Абдрахманов



бет1/15
Дата06.02.2022
өлшемі151,41 Kb.
#58665
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КІТАПХАНА


СЫР ЕЛІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ

АБДРАХМАНОВ
НҰРТАЗА МӘНСҰРҰЛЫ


ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ғылымдарының кандидаты,


академиялық профессор
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КІТАПХАНА
АНЫҚТАМА-БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ БӨЛІМ
АБДРАХМАНОВ
НҰРТАЗА МӘНСҰРҰЛЫ


ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, АКАДЕМИЯЛЫҚ ПРОФЕССОР






БИОБИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШ

Қызылорда, 2019

Редакторы: Ғылыми-техникалық кітапхана директоры Әбенова Ж.Ә.
Құрастырушы : кітапханашы Қарымсақова Г.К.
ОҚЫРМАНҒА
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ғалымдарының «Сыр елінің ғалымдары» атты айдарымен шығарылатын өмірбаяндық биобиблиографиялық көрсеткіш, физика-математика ғылымдарының кандидаты, академиялық профессоры Абдрахманов Нұртаза Мәнсұрұлына арналады.
Биобиблиографиялық көрсеткіште жинақталған материалдар үнемі ізденіс үстінде жүретін ғалымның өмірі мен ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек жолын сипаттайтын мәліметтер мен ғылыми, оқу-әдістемелік және танымдық еңбектері жайлы әдебиеттер тізімі жинақталған. Жарияланған еңбектері әрбір жыл бойынша мерзімдік тәртіппен орналасқан.

Көрсеткіш төмендегідей бөлімдерден тұрады:


1. Өрмегін өрген –авторлар Қ.Құдайбергенұлы,Б.Қожамберліұлы
2. Ғалымның өмірбаяны
3.Өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері
4. Айрықша марапаттау белгілері
5. Ғалымның ғылыми еңбектері
6. Оқу-әдістемелік еңбектері
7.Ғылыми-көпшілік еңбектері
8. Еңбектерінің хронологиялық көрсеткіші
9. Республикалық және облыстық ғылыми конференцияларға қатысуы
10.Ғылыми жетекшілігімен қорғалған диссертациялар
11. Ғалым туралы жарияланған мақалалар

Ғалымның еңбектері қазақ және орыс тілдерінде аралас берілген.


Көрсеткіштегі мәліметтер Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ғылыми-техникалық кітапханасының электронды, дәстүрлі каталогтары мен картотекаларынан және ғалымның жеке архивінен алынған материалдар негізінде құрастырылған.

3
ӨРМЕГІН ӨРГЕН


Өмірді өтіп жатқан процесс деп ұғынатын болсақ, оның негізгі субъектісі –адами тұлға. Себебі, қоғамның саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани даму құбылыстары тұлғалардың болмысы арқылы көрініс табады. Халқымыздың дәстүрлі дүниетанымында философиялық пайымдауларында өзімізді қоршап отырған ортаны, қоғамдық қатынастарды өзгертуден бұрын алдымен адам санасын тереңірек түсінуге мән берілген. Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық және моральдық қасиеттерінің қосындыларының иесі ретінде оның болмысын тануға бағытталған әрекет субъектісі ретінде қарастырылуы белгілі бір дәйектілікке негізделеді. Яғни, біз тұлғаны қоғамның өмір тәжірибесін бойына сіңірген жан-жақты адам деп танимыз. Сондай азаматтардың бірі – Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің білікті ұстазы, физика-математика факультетінің деканы, профессор Нұртаза Абдрахманов.


Адам өзі туралы қаншама ойларға беріліп, кез келген қиял тудыруы мүмкін, ал өзінің нақты болмысы тек ісі арқылы ғана аңғарылады.
Нұртаза Мансұрұлының өмір жолына көз жіберсек, оның барлық жетістіктерге қиындығы мол, бірақ абыройлы еңбек етуі арқылы жеткенін байқаймыз. Педагогика институтының физика-математика факультетін бітіргеннен кейін еңбек жолын орта мектепте мұғалімдік қызметтен бастап, Сыр бойының іргелі жоғары оқу орнында проректор, факультет деканы қызметтерін абыройлы атқарып келді.
Ғылыми романтизмі мол радио-астрономия саласынан кандидаттық диссертациясын Украинаның астанасы Киев қаласында жоғары деңгейде қорғаған. Бұл салаға тек Қазақстан емес, бұрынғы КСРО ғалымдары ішінен алғаш түрен тартқан ғалым –қарапайым қазақ баласы Нұртаза еді. Демек, әріптесіміздің аталған ғылым тарихында аты ерекше айшықталған да содан. Әлем ғалымдары мойындаған, профессор Сергей Левитскийдің жетекшілігімен орындалған бұл диссертацияға Түркменстан Ғылым академиясының президенті академик Ораз Оразгелдиевтің оппонент болуы ғылыми жұмыстың ғылыми-өндірістік маңызын дәлелдейді. Қазақстан мен Украина арасында бұрыннан қалыптасқан тарихи байланыстардың аты аталатыны да заңдылық.
Бүгінгі таңда Тәуелсіз Қазақстанда Украина Републикасы жылының ұйымдастырылуы екі ел арасындағы тарихи достықтың көрінісі болса, онда да Нұртаза сияқты ғалым-жерлесіміздің үлесі бар деп білеміз.
Нұрекеңді биікке көтеретін асыл қасиеттерінің бірі – адамгершілігі. Ұлы Қытай ойшылы Конфуций айтып өткендей: «Адам бойындағы адамгершілік, ізгілік адамзат өмірін жақсартушы, жамандықтан құтқарушы категориялар ретінде қарастырылады». Яғни адамгершілік бар жерде өмір қызықты. Адами тұлғаның еркіндік жігері мен рухының күштілігі, оның адамгершілік қайырымдылығы мен тазалығы тек қана практикалық іс-әрекетте және белгілі бір әлеуметтік жағдайларда ғана іске асады. Оның ұстаздық әрі басшылық қызметтерінде тиянақтылық пен жауапкершілік әрқашанда алдыңғы орында

4
тұрады. Біздің түсінігімізше жауапкершіліксіз еркіндік –бұл шектен тыс бей-берекетсіздік.


Халық - дария, одан батыр да ақын да, дана да шығады. Біз Нұртазаның тәуелсіз еліміздің болашағы – жастарымыздың бойында ұлттық рухты жандандырып жүрген рухы биік тұғырлы азамат деп танимыз. Қазақ ұлтының белгілі ойшылы Шәкәрім тұлғаның « ішкі әлемінің» күрделілігін, құндылығын өзекті мәселе ретінде алып қарайды. Яғни, адам мінезіндегі сан түрлі қайшылықтарды жеңуді, оған сыртқы ортаның әсерін, онымен қарым-қатынаста бола тұра адами тұлғаның «ішкі әлемінің» өзін-өзі игеруі қажет екендігін айтады.Қандай күйде де сабыр сақтауы, біртоға мінезі осның куәсі іспетті. Атақты Саққұлақ би: «Адамның басшысы – ақыл, жетекшісі – талап, жолаушысы – ой, жолдасы – кәсіп, қорғаны –сабыр, ой қорғаушысы –мінез, сынаушысы – халық болсын» деген екен. Бұл ойлы орнықты, аталы сөз. Осы айтылған тағылымдар –кез келген адамның бойында сирек кездесетін құбылыс. Ал, біз айтып отырған болмыс иесі бойынан аталған қасиеттердің бәрін табуға болады.
Біз білетін ұстаз тамырын тереңге жайған көлеңкелі дарақты еске түсіреді. Ұлы ойшыл Платонның сөзімен айтсақ «өзгені бақытты етемін деп жүріп, өз бақытын табатын» жандардың санатындағы Нұртаза досымыздың мыңдаған шәкірттері мен дос-жарандары тек республика ғана емес, алыс-жақын шетелдерде де жетерлік. Олардың барлығы да күні бүгінге дейін Нұрекеңді ақылшы-ұстаз тұтып, хабарласып, қуаныштарымен бөлісіп пікір алысып тұрады. Жұбайы Қалдыгүл екеуі берекелі шаңырақтың отын көп жылдардан бері бірге маздатып келеді. Перзенттері Темір – Атырауда, Алмасы – Астанада қызметте, ал екеуінің ұстаздық жол ұстанған Салтанаты Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы. Кенжесі Сымбат – Алматыдағы Абылайхан атындағы шет тілдер университетінде «Шығыс тілі» факультетінің студенті. Президент атындағы стипендия иегері, 2008 жылыхалықаралық студенттер олимпиадасында жүлделі бірінші орынға ие болды.
Нұртаза университеттің қоғамдық өміріне белсене араласады, ғылыми-әдістемелік кеңес мүшесі және факультет кеңесінің төрағасы, бірнеше рет сайлау комиссияларының төрағасы, ҚР Президенті сайлауларында бастамашыл топ мүшесі болып ауқымды қоғамдық жұмыстар атқарды. Ғылыми қоғамдық еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгілерімен марапатталған.
Қарапайымдылығы мен кішіпейілділігін, білімі мен біліктілігін жастар тәрбиесіне бағыттап жүрген ұстазды Қызылорда мемлекеттік университет ұжымы ғана емес, мыңдаған шәкірттері ұлағатты ұстаз, танымал ғалым, елдің сыйлы азаматы ретінде мақтан етеді.
Қазыбай Құдайбергенұлы, Баймырза Қожамберліұлы.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің профессорлары.

5




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет