А. Ж. Сисенбердиева


 Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерi



Pdf көрінісі
бет38/43
Дата19.04.2020
өлшемі2,95 Mb.
#63050
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
sisenberdieva-dene-tarbiesi


4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерi 
Бағдарламаның  мақсаты  халықтың  денсаулығын  бекемдеу  және 
халықаралық  спорт  аренасында  қазақстандық  спортшылардың  бәсекеге 
қабілеттілігін  арттыру  үшін  дене  тәрбиесі  мен  спорттың  тиімді  жүйесін  құру 
болып табылады. 
Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді орындау қажет: 
халықаралық талаптарға сай келетін спорттың инфрақұрылымын дамыту; 
нормативтік құқықтық базаны жетілдіру
білікті мамандармен қамтамасыз ету; 
спорт ғылымын дамыту; 
дене  шынықтыру  және  спорт  құралдары  арқылы  салауатты  ӛмір  салтын 
орнықтыру; 
спорт резервін, халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау жүйесін 
жетілдіру. 
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктерi 
Бағдарлама мынадай бағыттар бойынша іске асырылады: 
саланың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру; 
саланың материалдық-техникалық базасын нығайту және дамыту, саланы 
білікті  мамандармен  қамтамасыз  ету  саланы  ғылыми-әдістемелік  және 
медициналық қамтамасыз ету; 
мектепке  дейінгі  және  мектеп  жасындағы  балалардың  дене  тәрбиесін 
жетілдіру; 
жоғары  және  арнаулы  орта  оқу  орындарындағы  студенттер  мен 
оқушылардың дене тәрбиесі; 
әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары мен қуатты құрылымдар 
қызметкерлерінің дене тәрбиесі даярлығы
тұрғындар арасындағы дене шынықтыру; 
мүгедектер арасындағы дене тәрбиесі даярлығы мен спорт; 
спорт резервін және халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау; 
дене шынықтыру мен спортты насихаттау. 
5.1. Саланың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру 
Дене  шынықтыру  мен  спортты  дамыту  жӛніндегі  қызметтің  ең  маңызды 
бағыттарының  бірі  ретінде  саланың  нормативтік-құқықтық  базасын  жетілдіру 
және дамыту жӛніндегі жұмысқа мән беріледі. 
Дене  шынықтыру  мен  спорт  саласындағы  құқықтық  және  әдіснамалық 
қамтамасыз  етуді  дамыту  аталған  саладағы  қатынастарды  реттейтін 
нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу жолымен, сондай-ақ дене шынықтыру 

 
342 
мен  спорт  жӛніндегі  мемлекеттік  органдар  мен  қоғамдық  ұйымдардың 
құзыретін  белгілеу,  сондай-ақ  олардың  қызметін  үйлестіру  жолымен  жүзеге 
асырылады. 
Нормативтік және әдіснамалық қамтамасыз етуді жетілдіру жӛніндегі іс-
шараларды  жүзеге  асыру  әділеттілік  қағидаттарына  сүйеніп  әрі  Қазақстан 
Республикасының  қолданыстағы  заңнамасының  нормаларына  сәйкес  іске 
асырылады. 
Дене шынықтыру мен спорт саласындағы заңнаманы жетілдіру нарықтық 
жағдайда  сала  тек  қана  бюджет  кӛздерінен  ғана  емес,  әсіресе  жоғары 
жетістіктер  спортын  қолдау  үшін,  бюджеттен  тыс  кӛздерден  қаржыландыруға 
ықпал етуі қажет. 
Осымен байланысты: 
дене  шынықтыру  мен  спортты,  әсіресе  балалар  мен  жасӛспірімдер 
арасында дамытуға бағытталған бағдарламаларды және салауатты ӛмір салтын 
қалыптастыруға ықпал ететін бағдарламаларды іске асыратын ұйымдар
елдің  спорт  резерві  мен  құрама  командаларын  жауапты  халықаралық 
жарыстарға  қатысуға  даярлауға,  саланың  материалдық-техникалық  базасын 
дамытып-жетілдіруге,  сапалы  мүкәммалдар  мен  жабдықтар  сатып  алуға, 
спортшылар  мен  жаттықтырушыларды  материалдық  қолдауға  ӛз  қаражатын 
жұмсайтын демеушілер мен инвесторлар; 
дене  шынықтыру  мен  спорттың  материалдық-техникалық  базасын 
дамытуды  қамтамасыз  ететін  инвестициялық  саясатты  қалыптастыру  және 
жетілдіру; 
қызметі  спорт  түрлерін  дамытуға  және  ел  спортшыларының  спорттағы 
шеберлігін арттыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктердің рӛлін арттыру; 
жетекші спортшылардың спорттағы шеберлігін арттырудың негізгі буыны 
ретінде спорт түрлері бойынша спорт клубтарының жұмысын ұйымдастыру мен 
құру үшін қолайлы жағдай жасау мүмкіндігін қарау қажет. 
5.2. Материалдық-техникалық базаны дамыту мен нығайту 
Елде  материалдық-техникалық  базаны  дамыту  екі  бағытта  -  бұқаралық 
спорт үшін және жоғары жетістіктер спорты үшін жүзеге асырылуға тиіс. 
Халықтың  дене  жаттығуларымен  шұғылдануға  деген  сұранысын 
қанағаттандыру  мақсатында  спорт  ғимараттарының  санын  кӛбейту,  сервистің 
қажетті  деңгейін  жасау  әрі  оған  халықтың  қалың  жігінің  қолжетімділігін 
қамтамасыз ету қажет. 
Елдің  құрама  командаларына  спорт  резервін  даярлау  жӛніндегі  негізгі 
жұмысты  қамтамасыз  ететін  балалар  мен  жасӛспірімдер  мектебінің  және 
спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың, олимпиадалық 
даярлық  орталықтары  мен  олимпиада  резервін  даярлау  орталықтарының 
жаттықтырушы-оқытушылар  құрамының  жемісті  жұмыс  істеуі  үшін  қажетті 
жағдай  жасау,  оларды  сапалы  мүкәммалмен  және  жабдықпен  жарақтандыра 
отырып, спорт ғимараттарын жаңадан салу және қолдағы барын қайта жаңарту 
қажет. 

 
343 
Әрбір  аудан  орталығы  мен  республикалық  және  облыстық  маңызы  бар 
қалаларда  бір  үлгідегі  дене  шынықтыру-сауықтыру  кешендерін,  елдің  түрлі 
ӛңірлерінде халықаралық спорт ұйымдарының талаптарына сай және ел құрама 
командалары 
мен 
ӛңірлердегі 
жетекші 
спортшылардың 
сұранысын 
қанағаттандыратын  қазіргі  заманғы  спорт  ғимараттарын  салуды  қамтамасыз 
ету, Алматы облысында қазіргі заманғы республикалық олимпиадалық даярлау 
базасының, Щучье  қаласында шаңғы базасының, Астана қаласында спорттағы 
дарынды  балаларға  арналған  республикалық  мектеп-интернаттың  құрылысын 
аяқтау  қажет.  Қысқы  Азия  ойындарын  ӛткізу  үшін  халықаралық  спорт 
ұйымдарының  талаптарына  сай  спорт  объектілерін  салуды  және  Алматы 
қаласының инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету қажет. 
Осы міндеттерді шешу үшін: 
әрбір  аудан  орталығы  мен  республикалық  және  облыстық  бағыныстағы 
қалаларда бір үлгідегі дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салуды; 
қазіргі  бар  спорт  ғимараттарын,  жұмыс  істеп  тұрған  спорт  алаңдарын 
қайта  жаңғырту  мен  жаңалауды,  спорт  залдары  мен  спорт  кешендерін 
жабдықтауды; 
спорт  түрлері  бойынша  ел  құрама  командалары  мен  ӛңірлердің  құрама 
командалары, балалар мен жасӛспірімдер спорт мектептері, спорттағы дарынды 
балаларға  арналған  мектеп-интернаттар  және  олимпиада  резервін  даярлау 
орталықтары  үшін  халықаралық  стандарттарға  сай  келетін  әрі  жаңа 
мүкәммалдармен  және  жабдықтармен  жарақталған  қазіргі  заманғы  спорт 
базаларын салуды; 
2011 жылғы қысқы Азия ойындарын ӛткізу үшін тиісті құрал-жабдықпен 
жарақталған спорт базаларын салуды; 
Қазақстанның  бірқатар  ӛңірлерінде  басқа  да  спорт  объектілерін  салуды 
қамтамасыз ету керек. 
5.3. Саланы білікті мамандармен қамтамасыз ету 
Халықтың  түрлі  әлеуметтік-демографиялық  топтарымен  спорттық-
бұқаралық  және  дене  шынықтыру-сауықтыру  жұмысын  одан  әрі  жетілдіру, 
халықаралық  спорт  аренасында  шетелдік  спортшылармен  бәсекелесуге 
қабілетті спорт резервін даярлау және халықаралық дәрежедегі спортшыларды 
тәрбиелеу жӛніндегі жұмыстарды жандандыру мақсатында: 
әлемдік  спорттың  даму  үрдісіне  және  біліктілігі  жоғары  спортшыларды 
даярлаудың  жаңаша  әдістеріне  сай  келетін  бағдарламалар  бойынша  елдің 
жоғары оқу орындарында мамандар даярлауды қамтамасыз ету; 
спорт саласында орта кәсіптік білімі бар мамандар даярлауды жетілдіру; 
жаттықтырушы-оқытушы кадрларды қайта даярлау жүйесін жолға қою; 
халықаралық дәрежедегі спортшыларды тәрбиелеуде тәжірибесі бар және 
алдыңғы  қатарлы  технологияларды  меңгерген  жоғары  білікті  шетелдік 
мамандарды  республиканың  құрама  командаларына  жұмысқа  тарту  мәселесін 
қарау; 

 
344 
отандық  спортшы кадрлармен жұмыс  істеуге  басымдық беретін отандық 
жаттықтырушыларды  материалдық  және  ӛзге  де  ынталандыру  жӛнінде 
пәрменді шараларды енгізу туралы мәселені қарау қажет. 
  
 
 
5.4. Ғылыми-әдістемелік және медициналық қамтамасыз ету 
Спорт  резервін  және  халықаралық  дәрежедегі  спортшыларды  даярлау 
жӛніндегі  оқу-жаттығу  процесін  ғылыми-әдістемелік  және  медициналық 
қамтамасыз ету: 
жоғары жетістіктер спорты саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді; 
спортшыларды даярлауда ғылыми-зерттеу ізденістеріне негізделген жаңа 
кӛзқарастарды енгізуді; 
спорт  резервін  және  халықаралық  дәрежедегі  спортшыларды  даярлау 
жүйесін оңтайландыруды; 
оқу-жаттығу процесін медициналық жағынан қамтамасыз етуді; 
спортшыларды психологиялық даярлауды
спорт медицинасының нормативтік базасын жасауды; 
допингке  қарсы  зертхананы  халықаралық  ұйымдарда  аккредиттеуден 
ӛткізу жӛніндегі жұмысты жалғастыруды; 
спорттың  медицина-биологиялық  қызметін  нығайтуды  және  дәрігерлік 
дене шынықтыру диспансерлерінің желісін кеңейтуді; 
спортта  жарақаттануды  медицина-биологиялық  жағынан  қамтамасыз 
етуді, оның алдын алуды және емдеуді кӛздейді. 
 
5.5. Дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы салауатты ӛмір 
салтын орнықтыру 
 
5.5.1. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесін 
жетілдіру 
Мектепке  дейінгі  және  мектеп  жасындағы  балалардың  денсаулық 
жағдайын жақсарту мақсатында: 
мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  дене  тәрбиесі  даярлығы  жӛнінде 
ұсынымдар, оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу; 
5-сыныптан  бастап  қыздар  мен  ұлдарды  бӛлек  оқыта  отырып,  барлық 
жалпы білім беретін мектептердегі дене тәрбиесінен аптасына үш сабаққа кӛшу 
мүмкіндігін қарау; 
денсаулық  жағдайына  байланысты  арнайы  медициналық  топтарға 
жатқызылған  балаларға  дене  тәрбиесі  жӛнінде  жағдай  жасау  мен  сабақтар 
ӛткізуге баса назар аудару; 
балалар  мен  жасӛспірімдер  спорт  клубтарын  құру  арқылы  жалпы  білім 
беретін мектептерде дене тәрбиесі сабақтарының мазмұнын толықтыратын дене 
шынықтыруды ұйымдастырудың мектептен тыс нысандарын жетілдіру

 
345 
жалпы  білім  беретін  мектептерге  спорт  түрлері  бойынша  оқыту  күні 
ұзартылған  және  оқу-жаттығу  процесі  тереңдетілген  мамандандырылған 
сыныптар ашуды ұсыну қажет. 
  
 
5.5.2. Жоғары және арнаулы орта оқу орындарындағы студенттер  
мен оқушылардың дене тәрбиесi 
Елдің  оқу  орындарындағы  студенттер  мен  оқушылардың  дене  тәрбиесі 
процесі мынадай міндеттерді шешуді кӛздейді: 
дене  шынықтыру  саласында  теориялық  білім  мен  практикалық  ілім 
жүйесін қалыптастыру; 
болашақ  мамандардың  дене  тәрбиесі  даярлығын,  жаттығуын,  жұмыс 
қабілетін,  кәсіби  мәні  бар  табиғи  қасиеттері  мен  жүйке-қозғалыс  қабілетін 
қамтитын,  кейіннен  оларды  күнделікті  ӛмірде  пайдалану  үшін  кәсіби 
даярлығының қажетті деңгейін қамтамасыз ету; 
сырқаттың  алдын  алу,  денсаулықты  сақтау  мен  бекемдеу,  дене  тәрбиесі 
процесінде  ӛзін-ӛзі  бақылаудың  дағдылары  мен  машықтарын  меңгеру  үшін 
дене шынықтыру құралдарын толық пайдалану; 
елімізде  студенттер  спортын  дамыту  және  спортшы  студенттердің 
дүниежүзілік қысқы және жазғы универсиадаларды қоса алғанда, халықаралық 
студенттік жарыстарға лайықты қатысуы
денсаулығына  байланысты  арнайы  медициналық  топтарға  жатқызылған 
студенттер мен оқушыларға дене тәрбиесі сабақтарын ӛткізуге жағдай жасау; 
студенттердің «Сұңқар» спорт қоғамын құру. 
5.5.3. Әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары мен 
қуатты құрылымдар қызметкерлерінің дене тәрбиесі даярлығы 
Әскери  қызметшілердің,  құқық  қорғау  органдары  мен  қуатты 
құрылымдар 
қызметкерлерінің 
дене 
тәрбиесі 
даярлығы 
Қазақстан 
Республикасының  әскери  құралымдарының,  құқық  қорғау  органдары  мен 
қуатты  құрылымдарының  жеке  құрамын  әскери  оқыту  мен  тәрбиелеудің 
маңызды және ажырамас бӛлігі болып табылады, сол ұйымдар құрамының дене 
тәрбиесі  даярлығын  арттыруға,  денеге  түсетін  ауыр  жүктемелер  мен 
психологиялық  ширығуды  бастан  кешіру  қабілетін  дамытуға,  бос  уақытты 
мазмұнды ұйымдастыруға бағытталады. 
Дене  тәрбиесі  даярлығының  мақсаты  -  әскери  қызметшілерді,  құқық 
қорғау  органдары  мен  қуатты  құрылымдар  қызметкерлерін  олардың  кәсіби 
қызметінің  талаптарына  сай  арнайы  міндеттерді  орындауға  даярлауды 
қамтамасыз ету. 
Әскери  қызметшілердің,  құқық  қорғау  органдары  мен  қуатты 
құрылымдар қызметкерлерінің дене тәрбиесі даярлығының негізгі міндеттері: 
тӛзімділік,  күштілік,  жылдамдық  пен  ептілік  сияқты  табиғи  қасиеттерді 
талап ететін деңгейде дамыту және ұстап тұру; 
арнайы табиғи қасиеттер мен машықтарды қалыптастыру

 
346 
тірек-қозғалыс аппаратын нығайту; 
сырқаттың және жаман әдеттердің алдын алу, ағзаны шынықтыру; 
психологиялық  ұстамдылыққа,  ӛзіне  деген  сенімділікке,  мақсат  қоюға, 
батылдық  пен  табандылыққа,  бастамашылдық  пен  тапқырлыққа,  қайсарлыққа, 
тӛзімділікке және ӛзін-ӛзі ұстай білуге тәрбиелеу; 
даярлық кезеңінде және алға қойған міндеттерді тікелей орындау кезінде 
шектен тыс физикалық және психологиялық жүктемені бастан кешіруге дайын 
болуды қалыптастыру; 
әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары мен қуатты құрылымдар 
қызметкерлерінің  арасында  спорттың  әскери-қолданбалы  түрлерін  дамыту 
болып табылады. 
Тиісті министрліктер мен ведомстволар осы міндеттерді шешу үшін дене 
бітімін  жетілдіруге  және  салауатты  ӛмір  салтын  енгізуге,  дене  тәрбиесі 
даярлығының  кәсіби-қолданбалы  машықтарын  игеруге  және  дамытуға,  жалпы 
және  арнайы  дене  тәрбиесі  даярлығы  бойынша  бақылау  нормативтерін 
орындауға  бағытталған  жеке  құрамның  дене  тәрбиесі  жӛніндегі  ведомстволық 
бағдарламаларын әзірлеп, бекітеді, сол ведомстволардың спортшыларын әскери 
қызметшілер,  полиция  және  қуатты  құрылымдар  арасындағы  әлем 
чемпионаттарына даярлауды және олардың қатысуын қамтамасыз етеді. 
5.5.4. Тұрғындар арасындағы дене тәрбиесi 
Дене  шынықтыру  және  спорт  -  ел  азаматтарының  денсаулығын 
нығайтудың,  жастарды  рухани  тәрбиелеудің  және  дене  тәрбиесінің,  салауатты 
ӛмір  салтын  қалыптастырудың  маңызды  құралдарының  бірі.  Сол  себепті 
мемлекеттің  осы  саладағы  бірінші  кезектегі  міндеті  -  ел  халқының  қалың 
жігінің дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануына қол жеткізу. 
Тұрғындар  арасында  дене  шынықтыруды  дамыту  ынталы  тиісті 
құрылымды  қалыптастыру  жолымен  жүзеге  асырылуға  тиіс.  Ересек  адам  дене 
шынықтыру-спорт  қозғалысына  ӛз  еркімен  қатысады.  Ӛз  күшімен  құрылған 
дене  шынықтыру-спорт  қозғалысы  ынталандырудың  тұтас  жүйесі  арқылы 
ӛркендеуге тиіс. 
Дене  шынықтыру-сауықтыру,  спорт  клубтары  елдегі  дене  шынықтыру 
мен  спорт  қозғалысының  негізі  болуға  тиіс.  Дене  шынықтыру-спорт 
клубтарымен  қатар  барынша  ыңғайлы  жағдай,  қызметтің  кӛптеген  түрлерін 
ұсынатын спорт орталықтары да қатар дами алады. 
Ӛңірлердегі бұқаралық-спорт және дене шынықтыру-сауықтыру жұмысы 
тұрғындардың  барлық  жастағы  топтары  (еңбек  ұжымдарында,  халықтың 
тұрғылықты  жері  мен  демалыс  орындарында,  білім  беру  мекемелерінде)  үшін 
бұқаралық  спорт  түрлерінен  қолжетімді  жарыстардың  санын  кӛбейтуге 
бағытталуға  тиіс.  Мұндай  іс-шаралардың  басты  міндеті  -  адамдардың 
күнделікті  дене  шынықтыру-сауықтыру  жаттығуларына  деген  талпынысын 
ынталандыру, оларды жарыс қызметіне тарту. 
Ұлттық спорт түрлерін, ӛзіндік дене жаттығулары мен халық ойындарын 
дамыту  мәселесіне  ерекше  назар  аудару  және  оларды  халықтың  дене 

 
347 
шынықтырумен  және  спортпен  белсенді  түрде  шұғылдануға  тарту  пайдалану 
қажет. 
Барлық  меншік  нысанындағы  кәсіпорындар  мен  ұйымдардағы 
қызметкерлердің  жұмыс  күні  және  жұмыстан  кейін  қалпына  келу  режимінде 
дене  шынықтыру-сауықтыру  және  спортпен  шұғылдану  құқықтары  іске 
асырылуға  тиіс.  Мемлекеттік  органдардың,  барлық  меншік  нысанындағы 
кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  азаматтарды  дене  шынықтырумен  және 
спортпен  жүйелі  шұғылдануға  тарту,  еңбекті  ұйымдастыру  және  жұмыстан 
кейін оңалтуды демалыс шаралары кешеніне енгізу үшін бірлескен күш-жігері 
қажет. 
5.5.5. Мүгедектер арасындағы дене шынықтыру және спорт 
Мүгедектерді  дене  шынықтыру-спорттық  іс-қимылға  тартуға  байыпты 
назар  аудару  қажет.  Бұл  үшін  спорт  клубтары  мен  залдарында  олардың  дене 
шынықтырумен және спортпен шұғылдануына тиісті жағдай жасауды, мүгедек 
спортшыларды  халықаралық  жарыстарға,  соның  ішінде  Паралимпиадалық 
ойындарға даярлауды қамтамасыз ету қажет. 
5.6. Спорт резервін және халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау 
Дене  шынықтыру  мен  спортты  одан  әрі  дамыту,  спорт  резервін  даярлау 
және  халықаралық  дәрежедегі  спортшыларды  тәрбиелеу  -  халықаралық  спорт 
ұйымдарының  жылдам  ӛзгермелі  талаптарын,  спортшыларды  даярлаудың 
түрлері  мен  әдістерін  үнемі  жетілдіруді,  жаңадан  келгендерден  бастап 
халықаралық  дәрежедегі  шеберге  дейін  республика  спортшыларын  тәрбиелеу 
жүйесін  одан  әрі  дамытуды  ескере  отырып,  оқу-жаттығу  процесін 
ұйымдастыруға деген деген жаңа кӛзқарастарды талап етеді. 
Спортқа  даярлықты  ұйымдастыруда  оның  қазіргі  заманғы  әдістемесінің 
мүмкіндіктерін іске асырудың бірқатар ережелері мен алғышарттарын: 
спортқа  даярлық  жүйесінің  жоғары  тұрған  (құрама  командалар, 
олимпиадалық даярлық орталықтары, жоғары спорт шеберлігі мектептері) және 
тӛмен  тұрған  (спортта  дарынды  балаларға  арналған  мектеп-интернаттар, 
олимпиада  резервін  даярлау  мектептері,  балалар  мен  жасӛспірімдер  спорт 
мектептері  және  олимпиада  резерві  мектептері)  құрылымдық  бӛліктерінде 
олардың  мақсаттары,  міндеттері,  кадрмен,  материалдық-техникалық  және 
ғылыми-әдістемелік  қамтамасыз  етудегі  ұйымдық-әдістемелік  негіздердің  бір-
бірімен ұштасқан ӛзара байланысын; 
спортшыларды орталықтан даярлауды, олардың жаттығу сабақтарындағы 
тұрақты бәсекелестігін және оны жұмыс қабілетін арттырудың факторының бірі 
ретінде  пайдалануды,  ағзаның  іс-қимыл  резервін  толығымен  жұмылдыру  мен 
бейімделу  процестерін  оңтайландыруды  қамтамасыз  ететін  ұйымдастыру 
жағдайларын жасауды атап кӛрсету қажет. 
Ол үшін: 
елдің  барлық  ӛңірлеріндегі  балалар  мен  жасӛспірімдер  спорт 
мектептерінде  және  олимпиада  резерві  мектептерінде  мектеп  жасындағы 

 
348 
балалардың 8 %-ына дейін сабаққа қамту мақсатымен олардың желісін кеңейту 
жӛніндегі жұмыстарды жалғастыру; 
спорттағы  дарынды  балаларға  арналған  мектеп-интернаттар  мен  елдің 
барлық  ӛңірлерінде  олимпиада  резервін  даярлаудың  толыққанды  ӛңірлік 
орталықтарын дамыту жӛніндегі жұмыстарды жалғастыру; 
олимпиадалық  даярлық,  соның  ішінде  мамандандырылған  орталықтарды 
дамыту; 
спорттық күнтізбеде жоспарланған республикалық іс-шараларды ӛткізуді 
және  елдің  құрама  командалары  мен  үздік  спортшыларының  әлем,  Азия 
чемпионаттарын, Олимпиада және Азия ойындарын қоса алғанда, халықаралық 
жарыстарға, басқа да ресми және халықаралық іріктеу спорттық іс-шараларына 
қатысуын қамтамасыз ету; 
спортшыларды  -  әлем  чемпиондары  және  халықаралық  жарыстар  мен 
чемпионаттардың 
жүлдегерлерін 
және 
олардың 
жаттықтырушыларын 
ынталандыру жүйесін жетілдіру; 
Алматы қаласындағы «Шаңырақ» шағынауданында «Спорттағы дарынды 
балаларға  арналған  республикалық  мектеп-интернат»  мемлекеттік  мекемесін 
құру. 
Қазақстанның  дүниежүзінің  бәсекеге  қабілетті  елу  елінің  қатарына  кіру 
стратегиясына қол жеткізуі республика спортшыларынан халықаралық аренада 
жоғары нәтижелерге жетуді талап етеді. 
Спорт  резервін  даярлау  және  халықаралық  дәрежедегі  спортшыларды 
тәрбиелеудегі  проблемаларды  табысты  шешу  үшін  түпкілікті нәтижеге  - әлем, 
Азия  чемпионаттарында,  Азия  және  Олимпиада  ойындарында  жүлделі 
орындарды иеленуге қабілетті спортшыларды тәрбиелеуге едәуір ықпал ететін 
факторларды қатаң ескеру қажет: 
таңдаған спорт түріне мамандану үшін оның арнайы талаптарына жоғары 
дәрежелі спортшыларды даярлау жүйесінің қатаң түрде сай болуы
спорт мамандығын таңдау, кӛпжылғы даярлықтың күллі жүйесін әзірлеу, 
жарыс қызметінің тиімді құрылымын анықтау кезінде нақты әрбір спортшының 
жеке бейімділігі мен қабілеттеріне барынша ден қою; 
жаттығу  және  жарыс  жүктемесінің,  демалудың,  тамақтанудың,  жұмыс 
қабілетін  қалпына  келтіру,  ынталандыру  құралдарының  және  іс-қимыл 
мүмкіндіктерін жұмылдырудың қатаң теңгермелі жүйесіне ұмтылу; 
даярлықтың дәстүрден тыс құралдарын кеңейту - спортшы ағзасының іс-
қимыл  мүмкіндіктерін  толық  ашуға  мүмкіндік  беретін  аспаптарды, 
жабдықтарды және әдістемелік тәсілдерді пайдалану; 
спортшылардың 
жаттығу 
әсерлерінің 
факторларына 
бейімделу 
процестерін  жеделдетуге,  олардың  басты  жарыстарға  тікелей  даярлығының 
тиімділігін  арттыруға  мүмкіндік  беретін  орташа  биіктіктегі  және  биік  таудағы 
жағдайларда спортшыларды даярлаудың тиімді әдістемесін жетілдіру; 
бүкіл спорттық жаттығу жүйесін жарыс қызметінің оңтайлы құрылымына 
қол жеткізуге бағдарлау; 

 
349 
даярлық  жүйесінің  қарқындылығы,  оған  олимпиадалық  спортты 
дамытудың  жалпы  үрдістері  ретінде,  сонымен  бірге  нақты  спорт  түрлерінің 
даму  ерекшеліктері  ретінде  де  тұрақты  зерделеу  мен  есептеу  негізінде  жедел 
түзетулер  жасау  -  жарыс  ережелерін  және  оларды  ӛткізу  шарттарын  ӛзгерту, 
жаңа мүкәммалдар мен жабдықтарды қолдану; 
халықаралық  спорт  федерациялары  тарататын  әдістемелер  мен 
ақпараттық материалдарды қолдана отырып, елдің құрама командаларында оқу-
жаттығу  процесін  ұйымдастыруда  республикалық  қоғамдық  бірлестіктердің 
рӛлін арттыру. 
 5.7. Дене шынықтыру және спортты насихаттау 
Тұрғындарды  салауатты  ӛмір  салтына,  дене  шынықтырумен  және 
спортпен  шұғылдануға  баулу  халықтың  түрлі  әлеуметтік-демографиялық 
топтарына  арнап  бейімделген  ақпараттық  бағдарламаларды  әзірлеу  арқылы 
жүзеге  асуға  тиіс.  Спорттың  негізгі  түрлерінен,  соның  ішінде бұқаралық 
ақпарат  құралдарына  конкурстық  негізде  берілетін  әлеуметтік  бағдарламалар 
бойынша  гранттарды  беру  практикасын  пайдалану  арқылы,  теледидар 
бағдарламаларын  жасау,  насихаттық  және  ақпараттық  технологиялар  әзірлеу 
керек.  Дене  шынықтыру  және  спортты  насихаттау  атаулы,  нақты  әлеуметтік 
топтар мен жіктерге, әрбір адамға бағытталған, дене шынықтыру мен спорттың 
басымдығын  дәлелдей  кӛрсетуге,  сондай-ақ  жастар  арасында  нашақорлық, 
темекі  шегушілік,  ішімдікті  пайдалану  және  басқа  да  жат  құбылыстардың 
таралуына  қарсы  күреске  бағытталуға  тиіс.  Жастардың  дене  тәрбиесі  жӛнінде 
жұмыс  жүргізу,  олардың  ортасында  қазақстандық  спортшылардың  спорттағы 
жетістіктерін,  бұқаралық  спортты  танымал  ету,  олардың  санасында  «тәні 
саудың - жаны сау» деген қағидатты орнықтыру қажет. 
Бұл  орайда  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  міндеттері:  азаматтардың 
спортқа,  табиғи  дене  бітімін  жетілдіруге  деген  қызығушылығын  арттыру, 
спортпен ӛз бетінше шұғылдануды белсенді түрде таныту, дене шынықтырумен 
және  спортпен  шұғылдану  қажеттігін  кӛпшіліктің  санасына  сіңіру  болып 
табылады. 
Дене шынықтыру мен спортты насихаттау адамның жан-жақты спорттық 
және  дене  тәрбиесі  даярлығының  беделін,  гигиена  және  дене  шынықтыру 
саласындағы  білім  деңгейін  арттыруға  ықпал  етуге,  ғылыми  зерттеулер  мен 
жаңалықтар ашуға негізделуге тиіс. 
Дене  шынықтыру  мен  спортты  дамытудағы  басты  бағыттардың  бірі  - 
олардың  ізгілікті  жағын  күшейту.  Адамдардың  ӛмірі  мен  денсаулығына  қауіп 
тӛндіретін,  қабылданған  жалпы  этикалық  нормалар  мен  талаптарға  сай 
келмейтін,  зорлық  пен  зомбылықты  үйрететін  спорт  түрлері  мен  дене 
жаттығуларын дамытуға қолдау кӛрсетілмеуге тиіс. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет