А. Ж. Сисенбердиева



Pdf көрінісі
бет37/43
Дата19.04.2020
өлшемі2,95 Mb.
#63050
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43
Байланысты:
sisenberdieva-dene-tarbiesi


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2-қосымша 
 
Дене тәрбиесі терминдерінің қысқаша сӛздігі 
 
№  Термин атауы 
Сипаттамасы 
1.  Акробатика (грекше 
аkrobаtео-аяқтың 
ұшымен жүрем, биікке 
шығам) 
Физкультуралық жаттығулардың бір түрі. 

Aльпинизм 
Тау 
шыңына 
шығу 
спорты. 
Батыс 
Еуропадағы 
Альпі 
тауының 
атына 
байланысты 
қалыптасқан 
термин. 
Альпинизм  спортының  негізі-шыңға  шығу 
жолында 
кездесетін 
қиын-қыстау 
кедергілерден арнаулы әдіс-айла жасап ӛту. 
 

Aсық ойыны  
Қазақ балаларының ежелгі спорттық ойыны. 
Тақыр алаңға кӛлденеңінен түзу сызық 
сызады да, соны бойлай тігілген кенейді 
кезектесіп сақамен ату арқылы мергендік 
сынасады. 

Бадминтон (Bаdminton- Спорт ойынының бір түрі. Шашақты доппен  

 
329 
Aнглиядағы қаланың 
аты) 
және ракеткамен ойналады. 

Байдарка  
Су спортына және туризмге арналған жеңіл 
қайық. Оны қайыққа бекітілмейтін екі 
қалақты ескекпен жүргізеді. 

Балалар 
мен жас 
ӛспірімдер гигиенасы  
Ғылымның бір саласы. Сыртқы орта 
факторларының ӛсіп келе жатқан жас 
организмге тигізетін әсері зерттеліп, сол 
ортаға қойылатын гигиеналық талаптар 
анықталады. 

Балалар спорт мектебі   Жас ӛспірімдерді дене шынықтыру мен 
спорт саласына жан-жақты тәрбиелеу  
жӛніндегі мекеме. 

Балалар спорты 
(ағылшынша Sрогt-
шұғылдану) 
Мектеп жасына дейінгі балалармен 
жүргізілетін дене шынықтыру тәрбиесінің 
негізгі 
бір саласы. 

Батут (французша 
batoude-соғу) 
Серіппелі тор үстінде ойналатын спорт түрі. 
10  Белдесу 
Қазақша күресте екі балуанның бір-бірін 
құшаққа ала белден орай ұстау әдісі. 
11  Бес сайыс 
Спорттық жарыстың бір түрі. Оған 
спорттың бес түрі: ат жарыс, фехтование, 
мылтық ату, жүзу, жүгіру енеді. 
12  Биатлон (би... жэне 
грекше athlon-сайысу, 
күресу)- 
Қазіргі қысқы кос сайыс. Шаңғы үстінде 
мылтықпен нысана кӛздейтін спорт 
ойынының бір түрі. 
13  Бобслей (ағылшынша 
bobsleigh) 
Қолмен басқарылып, шанамен таудан 
құлдилап түсу спорты. 
14  Буер спорты  
Қыста мұз үстінде ӛткізілетін спорттың бір 
түрі. 
15  Bелодром (латынша 
Vеlох-тез және греше 
dromos-жүгіру) 
велотрек, циклодром  
Велосипедшілер жаттығулар ӛткізетін 
спорттық құрылыс. 
16  Bелосипед  спорты  
Кӛп  тараған  спорттың  бір  түрі.  Спорттың 
бұл  түрінің  дамуы  велосипедтің  тарихымен 
тікелей байланысты. 
17  Bолейбол  
Командалық 
спорт ойыны. Тұңғыш рет 
1895 жылы Америкада шыққан. 
18  Гимнастика (грекше 
gуmnazo 
жаттықтырамын) 
Адамның денсаулығын нығайту, күш-
қуатын, икемділігін, тӛзімділігін арттырып 
жетілдіру үшін қолданылатын әдістер мен 

 
330 
арнайы іріктеліп алынған дене 
шынықтыратын жаттығулар жүйесі. 
19  Гольф (ағылшынша 
golf) 
Арнайы таяқ және доппен ойналатын ойын. 
Гольф добының салмағы 42,5 г. диаметрі 
4,86 см. Ойынның мақсаты-арнайы таяқпен 
допты қазан-шұңқырға түсіру. 
20  Гроссмейстер 
Дойбы  және  шахмат  саласына  берілген 
атақ.  20-ғасырдың  бас  кезінде  бұл  атақ 
шахмат 
ойынында 
ірі 
халықаралық 
турнирде 1-орын алғандарға берілген. 
21  Дене  тәрбиесі 
Тәрбие жүйесінің негізгі бір саласы. Дене 
тәрбиесі адамның денсаулығын нығайтып, 
күш-жігерін, ақыл-ойын арттырады. 
22  Дойбы 
64 
не 100 шаршы тақтада екі адам 
ойнайтын спорт түрі. Дойбы ӛте ертеде 
Египет, Араб елдерінде пайда болып, 
кейінірек басқа елдерге тараған. 
23  Доп 
Жұмсақ, 
 былғары, резина т.б. 
материалдардан жасалған шар тәрізді зат. 
Ерте заманда доп жентектелген заттардан 
жасалған. Доптар спорт ойындарының 
түріне қарай аталады. 
24  Дзюдо 
Ӛзінің ұлттық ерекшелігін сақтаған жапон 
күресі, тӛрткүл дүниеге кең таралған жекпе-
жек түрі 
25   Eмдеу педагогикасы  
Адамның психикалық және дене 
кемістіктерін түзетудің жолдарын, әдістері 
мен тәсілдерін зерттейтін педагогиканың 
саласы. 
26  Eмдік  
дене 
шынықтыру 
Адамның денсаулығын, еңбекке 
жарамдылығын қалыптастыру және түрлі 
аурудан сақтау үшін қолданылатын 
шынықтырудың бір түрі. 
27  Eркін күрес  
Спорттық күрес түрінің бірі. Eркін күресте 
қарсыласының қос жауырынын кілемге 
тигізген балуан жеңді деп есептеледі. 
28  Eсу спорты 
Спортшылар суда ескекті қайықпен белгілі 
қашықтыққа жарысатын спорт түрі. 
29  Жамбы ату 
Қазақ,  қырғыз  халықтарының  арасында 
ертеден кең тараған спорт  ойыны. 
30  Жаттығу 
Белгілі 
бір қимыл әрекетті (ой немесе 
тәжірибе жүзінде) меңгеру немесе сапасын 
арттыру мақсатында жоспарлы түрде 

 
331 
қайталау. 
31  Жаттықтырушы 
(ағылшынша trаіпег, 
tгаіп-тәрбиелеу, оқыту) 
Спорт маманы, педагог-тәрбиеші ұстаз. 
Жаттықтырушы спорттың бір түрінен маман 
болуы қажет. 
32  Желкенді спорт 
Су спортының бір түрі. Мұнда желкенді 
қайықты желге қарсы бағыттайды. Желкенді 
қайықтың шапшаңдығы спортшының 
шеберлігіне байланысты. 
33  Жеңіл 
атлетика  
Спорттың бір түрі. Оған жүгіру, секіру, 
лақтыру және кӛпсайыс сияқты спорт 
жаттығулары енеді. 
34  Жүзу 
Спорттың  бір түрі. Жүзудің құлаштап, 
шалқалап, брасс, батерфляй, қырындап 
сияқты әдістері бар. 
35  Kӛкпар  
Ұлттық ат спорты ойындарының бірі. 
Кӛкпар - аттың қалай бапталып  
үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын 
спорт. 
36  Kӛркем 
гимнастика  Спорттың бір түрі. Қыз-келіншектер ғана 
шұғылданады. Оған затпен, затсыз 
орындалатын жаттығулар енеді. 
37  Қазақша күрес 
Ұлттық спорттың бір түрі. Түрегеп тұрып 
тез қимыл жасалады. Ережеге сәйкес белден 
тӛмен, аяқтан, саннан ұстауға болмайды. 
38  Қол добы, гандбол 
(ағылшынша hапd-қол
bоll-доп) 
Спорттық доп ойыны. Әр командада 7 не 11 
адам ойнайтын екі түрі бар. 
39  Mәнерлі сырғанау 
Спорттың бір түрі. Мұнда спортшы 
конькимен сырғанап, музыка сазына сәйкес 
әсем қозғалыс жасайды. Мәнерлі сырғанау 
Голландиядан таралған. 
40  Таэквондо корейше 
(태권도, 跆拳道 - 
[тхэгвондо]) 
Спорттың бір түрі, шығыс күрестеріне 
жатады, кәріс халқының ұлттық спорты, 
күрестің түрі. 2000 жылдан бастап 
Олимпиядалық спорттың түрі саналанады. 
Таэквондо бір жағынан ежелгі спорттың 
түрі, бір жағынан жаңа замандық жүйе 
болып табылады. Таэквондо ежелгі кәріс 
принциптеріне, ежелгі күрес түрлеріне 
сүйенеді. Бірақ қазіргі таңда таралған 
таэквондоның қалпы ХХ ғасыр шамасында 
пайда болған. 
41  Теннис 
(французша  Арнайы алаңда (кортта) допты тор үстінде 

 
332 
tenez-мә, алыңыз)  
ракеткамен қақпақылдайтын спорт ойыны. 
Тенниске ұқсас ойын 13-14- ғасырда 
Италия, Франция, Англияда болған. Ол 
кезде допты қолмен қақпақылдаған. 16- 
ғасырдан ракетка қолданылды. 
42  Tоғызқұмалақ 
Қазақ халқының ұлттық ойыны. 
43  Футбол (ағылшынша 
footboll, foot-табан, 
ball-доп) 
Командалық спорттық доп ойыны. Ойын 
ұзындығы 100-110 метр ені 64-75 метр 
алаңда ӛткізіледі. Биіктігі 2 метр, 44 с.,  
аралығы 7 метр, 32 см. қақпа жасалады. 
Қақпаның сыртына тор керіледі. Футбол 
добының салмағы 396-453 грамм, шеңбері 
68-71 см. Ойынға эрқайсысы 11 ойыншыдан 
екі команда қатысады. 
44  «Физикалық 
рекреация»  
Белсенді демалысты қамтамасыз ету, адам 
бойындағы физикалық қасиеттерді қалпына 
келтіру үшін басқа бір іспен айналыса 
отырып, дене тәрбиесінің бір міндетін 
шешу. 
45  «Физикалық 
реабилитация» 
Денені қайта қалпына келтіру. Дене 
шынықтырумен немесе спортпен 
шұғылдану барысында жарақат алып немесе 
басқа аурулармен ауырып мүмкіндіктерін 
уақытша жоғалтқан адам ағзасын қалпына 
келтіру үшін дене жаттығуларын арнайы 
түрде пайдалану. 
46  Хоккей (ағылшынша 
hockey) 
Доппен не шайбамен ойналатын 
командалық спорт ойыны. Ойын жазда 
кӛгалда доппен, қыста шайба және доппен 
мұз үстінде ӛтеді. Допты хоккей командасы 
құрамында 11 адамнан болады. Шайбалы 
хоккейдің отаны- Канада. 
47  Шаңғы 
спорты 
Қысқы спорттың кӛп тараған бір түрі. 
Шаңғы спортына шаңғы жарысы, шаңғымен 
трамплиннен секіру, кос сайыс (секіру, 
жарысу), слалом, биатлон, т.б. спорт түрлері 
кіреді. Шаңғы спортынан алғашқы жарыс 
Норвегияда 1767 жылы ӛткізілген. 
48  Шахмат 
(парсыша 
шаh-тақсыр және 
арабша мат-ӛлді) 
Ғылыми ақыл-ой және халық 
шығармашылығы негізінде пайда болған 
спорт ойыны. Шахмат тақтасы ақ және 
қараға боялған бірдей 64 шақпаққа бӛлінген. 
Ойын 5-ғасырда Yндістанда шыққан. 

 
333 
49  Cпартакиада 
Спорттың  бірнеше түрінен ӛтетін жарыс 
түрі. Tұңғыш спартакиада 1928 жылы 
КСРО-да ӛткізіліп, ежелгі Римдегі құлдар 
кӛтерілісінің кӛсемі Спартак құрметіне 
спартакиада деп аталған. 
50  Су асты спорты  
Арнайы спорт құралдарын пайдаланып су 
астында жылдам жүзу, сүңгу, бағдарлау, 
нысана кӛздеуге негізделген спорт 
түрлерінің бірі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қазақстан Республикасы  
Президентінің 
2006 жылғы 29 желтоқсандағы 
№ 231 
Жарлығымен
 
БЕКІТІЛГЕН 
  
Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты 
дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған 
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ 
  
MAЗMҰНЫ 
  
1. Бағдарламаның паспорты
 
2. Кіріспе
 
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
 
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерi
 
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктерi
 
5.1. Саланың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру
 
5.2. Материалдық-техникалық базаны дамыту мен нығайту
 
5.3. Саланы білікті мамандармен қамтамасыз ету
 

 
334 
5.4. Ғылыми-әдістемелік және медициналық қамтамасыз ету
 
5.5. Дене  шынықтыру  мен  спорт  құралдары  арқылы  салауатты  ӛмір  салты 
қағидаттарын орнықтыру
 
5.5.1. Мектепке  дейінгі  және  мектеп  жасындағы  балалардың  дене  тәрбиесін 
жетілдіру
 
5.5.2. Жоғары  және  орта  арнаулы  оқу  орындарындағы  студенттер  мен 
оқушылардың дене тәрбиесi
 
5.5.3. Әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары мен қуатты құрылымдар 
қызметкерлерінің дене тәрбиесi
 
5.5.4. Тұрғындар арасындағы дене тәрбиесi
 
5.5.5. Мүгедектер арасындағы дене шынықтыру мен спорт
 
5.6. Спорт резервін және халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау
 
5.7. Дене шынықтыру және спортты насихаттау
 
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру кӛздерi
 
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер мен кӛрсеткіштер
 
  
1. Бағдарламаның паспорты 
  
Атауы 
Қазақстан  Республикасында  дене  шынықтыру  және 
спортты  дамытудың  2007-2011  жылдарға  арналған 
мемлекеттік бағдарламасы 
Әзірлеуге негіз 
Қазақстан 
Республикасының 
1999 
жылғы 

желтоқсандағы  «Дене  шынықтыру  және  спорт  туралы» 
Заңы
, Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 31 
наурыздағы  №  222 қаулысымен бекітілген  Қазақстан 
Республикасы  Президентінің  2006  жылғы  1  наурыздағы 
«Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге  барынша  қабілетті  елу 
елдің  қатарына  кіру  стратегиясы»  атты  Қазақстан 
халқына Жолдауын  іске  асыру  жӛніндегі  іс-шаралардың 
жалпыұлттық  жоспарын  және  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің  2006-2008  жылдарға  арналған  бағдарламасын 
орындаудың желілік кестесінің 
148-тармағы
 
Әзірлеушi 
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi 
Мақсаты 
Халықтың  денсаулығын  бекемдеу  және  халықаралық 
спорт аренасында қазақстандық спортшылардың бәсекеге 
қабілеттілігін  арттыру  үшін  дене  тәрбиесі  мен  спорттың 
тиімді жүйесін құру 
Міндеттері 
Халықаралық талаптарға сай келетін спорт саласын құру 
және  инфрақұрылымын  дамыту;  нормативтік-құқықтық 
базаны  жетілдіру;  білікті  мамандармен  қамтамасыз  ету; 
спорт  ғылымын  дамыту;  дене  шынықтыру  және  спорт 
құралдары  арқылы  салауатты  ӛмір  салтын  орнықтыру; 
спорт  резервін,  халықаралық  дәрежедегі  спортшыларды 

 
335 
даярлау жүйесін жетілдіру. 
Iске асыру мерзімі  2007-2011  жылдар  I  кезең:  2007-2009  жылдар  II  кезең: 
2010-2011 жылдар 
Қажетті  ресурстар 
мен 
қаржыландыру 
кӛздері 
Бағдарламаны  іске  асыру  үшін  республикалық  және 
жергілікті 
бюджеттерден, 
сондай-ақ 
Қазақстан 
Республикасының  заңнамасында  тыйым  салынбаған 
басқа  да  қаражат  жұмсалады.  Республикалық  бюджет 
қаражаты 
есебінен 
мынадай 
қаражат 
бӛліну 
жоспарлануда: 
2007 жылы - 8531594 мың теңге, 
2008 жылы - 32294965 мың теңге, 
2009 жылы - 26783613 мың теңге, 
2010 жылы - 8500000 мың теңге, 
2011 жылы - 9010000 мың теңге. 
Жергілікті  бюджет  қаражаты  есебінен  мынадай  қаражат 
бӛліну жоспарлануда: 
2007 жылы - 13201664 мың теңге, 
2008 жылы - 14252326 мың теңге, 
2009 жылы - 15162088 мың теңге, 
2010 жылы - 16071813 мың теңге, 
2011 жылы - 17036122 мың теңге. 
Барлығы: 
2007 жылы - 21733258 мың теңге, 
2008 жылы - 46547291 мың теңге, 
2009 жылы -41945701 мың теңге, 
2010 жылы - 24571813 мың теңге, 
2011 жылы - 26046122 мың теңге. 
Бағдарламаны  іске  асыруға  мемлекеттік  бюджеттен 
жұмсалатын  жалпы  шығын  160844185  мың  теңгені, 
соның  ішінде  республикалық  бюджет  қаражатынан 
85120172  мың  теңгені,  жергіліктi  бюджет  қаражатынан 
75724013  мың  теңгенi  құрайды.  Бұл  ретте  Бағдарламаны 
іске  асыруға  қажеттi  бюджет  қаражатының  кӛлемі  тиісті 
қаржы  жылына  арналған  республикалық  және  жергіліктi 
бюджетті бекіту кезінде нақтыланатын болады. 
Күтілетін 
нәтижелер 
Бағдарламаны 
іске 
асыру 
барысында 
мынадай 
нәтижелерге  қол  жеткізіледі:  бірінші  кезең  (2007-2009 
жылдар):  сала  мамандарының  біліктілігін  арттыру  мен 
қайта  даярлау  жүйесі  жетілдірілетін  болады;  дене 
шынықтырумен  және  спортпен  жүйелi  шұғылданушы 
халықтың  үлесі  16,3%-ға  дейін  ӛседі;  халықтың  түрлі 
әлеуметтік-демографиялық  топтарының  дене  тәрбиесінің 
сабақтастығы 
қамтамасыз 
етіледі; 
балалар 
мен 

 
336 
жасӛспірімдер спорт мектептерінің саны 2007 жылы 400-
ге, 2008 жылы 410-ға, 2009 жылы 420-ға кӛбейіп, оларда 
шұғылданушыларды  қамту  6  жастан  18  жасқа  дейінгі 
балалар  мен  жасӛспірімдердің  жалпы  санының  8,5%-на 
дейін  жетеді;  спорттағы  дарынды  балаларға  арналған 
мектеп-интернаттар  құрылады  және  олардың  саны  2007 
жылы  -  15-ке,  2008  жылы  -  16-ға,  2009  жылы  -17-гe 
жетеді; 
екінші 
кезең 
(2010-2011 
жылдар): 
жаттықтырушы-оқытушылар 
құрамының 
біліктілігі 
артады;  дене  шынықтырудың  және  жоғары  жетістіктер 
спортының 
ғылыми 
базасы 
құрылады; 
дене 
шынықтырумен 
және 
спортпен 
жүйелi 
шұғылданушылардың  саны  17  %-ға  дейін  ӛседі;  балалар 
мен  жасӛспірімдер спорт  мектептерінің  саны  2010 жылы 
425-ке, 
2011 
жылы 
430-ға 
кӛбейіп, 
оларда 
шұғылданушыларды  қамту  6  жастан  18  жасқа  дейінгі 
балалар  мен  жасӛспірімдердің  жалпы  санының  10%-ын 
құрайды; спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-
интернаттардың саны кӛбейеді, ол 2010 жылы 19-ға, 2011 
жылы  20-ға  жетеді;  республиканың  ұлттық  құрама 
командаларына  мүшелікке  үміткерлердің  дайындық 
деңгейі  және  халықаралық  дәрежедегі  спортшылардың 
саны  артады;  әлем,  Азия  чемпионаттарын,  әлем,  Азия 
кубоктарын,  Азия  және  Олимпиада  ойындарын  қоса 
алғанда,  спортшылардың  ірі  халықаралық  жарыстарға 
дайындығы  мен  қатысуы  қамтамасыз  етіледі;  саланың 
нормативтік құқықтық базасы жетілдіріледі.  
2. Кіріспе 
... бұқаралық спорт пен дене шынықтыруды одан әрі дамыту процесінде, 
спорт  резервін  даярлау  мен  жоғары  жетістіктер  спортына  бірінші  кезекте 
мыналар кедергі болып отыр: 
1.Саланың  материалдық-техникалық базасы нашар. Республикадағы дене 
шынықтыру  және  спорттың  материалдық-техникалық  базасы  бүкіл  халықтың, 
соның 
ішінде 
біліктілігі 
жоғары 
спортшылардың 
да 
талабын 
қанағаттандырмайды.  Бұл  ретте  ұйымдарда,  оқу  орындарында,  тұрғылықты 
жері  бойынша  және  кӛпшілік  демалатын  орындарда  спорт  ғимараттарының, 
мүкәммалдар  мен  жабдықтардың  жетіспеушілігі  байқалады.  Қазіргі  бар  спорт 
және  дене  шынықтыру-сауықтыру  ғимараттары  желісі  ел  халқының  30%-ның 
ғана  сұранысын  қанағаттандырады.  Кӛптеген  спорт  ғимараттары  техникалық 
пайдалану  жӛніндегі  жетілдірілген  нормативтер  мен  талаптарға,  халықаралық 
регламенттерге  және  жарыстарды  ӛткізу  мен  оқу-жаттығу  процесінің, 
қатысушылар мен кӛрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелеріне сай 
емес. 

 
337 
Елдегі, әсіресе, ауылдық жердегі спорт және дене шынықтыру-сауықтыру 
ғимараттары 
желісі 
олардың 
санының 
жеткіліксіздігімен, 
нашар 
жарақталуымен,  сапасының  тӛмендігімен  және  олардың  бірқалыпты 
орналаспауымен  сипатталады.  Кӛптеген  спорт  ғимараттары  коммуналдық 
немесе  жеке  меншікте,  ал  меншік  иелері  шын  мәнінде  монополистер  бола 
тұрып, қазіргі заманғы мүкәммалдар мен жабдықтар сатып алуға және оларды 
тиісінше техникалық жағдайда ұстауға мүдделі емес. 
Жоғары  жетістіктер  спорты  да  спорт  ғимараттарына,  сапалы 
мүкәммалдарға  және  қазіргі  заманғы  жабдықтарға  деген  тапшылықты  бастан 
кешіп отыр. 
Республикалық  олимпиадалық  даярлық  орталықтары  мен  ӛңірлік 
олимпиада резервін даярлау орталықтарының дербес материалдық-техникалық 
базасы  жоқ,  спорттағы  дарынды  балаларға  арналған  мектеп-интернаттар  мен 
жоғары  спорт  шеберлігі  мектептерінің  спорт  базасы  саналы  оқу-жаттығу 
процесін ұйымдастыру талаптарына сай емес. 
Республикада  1  миллионнан  аса  мектеп  жасына  дейінгі  және  3,5  млн. 
мектеп  жасындағы  бала  бар.  Дене  тәрбиесі  бойынша  сабақтар  ӛткізу  үшін 
жалпы  білім  беретін  мектептерде  5092  спорт  залы  бар  (республикадағы 
мектептердің  жалпы  санының  66%-ы)  1156  мектепке  дейінгі  балалар 
мекемелерінің  765-інде  немесе  66,3%-да  спорт  залы,  32  жүзу  бассейні  бар. 
Осылайша,  мектепке  дейінгі  және  жалпы  білім  беру  мекемелерінің 
материалдық  базасы  одан  әрі  дамытуды,  жаңалауды  және  оқушылардың  дене 
тәрбиесі  бағдарламасын  толық  кӛлемде  орындауы  үшін  қажетті  спорт 
жабдықтарымен жарақтандыруды қажет етеді. 
Ел  халқының  дене  тәрбиесі  белсенділігінің  тӛменгі  деңгейі,  спорт 
ғимараттары санының жеткіліксіздігі, мүкәммалдар мен жабдықтар сапасының 
тӛмендігі ӛмір сүру жасының ұзақтығының деңгейіне әсер ететін факторлардың 
бірі болып табылады. Елдегі халықтың тұратын ӛңірлеріне байланысты тек қана 
4,5-тен  18  %-ына  дейін  дене  шынықтырумен  және  спортпен  жүйелі  түрде 
шұғылданады. 
Алматы  қаласында  2011  жылы  VII  қысқы  Азия  ойындарын  ӛткізуге 
байланысты  Қазақстан  спортшыларының  оған  қатысуы  баса  назар  аударуды 
талап етеді. 
Қазіргі  уақытта  қысқы  спорт  түрлерінің  жай-күйі  оларды  дамытуға 
жергілікті  атқарушы  органдар  тарапынан  жеткілікті  назар  аударылмауымен, 
онымен  шұғылданатын  балалар  мен  жасӛспірімдер  санының  аздығымен, 
материалдық-техникалық базасының нашарлығымен, сапалы мүкәммалдар мен 
жабдықтардың 
тапшылығымен 
сипатталады. 
Спорт 
мектептерінде 
шұғылданатын  балалардың  жалпы  санының  6%-ының  ғана  қысқы  спорт 
түрлерімен айналысуға мүмкіндігі бар. 
Республикада  қазіргі  заман  талабына  сай  келетін  шаңғы  базалары, 
жабдықталған  әрі  маркаланған  жолдар,  шаңғы  тұғырлары,  биатлонға  арналған 
атыс  орындары,  жасанды  сапалы  мұзы  бар  400  метрлік  мұз  айдыны,  тау 

 
338 
шаңғысы  жолдары  жоқ.  Могулды,  фристайлды  және  басқа  қысқы  спорт 
түрлерін  дамыту  үшін  жағдайлар  жоқ,  соның  салдарынан  ел  құрама 
командаларын  дайындау  шетелдің  спорт  базаларында  ӛткізіледі,  бұл  қымбат 
және психологиялық тұрғыдан әрдайым ӛзін-ӛзі ақтай бермейтін процесс болып 
табылады. 
Елдегі  жалғыз  ғана  "Медеу"  стадионындағы  жүгіру  жолы  бар  жасанды 
мұз айдыны құйып-қатыру техникасының болмауынан бүгінгі күн талабына сай 
келмейді  және  конькишілер  дайындығының  сапалы  оқу-жаттығу  процесін 
қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоқ. 
Спортшыларды  сапалы  мүкәммалдармен  және  жабдықтармен  қамтамасыз  ету 
мәселесі де ӛткір қойылып отыр. 
2.Дене  шынықтыру  және  спорт  саласындағы  кадрлардың  жетіспеушілігі 
мен  біліктілігінің  тӛмендігі,  сала  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру 
жүйесінің болмауы. 
Қазіргі  заманғы  спорт  сан  алуан  жаңалықтарға  толы  әрі  спортшылармен 
жұмыс  жүргізуде  жаңа  әдістерді  меңгерген  мамандар  даярлауға  баса  назар 
аударуды талап етеді. 
Қазақстан спорты қазіргі уақытта білікті мамандарға аса зәру болып отыр. 
Балалар мен жасӛспірімдер спорт мектептеріндегі жаттықтырушы-оқытушылар 
құрамының  30%-ның  арнаулы  білімі  жоқ,  ӛңірлердің  және  елдің  құрама 
командаларымен  жұмыс  істейтін  білікті  мамандар,  спорт  ғимараттарына 
техникалық  қызмет  кӛрсететін  мамандар  жетіспейді.  Республиканың  жетекші 
жаттықтырушылары  зейнеткерлік  жасында  немесе  зейнеткер  жасына 
жақындаған,  келешегі  бар  жас  жаттықтырушылар  жалақының  аздығына 
байланысты бұл жұмысқа баруға құлықсыз. 
Жалпы  білім  беретін  мектептерде  дене  тәрбиесі  мұғалімдерімен  жете 
жасақталмау 10,9%-ды құрайды. 
Оқытудың  қазіргі  заманғы  әдістемелерінің  болмауынан  республикада 
жаттықтырушы-оқытушы  кадрларды  қайта  даярлау  жүйесі  жолға  қойылмаған, 
ал  маманданған  жоғары  оқу  орындарының  соңғы  жылдардағы  түлектері  оқу-
жаттығу 
процесін 
ӛткізудің 
практикалық 
дағдыларын 
меңгермеген, 
спортшыларды 
даярлаудың 
қазіргі 
заманғы 
әдістемелерін  білмейді. 
Республикада  спорт  ғимараттарына  қызмет  ететін  кадрларды  даярлайтын  оқу 
орны немесе факультет жоқ. 
3.Ғылыми  және  медициналық  қамтамасыз  етудің  жеткіліксіздігі.  Қазіргі 
заманғы  спорттың  деңгейі  спорттағы  нәтижелерді  арттыруда  ғылыми  және 
инженерлік  ізденістерге  негізделген  жаңа  кӛзқарастар  маңызды  рӛл  атқаратын 
даму  сатысына  кӛтерілді.  Жаңа  спорт  ареналары,  жаттығулар  мен  жарыстар 
үшін  арнайы  жағдай  жасау  саласындағы  жаңа  жетістіктер,  арнайы  киім-кешек 
тігу және оларды пайдалану әлемнің ең мықты спортшыларының нәтижелерін 
күрт жақсартуға алып келді. 
Қазақстанда 
жаттықтырушы-оқытушылар 
құрамының 
жаңа 
әдістемелермен  танысатын  және  озық  тәжірибені  практикаға  енгізетін 

 
339 
мүмкіндігі  жоқ,  ӛйткені  республиканың  бұқаралық  дене  шынықтыру  мен 
жоғары жетістіктер спортының проблемалары жӛнінде жеке ғылыми зерттеулер 
жоқ. 
Әлемнің алдыңғы қатарлы спортшыларының жаттығу процесінде сапалы 
оқу-жаттығу  жұмысы,  медициналық  және  медицина-биологиялық  жағынан 
қамту  мәселелері  ғана  емес,  сонымен  қатар  олардың  дұрыс  тамақтануы, 
демалуы,  қалпына  келуі  және  психологиялық  даярлығы  да  кешенді  шешімін 
тапқан. 
Қазақстанда  спорт  психологтары  жоқ,  спортта  медицина-биологиялық 
қызмет  нашар  дамыған,  тұрғындардың  түрлі  жастағы  топтарымен  және  спорт 
түрлері бойынша балалар мен жасӛспірімдер спорт мектептері оқушыларымен 
дене  шынықтыру-сауықтыру  және  оқу-жаттығу  сабақтарын  жүргізудің 
әдістемесі  жеткілікті  әзірленбейді.  Салқын  тиюге  және  түрлі  созылмалы 
ауруларға  шалдыққыш  балалар  мен  жасӛспірімдердің  саны  кӛбеюде.  Балалар 
мен  жасӛспірімдердің  дене  қимылы  белсенділігінің  жеткіліксіздігі  дене 
бітімінің  дамуына  кері  әсер  етуде,  сымбатының  бұзылуы  мен  үйлесімсіздігіне 
әкелуде,  оқушылардың  54,1%-ның  денсаулығында  түрлі  ауытқушылықтар 
байқалған, оларды медициналық бақылауға алу нашар. 
Елдің  алты  ӛңірінде  дәрігерлік-дене  шынықтыру  диспансерлері 
ашылмаған. 
4.Орталық  және  жергілікті  атқарушы  органдар  тарапынан  халық 
арасындағы  дене  шынықтыру-сауықтыру  жұмысының  мәселелеріне  жеткілікті 
назар аударылмайды. Соның салдарынан: 
жалпы білім беретін мектептерде дене тәрбиесінен үшінші сабақ, жоғары 
оқу  орындарында  бүкіл  оқу  кезеңінде  тӛрт  сағаттық  сабақ  жеткілікті  түрде 
тиімді енгізілмей отыр; 
жалпы  білім  беретін  мектептерде  денсаулығы  нашар  балалардың  40%-ы 
ғана дене тәрбиесімен жүйелі шұғылданумен қамтылған; 
білім мекемелерінде сабақтан тыс уақытта бұқаралық-спорттық және дене 
шынықтыру-сауықтыру  жұмыстарының  ұйымдастырылуы  жеткілікті  түрде 
тиімді  енгізілмеген,  дене  тәрбиесі  даярлығының  балалар  мен жасӛспірімдер 
клубы желісі қанат жая алмай отыр. 
5.Балалар  мен  жасӛспірімдер  спортын  дамытуға  жеткілікті  мән  берілмей 
келеді. 
Балалар  мен  жасӛспірімдер  спорт  мектептерінің  желісі  қазіргі  уақытта 
республикадағы  мектеп  жасындағы  балалардың  6%-ның  ғана  шұғылдану 
мүмкіндігін  қамтамасыз  етеді,  ал  жұмыс  істеп  тұрған  спорттағы  дарынды 
балаларға  арналған  мектеп-интернаттар  мен  олимпиада  резервін  даярлау 
орталықтары жоғары білікті жаттықтырушы-оқытушыларға аса зәру. 
Материалдық-техникалық базаның нашарлығы, сапалы спорт мүкәммалы 
мен  жабдықтың,  дербес  ғылыми  базаның,  сала  қызметкерлерінің  біліктілігін 
арттыру  жүйесінің  болмауы  спорт  резервін  және  халықаралық  дәрежедегі 

 
340 
спортшыларды  тәрбиелеуді   жоғары  деңгейде  ұйымдастыруға  мүмкіндік 
бермейді. 
Барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары 
кәсіби  қолданбалы,  дене  шынықтыру-сауықтыру  және  қалпына  келтіру  іс-
шараларын  қамтитын,  қызметкерлердің  еңбек  күні  режимінде,  жұмыстан  соң 
қалпына  келу  режимінде  дене  шынықтырумен  айналысу  құқығын  іске 
асыруына,  сондай-ақ  бұқаралық  спорт  жұмыстарын  ұйымдастыруға  жағдай 
жасамайды.  Ұжымдық  шарттарда  спорт  жабдықтары  мен  мүкәммалдар  сатып 
алуға 
қаражат 
бӛлу, 
дене 
шынықтыру-спорт 
жұмыстарын 
ұйымдастырушылардың штат бірліктерін енгізу қаралмаған. 
Халықтың  тұрғылықты  жері  бойынша  жұмыс  дұрыс  жолға  қойылмаған, 
жасӛспірімдер  клубтарының  желісі  жеткілікті  қанат  жаймаған,  тұрғылықты 
жерлерде және кӛпшілік демалатын орындарда қарапайым спорт алаңдары мен 
ғимараттар мүлдем жоқ. 
Ең  алдымен,  материалдық-техникалық  базаның  жоқтығынан  және  дене 
шынықтыру  мамандарының  жеткіліксіздігінен  ауыл  спортын  дамыту 
проблемасы ӛте ӛткір қойылып отыр. 
Ауылдық  жердегі  қазіргі  бар  4069  спорт  залының  3639-ы  жалпы  білім 
беретін мектептерде және негізінен оқу сабақтарын ӛткізу үшін пайдаланылады, 
спорт  ғимараттарының  10,5%-ы  ғана  ауыл  халқының  спортпен  шұғылдануына 
қолжетімді.  Елдің  алты  облысындағы  ауылдарда  бірде-бір  жүзу  бассейні,  ал 
республиканың  13  ауданында  балалар  мен  жасӛспірімдер  спорт  мектебі  жоқ, 
сол  себепті  ауылдағы  спортпен  шұғылданушы  балалар  мен  жасӛспірімдердің 
саны жалпы республикалық кӛрсеткіштен екі есе тӛмен. Бүкіл еліміз бойынша 
ауылдарда бар-жоғы 26 дене шынықтыру және спорт әдіскері жұмыс істейді. 
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріндегі дене шынықтыру мен спорттың 
дамуына  жасалған  талдау  жұмыстың  неғұрлым  кең  тараған  нысаны  дене 
шынықтыру  мен  спортты  дамытудың  мемлекеттік  бағдарламаларын  әзірлеу 
болып табылатынын кӛрсетеді. 
Сонымен,  Беларусьта  халықтың  салауатты  ӛмір  салтын  қалыптастыру 
және дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2002-2006 жылдарға арналған 
мемлекеттік  бағдарламалары  қабылданып,  іске  асырылуда.  Украинада  2005 
жылы  "Дене  тәрбиесі  -  ұлттың  денсаулығы"  атты  бағдарламаның  мерзімі 
аяқталып,  Украинада  дене  шынықтыру  мен  спортты  дамытудың  2007-2011 
жылдарға 
арналған 
мемлекеттік 
бағдарламасының 
тұжырымдамасы 
қабылданды.  Ресейде  "Ресей  Федерациясында  дене  шынықтыру  мен  спортты 
2006-2015  жылдарда  дамытудың"  федералдық  мақсатты  бағдарламасын  іске 
асыру жӛнінде жұмыс жүргізілуде. 
Бұл  елдерде  кейіннен  мемлекеттік  бағдарламалардың  қабылдануы  бұдан 
бұрынғы  мемлекеттік  бағдарламалардың  дене  шынықтыру  мен  спортты 
дамытуда  едәуір  рӛл  атқарғанына  қарамастан,  орын  алған  барлық  кӛкейтесті 
мәселелерді  шеше  алмауымен  байланысты  болып  отыр.  ТМД  елдерінде  дене 
шынықтыру мен спортты дамыту жӛнінде жаңадан қабылданатын мемлекеттік 

 
341 
бағдарламалардың  негізгі  міндеттері:  халықтың  денсаулығын  бекемдеу, 
бұқаралық дене шынықтыруды дамыту, дене шынықтыру-спорт ұйымдарының 
материалдық-техникалық,  кадр  және  қаржы  әлеуетін  нығайту,  балалар  мен 
жасӛспірімдер спортын, жоғары жетістіктер спортын дамыту, спорттың барлық 
түрлерінің  дамуын  қамтамасыз  ету  дене  шынықтыру  мен  спорттың  дамуын 
реттейтін нормативтік-құқықтық базаны жасау болып табылады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет