А. Ж. Салиева Астана қ. №1 «Бәйтерек» балабақшасының әдіскері



бет2/11
Дата25.12.2021
өлшемі33,08 Kb.
#105204
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Буккросинг график, Жаксыбаева Шариза 304 02.02, биостатистика, биостат 203РК Дұрысталған, электрод
Пікір жазғандар:

педагогика ғылымдарының докторы А. Е. Жұмабаева

педагогика ғылымдарының кандидаты А. Ж. Салиева

Астана қ. №1 «Бәйтерек» балабақшасының әдіскері Жунуспекова К.У.



Мектепке дейінгі ұйымдардың үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлімі туралы ереже. – Астана, 2013. – 16 б.

Бұл Ережеде мектепке дейінгі ұйымдарға арналған үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлімінің мазмұнын толықтыру бойынша талаптар және әдістемелік ұсынымдар берілген.

Бұл Ереже мектепке дейінгі ұйымдар басшыларына, әдіскерлеріне және педагогтарына арналған.

«Мектепке дейінгі балалық шақ»

республикалық орталығы, 2013
КІРІСПЕ

Еліміздің білім беру жүйесін жаңғырту мектепке дейінгі білім берудің жалпы білім беру жүйесінің алғашқы сатысы ретінде статусын және орнын анықтауға және мектепке дейінгі білім беру саласындағы қатынастарды реттейтін нақты жаңа құжаттардың пайда болуына мүмкіндік туғызды.

Жаңа нормативтік құжаттарды енгізу қазіргі балабақшалардағы білім беру жұмыстарын ұйымдастыруға, атап айтқанда мектепке дейінгі білім берудің негізгі жалпы білім бағдарламаларын әзірлеу бойынша мекеменің өзіндік қызметіндегі маңызды өзгерістерге себепші болды. Дегенмен ғылыми және әдістемелік әдебиетте мектепке дейінгі білім берудің негізгі жалпы білім беру бағдарламаларының міндетті бөлімдерін әзірлеу ерекшеліктері барынша толық ұсынылған: оның құрылымы анықталған, әрбір құрылымдық бірліктің қажетті мазмұны жазылған.

Сонымен бірге білім беру процесіне қатысушылар қалыптастырған (мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларының вариативтік бөлімі) бөлімді әзірлеу мәселесі айтарлықтай қарастырылмаған.

Осы бөлімді әзірлеу – педагогтың шығармашылық жұмысы және тәрбиеші осы тәрізді құжаттарға қойылатын талаптарға сүйене отырып, бағдарламадағы өз бөлігін мазмұнды толықтырырады және құрылымын ерікті таңдайды.

Қазіргі қоғам жас ұрпаққа білім беру жүйесіне, оның ішінде оның бірінші сатысы – мектепке дейінгі білім беру жүйесіне жаңа талаптар қояды.

Мектепке дейінгі білім беру вариативтігі және ізгілік қаидалары өмірге енді. Балабақшаларға арналған көптеген жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламалары пайда болды.

Кезекті маңызды міндет – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың вариативтік бөлімін енгізу және осы үлгідегі білім беру процестерін нормативтік және әдістемелік қамтамасыз ету негіздерін әзірлеу.

Ғылыми түпнұсқаларда ұсынылған ұғымдар талдауы педагогтардың кәсіби шеберлігін, мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиелік-білімдік жұмыстардың жоғарғы сапасын қолдап арттыруға бағытталған әдістемелік жұмысты біртұтас өзара байланысты шаралар жүйесі деп білуге мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет