «Шаш облысының қаласы». Араб негіздерінде — Шаш, ал иранша — Чач. Қытайлықтарда — Чечи. Кент немесе кед сөзі үй, қоныс, бір қожайынның бірнеше үйін білдірді. Хорезмде кат — «төбешіктермен, қамалдармен қоршалған жазықтықтағы кеңістік»; Ягнобта кат — «үй». «Географтар X ғасырда Түркістанды сипаттауда кет және кед сөзін көп қолданған, алайда Мургабта кездеспеген, көбінесе Зеравшан және Сырдария бассейнінде, әсіресе Ангрен мен Чирчик аудандарында пайда болған. Араб географтарында Ташкент Бинкет есімімен белгілі.

Е. Д. Поливанов (1927) Ташкент—>Шашкент этимологиясымен келіспейді, ш әрпі т әрпіне айналуы мүмкін емес дейді. Оның ойынша, атаудың бастапқы бөлігі таж немесе тажи деген негізден құралған қазіргі таджик. Бұл этникалық термин үлкен эволюцияға ұшырады. В. В. Бартольдтың (1925) айтуы бойынша, ең алғаш арабтар, кейін мұсылмандар жаулаған, содан кейін таджиктер келген дейді. Сондықтан Е. Д. Поливанов мынадай гипотезаға келеді: Ташкент — арабтар-жаулаушылар қаласы, мұсылмандар қаласы, таджиктер қаласы. Бірнеше жүзжылдық бұрын Ташкентте тәжік тілі ресим болды.

Өзбектер өз астанасының атауын былай түсіндіреді: «тас қала, тастан жасалынған қала», ал тәжік қаласы немесе Шаш қаласы емес.

Фрунзе (Бішкек). Қырғызстанның астанасы өз атауын Комму­нистік партияның өкілі және кеңестік атаман М. В. Фрунзенің атымен 1926 жылы аталды. Оған дейін— Пішпек болды. Қала 1878 жылы әскери бекініс орнында қаланды. Пішпек топонимінің шығуы осы уақытқа дейін жұмбақ болып келеді. Кейін Е. Қойшыбаев (1963) келесідей анықтама: пиш (беш) — «бес» және пек (биик, беек) — «биіктік». Ол өзінің ойларының дұрыстығын көптеген қатарлас оронимдерде байқайды: Кавказдағы Бештау (осыдан Пятигорск), Бешташ — Қырғызстандағы Талас бассейнінің «бес тасы»; Арал теңізінің жағалауында Биктау бархандары бар, аудармасы— «биік тау», Фрунзе қаласындағы Аламедин бассейнінде Бештоо таулары орналасқан — «бес тау». Е.Қойшыбаевтың гипотезасы әлі қырғыз топонимистерінде қолдау таппады.
Тексеру сұрақтары:

1. Орта Азия топонимикасын зерттеумен айналысқан ғалымдар?

2. Қазақстан топонимиясына талдау жасаған ғалым?

3. Қырғызстан топонимиясын зерттеуі.

4. Өзбекстан топонимиясының қалыптасуы.

5. Түркменстанның топонимиясының дамуына үлес қосқандар.

6. Тәжікстан мемлекетінің топонимиясы.

Дәріс 15.

Жергілікті гидронимдер, оронимдер, ойконимдер және олардың этмологиясы.

Дәрістің жоспары:

1. Ор өзенінің этимологиясы.

2. Ырғыз өзенінің этимологиясы.

3. Ертіс өзенінің этимологиясы.

4. Сарыарқа өлкесінің этимологиясы.

Кейбір гидронимдердің этимологиясын тоқтала кетейік.



Ор өзенінің этимологиясы туралы орыс ғалымы П.И.Рычков 1762 жылы былай деген болатын: «Ор деген- түркі сөзі, оның екі мағынасы бар. бірінші мағынасы «перекоп, линия», ал екінші мағынасы «устье, отверстие, ворота». Біз П.Рычковтың «Ор-түркі сөзі» деген пікіріне қосыла отырып, бұл сөз түркі тілдеріндегі «ой», «шұңқыр» деген мағынамен орайлас па деп ойлаймыз.

Ал Ырғыз өзенінің этимологиясы чулым татарларының тіліндегі эргизу деген сөзбен түбірлес сияқты. Бұл туралы профессор А.П.Дульзон былай деп жазды: «Чулым өзенінің орта шенінде сайда орналасқан Эргоза деген елді мекен кездеседі. Оның Ызырга, Иргаза деген орысша диалектілік формалары бар. өзен жағасында Эргизуг деген поселке орналасқан өзеннің ескі арнасының (мағынасы: ерги «ескі»- зуг- «су», «өзен») атынан қойылған». Ырғыз өзенінің аты Геродотта екі жерде кездеседі: біріншісі, IV томның 57 параграфында «Гиргис» деп аталатын өзен «Танаидқа құяды» дейді. Екіншісі, жоғарыда көрсетілгендей «Сиргис» түрінде жазылып, бұл Лик, Оар, Танаид өзендері сияқты Меотида көліне құяды дейді. Сонымен Геродоттағы Гиргис өзенінің аты Ырғыз сөзімен түбірлес деп қараймыз.

Жоғарыда Геродот еңбегінде кездескен Лик өзені осы күнгі Елек өзені болса керек. Өйткені Ор, Ырғыз, Елек өзендері бір- біріне жақын орналасқан. Бұл сөздің бастапқы түрі Илек болуы ықтимал. Түбірі –и, осыған зат есімнен сын есім жасайтын көне –лек жұрнағы жалғанып, топонимге айналған тәрізді. Мәселен, Тас+тақ деген топоним мен құмдақ, шаңдақ деген географиялық терминдер осылай жасалған. Илек, тастақ, құмдақ, шаңдақ атаулары менс сөздері илі (сулы), тасты, құмды, шаңды деген мағыналарды білдіреді. Ал Танаид топонимінің этимологиясы мен оның орны туралы пікір айту өте қиын. Кейбір зерттеушілер мұны Дон өзенімен қатар қойса, кейбірі оны Сырдария деп есептейді. Біздіңше, осының Тана деген түбіріне көңіл бөлу керек сияқты.

Ертіс өзенінің атауы осы формада VIII ғасырда қойылған Күлтегін мен Тоныкөк ескерткіштерінде кездеседі. Күлтегін ескерткіштерінде түркілер Алтай тауына көтеріліп, Ертіс арқылы өтіп, түркеш тайпасын жеңгендері туралы баяндалады. XI ғасырдағы М.Қашқари еңбегінде бұл атау Эртіш түрінде жазылып, оған мынадай түсінік беріледі: «Эртіш- йәмак даласында ағатын бір өзен аты. Бірнеше тармақ өзеншелерден құралған бұл өзен осы жердегі бір көлге құйылады. «Эртіш сувы» дейді. Бұл сөз судан өтерде «кім тез өтер» мағынасында қолданылатын эртіш сөзінен алынған.

Ә.Х. Марғұлан Кертағ (Кертау) тауы- Ақадыр станциясының оңтүстігінде 75 км жерде орналасқан Қызылтаудың ескі аты, ал Ортағ (Ортау) Ақадыр станциясының батыс жағында 50 км қашықтықта жатыр деп көрсетеді. Бұл жерде осы екі атаудың этимологиясы туралы пікір айтқан жөн. Бұлардың екінші компоненті тағ қазіргі қазақ тіліндегі тау сөзінің көне фонетикалық түрі. Ал Кертау деген атаудың кер деген бөлігі көне замандарда «тау», «қыр», «шың», «жота», «тау басы» деген мағынада қолданылған. Орта ғасырларда Ортағ аталған тау қазір Ортау делінеді. М.Қашғари еңбегінде кездесетін Бақырлығтағ атауын Ә.Х.Марғұлан Жезқазған маңындағы Милықұдық атауымен теңестіреді. Ал Бақырлығтағ атауының көне формасын қазіргі қазақ тіліне аударсақ, бақыр(жез) лы+ тау, яғни Жездітау деген сөз. Көне түркі тілдерінде жез-ді бақыр деп те атаған.

Кең ұғымдағы Сарыарқа атауының шығу тегін, оның бұлайша аталуын А.Сейдімбеков «Сарыарқаның алып суайрығы екенін, ағын су атаулы сол қоянжон дөңестің қос қапталынан төгіле ағатынын көреміз. Мұндай байтақ жонды Арқа демеске болмайтын да секілді. Басқаша атау көкейге қонбайтындай, көңілге орнықпайтындай», - деп пайымдайды. Сары сөзімен құрамдасып келген атаулар, сөз тіркестері тілімізде тек түсті ғана білдірмейді, «кең», «мол», «үлкен» деген мағыналарда да қолданылады. Қазақ топонимисі Е.Қойшыбаев та Сарыдала, Сарытау, Сарыбел, Сарыжота деген атаулардың құрамындағы сары сөзі «кең, үлкен» мағынасын білдіреді деп қарайды.

Қазан төңкерісінен кейін социалистік құрылыстың орнауы нәтижесінде жаңа объектілер пайда болды. Республика аумағында облыс, аудан, ауыл, село, колхоз, совхоз, жұмысшы поселкелер, кәсіпшіліктер т.б. ұйымдастырылды. Осы объектілерінің атауларының біразы сол жердің ескі атымен аталса, олардың басым көпшілігі Ұлы Қазан төңкерісі тудырған қоғамдық құрылыстағы құбылыстарға, оқиғаларға, халық сүйген ардагерлер аттары мен фамилияларына, тың игеруге т.б. сан алуан өзгерістерге тікелей байланысты болды. Мұндағы Лениногорск, Панфилов, Чапаев сияқты қала аттары совет халқының көсемі мен іскери қайраткерлер атына; Жаңатас, Кентау, Рудный, Степняк, Шахтинск сияқты қала аттары- осы жерде кен орындарының ашылуына, Целиноград-тың игеруге, Алға-ілгері ұмтылуға, социализм құруды тездетуге, Красноармейск - кеңес әскерлерін құрметтеуге байланысты қойылған.

Кеңестік қоғам өміріндегі өзгерістерді кеңінен қамтитын атаулар – ауылдық аттар. Мұнда халықтың ең ардақты адамдарының аттары, фамилиялары қамтылған: Ленин, К.Маркс, Энгельс- көсемдердің фамилиялары, Амангелді, Дзержинский, Жангелдин, Жандосов, Калинин, Киров, Луначарский, Куйбышев, Фрунзе, Чапаев – революция ардагерлері мен әскери қолбасшыларының аттары мен фамилиялары; Абай, Горький, Алтынсарин, Жамбыл, Шевченко, Чехов, Сейфулллин- ақын, жазушылардың аттары, Ломоносов, Мичурин, Уәлиханов – ғалымдар фамилиялары т.б.

Мұндай атаулардың тағы бір үлкен бөлігі қоғамда болған өзгерістерді көрсетеді, жаңалықтарды атайды: Бірінші Май, Большевик, Жеңіс, Еңбекші, Еңбекшілер, Кеңес, Қызылтаң, Мәдениет, Ортақ, Өндіріс, Теңдік т.б.

Ендігі бір топ атаулар әр кезеңде партияның халықты шақырған үндеу, ұрандарына, халықтың қойған мақсатына, тілек-талабына байланысты болып келеді: Алғабас, Бірлік, Жаңатілек, Еңбек, Мереке, Ұйымшыл, Ынтымақ т.б.
Тексеру сұрақтары:

1. Гидроним дегеніміз не?

2. Урбоним дегеніміз не?

3. Ойконим дегеніміз не?

4. Ороним дегеніміз не?

Практикалық жұмыс №1.

Тақырыбы: Жергілікті географиялық терминдер және олардың топонимдегі рөлі.
Мақсаты: Жергілікті микротопонимдерді топтастыру, оларға ғылыми-практикалық мән беру. Зерттелген, анықталған атауларға анықтамалар бере отырып, картадан көрсете білу. Заңдылықтарын жазып көрсету.

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның топографиялық картасы, кескін карта, қарындаш, бояу қарындаштар.

Талдауға арналған сұрақтар:

1. Жергілікті географиялық терминдерді атаңыз.

2. Олардың әрқайсысына анықтама беру.

3. Терминдердің топонимдегі рөлін анықтау.

4. Географиялық атауларды картадан қарастыру.

5. Оларды кескін картаға түсіру.



1-тапсырма: Әрбір студентке жергілікті географиялық терминдердің 3-4 жаздыру.

2-тапсырма: Осы географиялық терминдерді картадан көрсетіп, кескін картаға түсіру.

Практикалық жұмыс №2.

Тақырыбы: Халық географиялық терминологиясындағы сараптамалық лексика.

Мақсаты: Географиялық терминологияның терминологиялық салалармен байланысын анықтау және сараптамалық талдау жасау.

Құрал-жабдықтар: Топографиялық карта, кескін карта, қарындаш.

Студенттердің өздік жұмыс істеу үшін арналған тапсырмалар:

1. Халықтық географиялық терминдер дегеніміз не?

2. Олардың басқа терминдермен байланысын қалай көруге болады?

3. Оларға қалай сараптамалық талдау жасау қажет?

4. Оларды дәптерге жазу.

1-тапсырма: Дәптерге географиялық терминология туралы жазу.

2-тапсырма: Географиялық терминологияның басқа салалармен байланысын қарастырып, оны белгілі бір кестеге жазып түсіндіру.
Практикалық жұмыс №3.

Тақырыбы:Ресей орталығындағы топонимдер және олардың түркі негіздері.

Мақсаты: Ресейдің орталық аймағындағы түркі тілдес топонимдердің тарихы және географиясы жайлы түсіндіру.

Құрал-жабдықтар: Ресейдің картасы, топографиялық карта.

Пысықтауға арналған сұрақтар:

1. Этимологизация дегеніміз не?

2. Ресей орталығындағы ең көне атау?

3. Ресейдің әсіресе қай бөлігінде түркі атаулары кездеседі?

4. Олардың шығу тарихы туралы айтыңыз.

5. Ойконимдер дегеніміз не?



1-тапсырма: Ресей орталығындағы түркі тілдес топонимдерді атап шығып, оларды дәптерге жазу.

2-тапсырма: Ресей жеріндегі ауыл, село, қала т.б. атаулардың басқа тілдерден шығуын анықтап, жеке-жеке бөліп сызып жазыңдар.


Практикалық жұмыс №4.

Тақырыбы:Азия шөлдерінің атаулары.

Мақсаты: Азия шөлдерінң географиялық атауларының этимологиясын анықтау. Азия шөлдері, солардың аумағындағы атауларға түсініктеме беру, қолданып жүрген терминдер, олардың шығу тегін қарастыру.



Құрал-жабдықтар: Оқулық, Азия шөлінің картасы, кескін карта, қарындаш, түрлі-түсті бояу қарындаштар.

Талдауға арналған сұрақтар:

1. Арабия шөлі қандай мағына береді?

2. Қазақстандағы шөлдер?

3. Тар шөлі қайда орналасқан?

4. Орта Азиядағы ең ірі шөл?

5. Қызылқұм шөлі қай ғалымның еңбектерінде кездеседі?

6. Дзун деген сөз қандай мағынаны білдіреді?

7. Иран мемлекетіндегі шөл.



1-тапсырма: Азия елдеріндегі шөлдердің мағынасын анықтап, дәптерге жазу.

2-тапсырма: Осы аталған шөлдерді кескін картаға түсіру.

Практикалық жұмыс №5.

Тақырыбы:Азиялық топонимдердің таралған ареалдары.

Мақсаты:Орта және Орталық Азия топонимдерін зерттеу деңгейін бақылау. Осы Азия аймағындағы топонимдер зерттеулері, сондағы географиялық атаулар, жеке есімдер, этнонимдер, жергілікті терминдерді зерттеу.

Құрал-жабдықтар: Топографиялық карта, дүние жүзінің картасы.

Пысықтауға арналған сұрақтар:

1. Азиялық топонимдердің қай жерлерде таралуы.

2. Олардың мағынасын түсіндіру.

3. Азия аймағындағы топонимдерге, терминдерге талдау жасау.



1-тапсырма: Азия топонимдерінің таралған аймақтарын анықтап, оларды картадан көрсету.

2-тапсырма: Таралған аймақтарды топтастырып, бір сызбаға толтыру. Қандай жерде азиялық топонимдердің қалай тарағанын жеке-жеке сызып көрсету.
Практикалық жұмыс №6.

Тақырыбы: Орта Азия мен Қазақстанның географиялық атаулары.

Мақсаты: Орта Азия мен Қазақстан аймағының географиялық атауларының этимологиясын зерттеу. Осы аймақ топонимдерін зерттеу деңгейі, жағдайын қарастыру. Географиялық есімдердің жүйесі, астаналардың аттары, алға қойылған топонимикалық мәселелер туралы мәліметтер жинау.

Құрал-жабдықтар: Еуразия материгінің жеке картасы, Қазақстанның топографиялық картасы, кескін карталар, қарындаштар.

Талдау сұрақтары:

1. Орта Азия топонимикасын зерттеумен айналысқан ғалымдар?

2. Қазақстан топонимиясына талдау жасаған ғалым?

3. Қырғызстан топонимиясын зерттеуі.

4. Өзбекстан топонимиясының қалыптасуы.

5. Түркменстанның топонимиясының дамуына үлес қосқандар.

6. Тәжікстан мемлекетінің топонимиясы.

1-тапсырма: Орта Азияның әрбір мемлекеттерінің топонимиясының қалыптасуынына көп үлестерін қосқан ғалымдарды атап, тізіп жазып шығыңыз.

2-тапсырма: Орта Азия мен Қазақстан астаналарының мағынасын түсіндіріп, дәптерге толтырыңыз.

3-тапсырма: Кескін картаны қолданып, астаналардың орнын белгілеңіз.


Практикалық жұмыс №7.

Тақырыбы: Жергілікті географиялық объектілердің атаулары- халық тарихы, өткен ғасырлар хабары, этнос даму кезеңдері.

Мақсаты: Жергілікті гидронимдер, оронимдер, ойконимдер, және олардың этимологиясын түсіндіру. Оларға жеке тоқталу.

Құрал-жабдықтар: Топографиялық карта, кескін карталар.

Пысықтау сұрақтары:

1. Гидроним дегеніміз не?

2. Урбоним дегеніміз не?

3. Ойконим дегеніміз не?

4. Ороним дегеніміз не?

1-тапсырма: Белгілі бір гидронимді алып,шығу тегін зерттеу.

2-тапсырма: Сол объектінің этимологиясын талдау.

3-тапсырма: Аталған объектіні кескін картаға түсіру.

СОӨЖ тақырыптары.

1. Мәтінді оқып, дәптерге жазу.

2. Тест құрастыру.



Топонимика және география.

Географтар әрқашан географиялық атауларды оқуға көп көңіл бөлді. Әсіресе, көп еңбектерде Орыс географиялық қоғамының маңызы зор. (Вальская,1962).

Географтар үшін географиялық атауларлы оқу тек педагогикалық мақсатта ғана шектелмеуі тиіс: зерттеу аспектісі де маңызды. Топонимика арқылы кейбір территориялардың физико-географиялық ерекшеліктерін, тұрғындардың мінездерін, елді мекендердің құрылу спецификасын және т.б. білуге болады..

Осылай халықтық этимология пайда болды, ереже бойынша шындықпен сәйкес келмейтін және басқа жаңа әлемге апаратын ассоциациялар туындады. Мысалы, Обь өзені- «апа немесе тәте өзені», Катунь өзені-«ханым», Бия өзені –«мырза, бастық» және т.б.

Географиялық атаулардың алғашқы этимологиясы нигилизмге әкелді, яғни олардың семантикасын түсіндіруіне мүмкіндікті жоққа шығарды. Алайда топонимикалық жұмыстардың көрсетуінше, ғылым бұл облыс бойынша көптеген қызықты оқиғаларды жинады, тарих, география және тіл білімін байытты. Көптеген ерте топонимдердің, әсіресе өзен атауларының мәнін ашу қате болса да, кейіннен ол қызықты ғылыми ашылуларға әкеледі.

Географиялық атаулардың көп жағдайда жалпы сөздер болса, уақыт өте келе олар жеке есімдерге айналады. Мұндай сөздерге қарапайым жергілікті географиялық терминдер, номенклатуралар жатады: су, өзен, көл, бұлақ, тау, жота, ауыл, қала және т.б. (Мысалы, су – Ақсу, кұм – Қарақұм, көл –Ыстық-көл және т.б.)

Географиялық терминдер географтардың көмегімен далалық зерттеулерде ашылған. Сондықтан, жергілікті географиялық терминологияны оқу– топонимиканың маңызды тапсырмасы, және мұнда географтар қатысуы қажет. Әйтпесе, сол немесе басқа халықтық географиялық терминнің мазмұнын нақты түсіндіруге жеткіліксіз.

Географиялық атаулардың тілдік қатыстылық пен жұрнағы әрқашан сәйкес келе бермейді. ТМД территориясында шетелдік атаулар орыс грамматикалық жалғаулар, жұрнақтармен өңделеді.

Мысалы, Е.М. Поспеловтың анықтауы бойынша (1965), «атаулар арасында орыс жұрнағы – ово сияқты фин (Токсово, Кавголово, Мухтолово), и чуваш (Янтуково, Аблязово), және мордва (Пичкасово, Пургасово, Мечасово),

және басқалардан табуға болады». Орыс «қалалық» жұрнақ – ск сонымен қатар славян емес қалалардың атауларында да кездеседі екен: Уральск, Томск, Ачинск, Мурманск және т.б.

Славяндық топонимдер түріктер сияқты тек бір ғана етістіктен жасалмауы мүмкін. Орта және Орталық Азияда сөйлем құрайтын мынадай атаулар бар: Барсакелмес – «барсаң-қайтып келмейсің»; Эшеканкренкыр – «үстірт-есек баж етті» (халықтық этимология; қазіргі формасы Ишек-Анкренкуыр); Кулан олди – «құлан өлді», Джульбарсаткан кол – «барысты аулаған алқап» және т.б.

Елді мекен атауларында сол жерге ең алғаш келген адамдардың, жер иелерінің, феодалдардың т.б. аттарын, фамилияларын береді. Сонымен қатар ауыл мен елді мекендерге, өзендер мен басқа географиялық объектілерге өсімдік, жануар, пайдалы қазбалардың аттарын беру нәтижесінде зерттеушіге сол ауданның табиғи жағдайларын білуге қосымша көмек береді.

Топоним –бұл картадағы сөз. Топонимика мен картография арасындағы байланысты Е.М. Поспелов жақсы көрсеткен(1962,1971);оның айтуынша, географиялық атаулардың алғашқы жазбалары, олардың инвентаризациясы, орграфия мен орфографиясы,топонимикалық статистика – бұл барлығы топонимиканың ажырамас бөлігі,картография мен картографтарды өте жақсы қызықтырады. Топонимика топографқа далалық зерттеу кезінде дұрыс жазуға және картаға таныс емес, әсіресе шетел тілінде жазылған географиялық атауды ауыстыруға көмектеседі. Соның нәтижесінде қателерден және өрескел сөздерден құтылуға болады.

Топонимиканың табысты дамуы үшін география мәнінің зор екенін тек географтар ғана емес, сонымен қатар топонимикалық зерттеулермен айналысатын лингвистер де мойындайды. Осыған қатысты филологиялық ғылымдардың докторы Ю.А. Карпенконың еңбегінен көруге болады (1970). Оның аты автордың позициясын көрсетеді: «Лингвистика – география – тарих (топонимикалық этимологияның мәселелері)».

Географиялық атаулардың этимологиясы автордың айтуы бойынша № 1 мәселе болып табылады. Егер географиялық тарихына мән аудармасақ, этимологиялық әдістің тұрақсыздығы мен таластары бола бермек.
Жергілікті географиялық терминдер және олардың топонимикадағы рөлі.

Халықтық географиялық терминология маңызды ақпараттық потенциалға ие. Жергілікті географиялық терминдермен лингвистер де, географтар да, картографтар да қызығады. Картада жеке географиялық аттары болады, құрамында жиі терминдер кездеседі, картографтар үшін оның мағынасы мен дұрыс айтылуы маңызды.

Халықтық географиялық терминологияны оқытуда бір-бірімен тығыз байланысты екі жағын көруге болады. Біріншісі – терминдердің жинағы мен жүйелілігі.

Жақын туыс тілдер ұқсас терминологиясы болады, бірақ әр тілдің айырмашылықтарын ұмытпаған жөн. Мұндай тапсырмаларда бірінші орынды картографтар алады. Дәл солар картография мен картографиялық өндірістің қажеттіліктері үшін халықтық географиялық терминдер тізімін құрастырған.

Орталық ғылыми - зерттеу институтының географиялық атаулардың геодезия, аэросъемка және картография бөлімдері сол немесе басқа республика және біздің еліміздің облыстары мен кей шетел елдерінде кездесетін жергілікті географиялық терминдері мен басқа сөздердің сөздік баспасын қолданды. Солай 1959 жылдан бастап картографиялық қызмет жүйесінде жаңа бағыт–топонимикалық лексикалардың сөздік құрау ашылды. Осындай сөздіктерде терминнің жазылуы мен семантикасы ғана емес, әр жерлерде өзгеруін, диалекттік айырмашылықтарын көрсетілген. Сонымен қатар, авторлар термин себебінен пайда болған географиялық атаулардың мысалдарын келтірген.

Халықтық географиялық терминдердің жергілікті мағыналарын түсіндіру мен жүйелеу тартымды және қызықты жұмыс болғандықтан, басқа мекемелердің де авторлары кірісіп кетті.

Топонимикалық әдебиетте жергілікті географиялық терминдер әр түрлі анықталады; олар бір кезде номенклатуралық, жалпы, халықтық индикаторлар, ағылшын тілдік елдерде географиялық объектілердің түрін көрсететін genericterm. «Орман», «өзен», «тау», «су» үлкен кеңістікте кең тараған. Алайда шетел адамы үшін де жергілікті, спецификалық термин деп қалады.

Жеке географиялық атаулар қалыптасуында жергілікті географиялық терминдерге баяғыда көңіл аударған. Топонимдердің әр түрлі модельдері осындай терминдердің көмегімен құралған, топонимиясы жоқ ел мен тіл жоқ шығар.

Славян мен үнді еуропалық тілдер құрамында қазіргі географиялық атауларға номенклатуралық терминдер түрік, монғол, тунгус –маньчжур тілдеріне қарағанда аз әсер етеді. Олар біржақты, өзіндік түрінде болады. Бор, дон, подол, рамень, сала, гоби, дубна, ельня, починок, голец, кала, карасу, алатау, виска, курья, камень және басқалары топонимге жатады. Әлемдегі ірі шөлдердің атаулары – Сахара, Гоби и Қарақұм –номенклатуралық терминдерден құралған. Сахара арабша - «шөл».

Терминдер – топонимияның негізі,олар топонимдердің мағыналық мазмұнын анықтайтын күрделі, құрамды географиялық атаулардың бөлігі болып табылады. Ленинград, Іле Алатауы, Башбулак, Хамар-Дабан, Копетдаг, Тяньцзинь, Рио-Гранде сияқты сөздер географиялық объектіге қатыстылығын анықтайды: град,алатау (түрік тілдес аудандарда таудың түрі), бұлақ (қайнар көз), дабан (асу, тау), даг(тау), цзинь(қақпа), рио(өзен). Елді мекендердің топонимдері бұл ережеге тек жартылай сай келеді, атаулардың тарихи тегі көбінесе сол жерген ең алғаш келген адам аттары, фамилияларымен, саяси зияткерлер, ғылым, мәдениет, әдебиет тұлғаларының есімімен аталады. Шаруашылыққа, тұрғындарға, олардың этнографиялық құрал жабдығына байланысты аталған атаулар да сирек кездеспейді.


Географиялық терминологияда әр түрлі категорияның: гидронимдер, оронимдердің маңызы зор.

Тілдің қызметі мен таралуына байланысты географиялық терминдерді екі категорияға бөлуге болады: тектік және тұқымдық.

Тектік терминдер ландшафтты, рельефтің ірі элементтерін, гидрография, топырақ, өсімдік жамылғысын және т.б. білдіреді. Мұндай терминдер географиялық объектілер мен құбылыстарды жалпылайды: өзен, көл, батпақ, тау (таулар), жота, үстірт. Географиялық зоналардың, негізгі ландшафттық бөліктердің аттары: тундралық,тайгалық,орманды, далалы, шөлді –осылар тектік терминдерден басын алды. Олардың қатарына түрік -монғолдық тайга, фин-угорлық тундра, үндіеуропалық орман, орыс шөл, үндіеуропалық дала.

Тұқымдық терминдер табиғи ортаның шектелген элементтерін, ландшафттардың типтерін қамтиды. Тұқымдық терминнің қызметі жалпылау емес,объектілердің кішкентай белгілерін көрсетеді: орман, ақуыз, голец, шың, релка,қыр, ескі арна, курья, сырт, шығанақ,сала, жайма.

Жалпы әдеби тіл мен ғылыми-техникалық терминология құрамына енген тектік терминдер кеңінен тараған, бірақ топонимде ареалдық сөздер болып қала бермек. Карпат немесе Кавказда голец пен ақуыздар жоқ, Сібір немесе Қырым тауында еңіс, Қырымдық Яйледа – тастар жоқ.

Тектік жіне тұқымдық терминдер арасында арнайы шекара жоқ. Бір сөз бір тілде бірінші категорияға, ал басқасы- екінші категорияға жатуы мүмкін. Бұл жағдайды келесі иллюстрациямен бекітуге болады: Алтай мен Тувада тайга – «ормансыз тау», бірақ та «таулы орман»; Монғолияда – «таулы орманды нуы», орыс тілінде – «үлкен нулы, қылқанды ормандар».
Ресей орталығындағы топонимдер және олардың түркі негіздері.

Этимологизация - бұл әр түрлі территориядағы атаулардың әр түрлі әр тілді және әр түрлі жастағы болуын қарастыратын үлкен және көп еңбекті қажет ететін жұмыстар. Ол заңдылық тарихи мәселелермен байланысты. Халықтың мағлұматтары сақталып, бірақ басқа тілдер ықпалынан өзгерістерге ұшырады. Келушілер де ат қоюшылар болып табылды. Нәтижесінде топонимикалық пласттар пайда болды.

Осылайша, Ресейдің дәл жүрегінде Мәскеу территориясында орыстар топонимиясы стратиграфиялық колонкасының ең жоғарғы пластын құрайды. Оған елді мекендердің барлық атаулары енеді. Ең көне атау- Мәскеу-1147 жылы аталып келеді.

Мәскеу көптеген уақыт бойы Алтын Ордамен, кейін түрік хандықтары- Қазан, Астрахан, Сібір, Қырыммен байланыс жасады. Түрік тілдес геогафиялық атаулар Ресей орталығында ғана емес, сонымен қатар Пенза, Тамбов, Воронеж және Мордовия Республикасында өте маңызды рөл атқарады. В.Г.Фоменко Коломна және Кашира қалаларын түрік тілінен шыққан деп есептейді. Ол коллома-«қорғау, қамтамасыз ету», яғни Коломна Москва өзенінің Окаға құлайтын жерінде орналасқандықтан, ол бекініс қала болып табылды. Ал XVI ғасырдың соңында бұл жерде «үлкен разрядты» қорғаныс полкі тұрды.

Кашира XIV ғасырдың ортасында жазбаларда Кошира деп аталынады. М.Фасмер (1967) бұл топонимді түрік сөзімен кош-«киіз үй», «күрке», «тұрақ», «сүт фермасы», «стан» байланыстырды. В.Г.Фоменко кешир-«өзен арқылы кешу» деп түсіндірді. Мәскеуде көше атауларында да түрік тілдерінен шыққан, тек көп емес. Мысалы, Балчуг пен Арбат. Балчуг – «лай, батпақ». Мұнда шынымен де 1786 жылға дейін саз, лай болып тұрды. Арбат рабат деген араб сөзінен алынған. Топоним 1493 жылғы жазбалардан белгілі болып отыр. Мәскеудің кейбір көшелері түрік анторпонимдерінен қалыптасқан. Оның ішінде Черкизов көшелері, ол татар ханзадасы С.Черкизовтің атымен аталған. Бұдан басқа көше аттарын кездестіруге болады: Нариман, Мантулин, Молдагулов, Мансуров т.б.

Соңғы жылдары мәскеулік көшелердің атын ауыстырып, Кеңес Одағының қалалары мен өзендерінің аттарына байланысты қойды: Ангар, Норил, Ереван, Илим, Иртыш, Ташкент және Самарқанд.

Одан төменгі пластта балтық тілде айтылатын көптеген орта өзендердің атаулары жатады: Истра, Лама, Протва, Руза, Луза т.б. Сонымен қатар үндіеуропалық топонимдер де бар. Оған транзиттік өзендер: Мәскеу, Ока, Волга, Клязьма жатады.

«Эгей теңізі» афин патшасы Эгеяның осы суларда өлгенімен байланыстырса, қазіргі ғылым оны ежелгі гректің «эг»- «су», «айрес»- «толқын» деп аударылды. Кейін түсініксіз атауларды оқу үшін жаңадан «халық этимологиясы» деген ұғым пайда болды. Құрушылар атауларды орыс тілімен байланыстырады. Мысалы, «Яхорма» өзені- өзеннен өтіп бара жатқан князь Юрий Долгорукийдің әйелінің аяғы жарақаттап алғанын « Я хорма» деп айғайлауынан пайда болды. Көптеген сөздер айтылуға ыңғайлы болуымен аталып кетті. Мысалы, Гезлев қаласы 1771 жылы орыс әскерлері Козлов деп, 1784 жылы Евпатория деп өзгертілді.

Село мен ауылдар атауларын ойконимдер деп атайды. Ойконимдердің аса ірі категориясына ауылдық елді мекендердің атаулары жатады. Қазіргі кезде әлемде 15-20 ауылдық жерлер, олардың 200 мыңы – Ресейдікі. Ойконимдердің спецификасы – жеке атаулар, шыққан тегіне байланысты қолданылады. Мысалы, Иван, Петр, Захар, Марья т.б. және екінегізді атаулар: Борислав, Владимир, Всеволод т.б. Жиі адамдардың сырт ерекшеліктеріне байланысты қойылатын атаулар қолданылады: Мал, Косой, Белый, Кудряж, мінезіне байланысты: Добр, Храбр, Гордый, Молчан, Дурной, отбасы орнындағы реті: Первый, Стариной, вторак т.б. қолданылады. Осы тізімге жануарлардың, өсімдіңтердің, адамдардың мүшелеріне, киіміне байланысты атаулар да бар.

Қалалар атаулары. Ежелгі Русьте қала бұл қоршалған, тұрақталған поселок болды. Кейде қалашық деп аталды. Осыған сәйкес қалалар орыс жерлерінде көптеп тараған. Гордарика – «қалалар мемлекеті». Қала терминдерінде көптеген тілдердің формасы кездеседі. Мысалы, көне славян формасы «град» тарихи жазбаларда Царьград сөзінде кездеседі.

XIII ғасырда «город» сөзі падй болып көптеп қолдануына байланысты мынадай атауларда байқауға болады: Великий Новгород, Белгород т.б.

Петров уақытында неміс сөздері кең етек жайып, атауларда «штадт», «гоф» және «бург» қосымшалары тіркеліп айтыла бастады. Мысалы, Санкт- Петербург, Кронштадт, Питергоф т.б. Ең кең тарағаны «бург» термині оның отаны, негізі- Германияда қаланды. Бург қала деген мағына береді.

«Полис» - қала - мемлекеттер. Грецияның қазіргі картасында Александрополис, Неаполис, Мегаполис т.б. көреміз. Ең ежелгі қала Константинополь қаласындағы –поль өзінің қосылуынан жасалған. Сонымен қатар Ставрополь, Мариуполь. Орыс қалалары мен Украинада –дар жалғауына аяқталатын қалалар кездеседі. Мысалы, ең ежелгі қала Екатериньдар бұл сөзбен қолданылады, 1793 жылы құрылған. Сонымен қатар, Краснодар, Братьин Дар, Судьбадаровск, Царедар. Кеңес уақытында бұл сөз бір нәрсені сыйлау мақсатында айтып қалалар пайда болды: Теплодар, Энергодар, Солнцедар.

Қазіргі кезде көптеген қалалар мен елді мекендерге –горск элементі қосылуы тән. Мысалы, Магнитогорск, Дивногорск, пайдалы қазбаларға байланысты: Бокситогорск, Гранитогорск, Железногорск т.б.



Оңтүстік Қазақстан аумағындағы географиялық атаулардың шығу тарихы (этимологиясы).

Оңтүстік Қазақстан аймағы топонимикасының соңғы он жылдан астам уақыттан бері дамудың ерекше бір сатысына көтерілгенін айта аламыз. Кеңестік дәуірде пайда болған топонимдер мен 90-шы жылдардан бергі уақытта пайда болған атауларды мүлдем салыстыруға болмайды. Осы тұрғыдан келгенде бір жайт айқын: қоғам үнемі өзінің жер-су атауларының жағдайын қадағалап отыруы тиіс. Кеңестік кезеңде бұл істі жүзеге асыруға мүмкіншілік болмады. Бүгінгі таңда елді мекен, жер-су атауларына ат берілуі мен өзгерілуінің жоғары мемлекеттік құрылымдар тарапынан қатаң қадағаланып отырғаны да сондықтан. Ұлттық тіл, мәдениет салт-дәстүр және топонимикалық таным -көзқарас белсенді өрлеу жағдайын бастан кешіріп отырған қазіргі кезде аймақтағы бір қатар қалаларға, поселкелер мен ауылдарға бұрынғы тарихи атаулары қайтарылып, тарихи әділеттілік орнады.

Топонимдік атауларды жаппай өзгерту, сөйтіп, тарихи әділеттілікті қалпына келтіру жолындағы игілікті де маңызды істі кезекті қазақы науқаншылыққа айналдырмау жағына баса көңіл қойған абзал Халық санасының дәуірлеу кезеңінде топономикалық проблемаларды шешуде байсалдылық, сарабдалдық таныту үлкен азаматтық болар еді. Зерттеліп отырған аймақтың топономикалық жүйесінің қазақылық қалыпта қалуына ендігі жерде ешкім де қарсы дау айта алмайды. Осы орайда, проф. М. Мырзахметұлы осы әрекетімізде біз топонимикалық сауатсыздыққа жол беріп алғанымызды күйіне айтады. (1,122-123). Бұл қателік түбінде бір түзетілер, бірақ ол қателіктерден оңайлықпен арыла қоймасымыз анық.

Осындай шарасыздықтан саналы түрде тезірек арылудың жолы қоғамдық санаға қозғау салу қажеттілігі туындап отыр. Топонимикалық сауатсыздықтағы басты қателік географиялық елді мекен, жер атаулары саласындағы ғасырлар бойы қалыптасып бекіген ұлттық сипаттағы аса берік халықтық дәстүрді ұмытудан немесе социалистік негіздегі қоғамның жасанды түрдегі «үйретінді» менталитетінун арыла алмаудан туындап отырған санадағы салғырттық, немкеттілік тәрізді нигилистік қалыптан туындайтын проблемалар шеңберінде жатыр.

Макротопонимдерге ат қойғанда ойланып істейтін бір мәселе «сол жердегі ғасырлар бойы аталып келе жатқан тарихи атын беруге батыл түрде бағыт алуымыз керек сияқты» -дейді проф. М.Мырзахметұлы. Өйткені, халықтық топоним заңы бойынша, ол атауды халық, көбінесе сол жердің географиялық рельефін, яғни табиғи көрінісін немесе тарихта болып өткен айтулы оқиғаны негізге ала отырып қояды. Мысалы, Сарыарқа, Бетпақдала, Қаратау, Алатау, Саумалкөл, Сарыкемер, Аспара, т.б... Басқыншы ел келіп ол жерді отарлағанда өздері ұстанған саясатқа сай елді мекен, жер атауларын зорлықпен өз қалауына сай өзгерте бастаса, оны отаршылдық топонимдер деп атаймыз. Тәуелсіздік алған ел сөз жоқ отаршылдық елді мекен, жер атауларын бастапқы ғасырлар бойы аталып келген қалпына түсіруге батыл кіріседі. Мұндай жағдайда ұстанатын басты бағыт - аты өзгеріске түсетін географиялық елді мекен жер атауларын сол жердің тарихи егесі болған жергілікті халықтың тарихи жадында сақталған тарихи атауларын қою алғы шарт ретінде қойылмақ. Өзгерістерге түскен жер атауларына өзінің бастапқы қалпындағы тарихи атын қоймау - халықтық топонимнің басты принципін бұзу болып шығады.

Географиялық елді мекен жер атауларын қазақта тірі кісінің атына бадырайтып қою салты болмаған. Ал біздерде бүгін өмір сүріп отырған атақты өнер иелері мен қоғам қайраткерлеріне өздері тіршілік етіп жүргеніне қарамай баса көктеп мектеп, кейбір арнаулы оқу орындары немесе мәдени орындар мен кітапханаларға қою әрекеті дендеп барады. Ұлттық санамыздың көрбілте төмендігін айқындайтын құбылыстың бірі - топонимикалық атауларға ру атын қоюға ұмтылу әрекеті дерттеніп тұр. Өйткені, көптеген ауылдар мен мектептерге т.б, миротопонимдерге ру атын қою жиілеп барады. Және ол барлық облыстар мен аудандарда орын алуда. Бұл іспеттес құбылыстарға ұлттық сана мұнарасынан қарап күрес жүргізбесек рулық сана: шеңберінен шыға алмаймыз.

Ендігі бір күрделі мәселенің бірі - қазақ есімдеріне байланысты туған ұғым танымдарымыздың құлдық психологияның ырқынан шыға алмауында жатыр. Бұл аса күрделі де өте нәзік антропонимдік атауларға аса сақтықпен қарап,бастапқы ата салтымыз салған дәстүрлі жолға қайта түсіп, ой санамызбен ұғым танымдағы тот басқан тұсымызды тазалау міндеті тұр. (1,122-124).

XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап қазақ топонимиясы жаңа даму сатысына өтті деп айтуға толық негіз бар.

Тәуелсіздікке қол жеткізген қазақ елінің алдында тұрган өзекті мәселелердің бірі - елді мекен, жер-су атауларын тарихи тұрғыдан қалпына келтіру болып табылады. Содан бері бұл бағытта жүргізіліп отырған жұмыстарды екі топқа бөліп қарастырған жөн. Бірінші, ежелгі тарихи атаулардың қайтадан қолданысқа енуі.

Республика Министрлер кабинетінінің Мемлекеттік ономастикалық комиссияның қорытындылары негізіндегі Қаулысына сәйкес халықтың ежелгі тарихы мен рухани мәдениетінің маңызды 5 куәсі болып табылатын ұлттық топонимдері мен әкімшілік территориялық бөліністер атауларын қалпына келтіру Оңтүстік , Қазақстан аймағында да жүйелі түрде жүзеге асырылды. Облыс орталығы - Чимкент қаласы ендігі жерде Шымкент атауына ие болды. Глинково селосы Ақбастау (Алғабас) ауданы аталып, Атабай селосына , ежелгі Қарнақ атауы қайтадан берілді. (Түркістан ауданы). Обручевка я селосы Қараспан деп аталып, Амангелді селосы ендігі жерде Нұртас е ауылы деп атала бастады. (Нұртас Оңдасынов көрнекті мемлекет н қайраткері, ғалым). Қызылқұм ауданына Отырар атауы берілсе, Бөген т селосы, Соналы ауылы, Мамаевка елді мекені - Көлтоған, Қараспан а селосы, Батырата, Түркістан ауданындағы СОКП XX П-съезі атындағы н кеңшар -Ихан, Бөген ауданындағы БЛКЖО-ның 60-жылдығы атындағы п кеңшары, Шұбар, Октябрь кеңшары (Бөген ауданы) -Қарақұм, Ленин ЬІ жолы кеңшары - Байдібек ауылы, Отырар ауданындағы Овцевод ;п кеншары - Әл-Фараби атауына ие болды.

Ежелгі атаулары көмескіленіп, не мүлдем жойылып кеткен елді мекендерге, жер-суға жаңа ұлттық нақыштағы атаулардың беріле бастауы. Бұл құбылысты қазақ топонимиясындағы жаңа үрдіс деп ІҚ есептеу керек,. Айталық, Оңтүстік Қазақстан облысының бұрын құла ға дүз болып келген Мырзашөл аймағын игеру Кеңестік дәуірдің 30-жылдары қолға алынды, жаңадан елді мекендер пайда болды. Қазіргі Мақтаарал ауданының аумағында бой көтерген сол елді мекендерге негізінен орысша аатулар берілген болатын Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Ильич поселкесіне -Атакент, Киров поселкесіне- Асықата, Славянка поселкесіне - Мырзакент атаулары берілді. Созақ ауданындағы Степное поселкесі Қыземшек поселкесі болып аталатын болды т.б

Осы орайда енді жоғарыда ауызға алынған Мырзашөл өңіріне қайта оралайық. Кезінде шөл далада қазылған Киров каналы қуаң өлкеде тіршілік етеді. Бұрын жан баспаған ұланғайыр өңірде жүздеген жаңа елді мекендер пайда болды. Сөйтіп, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарына дейін бұл гүл жайнаған өңірде үш аудан - Мақтарал, Жетісай және Киров аудандары болып келді. Кейіннен осы үш аудан біріктіріліп, Мақтаарал ауданын құрады (қазіргі орталығы Жетісай қаласы). Бір таңданарлығы сол, 30-шы, 40-шы, 50-ші жылдары бой көтерген елді мекендерге орыс ұлтының аздығана қарамастан негізінен идеологиялық бағыттағы орыс атаулары қойылған. Бұрынғы жер ерекшелігіне байланысты қойылған қазақ атаулары ашық түрде екінші кезекке ығыстырылған.


Еліміздің егемендік алуының нәтижесінде бұл өңірде ежелгі атаулар қайтарылған немесе уақыт талабына орайластырып, жаңа атаулар қойылған. Мысалы, Абай ауылдық округі бойынша Ш-Интернационал ауылы - Бескетік, Водное ауылы-Көксу, Рассвет ауылы-Достық, Красный луч ауылы -Бостандық, Советавад (Жданов) ауылы - Гүлстан, Дружба народов ауылы - Халықтар достығы, Плодовиноградное ауылы - Жүзімдік, Прибрежное ауылы - Жағажай т.б.



Оңтүстік Қазақстандағы «сор» термині негізінде жасалған топонимдер.

Сорлардың қалыптасуы жөніндегі мәліметтерді саралау барысында олардың түрлерінің аймақтық ерекшеліктері бар екенін байқауға болады. В.И.Масальскийдің мәліметтеріне сәйкес, Қарақұмда сордың төрт типі, Қызылқұмда үш типі тараған. Қарақұмдағы тұзды батпақ түріндегі сулы сорлардың беті құрғақ мерзімде саздың жұқа қабатымен көмкеріліп, адам мен жануарлар үшін тартпа балшық ретінде үлкен қауіп-қатер төндіреді. Сондықтан мұндай сорларды қазақ Жамансор, Тентексор, Қарасор деп атаған. В.Н.Шнитниковтың мәліметттеріне сәйкес, Жетісу сорлары негізінен көлдер маңында шоғырланады; алғашқыда жалаңаш, тартпа болған сорларға біртіндеп өсімдіктер өсе бастайды. Көбінесе мұндай жерлерді біртекті өсімдіктер, мысалы көкпек алып жатады. А.Левшин 1825-1826 жж. Қазақ даласының батыс бөлігін аралаған Эверсманның деректерінің негізінде сорларды төмендегіше сипатттайды:

• жазда онша кебе қоймайтын, қыста қатпайтын, жүруге қолайсыз батпақтар;

• жазда кеуіп, бетін аппақ тұз қабаты көмкеретін, өсімдіксіз құрғақ жерлер;

• ащы- тұщы көлдер ретінде сипаттайды.

Сонымен сорлар жергілікті жердегі табиғат ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болады; мұны құрамында сор термині кездесетін топонимдерді талдау барысында ескеру қажет.



Қазақстан жеріндегі гидронимдермен байланысты атаулар және оларға сараптама жасау.

Топонимиканың күрделі де ірі саласының бірі ғылыми тілде гидронимия деп аталады. Ол грек тіліндегі гидро-су, оним- атау, ат, яғни су атаулары. Демек, гидронимия- өзендер мен көл, көлшіктер, қайнарлар мен бастау, бұлақ, құдықтардың жиынтық аты.

Қазақстан географтарының мағлұматтары бойынша, республика территориясында 85 мың өзен, 48262 көл бары белгілі болып отыр. Оның ішінде аумағы 100 км ден асатын 21 көл бар.

Республикадағы көлдердің басым көпшілігі Солтүстік пен Орталық Қазақстан, Арал мен Каспий теңіздерінен, Алтай мен Алатау, Тянь-Шань тауларынан таралса, шағын тобы оңтүстік аймақтарының құмды да шөлейт жерлерінде пайда болған. Көпшілік атаулар көлдердің өзіндік ерекшеліктеріне, яғни түр-түсіне, суының дәміне, айналасындағы өсімдік пен жануарлар дүниесіне, сан мөлшеріне, географиялық орнына т.б. көптеген белгілеріне байланысты аталады. Қазақстандағы көл аттарының, негізінен ана тіліміздің етене байырғы сөздерінен жасалғанын анық көреміз. Сондықтан да олардың мағыналары көпшілікке түсінікті, айқын да анық. Көл аттары құрамында кездесетін көл, сор, тұз, ащы сөздері тегінде көлдің үлкен, кішілігін, тереңдігі мен саяздығын, немесе дәмінің ащы, тұщылығын, соры көптігін білдіріп отырса керек. Мәселен, Құмдыкөл, Ұзынкөл, Ұлыкөл, Ащыкөл, Кішкенекөл, Жаманкөл, Шұбаркөл, Қарасор, Қопасор, Жамантұз және т.б. көлдердің атаулары осыны толық дәлелдей түседі.

Араб, парсы тілдеріне тән деп отырған көл атауларының өзі кісі есімдерімен қойылған. Бұған қарағанда, ол көл аттары XVIII-XIX ғасырларға тән сияқты.

Мақы.- иранша мах-ай, яғни айлы, Зәуре-арабша Зухра- Шолпан жұлдызы, Имантау- ар. иман- сенім, Асан-қожа- ар. Асан-Хасан- сұлу, көркем, Нияз-ар. Өтініш, тілек т.б.

Көне түркі немесе орал-алтай тілдеріне қатысты көл аттары да кездеседі. Олардың көбінің мағынасы көмескі, күңгірт, тек этимологиялық талдау барысында ғана анықталады. Ондай көл аттары: Балқаш, Матай, Мамай, Ағанас, Құсақ, Ақсан т.б.

Біріккен тұлғалы көл аттары құрамында да аппелятивтер кездеседі. Ондай аппелятивтерді бірнеше топқа бөліп қарауға болады.



  • Көлдердің көлемі жағынан үлкен, аумағының кеңдігін білдіретін аппелятивтер: теңіз, шалқар, жалтыр, жалпақ.

  • Түбі тартпа көлдер: сор, батпақ, балқаш, ми.

  • Көл төңірегі шалшықты, батпақты, былқылдақ болуымен байланысты айтылатын аппелятивтер: томар, қопа, былқылдақ.

  • Тұзды, ащы көлдерді білдіретін аппелятивтер: тұз, тұзды, ащы.

  • Жазда суы тартылып, төңірегіндегі өсімдігі қурап қалған көлдерді білдіретін аппелятивтер: тақыр, татыр.

Қазақстандағы өзен аттары, негізінен ана тіліміздің мағынасы айқын, жалпы қауымға түсінікті байырғы сөздерден қойылып отырған. Мәселен, Ащысу – суының дәмі ащы, тұщы емес деген мағынада, Өлеңті- өлең шөбі көп, шүйгін жайылымы мол. Мұндағы –ті молдық, көптік мағынасын білдіретін көне қосымша. Терісаққан – кері аққан, әдеттегі ағысынан бұрыс, Сарысу- үлкен, мол су, Жіңішке- үлкен емес, кішкене өзеннің кішілігіне байланысты қойылған, Талды- талы көп, талы мол, Құланөтпес- жағасы тік жарлы, терең өзен, Жарлы- жағасындағы жары биік, Қарғалы- қарғасы көп т.б.

Алайда қоғамның өзгеру, өсу, даму барысында, уақыт, мерзім талабына орай өңірдегі кейбір өзен аттарының бұрынғы мағыналары ескіріп, күңгірттеніп, бара- бара түсініксіз болып кеткен. Ондай атаулардың кейбіреулері- көне тілдік қабаттарға тән болса, мәселен, Ертіс, Есіл, Бақанас, Тобыл, Аят, Көң, Тоқырау, Құрманақа, Қусақ, Қунақ, Кеңгір; екінші топ аттары – мәселен, Обаған, Нұра, Ырғыз, Колутон, Сілеті т.б. басқа тілдерге қатысты. Бұл өзен аттарының мағыналары қазіргі кезде көмескіленіп, көпке түсініксіз болып отыр.

Семантикалық ерекшеліктеріне қарай, Қазақстан өзен аттары төмендегідей мағыналық топтарға бөлінеді:


  1. Жан-жануарлар атынан қойылған өзен аттары: Қоянды, Құланөтпес, Соналы, Майбалық, Қарғалы, Күзенді, Жыланды, Сарыторғай, Торғай т.б.

  2. Өсімдік атауларынан қойылған өзен аттары: Шилісай, Талқара, Қияқты, Жусалы, Бидайық, Көкпекті, Қарағансай және т.б.

  3. Белгілі оқиғаға байланысты қойылған өзен аттары: Нарөлген, Қатынқазған, Қарынсалды, Қалмаққырылған және т.б.

  4. Түр- түске байланысты өзен аттары: Сарыөзен, Сарыбұлақ, Қара кеңгір, Қарасу, Көктас, Бозінген, Алабас, Қараеспе т.б.

  5. Әлем кеңістігіндегі денелерге байланысты қойылған өзен аттары: Бозай, Теріскей, Айбас, Айқыз, Адай, Керей, Аягөз т.б.

  6. Судың дәміне байланысты өзен аттары: Ащыөзен, Ащысай, Ащысу, Ащыөзек және т.б.

  7. Өзеннің формасы мен көлеміне байланысты қойылған өзен аттары: Жіңішке, Түндік, Үлкен Қаражылға, Шолақсандық, Қылыш т.б.

  8. Географиялық орналасу ерекшелігіне байланысты қойылған өзен аттары. Кейбір өзен аттарына географиялық орнына қарай бас, орта, ауыз сияқты анықтауыштық қызмет атқаратын сөздер қосарланып айтылады. Мысалы, Бас Жалаулы, Орта Жалаулы, Ауызсай, Бассай т.б.

  9. Санға байланысты қойылған өзен аттарындағы сандар реттік, есептік сан есімдер түрінде кездеседі. Мысалы, Үшқарасу, Жетісу, Біріншісу, Жетіқыз, Қосбұлақ, Қырыққұдық т.б.

  10. Адамның өмір тіршілігіне байланысты өзен аттары: Балта, Айнабұлақ, Дулығалы, Қайрақты, Найзақамыр т.б.

  11. Өзеннің ағысына байланысты атаулар: Тентек –Қарасу, Шайтанқарасу, Сарқырама, Терісаққан т.б.

  12. Модальды атаулар. Бұл топқа жинақталған атаулардан адамның өзенге, суға деген көзқарасы байқалады. Мысалы, Жақсы Сарысу, Жаман Сарысу, Жақсысай, Жаманжол, Жақсы Қайрақты, Данабұлақ, Әулие т.б.

  13. Қазба байлыққа байланысты атаулар: Жезді, Алтынбұлақ, Известковый т.б.



Оңтүстік Қазақстандағы фитонимдермен байланысты атаулар және оларға сараптама жасау.

Қазақстан территориясында өсімдіктердің 5000-ға жуық түрі бар. Сол өсімдік аттарының біразы Оңтүстік Қазақстан топонимиясында кездеседі: қияқ, көкпек, тал, қамыс, қарағай, қоға, қарағаш, қараған, өлен, өрік, жиде, жусан, жыңғыл, итмұрын, кендір, бидайық, терек, сасыр, ши, ағаш, арша, аққайың, бидай, қурай, тікенек, тобылғы, мойыл т.б.

Шет ел топонимиясындағы (Чехословакия, Польша, Румыния) өсімдіктер мен жануарлар аттары арқылы сол өсімдіктер мен аңдар түрлерін өткен тарихи кезеңдерде белгілі территорияда тарағандығын ғалымдар дәлелдеген. Отандық топонимикада Э.М.Мурзаев және Е.Л.Любимова топонимикалық әдіс арқылы емен, қайың т.б. ағаштардың түрлерінің Орыс жазығындағы тараған аймақтарын анықтап отыр.

Оңтүстік Қазақстан топонимиясындағы арша, қарағай, қайың, қарағаш, тал атаулары бір кездерде Солтүстік және Орталық Қазақстанда осы ағаштар өскен ормандардың кең тарағандығының дәлелі бола алады. Жоғарыда аталған аймақтарда ормандардың қазіргіге қарағанда, әлдеқайда көп болғандығын қосымша деректер растайды. Мысалы, орман табиғатына сай аңдардың да түрлері көп болады.

Мысалы, географ А.В.Афанасьевтің деректері Солтүстік және Орталық Қазақстанда кезінде орманның көп болғанын және сол ормандарда жануарлардың көп мекендегенін көрсетеді.

Орыс тілінен енген атауларда, кей жерлерде орман болғандығын немесе бар екендігін тікелей көрсетеді. Лесное- ауыл совет орталығы, Березняки- елді мекен. Оңтүстік Қазақстанда өсімдіктерге байланысты мынадай топонимдер бар:



Қайың: Қайыңды- көл, Майқайың- елді мекен, Жақсықайыңды- көл, Қайыңдышоқы- тау, биіктігі 569 м, Березняк ауылдық орталық.

Алма: Алмалы– тау, биіктігі 943,8 м және елді мекен, информатор Тәкішев Жұматайдың деректері бойынша Жал Алмалыда бүгінгі күнде алма жоқ, өспейді.

Жиде: Жиде –өзен, Жиделіқұм, Жиделі- қыстақ, Жиделі- құрғақ арна, Жиделісай-өзен, Жиделі- бұлақ.

Тал: Талды-дөң, Талдыкөл-көл, Талдысай-жыра, Талдыөзек- құрғақ өзек, Талды- өзен, Талды- ауыл, Талдыеспесай- құрғақ арна.

Терек: Теректі-тау, Теректіадыр- шоқылар, Белтерек- елді мекен, Теректі- құрғап бара жатқан өзен, Терек-елді мекен.

Ағаш: Ұзынағаш- өзен, Ағаш- тау, Ағашлық- тау, т.б. Ағаш атты топонимдерді көне топонимдердің қатарына жатқызуға болады. К.Мусаев ағаш сөзінің көптеген түркі тілдерінде кездесетінін атап көрсетті.

Қазақ халқының географиялық терминдері.

Қазақ халқының географиялық терминологиясы аса бай болуымен ерекшеленеді. Бұл жүйенің қалыптасу тарихы халықтың тарихымен, м ал шаруашылығын ұйымдастыру сипатымен, табиғат жағдайларымен, қазақ халқының құрылымымен тығыз байланысты болғандықтан, оны жеке- дара құбылыс ретінде қарастыру мүмкін. Халықтық географиялық терминдердің топонимикалық зерттеулердегі маңызын белгілі географ, топонимист Э.М.Мурзаев былайша түйіндейді: «Терминдер – топонимиканың негізі, олар географиялық атаулардың мағыналық мазмұнын анықтайтын бөлігі болып табылады... кез - келген топонимикалық зерттеу халықтық географиялық терминдерді талдаудан басталуы қажет және қазіргі, сол сияқты түбірлі (субстратты) жергілікті терминология міндетті түрде ескерілуі қажет». Осы тұжырымды басшылыққа ала отырып, қазақтың жер-су аттарын зерттеу, олардың мағыналық жүктемесін ажырату ісін халықтық және жергілікті географиялық терминологияның кейбір ерекшеліктерін талдауға болады.

Бай халық қазынасының осы күнге дейін зерттеушілер назарын аударып, халқымыздың ғылыми тіліннің жасалуына негіз болуының өзін тарихи феномен деуге болады. Бұл жөнінде 1910 жылы шағатай тілінде жарық көрген «Тауарих-и хамса-йи шарқит» кітабында Қ.Халид былай жазған: « Менің өте таң-тамаша болатыным қазақ оқымаған халық деген лақап айтылады. Ал жағрафия, астрономия сияқты арнаулы пән оқымай білуге қиын соғатын жердің белгілерін айырып, соған дәлме-дәл ат қойып сөйлейді»...

Қазақтың географиялық терминдерінің ғылыми әдебиеттер бетінде жарық көруіне Орыс Географиялық қоғамы ұйымдастырған ғылыми экспедициялардың есептері мен жолжазбалары белгілі дәрежеде ықпал еткен. Қазақ жеріндегі географиялық атаулар 1863-1885 жылдары жарық көрген П.П.Семеновтың «Россия империясының географиялық –статистикалық сөздігінде» де жиі жинақталған. Бқл еңбектің ерекшелігі- топоним құрамындағы географиялық терминдер сызықша арқылы бөлініп жазылған. Мұның өзі қазақ тіліндегі жазылу нормасына сәйкес келмегенімен, орыс тілінде оқитындар үшін қазақ терминдерін айрықшалаудың бір жолы болғанға ұқсайды. Сөздікте терминнің қазақшадан аударғандағы мағынасы жақша ішінде берілген. Бұл сөздіктің қазіргі география, топонимика ғылымдары үшін маңызы атаулардың тізімін, мағынасын беруімен ғана емес, объектінің географиялық ерекшеліктерін қысқаша сипаттауымен де құнды. Мұның өзі көптеген қазақ топонимдерінің мәнін түсінуге, мағынасын жан- жақты талдауға мүмкіндік береді.

Қазақ терминдерін қарастыруда XVII-XX ғасырларда жарық көрген ғылыми әдебиеттер кеңінен пайдаланылды. Қазақ терминдері басқа түркі халықтарының географиялық терминологиясының құрамында Э.М.Мурзаевтың еңбектерінде талданды.

Халқымыздың географиялық терминологиясын ғылыми көпшілікке насихаттап түсіндіруде Э.М.Мурзаевтың 1984 жылы жарық көрген «Халықтық географиялық терминдер сөздігінің» маңызы зор. География ғылымдары тұрғысынан қазақ географиялық терминдерін алғаш топтастырып, мағынасына сипаттама берген Ғ.Қ.Қоңқашбаевтың зерттеу жұмыстарының маңызы да өте зор. Қазақ оқырманына бұрын белгісіздеу болған кейбір құнды еңбектердің тарих талқысынан өтіп, бүгінгі заманда жарық көруінің өзі осы оқу құралына арқау болды. Мұндай туындылар қатарына 1602 жылы жазылған Қадырғали би Қосымұлының «Жамиат – тауарих» (Жылнамалар жинағы), XVIII ғасырда өмір сүрген Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлының «Түп-тұқианнан өзіме шейін», Әбілғазының «Түрік шежіресі» сынды еңбектері жатады. Осы тұрғыдан алып қарағанда топонимиканың үш тірегінің, яғни тілдің, тарихтың, географияның бір-біріне орайлас өрбігендігіне тағы да көз жеткізуге болады.

Шаруашылыққа қолайлылық дәрежесі қазақ атауларында «жақсы», «жаман», «суық», «жылы», «тентек» сияқты анықтауыштар түрінде көрсетіледі. Топонимдер құрамындағы «жаман» анықтауышына бірнеше мысалдар келтірейік. Жезқазған өңіріндегі Жаманшұбар атауын «Шұбар» терминімен анықталатын жайылым (сортаңды жолақтары бар жерлер) түрінің қолайсыздығын сипаттайды. Жаманшілік атауын мал шаруашылығына қолайлылығы тұрғысында сипаттасақ, «қолайсыз жайылым» деген мағыналық жүктемеге ие болады. Осы атау кейде «отынға жарамсыз шілік өскен жер» ретінде түсіндіріледі. Біздің топшылауымызша, ландшафтық термин мағынасында ғана атау Жаманшілік формасында айтылар еді, ал фитонимге қатысты болса, жай ғана Жаманшілік емес, Жаманшілікті деген атауды иеленер еді. Осы екі мысалдан байқағанымыздай, топонимдер құрамындағы термин- сөздердің шығуы мен қалыптасуы мал шаруашылығымен байланысты болғандықтан, атаулардағы сындық есімшелер де осы шаруашылыққа қолайлылық тұрғысынан жасақталуы мүмкін.

Географиялық ортадағы табиғат жағдайларын нақты бейнелеуге топонимдер құрамында болатын халықтық және жергілікті географиялық терминдер себепші болады. Топонимика ғылымында индикатор- терминдер деп аталатын мұндай сөздер тобы физикалық географияның объектілерінің типін, ландшафтық- белдемдік ерекшеліктерін, морфологиялық сипатын, шығу тегін сипаттайды. Осы тұрғыдан алғанда, табиғат жағдайларын сипаттайтын жер-су аттарында жергілікті жердің ландшафтық келбеті бейнеленіп, халықтың географиялық білім жинақталған.

Қазақ топонимиясында сан ғасырлық көшпелі мал шаруашылығының доминантасы өз ізін қалдырды. Зерттеушілер көшпелі мал шаруашылығы өркендеген түркі - монғол халықтарында географиялық терминдердің аса бай, жіктелген сипатта жинақталғандығын ерекше атап өтеді. Ғ.Қоңқашбаевтың мәліметтеріне сәйкес, қазақ халқының 600 географиялық термині бар және Қазақстандағы жергілікті топонимдердің жартысына жуығы халықтық терминдер негізінде жасалған.

Географиялық атаулар құрамындағы халықтық терминдер мен оларға жалғанған әр түрлі есімдік, етістік тұлғаларда сырт көзге байқалмайтын заңдылықтар бар; бұларды ескеріп, үлкен мән бермеген жағдайда қазақ тілін төл тілім деп есептейтін адамның өзі топонимнің нақты мағынасын аша алмауы мүмкін.


Топонимиядағы ұғымның дамуы.

Топонимдер – картографиялық обьектінің өзінің меншікті атауы . Олар рельеф элементтерінің аттары- оронимді, су обьектілерінің аттары-гидронимді , этностардың аттары- этнонимді, жануар әлемінің аттары- зоонимді және сол сияқты.

Терминдер – картографиялық обьектіге қатысты ұғым. Бұл жалпыгеографиялық, геологиялық, мұхиттық, әлеуметтік - экономикалық және - басқа терминдерді бола алады ( мысалы, «аудан», «бұғаз», «шығанақ» және басқалары).

Түсіндірмелі жазудың :

- сапалық мінездеме;

- сандық мінездеме;

- хронологиялық жазу;

- қозғалыс белгілеріне түсіндірме;

- меридиандардың және параллельдердің цифрлеу және картографиялық тор сызықтарына түсіндірме түрлері бар.

Топонимика ( грекше topos- орын және Noma - ат ) - географиялық атауларды зерттейтін ғылым, олардың пайда болуын, мағынасын, дамуын, қазігі жағдайын, оларды белгілеуді зерттейді. Топонимика география, тарих және лингвистика ғылымдармен байланысты. Топонимия - қандай болмасын аумақ атауларының жиынтығы.

Топонимика бірнеше түрге бөлінеді:

· Ойконимдер – елді мекендердің атаулары ( гр. oikos - пәтер-үй, мекен).

· Астионимдер - қалалардың аттары (гр. asty - қала)

· Гидронимдер - өзендердің аттары (гр. hydros - су).

· Дримонимдер - ормандардың аттары (гр. δρΰς  ағаш).

· Оронимдер - таулардың аттары (гр. oros - тау).

· Урбанонимдер – қала ішіндегі нысандардың аттары (Urbanus-қалалық).

· Годонимдер - көшелердің аттары (гр. hodos - жол, көше, арна).

· Агоронимдер - аудандардың аттары ( гр. agora - аудан).

· Дромонимдер - хабарлау жолдарының аттары (гр. dromos - қозғалыс, жол).

Макротопонимдер – үлкен аумақты елсіз мекендердегі нысандардың аттары (гр. makros - үлкен).

· Микротопонимдер - кішкене аумақты елсіз мекендердегі нысандардың аттары (гр. mikros - аз).

· Антропотопонимдер – адам қолынан пайда болған географиялық нысандардың аттары (гр. antropos - адам).

Географиялық атаулар бұл топонимдер болып есептелінеді. Географиялық атаулар карталарды орналастыру кезіндегі нақты шараларды қажет етеді. Топонимика бес формада қолданылады:

Жергілікті арнайы жерлер формасы, яғни бұл елдердің мемлекеттік тілімен жазылады.

Фонетикалық формасы, яғни мұнда басқа тілде жазылуы.

Салттық формасы, мұнда әрбір елдің тілінде жазылады.

Ауыстыру формасы мағынасына қарай жазылады (Отты жер- Огненная земля).

Әріппен берілу формасы немесе оны транслитерация деп атайды. Бір әріппен беріле отырып, екінші әріпке көшу. Әрбір адам дүниежүзіндегі, өз еліндегі, туған облысы, ауданындағы,туған қаласындағы жеке географиялық атаулардың, тіптен, көше, аландардың,өзен, көл, жоталардың аталу себептерін біле бермейді. Совет елінің жазушысы К.Г.Паустовский жас кезінде картаны қарағанды өте жақсы көрген екен. Жазушыны өзен ағыстары, қалың тайганың терең құбылыстары, Маточкин Шар, Гебридтер, Панама, Кордильер сияқты, т. б. көптеген атаулардың аталусебебі таңғалдырған және өте қызықтырған. Бұндай мәселелер ертедегі Греция, Римдегі, т.б. елдердегі тұратын адамдарды да қызықтырған.Топонимдердің атаулары әр түрлі сакталады, өзгеріп, ауысып отыруы мүмкін.Кейбір атаулар бір жыл, он жыл, кейбір атаулар ғасырлап сакталады. Мысалы,Иерусалим, Иордан, Египет, Рим, Афины, Александрия, Самарканд, Ереван атаулары мындаған жылдар сақталуда. ТМД елдерінің барлығында топонимикалык зерттеулер үнемі жүргізіледі. Ертедегі Армения топонимдері Мовсес Хореноцидің, Қырғыз топонимдері Махмуд Қашкаридің еңбектерінде берілген,т.с.с. Ғалым- энциклопедист Абу Рейхан әл-Бируни XI ғасырда “Қандай да болмасын бір жерлерді бөтен тілді тайпалар иемденсе, сол жердің атауы тез өзгере салуы мүмкін, себебі олар атауларды өз тілдеріне келтіріп айтулары керек ” деген.

Жалқы есімдерді түсіндіретін ілімді ономастика дейді. Ономастика немесе ономасиологая көне гректің онота “есім, ат” (адамның аты, аңдардың немесе жер бетіндегі өзге түрлі объектілердің аты, аспан өлеміндегі планеталардың, космос кеңістігіндегі жарық дүниелердің, галактика топтарының аттары болуы да мүмкін) +logos “ұғым” сөздерінен құралған есімдер туралы ілім деген сөзі.

Ономастика сөзінің өзін (осы сөздің жеке өзін) қазіргі қазақ тілінде айтатын болсақ, мейлі ол абстракциялы ұғым ретінде болсын, мейлі жалқы есімдер жүйесі түрғысында болсын — “атаулар ілімі” немесе тіпті, бір-ақ сөзбен “атаулар” деп те айтуға болар еді.

Бірақ қазақ тілінде жарық көріп жүрген баспасөз нұсқалары оны жалқы есімдер туралы ілім деуді қолдайды.

Ал жалқы есімдер дегеніміз, ономастика тұрғысынан айтқанда, біреуді біреуден айыру үшін немесе бір объектіні екінші бір объектіден даралау үшін солардың әрқайсысына жеке дара тағылған белгілер немесе атаулар. Сондықтан осы ажырату дұрыс деп есептеледі. Ономастикалык зерттеулер талай ғылымның деректеріне сүйенеді. Көп жағдайда ол лингвистикалық деректермен бірге география, этнография, тарих, т.б. ғылым деректерін мол пайдаланады. Ол коғамдық ғылымдармен ғана жанасып коймай, табиғаттану, зоология, ботаника ғылымдарымен де ұштасып жатады.

Сонымен, топонимика, ғалым А.В.Суперанскаяның айтуы бойынша, ономастиканың кесек бір бөлігі. Ономастика ілімін біріне-бірі жалғас, ара жігі іліктес ірі-ірі үш салаға бөлуге болады:

1. Топонимика — жер бетіндегі объектілердің тілдік қүрамын, мән-мағыналарын карастыратын ілім.

2 . Антропонимика — адам аттарының шығу тарихын қарастыратын ілім.

3. Этнонимика — ру, тайпалардың тарихын, құралу, ыдырау үдерістерін қарастыратын ілім.

Топонимика грек созі “топос” — орын, жер, “ономо” — атау. Топонимиканың топоним терминдерінен айырмашылығы бар. “Топонимдер” — жер-су атаулары болса, “топонимика” сол атауларды зерттейтін ғылым. Топонимика тіл білімінде, география ғылымында географиялык жалқы атауларды зерттейтін ғылым саласы болса, ал географиялык жалкы атаулардың өзі (жер-су аттары) топонимдер деп аталады. Географиялык жалқы атауға — Алматы, Ертіс, Маңғыстау, Ақтау, Атырау, Теңіз, т.б. жатқызатын болсақ, ал жалпы атауға өзен, көл, түбек, шұңғыма, арал, бұғаз, шығанақ, мұхит, теңіз, т.б. жатқызамыз.

Топонимика пәніне байланысты ономастиканың төмендегідей салалары бар:

Астронимикаәуе кеңістігіндегі жарық дүниелер аттары туралы ілім;

Гидронимика — өзен, су, көл және теңіз аттары туралы ілім;

Зоонимика — хайуанат аттары туралы ілім;

Космонимика — галактика және жұлдыздар тобының аттары туралы ілім;

Ойкономика — үй, ауыл, туған ел аттарынын койылу жолдары туралы ілім;

Оронимика — тау аттары туралы ілім;

Урбанимика — қала, көше аттарының даму, өзгеру заңдылықтары туралы ілім;

Фитонимика — өсімдіктермен байланысты атаулар туралы ілім.

Ғалым Матрусовтың пікірі бойынша, топонимика — тіл немесе лингвистика ғылымының бір бөлігі. Демек, топонимика да лексикология сияқты сөз туралы ілім, тілдегі лексиканы, сөздік құрамды, солардың калыптасу тарихын қарастырады. Сол себепті тілдің өзі тарихи лексикамен тікелей байланысты.

Осы орайда топонимдер немесе жалқы есімдер өзінің құрылымы жөнінен үлкен 5 топқа бөлінеді: түбір, туынды түбір, біріккен тұлғалы, қос түлғалы және сөз тіркестерінен түрады.

1. Түбір тұлғалы жалқы есімдерден пайда болган атаулар: Жем, Сағыз, Өзен, Бұлақ, Қайнар, т.б.

2. Туынды түбір тұлғалы жалқы есімдер — Сүлікті, Өрікті, Бұғылы, Жыңғылды, Шиелі, Қырғауылды, Бұланды, Алмалы, Қоянды, т.б.

3. Біріккен тұлғалы жалқы есімдер — Майқайың, Суықбұлақ , Жалғызтөбе, Ұлытау, Тасөткел, Жаңаталап, Ұлтуған, Белбұлақ, Ақкөл, т.б.

4. Қос тұлғалы жалқы есімдер — Сарыесік Атырау құмы, Ертіс-Құлынды, Тобыл-Обаған жазыктары, Ақсу-Жабағылы, Барса-Келмес, Токта-Барлық, Қапал-Арасан, Алма-Арасан шипалы сулары, Арыстанды-Қарабас желі,

т.б.


Н.А.Баскаковтың классификациясы бойынша, топонимдер — морфологиялык, семантикалық болып бөлінеді. Осының ішіндегі топонимдер жасалуының морфологиялық жағын алатын болсақ, сөз таптары карастырылады. Яғни топонимдердің жасалуына сөз таптары — зат есім, сын есім, сан есім, етістік,есімдік, үстеу қатысады.

Зат есімнен жасалған күрделі топонимдер бірнеше сөзден құралуы мүмкін, мысалы, Шалқартеңіз, Бетпакдала, Құрқамыс, т.б. Көбінесе, топонимдер негізгі сын есімдерге ак, қара, қызыл, сары, шұбар,ащы, жалпақ, жуан, жаңа, сұлу, суық, терең, төмен, ұзын сиякты, т.б. географиялык жалпы атаулар қосылуы арқылы жасалады. Мысалы, Сарыесік, Қарабұлақ, Қызылқүм, Сарысу, Шұбартау, Ащысай, Жалпактөбе, Жамансор, Жаңақорған, Сұлутөбе, Тереңөзен, Ұзынкөл, т.б. Сын есімдерге өсімдік аттары қосылуы арқылы да жасалатын топонимдер: Қаратал, Көктал, Сарыағаш, Ұзынағаш, т.б.Сын есімге жануар аттары қосылу арқылы жасалатын топонимдер: Алаайғыр, Арықбалык, Жиренайғыр, т.б. Сын есімнің — лы, лі, ды, ді, ты, ті жұрнағы арқылы жасалган топонимдер: Алматы, Жусалы, Жыңғылды, Шиелі, Шідерті, Жымпиты, Сексеуілді, Темекілі, т.б. Сын есімдерге сан есім қосылу арқылы жасалған топонимдер: бір, екі, үш, бес, жүз, мың, т.б. Біршоғыр, Бесшоқы, Қосқұдық, Үштөбе, Бесарық, Жүзағаш, Мыңарал, Жалғызтөбе, Төрткүл, т.б.

Бір ғана есім сөзден жасалған топонимдер (кісі атына байланысты): Наурызбай, Байқадам, Байқабыл, т.б. Ру атына байланысты: Кыпшақ, Қоңы рат, Айдабол, т.б. Халық атына байланысты : Қырғыз, Ұйғыр, т.б.Ілік септік пен тәуелді жалғаулы сөз тізбегі арқылы жасалған топонимдер:Алматы каласы, Бұланды ауданы, Ескене кенті, Шу стансасы, т.б. Есімшенің -ған, -ген, -қан, -кен түрлеріне аяқталатын топонимдер: Қаракеткен, Көшкентау, Шамалған, Итқырылған, Тайсойылған, Атқырылған, Қалғантау, т.б.

Есімшенің -ар, -ер, -с формаларына аяқталған топонимдер: Отырар, Тұрар, Далақайнар, Қайнар, Қойбағар, Барсакелмес, Тастұрмас, Оқжетпес, Козжетпес, Құсжетпес. Жедел өткен шақты етістіктің -ды, -ді формаларына аяқталатын топонимдер:Қарауылкелді, Байқоңды, Қожакелді, т.б.


Сан есім арқылы жасалған топонимдер: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, жалғыз, қос, жүз, мың сан есімдерімен жасалады. Мысалы,Бірсуат, Екішек, Екісор, Үшқамыс, Үшбидайық, Төрткұлақ, Төртқұдық, Бесқонақ, Алтыайғыр, Алтыбас, Жетікөл, Тоғызкен, Тоғызкүн, Қосқұдық, Қосқарағай, Жалғызқайың, Жүзағаш, Мыңадыр, т.б.

Етістік тұлғалардың қатысуы арқылы жасалған топонимдер: дара, біріккен және күрделі тұлғада кездеседі. Дара тұлғалы етістіктен жасалған топонимдер:Қозған-кол, Кепкен-тау. Біріккен тұлғадағы (зат есім+сын есімнен тұратын) етістік: Бурылбайтал, Бөрлітөбе жерлері, Тасарал, Қарақұм шөлдері, т.б. Үш сөзден тұратын, оның бірі етістік болып келетін топонимдер: Айтуғансай — село, Көкатсойған — бұлақ (Қарағанды обл).

Етістіктің өзі есімше, көсемшеге және түрлі шақтарға (өткен, осы, келер шак) бөлінетін болатындықган, есімшенің -ган, -ген, -қан, -кен формаларына аяқталатын топонимдерге жатады: Жезқазған, Қаракеткен, Көшкентау, Шамалған, Иткырылған, Тайсойған, Атқырылған,Қалғантау, т.б.

Ал топонимдер жасалуының семантикалық жағы болса, түрлі атаулардың мағынасына сай койылуы болып табылады. Оған төмендегідей мысалдарды келтіруге болады.

1. Адам атынан қойылған топонимдер: Жәнібек. Ескендір, Өтеген, Шоқай, т.б.

2. Жер бедерін білдіретін сөздерден жасалған топонимдер: Ескентау, Жуантөбе, т.б.

3. Су көздерінің аттарынан қойылған топонимдер: Тұзкөл, Тассуат, т.б.

4. Ағаш атауларынан қойылған топонимдер: Қарағайлы, Қайынды, Тіктоғай, т.б.

5. Этнотопонимдерден (ру, тайпа аттарынан) қойылған атаулар: Қаңжығалы көлі, Калмаққырған жері, т.б.

6 . Өсімдік атауларынан койылған топонимдер: Талды — аудан, Құрқамыс-разъезд.

7. Адамдардың қызмет, кәсібін көрсететін топонимдер: Темірші — жер, Балуанкөл — көл.

8 . Жәндіктер атына байланысты қойылған топонимдер: Соналы — өзен, Инелікті — көл.

9. Үй жануарларына байланысты қойылған топонимдер: Түйекеткен —көл, Тайынша — станса.

10. Құс атына байланысты қойылған топонимдер: Торғай — өзен, Құсмұрын — станса.

11. Шөпке байланысты койылған топонимдер: Қаулы, Миялы, Қоғалы, т.б.

12. Дала жануарларына байланысты қойылған топонимдер: Маралды, Суырлы, Қоянды,т.б.

12. Балық аттарына байланысты атаулар: Шортанды — көл, Майбалық —елді мекен.


Топонимиканың бастапқы даму кезеңі.
Географиялық атаулардың шығу тегін зерттеу өте ертеден бастап жүргізіле бастады. Топонимдердің этимологиясы жайлы отандастарымыздың ішінен өте жақсы белгілі түрік лингвисті және географ Махмуд Қашғари XI өзінің үштомдық түрік лексикасын «Диуани лұғат ат түрк» және бірнеше географиялық картасын құрды. Х.Х.Хасановтың талдауынша, М.Қашғари географиялық атаулардың семантикасына өте күшті қызығушылығын танытқан. Ол Қырғызстанда туған, сондықтан түрік тілдерінің ішінен ол араб және парсы тілін біліп, салыстыруды кең қолданған. Оның Тарим, Юрункаш, Каракаш, Окуз өзен атауларына түсінік бергені өте қызықты. Сонымен қатар кейбір атауларды түсіндіруде ол халықтық этимологияны қолданған. Мысалы, Ертіс эртишмак-«кім бірінші өтеді» және Самарқанд –«майлы, бұлтты қала» деп түсіндірген.

Орта ғасырлардағы ғалымдардың еңбектерінен Шығыс топонимикасы туралы біраз айтылған. Осындай мысалдар X-XI ғасырлардағы Абу Рейхан Бируни Сырдария гидронимін –Хасарт, ал грекше Яқсарт деп аударған.

Хайдар Мирза Тянь-Шаньды Могулистандық таулар деп атайды. Шынында да, бүгінде ол тау жүйесінің оңтүстік-батыс жотасы Моғолтау деген атқа ие.

Ертедегі топонимика армян мен грузин географтары мен тарихшыларының ескі еңбектерінде кең тараған. Өкінішке орай, Закавказье республикаларының ғалымдары топонимикалық мәліметтерді оқып жариялауға мүмкіндіктері болмапты. Әсіресе ескі географиялық қайнар көздерінің бірі Еревандағы «Матенадаран» болып табылады. Армяндық ғалым Мовсес Хорнаци мен грузиндық географ ханзада Вахушти мақалалары өте белгілі.

Ресейде XVIII ғасырлардың ескі жазбаларында, географиялық лексикондарда географиялық атаулардың сөздігін кездестіруге болады. Қазіргі таңда 29 том орыс жазбалары шығарылған. «Слово о полку Игореве» еңбегінде географиялық атаулар әдебиеті пайда болды, ал ескі орыс қалалары туралы мәліметтер IX-XII ғасырларда польшалық топономист С.Роспонд жазған болатын. Географиялық атаулар мен терминдер әсіресе «Үлкен Сызбаның кітабы», «Сібірдің Сызба кітабы» және т.б. еңбектерде кездеседі.

В.Н.Татищев, М.В.Ломоносов, А.П.Сумароков, Г.Ф.Миллер шығармаларында топонимдердің мағыналарына талдау жасаған.

XIX ғасырдың басында А.Х.Востоковтың «Задача любителям этимологии» атты үлкен емес мақаласы шықты, мұнда ең алғаш гидронимдерге талдау жасалды.
Халық географиялық терминологиясындағы сараптамалық лексика.
Халықтық географиялық терминдерді фоносемантикалық тұрғыдан қалыптастырудағы глоттогенез мәселесінің рөлі. Ғалымдардың пікірінше, алғашқы сөз қорының белгілі бір бөлігін географиялық терминдер құраған. Алғашқы жер - су атаулары тілдің шығу дәуірінде адамзаттың қауымдастық тіршілігі үшін бірінші кезекте үлкен маңызға ие болған. Сол себепті халықтық географиялық терминдерді глоттогенез мәселесімен байланысты қарастыруға болады.

А.М.Газов-Гинзберг өзінің «Был ли язык изобразителен в своих истоках?» (М., 1965) атты монографиясында, сондай-ақ басқа да ғылыми еңбектерінде семит тілдерінің туыс емес төрт тілдік семьяларындағы дыбыс бейнелеуіш түбірлерді салыстыра келе, тілдің пайда болуындағы дыбыс пен мағынаның байланыстылығын көрсеткен. Ал, чуваш ғалымы Г.Е.Корнилов өзінің зерттеулерінде «идеофон және имитативтер символикалық түрде дыбыс бола тұра, жанды немесе жансыз объектілерді бейнелей алады» деген пікірді дәйекті түрде ұсынды.

Көне заманнан қазіргі тілтанымға дейін және қазіргі кезеңде фоносемантика бағыты өркендей бастаған жағдайда, сөздегі дыбыс пен мағына байланысы көптеген ғалымдарды толғандырды. Дыбыстағы заттың (аталған нысанның) символикалық немесе еліктеуіш көрінісі кейбір ғалымдар тарапынан тілдің пайда болу мәселесімен байланысты қаралды. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ тілінің негізгі сөздік қорында сақталып қалған кейбір географиялық терминдерді еліктеуіш және дыбыс символикалық сөздер ретінде «алғашқы» сөздер қатарына жатқызуымызға болады. Бастапқы немесе «алғашқы» сөздер дыбыс бейнелеуіш сөздер болғаны жайында академик Ә.Қайдар былай жазады: «Бағзы заманда дыбысты елестетудің өте көне ең қарапайым түрі әрбір тілде тек бір ғана дауысты дыбыстың көмегімен жүзеге асса керек және осылай болуы күмәнсіз де. Демек, о баста ата-бабаларымыздың қоршаған ортадағы дыбысты елестету қабілеті өте бір жақты, жалпылама, яғни сөйлеу тіліндегі /а/, /ә/, /о/, /ө/, /е/, /ұ/, /ы/, /і/ секілді дауысты дыбыстар негізінде дүниеге келген. Өте көне географиялық терминдердің құрамында ілкі еліктеуіш түбір сақталғанымен, тілдің эволюция барысында ол түбір – дыбыс бейнелеуіш тұлға дербес қолданудан қалады, себебі «құбылысқа еліктеудің мәні мен мағынасына, табиғатына қарай, дауысты дыбысқа үнемі дауыссыздар үстемеленіп жалғанып отырған». Еліктеуіш негіздердің құрамдық дамуы бірнеше тарихи сатыдан өтіп, ұзақ кезеңдерді өткізгенін ескерсек, қазақ тіліндегі көне деп саналатын географиялық терминдердің тілдік тұлғасынан ілкі еліктеуіш түбірді тауып алып, оны фонемотип немесе идеофон, имитатив сипатында қарастырып, фоносемантикалық сипаттамасын бере аламыз.

Басқаша айтқанда, тілдің пайда болған кезеңінде туындаған «алғашқы» сөздер ретінде географиялық терминдер таза, дербес күйінде күні бүгінге жетпеуі мүмкін, бірақ ілкі бейнелеуіш түбірлі көне терминдер өз морфемдік (морфологиялық) құрамын сақтап қалған.

Қазақ халықтық географиялық терминдерінің құрамында кездесетін өте көне сөздердің тілдің алғашқы шығу дәуірінде пайда болғанын көрсететін дәйекті және жанама сипаттамаларына жататын мына белгілерді атап кетуімізге болады: 1) олар, әдетте, бір буынды ілкі түбірлі сөздер болып келеді; 2)географиялық термин ретінде көптеген тілдердің сөздік қорында кездеседі, тіптен бір-біріне жанаспайтын, туыс емес тілдерде де ондай географиялық апеллятивтер ұшырасып қалады; 3) өте көне, «алғашқы» географиялық түбірлерде (сөздерде) дыбыс бейнелеуіштік қызметін атқаратын имитатив, идеофон (Г.Е.Корниловтың терминологиясы бойынша) немесе фонемотип, фоносемантикалық модель (С.В.Ворониннің терминологиясы бойынша) міндетті түрде болады.

Қазақ халықтық географиялық терминологиясында кездесетін, бірақ мағынасы көмескіленіп қалған және қазіргі кезде дербес қолданылмайтын қара сөзінің (Найзақара, Үшқара т.б. топонимдерде) фономорфологиялық және семантикалық параллельдері трансконтинентальдық ареалдарда ұшырасады. Э.М.Мурзаевтың көрсетуінше, мысалы, осындай семантикалық және морфемдік тұлғалары өте жақын апеллятивтерге орыс тілінде гора, ауған тілінде гар, грузин тілінде гора – «горка, холм», албандарда – gur, армяндарда кар – «камень», авестада gairi – «гора», хиндиде – гар – «замок, крепость», тибетте гархи – «крепость», әзербайжандарда отгар – «гора с хорошими пастбищами», Сахарада гара – «холм с твердыми склонами, скалистый останец, скалистая гора» жатады [3, 109]. Қазақ халықтық географиялық қара термині мағыналық және тұлғалық жағынан Сахарадағы гараға өте ұқсас, жақын: Қара (қара; дәлме - дәл мағынасы - қара; карталарда көбіне - гара) жалаңаш тұстары көбіне кәдімгі қара түсті болып келетін қатты тау жыныстарынан құралған шоқы немесе салыстырмалы түрде ірі болып келетін биіктік. Көкжиектен қарағанда, мұндай биіктіктің сұлбасы алыстан қара болып көрінеді. Осыдан келіп ол қара деген атау алған. Қазіргі таңда қара сөзі термин ретінде қолданылмайды, бірақ өзіндік географиялық атау құрамына жиі енеді: Үшқара, Берікқара, Иманқара, Жетіқара т.б. Моңғолдарда да жалқы есім құрамында Нарынхара, Доланхара деген биіктік атаулары кездеседі.


Азия шөлдерінің атаулары.
Азияда шөлдер көп көлемді алып жатыр. Кей жерлері батысында Араб түбегіне дейін созылып жатыр, одан шығысында африкалық шөлдер Үлкен Хинганға дейін алып жатыр. Ең ірілері бізге мектептен бері белгілі.

Бұл Қарақұм, Қызылқұм, Үстірт, Гоби, Такла- Макан. Алайда ешкім осы атаулардың шығуын, олардың мағынасын біле бермейді.

Азия шөлдері жеке аттары жалқы сөздер, географиялық терминдер, негізінен ландшафттық терминдер болып табылады.

Алашань – Орталық Азиядағы, Солтүстік Қытайдағы шөл мен тау жотасы. Этимологиясы түсініксіз, алайда шань сөзі –қытайша «тау» оронимикалық объектілерде кездеседі: Наньшань, Бэйшань, Тянь-Шань, Иньшань және т.б. Кейбір зерттеушілер алаша сөзін түркі топонимімен байланыстырады – «жаман жылқы, ат». Географиялық анықтамасы дәлелденбеген. Басқа да гипотологиялық этимологияны ұсынуға болады. Орталық Азияда түрік топонимдері кеңінен тараған. Алашань жотасы Алатаг деп аталды – Ішкі Азияда ол қарапайым ороним. Түрік тілдес аудандарда Алатау, Аладаг, Алатоо, Алатуу және т.б. деп аталды. Кейін калькалау нәтижесінде түрікше таг сөзі қытайлық шань мағынасын білдірді. Сонымен қатар, қытайлық топоним – Цзаланьшань.

Егер бұл гипотеза тұрақты аргументация алса, онда Алашань шөлінің атауы «ала-құла таулары», яғни топырақ өсімдігі мол биіктік белдеулікте орналасқан тау дегенді білдіреді.



Арабия шөлі – Оңтүстік-батыс Азиядағы Арабия түбегінің Үлкен Нефуд, Кіші Нефуд, Рубь-эль-Хали және т.б.шөлдердің жалпы атауы. Шөл араб этнонимін алды. Алайда бұнда араб этнонимі керісінше байқалады. Арабия түбегі Биладь-аль-араб, яғни «дала елі» деген мағынаны білдірді. Осы жалпы атау кітап бойынша таралып кетті.

Бетпақ-Дала – Қазақстандағы шөл. Кейде орыс әдебиеттерінде екінші атауы – Аштық дала деп кездесті. Дала географиялық термині Кавказдан бастап Тынық мұхитына дейін кең ареалды қамтиды. Кей түрік тілдерінде батпақ сөзі бар – «жабысқақ, батпақты, сазды, батпақтың лайы». Негізінен, жабысқақтық, батпақ, лай Орта Азия мен Қазақстанда таралған сазды грунттармен байланыстырады. Жауын уақытында олар қатты өткізбейтін болады.

Гоби – Орталық Азиядағы ұлы шөл. Этимологиясы айқын. Топоним негізі монғол сөзі говь терминінен, ландшафтты анықтайтын типтен құралған. Гоби –тек құдықтар мен кей бұлақтарда кездесетін суы аз, тасты және тұзды топырақты, сирек шөл мен шөлейт өсімдігімен жабылған жазықты жер. Мұнда бұл термин кездесетін жеке бөлікті шөлдер кездеседі: Бордзон-Гоби, Дабасу-Гоби, Шаргын-Гоби, Номин-Гоби және т.б.

Деште-Кевир – Иранның орталық бөлігіндегі шөл. Парсы топоним ландшафттары басым дегенді нұсқайды. Алғашқы сөзі дешт (дашт) Орта Азия және Закавказьеда белгілі. Негізгі мағыналары– «жазық, дала, шөл, тасты шөл». Деште-Кевир атауындағы екінші сөзі географиялық атаулардың маңыздысы. Орта Азияда кебир сөзінің басқа нұсқасы бар. С.Караев өзбек формасын кабир дегенді келтіреді. Мағынасы– «сортаң, тұзды шөл, өткізбейтін сортаң ми батпақ, ұсақ тұздалған көл, тұзды лай». Топонимикалық мысалдар: Кевире-Немек сортаңы – «сортаңды батпақ»; Ирандағы Кевирабад ауылы;

Қазақстандағы Кебирсай өзен арнасы. Сондықтан, Деште-Кевир топонимін былай түсіну қажет: сортаңдармен жабылған сортаңды шөл немесе жазық. Ежелгі орыс әдебиеттерінде кейде Үлкен Тұзды шөл деп аталды.



Деште-Лут – Иранның шығыс бөлігіндегі шөл. Алғашқы сөзінің мағынасы Деште-кевир топонимінің мысалында айтып кетілген. Ал екінші сөзінің мағынасы В.И.Савиннің айтуынша: лут – «өсімдікке кедей, суы жоқ, жалаңаш, құмды шөл 1971). Осы шөлдің этимологиясы: «өсімдігінен айырылған,тік(жазықты) құмды шөл».

Жоңғар шөлі Алтай мен Шығыс Тянь-Шанның аралығында орналасқан. Атау монғол тілінен алынған: дзун+гар– «сол қол, сол жақ». Жоңғария Барун-Тале – «оң жазыққа» қарама қарсы орналасқан, монғолдар оны тибеттік жота Джантанг деп атайды. Халха-монғолдарда алдыңғы жағы– оңтүстік, сондықтан дзун «шығыс» деп те аталынады. Бірақ батыс монғол халықтарында түрік дәстүрі бойынша шығысқа бет жағымен қарау қабылданған.

Қарақұм – Орта Азия мен ТМД-дағы ең үлкен шөл. Бұл атауда өзі айтып тұрғандай: қарақұм, түркменше гарагум – «қара құм». Алайда бұл топонимде қарама қарсы әдебиет бар. Түркмендер әр түрлі өсімдік жамылғысымен байытылған құмды атайды,ал аққұм- «ақ, таза құм»,яғни өсімдік жамылғысынан айырылған.

Қызылқұм – Орта Азиядағы шөл. Этимологиясы анық – «қызыл құм». Қызылқұм шөлінің атауы ең алғаш 1816 жылы Депо карт құрған картада, ал әдебиетте–1794-95 жылдары Бұхара құмдары арқылы өткен Тимофей Бурнашев есебінде 1818 жылы кездеседі. Автордың айтуы бойынша, Қызылқұм аты Яныдарь және Букантау аралығында, ал картада екі жерде –Яныдарь оңтүстігі мен Шардара даласында кездеседі.

Такла-Макан – Орталық Азиядағы Тарим қазаншұңқырындағы құмды шөл. Бұл атау қытай географиясына кейінірек келген, Талимушамо, яғни «Тарим құмды шөлі». Қазіргі заманғы әдебиетте «барасың-қайтып оралмайсың» деген аудармасы бұған қатысты емес, түрік тілінен аударғанда Барсакелмес, яғни оның орталық бөліктері жолы қиын және адам тұрмайды. Екінші сөзінің мағынасы қарапайым: арабша макан, мекан – «орын, тұратын орны, үй» Оңтүстік және Орта Азияның көптеген тілдерінде хинди, урду, пушту, парсы, тәжік және түрік тілдерінде белгілі. Такла-Макан – «өлілердің тұратын жері».

Тар (Тхар) – Үнді мен Ганг өзендерінің арасында, Үндістан түбегінде орналасқан шөлді және шөлейтті жазық, мұнда сортаңды тақырлар,тұзды көлдер кездеседі. Бұл шөлдің атауы тік рельефтің мінезімен байланысты.

Үстірт – Қазақстан, Өзбекстан және жартылай Түркменстанда кездесетін шөл. Н.Л.Корженевскийдің айтуынша үстірт – «тегіс жазық» дегенді білдіреді. Х.Хасанов мынадай анықтама береді: «биік тегіс қыр». С.Атаныязов өзінің сөздігінде Үстірт екі сөз: уст+юрт, немесе «биік юрт». Екінші сөз Шығыс топонимиясында кең тараған: Дагестандағы Хасавъюрт қаласы, Башкириядағы Карагасъюрт ауылы, Түркменстандағы Язъюрт, Гюльюрт, Юртказем ауылдары.

Бұл сөз үлкен семантикалық өрісті қалыптастырады: елді мекен, тұрақ, шеткі көше, лагерь,ел, аймақ,туған жер. Сондықтан, Үстірт – «биік ел, биік қоныс, биік жақ».


Орта және Орталық Азия топонимдерін зерттеу деңгейі.
Орта және Орталық Азия туралы мәліметтерді көптеген еңбектерде, әсіресе В.В.Бартольд мақалаларында кездеседі. Кейбір авторлар, лингвистер топонимикалық зерттеулер жүргізді. Соның ішінен ерекше атап өтуге болатын ғалымдар: В.А.Казакевич, Лекок, Рейнольд, Ракетт, Ярринг. А. Вамбери ең алғаш Орта Азия географиялық атаулары жайлы арнайы еңбекті жариялады. Осындай тақырыптарда кеңес және шетел авторларын да атауға болады. Француздық шығыс танушы Пелльо «Марко Поло жайлы естеліктер» атты еңбегі өте зор.

Орта және Орталық Азия – Азия материгінің кең далалы облысы, мұнда шөлдер мен шөлді далалы ландшафттар, таулар басым. Орта және Орталық Азия тарихи жағынан ұқсас, олардың халқы бір бірімен тығыз байланысқан. Мұнда ірі көшпелі империялар пайда болды, олардың халқы тек жаулау кезінде ғана емес, сонымен қатар бірлікте де отырықшы халықтармен қарым-қатынас жасап отырды. Орта және Орталық Азия халқы тілдік жалпылықпен де сипатталады. Бүгінде түркі-монғол тілдері үстемдік етеді. Сонымен қатар иран, тәжік және памир тілдері де бар. Орта және Орталық Азияда түркі тілі иран тілімен өте байланысқан.

Түрік тілдері Куньлунь, Памир мен Гиндукушқа дейін кең таралған. Тұран ойпатындағы түркілендіру процесін Л.В. Ошанин өзбек пен түркмендерді антропологиялық зерттеуде толықтай көрсетті.

Орталық Азияның ірі көшпенді мәдениеті скифтік және сакстік, сонымен қатар ирандық. Бұл туралы С.И. Руденко скифтік уақытты Алтайдың темір дәуірімен сәйкестендіріп жазған. Барлық жерлеу құралдары, киімдер, әшекейлер, суреттер Алдыңғы Азия мен Қара теңіздің тығыз байланыстығын көрсетеді. С.И. Руденконың айтуы бойынша, алтайлық тайпалар- скиф-сакс тайпасының солтүстік-шығыс бұтағы. Осы ескертулерге қарап, біз Орта және Орталық Азияның топонимикалық жүйесінің ұқсастығын көреміз.

Орта және Орталық Азияда түрік –монғол географиялық атаулары басым. Олар жеңіл этимологияландырылады. Алайда бұнда да жеңіл түсіндірілмейтін географиялық терминдер кездеседі. Осындай жұмбақ терминдер нақты бір ареалды көрсетеді. Орта және Орталық Азияның жұмбақ топонимдеріне қысқаша тоқтала кетейік.

1.Тувиндік кем, хем –«өзен». Бұл сөз тувиндік тілде тек өзен атауларында ғана қолданылады. Осыдан қорытындылай келе, ол тувиндік емес, ал шетелдік болып табылады: Бий-Хем, Улуг-Хем, Ка-Хем, Ак-Хем,Кызыл-Хем, Кара-Хем, Кемчик- бұл бәрі өзендер, ол Тувин қазаншұңқырында орналасқан, Енисей өзенін туғызады. Бұл термин алтай топонимиясына да тән.

Мысалы, Делюгем өзені, алтайлық негізі- Дьайлукем, мұнда дьайлу, яйлу, яйла-«жазғы қоныс, жазғы тұрақ».

2.Монғолдық морон (орыс ғылыми әдебиеттерде- мурэн) – «үлкен, суы мол өзен; теңізге құятын өзен». Осындай монғол өзендерінің қатарына Селенга жатады. Ол – Байқалға құятын ең мол сулы өзен, мұны монғолдар Байгал-Далай, кейде Байгал-Мурэн деп атайды. Мұнда термин суы мол көл, теңізге синоним ретінде қарастырады. Амурды Хара- Мурэн, Волганы- Ижил- Мурэн деп атайды. Монғол сөзі мурэн енисейдің бастауында (Секиз-Мурэн-«сегізөзен») кездеседі.

3.Түрік - монғолша катун-хатан. Әр түрік тілдерінде бұл гадын, катын яғни «әйел, жұбайы»; алтайша кадын «әйел, ханым» дегенді білдіреді. Монғол тіліндегі мағынасы мынадай: «ханша, ханшайым». Эвенк тілінде катун –«ертегі ханшайымы, батыр әйелі, ханым». Алтайлық өзен Катунь –Обь өзенінің бір саласы, осылай түсіндіріледі, ал келесі саласы –Бия керісінше «хан, бастық» дегенді білдіреді. Енисейдің бастауы-тувиндік Бий-Хем өзені-«мырза-өзен» делінсе, ал Бия мен Катуннан Обь өзені-«тәте, апа» пайда болады. Катунь Азия топонимиясында жалғыз емес, оған мынадай басқа да географиялық атаулар жатады: Шығыс гоби аймағындағы Хатан- Булак ауылы, Хатунхэ - Солтүстік-шығыс Қытайдағы Тумыньцзян өзенінің сол жақ ағысы, Катанца- Батыс Саяндағы Казыр өзенінің сол жақ ағысы.

4.Қырғыз сөзі кол өзен атауларында айтылады. Тянь - Шань гидрономиясында көл сөзі атаулардың соңында көптеп кездеседі. Кол сөзі қырғыз тілінде қол деген мағынаны береді, мысалы, Каракол – «қара қол». К.К. Юдахин қырғыз – орыс сөздігінде былай деп көрсетеді: «кол- өзен арнасы, өзен аңғары; Каракол, Нарынкол, Кенгкол және т.б. Каракол атты өзендер Қырғызстанда бірнеше: Сусамыр бассейнінде, Теріскей- Алатауда, Памирдегі Сарыкөл және Мұзкөл. Қазақстанда Баянкөл, Тувада Карлукол, Колдор және т.б.

5.Александр Гумбольдтың «Орталық Азия» еңбегінде мынадай тамаша тіркес бар: «Тау жүйесі мен үлкен өзендердің ежелгі атаулары алғашында тау мен суды білдірді». Түрікменстанда Қарақұм шөлі арқылы жыра, ақ сортаң, тақыр тізбектері Унгуз атымен белгілі. Унгуз атауында уз, немесе ус бөлігі «су, өзен» деген мағына береді. Усу, Уса аты кездесетін өзендер он шақты. Унгуз толық формасы «су» дегенді білдіреді. Г.И. Рамстедтің ежелгі ұйғыр сөзінде угуз-«су» дегенін білдіргенін байқаймыз. Ал В.В.Радловтың түрік сөздігінде угус «өзен, өзеншік» деп аударылған.

6.Ертеде Лобнор көліне Сулэхэ өзені құйды. Қазір ол Лобнорға жетпей, Гоби шөліндегі Халачи көлшігіне келіп құяды. К. Риттер Қашғар ертеде Сулэ атын ұстағанын көрсетеді. Сулэхэ топониміндегі хэ сөзі ежелгі болып табылады. Ол қытай сөзінен шыққан, хэ «өзен» деген мағынаны білдіреді. Негізгі сөзі Сулэ біріккен: Су+лэ. Г.Е. Грумм-Гржимайло Орталық Азия өзендерінің бассайндерін зерттеуде Сулайхэ формасын естіген. Содан жалпытүріктік су-«вода», лай-«глина, ил, муть» деп аударылған. Лай термині тек Орта мен Орталық Азияда ғана емес, сонымен қатар Кавказ, Украина және ТМД-ның басқа аудандарында да кездеседі.

7.Батыс Түркменстанда шөлді жазықтарда Үлкен және Кіші Балхан таулары көтерілген. Біріншісі мұхит деңгейінен 1000 м биіктікте жатыр, ал екіншісі онша емес. Географиялық әдебиеттерде бұл атау әлі кездеспеген. Парсы тілінде балахан-«екінші құрылыс, екінші қабат,биік қабат» деп сақталған. Түрікше балкан- «таулы жапырақты жота». Осындай географиялық атаулар Түркменстанда Балхан тауы, Балкан жотасы, Әзірбайжанда Балахандар, Волгада Балахна, Челябинск облысында Балкандар кездеседі.

8.Түркменстанда, Афганистанға жақын шекарада Бадхыз және Карабиль шөлді шоқылары жатыр. Биль терминінің бэль формасы Орталық Азия мен Тянь-Шаньда жақсы танымал. Бұл сөз қырғызша «таулы жота, таулы асулар» дегенді білдіреді. Кара сөзі - жалпытүрікше «черный». Сондықтан, Карабиль топонимі «қара таулы жота, қара тауалды» болып табылады. Карабиль атауы Орталық Азияда жиі қайталанады, мысалы, Карабияйлу, Каратау және т.б.

9.Орталық Азиядағы ең бай және тығыз орналасқан бөлігі – Ферғана аңғары. Ферғана – өз мағынасын жоғалтқан атау. Өзбекше Паргана деп айтылады, себебі ф әрпі жоқ. М.С. Андреев Паргананы «жазық жер, таулармен қоршалған, бір ғана кіретін жері бар аңғар» деп жазып кеткен.

10.Хорезм. Бұл ежелгі топонимге бірнеше анықтама ұсынды. Соның ішінде халықтық этимология: хор (хвар) - «ет»+разм- «ағаш». Хорезм – ежелгі Кангюй, Кангха. Арабтарда- Хваризм, ежелгі парсыларда- Хуваризм, авестша- Хваиризам және т.б. Аудармасы: «ойпатты жер, байтақты жер, күн жері».

11.Қарасу. Бұл термин жайлы әр әдебиетте әр түрлі. Қарасу – «негізінен суы мөлдір, жер астынан алынатын суы шамалы өзендер, бұлақты сулар». Түрікше қарасу дегеніміз- тұрып қалған, ағынды емес көл. Ресей мен Украина топонимиясында қарасу «қара өзен, қара су» сияқты мағыналарды білдіреді.

Орта Азия мен Қазақстан аймағының географиялық атауларының этимологиясын зерттеу.

Орта Азияның топонимикалық сюжеттерін зерттеп айналысуда А.Вамбер, В. Радлов және В. Бартольдтың еңбектері өте зор. Соның ішінен алматылық топонимист Г.Қ. Қоңқашбаев көптеген еңбектер жазып, қазақ географиялық халықтық терминология байлығын көрсетіп, Қазақстандағы монғол топонимикалық элементтерін, түрік тілдес терминологияны сөздіккке жүйелендіріп, топонимдердің этимологиясын ашты. Бұл сөздікте 2000 географиялық атаулар бар, орыс эквиваленттері, семантика, жергілікті географиялық терминдер, дұрыс жазылуы барлығы енгізілген. Г.Қ. Қоңқашбаевтан кейін А.Абдрахманов Қазақстанның топонимдеріне лингвистикалық анализ жасады. Жетісу топонимиясын Е.Қойшыбаев зерттеді.

Қырғызстандағы республиканың географиялық атауларының сөздігі негізінен өзендер мен көлдер бассейндері бойынша құрылды. Алайда топонимикалық жұмыстарды ешкім жариялаған жоқ. С.Умурзақов Қырғызстанның кейбір атауларының этимологиясымен таныстырып, тау асуларын білдіретін терминдерді атап өтті: ашуу, бель, арт, даван.

Солтүстік Қырғызстан топонимиясы туралы арнайы жұмысты Д. Исаев жүргізді. Онда кең таралған атаулар: Иссык-Куль, Джеты-Огуз, Алатоо және т.б. этимологиясын ұсынды.

Өзбекстанда 1945 жылға дейін ташкент ғалымдарының географиялық атауларға байланысты еңбектері өте аз болды, тек содан кейін ғана он шақты пайда болды. Олардың ішінен Х.Хасанов, С.Караевтың еңбектерін атап кетуге болады. Ташкенттік ғалым Суюн Караев географиялық атаулармен айналысты. Оның «Өзбекстан топонимиясының оқыту тәжірибесі» атты диссертациясы өзбек географиялық терминдердің семантикасы мен атаулардың этимологиясы туралы көптеген қызықты бақылауларды құрайды.

Түркменстандағы топонимикалық зерттеулердің дамуы С. Атаниязовпен байланысты. Ол республиканың оңтүстік-шығыс бөлігінің топонимикасы туралы кандидаттық диссертация қорғады, Түркменстанның топонимикалық сөздігін жариялады. М.Гельдыханов түркмендік географиялық халықтық терминдерді жинады.

Тәжікстан топонимикасын оқуында А.И.Смирнов, А.З. Розенфельд, А.Л.Хромов басты кейіпкерлері болып табылады. Әзірге Тәжікстанның өзіндік топонимикалық сөздігі жоқ, дегенмен, Памир географиялық атауларының жинағы басталды. А.Гафуров ономастика жөнінде ақпараттар жинады.

Орта Азия мен Қазақстан географиялық атауларын айтарда, олардың республика астаналарының атауларының шығу тегіне қысқаша тоқталайық.

Алма-Ата. Қарапайым аудармасы— «алмалардың атасы», бірақ қазақша негізі Алматы — «алмалық». 1854 жылы мұнда осындай атпен Іле қорғанысы қаланды. Келесі жылы ол Верный қаласына ауысты. 1921 жылы Қазан төнкерісінен кейін қазақша топоним Алма-Ата формасы қалыптасты. Бұл атаудың шығу тегін Ғ.Қ. Қоңқашпаев (1948) –ата атты қазақ топонимдерінде жазды: Хорсан-Ата, Сунақ-Ата, Баба-Ата, Әулие-Ата. Мазар, қалашық, үңгір, жылы минералды қайнар көздерде ата — «әке, ата, әулие» географиялық атаулар кездеседі. Негізінен ол өз атын Алматы гидронимдерден алды: Қазақстан арқылы өтетін екі өзен— Үлкен Және Кіші Алматинка. Тарихи деректерге сүйенсек, мұнда орта ғасырда Алматы қаласы болған, кейбір жеке шығыс авторларында ол Алмалык деп аталды.

Ғ.Қ. Қонкашпаевтың ескертуінше (1971), Алматы формасы ежелгі түрік Алмалық нұсқасын ауыстырған. ( Алмалық —Ташкент облысындағы қала), яғни «алманың көп болуы». Түркілік формант –лық монғол форманты -ты жалғауымен орын ауысты. Ц.Д.Номинханов Алма-Ата (1958) қаласына арналған мақаласында монғол форманттарын -ту, -тай, -тэй, -той, -та қолданған. Сондықтан Қазақстандағы –ті жалғауымен аяқталатын атаулар (Өлеңті, Яманты, Ар-шаты, Тарбағатай және т.б.) монғол тегінен алынған.



Ашхабад, түркмендік негізі— Ашгабат — «сүйікті, жағымды жер». Ертеде ол Ахалтеке оазисінде ауыл, кейін Каспий маңы облысында орталық болған. Басқа мағыналары кездестірілмеген.

Алайда бұл атаудың бірінші элементі Орта Шығыстың топонимдерінде қайталанады: Астрабад, Ирандағы Ашназ, Аш-Кара, Астара, Армениядағы Аштарак, Тбилисидің батысында және басқалары. Осы ұқсас сөздердің негізін түсіндіру өте қиын. Армян лингвисті Гр. Капанцян (1940) Аштарак (армянша «мұнара», жүк, агарак) сөзін семиттік аштар, Иштар құдайы, Астарт сөздерімен сәйкестендірді.

Абад термині жеке өзі қолданылмайды, тне географиялық атауларда ғана кездеседі. Абад немесе тәжікше обод — «суландырылған, жақсы жабдықталған», сонымен қатар «қайта істелінген, өңделген, жаңа үлгідегі, құрылған». Бұл сөзді ерте ғана емес, сонымен қатар жаңа географиялық атауларда да кездеседі: Ленинабад, Захматабад, Новабад. Алайда В.В. Бар-тольд (1927) Шахабад атауын — «шахтың құрылуы» деп аударғанын ескерген жөн.

Ең алғаш топоним этимологиясын А. Вамбери (1891) ұсынған: «Каспий маңындағы Аskabad емес,Aschkabad деген қала. «Махаббат орны» арабша aschk—«махаббат» және парсыша аbad—«орын, тұрақ, орналасқан жері».

Ашхабад 1881 жылы құрылған. 1919 жылы дейін Асхабад, 1927 жылға дейін—Полторацк деп айтылды.

Душанбе.1925 жылға дейін Дюшамбе қыстағы деп аталды. 1929 жылы қыстақ сақталған 1925 жылы қала болып өзгерді. 1929 жылдан1961жылға дейін Сталинабад, кейін бұрынғы атауы қайта аталды. Орта және Орталық Азия аудандарындажеке елді мекендер апта күндеріне байланысты аталды. Топо­нимнің этимологиясы қызықты. Дюшамбе қыстағында базар күні дүйсенбі болып саналды, яғни «аптаның екінші күні». Сешамбе топонимі — «аптаның үшінші күні, сәрсенбі», Якшам-бе — «аптаның бірінші күні, жексенбі» және т.б.

Нукус, қарақалпақша түпнұсқа— Нoкис, Әмудария дельтасында орналасқан, Қарақалпақ АССР орталығы. Б. В. Андрианов (1962) есептеуінше, атаудың негізі этноним, тайпа аты, басқа дельта топонимдеріне сәйкес келеді: Чимбай, Кунград, Қыпшақ, Ходжейли, Манғыт, Қытай. Бірақ картада өзбек пен қарақалпақ тайпалары XVIII—XIX ғасырларда орналасқан, нукус тайпасы аталмаған. К. Әбдімұратов (1965) иран тіліндегі ұғымды ұсынды: ну — «тоғыз», кэс— «адам» (арбакеш — «арбаның адамы, тасымалдаушы», пахтакеш — «мақтажинаушы» және т. б.). Э. М. Мурзаев (1967) кус сөзінде көреді, кеш — сөз, Орта Азия мен Иран елді мекендерінде «тұрақ, үй, орын» деген мағыналын берген.

Сондықтан, Нукус, Нoкис, Нукеш— «тоғыз үй, тоғыз қоныс» деп айтқан қисынды. Осындай сан есімдері бар атаулар Орта Азияда көптеп кездеседі: Қазахстандағы Семипалатинск, Украинадағы Пятихатка,Қазақстан мен Қырғызстандағы Жетісу облысы, Тәжікстандағы Пенджикент пен Пяндж , Түркменстандағы Пенде, Өзбекстандағы Учкурган және т.б.



Ташкент, өзбек негізі — Тошканд. Негізінен Таш + кент — «тас қала» деп аударылады. Кейбір ғалымдардың айтуы бойынша, бұл аудармасы ертеден немесе атаудың фонетикалық ұқсастығына байланысты айтылған.

Шыршық өзенінің маңына мекен етуіне байланысты сол облысты Чач немесе Шаш делінді, яғни: Шашкент — «Шаш облысының қаласы». Араб негіздерінде — Шаш, ал иранша — Чач. Қытайлықтарда — Чечи. Кент немесе кед сөзі үй, қоныс, бір қожайынның бірнеше үйін білдірді. Хорезмде кат — «төбешіктермен, қамалдармен қоршалған жазықтықтағы кеңістік»; Ягнобта кат — «үй». «Географтар X ғасырда Түркістанды сипаттауда кет және кед сөзін көп қолданған, алайда Мургабта кездеспеген, көбінесе Зеравшан және Сырдария бассейнінде, әсіресе Ангрен мен Чирчик аудандарында пайда болған. Араб географтарында Ташкент Бинкет есімімен белгілі.

Е. Д. Поливанов (1927) Ташкент - Шашкент этимологиясымен келіспейді, ш әрпі т әрпіне айналуы мүмкін емес дейді. Оның ойынша, атаудың бастапқы бөлігі таж немесе тажи деген негізден құралған қазіргі таджик. Бұл этникалық термин үлкен эволюцияға ұшырады. В. В. Бартольдтың (1925) айтуы бойынша, ең алғаш арабтар, кейін мұсылмандар жаулаған, содан кейін таджиктер келген дейді. Сондықтан Е. Д. Поливанов мынадай гипотезаға келеді: Ташкент — арабтар-жаулаушылар қаласы, мұсылмандар қаласы, таджиктер қаласы. Бірнеше жүзжылдық бұрын Ташкентте тәжік тілі ресим болды.

Өзбектер өз астанасының атауын былай түсіндіреді: «тас қала, тастан жасалынған қала», ал тәжік қаласы немесе Шаш қаласы емес.



Фрунзе (Бішкек). Қырғызстанның астанасы өз атауын Коммунистік партияның өкілі және кеңестік атаман М. В. Фрунзенің атымен 1926 жылы аталды. Оған дейін— Пішпек болды. Қала 1878 жылы әскери бекініс орнында қаланды. Пішпек топонимінің шығуы осы уақытқа дейін жұмбақ болып келеді. Кейін Е. Қойшыбаев (1963) келесідей анықтама: пиш (беш) — «бес» және пек (биик, беек) — «биіктік». Ол өзінің ойларының дұрыстығын көптеген қатарлас оронимдерде байқайды: Кавказдағы Бештау (осыдан Пятигорск), Бешташ — Қырғызстандағы Талас бассейнінің «бес тасы»; Арал теңізінің жағалауында Биктау бархандары бар, аудармасы— «биік тау», Фрунзе қаласындағы Аламедин бассейнінде Бештоо таулары орналасқан — «бес тау». Е.Қойшыбаевтың гипотезасы әлі қырғыз топонимистерінде қолдау таппады.

Жергілікті гидронимдер, оронимдер, ойконимдер және олардың этимологиясы.

Кейбір гидронимдердің этимологиясын тоқтала кетейік.



Ор өзенінің этимологиясы туралы орыс ғалымы П.И.Рычков 1762 жылы былай деген болатын: «Ор деген- түркі сөзі, оның екі мағынасы бар. бірінші мағынасы «перекоп, линия», ал екінші мағынасы «устье, отверстие, ворота». Біз П.Рычковтың «Ор-түркі сөзі» деген пікіріне қосыла отырып, бұл сөз түркі тілдеріндегі «ой», «шұңқыр» деген мағынамен орайлас па деп ойлаймыз.

Ал Ырғыз өзенінің этимологиясы чулым татарларының тіліндегі эргизу деген сөзбен түбірлес сияқты.


Бұл туралы профессор А.П.Дульзон былай деп жазды: «Чулым өзенінің орта шенінде сайда орналасқан Эргоза деген елді мекен кездеседі. Оның Ызырга, Иргаза деген орысша диалектілік формалары бар. өзен жағасында Эргизуг деген поселке орналасқан өзеннің ескі арнасының (мағынасы: ерги «ескі»- зуг- «су», «өзен») атынан қойылған». Ырғыз өзенінің аты Геродотта екі жерде кездеседі: біріншісі, IV томның 57 параграфында «Гиргис» деп аталатын өзен «Танаидқа құяды» дейді. Екіншісі, жоғарыда көрсетілгендей «Сиргис» түрінде жазылып, бұл Лик, Оар, Танаид өзендері сияқты Меотида көліне құяды дейді. Сонымен Геродоттағы Гиргис өзенінің аты Ырғыз сөзімен түбірлес деп қараймыз.

Жоғарыда Геродот еңбегінде кездескен Лик өзені осы күнгі Елек өзені болса керек. Өйткені Ор, Ырғыз, Елек өзендері бір- біріне жақын орналасқан. Бұл сөздің бастапқы түрі Илек болуы ықтимал. Түбірі –и, осыған зат есімнен сын есім жасайтын көне –лек жұрнағы жалғанып, топонимге айналған тәрізді. Мәселен, Тас+тақ деген топоним мен құмдақ, шаңдақ деген географиялық терминдер осылай жасалған. Илек, тастақ, құмдақ, шаңдақ атаулары менс сөздері илі (сулы), тасты, құмды, шаңды деген мағыналарды білдіреді. Ал Танаид топонимінің этимологиясы мен оның орны туралы пікір айту өте қиын. Кейбір зерттеушілер мұны Дон өзенімен қатар қойса, кейбірі оны Сырдария деп есептейді. Біздіңше, осының Тана деген түбіріне көңіл бөлу керек сияқты.

Ертіс өзенінің атауы осы формада VIII ғасырда қойылған Күлтегін мен Тоныкөк ескерткіштерінде кездеседі. Күлтегін ескерткіштерінде түркілер Алтай тауына көтеріліп, Ертіс арқылы өтіп, түркеш тайпасын жеңгендері туралы баяндалады. XI ғасырдағы М.Қашқари еңбегінде бұл атау Эртіш түрінде жазылып, оған мынадай түсінік беріледі: «Эртіш- йәмак даласында ағатын бір өзен аты. Бірнеше тармақ өзеншелерден құралған бұл өзен осы жердегі бір көлге құйылады. «Эртіш сувы» дейді. Бұл сөз судан өтерде «кім тез өтер» мағынасында қолданылатын эртіш сөзінен алынған.

Ә.Х. Марғұлан Кертағ (Кертау) тауы- Ақадыр станциясының оңтүстігінде 75 км жерде орналасқан Қызылтаудың ескі аты, ал Ортағ (Ортау) Ақадыр станциясының батыс жағында 50 км қашықтықта жатыр деп көрсетеді. Бұл жерде осы екі атаудың этимологиясы туралы пікір айтқан жөн. Бұлардың екінші компоненті тағ қазіргі қазақ тіліндегі тау сөзінің көне фонетикалық түрі. Ал Кертау деген атаудың кер деген бөлігі көне замандарда «тау», «қыр», «шың», «жота», «тау басы» деген мағынада қолданылған. Орта ғасырларда Ортағ аталған тау қазір Ортау делінеді. М.Қашғари еңбегінде кездесетін Бақырлығтағ атауын Ә.Х.Марғұлан Жезқазған маңындағы Милықұдық атауымен теңестіреді. Ал Бақырлығтағ атауының көне формасын қазіргі қазақ тіліне аударсақ, бақыр(жез) лы+ тау, яғни Жездітау деген сөз. Көне түркі тілдерінде жез-ді бақыр деп те атаған.

Кең ұғымдағы Сарыарқа атауының шығу тегін, оның бұлайша аталуын А.Сейдімбеков «Сарыарқаның алып суайрығы екенін, ағын су атаулы сол қоянжон дөңестің қос қапталынан төгіле ағатынын көреміз. Мұндай байтақ жонды Арқа демеске болмайтын да секілді.

Басқаша атау көкейге қонбайтындай, көңілге орнықпайтындай», - деп пайымдайды. Сары сөзімен құрамдасып келген атаулар, сөз тіркестері тілімізде тек түсті ғана білдірмейді, «кең», «мол», «үлкен» деген мағыналарда да қолданылады. Қазақ топонимисі Е.Қойшыбаев та Сарыдала, Сарытау, Сарыбел, Сарыжота деген атаулардың құрамындағы сары сөзі «кең, үлкен» мағынасын білдіреді деп қарайды.

Қазан төңкерісінен кейін социалистік құрылыстың орнауы нәтижесінде жаңа объектілер пайда болды. Республика аумағында облыс, аудан, ауыл, село, колхоз, совхоз, жұмысшы поселкелер, кәсіпшіліктер т.б. ұйымдастырылды. Осы объектілерінің атауларының біразы сол жердің ескі атымен аталса, олардың басым көпшілігі Ұлы Қазан төңкерісі тудырған қоғамдық құрылыстағы құбылыстарға, оқиғаларға, халық сүйген ардагерлер аттары мен фамилияларына, тың игеруге т.б. сан алуан өзгерістерге тікелей байланысты болды. Мұндағы Лениногорск, Панфилов, Чапаев сияқты қала аттары совет халқының көсемі мен іскери қайраткерлер атына; Жаңатас, Кентау, Рудный, Степняк, Шахтинск сияқты қала аттары - осы жерде кен орындарының ашылуына, Целиноград-тың игеруге, Алға-ілгері ұмтылуға, социализм құруды тездетуге, Красноармейск- кеңес әскерлерін құрметтеуге байланысты қойылған.

Кеңестік қоғам өміріндегі өзгерістерді кеңінен қамтитын атаулар – ауылдық аттар. Мұнда халықтың ең ардақты адамдарының аттары, фамилиялары қамтылған: Ленин, К.Маркс, Энгельс - көсемдердің фамилиялары, Амангелді, Дзержинский, Жангелдин, Жандосов, Калинин, Киров, Луначарский, Куйбышев, Фрунзе, Чапаев – революция ардагерлері мен әскери қолбасшыларының аттары мен фамилиялары; Абай, Горький, Алтынсарин, Жамбыл, Шевченко, Чехов, Сейфулллин - ақын, жазушылардың аттары, Ломоносов, Мичурин, Уәлиханов – ғалымдар фамилиялары т.б.

Мұндай атаулардың тағы бір үлкен бөлігі қоғамда болған өзгерістерді көрсетеді, жаңалықтарды атайды: Бірінші Май, Большевик, Жеңіс, Еңбекші, Еңбекшілер, Кеңес, Қызылтаң, Мәдениет, Ортақ, Өндіріс, Теңдік т.б.

Ендігі бір топ атаулар әр кезеңде партияның халықты шақырған үндеу, ұрандарына, халықтың қойған мақсатына, тілек-талабына байланысты болып келеді: Алғабас, Бірлік, Жаңатілек, Еңбек, Мереке, Ұйымшыл, Ынтымақ т.б.



Орыс отаршылдығының қазақ топонимдеріне әсері.
Ұлттық топонимиядағы сан ғасырлық бірегейлігі, қаймағы бұзылмаған тұрақтылығы сыртқы күштер ықпалымен түбегейлі өзгеріске ұшырай бастауы ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар аралығынан ХХ ғасырдың бас кезеңдерінде дейін орын алды. Осыған байланысты ұлттық топонимикадағы «ақтаңдақтар» проблемасы жөнінде ак. Ә.Қайдар : «...Қазақстан топырағында ғы географиялық атаулардың «дертке» ұшырауының себеп-салдарын, таралу шеңберін айқындаған жөн»,- дейді.

Ұлттық топонимдердің мұндай жаппай (массовый) дертке ұшырау себебі, әрине, Ресей империясының жүргізген отарлау саясатымен байланысты болғаны мәлім.

Белгілі зерттеуші М. Мырзахметовтың көрсетуінше, бұл мәселе Романовтар әулетінің билік еткен бүкіл Ресей патшалығының ғасырлар бойы жүргізіліп келген ішкі, сыртқы саясатының негізгі бағыт-бағдары отарланып алынған елдерді дінге шоқындыру арқылы орыстандыру саясаты және де оны жүзеге асырудың ұрымтал буыны отарланған бұратана елдердің ғасырлар бойы қолданып келе жатқан жазу таңбаларын, яғни алфавитін өзгерту, оны кириллицаға ауыстыру саясаты тым ертеректен басталғанын көреміз.Өйткені ескі жазууын өзгерту – олардың тарихи есінің сақталу дәстүрі мен тарихынан қол үздіру арқылы идеологиялық мәңгүртке айналдыру – отаршыл үкімет атаулының негізгі мақсаты болып табылатыны ортақ құбылыс[177, 12]. (Түрлі «игі» мақсаттарды жамылып, Ресей империясының «шалғай жатқан» Азия бөлігіндегі елдерді астыртын, біртіндеп отарлау мақсатымен түрлі «игі мақсаттағы» әскери, ғылыми экспедициялар, миссионерлік топтар ежелгі қазақ жеріне бірінен соң бірі ағыла бастады. Өзге халықтарды отарландыру және соңынан оыстандыруды мақсат еткен саясат Ресейде ерте кезде 1731 жылы «Новокрещенская контораның» құрылуымен айқындала түскен. Александр ІІ патша 1865 жылғы 5 шілдеде ресми құжат – раскриптіге қол қойып, 1867 жылдан бастап, негізгі мақсаты қазақтарды орыстандыруға байланысты «жаңа низам» ережесі іске аса бастады. Отарландырудың, орыстандырудың топонимия саласындағы түпкі нәтижесі «...Россияның ішкі губернияларынан Қазақстанға көшірілген жерсіз-күйсіз жүрген миллионнан астам орыстың мұжық-шаруалары өздеріне тартып әперген ең шұрайлы (тау алқабы, шөбі шүйгін өзен-су бойы) 47 миллион гектар қазақ жерін ғана иеленіп қойған жоқ, ол жерлерге өз елінің (хутор, деревня, поместье т.б) атауларын ала келген еді. Ол атаулар ертелден келе жатқан жергілікті атауларды ығыстырып барып, зорлықпен «қалыптасты». (Қайдар Ә., аталған еңбек, 149 б). М. Мырзахметов топонимикалқ атаулар жөнінде Қазақстанның Ресейге қосылу тарихының ел билеу жүйесінде патша үкіметі орнатқан, әрі терең ойластырыла ұстанған үш түрлі кезеңде қарастырады және осыдан қазақ адаласыны біртіндеп асықпай отарлаудағы қолданған айла-шарғылардың эволюциялық даму жолы отаршылдық мазмұндағы географиялық атауларының біртіндеп ену, молая түсу әрекеттерінің болмысы айқын көрінетіндігін айтып, оларды мынадай үш кезеңге бөледі:

а) 1731 – 1822 жылдар аралығында патша үкіметі қазақ ханықтарын сырттан билеп, протекторат есебінде ұстанған кезінде жер атауларын өзгертуді өте сақтықпен, қазақ даласының қас-қабағына қарай жүргізді.

ә) 1822-1867 жылдар аралығында хандық жойылып, аға сұлтандық ел билеу жүйесі енген соң, қазақ жерін «бөлшекте де, билей бер» дейтін отаршылдық принцип негізінде көпеген әкімшілік территорияларға жіліктеді.

Бұл тұста да ру басыларын бір-біріне айдап салып,отаршылдық саясатын оңай жолмен жүзеге асыру кезеңінде жер атауларын өзгерту әрекеті жиілеп, молыға түсті.

б) Үшінші кезеңдегі отаршылдық күшейген тұста, яғни 1868 жылғы «Жаңа низам» ережесімен 1917 жыл аралығында отарланған қазақ жері мемлекет меншігі ретінде ресми түрде жарияланған соң, отаршылдық мазмұндағы географиялық жер атаулары мүлде күшейіп, барынша қабындай дамыды. Қазақтардың ұлан-ғасыр өлкесіндегі ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи атауларын отаршыл өкімет саналы түрде өзгертуді шындап қолға алды.

Шынында да,ХІХ ғ. Қазақстан жеріндегі отарлау саясатының құлаш жая, бастырмалата жүргізіле бастауы көптеген әскери, ғылыми экспедициялардың үсті-үстіне ағылып келуі картографиялық, жер-жерлерді топографиялық - әскери рекогносцировка жүргізу, жаңа жерлердің қойнауын жүйелі түрде барлау мақсаттарымен байланысты болды. Мәселен, Т. С. Бурнашев пен А.С. Безносиков өздерінің дипломатиялық жазбаларында Оңтүстік Қазақстан жері туралы деректер келтіріп, Бетпақбала шөлінің географиялық аймағын анықтап, алғаш рет Шу өзені мен Мойынқұм шөлін сипаттап, картаға түсірген. Екінші жағынан, Қазақстан территориясын географиялық, тарихи, этнографиялық тұрғыдан зерттеп, оның табиғи ресурстарын айқындап, алғаш рет сипаттаған орыс зиялы қауым өкілдері, белгілі ғалымдар П.П. Семенов-Тянь-Шанский, Н.А. Северцов, В.В. Радлов, И.В. Мушкетов, А.И. Макшеев және т.б. артында күні бүгінге дейін маңызын жоғалтпаған іргелі еңбектер қалдырды.

Дәстүрлі өрісінен, жайлауынан, атақоныстарынан айрылған қазақтың кеңістік пен уақыттық континуумда өзін-өзі үйлесімді реттеп отырған әлеуметтік құрылымдық институттары күйреп, халықтың өзі үлкен рухани дағдарыс пен күйзелісті басынан кешті. Бұл дегеніңіз ұлттық санаға түскен үлкен қаяудың «дерттің» басы еді. Яғни отарлаудың «қатты соққысын» бірінші көтерген төлтума топонимдік жүйе болды, өз кезегінде бұл ұлттық санаға, ұлттық бірегейлікке тиген соққы, сөйтіп ғасырлар бойы қаймағы бұзылмай келе жатқан ұлттық топонимдік жүйеміздің тұтастығының ыдыратуға Ресей патшалығының «қосқан үлесі», ұлттық сананың қалыптасуына, эволюциялық дамуына жасаған кері ықпалы ретінде бағалаймыз.

Отаршыл мазмұндағы атаулар негізінен елді мекен атаулары – ойконимиялық жүйеде орын алды. Ал ірі физика-географиялық нысанала: тау, өзен, көл атаулары өзгеріссіз қалды деуге болады. Дегенмен, Солтүстік Қазақстан облысы жеріндегі 4 мыңға жуық көлдің едәуір бөлігі (жартысына жақыны) әлі күнге орыс тіліндегі атауларға ие.

Тарихқа әрі қарай тереңдей бермей, отаршылық мазмұндағы атаулардың сипатына келетін болсақ, оларды бірнеше топта қарастыруға болады:

1. Романовтар әулеті мүшелерінің, князь, ханзада, ханшайым есімдерінен қойылған атаулар: Петропавловск, Софиевка, Верныйь, Александровка, Павлодар.

2. Ресей империясына қызмет еткен, отарлау саясатын жүзеге асыруға атсалысқан орыс генералдары, генерал-губернаторы фамилияларынан қойылғанатаулар: Колпаковский, Черняев, Ванновский, Перовский:

3. Қазақ жеріне көшіп келген қоныстанушы фамилия, есімдерінен қойылған ойконимдер; Корниловка, Андреевка, Алексеевка, Самсоновка, Костаниновка,

4. Бұрынғы Ресей жеріндегі өз қоныстарының атынан қою, алдына ново- , велико- сөзімен де, сөзінсіз де . Бұларды «миграционные топонимы» келтірінді атаулар дейміз: Новониколаевск, Рязановка, Полтавка, Новомосковское, Самарское, Донецкое, Ростовское, Черниговка, Архангельское

5. Қазақ атауларын тікелей калькалау арқылы Ақсу - Белые Воды, Беловодск, Қарасу – Черноводск, Көкшетау – Синегорье, семей – смеипалатинск, Шортанды – Щучье, Шөптікөл – Сенокосное, Бесмола – Пятигорское, Ақжар – Белоярск.

6. Қазақ тіліндегі атауларға -во, -ское, -ое, -ая, -ий т.б. орыс аффикстерін жалғау арқылы русификациялау: Нурбаевск, Бекетайский, Ерментауский

7. Христиан дінін уағыздайтын діни мейрамдар, әулиелер атауларынан қойылған ойконимдер: Вознесеновка, Покровск, Троицкое, Новотроицкое, Воскресенское, Рождественское, Крестовское, Преображенское, Благовещенка,Богородское

8. Қоныстанған орыс селениелерінің табиғи ерекшелігіне қарай орысша номинациялау: Березовка, Малиновка, Крутоярск, Многоводное, Тихогорское, Раздольное, Верхнеишимское. Приреченск.

Байқап отырсақ, орыс тілінің ықпалы ұлттың тілдік, топонимдік санасына тек тілдік деңгейлерінде (фонетикалық, орфографиялық, лексикалық, сөзжасамдық, морфологиялық, синтаксистік ) ғана емес, мәдени, рухани, идеологиялық деңгейлерде де көрініс тапқан.

Орыс тілді атаулардың шектен тыс тираждалуына қатысты М. Мырзахметов былай деп, кейи сөйлейді: «Тіптен өзге өзге, ал отаршылдықмазмұнда қойылған елді мекен атауларының тираждап көбейтілуін қалай түсінеміз? Патша ағзамдардың атына қойылған топонимикалық есімдер: Алексеевка – 14 рет, Констаниновка – 13 рет, Николаевка – (егер Ново-Николаевкасын қоспағанның өзінде) – 15 рет, Михайловка – 17 рет, Александровка – 24 рет, Павловка – 25 рет көбеюін қай заңдылыққа жатқызамыз?».

Дегенмен, ұлттық топонимиядағы осы дәуірден кейін, Қазан төңкерісі кезеңі келіп жеткенге дейін ескі карта мәліметтері бойынша Қазақстан картасының басым көпшілігін ұлттық негіздегі жер-су атаулары құрайтынын көруге болады. Орыс, славян, монғол тіліінен енген топонимдер сан жағынан қазақ тілі негізінле жасалған жер-су атауларынан әлдеқайда аз болып, сол топонимдік кеңістіктің ұлттық бет-бейнесіне айтарлықтай өзгеріс әкеле қойған жоқ.

Себебі, орыс тілді топонимдер бір уезд аумағында жүздеп саналса, негізінен микротопонимдік сипаттағы ұлттық негіздегі топонимдер мыңдап саналатын.

Сондықтан, отаршылдық мазмұндағы топонимдердің ұлттық сананың дамуына, тұрақталуына келтірген зардабының салмағы сан жағынан емес - идеологиялық, рухани, мәдени, тілдік мазмұнымен өлшенсе керек.


Географиялық топонимиканың зерттеу проблемалары.

Географиялық топонимиканың қазіргі зерттеу проблемалары ретінде біз топонимиканың географиямен өзара байланысқан, бірақ өзіндік зерттеу әдістерін қажет ететін, концептуалды- әдіснамалық негізге сүйенетін, түптеп келгенде оларды зерттеу барысында алынған ғылыми нәтижелер топонимиканың география ғылымдарымен тығыз ақпарат алмасуын, осы бағыттың дамуын қамтамасыз ететін, теориялық- қолданбалы зерттеу мәселелерінің аясын түсінеміз. Енді осы проблемалардың физикалық- географияға қатысты өзіміз құрастырған топтамасына талдамалық шолу жасаймыз.

Топонимикадағы басты зерттеулерінің бірі – табиғи нысандар атауларына географиялық ақпарат негізінде этимологиялық – семантикалық талдау жасау. Топонимдердің басым көпшілігі жергілікті географиялық терминдер негізінде қалыптасатынын ескерсек, этимологиялық – семантикалық зерттеулерде географиялық білімнің маңызы зор. Географиялық атаудың шығу тегі мен оның мағынасын көбінесе географиялық орта болмысынан «іздеу» табысты нәтижелерге алып келеді. Мысалы, ғалымдар бірдей немесе ұқсас табиғат ортасында бір типті топонимдердің қайталанып келетіндігін ертеден байқаған. Азияның түркі халықтары қоныстанған тауалды өңірлерінде Ақсу гидронимі, ал дала мен шөлейт зонасындағы өңірлерде Еспе, көлдерде Ащыкөл, шөл зонасында Қарақұм атауы жиі кездеседі. Мұның өзі бір жағынан, табиғат жағдайларынығ географиялық атауларда тікелей көрініс табатынын дәлелдесе, екінші жағынан, атаулардың ландшафт көрінісіне индикатор бола алатындығын көрсетеді.

Топонимика этимологиясын анықтауда мына мәселелер ескерілуі қажет:

1. Атаудың мағыналық тұрғыда мотивінің болуы;

2.Топонимнің аймақтағы таралу жиілігі;

3.Қазіргі тіл тұрғысында өзгеріске түсі деңгейі;

4.Атаудың немесе терминнің ареалдық сипат алып, белгілі бір географиялық шындыққа сәйкес келуі.



5.Географиялық атаулардың номинациялық негіздерін география ғылымы тұрғысында зерттеу. Номинация (аталыну) адамның қоршаған ортаны танып-білуімен, яғни орта туралы ақпар жинақтауымен ұдайы қатар жүретін құбылыс. Адам неғұрлым өзі өмір сүретін табиғи ортаны танып-білсе, соғұрлым оның өзін қоршаған нысандарды атауы жіктелген сипат ала түседі. Белгілі ономаст Е.А.Керімбаев топонимияны географиялық орта мен халықтың шаруашылық және мәдени өмірінің сан қырлары бейнеленген код жүйесі ретінде сипаттайды.

Ғалым топонимдер құрамындағы географиялық ақпаратты түрлі сала ғалымдары әр түрлі әдістер мен тәсілдер көмегімен ашуы керек деп есептейді. Номинация ұстанымдарын зерттеу Қазақстандағы географиялық топонимика үшін жаңа, жемісті бағыт болып табылады.



6.Топонимдердің ландшафтық шоғырлануын зерттеу проблемасы. Топонимдер - ландшафтың «тілі». Таралу ареалы бірнеше географиялық зонаны қамтитын кейбір географиялық атаулар жергілікті ландшафт сипатына қарай әр түрлі өзіндік мағынаға ие болады. Бұл құбылысты зерттеу географиялық топонимикада семантикалық зерттеулерге сүйенетін ландшафттық топонимика атты жаңа бағыттың қалыптасуына алып келді. Осы бағыттың терминдер жүйесі енді қалыптасу үстінде. Бұл бағытты дамыту үшін еліміз географтары жан-жақты топонимикалық зерттеулер жүргізуі тиіс. Мысалы, қобы термині Қазақстан аумағында 24 атауға негіз болған.

7.Географиялық бағыттағы топонимиканың келесі бір зерттеу проблемасы- аймақтық топонимикалық жүйелердің кеңістіктік және құрылымдық заңдылықтарын зерттеу. Топонимика ғылымында қазіргі кезде географиялық атауларды зерттеу көбінесе жүйелік негізде жүзеге асырылады. «Топонимиялық жүйе» ұғымының шеңберіне географиялық атаулардың қалыптасу процесінде заңды түрде қайталанып отыратын ерекшеліктер мен белгілердің жиынтығын енгізеді. Топонимикадағы «жүйе» терминін тек лексикалық бірліктер мен олардың арасындағы өзара байланыстар мен қатынастар түрінде ғана емес, осы бірлестікті құрайтын бөліктердің заңдылыққа сәйкес орналасу, қызмет ету біртұтастығы, синтезі ретінде ұғыну қажет.



8.Жергілікті географиялық терминология негізінде қалыптасқан микротопонимияны арнайы зерттеу. Жалпы топонимдердің жергілікті географтялық терминдермен тығыз байланысы бар екендігі көптеген географиялық зерттеулерде көрініс тапқан. Қазақ халқының жергілікті географиялық терминологиясын топонимика тұрғысында арнайы зерттеуге географтар Э.М.Мурзаев пен Ғ.Қ.Қоңқашбаев негіз салған болатын. Жергілікті географиялық терминдердің Қазақстан аумағындағы ірі географиялық – физикалық нысандардың атауларында көрініс табуы салыстырмалы түрде зерттеушілер назарына іліккенімен, микротопонимиялық деңгейде бұл мәселе әлі де жете талданбаған.

9.Қазақстанда аймақтық топонимикалық карталар жасау мәселелерін негіздеу. Бұл бағыттағы жұмыстар топонимиканың картографиямен байланыстарының қолданбалы аспектілерін зерттеу негізінде және кез-келген топонимикалық еңбектің құрамдас бөлігі ретінде топонимикалық карталар жасалуы қажеттілігімен түсіндіріледі. Жекелеген географиялық бағыттағы диссертацияларда топонимикалық карта жасау әрекеті жасалғанымен, Қазақстанда бұл проблема арнайы зерттеу нысаны болмаған.

Осы тұрғыдан алғанда, елімізде аймақтық топонимикалық карталар, соның қатарында ірі масштабты ландшафттық негізге түсірілген микротопонимияның кеңістіктік таралуын көрсететін карталар аса қажет.



  1. Топонимиканың географиялық атаулар транскрипциясы мен унификациясына қатысты қлданбалы аспектілерін зерттеу. Қазақстан Республикасындағы географиялық атаулар жиынтығына қатысты алғанда бұл мәселе аса маңызды. Қазақстандағы географиялық атаулардың транскипциясына қатысты зерттеулер мерзімдік баспасөзде жарық көрген мақалалардан басталды деуге болады, бұларда қазақ атауларының бұрмалануы туралы мәселе көтерілген. Жалпы алғанда, Қазақстандағы алғашқы топонимикалық зерттеулер осы бағытта басталғанымен, әсіресе орыс тіліндегі географиялық карталарда, әдебиеттер мен оқулықтарда мемлекеттік тілдегі географиялық атаулардың дұрыс жазылмауы, бірізділіктің болмауы әлі де болса кездеседі.

  2. Топонимдерді геоэкологиялық тұрғыда зерттеу мәселесі. Топонимика мен экологияның байланыстарына қатысты мәселеге XX ғасырдың соңғы ширегіне қарай назар аударыла бастады. Бұл мәселемен негізінен географтар ғана ғылыми негізге сүйеніп айналысатындықтан, оның жете зерттелуі жалпы алғанда географиялық топонимиканың дамуына жаңа мүмкіндіктер берді. Географиялық әдебиетте «экологиялық топонимика» терминін Х.Л. Ханмагомедов алғаш рет қолданды. Бұл ғылыми бағыттың негізгі мақсаты- белгілі бір аумақтың геоэкологиялық жағдайының топонимикадағы көріністерін талдау негізінде оның өзгерістерін анықтау.



Топонимиканың географиядағы рөлі.
География ғылымына топонимиканың маңызы зор. Топонимиканың ғылым ретінде қалыптасуына үлкен үлес қосқан әйгілі географ Э.М. Мурзаев топонимиканы лингвистиканың да, тарихи және географиялық талдау әдістерін де қатар пайдаланылатын жеке ғылым саласы ретінде сипаттап, аталған әдістерді жетік меңгерген географ та өзін топонимист деп есептеуіне болатындығын атап көрсеткен. Бұл қорытынды арқылы ғалым географияның топонимикада аса маңызды үлесін алатындығын көрсетіп отыр. Топонимика ғылымы топонимдердің мағыналық жүктемесі мен этимологиясын зерттеуде географиялық деректермен толықтырылып, географиялық негіздеме алуға мүмкіндік жасайды. Өйткені топонимия тек қана географиялық атаулардың қарапайым жиынтығын емес, сонымен қатар оның географиялық әсер ету ықпалын да қарастырады. Топонимика географиямен өзара байланысқан, бірақ өзіндік зерттеу әдістерін қажет ететін, концептуалды- әдіснамалық негізге сүйенетін, түптеп келгенде оларды зерттеу барысында алынған ғылыми нәтижелер география ғылымдарымен тығыз ақпарат алмасуын, осы бағыттың дамуын қамтамасыз ететін аясы болып табылады.

Топонимдердің басым көпшілігі жергілікті географиялық терминдер негізінде қалыптасатынын ескерсек, этимологиялық- семантикалық зерттеулерде географиялық білімнің маңызы зор. Географиялық атаудың шығу тегі мен оның мағынасын көбінесе географиялық орта болмысынан «іздеу» табысты нәтижелерге алып келеді. Мысалы, ғалымдар бірдей немесе ұқсас табиғат ортасында бір типті топонимдердің қайталанып келетіндігін ертеден байқаған. Азияның түркі халықтары қоныстанған тауалды өңірлерінде Ақсу гидронимі, ал дала мен шөлейт зонасындағы өзендерде Еспе, көлдерде Ащыкөл, шөл зонасында Қарақұм атауы өте жиі кездеседі. Мұның өзі бір жағынан, табиғат жағдайларының географиялық атауларда тікелей көрініс табатынын дәлелдесе, екінші жағынан, атаулардың ландшафт көрінісіне индикатор бола алатындығын көрсетеді.

Жалпы топонимдердің жергілікті географиялық терминдермен тығыз байланысы бар екендігі көптеген географиялық зерттеулерде көрініс тапқан. Қазақ халқының жергілікті географиялық терминологиясын топонимика тұрғысында арнайы зерттеуге географтар Э.М.Мурзаев пен Ғ.Қ.Қоңқашбаев негіз салған болатын.

Топонимика ғылымы сонымен қатар география ішіндегі әр түрлі салалармен байланысты: ландшафт, картография, экология және т.б. Топонимдер- ландшафттың тілі. Таралу ареалы бірнеше географиялық зонаны қамтитын кейбір географиялық атаулар жергілікті ландшафт сипатына қарай әр түрлі өзіндік мағынаға ие болады. Бқл құбылысты зерттеу географиялық топонимикада семантикалық зерттеулерге сүйенетін ландшафттық топонимика атты жаңа бағыттың қалыптасуына алып келді. Топонимика мен картографияның өзара байланысын екі тұрғыда қарастыруға болады: біріншіден, топонимика карталардың аса маңызды мазмұндық элементі болып табылатын географиялық атауларды дұрыс жазу ережелерін анықтар берсе, екіншіден, картографиялық әдістерді пайдаланып, топонимикалық карталар жасауға болады. Топонимика мен экологияның байланыстарына қатысты мәселеге XX ғасырдың соңғы ширегіне қарай назар аударыла бастады. Бұл мәселемен негізінен географтар ған ғылыми негізге сүйеніп айналысатындықтан, оның жете зерттелуі жалпы алғанда географиялық топонимиканың дамуына жаңа мүмкіндіктер берді. Географиялық әдебиетте «экологиялық топонимика» терминін Х.Л. Ханмагомедов алғаш рет қолданды. Бұл ғылыми бағыттың негізгі міндеті белгілі бір аумақтың геоэкологиялық жағдайының топонимикадағы көріністерін талдау негізінде оның өзгерістерін анықтау.

Қазіргі уақытта география сабағанда жаңа әдістер мен тәсілдерді қолдану аясында білім берудің технологиясы мен жаңа бағыттары қолға алынуда. Соның ішінде топонимика мәселелерін оқытудың жаңа бағытын қарастыру маңызды рөл атқарады. География сабағында топонмика пәнінің дағдыларын меңгерту, қызықтыру, ойлау, есте сақтау ерекшеліктерін дамыту үшін әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолдануға болады:


  1. Әдебиеттермен жұмыс (тарихи, мұрағаттық, картографиялық, географиялық, линвистикалық т.б.);

  2. Қазақтың халықтық және географиялық терминологиясын қалыптастыру;

  3. Топонимикалық карталарды кескін картаға түсіру;

  4. Кестелер, диаграмма, тірек-сызбалар;

5. Топонимикалық диктант жазу;

6. Тестерді құрастыру;

7. Топонимикалық викторина, ойын-сөзжұмбақ құрастыру т.б.

8. Реферат жазу, семинар сабағын өткізу;

9.Топонимдерді қалпына келтіру (унификация) реттеу және тілдік қабаттарды (стратиграфия) анықтау,

10.Туристік нысандарды анықтаудағы маршруттық бағыттарды құрастыру;

11.Далалық топонимикалық зерттеулерді жүргізу.

Жетісу өлкесінің топонимиясының сипаттамасы.
Жетісу – тарихи-географиялық аймақ. Солтүстікте Балқаш, солтүстік-шығысында Сасықкөл мен Алакөл, шығыста Жетісу (Жоңғар) Алатауы, оңтүстік және оңтүстік-батысында Солтүстік Тянь-Шань жоталарымен шектеседі. Тарихи деректер мен зерттеулерде Жетісу атын құрайтын 7 өзен туралы түрліше пікір бар. А.К. Гейнс бұлардың қатарына Лепсі, Басқан, Сарқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал және Көксу өзендерін жатқызса, А.Влангали Басқан, Сарқан өзендерінің орнына солтүстік-шығыстағы Аягөз, оңтүстік-шығыстағы Іле өзендерін атайды. В.В. Бартольдтың айтуынша, алғашқыда жергілікті халық Жетісу деп Іледен солтүстікке қарай созылған аймақты атаған, оған Лепсі, Басқан, Ақсу, Бүйен, Қызылағаш, Қаратал, Көксу өзендері енген. Ал Жетісу Іленің оңтүстігіне қарай созылған таулы аймақ деген ұғым 19 ғ-да тарап, сондай-ақ, оған Тянь-Шаньнің солтүстік-батыс және орталық аудандары да қосылатын болған. Тарихи әдебиетте Жетісу ұғымына Шу алабы мен Нарын өзенінің жоғарғы ағысын қамтитын атырап та кірген.

Археологтар, тарихшылар мен географтар Жетісуды Солтүстік-шығыс Жетісу (солтүстікте Балқаштан Кетпен және оңтүстікте Іле Алатауы жоталарына дейін, солтүстік-шығыста Алакөлден оңтүстік-батыста Шу-Іле су айрығына дейінгі жерлер) және Оңтүстік-батыс Жетісу (Шу және Талас алқабы) деп екіге бөледі. Жетісуға мұндай тарихи-географиялық анықтама бере отырып, олар бұл өлкенің тек табиғи жағдайларын ғана емес, сонымен қатар оның өткендегі экономикалық, саяси, этникалық және мәдени даму ерекшеліктерін де еске алады.


Жетісудың кең аумағы (солтүстіктен оңтүстікке дейін 900 км, ал батыстан шығысқа дейін 800 км) және тауларының биіктігінің әр түрлі болып келуі оның климаты мен ландшафтарының да түрліше болуына ықпал етті. Бұл өлкеде егін шаруашылығы ертеден-ақ шұраттық сипат алып, қолдан суғаруды қажет еткен. Жайылымдық мал шаруашылығы кең өріс алған. Жетісудың оңтүстік-шығыс бөлігінің тау бөктерлерінде (600 — 1200 м биіктікте) ауа райы ылғалды, қоңыр салқын және ауыспалы, топырағы құнарлы. Онда суармалы егіншілікке пайдаланылатын көптеген тау өзендері бар. Жемісті ағаштар мен жапырақты ағаштар, ал одан жоғарыда шырша ормандары өседі. Бұл өңір мал жайылымына қажетті көкорай жемісті ағаштар мен шалғындарға бай. Міне, осындай қолайлы табиғи географиялық жағдайлар Жетісуды Түркістан жеріндегі ертедегі мәдениет ошақтарының біріне айналдырды. Оны мекендеген тайпалардың қазақ халқының тарихи қалыптасуында, мемлекеттің құрылып, нығаюында, мәдениеттің өркен жаюында зор маңызы бар. Жетісу жерінде мал бағу мен егін шаруашалығының пайда болуы неолит пен энеолит дәуіріне жатады. Қола дәуірінде (б.з.б. 15 — 8 ғ-лар) бұл өлкені мекендеушілердің материалдық және рухани мәдениеті одан әрі өркендеп, мыс пен қоладан құралдар жасау, бақташылықпен, жер өңдеумен, аң, балық аулаумен айналысу кәсіптері пайда бола бастаған. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың орта шенінде Жетісуда, негізінен, малшы қауымдарының бөлініп шығу дәуірі аяқталды.

Ертедегі жергілікті тайпалар шаруашылығы Жетісуды дербес экономикалық аймаққа айналдырды. Б.з.б. 7 — 4 ғасырларда Жетісуды сақтар мекендеген. Олар шаруашылықтың сол кездегі жетілген түрі малшылық және суармалы егіншілікпен айналысып, қола мен темірден жасалған құралдарды пайдаланған. Археологтар Талас алқабындағы алғашқы отырықшы мекендердің қалдығын б.з.б. 5 ғ-ға дейінгі уақытқа жатқызады. Б.з.б. 3 ғ-да Жетісудағы сақ тайпаларының одағын үйсін тайпаларының одағы алмастырды. 6 ғ-дың орта шенінде Жетісу Түрік қағанатының құрамына енді. Ал 581 ж. одан Батыс Түрік қағанаты бөлініп шықты. Оның орталық ауданы Жетісу, астанасы Суяб қаласы болды. 7 ғ-дың 30-жылдарында Жетісуда Шу өзенінің шығысында дулу, ал батысында нушеби деп аталған екі иелік пайда болды. 8 ғ-ға дейін бұлар Шығыс Түрік қағандығына тәуелді болатын. Ал 8 ғ-дың басында Жетісудағы өкімет билігін Шу мен Іле арасында көшіп-қонып жүрген түргештердің билеуші топтары басып алды. Түргеш қағанаты (704 — 766) ала ауыздық, ішкі әлеуметтік қайшылықтардың барған сайын өршуі, оңтүстікте арабтармен, шығыста қытайлармен үнемі қақтығысып отырудың салдарынан әлсіреді. Жетісудағы өкімет билігін тағы бір түркі тайпасы қарлұқтар басып алды. Түргеш және Қарлұқ (766 — 940) қағандықтары дәуірінде Шу, Талас және Іле бойында қолөнер мен сауданың орталығы болған ескі қалалар өсіп, жаңалары пайда болды (Атлах, Хамукент, Құлан, Мерке, т.б.). 9 — 10 ғ-ларда Жетісудың солтүстік-шығыс өңірінде отырықшы егіншілік пайда болды, оның іздері Алматы, Талғар, Дүңгене, Қойлық, Қарғалы, т.б.

қалалардың қираған үйінділерінде сақталған. Қолөнер кәсібінің өнімдері ұлғайып, көрші көшпелі тайпалармен экономикалық байланыстар дамыды, сауда-саттық өсті. Ақшаны пайдалану және жергілікті ақша шығару (Таразда) пайда болды. Жетісуды мекендеген түркі тайпалары едәуір дәрежеде отырықшылыққа бой ұрды. Орта Азия, Шығыс Түркістан өңірлерімен сауда-саттық, мал айырбасының тиімділігін жақсы түсінген топтар жақсы жайылымдарды басып алып, мал басын көбейтуге тырысып бақты. Мал мен жайылымнан айырылған көшпелі кедейлер енді егіншілікпен, қолөнер кәсібімен айналысып, қала халықтарының қатарына қосылуға мәжбүр болды. Жетісуға Шығыс Түркістаннан шыққан көшпелі түркі тайпасы ягма басып кіргеннен кейін (940) енді ол Қарахан мемлекетінің құрамына енді. Сөйтіп, Жетісу Шығыс Түркістанмен бірге, Қарахан мемлекетінің Елхан билеген шығыс бөлігін құрады (Қарахандар мемлекеті). 10 ғ-дың аяқ шенінде Қарахан әулетінің астанасы Шу бойындағы Баласағұн қаласы болды. Жетісудың бір бөлігінде қарлұқ және шігіл тайпаларының өкілдері билікті өз қолдарына алды.

Жетісуда 10 — 11 ғ-лардағы отырықшы егіншілік пен қала мәдениетінің едәуір өркендегенін орта ғасыр авторлары (Макдиси, ибн Хордадбек, т.б.) мен Қазақстан, Қырғызстан археологтарының зерттеулері дәлелдейді. Жаңадан пайда болған егінжайлар мен қалалық мекендер енді тек сауда жолдарының бойында ғана емес, сондай-ақ, өңірдің шалғай түкпірлерінде де (Іленің төменгі ағысы) пайда бола бастады. 11 — 12 ғ-ларда Жетісудың солтүстік-шығысындағы негізгі қалалар мен елді мекендер (Шелек, Қапал, Арасан, Лепсі, т.б.) пайда болған. Сәулет өнерінің жоғары дәрежеде дамуының куәгерлері — Бабажы қатын кесенесі (10 — 11 ғ-лар) мен Айша бибі кесенесі (11 — 12 ғ-лар), т.б. Жетісу мен Қазақстанның өзге бөлігін мекендеген түркі тайпалары этникалық жағынан одан әрі жақындаса түсті. 1129 — 30 ж. Жетісуға қидандар басып кіріп, көп ұзамай-ақ жергілікті тұрғындармен араласып кетті. Өңірдің Іле өзенінен солтүстікке қараған жері бұрынғысынша Қарлұқ хандығының (астанасы Қойлық қаласы) қарамағында еді. Қидандардың өктемдігі 13 ғ-дың басына дейін созылды. Жетісу мен Шығыс Қазақстанға түркі тілдес найман, керей тайпалары келіп кірді. Наймандардың қолбасшысы Күшлүк ханмен күрес қидан гурханын әлсіретті. 1210 ж. ол Мұхаммед Хорезм шаhтан Талас өзені бойында жеңіліс тапты. Енді Жетісуды Күшлүк биледі. 1211 ж. өңірдің солтүстігіне Шыңғыс хан әскерлері баса көктеп кіріп, 1218 ж. Жетісуды жаулап алды. Осының салдарынан Жетісу екіге бөлініп кетті. Оның үлкен бір бөлегі (Іледен оңтүстікке және оңтүстік-батысқа қараған жағы) Шағатай ұлысына (орталығы Алмалық маңында болды), ал Іледен солтүстікке қараған жерлер Жошы ұлысына қарады. Солтүстік-шығыс қиыры (Тарбағатай, Еміл мен Көбік маңы) Үгедей ұлысының еншісіне тиді. 1269 ж. Таласта өткен құрылтайда бұрынғы Шағатай, Үгедей ұлыстарының негізінде Хайду (1301 ж. ө.) басқарған мемлекет құрылды. Оның ордасы Іле алқабына орналасты. Біршама уақытқа елдің ішкі саяси және экономикалық өмірі қалыпқа түсті. Алайда Шағатай әулетінің ол өлгеннен кейінгі іштей өзара қырқысуы,


сондай-ақ, көрші хандықтармен жүргізілген соғыстар Жетісу халқына және оның экономикасына едәуір зардабын тигізді. 14 ғ-дың 1-жартысында Жетісу және Мауераннахр билеуші топтарының арасындағы қайшылықтар одан сайын үдей түсті. 14 ғ-дың орта шенінде Шағатай ұлысының батыс және шығыс бөліктері ыдырай бастады. Оның басты себептерінің бірі шапқыншылық салдарынан шаруашылық-саяси және тарихи даму жағынан әр қилы этникалық топтардан құралғандығы еді. Шағатай ұлысының шығыс бөлігіндегі дулат тайпасының билеушілері жаңадан Моғолстан деген мемлекет құрып, оған өз іштерінен Тоғлұқ Темірді хан етіп жариялады (1348 — 62/63). Енді Моғолстанның орталық бөлігі болып қалған Жетісудың түркі тайпалары этникалық жағынан қайта топтасуға мүмкіндік алды. Дегенмен, олар әлі де болса Қазақстанның өзге өңіріндегі мәдени, тарихи байланысы бір қандас бауырларынан жырақ жатыр еді. Моғолстандағы тайпалар одағына дулат, қаңлы, керей, барін (баарын), бұлғашы секілді жергілікті түркі және оларға етене болып сіңіп кеткен моңғол тайпалары кіретін. Бұлар кейінірек (15 ғ. және 16 ғ-дың басы) қазақ және қырғыздардың құрамына енді.

Жетісудың Моғолстан құрамындағы 14 ғ-дың 2-жартысындағы саяси жағдайы өзара қырқыстармен және Әмір Темірдің шапқыншылықтарымен сипатталады. Камар әд-Дин Дулати 14 ғ-дың 70-жылдарында Жетісудың көпшілік жерін басып алып, өз билігін жүргізген. Жетісуда бұл ұлыстан басқа Моғол билеушісі Еңкетөренің ұлыстары, бұлғашы тайпасы әмірлерінің ұлыстары, бірнеше дербес иеліктер пайда болды. Бір орталыққа бағынған өкімет билігінің болмауынан Жетісу халқы Әмір Темірдің шапқыншылығына айтарлықтай қарсылық көрсете алмады. Шапқыншылық Моғолстан мен Ақ Орданың шаруашылық және саяси жағынан нығаюына кедергі жасады. 14 ғ-дың 80-жылдарының аяқ шені Әмір Темірге бірлесе соққы беруге кіріскен кез болды. Оған қарсы күресте Жетісу билеушілері Камар әд-Дин Дулати, Еңкетөре, Моғолстан ханы Қызыр Қожа (1389 — 99) және Дешті Қыпшақ ханы Тоқтамыс күш біріктірді. Бұлай бірігу Дешті Қыпшақ пен Жетісу тайпаларының өзара байланысты болуы үшін едәуір маңызды болды. Әмір Темірдің қанды жорықтарының салдарынан Жетісу халқы сан жағынан азайды, егін шаруашылығы құлдырап, мал саны кеміді. 15 ғ-дың 1-жартысында да Жетісудағы қырқысулар толастамады. Моғолстандағы Қызыр Қожа, Мұхаммед хан (1408 — 15), Уәйіс хан тұсындағы ішкі саяси жағдайдың уақытша тынышталуы Жетісуға Әмір Темір әскерлерінің басып кіруімен (1425 жылғы (Ұлықбек жорығы) және ойраттардың (қалмақтардың) шабуылдарынан бұзылды. Қарамағындағы халықты барған сайын қанай түсудің нәтижесінде экономикалық күш-қуаты артқан шонжарлар енді саяси тәуелсіздікке ұмтылды. Мұхаммед Хайдар Дулатидің мәлімдеуінше, 1430 ж. шамасында 30 мыңға жуық моғол отбасы Мауераннахрға жөнелтілген, барін (баарын) және чорас тайпаларының бір бөлігі Амасанджи Тайша билеген ойраттарға өтіп кеткен. Қаңлы, т.б. тайпалар Әбілхайыр хан иелігіне қоныс аударған. Ал мұның өзі ішкі ала ауыздыққа қарсы халық наразылығының белгісі еді.

Моғолстанның жаңа ханы Есенбұғаның (1424 — 62) билігі Қашқарияның бір бөлігімен ғана шектелді.

Тек 15 ғ-дың 40-жылдарының аяғы мен 50-жылдарының басында ғана ол Жетісудың көшпелі халқына өз үстемдігін жүргізе алды. Алайда осы қиындықтарға қарамастан, Жетісуды (жалпы қазақ жерін) мекендеген қазақ тайпаларының бірігу үрдісі жалғаса берді, енді олардың Моғолстаннан бөлінгісі келетіндіктері айқын сезіле бастады. Мұны Моғолстанның солтүстік және оңтүстік аудандарындағы (Жетісу және Тянь-Шань, Шығыс Түркістанның біраз бөлігі) табиғи-географиялық, экономикалық және тарихи жағдай, сондай-ақ, Жетісу халқының Қазақстанның өзге өңіріндегі тайпалармен ежелден бергі мәдени-этникалық, туыстық жақындықтарын тездете түсті. “Тарихи-и Рашидидегі” мәліметке қарағанда, 1465 ж. бұл жерге 200 мыңға жуық қазақтар көшіп келген. Олармен бірге Әбілхайыр ханмен жауласқан Барақ ханның ұрпақтары Жәнібек және Керей сұлтандар да келген. Сонымен Жетісу Дешті Қыпшақтан келген тайпалардың, сондай-ақ, жергілікті қазақ тайпаларын саяси-этникалық жағынан біріктірудің орталығына айналды. Ал 15 ғ-дың 60-жылдарының орта шені мен 70-жылдардың басында Жетісудың батыс бөлігінде Қазақ хандығы құрылды. 15 ғ-дың аяғы мен 16 ғ-дың бас кезінде Қазақ хандығының шекарасы Жетісу, Дешті Қыпшақ және Түркістан өлкесінің солтүстік бөлігінде (Созақ, Сауран, Сығанақ қалалары қосылды) бірте-бірте кеңейе түсті. Бұл жерлерді жайлаған қазақ рулары мен тайпалары Қазақ хандығына бірігіп, қазақ халқының ұзаққа созылған қалыптасу процесі аяқталды. Қазақ халқының құрамында тарихи даму барысында тайпалардың үш тобы пайда болды. Олардың әрқайсысының шаруашылық мүдделері ортақ болғанмен, территория жағынан бір-бірінен айырмашылықтары болды. Осыған байланысты қазақ даласындағы үш жүздің қалыптасуы, соның ішінде Жетісудағы Ұлы жүздің қалыптасуы 15 ғ-дың соңы мен 16 ғ-дың басында аяқталды. Қасым хан тұсында (1511 — 23) Қазақ хандығының шекарасы Қаратал өзеніне дейін жетсе, Тахир ханның билігі дәуірінде Қас және Күнес өзендеріне дейінгі атырапты қамтыды. Қазақ хандығының күшеюі 16 ғ-дың бас кезінде Моғолстанның Жетісуда билігінің жойылуын тездетті. Шығыс Түркістан өлкесін билеген Сұлтан Саид (1514 — 33) пен Абд әр-Рашид (1533 — 65) хандар Жетісуды өздеріне қайтарып алуға тырысып бақты. Алайда қырғыздармен одақтасқан қазақ билеушілері оны жүзеге асыртпай тастады. Бұл күрес Ақназар хан тұсында да тоқтаған жоқ. 17 ғ-да ұлы жүз басқа қазақ жүздері сияқты жеке хандық болып саналды. Жетісу рулары басқа да отырықшы егін ш-мен айналысатын аймақтармен сауда-экон. қарым-қатынастар жасап тұрды. 1643 ж. Жоңғар қонтайшысы Батур Жетісудың біраз жерін өзіне бағындырды. Ал 1681 — 88 ж. Жоңғар хандығы Жетісудан Оңтүстік Қазақстанға бірнеше дүркін жорықтар жасады. 18 ғ-да Жетісудың едәуір бөлігі Жоңғар хандығының қол астында болды.

Жоңғар мемлекетін Цинь империясы талқандағаннан кейін, енді Жетісуды осы империя басып аларлықтай қаупі төнді. Жетісудың Ілеге дейінгі оңтүстік бөлігін 19 ғ-да Қоқан хандығы жаулап алды. Жоңғар және Қоқан хандықтарының қайыршылыққа ұшыратқан зорлық-зомбылығына қарсы Ұлы жүз қазақтары күрес жүргізді. 19 ғ-дың 40-жылдарының ортасында Жетісудың Қапал аймағында көшіп-қонып жүрген қазақтарды Ресей өз қол астына қаратты. Жетісудың Іле өзеніне дейінгі бөлігі Ресей мемлекетінің құрамына енді. 1854 ж. Алмалы деген жерде патшалық Ресейдің Орта Азияны отарлау барысында “сенімді” тірегі саналған “Верный” бекінісі салынды. 1860 ж. қазақтың атты жасақтарымен бірге Ресей әскерлері өзынағаш түбінде Қоқан хандығының әскерін ойсырата жеңді. 1860 ж. аяғында патшалық Ресей Жетісуды толықтай өз отарына айналдырды. 1867 ж. Жетісу территориясында Жетісу облысы құрылды. Жетісу 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың ірі ошақтарының бірі болды. 1924 — 25 ж. Орта Азия республикаларында жүргізілген ұлттық — мемлекеттік межелеуден кейін Жетісу Қазақстан мен Қырғызстан құрамына кірді. Қазақстанның тәуелсіздік алуымен бірге (1991) Жетісу да қазақ халқының байырғы атамекені ретінде біртұтас мемлекеттің мәдениеті дамыған, экономикасы қуатты аймағына айналды.



Орталық Қазақстанның жер-су аттары және олардың мағынасы.
Орталық Қазақстан жер - су аттары құрамы жағынан, негізінен микротопонимдік (ұсақ географиялық атаулар) сипатта. Әсіресе тау, өзен, көл, теңіз, орман- тоғай, сай-сала, жыра-жылға, бұлақ-бастау, төбе, төбешік, қыр,елді мекен атаулары жүздеп кездеседі.

Орталық Қазақстан өңірінен 1981-1986 жылдары топонимикалық экспедициялар кезінде және көркем әдебиет шығармалар мен тарихи- географиялық анықтамалардан жиналған жер-су аттарының саны 40 мыңнан асып отыр. Орталық Қазақстанда ең көп кездесетін жер-су аттары гидронимдермен (өзен, көл, көлшік, бастау, бұлақ аттары) байланысты. Бұл өңірде ерте замандардан белгілі ірілі- ұсақты көлдер мен өзендер, олардың сай- салалары бар. Соның ішінде белгілі өзендер: Сарысу, Нұра, Шерубай, Атасу, Көктас, Кеңгір, Қаракеңгір, Сарыкеңгір, Жезді, Сарыбұлақ, Мойынты, Тоқырау, Қаратал, Қаршығалы, Талды, Құланөтпес, Торғай, Ырғыз, Шідерті, Өлеңті т.б.

Орталық Қазақстанның әсіресе Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстары үлкенді- кішілі көлдерге бай. Олардың ішінде жалпы көлемі мен ұзындығы жағынан ірі саналатын көлдер: Ақмола облысында – Қарасор, Қалибек, Теке, Шалқар, Сілетітеңіз, Теңіз, Павлодар облысында-Қызылтұз, Қызылқақ, Жасыбай.
Жер - су атауларының қойылу, шығу себептері бұл өлкені ерте замандарда қандай тайпалар мекендеген, қазақ ру- тайпалары бұл жерлерде қашан, қай заманнан бастап өмір сүрген деген мәселелермен, халықтың тіл тарихымен тығыз байланысты.

Тарихи деректер бойынша, қола дәуірінде Орталық Қазақстандағы тайпалар Нұра, Шерубай- Нұра, Атасу және Талды-Нұра бойларын, Бұғылы, Беғазы, Қызыларай, Қарақаралы тауларының баурайларын қоныстанған. Бқл өңірде қола дәуіріне тән 30 қоныс және 150 ірі мазарлар табылған.

XVIII-XIX ғасырларда Қазақстанның көптеген жерлерінде, жаңа қоныстанушылардың келуімен байланысты ірі бекіністер салынып, селолар мен деревнялар саны көбейді. Оларға жаңаша ат қойылды: Қарқаралы-1824, Ақмола-1832, Атбасар-1848, Аягөз-1831, Қапал-1850 ,Верный-1854.

П.П.Семенов-Тян-Шанский басшылығымен шыққан «Россия» атты еңбекте Қазақстан туралы, оның ішінде Орталық Қазақстан жайында, оның табиғаты мен өзен, көл, таулары, кең байтақ сары даласы, олардың атаулары жөнінде қыруар материалдар бар. Сондай-ақ Ш. Уалихановтың географиялық мұралары мен ғылыми еңбектерінде Орталық Қазақстанның жер- су аттарын жүздеп кездестіруге болады.

Айтылған дәуірлерде Орталық Қазақстанда кен көздері ашылып, пайдаланылғанын қазіргі кездегі жер аттарының өздері-ақ толық анықтап отыр. Бұл жөнінде академик Қаныш Сәтбаевтың деректері толық дәлел бола алады. «Мыңшұңқыр. Демек, бұл жерде байырғы кен қазба орындары болған». «Қаратас. Халық ұғымында бұлай деп темірдің барын меңзейді». «Көктас. Бұлай аталған жерде мыс бар деп топшылауға болады». «Алтынтапқан атауы – алтынның бар екенін аңғартады. Әрине тегін емес». «Жезқазған. Демек, жез өндірілген жер деген сөз». «Жыланды. Түсті металл рудасы бар өңі болу керек».

Ерекше назар аударып, көңіл бөлінген мәселенің бірі Орталық Қазақстан топонимдерінің Ұлы Октябрь Социалистік революциясынан бұрынғы статистикалық күйі және жаңа топонимдердің өсу саны мен проценті болды. Олардың өзгеруі мен дамуы, бұрынғылардың орнына жаңа атаулардың қойылу себептері толық баяндалды. Бұл еңбекте арнайы орын беріліп, сөз болған күрделі мәселелер- гидронимдер (өзен, көл, су, бастау, бұлақ, құдық, қайнар атаулары) мен оронимдер (тау, шың, жота, шоқы, төбе т.б.). Сондай ақ макротопонимдер (ірі объектілердің: қала, облыс, аудан, ірі көл, тау аттары) және микротопонимдердің (ұсақ объектілердің: кішкене өзен, көл, елді мекен, ауыл, село,көше атаулары т.б.) арақатысы, сан мөлшері де күрделі мәселенің бірі ретінде арнайы тұңғыш рет зерттеліп отыр.

«Орталық Қазақстан» деген ұғымға тек ресми экономикалық аудан ретінде енетін, Жезқазған, Қарағанды облыстары ғана емес, жалпы Сарыарқа ұғымы да жатады.

Кең ұғымдағы Сарыарқа атауының шығу тегін, оның бұлайша аталу себебін А. Сейдімбеков «Сарыарқаның алып су айырығы екенін, яғни су атаулы сол қоянжон дөңестің қос қапталынан төгіле ағатынын көреміз. Мұндай байтақ жонды Арқа демеске болмайтын да секілді. Басқаша атау көкейге қонбайтындай, көңілге орнықпайтындай», - деп пайымдайды.

Қазақ топономисі Сарыдала, Сарытау, Сарыжота, Сарыбел деген атаулардың құрамындағы сары сөзі «кең, үлкен» мағынасын білдіреді деп қарайды.

Орталық Қазақстанда жер-су аттары төл тілімізден басқа араб, иран, монғол және орыс сөздерінен қойылған топонимдер тобы да мол.



Зоонимдермен байланысты атаулар және олардың Қазақс сттанда кездесетін аймақтары.

Қазақстан топонимиясының негізгі ерекшеліктерінің бірі- географиялық атауларда ландшафттың, өсімдік және аң, жануарлардың көрінісі сипаттама алатындығы. Топонимдер құрамындағы аң, құс, жануар атаулары Қазақстанда аңдардың кейбір түрлері кең тарағандығын және солардың аңшылық маңызы болғандығын аңғартады. Белгілі кеңес зоологы А.Н.Формозов Қазақстан картасында аңдарға байланысты атаулар бар екенін айта отырып, аңдардың және аңшылықтың халық өмірінде атқарған үлкен мән – мағынасын атап өтеді. Ғ.Қ. Қоңқашбаевтың пікірінше, көшпелілердің күн көрісіне жер бедері, ауа-райы, су, өсімдіктер және аңдар үлкен септігін тигізген.

Қазақстандық ғалым Р.С.Сәтімбеков топонимикалық әдістермен кейбір жануарлардың (құлан, бұлан, марал, құндыз т.б.) Қазақстан жерінде кезінде кеңінен тарағандығын анықтап отыр.

Қазақстан географиялық атауларының құрамында төмендегідей аі, құс, жәндіктердің аттары кездеседі: теке, арқар, қошқар, серке, борсық, ешкі, қарсақ, жылқы, айғыр, қой, арыстан, аю, бұзау, қаршыға, шағала, балық, бақа , жылан, шыбын т.б.



Қазақстан территориясында бұлан атымен байланысты 40-тан астам топоним кездеседі екен, оның 35-і қазақ тіліндегі, ал алтауы монғол тілінен енген атаулар. Бұлан атымен байланысты топонимдер Орал, Торғай өзендерінің бойында, Көкшетау, Қарқаралы, Шыңғыстау, Оңтүстік Алтай тауларында тараған екен.

Құлан. Құландар, әдетте, суы мен суаты бар, кешулері бар өзендерді, қақтарды, құдықтарды т.б. аласа тау, шоқылардың маңын немесе алаңқай жерлерді мекендейді. Ертеде құландар Қазақстанның көптеген аймақтарында таралған. Құланмен байланысты атаулар Маңғыстауда, Талас Алатауында, Іле, Жоңғар Алатауында, Тарбағатайда, Оңтүстік Алтайда, Зайсан ойпатында кездеседі. Мысалы, Құлансу- тау, Құланөтпес-өзен және т.б.


Арқар. Арқар атымен байланысты Орталық Қазақстанда Арқарды, Арқарқамалған деген тау аттары бар. Арқар таулы аймақтарды мекен етеді, сол себептен жазықтарда орналасқан объектілердің атауларында арқар компоненті кездеспейді. Топонимистер (Қоңқашбаев Ғ.Қ., Әбдірахманов А.) Арқарлы атты топонимдер қатарына Арғанаты атауын да жатқызады. Арғанаты атты таулар Тарбағатай, Ұлытау, Талдықорған облыстарында орналасқан.

Жылан. Жылан компонентті атаулар өзен, көл, тау, төбе, шоқы, сай, бұлақ, көл аттарына тән. Бірақ та көбінесе жылан сөзі тау аттарында кездеседі. Мысалы, Жезқазған облысында Жылан- тау, Ақтоғай ауданында Жыланды- тау, Ұлытау ауданында Жылантау-тау т.б. жылан сөзінің қатысуы арқылы жасалған топонимдер аталған географиялық объектілерде жыланның бар екенін аңғартады. Мысалы, Ақмола облысында Жыланды-өзен, Жыланды-қыстау, Қостанай облысында Жыланды-сай, Жыландытау-тау т.б.

Қазақ халқының үй жануарлары да географиялық атауларда көрініс тапқан.

Жылқы малымен байланысты географиялық атаулар өте көп. Батыс Қазақстандағы Азғыр топонимін осы топқа жатқызуға болады. Е.Қойшыбаев атауды «аз» (этноним) және «қыр» (төбе) сөздерімен байланыстырады. Біздің топшылауымызша, жер аты М.Қашқари сөздігінде көрсетілгендей, «айғыр» деген мағына беретін «аздғыр (азғыр)» көне түркі сөзімен тікелей байланысты. «Айғыр» сөзімен байланысты географиялық атауларды Е.Қойшыбаев жылқы малына байланыссыз, шөп атауы ретінде қарастырады.

«Қой» сөзімен байланысты атауларды этноним ретінде түсіндіру де кездеседі. Дегенмен, қазақ жерінде кеңінен тараған Қойбағар атауы қой малын бағуға қолайлы жерлерге қатысты қойылатыны белгілі. Сонымен, қой малымен байланысты топонимдер белгілі бір объектіні қойға ұқсатумен байланысты немес шындығында да нақты қойдың бейнесімен байланысты, кейде қой жаюға қолайлы болу мақсатынан туындаған.

Ірі қара малмен байланысты географиялық атаулар да бар. «Өгіз» сөзіне байланысты жер-су аттары Қазақстанда кеңінен таралған. Зерттеушілер бұл тектес атауларды Қазақстан жерін мекендеген оғыз тайпаларының атымен байланыстырып, Өгізтау, Өгізсу, Екіөгіз топонимдерінің негізінде этноним жатыр деп жорамалдайды.


Қазақстан оронимдері, олардың этимологиясы.

Орографиялық жағынан қазақстан территориясының оңтүстік-шығыс бөлігінде орта және биік тау жүйелері (Тянь-Шань, Сауыр-Тарбағатай, Алтай), орталық бөлігін аласа таулы, ұсақ шоқылы денудациялық жербедер (Сарыарқа, Шу-Іле таулары), оңтүстік-батысы мен батыс бөліктерін ойпатты жазықтар (Каспий маңы, Тұран ойпаттары),


солтүстігі мен солтүстік-шығысын жазықтар (Батыс Сібір жазығы) алып жатыр. Жаратылысы, көнелігі, қалыптасуы жөнінен бір-бірінен өзгеше болып келетін орографиялық бірліктердегі жер бедері де алуан түрлі болады. Жер бедерінің типтері мен пішіндерінің әркелкілігі орографиялық терминологияның да мейлінше бай болуына алғышарт жасады. Көшпелі мал шаруашылығын ұйымдастырудың өзі жер бедерді жақсы ажыратып, бір орыннан екінші орынға көшу барысында ерекше рельеф пішіндерін бағдарлаушы нүктелер ретінде таңдап алуға негіз болды. Осы аталған факторлар әсерінен қазақ оронимиясы күшті жіктелген, метафораларға бай, жергілікті ландшафт ерекшеліктерін дәл бейнелейтін атаулардан тұратын жетілген жүйе ретінде қалыптасты деуге болады. Қазақ оронимдері тілдік ғылымдар тұрғысынан арнайы зерттелген; орографиялық терминдерге географ ғалымдар Ғ.Қоңқашбаев, Г.Ц.Медоев, Э.М.Мурзаев еңбектерінде көрнекті орын берілген.

Оронимдер құрамындағы терминдер рельефтің жіктелу сипатын дәл белгілейді: бұл мәліметтер табиғатты пайдалану барысында маңызды болды. Қазақ тілінде орографиялық элементтерге ат қоюдың өзіндік ерекшеліктері бар.

А) Аласа таулы, ұсақ шоқылы жер бедерімен сипатталатын Сарыарқада салыстырмалы түрде биік тауларды «ұлы», «сораң», «қарқара» деп ерекшелейді. Орташа және биік таулардың шыңдары «тас», «шоқы» сияқты терминдермен белгіленеді.

Ұлытау атауының этимологиясы жөнінде мынадай деректер бар: «Қырғыздардың (қазақ) пікірінше, қырғыз даласындағы барлық таудан биіктігі асып түсетіндіктен осылай қойылған». Дегенмен, айта кететін жағдай, Ұлытау (биік нүктесі 1133м) Сарыарқаның батыс бөлігіндегі ең биік тау болғанымен, басқа таулы адамдар үшін аласа тау қатарына жатады.

Ә) Орал тауының Қазақстанға енетін бөліктеріндегі кішігірім қалдық массивтер, қоршаған ойпаттардан ерекшеленетіндігіне байланысты, «тау» терминімен сипатталады. Мысалы, Қарғалытау, Текетау, Қызбелтау, Қоңыртау, Жыландытау. Керісінше, биік таулы аудандарда аласа, орташа биіктіктегі таулардың өзі «төбе» терминімен белгіленеді.

Б) Тау алды жазықтары мен биік жазықтардың аттарында «дала» термині жиі кездеседі. (Бетпақдала, Оңтүстік Қазақстандағы Сексеуілдала, Жусандала, Ақдала). Бұл заңдылықты халықтың тау мен жазықтың арасындағы жер бедерінің айырмашылықтарын нақты көрсету мақсатын көздеуімен түсіндіруге болады. Керісінше, жазық далада оқшау тұрған биіктіктерге әрқашан «қара» терминімен байланысты атаулар қойылады. Жазық аудандарда ерекшеленіп көзге түсетін кішігірім төбелердің көпшілігінің атауы «қарауыл» сөзімен байланысты. Мұны осы төбелер арқылы жазық далада бағдар алу, жаудың келе жатқанын алдын ала хабарлау мақсатында қойылған деп топшылаймыз.


В) Оронимдердегі түсті білдіретін атаулар көп жағдайда шындығында да тауды құрайтын тау жыныстарының түсімен тікелей байланысты болады. Бұл мәселеге байланысты талас тудыратын жағдайлар бар екендігін ескере отырып, кейбір нақты географиялық сипаттамалары бар объектілердің атауына тоқтала кетейік.



Ақшоқы- Шығыс Қазақстан облысындағы тау аты, таудың абсолютті биіктігі 1055м-ге жетеді. П.П.Семенов атаудың шығу тегін былайша түсіндіреді: «таудың бұл атты алу себебі ұзақ уақыт қар басып жататындығына байланысты». Кейде бұл атаудың этимологиясын «шөпке бай шоқы» деп түсіндіру де кездеседі. Ақшоқы тауының маңында түске байланысты атаулар (Ақтас, Ақшәулі, Ақүбек, Ақши, Сарышоқы, Қаражал) көп шоғырланған. Сондықтан орографиялық элементтерді жіктеуде осы өңір үшін басты белгі- объектілердің түсі болған деп қорытынды жасауға болады.

Көкшетау- іргелес орналасқан денудациялық жазықтардан күрт көтерілетін, беткейлері тік, гранитті массив. Көршілес жазықтармен биіктік айырмасы 500м-ге жетеді. Таудың осы сипатының ерекше әсер қалдыратынын 1813 жылы осы өңірде болған Ф.Назаровтың мына сөздері дәлеледей түседі: «...оң жағымыздан 3 күндік жерден көгілдір тартып сұмдық биіктіктегі Көкшетау тауы көрінеді, тау төбелерін бұлт басып тұр». Бұл тау атының шындығында да түспен байланысты екендігін дәлелдейді.

Оронимдерде табиғат ерекшеліктері ғана емес, мүмкін болар қауіп-қатер де көрініс тапқан. Аталған мәселенің табиғатқа қатысын сол объектілердің орналасу ерекшелігі мен жер бедердің кейбір ерекшеліктеріне түсіндіруге болады, яғни бұл атаулар тобының жанама болса да табиғатқа қатысы бар. Қытаймен шекаралас таулы аудандардың ежелден үлкен сауда жолдары өтетін тұстарындағы кейбір атаулар өте ұқсас болып келеді. Мысалы, Жоңғар Алатауының оңтүстік батысындағы Алтынемел асуы арқылы Жаркентке баратын, ежелден белгілі керуен жолының бойында Тектұрмас шоқысы орналасқан. Алакөл ойысы арқылы өтетін керуен жолдарының айрығында Тектұрмас тауы бар. Зайсан көлінің оңтүстік батыс бөлігі арқылы өтетін ескі керуен жолын жақын жерде Өлмес-Тектұрмас тауы орналасқан. Қырғыз жотасының Тараз қаласының маңындағы солтүстік батыс шетінде Тектұрмас деп аталады. Бұл жердің де үлкен керуен жолының бойында орналасқаныбелгілі. Тектұрмыс атауы қазақтың «тек тұрма» (тыныш тұрма) тіркесіне есім жасаушы- «с» жұрнағының жалңануынан пайда болған.

Сонымен, орографиялық объектілердің табағи ерекшеліктерінен туындайтын әлеуметтік- тұрмыстық жағдайлар да оронимдерге негіз болды. Бұл мәліметтер халық үшін қажетті ақпар болғандықтан, географиялық атауларда ғасырлар бойы сақталып келеді.


«Төбе» терминімен байланысты микротопонимдер, географиялық таралуы.
Зерттеу барысы аталған теориялық ұстанымдарға сүйене келе, қазақ тіліндегі орографиялық аппелятивтерге фоносемантикалық талдау жасауға болатынын көрсетті. Соның нәтижесінде байқалатын жайт: қазақ орографиялық сөздік қорындағы фоносемантикалық атаулардың түп – төркіні сонау “имитативтік” дәуірде жатқандықтан, бастапқы фонемотиптер қазақ тілінен басқа (түркі, үндіеуропа, семит т.б.) тілдерде кездесетін орографиялық аппелятивтер құрамында ұшырасады. Сол себепті зерттеу нысаны етіп алған фоносемантикалық қазақ аппелятивтерін басқа тілдердегі фоносемантикалық географиялық (орографиялық) аппелятивтер қатарында, солардың кең ауқымында қарастырдық. Осылай қарастырғанда ғана талдауға түскен аппелятивтердің фоносемантикалық табиғаты ашыла түседі және де сол атаулардың өте көнелігі дәйектеледі.

Қазақ оронимдері мен топонимдерінде жиі кездесетін басқа да түркі тілдерінде кең тараған орографиялық аппелятивтердің бірі - төбе. Қазақ тілінде төбе, топырақ, құм немесе тастан үйіліп қалған биік дөң, шоқы. Төбе - бастың ең үстіңгі бөлігі, бір заттың ұшар басы, ең жоғарғы жағы. Көне түркі тілінде töpü – “темя”, “макушка”, “голова”, “вершина” екені көрсетілген.

Топонимист ғалым Э.М. Мурзаевтың сөздігінде: Teпe – вершина, бугор, сопка, холм (тюрк). Др. – тюрк. töpü – темя; “макушка”; “голова”; “вершина”. Варианты: дене, добо, топпа, тепа, тобе, тюбэ, тäпä. В рус. геогр. литературе часто принята форма тепе. В Западной Сибири – тубя. Тепелик – “мелкосочник”, “холмогорье” (азерб). В тадж. яз. заимствовано в форме теппа, в перс. – тебе, тубе, тепа. В болг. диал. тепе – “холм”, “бугор”, “вершина”, “пик” из турецк. яз. Ясные параллели: бур. добо – “холм ”, халха – монг. добо – “небольшая горка”, “холм”, “курган”, “насыпь”, добек – “вершина горы”, “пик”; эвенк. Дуеэ – “конец какого – то предмета”; “вершина”, “исток реки”; орочское дувэ, дуэ – “конец”, “острие”, “мыс”; маньчж. дубэ “конец”; “вершина горы, дерева”, “устье реки”, “край”, “предел”, Ср. Хинди тибба, тибби, типа – “холм”; “горка”, “невысокая и небольшая возвышенность” [6,549] деп берілген.

Э.М. Мурзаев келтірген мәліметтерге қарасақ, аталған түбір түркі тілдерінде ғана емес, сонымен қоса палеоазиат, тұңғыс – маньчжур, иран, хинди тілдерінде кездеседі. Осы орографиялық терминнің аса кең аймақта және туыстығы жоқ көптеген тілде таралуы кездейсоқ нәрсе емес. Егер кейбір тілдер арасында (мысалы, түркі мен моңғол, түркі мен тұңғыс- маньчжур) ауыс – түйіс, тілдік тоғысулар (контакттар) орын алса, соның нәтижесінде кірме сөздер (төбе сөзіне, мысалы, қатысты) болуы мүмкін болса, тегі мен орналасуы өте алыстағы тілдер арасындағы ортақ

сөздердің төркіні – имитативтік (фоносемантикалық) табиғатында екенін мойындауымыз керек.

“Төбе” мәнді орографиялық аппелятивтердің негізі болған имитатив формасын туб / тоб / төб / доб / теп / деп санауымызға болатын сияқты. С.В. Воронин көрсеткендей: “домалақ” шар тәрізді үрілген томпақ заттың маңызды белгісінің бірі; еріндік дауысты, дауыссыздар белгілерінің бірі де осы; бұдан домалақ нәрсені білдіретін дыбыс бейнелеуіш сөз түбірінде еріндіктердің артикуляторлық фонемотипіне тиісті, ең болмағанда бір фонеманың болу қажеттігі келіп шығады: салыстырыңыз: түр tepalak, tembalak “домалақ шар тәрізді”, rob “домалақ ыдыс” [8, 67-68]. Жоғарыда көрсеткен “төбе” мәнді дыбыс бейнелеуіш сөздердің имитативтік түбірінде бір емес, кем дегенде екі еріндік дауыс: / о / у / ө дауысты фонемотиптері және б / п дауыссыз фонемотиптер бар. Ал енді у / о / ө фонемотиптері “томпақ”, “домалақ”, “шар тәрізді” денотаттарды дыбыстық түрде белгілейді десек, денотаттардың осы аталған сипаттары “шығыңқы”, “көтеріңкі”, яғни “биікте”, “бас жағында”, “басында”, “төбесінде” деген ұғым түсініктермен, сипаттармен ыңғайлас, сыңарлас жақын болып келеді. Демек, аталған фонемотиптер – дауыстылары немесе дауыссыздары болсын “көтеріңкі”, “үстіңгі”, “басындағы”, “бас”, “төбе”, “биік” деген мағыналарды бедеріне қатысты бере алады.



Топонимикалық ғылыми терминологиясы

  1. Каталог: Книги
    Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
    Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
    Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
    Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
    Книги -> АҚША, несие, банктер
    Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
    Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
    Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
    Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет