А. Ж. Салиева Астана қ. №1 «Бәйтерек» балабақшасының әдіскері


Негізгі жалпы білім беру бағдарламасының вариативтік бөлімін жүзеге асырудағы негізгі тәрбиелік-білімдік ерекшеліктерді, инновациялық әдістемелерді пайдалану



бет9/11
Дата25.12.2021
өлшемі33,08 Kb.
#105204
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Буккросинг график, Жаксыбаева Шариза 304 02.02, биостатистика, биостат 203РК Дұрысталған, электрод
5. Негізгі жалпы білім беру бағдарламасының вариативтік бөлімін жүзеге асырудағы негізгі тәрбиелік-білімдік ерекшеліктерді, инновациялық әдістемелерді пайдалану: 
Балабақшаларда балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға, олардың физикалық және психологиялық дамуына тиімді жағдайлар жасалуы тиіс: кешендік сауықтыру, емдік-профилактикалық іс-шаралары, 4-7 жастағы балаларға арналған ауладағы физкультура сабағының үшінші сағаты аулада өткізіледі.

Мектеп жасына дейінгі балаларды физикалық дамытуға жағдайлар жасалған: физкультура сабақтарында қозғалу белсенділігі режимін ұйымдастырудың әртүрлілігі; белсенді демалысты жоспарлау: физкультуралық ойын-сауықтар, мерекелер, жұмыстың дәстүрлі емес түрлері, үйірмелердің жүргізілуі.

Ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету, жүзеге асырылып жатқан бағдарламалардың талаптарына сәйкес маңызды және мазмұны жағынан әртүрлі заттық-дамытушылық орта.

Қосымша мамандар, жоғары білікті педагогтар дамудың барлық бағыттары бойынша мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыстың жоғарғы деңгейін қамтамасыз етеді. 

Оқытуды жоспарлы, жүйелі, біртіндеп ұйымдастыру балабақшалардағы негізгі сатылар арасындағы бірқалыпты өтуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Іске асылып жатқан бағдарламалар мектепке дейінгі ұйымдардағы жағдайларға және балалардың даму деңгейіне бейімделеді. Педагогтар балалардың жастайынан туған өлкенің ұлттық мәдениетінің қайнар көзіне қанық болып өсуіне тырысады. Бұл білім берудің қосымша мазмұнына іріктегенде, жергілікті авторлардың әдеби шығармаларын оқып, таңдағанда көрінеді. Туған қаланың көпұлтты екенін ескере отырып, этномәдени компонентке әртүрлі мәдениеттер диалогы арқылы көңіл бөлінеді (қазақ, орыс және т.б.)..

Мектепке дейінгі білім берудің өңірлік компонентінің мәдени бағыттылығын тиімді іске асыру үшін келесі педагогикалық жағдайлар анықталып, негізделген:

  • мектепке дейінгі білім берудің өңірлік компоненттерінің мазмұнын жаңарту негізінде мектеп жасына дейінгі тұлғаның мәдени бағыттылығын қалыптастыру;

  • мектепке дейінгі ұйымдардың мәдени-дамыту ортасы; 

  • мектепке дейінгі білім беру мекемелері мен отбасының тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет