Абай атындағы ҚазҰПУ



бет1/3
Дата04.10.2022
өлшемі0,83 Mb.
#151591
түріСеминар
  1   2   3
Байланысты:
№7 Семинар
7 тап Әбдіхамит А, 4 апта қорытынды есеп, 33 Мектеп, Со ы реферат, English, Педагогические ОП (1)

Абай атындағы ҚазҰПУ

№7 СЕМИНАР

Популяцияны өзгертетін факторлар. Кездейсоқ емес шағылысу (жынысты сұрыптау). Гендер дрейфі. Генетикалық жүк. Гендер ағымы

Орындаған: Ергеш Гүлбақыт

Бахитжанова Халидям

Жақсыбекова Айсана

Тексерген: Саимова Рита

ЖОСПАР

  • 1. Популяция дегеніміз не?
  • 2. Элементарлы эволюциялық факторлар
  • 3. Гендер дрейфі
  • 4. Гендер дрейфінің нәтижесі
  • 5. Гендер дрейфінің медицина үшін маңызы
  • 6. Генетикалық жүк және оның түрлері
  • 7. Гендер ағымы

Популяция дегеніміз не?


Популяция дегеніміз — эволіциялық ұзақ уақыт бойы ареалдың белгілі бір бөлігінде тіршілік етіп, өз алдына дербес генетикалық жүйе құра алатын, еркін шағылысып, өсімтал ұрпақ беретін бір түр дараларының шағын тобы.
Бұл анықтамадан популяцияны тіршілік әрекеттері эволюциялық заңдылықтарға сай жүретін даралардың ең кіші қарапайым тобы деп түсінуге болады. Ал, табиғатта кездесетін шағын ұрпақтар тобында, мысалы, «тұқымтоп» «панмиксиялық бірлестіктер», сондай-ақ кішігірім жай топтасуларда немесе жеке дараларда өзіне тән эволюциялық әрекеттер байқалмайды. Өйткені эволюция көлемінде олар аз уақыт аралығында ғана тіршілік етуіне байланысты эволюциялык өзгерістерге ұшырап үлгермей жойылып кетеді.

Популяция терминін 1903 ж. Дания биологы В.Иогансен (1857 — 1927) енгізді. Эволюция заңдылықтарын, түрлердің пайда болуын зерттейтін ғалымдар популяцияны микроэволюциялық процестің ең шағын бірлігі ретінде қарастырса, ал экологтар популяцияны түр аралық әсерлесу мен өнімділік тұрғысынан зерттейді. Популяцияны зерттеудегі микроэволюциялық, генетикалық, экологиялық бағыттарды біріктіретін биологияның жаңа саласы — популяциялық биология қалыптасты. Жойылып кету қаупі төнген түрлерді сақтап қалу, зиянды түрлердің санын тежеу, экожүйе құрамына жаңа түрлерді енгізуде (интродукция) популяцияны зерттеудің маңызы зор.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет