А. Ж. Сисенбердиева


 Қажетті ресурстар мен қаржыландыру кӛздерi



Pdf көрінісі
бет39/43
Дата19.04.2020
өлшемі2,95 Mb.
#63050
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
sisenberdieva-dene-tarbiesi


6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру кӛздерi 
Мемлекеттік  бюджеттен  Бағдарламаны  іске  асыруға  жұмсалатын  жалпы 
шығын  160844185  мың  теңгені,  соның  ішінде  республикалық  бюджет 

 
350 
қаражатынан 85120172 мың теңгені, жергілікті бюджет қаражатынан 75724013 
мың теңгені құрайды. 
  
  
2007 
2008 
2009 
2010 
2011 
Республикалық бюджет  8531594  32294965  26783613  8500000  9010000 
Жергіліктi бюджет 
13201664  14252326  15162088  16071813  17036122 
  
Бағдарламаны  іске  асыруға  қажетті  бюджет  қаражатының  кӛлемі  тиісті 
қаржы  жылына  арналған  республикалық  және  жергілікті  бюджеттерді  бекіту 
кезінде нақтыланатын болады. 
 
 
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер мен кӛрсеткіштер 
Бағдарламаны  іске  асыру  барысында  мынадай  нәтижелерге  қол 
жеткізілетін болады: 
бірінші кезең (2007-2009 жылдар): 
сала  мамандарының  біліктілігін  арттыру  мен  қайта  даярлау  жүйесі 
жетілдірілетін болады; 
дене  шынықтырумен  және  спортпен  жүйелі  шұғылданушы  халықтың 
үлесі 16,3%-ға дейін ӛседі; 
халықтың түрлі әлеуметтік-демографиялық топтарының дене тәрбиесінің 
сабақтастығы қамтамасыз етіледі; 
балалар мен жасӛспірімдер спорт мектептерінің саны 2007 жылы 400-гe, 
2008  жылы  410-ға,  2009  жылы  420-ға  кӛбейіп,  оларда  шұғылданушыларды 
қамту 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасӛспірімдердің жалпы санының 
8,5 %-на жетеді; 
спорттағы  дарынды  балаларға  арналған  мектеп-интернаттар  құрылады 
және олардың саны 2007 жылы  - 15-кe, 2008 жылы - 16-ға, 2009 жылы - 17-гe 
жетеді; 
екінші кезең (2010-2011 жылдар): 
жаттықтырушы-оқытушылар құрамының біліктілігі арттырылады; 
дене  шынықтырудың  және  жоғары  жетістіктер  спортының  ғылыми 
базасы жетілдірілетін болады; 
дене  шынықтырумен  және  спортпен  жүйелі  шұғылданушы  халықтың 
саны 17%-ға дейін ӛседі; 
балалар мен жасӛспірімдер спорт мектептерінің саны 2010 жылы - 425-ке, 
2011  жылы  430-ға  кӛбейіп,  оларда  шұғылданушыларды  қамту  6  жастан  18 
жасқа дейінгі балалар мен жасӛспірімдердің жалпы санының 10%-ын құрайды; 
спорттағы  дарынды  балаларға  арналған  мектеп-интернаттардың  саны 
2010 жылы 19-ға, 2011 жылы олардың саны 20-ға жетеді; 
республиканың  ұлттық  құрама  командаларына  мүшелікке  үміткерлердің 
даярлық деңгейі мен халықаралық дәрежедегі спортшылардың саны артады; 

 
351 
әлем,  Азия  чемпионаттарын,  әлем,  Азия  кубоктарын,  Азия  және 
Олимпиада  ойындарын  қоса  алғанда,  спортшылардың  ірі  халықаралық 
жарыстарға даярлығы мен қатысуы қамтамасыз етіледі; 
саланың нормативтік құқықтық базасы жетілдірілетін болады. 
 
8-қосымша  
 
    Қазақстан Республикасының 
                                                                                Денсаулық сақтау министрінің  
2010 жылғы «13» қаңтардағы 
№  13 бұйрығымен бекітілген 
 
«Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарын күтіп-ұстауға және 
пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» 
санитариялық ережелері 
1. Жалпы ережелер 
1.Осы  «Білім  берудің  мектепке  дейінгі  ұйымдарын  күтіп-ұстауға  және 
пайдалануға 
 
қойылатын 
санитариялық-эпидемиологиялық 
талаптар» 
санитариялық  ережелері  (бұдан  әрі  –  санитариялық  ережелер)  білім  берудің 
мектепке дейінгі ұйымдарын жобалауға, құрылысына, реконстукциялауға,  жер 
учаскесіне, ғимаратқа, үй-жайларды күтіп ұстауға, жӛндеуге және пайдалануға 
енгізуге,  жабдықтауға,  тамақтандыруды  ұйымдастыруға,  ауа-жылу  режиміне, 
табиғи  және  жасанды  жарықтандыруға,  сумен  жабдықтауға  және  кәрізге, 
медициналық  кӛмек  кӛрсетуге  және  гигиеналық  тәрбиеге  қойылатын 
санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтиды.  
2.Осы  санитариялық  ережелер  қызметі  барлық  типтегі  және  түрдегі 
мектепке  дейінгі  ұйымдарды  пайдаланумен  және  күтіп-ұстаумен  байланысты 
жеке және заңды тұлғаларға арналады.  
3.Осы санитариялық ережелерде мынадай терминдер пайдаланылды:  
1) 
білім  берудің  мектепке  дейінгі  ұйымдары  -  Қазақстан 
Республикасының  заңдарына,  мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  және  оқытудың 
мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары негізінде әзірленген бағдарламалар 
мен  оқу  жоспарларына  сәйкес  тәрбие-білім  беру  қызметін  жүзеге  асыратын, 
сондай-ақ қосымша сауықтыру және заңнамада кӛзделген басқа да қызметтерді 
кӛрсететін жеке және заңды тұлғалар
2)  білім  берудің  жалпы  типтегі  мектепке  дейінгі  ұйымдары  – 
сыйымдылығы  4-тен  бастап  12-ге  дейін  топ  болатын,  ережеге  сай  ӛзінің 
тәрбиеленушілерінің тұрақты контингентіне педагогикалық және медициналық 
қызмет  кӛрсететін  және  жеке  тұрған  ғимаратта  орналасатын  мектепке  дейінгі 
ұйымдар; 
3)  шағын  мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдары  (шағын  орталықтар)  – 
сыйымдылығы 3 топқа дейінгі, ережеге сай жеке тұрған ғимаратта, кӛп пәтерлі 

 
352 
тұрғын  үйде,  сондай-ақ  құрылған-жапсарлас  үй-жайларда  орналасатын 
мектепке дейінгі ұйымдар; 
4) топтық бӛлік – бір топтың балаларына арналған үй-жай жиынтығы; 
5) топтың жинақталуы – топтағы балалардың нормаланатын саны; 
6) күн тәртібі – балаларға арналған белгіленген күн тәртібі;  
7)  таңертеңгі  сүзгі  -  инфекциялық  аурулардың  әкелінуінің  алдын  алуға 
бағытталған профилактикалық медициналық іс-шаралар;  
8) дене тәрбиесі - адамның денсаулығын нығайтуға және дене қабілетін 
дамытуға бағытталған қызмет саласы;  
9)  тиімді  тамақтандыру  –  тамақтанудың  физиологиялық  және  жас 
нормаларын ескере  отырып, баланстанған тамақтандыру;  
10)  бракераж  –  органолептикалық  кӛрсеткіштер  бойынша  тамақ 
ӛнімдерінің және дайын тағамның сапасын бағалау;  
11) изолятор - науқасты оқшаулауға арналған үй-жай;  
12)  инсоляция  -  үй-жайды  гигиеналық  бағалау  үшін  күн  радиациясын 
нормалайтын кӛрсеткіш;  
13)  табиғи жарықтандыру  коэффициенті  (бұдан  әрі  -  ТЖК)  –  үй-жайды 
табиғи жарықтандыруды нормалайтын кӛрсеткіш;  
14) климаттық аймақ – климаттық белгілері (температура, ылғалдылық) 
бойынша бӛлінетін аумақ;  
15)  септик  –  ағынды  сұйықтық  ағып  ӛтетін  бір  немесе  бірнеше 
камерадан тұратын кӛлденең типтегі жер астындағы тұндырғыш ретінде шағын 
кӛлемдегі тұрмыстық ағынды суды тазалауға арналған құрылыс;    
16)  дезинфекциялау  құралдары  –  қоршаған  орта  объектілерінде 
инфекциялық  аурулар  қоздырғыштарын  жою  үшін  қолданылатын  химиялық 
заттар.  
 
2.Білім  берудің  мектепке  дейінгі  ұйымдарын  орналастыруға 
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 
 
4.Білім  берудің  мектепке  дейінгі  ұйымдары  (бұдан  әрі  –  ББМДҰ) 
магистральді  кӛшелерден,  коммуналдық  және  ӛнеркәсіптік  ұйымдардан 
алыстатылған  елді  мекендердің  тұрғын  аймағында:  оңашаланған  жер 
учаскелерінде,  жеке  үй  иелігінде,  үш  қабаттан  жоғары  емес  құрылған-
жапсарлас  үй-жайда,  сондай-ақ  кӛп  пәтерлі  тұрғын  үйлердің  бірінші 
қабаттарында орналастырылады. 
Салынған  немесе  реконструкцияланған  ББМДҰ-ын  пайдалануға 
енгізуге,  сондай-ақ  жұмыс  істеп  тұрған  ББМДҰ-ның  қызметіне  халықтың 
санитариялық-эпидемиологиялық  салауаттылығы  саласындағы  нормативтік 
құқықтық  актілерге  және  гигиеналық  нормативтерге  сәйкестігі  туралы 
санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болған кезде рұқсат етіледі.  
5.Жалпы  типтегі  ББМДҰ-ның  жер  учаскелерінде  мыналар  кӛзделеді: 
топтық алаң аймағы, жалпы дене шынықтыру алаңы, шаруашылық аймағы. 

 
353 
 6.Жалпы типтегі ББМДҰ-ның ойын алаңдарының кӛлемі: сәби жастағы 
балалар  үшін  бір  орынға  7,5  м
2
;  мектеп  жасына  дейінгі  балалар  үшін  7,2  м
2
 
қабылдау керек.  
ББМДҰ-ның  топтық  бӛліктерінің  үй-жайлары  ауданы  мен  балалардың 
жас ерекшелігін есепке ала отырып,  топтардың жинақталуы  осы ережелерге 1-
қосымшаға сәйкес қабылданады. 
Әртүрлі  жастағы  (аралас)  топтардың  контингентін  іріктеуде  ұйымның 
ондағы  әрбір  жастағы  топтың  анатомиялық-физиологиялық  ерекшеліктеріне 
барынша сәйкес келетін күн тәртібі мүмкіндігін есепке алуы тиіс. 
Аз жиынды ББМДҰ-нда топтарды топтастыру кезінде мыналар: 
аралас (сәби, мектепке дейінгі) жастағы балалардың екі аралас тобы; 
аралас  жастағы  балалардың  екі  аралас  тобы  және  бір  дайындық  тобы 
тиімді болып табылады. 
7.Кӛп  пәтерлі  тұрғын  үйлердің  бірінші  қабатында,  жеке  үй  иелігінде, 
құрылған-жапсарлас  үй-жайларда  орналастырылатын  ББМДҰ-ның  үй  жаны 
аумағында алаңы кемінде 60 м
2
 болатын жеке жер учаскесі болады.  
8.Кӛп  пәтерлі  тұрғын  үйдің  бірінші  қабатында  орналастырылатын 
ББМДҰ-ның  тұрғын  үйдің  кіреберісімен  біріктірілмеген жеке  кіру  есігі болуы 
тиіс. 
9.Кӛп  пәтерлі  тұрғын  үйлердің  бірінші  қабатында,  жеке  үй  иелігінде, 
құрылған-жапсарлас  үй-жайларда  орналастырылатын  ББМДҰ-ның  үй  жаны 
аумағында  ББМДҰ-нан  50  метрден  аспайтын  қашықтықта  және  ББМДҰ 
ғимаратының сыртқы қабырғасынан немесе кӛп пәтерлі тұрғын үйден кемінде 
10 метр қашықтықта тек ойын алаңын кӛздеуге жол беріледі. 
10.Жалпы  типтегі  ББМДҰ-ның ойын  алаңдарында  ғимараттағы  топтық 
бӛліктерге сәйкес келетін үй-жайдан шығу есігімен ыңғайлы байланыс болады. 
Сәби  жастағы  балаларға  арналған  алаңдар  осы  топтардың үй-жайлардан  шығу 
есігіне тікелей жақын орналасады. 
11.Ойын алаңдарындағы жабдық балалардың бойы мен жасына сәйкес,  
сенімді  және  берік  орнатылады.  Жабдықтың  беті  шығыңқысыз  және  кедір-
бұдырсыз, шығыңқы бұрандасыз, суға тӛзімді және оңай тазалануы тиіс.  
12.Әрбір  ойын  алаңында  кӛлеңке  бастырма  орнатылады.  Кӛлеңке 
бастырманың  едені  жылу  ӛткізгіш  материалдардан  (ағаш  және  басқа  да 
материалдар) дайындалады.  
13.Ойын  алаңдарының  жабыны  сәби  жастағы  балалар  үшін  шӛптен, 
мектеп  жасына  дейінгі  балалар  үшін  шӛптен  және  тығыздалған  топырақтан 
болады.  
14.Мектепке  дейінгі  топтар  үшін  ортақ  жидек-бақшасын  жоспарлауға 
жол беріледі.  
15.Дене шынықтыру алаңы мыналарды: 
қозғалыс ойындарына арналған жабдықтары бар аймақты; 
гимнастикалық жабдық және спорт жабдығы бар аймақты
жүгіретін жолды; 

 
354 
секіру шұқырын; 
кедергі жолдарды қамтиды. 
Сыйымдылығы 150 орынға дейінгі ББМДҰ-ы кӛлемі кемінде           250 
метр
2
  болатын  бір  дене  шынықтыру  алаңымен,  сыйымдылығы                              150 
орыннан асқан кезде - кӛлемі кемінде 150 және 250 метр
2
 болатын екі алаңмен 
жабдықталады. 
Қозғалыс  ойындарына  арналған  жабдықтары  бар  аймақтың  беті  – 
шӛптен,  қалған  барлық  аймақтар  –  қатты  немесе  құм  себілген  немесе  ұсақ 
қиыршық  тастармен  нығыздалған  құм  жабынынан  болады.  Тротуар  плитаны 
қолдануға жол беріледі. 
Дене шынықтыру алаңының жанына ауыспалы тереңдігі 0,4 метрден 0,6 
метрге  (бұдан  әрі  –м)  дейін  және  ауданы  4х8  м  немесе  6х10  м  болатын  ашық 
жүзу  бассейндерін  орнатуға  жол  беріледі.  Бассейннің  іші  ені  1  м  аяқ 
ваннасымен жабдықталады. 
Жабық  (балаларды  жүзуге  үйрететін)  бассейндерді  күтіп-ұстау  және 
пайдалану  жүзу  бассейндерінің  құрылғысына,  пайдалануға  және  сапасына 
қойылатын гигиеналық талаптарға сәйкес болуы тиіс. 
Ашық  жүзу  бассейндері  (Нормативтік  құқықтық  актілерді  мемлекеттік 
тіркеу  тізілімінде  №  6074  болып  тіркелген)  «Санитарлық-эпидемиологиялық 
ереже мен нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық 
сақтау  министрі  міндетін  атқарушының  2004  жылғы  18  тамыздағы  №  632 
бұйрығына сәйкес үй-жайлардың толық жиыны кӛзделеді. 
16.Оқшауланған  шаруашылық  алаңы  ас  блогына  және  кір  жуатын 
орынға  жақын  орналасады,  қатты  жабыны  (асфальт,  бетон)  және  ӛз  алдына 
бӛлек кӛлік кіретін жолы болады. Аумақтағы шаруашылық алаңға кіретін жол 
топтық алаңдарға қатынайтын жаяу жүргіншілер жолдарымен қиылыспайды.  
Шаруашылық  алаңда  кӛлемі  кемінде  50  м
2
  болатын  кӛкӛніс  сақтау 
қоймасын орналастыруға жол беріледі. 
17.Қақпағы  бар  металл  қоқыссалғыштар  шаруашылық  аймақта  
бетондалған немесе асфальтталған алаңда орналастырылады.  
Кӛп  пәтерлі  тұрғын  үйдің  бірінші  қабатында,  жеке  үй  иелігінде, 
құрылған-жапсарлас  үй-жайларда  орналастырылатын  ББМДҰ-ның  қоқысын 
жинау  үшін  тұрғын  үйдің  ортақ  қоқыссалғышын  немесе  контейнерлерді 
пайдалануға жол беріледі.  
18.Оңашаланған  учаскелерде  орналастырылатын  ББМДҰ-ның  жер 
учаскесінде кемінде 1,6 м биіктікте қоршауы болады.  
 
3.Білім  берудің  мектепке  дейінгі  ұйымдарының  ғимаратына  және 
үй-жайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 
 
19.Ғимаратта  және  учаскеде  топтарды  әкімшілік-шаруашылық  үй-
жайлардан барынша оқшаулау принципі сақталады.  

 
355 
20.Ғимаратқа сырттан кіретін есікте кеңдігі кемінде 1,6 метр екі қабатты 
тамбур кӛзделеді. Кіру есіктерінің біреуінің сыртқы есігі ішке қарай ашылады.  
Әйнегі бар есіктер орнатуға жол берілмейді.  
 21.Жалпы  типтегі  ББМДҰ-ның  негізгі  және  қосымша  үй-жайларының 
құрамы  мен  алаңы  осы  санитариялық  ережелерге  2-қосымшаға  сәйкес 
қабылдануы 
керек. 
2003 
жылғы 
шілдеге 
дейін 
салынған 
және 
реконстукцияланған жалпы типтегі ББМДҰ-ның үй-жайларына қолданымайды. 
Сәби  жастағы  балалар  үшін  топтық  бӛліктер  әрбір  топқа  жеке  кіру  есігі 
бар бірінші қабатқа ерекшелікпен орналастырылады.  
Үш қабатты ғимараттардың үшінші қабатында ересек (4 жастан бастап) 
жас  тобындағы  балалардың  топтық  бӛліктері,  залдар  және  жұмысқа  арналған 
ӛзге де арнайы үй-жайлар, қызметтік-тұрмыстық және рекреациялық үй-жайлар 
орналастырылады. 
Бірінші  топтағы  жас  балаларды  қабылдау  бӛлмесінде  ата-аналардың 
шешінуіне және баласын тамақтандыруға арналған орын бӛлінеді.  
22.Шағын ББМДҰ-ында (шағын орталық): шешінетін орын холл түрінде 
бірге кӛзделеді. Санитариялық тораптарда әрбір 10 балаға бір унитаз және бір 
раковина жабдықталады. Бір үй-жайда ойын және жатын бӛлмелерін біріктіруге 
жол беріледі. 
23.ББМДҰ-ында 4 – 7 балалар тобы үшін алаңы кемінде 80 м
2
 болатын 
музыка және гимнастика сабақтарына арналған бір зал, мектепке дейінгі білім 
беру ұйымдарында 8 – 10 (12) топта – алаңы кемінде 80 м
2
 және 50 м
2
 болатын 
екі зал болуы керек. 
Шағын ББМДҰ-да: 
-музыка  және  гимнастика  сабақтарына  арналған  зал  кӛздеуге  жол 
берілмейді; 
-қауіпсіздік  шаралары  сақталған  жағдайда  музыка  және  гимнастика 
сабақтарын ойын бӛлмесінде жүргізуге жол беріледі. 
24.ББМД-ында 
цокольдық 
қабаттарда 
қосымша 
үй-жайларды 
орналастыруға жол беріледі. 
25.Ойын,  топтық  және  жатын  үй-жайларда    табиғи  тіке  немесе 
бұрыштық желдету қамтамасыз етіледі. 
26.Фрамугалар  мен  желдеткіштер  әрбір  үй-жайдың  терезелерінде 
кӛзделеді және  жылдың барлық мезгілінде пайдаланылады. 
27.Баспалдақтардың биіктігі 1,2 метр қоршауы болады. Тұтқалар ересек 
адамдар  үшін  0,85  метр,  балалар  үшін  0,5  метр  биіктікте  орналасады. 
Баспалдақтар қоршауының тігінен орнатылған элементтерінің саңылауы      0,1 
метрден аспайтын болады, оларды кӛлденең орнатуға жол берілмейді. 
28.Негізгі  үй-жайларды  санитариялық-техникалық  жабдықтармен 
жабдықтау осы санитариялық ережелерге 3-қосымшаға сәйкес болады. 
29.ББМДҰ-ның  ғимаратында  ваннасының  кӛлемі  3х7  метр  және 
ауыспалы  тереңдігі  0,6м-ден  0,8  м-ге  дейін  болатын  жүзу  бассейіні  болуына 
жол беріледі. Ваннаның периметрі бойынша биіктігі 0,15 м, ені 0,30 м болатын 

 
356 
ернеуі  және  оны  айналып  жүретін  жолдың  кеңдігі  0,75  м-ден  кем  емес  жолы 
кӛзделеді.  Себезгіден  айналып  жүретін  жолға  шығу  орындарында  ұзындығы 
және ені 0,8 м және тереңдігі 0,1 м болатын аяқ ваннасы орнатылады. 
Бассейн  үй-жайларының  құрамына  мыналар  кіреді:  ваннасы  бар  зал, 
себезгісі  және  дәретханасы  бар  екі  шешінетін  орын,  жаттықтырушының 
бӛлмесі, мейірбике бӛлмесі, суды талдау зертханасы, басқару торабы, бассейнге 
қызмет кӛрсетумен байланысты техникалық үй-жайлар. 
Жүзу  бассейіндерінің  құрылғысы,  жабдығы  мен  күтіп-ұстау 
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6074 болып 
тіркелген)  «Санитарлық-эпидемиологиялық  ереже  мен  нормаларды  бекіту 
туралы»  Қазақстан  Республикасының  Денсаулық  сақтау  министрі  міндетін 
атқарушының  2004  жылғы  18  тамыздағы  №  632  бұйрығына  және  осы 
санитариялық ережелерге сәйкес кӛзделеді. 
30.Медициналық  бӛлме  сыйымдылығына  қарамастан  ББМДҰ-ы  үшін 
бӛлінеді. 
Кӛп  пәтерлі  тұрғын  үйдің  бірінші  қабатында,  жеке  үй  иелігінде, 
құрастырылған  –  жапсарлас  үй-жайларда  орналастырылатын  медициналық 
блоктың, 
ББМДҰ-дың 
үй-жайлар 
жиыны 
халықтың 
санитариялық-
эпидемиологиялық  салауаттылығы  саласындағы  тиісті  аумақтағы  мемлекеттік 
органымен келіседі. 
31.Медициналық  пункттің  үй-жайлар  құрамында  изолятор  (изолятор 
палатасы  ӛту  жолында  орналаспаған)  және  дезинфекциялық  құралдарды 
дайындауға арналған үй-жай кӛзделеді.  
32.  Жалпы  типтегі ББМДҰ-ның  ас блогы  құрамына  мыналар  кіреді:  ас 
дайындау және жуу асүйі, тоңазытқыш қондырғысы бар құрғақ азық-түліктерге 
арналған  қойма  және  кӛкӛністерге  арналған  қойма.  Жуу,  ас  дайындау  және 
бӛлшектеу  бӛлмелері  асүйден  арақабырғалықпен  бӛлінеді  немесе  қолданылу 
мақсаты бойынша аймақпен анықталады. 
33.Кӛп  пәтерлі  тұрғын  үйдің  бірінші  қабатында,  жеке  үй  иелігінде 
орналастырылатын ас  блогының,  ББМДҰ-ның үй-жайлар жиыны  ББМДҰ-ның 
қуаттылығына 
байланысты 
халықтың 
санитариялық-эпиемиологиялық 
салауаттылығы саласындағы тиісті аумақтағы мемлекеттік органмен келіседі. 
34.Шағын    ББМДҰ-да  (шағын  орталық)  ас  дайындауға  аймақтауды 
сақтау  кезінде  (шикізатты  дайындау,  әзірлеу,  тарату)  жұмыс  істеп  тұрған 
асүйдің алаңында жол беріледі. Тамақ ӛнімдеріне арналған қоймалар болмаған 
кезде сатып алу бір аптадан асырмай жүзеге асырылады. 
35.Кӛкӛністерді  және  құрғақ  ӛнімдерді  сақтауға  арналған  қоймалар 
асүйден оқшауланады. 
36.Кір жуу және үтіктеу үй-жайлары аралас кӛзделеді. Кір жуу кезінде 
лас  және  таза  тӛсек  әбзелдерінің  ағымы  сақталады.  Топтық  бӛліктер  мен  ас 
блогы үй-жайларына қарама-қарсы кір жуу бӛлмесіне кіру есігін орнатуға жол 
берілмейді. 

 
357 
Шағын ББМДҰ-ның (шағын орталық) тӛсек әбзелдерін арнайы кір жуу 
орындарында жууды ұйымдастыруға жол беріледі. 
37.ББМДҰ-ның  қабырғалары  мен  едендері  тегіс  болуы  кӛзделеді  және 
ылғалды тәсілмен жинауға мүмкіндік беретін әрленуі болады. 
Топтық  бӛліктердің  негізгі  үй-жайларының,  музыка  және  гимнастика 
сабақтарына  арналған  бӛлмелердің  қабырғаларының  бетінде  ашық  түстерінің 
күңгірт  фактурасы  және  жуу  мен  дезинфекциялауға  тӛзімді  болады.  Ас  блогы 
үй-жайының,  кір  жуу  бӛлмесінің,  үтіктеу  және  дәретхана  бӛлмелерінің 
қабырғалары 1,8 м биіктікте глазурленген плитамен әрленуі керек. 
38.Топтық,  ойын,  жатын  үй-жайларының,  медициналық  блоктың, 
дәліздің  жылуды  тӛмен  ӛткізетін  жабыны  (паркет,  тақтайша,  жылытылған 
негізде линолеум) болады.  
Ас блогының, кір жуу, үтіктеу және дәретхана бӛлмелерінің едендеріне 
керамикалық плита тӛселеді. 
4. Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарындағы 
табиғи және жасанды жарығына қойылатын 
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар 
 
39.ББМДҰ-ның негізгі үй-жайларында табиғи жарық болады. 
Табиғи  жарықтандыру  коэффицентінің  шамасы  (бұдан  әрі  –  ТЖК) 
топтық, жатын, бӛлмелерінде, медициналық бӛлмеде, изолятор палаталарында, 
музыка және дене шынықтыру сабақтарына арналған үй-жайларда, компьютер 
класында - кемінде 1,5 %, шешінетін орында -  1,0% -дан тӛмен емес. 
Екінші  жарықпен  жарықтандыру  тек  дәретхана,  қабылдау  және 
шешінетін  үй-жайларда  ғана  жол  беріледі.  Персоналға  арналған  буфет,  қойма 
және дәретхана үй-жайларында табиғи емес жарық орнатуға жол беріледі. 
Топтық, ойын және жатын бӛлмелеріндегі жарық жақтаулары реттелетін 
күннен  қорғаныш  құрылғыларымен  жабдықталады.  Күннен  қорғаныш 
құрылғылары  (бұдан  әрі  –  КҚҚ)  ретінде  тек  тік  бағытталған  ішкі, 
сектольаралық  және  сыртқы  жалюзилер  пайдаланылады.  Реттелетін  бастапқы 
қалыптағы  КҚҚ  құрылымы  терезе  жақтауының  жарыққа  активті  ауданын 
азайтпауы және  ТЖК нормаланатын шамасын тӛмендетпеуі тиіс. Жалюзи үшін 
пайдаланылатын материал суға, жуу және дезинфекциялау құралдарына тӛзімді 
болуы тиіс. КҚҚ ретінде қабырға түсімен үйлесетін ашық түсті матадан тігілген 
перделерді  де  пайдаланады.  Жарық  ӛткізгіштік  деңгейі  жеткілікті  және 
жарықты жақсы тарататын қасиетке ие мақта-қағаз матадан (поплин, штапельді 
мата, репс және мата) тігілген перделерді пайдалануға жол беріледі.  
Топтық  үй-жайлардағы  терезелердің  перделері  табиғи  жарық  деңгейін 
тӛмендетпеуі  тиіс.  Жатын  үй-жайлардағы  терезелердің  пердесін  жабуға  тек 
балалар  ұйықтап  жатқанда  жол  беріледі,  ал  қалған  уақытта  үй-жайларға  күн 
сәулесінің түсуін қамтамасыз ете отырып, перделерді жылжытады. 
Бір  жақтан  түсетін  жарықпен  жарықтандыру  кезінде  топтық  үй-
жайлардың кеңдігі – 6 м аспайды. Үй-жайлардың іші кең болған кезде (қарама-

 
358 
қарсы  желдетуді  де  қамтамасыз  ететін)  терезелерді  екі  жақта  паралелл  немесе 
бұрышта орналастыру қажет. Терезелердің ағашы ұсақ тордан болмауы тиіс. 
Терезе  алдына  табиғи  жарықтың  деңгейін  азайтатын  үлкен  жапырақты 
гүлдерді  орналастырмау  керек.  Гүлдердің  биіктігі  терезе  алдынан  15 
сантиметрден (бұдан әрі – см) аспауы тиіс. Гүлдерді еденнен 65-70 см биіктікте 
аспалы  (қабырғада)  немесе  едендегі  гүл  ӛсіретін  ыдыста  және  табиғат 
бұрыштарында орналастыру ұсынылады. 
Табиғи  жарық  жеткіліксіз  жағдайларда  сабақ  жүргізу  кезінде  қосымша 
жасанды жарық қажет. 
40.Топтарға  арналған  үй-жайларда  жарық  тек  бір  жағынан  түскен 
жағдайда  бӛлменің  кеңдігі  6  метрден  аспай  кӛзделеді.  Үй-жайдың  іші  кең 
болған  кезде  терезелер  екі  жақтан  паралелл  немесе  бұрыштан  орналастыру 
кӛзделеді. 
41.Жасанды жарық кӛздері осы санитариялық ережелерге, 4-қосымшаға 
сәйкес  барлық  үй-жайларға  жеткілікті  және  тегіс  жарық  түсуін  қамтамасыз 
етеді. 
42.Үй-жайларда  бір  типтегі  шамдар  қолданылады:  қызу  немесе 
люминесцентті шамдар. Шамшырақтардың қорғаныш плафондары болуы тиіс.  
43.Шамшырақтардың  жарық  арматураларын  тазалау  жылына  кемінде 
екі  рет  жүргізілуі  және  істен  шыққан  шамдарды  уақтылы  ауыстыруы  қажет. 
Жарамсыз,  істен  шыққан  люминесцентті  шамдар  жиналады  және  ғимараттан 
құрамында  сынап  бар  шамдарды  кәдеге  жаратумен  айналысатын  ұйымдарға 
шығарылады. 
Шамдарды  сақтау  ББМДҰ-ның  жертӛлесінде  немесе  цокольдық 
қабатында  орналасқан  кілтпен  жабылатын  ББМДҰ-ның  жеке  үй-жайында 
сынбайтын ыдыста жүзеге асырылады. 
Ӛңделген  люминесцентті  шамдарды  қоқыс  салғыш  контейнерлерге 
тастауға  жол  берілмейді.  Ӛңделген  люминесцентті  шамдарды  сақтау  жауапты 
адамға жүктеледі.  
44.Балалар  тұрақты  болатын  үй-жайда  штепсельді  розеткалар  және 
еденнен  1,8  м  биіктікте  ажыратқыштар  орнатылады.  Жасанды  жарықты  жыл 
мезгіліне, табиғи жарық деңгейінің жағдайына сәйкес енгізу қажет. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет