Абдыханова Бактыгуль Айдапкелевна


Зерттеу жұмысының теориялық маңызы



Pdf көрінісі
бет5/15
Дата13.03.2023
өлшемі0,58 Mb.
#172088
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
annotatsiya-abdykhanova-kaz

Зерттеу жұмысының теориялық маңызы.
Жұмыс барысында 
қарастырылған мәселелер нәтижесін мәтін лингвистикасы, когнитивті 
лингвистика, 
прагмалингвистика, 
лингвомәдениеттану, 
лингвофольклортануға 
қатысты 
зерттеулерге 
теориялық 
тұрғыдан 
толықтырылу үшін пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы.
Зерттеу нәтижелерін 
«Интертекстуалдылық байланыс», «Фольклорлық мәтін», «Прецеденттілік 
құбылыс», «Лингвомәдениеттану», «Лингвофольклортану», «Қазіргі кӛркем 
шығарма тілі» сияқты арнайы курстар мен оқу құралдарын жазуға, оқу-
әдістемелік кешендер құрастыруға пайдалануға болады.
Зерттеу бойынша қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар: 
1. Интертекстуалдылық байланыс – бір бүтін мәтін деңгейінде, сондай-ақ 
жекелеген мағыналы үзіктер мен элементтер ретінде де кӛрініс беретін, 
мазмұны жағынан да, мәтінде берілуі жағынан да мәтіндер арасындағы ӛзара 
диалогтық қарым-қатынас үдерісін кӛрсететін, мәтін тудырушы, мәтін 
түзуші, сондай-ақ мағына, ой түзуші маңызды санат екенін қазақ фольклоры 
мен қазіргі қазақ кӛркем әдебиетінің тілдік сабақтастығы да дәлелдейді. 
2. Мәтінаралық байланыстың орын алуына әсер етуші ең маңызды фактор – 
белгілі бір туындылардан алынған үздік ойларды жаңғырту, сӛз мағынасын 
түлету, бұрыннан бар мәтіннің түрі мен тұлғасын ӛзгертпей-ақ, оның 
семантикасын жаңа мәтін түзуге қолдану, жаңа мағынада қолдану арқылы, 


тұтас бір мәтіннің, болмаса жекелеген лексемалар мен фрагменттердің бұрын 
байқалмаған 
«ішкі 
мүмкіндіктерін» 
ашу, 
ой 
қабаттарын 
аршу. 
Интертекстуалдық құрылымдар кӛркем мәтіннің семантикалық қабаттарын 
анықтауға кӛмектеседі. Бұл тұжырымды қазақ фольклорлық мәтіні мен 
кӛркем мәтін арасындағы байланыстар айқын дәлелдейді. 
3. Прецеденттілік түсінігі интертекстуалдылық теориясы шеңберінде пайда 
болды. Интертекстуалдылық байланыс- мәтіндердің бірін-бірі ауыстырып
бірімен-бірі үздіксіз жалғасып жатқан байланысын кӛрсететін күрделі санат. 
Прецеденттілік – интертекстуалдылықтың тілдік құралы қызметін атқара 
отырып, ілкі мәтін мен тілдік тұлға сана арасындағы қатынасты кӛрсететін 
санат. Фольклорлық ілкі мәтіндер - ең алдымен танымдық қызметі 
тұрғысынан анықталатын және жеткізетін ақпараты мәдени тұрғыдан құнды
деп саналатын тілдік бірліктер. 
4. Мәтін ішіндегі мәтін қызметін кез-келген мәтін атқара алмайды. Ондай 
мәтіндер қандай да бір талап мүддесінен шығу керек. Мәтіннің бойында 
ұлттың ой-ӛрісін бағдарлайтын, оны дамытатын ақпарат болуы шарт, ондай 
ақпараттар ӛміршеңдігімен ерекшеленеді. Мұндай ақпараттың талабына 
қазақ фольклорынан бүгінге жеткен ақпарат сай келеді. 
5. Ілкі есім, ілкі жағдаят, ілкі айтылыс арқылы бүтін бір мәтін ӛзектеледі, 
сондықтан да бұл тілдік бірліктер ілкі мәтіннің құрылымдық бірліктері 
ретінде әрекет етеді. 
6. Ілкі мәтіндер тілдік бірлік ретінде: 
– лингвомәдени бірлік, прецедентті мәтіндерде нақты бір лингвомәдени 
қауымға тиесілі түсініктер, ақпараттар мен құндылықтар жүйесі сақталады, 
тасымалданады, таратылады
- семиотикалық бірлік, ілкі мәтін ықшамдалып, фрагмент түрінде тілдік 
санада сақталады, ӛзектелу процессінде бүтін бір мәтінді жаңғырта алатын 
қасиетімен ерекшеленеді; 
- аксиологиялық кӛрсеткіш, нақты бір ұлтқа тән қасиеттер мен мінез-
құлықтардағы жақсы мен жаманды, оның дүниетанымындағы, ӛмір сүру 
салтындағы, іс-әрекетіндегі дұрыс пен бұрысты шартты түрде анықтаушы 
белгілер жиынтығынан тұрады; 
- психолингвистикалық құбылыс, (бүтіннің бӛлшекке айналуы) бүтін 
бір мәтіннің бір фрагмент арқылы ғана тілдік санада орнығып, қажет кезінде 
сақталған мәтіннің автоматты түрде ӛздігінен іске қосылуын жүзеге 
асыратын бейсана әрекет. 
7. Ілкі мәтін ілкі есім, ілкі айтылыс, ілкі жағдаятқа жүктелген коннотациялық 
мағына, теңеулер, метафора арқылы ӛзектелінеді. Ілкі мәтіндер қазіргі 
кӛркем шығармаларда дәйексӛз, реминисценция, аллюзия, эпитет сияқты 
интертекстуалдылық байланыс құралдары арқылы кӛрініс береді. 
8. Ілкі мәтін арқылы тасымалданатын ұлттық-мәдени код авторлық 
позицияны талдау нәтижесінде тілдік амалдар қызметінің (атауыштық - бұл 
ретте ілкі мәтін ӛзіне телінген қандай да бір нақты қасиетті, нақты бір белгіні 
меңзейтін, кӛрсететін тілдік таңба, референтті-ілкі мәтінді шығарманың 
идеялық мазмұнын байыту үшін, шығарманың эстетикалық және этикалық 


қуатын арттыру үшін қолданады, танымдық, бағалауыштық, эстетикалық, 
прагматикалық, модельдік, парольдық, эвфемистік) кӛмегімен вербалданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет