А. Ж. Салиева Астана қ. №1 «Бәйтерек» балабақшасының әдіскері


Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдар Үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлімі туралы Ережені әзірлеу Міндеттер



бет3/11
Дата25.12.2021
өлшемі33,08 Kb.
#105204
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Буккросинг график, Жаксыбаева Шариза 304 02.02, биостатистика, биостат 203РК Дұрысталған, электрод
Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдар Үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлімі туралы Ережені әзірлеу

Міндеттер:

- ереженің мақсаты, міндеті және негізгі қағидаларын анықтау;

- ереже мазмұнын әзірлеу;

- ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің әр саласы бойынша меңгеруге тиісті білім, білік және дағдылар көлемі мен мазмұнын анықтау.


 
Күтілетін нәтиже:

- мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарын ережемен және балалардың қабілеттерін ашу, бос уақытын ұйымдастыру бойынша әдістемеік ұсынымдармен қамтамасыз ету.



ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Оқу жоспары – балабақшаларда оқытылатын тікелей білім беру қызметі түрлерінің саны және құрамы анықталған құжат. Оқу жоспары  екі бөлімнен тұрады: инварианттық (міндетті) және вариативтік.

Жоспардың міндетті бөлімі тікелей білім беру қызметінің негізгі түрлеріне бөлінетін ең аз сағат санын реттейді. Жоспардың бұл бөлімі өзгермейді.

Жоспардың вариативтік бөлімі білім берудің вариативтігін қамтамасыз етеді, мектепке дейінгі ұйымдар қызметтерінің басты бағыттарын және тәрбиешілерге арналған білім беру салаларын кеңейтуді мәлімдейді. Өзіндік қызмет мектепке дейінгі ұйымдар жүйесі қызметкерлеріне көптеген мәселелер мен қиындықтар туғызады.

1. Педагогтар өз бағдарламаларының түрлерін толық жеткілікті білмейді.

2. Педагогтарға бағдарламадағы өз бөліктерінің маңыздылығын және оны нақты топтармен жұмыстың тәжірибесіне енгізу қажеттігін негіздеу қиындық туғызады.

3. Педагогтарға бағдарламаларды құрылымдау қиындық туғызады, олар қосымша білім беру бағдарламасына берілген құрылымға сүйене отырып өздері әзірлеген құжат бөлігі болып есептелетін мектепке дейінгі білім берудің негізгі жалпы білім беру бағдарламасына қойылатын мемлекеттік стандарт талаптарын ескермейді.

4. Педагогтарға өздері әзірлеген бағдарламалар мазмұнындағы «күтілетін нәтиже» анықтамасы қиындық туғызады.

Осыған байланысты білім беру процесіне қатысушылар әзірлеген негізгі жалпы білім беретін бағдарламаның бөлімін құрастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар мен ережелер әзірлеу қажеттілігі пайда болды.

Вариативтік бөлім, мектеп жасына дейінгі баланың жеке мінез-құлқын қалыптастырады және олардың тұлғалық ерекшеліктерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін ескереді.

Білім берудің вариативтігі - Қазақстандағы қазіргі заманғы білім беру жүйесін дамыту бағыттары мен негізін қалаушы қағидаларының бірі.

Вариативтік бөлім тәрбие мен оқытудың кешенді бір ізді жүйесі ретінде білік пен дағдылар, нұсқама деңгейінде денсаулыққа деген жанашырлық, арақатынасты құруға мүмкіндік береді:


  • Қазіргі әлемде өзін барынша тиімді және қауіпсіз көрсетуге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастастыру;

  • Туындаған мәселелерге шығармашылықпен қарайтын, өзін-өзі реттейтін дағдыларды меңгерген тұлғаны қалыптастыру;

  • Адамдармен тиімді өзара іс-қимыл, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру;

  • Балаларды тәрбиелеу және отбасылық қатынастарды құруға қажетті білім мен дағдыларды алу;

  • Науқасты күту, аурудың алдын алу және гигиена дағдыларын, салауатты өмір салтына сұранысты қалыптастыру;

  • Ұтымды тамақтану, дене шынықтыру және басқа да жеке денсаулығын жетілдіру дағдыларын қалыптастыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет