А бөлімі 2-тоқсан бойынша №1 жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Достық пен татулық –таптырмас бақыт»



Дата10.12.2019
өлшемі19,84 Kb.
А бөлімі

2-тоқсан бойынша № 1 жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Достық пен татулық –таптырмас бақыт»
Оқу мақсаты 8.3.4.1 – мәтіндердің түрлерін, тілдік

ерекшеліктерін салыстырып талдау жасау.

8.4.1.1 – мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшеліг

сақтап пікір жазу;

8.5.1.3 – етістіктің шартты рай қызметін білу,ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану;

Бағалау критерийі

Білім алушы :

мәтіңдердің түрлерін, тілдік ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасайды;

мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, өзіндік пікір жазады;

шартты райды ауызша/жазбаша жұмыстарда қолданады;

Ойлау дағдыларының

деңгейі қолдану, талдау

Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма. Мәтіндерді оқыңыз. Кестені толтырыңыз.

1- мәтін

Жаман жолдас

Екі дос кісі келе жатып, бір аюға ұшырапты. Бұл екі кісінің біреуі әлсіз, ауру екен, екіншісі мықты, жас жігіт, аюды көрген соң бұл жігіт ауру жолдасын тастап, өзі бір үлкен ағаштың басына шығып кетті дейді. Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрмені жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кісі болды да жатты: естуі бар еді, аю өлген кісіге тимейді деп. Аю бұл жатқан кісінің қасына келіп иіскелеп тұрды да, дыбысы білінбеген соң тастап жөніне кетті. Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсіп аурудан сұрапты:

- Достым, аю құлағыңа не сыбырлап кетті? Ауру айтты дейді:

- Аю құлағыма ақыл сыбырлады, екінші рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма ,-дейді. (107 сөз)
2- мәтін

Достық туралы бірер сөз

«Достық» туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз-досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды»,-депті.

Шынайы достық қандай да болмасын өмірлік жағдайларда досыңа көмекке келіп, оны қолдай білуді талап етеді.

Дос табу оңай, ал оны сақтау қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенуіміз керек. Сенім мен жарқын көңіл –достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.

(112 сөз)








1-мәтін

2-мәтін

Мәтін түрлері :







Тілдік ерекшеліктері :







[3 балл]

2-тапсырма.

2 - мәтін бойынша төмендегі тұжырымдарды пайдаланып, өзіндік пікір жазыңыз.

Берілген тұжырымдарды пайдаланып, өзіндік пікір жазыңыз.

a) «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді...» деген философ А.Шопенгауэрдің пікірімен келісесіз бе? ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

ә) Дос табу оңай, ал оны сақтау қиын. Осы айтылғанмен келісесіз бе? ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

б) Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Сіздің ойыңыз? Сіз қандай доссыз? Достарыңыз көп пе?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ [3балл]

3- тапсырма. Көп нүктенің орнына шартты райдың –са,- се жұрнағын қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.

Бүгін досыма аруханаға бар... -м деп едім.

Достар көп бол... , өмірдің қызығы сол.

Татулық бол ... , бейбітшілік болады.

Дос табу оңай бол..., ал оны сақтау қиын.

Шынайы досың бол..., өмірлік серігің бар.

______________________________________________________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

______________________________________________________________

[5балл]



Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіңдердің түрлерін, тілдік ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасайды.


1


Мәтіндердің түрін ажыратады.

Ерекшелігін біледі.

Талдау жасайды


1

1
1



Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап өзіндік пікір жазады;

2


Берілген тұжырымдарды пайдаланып, өзіндік пікір жазады. (әр пікірге 1 балл)

А. Шопенгауэрдің пікірі.

Дос табу оңай...

Сіз қандай доссыз?


1
1


1

Шартты райды ауызша/жазбаша жұмыстарда қолданады.

3


Шартты райдың –са,- се жұрнағын тапсырмада дұрыс қолданады. (Әр сөйлемге 1 балл)

1-сөйлем


2- сөйлем

3- сөйлем

4-сөйлем

5- сөйлем



1

1



1

1

1



Барлығы







11


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет