Абдыханова Бактыгуль Айдапкелевна


Зерттеу жұмысының мақсаты



Pdf көрінісі
бет3/15
Дата13.03.2023
өлшемі0,58 Mb.
#172088
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
annotatsiya-abdykhanova-kaz

Зерттеу жұмысының мақсаты
– ілкі мәтіндердің лингвомәдени санат 
ретіндегі ерекшеліктерін интертекстуалдылық тұрғыдан зерттеу, қазіргі 
кӛркем шығармалар қолданысындағы фольклорлық мәтіндердің прецедентті 
мәтін ретіндегі қолданылу ерекшеліктерін, берілу жолдарын, атқаратын 


қызметін, автор позициясын анықтау. Осы мақсатқа жету үшін мынадай 
міндеттер
қойылды: 
- интертекстуалдылық байланысты прецедент ұғымын зерттеудің 
алғышарты ретінде қарастыра отырып, ілкі мәтін фольклор мен кейінгі 
мәтін кӛркем әдебиеттің тілдік сабақтастығы тұрғысынан қарастыру; 
- фольклорлық ілкі мәтіндерді лингвомәдени бірлік ретінде қарастыру; 
- қазіргі кӛркем әдебиеттегі фольклоризмнің тілдік кӛрінісін анықтау; 
- фольклорлық прецеденттің қазіргі кӛркем шығармаларда берілу 
жолдарын талдау; 
- фольклорлық прецеденттің қазіргі кӛркем шығармаларда атқаратын 
қызметін анықтау. 
Зерттеу нысаны.
XXI ғасырдан бері жарияланған кӛркем шығармалар.
Зерттеу пәні.
Қазіргі кӛркем әдебиеттегі фольклоризмнің ілкі мәтін 
ретіндегі кӛрінісі. 
Зерттеудің 
теориялық 
және 
әдіснамалық 
негізі
ретінде 
интертекстуалдылыққа қатысты ғылыми теориялар (Р. Барт, М. М. Бахтин,
Ю. Кристева, Н. А. Кузьмина, Н. А. Фатеева, И.Ильин, Г.К. Косиков, 
Г.В.Денисова, отандық ғалымдар Б. Майтанов, Т.У. Есембеков, А.С.Әділова), 
прецеденттілік феномен теориясы бойынша (Д. В. Багаева, Л. И. Гришаева, 
Д.Б.Гудков, И. В. Захаренко, Ю. Н. Караулов, В. В. Красных, С. Л.Кушнерук, 
Г.Г.Слышкин, В.Г.Костомаров, Е. А. Нахимова, отандық ғалымдар 
Г.Г.Мәдиева, 
Қ.Қ.Рысберген, 
Г.Қ.Ихсангалиева, 
Г.А.Қажығалиева,
лингвомәдениеттану 
мәселелері 
бойынша 
(Н.Уәли, 
Ж. 
Манкеева 
А.Салқынбай, А.Алдашева, Н.Д.Арутюнова, В. А. Маслова, В. Н. Телия), 
лингвофольклортану мәселелері бойынша (С. Қасқабасов, А. Т. Хроленко, 
Ж.Жақыпов ) еңбектері басшылыққа алынды. 
Зерттеудің фактологиялық материалдарының негізін тӛмендегі ақын-
жазушылар шығармалары құрайды: Ә.Тарази, Қ.Жұмаділов, Д.Досжан,
К.Сегізбаев, Н.Келімбетов, Ә.Асқаров, Н. Ораз, С.Досанов, Қ. Түменбай, Ж. 
Шағатай, М.Байғұт, Қ. Жиенбай, Ж. Қорғасбек, Т. Ахметжан, Ж.Әлмашұлы, 
Д.Рамазан, Ӛ. Яшүкірқызы, Л.Қоныс, Б.Сарыбай т.б. кӛркем шығармалары
И.Сапарбай, Т.Медетбек, С.Ақсұңқарұлы, Ұ.Есдәулет, Е.Раушанов, 
Н.Айтұлы, А. Егеубай, А. Оразақын, О.Нұрғожа, Б. Абзал, Қ.Баянбай, 
Ж.Әскербекқызы, Г.Салықбай, А. Оразақын, Қ.Бұғыбаева, Ж. Бӛдешұлы, Р. 
Ниязбек, Е. Жүніс, Б.Бекетова, Ә.Қайран, Қ. Иса, А.Шаяхмет, А.Исаділ, 
М.Ершуова, Ә.Дәулетбаева, Б.Райсова т.б. жырлары. Сондай-ақ: Бабалар сӛзі: 
Жүзтомдық. Т.74: Қиял-ғажайып ертегілер; Т.80: Топонимдік аңыздар; Т.55: 
Ғашықтық жырлар; Т.35: Батырлар жыры.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет