А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)


Дәрістік кешен (дәріс тезистері, көрнекілік, таратылу материалдары, қажетті әдебиет тізімі)



бет3/6
Дата22.08.2017
өлшемі1,17 Mb.
#24275
1   2   3   4   5   6

Дәрістік кешен (дәріс тезистері, көрнекілік, таратылу материалдары, қажетті әдебиет тізімі).

1 дәріс.

Дәріс тақырыбы: Психотренинг-болашақ психологтың кәсіби біліктілігін қалыптастыру құралы

Мақсаты: Психотренинг қызметінің маңызын, негізгі қалыптастыру құралдарымен таныстыру.

Дәрістің мазмұны:

1. Психологиялық тренинг туралы түсінік

2. Психологиялық тренинг принциптері

3. Психологиялық тренингтің маңызы



 Психологиялық қызметтің бес бағыты жүргізілетіні белгілі: психодиагностика; психокоррекция; психоконсультация; психопрофилактика және психологиялық ағарту жұмыстары. Клиенттің психикалық даму деңгейі анықталған соң (бұл шара психодиагностика арқылы жүргізіледі) оның бойындағы қандай да бір психикалық,  психологиялық ахуалды түзету,  дамыту жұмыстары жүргізіледі. Бұл-психокоррекциялық бағыттың міндеті.Тренинг – психокоррекцияның негізгі әдістерінің бірі болып табылады. Оның мағынасы,  кәдімгі спорт саласында жиі қолданылатын «тренировка» (жаттығу) дегенді білдіреді. Айырмашылығы дене қимылдарының жаттығуы емес,  психологиялық жаттығулар деген ұғым,  «психотренинг» деп аталуы сондықтан.  Тәжірибе саласындағы психолог көбінесе нақты ұжыммен жұмыс істейді. Сол ұжымдағы психологиялық ахуал ұжым мүшелерінің өзара қарым-қатынасының сипатымен өлшенеді. Осыдан келіп,  психологтың топтық қызметі пайда болады. Ұжымның еңбек көрсеткіші жоғары нәтиже беруі үшін ұжымда он психологиялық ахуал тудыру шарт. Психолог осы мақсатта ұжым мүддесі үшін топпен және жеке клиентпен (ұжым мүшесі) жұмыс істейді.Тренинг,  әлеуметтік ортада өзара қарым-қатынасты жетілдіру мақсатында қолданылатын топтық жұмыс формасы болып табылады. Оны жүргізуші психолог уақытша «тренер» (жаттықтырушы) ролін атқарады. Құрамдық ерекшелігіне қарай тренинг  «психологиялық тренинг»,  «топтық тенинг»,  «әлеуметтік-психологиялық тренинг» деп те атала береді.Психотренингтік топ,  ұжымның ішкі өмірін бейнелейтін және қолдан жасалатынн  қарым-қатынастарға шынайылық сипат беретін шағын қоғам болып табылады. Отбасында,  қызмет орнында немесе мүдделері ортақ топтарда адамдарға күнделікті серіктестіктердің ықпалы,  әлеуметтік ықпал сияқты әр түрлі факторлар әсер етіп отырады. Осы факторлардың сипаты психокоррекциялық топтарда анықталып,  оның барысында жеке тұлғаның көзқарастары мен мінез-құлқына сәйкес жасанды қатынастар орнатылады. Нәтижесінде,  арнайы қабылданған қатынастар мен жиналған тәжірибе ішкі өмірге айнала бастайды. Топта жұмыс істеудің келесі артықшылығы – жеке адамның топтың басқа мүшелерімен кері байланыс орнықтыра алуы және өзін басқалардың қолдау мүмкіндігіне ие бола алуы. Топтағы өзара әрекеттер барысында топ мүшелерінің жеке бастық құндылықтары және оларға қажеттіліктер сезіледі. Топта жеке тұлға өзін басқаларды қабылдаушы,  оларға сенім артушы,  көмек көрсетуші және өзі де басқалармен қабылданушы ретінде сезіне алады.Клиент,  тренингтік топта тек оқиғаға қатысушы ғана емес,  көрермен болуға да мүмкіндігі бар. Оқиғаның өрбуін бақылай отырып,  клиент өзін белсенді қатысушымен салыстырып,  оның құндылықтарын көріп-білуі арқылы өз бойындағы құндылықтарды ашып,  бағалай алады.Әлеуметтік – психологиялық тренинг-топтық жұмыстың белсенді әдістеріне негізделген,  арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас формасы болып табылады. Тренинг барысында жеке тұлғаның дамуы мәселесі барынша табысты шешіледі,  коммуникативті (ауызша хабар  алмасу-сөйлеу) дағдылары жетіледі,  сондай-ақ топ мүшелері жеке басында бұрыннан қалыптасқан таптаурындарды (стереотип) қайта қарау,  жөндеу мүмкіндіктеріне ие болады.Тиісті әдебиеттерде тренингтік топтар шартты түрде «Т-топ» ретінде белгіленеді. Болашақ психологтардың кәсіби біліктілігін қалыптастыру мақсатында оқу жосапарында бекітілген теориялық пәндер («практикалық психология»,  «психодиагностика негіздері»,  «дифференциалды диагностика» т.б.) білімгерлердің өндірістік практикаларында міндеттелетін пәндік тапсырмалар арқылы пысықталады. Берілген оқу пәндерінде тренингтің міндеті,  атқаратын қызметі,  мақсатқа байланысты түрлері,  тренинг өтетін орын,  тренингтік залдың жабдықталуы,  тренингтердің өту уақыты, ерекшелігі,  тренерге қойылатын талаптар,  типтік оқу бағдарламасына сәйкес беріледі. Бірақ,  шығыстың ұлы ойшылы М.Сағади айтқандай «Сен теорияда қанша мықты болғанынымен,  оны қолданбайынша,  бәрібір надансың». Сондықтан да институт қабырғасында берілетін теориялық білімдер мен өндірістік тәжірибе процесінде үйретілетін дағдылар мен іскерліктер білімгерге кәсіби біліктіліті қалыптастыру жолындағы алғашқы баспалдақ қана. Осы жолда үлкен жетістіктерге жету үшін маңызды шарт – үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға қажеттілікті  сезіну. Бұл қажеттіліктің мазмұны-клиенттердің кез-келген психолгиялық мәселелерін шешуге көмектесу үшін олардан ақыл-парасатының,  дүниетанымының барынша жоғары болуы,  асқан сезімталдық,  ұстамдылық,  өз-өзіне деген берік нық сенім. Тренер уақытты өте нәзік сезіне білуі шарт,  бұдан шығатын қортынды-күнделікті өмірде болып жатқан өзгерістердің барлығын алдын-ала,  тіпті болмаса дер кезінде байқап,  біліп отыру. Сондай-ақ,  клиентке нақты көмек көрсету үшін,  оның өзіне сенімін тудыру қажет: клиент тренерді,  тренер клиентті жатырқамай,  бір-бірін бар болмысымен қабылдай алуы тиіс. Ол үшін тренен ашық,  мейрімді,  жанашыр әрі күнделікті күйбен тірліктің ұсақ-түйектерінен биік тұруы керек. Міне,  осы шарттардың барлығы психологтың жеке басының тәртібіне,  мәдениетіне,  біліміне қойылатын талаптар. Адам бойындағы мұндай жоғары адамгершілік қасиеттер мен кәсіби шеберлік институт оқытушылары мен оқу пәндерінің мазмұны арқылы  қалыптаспайды. Үнемі және әрдайым өзін-өзі жетілдіру нәтижесінде тәжірибе барысында біртіндеп қалыптасатын процесс бұл!Әйтсе де,  ұстаз өзін оқулық пен білімгер арасындағы білімді тасымалдаушы тұлға ретінде ғана сезінсе,  ол сыртқы қалыпты ғана ұстанатын ішкі мазмұнды жете түсінбейтін шалажансар оқытушы. Болашақ психолог бойында жоғарыда айтылған кәсіби сапалардың қалыптасуына оны баулушы,  психологиялық қызметтің қыр-сырымен таныстырушы оқытушының жеке басы үлгі болуы шарт. Сонда ғана ол толық мәнінде ұстаз атана алады; сонда ғана ол білімгер алдында бүгін ғана емес,  мәңгілікке сыйлы,  әрі құрметті; сонда ғана ол шын мәнінде шебер!Білімгер психолгтың клиентті рецептімен емес,  өзінің жеке басымен емдейтінін түсінуі керек. Ең соңында білімгер психологиялық тренингтің принциптерін жете білгені абзал деп,  оны жіктеп көрсету ұйғарылды.  

    Тренингтік орта құру принциптері

    Тренингке қатысушылар тәртібінің пинциптері

    Ұйымдастырушылық принциптері

    Эстетикалық принциптер

    Жүйелік детерминация

    Белсенділік,  зерттеушілік және шығармашылық.

    Ашық-жарқын болу. Топты құру,  жабдықтау

    Жарияламау. Тренинг мақсатының мазмұнына сәйкес келуі.

    Нақтылық

    Өзара қарым-қатынас

    Кеңістік-уақыттық ұйымдастыру

    Зиян келтірмеу

    Жіткілікті

    Шынайлылық «қазір және осында»

     

     

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Тренинг дегеніміз не?

  2. Тренинг қызметі арқылы тұлғада қандай қабілеттерді дамытуға болады?

  3. Құзіреттілік дегенді қалай түсінесің?

  4. Психологиялық тренинг принциптерін ата?

 Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Архангелский С.И. Учебный процесс в высшей школе,  его закономерные основы и методы. Учеб.-метод. пособие. – М.:Высшая школа,  1980 г.

2.Жарықбаев Қ.,  Табылдиев Ә. Әдеп және жантану. А., Атамұра., 1994 ж.

3.Козлов Н. Истинная правда или учебник для психолога по жизни. – М:АСТ-Пресс книга., 2001 г.

4.Лойшен Ш. Психологический тренинг умений. Школа Вирджинии Сатир.М.:2001 г.

5.Ялом И. Теория и практика групповой психотерапии. Санкт-Петербург.,2001 г.

2 дәріс.

Дәрістің тақырыбы: Тренинг қызметіндегі тренер тұлғасы

1. Тренерге қажетті сапалар.

2. Тренердің сырт келбеті

3. Тренердің өзін-өзі ұстауы



Мақсаты: тренинг қызметіндегі тренер тұлғасына тоқтала отырып, студенттер бойында оған қажетті сапаларды қалыптастыру.

Психологиялық корекциялық қызметтің ең негізгі түрі -тренинг.

Тренинг адамның тұлғалық өсуі, өзіне сенімділігін, ішкі қобалжуларынан арылу бағытында жүргізіледі. Тренер клиентпен, жоғары нәтижеге жетуі үшін, олардың ішкі мазаландырушылықтарын жойып, зейіндерін жшоғырландырып, өзін жайлы сезінуіне толық жағдай туғызуы, таласты мәселенің жеткілікті түрде талданып, тиісті шешімдердің

қабылдануына кәсіби тұрғыдан үлкен шеберлік таныта білуі қажет.Тренингке қатысушы өзін мазалаған мәселесі бойынша толыққанды мәлімет немесе ақпарат алуы, сол арқылы өз әрекетін сыни тұрғыдан бағалай алу дағдысына жеткен жағдайда ғана тренер жұмысының мақсаты жүзеге асты деп есептелінеді.

Тренинг жүргізу тренердің тұлғасына үлкен талаптар қояды.

Тренер тұлғасында: - Энергия.



  • Хабардарлық..

  • Тәжірибе.

  • Билік.

  • Ақылдылық..

  • Харизматикалық

қасиеттер болуы тиіс.

Энергия- бұл потенциалды күш, ол өзгелерге энергия беруі үшін өте қажет. Әлсіз,сылбыр. көңілсіз тренер тренингтің тек теориясын ұғындыра алады да,қатынасушыларды табиғи, стихиялы мотивпен басқара алмайды.Ал энергиялық күшті заряды бар тренер, қатынасушыларға күш беріп қана қоймай, кеменің желкенін қажетті бағытқа бұра алады.

Тренер энергия шығарушының үлгісін көрсетіп, қатысушыларды өзіндік ішкі зарядпен энергия беруі, жұқтыру және толықтырып отыруы, магнетизм күшімен тәуелсіз қимылдап сол энергияны өзгелерге сендіре алуы тиіс. Тренердің ең басты энергиясы – биологиялық энергия. Ол биологиялық энергиясын өзгелерге көрсете алуы тиіс. Сонымен қатар тренерге; бойшаңдық, тамақ таба алу, зат алмасу, материалдық жүйелерінің жаңартылуы, көбею, таратылу қабілеті болуы қажет. Бойшаңдық, гүлдену, зиялылық, тренердің сырт келбетінен көрініс тауып өзін-өзі презентациялауда өзгелерді өзіне тарта біліуі тиіс.

Қатысушылар сіздің өскеніңізді, әрі қарай өсіп дами түсетініңізді сезінуі тиіс.Сізді гүлденіп ақша табуда еш қиындық көрмейтін, көбей, таратылуда проблемасы жоқ адам ретінде ұғынулары қажет.Тренер сырт келбетінен дамыған дами түсетін басында еш қиындығы жоқ адам кейпін көрсетуі тиіс.

Биологиялық қалыптылық тренинг өткізуде фон ретінде өте қажетті. Тренер жаңа шығармашылық тапсырмаларды тез шешуге қабілетті. Тренер идея ұсынушы, дамытушы ғана емес, өзгелердің идеяларын ұғынушы және дамуға мүмкіндік беруші тұлға.

Тренер псхология, биология, физиология, менеджмент және практикалық өмірден хабардар болуы тиіс. Хабардарлық кез-келген эксперименттің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Кең көлемді таным және білгеніңді қызықты етіп әңгімелеп беру – топта кез-келген эмоциональды қиындықты жеңе алуға көмектеседі. Кез-келген жағдай тіпті жағымсыз болсада білетін жағдаймен салыстырылып жаңа білім көрсеткіштері арқылы шешіліп отырылады.

Тренердің тренинг қызметінде әртүрлі өмірлік аймақтарда тәжірибесі болған жөн. Өзіндік тәжірибе арқылы адамдарды басқара алуы тиіс.

Тренер жан-жақты ғылым салларына білімі терең болуы тиіс. өзі айтатын әңгімесі мен әрекетінің құндылығына сенімді адамның кейпін көрсетуі тиіс. Ол өзінің кез-келген сөзіне 100% сенуі және өзгелерді сендіре алуы қажет. Өзіне сенімді тренер өзгелер мүлтіксіз орындайтындай нұсқау бере алады. Ол үшін сенімділік әзілқойлықпен ұштасып отыруы керек. Ол топқа нақты, ашық, қарапайым сенімді нұсқау беру арқылы қатысушыларға мотивация береді. Билікті өзгеге беру және өзгені тыңдау, өзің шешім қабылдау жауапкершілігінен құтылу мазасыздықтан құтқарады. Сенімді , толыққанды команда адамдарға мотивация беріп, уақытша жауапкершілігінен босатады.

Тренердің ақыл-ой процесі жеткілікті түрде қозғалғыш болуы жөн. Тренер кез-келген проблеманы жеңіл шешіп өзгелерге жол көрсетуі тиіс.Кездескен жағдаяттарда қатынасушыларды дұрыс бағытқа сілтеуі жөн. Сонымен қатар ақыл-ойы икемді болып, белгілі бір проблеманы шешкенде, сол жағдайға, сол адамның жас ерекшелігіне сай шеше білуі тиіс.

Тренер идеал тұлға ретінде қатынасушылардың қарағысы келе беретін, оның артынан еріп жолын қуғысы келетін адам болуы тиіс. Кез-келген тренерде харизматикалық қабілет болуы қажет.Сырт келбетіңнің жұғымдылығы электірлік лампадай табиғи шырақ, жарық береді. Адамдар арнайы шамымен емес, кездейсоқ табиғи шырақ пен өнімді жарқырап, жүректерді жылтатын адамға сенеді. Тренер қатынасушыларға қаншалықты ұнауға талпынса соншалықты өзіндік табиғи харизмасын жоғарылатады.

Өзімен- өзі болудың бір жолы- өзгелердегі табиғи көріністерді өзіне дарытуға талпынбай, өзіңдегі бар табиғи қасиеттерді дамыту. Тренер жарқырап өте айқын көрінуге тырыспай жан дүниесінің ашықтығын көрсете білгені жөн. Қатынасушылар сұрақ қойса шынын айтуға тырысуы керек, ол қатынасушылардың ашылуына жол ашады. Белгілі бір шындықты айту қаншалықты қиын болса, оның қатынасушыларға маңыздылығы да соншалық.. Қарапайымдылық, шынайылық,, харизматикалық қабілеттің ең табиғи көрінісі.

Ең алдымен, тренинг жүргізілетін топқа назар аударған жөн. Костюм топтың жасына және қатысушылардың әлеуметтік рөліне қарай жасалады.

Егер тренинг жасөспірімдерге арналған болса, спорттық стиль де (джинсы мен футболка) жарап қалады. Ендігі мәселе, егер тренинг жетекші звеноға арналған немесе фирмадағы корпоративті тренинг болса, онда тренердің жұмыс ерекшелігін ескере отырып, іскери стильді ұстанған жөн.

Білікті тренердің өзінің сыртқы келбетіне қатысты бірінші ережесі – ситуацияның адекваттылығы.

Ары қарай әңгіме қосымша заттар жөнінде болады. Әсіресе әйел адамдар көбіне қосымша заттарды (шарф, моншақ, шпилька, соған уақ заттар) жаны сүйеді. Бұл заттар әдемі көрініп қана қоймай, белгілі бір стильді де аңғартады. Тренинг үшін бұндай заттарды мақсатқа сай таңдау қажет.

Екінші ереже – тренинг бойы мазаламайтын киім үлгісінің ыңғайлылығы.

Тренердің жұмысы эмоционалды және денелік жүктемемен байланысты екенін ескерген жөн. Сондықтан да киімді ыңғайластырып киген тиімді.

Үшінші ереже тренинг жүргізушінің киім таңдауда жүзеге асады – ыңғайлылық.

Тренинг жүргізуішінің киім таңдаудағы төртінші ереже – көпқабаттылық және қызметке сәйкес келуі.

Сонымен, киім таңдаудағы бесінші ереже – қозғалыс пен әрекеттің еркіндігі болып табылады.

Мұқият, өзін-өзі күтетін, ұнмеі таза, ұқыпты жүретін адам қоршаған орта үшін жағымды болып табылатыны белгілі. Өз-өзіне сенімділік ұқыптылық пен тазалыққа байланысты болып табылады.

Сондықтан да алтыншы ереже – ұқыптылық және тазалық.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Тренер дегеніміз кім?

2, Тренерге қажетті сапаларды ата?

3. Харизматикаылқ қабілет дегенді қалай түсінесің?

4. Тренердің сырт келбетіне қандай талаптар қойылады?

Падаланылған әдебиеттер:

1.Лесли Рай» развития навыков эффктивного общения» М-2002ж.167 бет.

2.Р.Бакли, Д.Кейпл. Теория и праактика тренинга. «Питер», 2002.

3.Практикум по социально-психологическому тренингу, Санкт-Петербург, 2000

4.О. Горбушина «Психологический тренинг» М-2007ж

5. А.Г. Каменюкин, Д.В. Ковпак «Антистресс-тренинг» М-2008 .

6.Лесли Рай» развития навыков эффктивного общения» М-2002ж.

7.Д.М. Рамендик « Тренинг личностного роста» М-2008ж.

3 дәріс



Дәрістің тақырыбы: Тренинг, және оның білім берумен арасындағы айырмашылық.

1.Тренинг, үйрену, даму ұғымдары.

2.Тренинг пен білім берудің арасындағы айырмашылық.

Мақсаты: Тренинг барысында қалыптасатын білік дағдыларды меңгерту.

1. Ең алдымен «тренинг» ұғымын анықтап, оны даму, білім беру және үйрену секілді жақын ұғымдардан ажыратып алған жөн. Ақпарат көздеріне сүйене отырып, бұл ұғымдарға келесідей анықтама беруге болады.

Тренинг (training).

Қандай да бір іс-әрекет түрін тиімді орынлалуына қол жеткізу үшін оқыту тәсілі арқылы және білімді дамыту немесе модификация бойынша жоспарланған және жүйелі күш түсіру. Жұмыс жағдайында тренинг тұлғаға нақты тапсырманы немесе жұмысты адекватты орындау үшін қажет дағды мен білімді игеруге мүмкіндік береді.



Үйрену (научение) (learning).

Білім, білік және ұйғарымды тәжірибенің, ойдың, зерттеу мен нұсқаулықтың көмегімен игеру үрдісі.



Оқыту немесе білім беру (education).

Ауқымды мәселені шешіп, талдауға мүмкіндік беретін жүйеленген білім, білік құндылық және (ұғымдар, түсініктерді меғгеру үрдісі).



Даму (development).

Саналы және бейсаналы (неосознанное) үйрену нәтижесінде адамның қабілеттілігін өсіру және кеңейту.

Glossary of Training Terms (1978) «тренинг» ұғымының анықтамасына түсінік берілген, яғни «оқыту нәтижесінде» деген сөздер оқыту және тренинг ұғымдарының арасында нақты шекараның жоқ екенін көрсетіп, бұл екі ұғымның бірігу қажеттілігін анықтап отыр.

2. Тренинг және білім беру арасындағы айырмашылық.

Жоғарыда аталған ұғымдардың бірігу қажеттілігін жоққа шығармай, оларды бір-бірінен ажырату қиындығын мойындай келе, Дж. Кенни мен М.Рейд олардың арасындағы бірнеше пайдалы айырмашылықтарды бөліп көрсетті. Бұл айырмашылық қай-қайсысының да ерекшеліктеріндегі мазмұны мен деңгейіне, әдістері мен бағыттарына және тұтас үрдіске қатысты болды.

Егер ерекшелік туралы айтатын болсақ, тренинг нақты жұмысты орындау үшін қажет іс-әрекеттік дағды, идея мен фактілерді меңгеру және өңдеуді болжайды. Тренингтің нысаны адамнан гөрі, нақты іс-әрекет түрі болып табылады. Ал білім беру адамға ғана бағытталып, анағұрлым кең өзгерістерді көрсетеді, білім берудің мақсатын нақты анықтау күрделірек. Тренингті білім беруге қарсы қоя отырып, Глейзер: «...оқушының іс-әрекеті қалайтын нақты мысалдар арқылы үйренудің соңғы өнімін ерекшелеуге болатын жағдай туындағанда осындай іс-әрекеттерді қалыптастыруға немесе жаттықтыруға бағытталған жаттығуларды өңдеуге мүмкіндік туады,»-деп жазған. Егер адамға құрамды бөліктерге бөлінбейтін және нақты орындау мысалдарын келтіруге қиындық туғызатын кешенді білік берілетіні туралы ой қозғалса, онда ауқымды қамтылған білім беру үрдісін ұйымдастыра отырып, оқушыны кез келген жағдайға жалпылық тұрғыдан қарауды үйрету қажеттілігі пайда болады. Мұны жақсы меңгерген оқушы ұқсас немесе жаңа жағдайлардан шығатын жолды тез таба алады.

Глейзер тренинг пен білім берудің арасындағы айырмашылықты индивидуалды ерекшеліктің минимизация-максимизация тұрғысынан талдады. Оның пікірінше, білім беру оқушының жеке ерекшелігін кеңейтіп, айқындайды; сонымен қатар, оқытудың нәтижесінде оқушы өзінің қандай да бір іс-әрекетті орындау тәсілін жасап шығарады.

Тренинг және білім беруді үрдіс ретінде де қарауға болады. Тренинг- бұл игеріліп отырған іскерлікті жаттықтыру және бірнеше рет қайталау нәтижесінде стандартты нұсқауға сүйене отырып, бір жақты мінез-құлық сызбасын өңдеуге бағытталған механикалық процесс. Ал білім беру- адамда болатын өзгерісті болжай алмайтын анағұрлым шынайы үрдіс.

Тренинг пен білім беру мазмұны жағымен де айрықшаланады. Тренингтің мақсаты - нақты міндеттерді орындауға қажет біліммен, іскерлік және ұйғарыммен адамды қамтамасыз ету. Білім беру немесе оқыту аналитикалық және сыни ойлаудың дамуын бейнелейтін концептуалды және теориялық жүйемен қамтамасыз етеді.

Сонымен, тренинг, оқыту және дамыту ұғымдарын уақыттың шкалаға салып, олардың нәтижелерін салыстыруға болады. Әдетте тренингтің нәтижесін бірден көруге болады, ал оқыту мен дамудан кейінгі пайда болған өзгерістер біраз уақыт өткеннен кейін көрініп, терең сипатқа ие болады.

Енді біз тренинг пен оқытудың өзара айырмашылықтарын танығаннан кейін бұл екі процестің байланыстылығын көруге болады. Адамның білімді, біліктілікті тренинг барысында орната білу керек және ол оның бұрынғы өткен оқығандары және білімділік деңгейіне байланысты. Сонымен қатар оқудағы жетістік жаңа оқу жағдайларында көмегін тигізіп отырады. Тренинг пен оқу туралы айтқаннан кейін біз практикалық тәжірибе жайлы айтып өтуімізге болады. Ұйымдастырылған тренинг және оқыту бұл элементтің жүзеге асуы мүмкін емес.



Қазіргі таңда тренинг, оқыту және жоспарланған тәжірибе бір-бірімен байланысты және ұғыну мен даму деңгейлері тең (12 сурет)

Сауатты жүргізілген тренинг адамға нақты білімді тез жинақтауға, негізделуге тиімді болып келеді.

Оқыту, егерде еркін түрде зерттелсе қатысушылардың дүниетанымы кеңейе түсті. Жоспарланған тәжірибе тренингтен алғанды одан әрі дамыта түседі.

Адамдар тренинг арқылы өздерінің тұжырымдарын жасай алады. Адамдар тренинг нәтижесінде ішкі және сыртқы қанағаттануды сезінеді. Тренинг адамды нақты жұмысты тиімді орындауға дайындайды.

Франк және Маржерисон тренингпен жұмыстану тек білім мен білікті дамытып қана қоймай, сонымен қатар ұйымдастырушылықтың нәтижесін шешу деңгейін жоғарлатады. Бұл тұрғы «ұйымдастыруды дамыту» деген атқа ие.

Бекхард, Френч және Белл т.б өздерінің үлесін қосқан болатын.

Тренингке жанама әсер ету, яғни ұйымдық мәдениетке жеке тұлғалық және топтық тренинг арқылы қол жеткізеді.

Чиз (1986 Checse) «каскад тренингі» деген тренингке сипатама береді және маркетингте қолданылуы туралы айтып өткен болатын. Бұндай жағдайда тренингте тек бір деңгейдегі ұйым жұмысшылары, мысалы тұрмыстық туралы аудандық менеджерлерді жатқызуға болады. Бұның тәтижесінде каскад тренингі коммуникацияны жақсы дамытатындығына қол жеткізеді. Бірақта тікелей және жанама тиімділікті салыстырылады. Мұның нәтижесінде «оқыту ұйымы» өзекті және потенциалды талапты ішкі және сыртқы ортаны қарастырады.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Үйрету дегеніміз не?

2. Тренингке анықтама бер?

3. «Каскад тренингін кім қолданды?



Падаланылған әдебиеттер:

1.Лесли Рай» развития навыков эффктивного общения» М-2002ж.167 бет.

2.Р.Бакли, Д.Кейпл. Теория и праактика тренинга. «Питер», 2002.

3.Практикум по социально-психологическому тренингу, Санкт-Петербург, 2000

4.О. Горбушина «Психологический тренинг» М-2007ж

5. А.Г. Каменюкин, Д.В. Ковпак «Антистресс-тренинг» М-2008 .

6.Лесли Рай» развития навыков эффктивного общения» М-2002ж.

7.Д.М. Рамендик « Тренинг личностного роста» М-2008ж.

4 дәріс



Дәрістің тақырыбы Тренинг, оқыту, тәжірибе және тренингтің жағымды жақтары

Дәрістің мазмұны:

1.Тренинг, оқыту, тәжірибе.

2.Тренингтің жағымды жақтары.



Мақсаты: Тренингтің жағымды сапаларымен таныстыру.

«Жүйелі» және «жүйелілік» анықтамалары жаттықтырушылар өз қызметін жүзеге асыратын тұрғыны сипаттауда кең қолданылады. Бұл түсініспестікке әкеліп, жиі бұл терминнің ұқсастығы туралы сұрақ тудырады.

Жүйелердің теориясына негізделе отырып, Аткинс ұғымдардың арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Оның жазуынша «жүйелі тұрғы» термині екі жақты түсіндіруге жол береді. Оны тұрғыны сипаттаушы ретінде қолданады. Мұнда тренинг басқа жүйелермен әрекет етуші жүйе ретінде көрінеді. Ал мекеменің өсуі мен дамуы осы жүйелерге байланысты. Бұл тұрғы тренингтің қызметіне барлық жүйе қарқынында немесе жалпы мекеме бойынша қарауға мүмкіндік береді. Ол фактордың ықпалдар мен проблемалардың құбыылстарын кең түрде қабылдап, жүйенің барлық бөлімдерінде олардың әрекеттерін бағалауға мүмкіндік береді.

«Жүйелі тұрғы» терминін тренингтің, жоспарлаудың, жүзеге асырудың обьектілерін жалпы зерттеу үрдісіндегі жеке сатылардың арасындағы логикалық өзара байланыс ретінде түсіндіреді. Аткинстің ойынша, жоспар мен іс-әрекеттің логикалылығы мен реттілігі «жүйелілік»анықтамасын орынды етеді.

Жүйелі тұрғы мен жүйелілік тұрғы бір-біріне қарама-қарсы емес,және олар әртүрлі деңгейлерде қолданылуы мүмкін. Жүйелі тұрғы ұйымдастырушылық деңгейде тренинг қосымшасының мүмкін сферасы мен қызметін, жалпы мақсатты аныықтауда қолданылады. Жүйелілік тұрғы оқыту бөлімінің күнделікті жұмысын сипаттайды.

Біз ұсынатын жүйелілік тұрғысының моделі - жұмыс құралы болып саналады, сондықтан да әрбір жаттықтырушы адам және оқыту бөлімінің жұмысшысы ретінде өзіне ыңғайлы модельді өңдейді. Бұл модельдерді талдай отырып, олардың форматы әртүрлі болса да, іс-әрекеттің бір болатынына көз жеткізуге болады. Модельдің форматынан тәуелсіз барлық жеке түрлер негізгі 4 сатыға сүйенеді. (2.1- сурет).

Келесі модель (2.2-сурет) авторлық кәсіби тәжірибенің негізінде өңделді. Оны барлық жаттықтырушыларға жарамды соңғы модель деп қабылдау қажет емес, өйткені бұл тренингтің барлық қиындықтарын шешуге көмектесетін практикалық басқару. Бұл модельді мысал ретінде мекеме басшыларына көрсетуге болады.

Тренингтің

обьектілерін

зерттеу


Тренингтің Тренинг

тиімділігін бағдарламасын

бағалау өңдеу

Тренинг өткізу

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Тренингтің обьектілерін зерттеу дегенді қалай түсінесің?

2. Тренинг бағдарламасын өңдеу қалай жүзеге асады?

3. Жүйелілік тұрғы дегенді қалай түсінесің?



Падаланылған әдебиеттер:

1.Лесли Рай» развития навыков эффктивного общения» М-2002ж.167 бет.

2.Р.Бакли, Д.Кейпл. Теория и праактика тренинга. «Питер», 2002.

3.Практикум по социально-психологическому тренингу, Санкт-Петербург, 2000

4.О. Горбушина «Психологический тренинг» М-2007ж

5. А.Г. Каменюкин, Д.В. Ковпак «Антистресс-тренинг» М-2008 .

6.Лесли Рай» развития навыков эффктивного общения» М-2002ж.

7.Д.М. Рамендик « Тренинг личностного роста» М-2008ж.
5 дәріс

Дәрістің тақырыбы Тренингке жүйелік тұрғы және оның кезеңдері.

Дәрістің мазмұны:

1.Тренингке жүйелік тұрғы.

2.Жүйелік тұрғы кезеңдері.

Мақсаты: Тренинг барысындағы жүйелілік тұрғы кезеңдерімен таныстыру.

Тренингте жүйелілік тұрғыны қолдану туралы шешім жаттықтырушы тренингтің қажеттілігіне, оның көмегімен қазіргі және болжамды орындау ақаулықтарын жоюға болатынына көз жеткізгенде қабылданады. Мұндай шешімді жай қабылдауға болмайды, ол дайындық жұмысын және ситуацияны мұқият зерттеуді талап етеді.

1- кезең. Өкілділіктер (полномочия) шеңберін анықтау.

Әрбір жұмыстың басында хабардарлық шегін анықтау керек. Клиент жаттықтырушымен жұмыс ретін ойластырып, жобадағы өз қызығушылығы мен құқығын дәлелдеуі тиіс. Тренингті жете меңгермеген сызықтық жетекші үшін хабардарлықтың шегін анықтау қиынға соғады. Сондықтан да жаттықтырушы осы міндеттерді шешуге дайын болуы тиіс. Клиент пен жаттықтырушының сенімі ақталу үшін алдын-ала тренингті өткізуде болатын уақыттық және қаржылық шығындарды анықтау керек. Бұл кезеңде немесе тікелей оның соңында есептің ретін орнатып, іс-әрекеттің жоспарын өңдеу қажет. Бұл жаттықтырушыға белгіленген аумақта анық жұмыстануға, ал клиентке үрдіске енуге мүмкіндік береді.

2- кезең. Алдағы зерттеулер.

Кейде тренингтің қажеттілігі туралы шешім қабылдататын анализ жаттықтырушыны жүйелі тұрғы аумағында алдағы қадамдардыжүзеге асыруға қажет ақпаратпен қамтамасыз етеді. Бірақ кейде алдынғы зерттеулер толымсыз, жеткіліксіз және сенімсіз болып жатады. Сонымен қатар ол жаттықтырушының қатысуынсыз өткізілуі мүмкін. Бұл жағдайда аалынған нәтижелерді дәлелдеу немесе қосымша зерттеулер жүргізу қажет.

Жұмыс мазмұнын талдауда оқылған дәл жұмысын көрсететін барлық құрамасын қайта анықтап көрсетеді. Ол оқитын операциялық ақпаратты жинауды жинауды ұсынады және кейінгі түскен ақпаратты ұқыпты талдау қажет. Әртүрлі әдісті қолдануда өндірілген әртүрлі ақпарат жинаудың негізгі қайнар көзі болып табылады. Жұмыс құжаттары мен материалдарын оқи келе онда интервью жүргізіп, бақылайды.

Ақпарат жинауда негізгі бұл ақпарат жақын болып келеді. Онда басқа да жағдай тәуелді. Мысалы: қиын зерттеуде әдісті өлшеуде арнайы техниканы талап етеді. Ақпарат жинақтау кезеңдері бойынша талдау жұмыс тапсырмасының негізгі бейнесі оларды орындауды талап етеді. Көптеген маңызды немесе қиын операция пайда болса, ең басты оған көп көңіл аудару керек. Іскерлік дағдының қандай да бір даму деңгейіне көмектесетін тренингті атап, нәтижесін шығаруға болады. Жинақталған ақпаратты белгілі бір жағдайларға байланысты қолданады.

Жұмыс мазмұнын талдаудан басқа қосылып зерттелген көрсеткішті талдау қажет, яғни қабылданған алдында зерттелгенін тексеру және де оқу жүйесінің тиімді талдауда ұқсастық проблемаларды шешеді.

3- кезең. Білім, іскерлік және ұстанымдарды талдау.

Міндетті нұсқауды құру үрдісінің қарапайым жалғасы мамандыққа баға беретін сипаттама болып табылады. Соңғы өңдеуде жаттықтырушы бұрын алынған ақпаратты қолданады. Ол операциялық тапсырманы тез арада және дәл орындауы тиіс. Тренинг формасы адекватты және адекватты мазмұнын таңдап, талдау қажет. Бұл кезең бойынша мысалы: тапсырманы талдау, дағды немесе қате, толық талдап, мінез-құлықты анықтауға рұқсат ететіндей маман болу қажет.

Потенциалды дамуды шынайылылықты талап ететін жұмысты орындауына байланысты ақпарат көлемін жұмысты зерттеумен байланысты талдау болып табылады.

4- кезең. Мақсаттық аудиторияны талдау.

Аудиторияда барлығының міне-құлық қабілетімен жұмыстанғанда оның байланысын талдап бағалайды. Айтылған сөздерді біреуге тренингті арнайы тәсілдер арқылы анықтау қажет. Қандай да бағдарламалық тренингтің дамуы, тиімді бағдарламаны бағалауы , тексеріліп қойылғаны бұлардың барлығын талдау пайдалы болып табылады. Бұл кезеңдердің негізінде жаттықтырушы алдын-ала нақты шешімдер мен стратегияларды өзінің ойынша аудиторияның мақсатын анықтайды. Бұл жағдайларда тәжірибеге, жас ерекшелігіне, білім берудің және потенциалды оқыту ережесіне сүйенеді.

5- кезең. Тренинг қосымшалары нүктелерін және мазмұнды талдау.

Операциялық тапсырманы әрдайым белгілі бір үлкен мөлшерде жинақталған айырмашылығын адамдар орынды талдайды. Айқындауға көмектесетін шынайы және потенциалды жеке орындайтын «байқау» тренинг мазмұнында ережесін анықтайтын нүкте негізі болып табылады. Көптеген жағдайларды анықтауда тренинг бағдарламасын, талаптарын қосу мүмкін емес болып табылады.

Ең бастысы пайда болатын жұмыс аспектісін көрсететін қандай да екінші дәрежедегі өзінің кезегімен әрбір кезеңдерді жан-жақты өкілеттілігін анықтайды.

Белгілі кезең бойынша жаттықтырушы қарым-қатынаста ең маңыздысы тренинг мазмұнымен келісу керек.

6-кезең.Орындау стандарттарын бекіту.

Жұмыс мазмұнын анықтау нәтижесін талдау, өз-өзіне деген үлкен практикасына ие болуы маңызды болып табылады. Қашанда ол өз бетімен қарастыратын оның «көтеретін» деңгейі қалайда жұмысшылардың да деңгейін тренинг бағдарламаларымен жұмыс жасауда және күтетін қалыпты деңгейін тез арада орындайды.

Бастапқы кезеңде критерияны іздестіріп қарастырады, кейін негізгі жинақталған белгілері бойынша ұйымдастырылған барлық тренингті қалайда өз кезегінде тренинг мазмұнының негізі болып табылады. Жұмысшының тікелей жетекшімен операциялық жұмыс жасайтын жұмысшылар пайда болатын тез арада қойылған стандарт бойынша орындайтын белгілі қайнар көзі болып табылады.

7- кезең. Тренинг мақсаттарын нақтылау.

Жұмысшылар үйренуге тиісті тренинг процесі бойынша барлық тренингті 2 түрлі алаудан қашу үшін хат арқылы ұйымдастыру қажет. Әдетте мақсат презентациясы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлімінде нақты операция көрсетеді, яғни оқушылар оны міндетті түрде орындау қажет; екінші бөлімінде операцияның орындалу шарттары сипатталады, мұнда құрал-жабдықтар, жұмыс материалдары, т.б. болу керек.; үшінші бөлімінде орындалу стандарттары сипатталады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Жүйеллік тұрғы кезеңдері неше кезеңнен тұрады?

2. Жүйелілік тұрғының үшінші кезеңі қалай жүзеге асады?

3. Тренинг мақсаттарын жүзеге асыру қандай кезеңде жүзеге асады?



Падаланылған әдебиеттер:

1.Лесли Рай» развития навыков эффктивного общения» М-2002ж.167 бет.

2.Р.Бакли, Д.Кейпл. Теория и праактика тренинга. «Питер», 2002.

3.Практикум по социально-психологическому тренингу, Санкт-Петербург, 2000

4.О. Горбушина «Психологический тренинг» М-2007ж

5. А.Г. Каменюкин, Д.В. Ковпак «Антистресс-тренинг» М-2008 .

6.Лесли Рай» развития навыков эффктивного общения» М-2002ж.

7.Д.М. Рамендик « Тренинг личностного роста» М-2008ж.

6 дәріс



Дәрістің тақырыбы:Тұлғалық өсу тренингі туралы түсінік.

Дәрістің мазмұны:

1. Тұлғалық өсу тренингі туралы түсінік.

2. Тұлғалық өсу тернингін жүргізу ережелері.

3. Әлеуметтік психологиялық тренинг түрлері



Мақсаты: Тұлғалық өсу тренингінің ерекшелігімен оны жүргізу әдістерімен таныстыру.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1Тұлғалық өсу тренингі дегенді қалай түсінесің?

2.Тұлғалық өсу тренингінің түрлерін ата?

3. Тұлғалық өсу тренингінің принциптерін ата?

4. Тұлғалық өсу тернингін қандай жаттығулардан бастаған жөн деп ойлайсың

Падаланылған әдебиеттер:

1.Лесли Рай» развития навыков эффктивного общения» М-2002ж.167 бет.

2.Р.Бакли, Д.Кейпл. Теория и праактика тренинга. «Питер», 2002.

3.Практикум по социально-психологическому тренингу, Санкт-Петербург, 2000

4.О. Горбушина «Психологический тренинг» М-2007ж

5. А.Г. Каменюкин, Д.В. Ковпак «Антистресс-тренинг» М-2008 .

6.Лесли Рай» развития навыков эффктивного общения» М-2002ж.

7.Д.М. Рамендик « Тренинг личностного роста» М-2008ж.

7дәріс



Дәрістің тақырыбы: психотренинг- топтық психологиялық түзету жұмысын жүзеге асыру тәсілі ретінде

Дәрістің мазмұны:

1. Топтық психологиялық жұмыс формасының түрлері

2. Тренинг түрлері

Мақсаты: Топтық тренинг түрлерімен және оның бірбірінен айырмашылықтарымен таныстыру.

 Халық ағарту жүйесіндегі психологиялық қызмет аса қажетті салалардың бірі. Қазіргі таңда психологиялық қызмет жүйесі екі бағытта жұмыс атқарады: өзекті және болашақты.Өзекті бағыт баланың жеке басының қалыптасуындағы бүгінгі күнгі қиындықтар мен ауытқушылықтарды шешуге арналады.Болашақтық бағыт әр баланың даралық ерекшелігін дамытуға, қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан даярлауға және әр баланың қабілетін барынша, әрі мүмкіндігінше дамытуға психологиялық жағдай туғызуға бағытталған. Білім беру саласында балалардың жас ерекшелігіне сай ақыл – ойын дамытуда ұтымды әрі тиімді нәтиже алу негізінде сабақтарды тренинг түрінде жүргізу мектеп психологына, ұстаздарға тренинг қатысушаларын жан – жақты әрі терең зерттеуге, олардың жеке басының өзіндік ерекшеліктерін түсіне білуіне, өзара қалыптасқан қарым – қатынасына ықпал етуде, жалпы дүниетанымын анықтауға, оларды болашақта жеке басын дамытуға өз алдына әрекеттене білуіне бағыттауға мүмкіндік береді. Жалпы тренинг дегеніміздің өзі – іс - әрекеттің бір немесе бірнеше түрлерін тиімді орындау мақсатында, оқытудың көмегімен адамның білімдері мен нұсқауларын өзгерту немесе дамыту бойынша жоспарланған және жүйеленген іс – шаралар жиынтығы болып табылады.Дұрыс жоспарланған және тиімді ұйымдастырылған іс – шаралар бағдарламасы өз кезегінде жеке адамға да, тұтас ұжымға да өз пайдасын тигізе алады.  Арнайы ұйымдастырылған топтарға қатысу тәжірибесі тұлғааралық өзара әрекет барысында туындайтын мәселелерді  шешуге көмек бере алады. Топ – бұл тұтас сыртқы әлемді бейнелейтін және қолдан жасалатын қарым – қатынастарға шынайылық сипат беретін шағын қоғам болып табылады.  Жанұяда, жұмыста немесе мүдделері ортақ топтарда адамдарға күнделікті басқа адамдардың ықпалы, әлеуметтік ықпал сияқты әр – түрлі факторлар әсер етіп отырады. Осы факторлар топтық психологиялық жұмыстарда анықталады да, соның барысында жеке тұлғаның көзқарастары мен мінез – құлқына сәйкес ықпалын тигізеді. Нәтижесінде арнайы қабылдаған ортада жиналған тәжірибе, әдетте сыртқы әлемге алмастырылады.Топтың екінші артықшылығы – оның басқа мүшелерінен кері байланыс пен қолдау алу мүмкіндігіне байланысты. Өзара топтық әрекеттер нәтижесінде туындайтын және орындалатын реакциялар топтан тыс уақыттағы тұлғааралық қақтығыстарды шешуге көмегі тиеді.Үшіншіден, топта тек оқиға қатысушысы ғана емес, көрермені де болуға мүмкіндік бар. Топтың өзара  әрекеттерінің өту барысын бақылай отырып, өздерін белсенді қатысушылармен салыстырып, осы бақылаулар нәтижелерін өзіндік эмоциялар мен мінез – құлықтарын бағалау барысында қолдануға болады. Төртіншіден, топ жеке тұлғаның дамуына ықпал ете алады,  Топта тұлғаның өзіндік зерттеуіне жағдай жасалады,  Топтық психологиялық жұмыс – бұл топпен жүргізілетің бірнеше, түрлі психологиялық іс-шаралар формасының жалпылама атауы,  Топтық психологиялық жұмыстың неғұрлым жиі кездесетін үш формасы қолданылады:

  • Топтық психотерапия;

  • Топтық психологиялық оқыту;

  • Топтық, жеке тұлғалық тренинг.

    Тренинг топтарының дамуына ең алғашқы рет 30 жылдары әлеуметтік психологияның көрнекті өкілі ретінде танымал болған Курт Левиннің зерттеулері бастау болды. Оның пікірінше, жеке тұлға өзінің көзқарастары мен пікірлерін   тек топ құрамында болғанда ғана тиімді өзгерте алады. Және де адам өзін басқалардың көзімен көре  алған жағдайда ғана, өзінің қате пікірлерін анықтап, түзетіп, жаңа мінез-құлық формаларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тренинг топтарында  көптеген терапевтік топтарға қарағанда, өзара әрекет мазмұны өзара әрекет процесін түсіну құралы болып табылады. Топтық процесс пен даму заңдылығын зерттеу тұлғааралық қатынастар мен табиғи жағдайдағы топ мүшелерінің мінез-құлық стильдері жайлы ақпарат береді. Тұлғааралық дағдылар мен әлеуметтік-психологиялық жете білушіліктің дамуы индивидтердің өз-өзін қабылдауға түрткі болатын топтық процесстерді түсінуді болжайды. Тренинг тобы-бұл ең алдымен «оқытушы зертхана». Әрине бұл әдеттегі үйреншікті зертхана емес, бұл оның қатысушыларын қажетті оқытумен қамтамасыз ету мақсатында құрылған уақытша аймақтық бірлестік болып табылады. Мұндағы әрбір қатысушы өз мінез-құлқындағы өзгерістерді зерттеп, сонымен қатар осы өзгерістердің нәтижесін реттеп отыратын бақылаушы да бола алады. Топ мүшелері топ мақсатын анықтауға, мінез-құлық өзгерісін бақылауға, әрекетті жоспарлау және нәтижені талдауға қатысады. Топта шынайы өмірде кездесетін мәселелер мен қақтығыстар қарастырылады. Бір ерекшелігі, тренинг топтары шынайы өмірде әрдайым шешіле бермейтін мәселелерді  шешу мүмкіндігін қамтамасыз ете алады. Қазіргі таңда психология ғылымының бізге мәлім әр түрлі тұрғыда бағытталған мектептері мен орталарында қолданылатын тренинг түрлері кездеседі. Оларды төмендегідей сипатта жіктеп беруге болады:

1.Тұлғааралық кеңістікте жеке тұлғаны дамыту тренигі. Тренингтің бұл түріне жоғарыда аталып өткен Курт Левиннің ұсынған «лабораториялық тренингтерін» мысалға келтіруге болады.

2.Бихевиористік бағыттағы топтар. Оларға өмірлік іскерліктер тренингі жатады. Бұл бағыттың мәні-егер адам өз тәжірибесін үйрену арқылы жинаса, онда оны тиімсіз мінез-құлық реакцияларынан арылтып, неғұрлым бейімді реакцияларды орындауға үйрету қажеттілігінде жатыр. Яғни, олардың міндеті-қатысушыларды қандай да бір мәселелерді шеше білуге үйрету және белгілі бір өмір жағдайларына бейімделе білу іскерлігін дамыту болып табылады.

3.Жеке тұлға мәселелерін шешуге арналған психодрамалық бағыттағы тренингтер. Психодраманың  пайда болуы Джекоб Леви Мореноның атымен тығыз байланысты. Ол өзі ұсынған әдісін «терең эмоционалды хирургия» деп атады. Психодрамаға қатысушылардың сахнада эмоционалды әсер алуына жағдай жасалып, қобалжудан, мазасызданудан арылуға, мінез-құлықтың тиімсіз формаларын жеңуге, өзіндік  шығармашылық және адамзаттық ахуалын көркейтуге мүмкіндік жасалады. Рольдік ойындар барысында қатысушылар тек өз тәжірибесін қайта «сезінуге» ғана емес, сонымен  қатар жауап беру сезімдерін және реакцияларды талдай білуге, мінез-құлықтын жаңа  үлгілерін қолданып көруге мүмкіндік алады. 

     Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Топтық жұмыс түрлерінің ерекшеліктері қандай?

2. Топтық тренинг түрлерін ата?

3. Ролдік тренинг дегеніміз не?

4.Топтық психологиялық жұмыстың неше формасы бар?

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.К. Рудестам «Групповая психотерапия» Санкт-Петербург, 2000 г.

2.А.Г.Лидерс «Психологический тренинг с подростками» Москва, Академия, 2001 г.

3.А.С.Прутченков «Социально-психологический тренинг в школе» Москва, Изд-во  ЭКСМО- пресс, 2001 г.

4.Р.В.Овчарова «Справочная книга школьного психолога» Москва, Просвещение  Учебная литература, 1996 г.

8кредит сағат

8 дәріс



Дәрістің тақырыбы:Тренингті ұйымдастыру жолдары

Дәрістің мазмұны:

1. Тренинг заңдары

2. Тренинг заңдарының мақсат міндеттері

3. Тренинг заңдары арқылы жұмысты белсендендіру

Мақсаты: Студенттерді тренинг заңдарымен таныстыра отырып, ол заңдадың қажеттілігін меңгерту.

  1. «00» заңы.

  2. Микрофон заңы.

  3. Белсенділік заңы.

  4. «Мен - айтамын» заңы.

  5. Топтың барлық қатысушыларына деген тактикалық және мейірімділік қатынас заңы.

  6. Есім заңы.

  7. Сыпайылық заңы.

  8. «Қазір және осында» заңы.

  9. Құпиялылық заңы.

  10. Тек өзінің қатысуын ұсыну заңы.


1. «УК» заңы. Тренингтің барлық қатысушылары тренинг басталуына және үзілістен кейін белгіленген уақытта жиналады. «Балық басынан шіриді» деген орыс мақалын басшылыққа ала отырып, тренингтің жүргізушісі бұл қатынаста үлгі болатынын есте сақтау керек. Егер тренер кешігетін болса, онда топ мүшелері де міндетті түрде ұзақ уақытқа кешігетін болады. Тренингтің жүргізушісі талдауда топпен бірге оқытып, басқарып немесе қатысып қана қоймай, сонымен қатар зінің жеке үлгісімен мінез-құлық пен қарым-қатынастың қалаулы стилін көрсетеді.

2. Микрофон заңы. Қолында микрофоны бар адам сөйлейді. Мұндағы микрофон сіз жаттығуды талдауда немесе жүргізу барысында шеңбер бойынша жіберетін ойыншық немесе қарапайым түрлі түсті маркер болуы мүмкін. Тренердің жұмысқа дайындалуға жеткілікті уақыты болмағанда микрофон ретінде қарапайым қаламды қолдануға болады.

Микрофонның рөлінде ең тиімді құралдар кішкентай жұмсақ ойыншгықтар болып табылады. Ең бастысы – кез келген тренингте қолданылатын құрал топтың эмоционалды ынтасына әсер етеді. Сондықтан да қолданылатын ойыншық пен «келбеті» немесе оның түрі агрессивті сипатта болмауы керек (мысалы, тістері бар қасқыр ойыншығын қолдануға болмайды).

Сонымен қатар микрофон ретінде кішкене допты қолдануға болады. Мұндай жағдайда бір ерекшелік бар: топта, әсіресе жасөспірімдік топта үздіксіз доппен ойнағысы келетін қозғалғыш қатысуыш әрдайым табылады. Сондықтан да тренингтің тең жартысын доппен ойын ретінде өтпес үшін микрофон ретінде басқа да материалды немесе объектілерді қолданған жөн.

Егер микрофон ретінде маркер қолданса, оның ашық және өзіне назар аудартатындай болуын қадағалаңыз.



3. Белсенділік заңы. Белсенділік заңы бойынша «сіз қандай да бір жаттығуға қатыспауыңызға құқығыңыз бар. Бұл тапсырманы орындағысы келмейді деген емес, жай ғана сыртынан адам сыртынан бақылағысы келеді дегенді білдіреді. Өз ниетіңізді топқа алдын ала ескертіңіз. Егер топтың жұмысынан бір қатысушы шығып қалса, бұл барлық топтың жұмысына әсер ететінін ескеруіңіз керек».

4. «Мен - айтамын» заңы. Бұл заң өз көзқарасын тек бірінші жақтан айтуды талап етеді: «Мен ойлаймын, мен сеземін, менің ойымша...». Бұл ереже әрбір қатысушы топтағы әрбір қатысушының ойын білмейді, барлық топ үшін жауап бермейді дегенге негізделген. Сондықтан да «Біз...» деп басталатын ойларға жол берілмейді.

5. Топтың барлық қатысушыларына деген тактикалық және мейірімділік қатынас заңы келесідей түрде беріледі. «Біздің барлығымызда жетістіктеріміз бен кемшіліктеріміз бар. Тренинг барысында басқалардың ерекшелігіне шыдамдылықпен қарау керек. Егер сізді бір нәрсе қанағаттандырмаса, бұл туралы тренинг жүргізушісіне басқаны ренжітпейтіндей және басқа қатысушыға әсер етпейтіндей корректілі формада айтыңыз». Бұл заң жасөспірімдік топпен жұмыста ерекше маңызды. Тренингте жиі бір-бірін фамилия немесе лақап аты бойынша айтуға болмайтынын алдын ала ескерткен жөн. Тренингке қатысушының өзінің жеке қалауымен фамилиясы немесе лақап аты айтылса бұл жағдайда рұқсат етіледі.

6. Есім заңы. Егер тренингке қатысушы тренерге бейтаныс немесе топ бір-бірін аз танитын адамдар қатарынан жинақталған болса, келесі үлгіде құрылған заң қолданылады: әр ой айтылар алдында өзінің есімін айту.

7. Сыпайылық заңы. Топта атысушыларды тренинг барысында әр қатысушы өз қалауы бойынша атаған есімімен атау ұсынылады.

8. Сол уақытта және сол жерде айтылған және болған жағдайлар, сезімдер, эмоция мен қатысушылар арасындағы қарым-қатынас тек тренинг шеңберінде ғана қарастырылып, сыртқы ортаға шығарылмауы тиіс.

Бұл заң бір жағынан жүргізуші үшін маңызды болып табылады, өйткені кейбір қатысушылардың өткені ол жөнінде әңгімесімен басқа қатысушыларды елікетіруіне жол бермейді.

Мұндай мінез-құлық негізінен сол адамның тренинг барысындағы болып жатқан процеске деген ішкі қарсылығын өткен жағдайға ауыстыруының дәлелі болып табылады.

Ал екінші жағынан бұл заң топтың әрбір қатысушысына сол сәттегі жағдайды сезініп, ұғынуға, өмірдің әр сәтінің құндылығын анықтауға мүмкіндік береді.



9. Құпиялылық заңы келесідей үлгіде құрылады: «Тренинг барысында болған жағдайдың барлығы осында қалып, тренингке қатыспаған өзге адамдармен талқыланбайды».

Бұл заң топ мүшелеріне өздерін қауіпсіз сезінуіне мүмкіндік бере отырып, әр қайсысының толықтай ашылуына жағдай жасайды.



10. Көбіне кейбір қатысушылар қандай да бір жаттығуға өзі қатысуға жүрексініп, өзге біреуді ұсынады, ал ол бас тарта бастайды. Бұл тізбек бойы жалғаса береді де, қатысушылардың соңына дейін жетеді. Нәтижесінде ешқайсысы да бұл жаттығуға қатысқысы келмейтіні анықталады, ал бұндай жағдай тренингте болмаған жөн. Сондықтан да ең басынан-ақ барлық қатысушыларды ескертіп, жағдайда қалыптасатын заңдылықты ескере отырып, алдын алған жөн.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Психологиялық тренинг заңдарын ата?

2. Құпиялылық заңы дегенді қалай түсінісің?

3. Сол уақытты және сол жерде заңы қалай орындалу керек?

4.Сыпайлылық заңына сипаттама бер?

Падаланылған әдебиеттер:

1.Лесли Рай» развития навыков эффктивного общения» М-2002ж.167 бет.

2.Р.Бакли, Д.Кейпл. Теория и праактика тренинга. «Питер», 2002.

3.Практикум по социально-психологическому тренингу, Санкт-Петербург, 2000

4.О. Горбушина «Психологический тренинг» М-2007ж

5. А.Г. Каменюкин, Д.В. Ковпак «Антистресс-тренинг» М-2008 .

6.Лесли Рай» развития навыков эффктивного общения» М-2002ж.

7.Д.М. Рамендик « Тренинг личностного роста» М-2008ж.

9кредит сағат

9дәріс



Дәрістің тақырыбы: Тренинг этаптары

1. Тренингтің бірінш этапы

2. Қатысушылардың бірімен-бірі танысуы

3. Қатынасушылардың орналасуы

4. Топта қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жолдары

Мақсаты: Студенттерді тренинг этаптарымен таныстыру, оның ерекшелігін меңгерту.

Тренингтің бірінші бөлімін сергіту деп атайды. Бұл атау тренингтің бірінші бөлімінің міндеттерінің бірін сипаттайды.



  1. Топ қатысушыларының өзара танысуы, жүргізушінің топпен танысуы.

  2. Тренинг басындағы қатысушылардың көңіл-күйі ескеріп, диагностикалау.

  3. Эмоционалды ахуалды орнату.

  4. Топтың бірігуі.

Сергітудің алғашқы міндеті топ қатысушыларының өзара жәе жүргізушінің топпен танысуы болып табылады.

Екінші маңызды міндеті Тренинг басындағы қатысушылардың көңіл-күйі ескеріп, диагностикалау. Бұл мақсатқа жету үшін үрдіс келесідей міндеттерді шешу қажет:



  • әрбір топ қатысушыларының тренингтен не күтетінін анықтау;

  • өзекті эмоционалды жағдайды талқылау. Бұл тренинг барысында қатсыушы осы жағдайға оралмас үшін тиімді болып табылады. Сәйкесінше жүргізушінің алдында келесі мақсат пайда болады.

Тренинг бірінші бөлімінің үшінші міндеті: эмоционалды ахуалды орнату. Бұл мақсатты жиі эмоционалды ахуалды көтеру деп қарастырады. Бірақ, тренингтің жалпы мақсатын жүзеге асыру үшін жүргізушіге топтағы эмоционалды ахуалды көтеруге қарағанда, орнатуға көбірек көңіл бөлген жөн.

Төртінші міндет топ қатысушыларын жұмыстың соңғы нәтижесіне жету үшін тұтас командаға біріктіруге немесе топты әрбір қатысушының жек қабылдауына бағытталған.

Тренингтің алғашқы бөлімінің жоғарыда аталған міндеттерін жүзеге асыру үшін әр түрлі жаттығулар қолданылады.

Мысалы, қатысушыларға өз атын карточкаға жазып киіміне бекіту ұсынылады. Бұл жағдай егер тренер қатысушыларды алғаш рет көрген жағдайда немесе топ бір-бірімен аз танитын болса өте тиімді болып табылады.

Бұл үшін ақ қағаз беттерін, қарындаштарды немесе бояуларды қолдануға болады. Егер бояуды қолданатын болсаңыз, қатысушылардың санына қарай қыл қалам және суы бар ыдысты дайындап қойған жөн.

Сізге қажет құралдар:



  • түсті қағаз немесе ашық түсті картондар;

  • ашық маркерлер мен фломастерлер;

  • түймеше немесе арнайы қыстырма құралдар;

  • қайшы (мүмкіндігінше, бірнеше болған жөн).

Бұл құралдар арқылы тренингке қатысушыларды диагностикалауға болады. Жетекші топ қатысушыларының жеке пікірлері арқылы кейбір ерекшеліктері туралы қорытынды жасай алады, сонымен қатар қатысушылардың көңіл-күйлерін анықтай алады.

Берілген тапсырманы орындап болғаннан кейін, жетекші қатысушыларды алдын ала қойылған орындықтьарға орналастырады.

Әдетте, тренингке арналған орындықтар бірдей биіктікте, формада және бір түсте болу керек. Кейбір жағдайларда ғана тренингке қажет орындықтар тренингтің мақсатына сай әр түрлі болуы мүмкін.

Көбіне тренинг үшін жұмсақ орындықтарға қарағанда жай орындықтар жиі қолданылады, өйткені оларға отыруға ыңғайлы және зейін шоғырландыруға мүмкіндік береді.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Тренингтің жұмысының негізгі этаптарын ата?

  2. Танысу этапының ерекшелігін айт?

  3. Топтың бірігуі қалай жүзеге асады?

Падаланылған әдебиеттер:

1.Лесли Рай» развития навыков эффктивного общения» М-2002ж.167 бет.

2.Р.Бакли, Д.Кейпл. Теория и праактика тренинга. «Питер», 2002.

3.Практикум по социально-психологическому тренингу, Санкт-Петербург, 2000

4.О. Горбушина «Психологический тренинг» М-2007ж

5. А.Г. Каменюкин, Д.В. Ковпак «Антистресс-тренинг» М-2008 .

6.Лесли Рай» развития навыков эффктивного общения» М-2002ж.

7.Д.М. Рамендик « Тренинг личностного роста» М-2008ж.

10дәріс



Дәрістің тақырыбы:гумагистік бағыттағы топты өзіндік анықтау тренингі

Дәрістің мазмұны:

1. Гумманистік бағыттағы теринг түрлері

2. Трансактілі анализ

3. Ата-ана, ересек, бала позициялары

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет