Қабылдаған: Умиров Бауыржан Орындаған: Бимбетов Нұрсұлтан Тобы: жби-012 Түркістан-2023 Жоспары: Кіріспе



бет1/6
Дата27.04.2023
өлшемі1,91 Mb.
#175620
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қазақстанның табиғи флорасындағы пайдалы өсімдіктерді тиімді пайдалану
energy, 22-23 БӨЖ тапсырма Дәрілік өсімдіктер, 22-23 БӨЖ тапсырма Дәрілік өсімдіктер (1)

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану ғылымдары факультеті
Биология кафедрасы



БӨЖ

Тақырыбы:Қазақстанның табиғи флорасындағы пайдалы өсімдіктерді тиімді пайдалану. ТМД елдеріндегі өсімдіктердің табиғи ресурстары


Қабылдаған:Умиров Бауыржан
Орындаған: Бимбетов Нұрсұлтан
Тобы: ЖБИ-012

Түркістан-2023
Жоспары:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
Қазақстанда кездесетін пайдалы өсімдіктер
3.Қосымша бөлім
Алтай сибиркасы, Алтай қасқыржидегі, Бұйра лалагүл өсімдіктері
4.Қорытынды
5.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы географикалық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді. Тіпті осыдан 3 мың жыл бұрын кейбір шығыс елдерінде қазіргі қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған.


Ертедегі грек дәрігері Гиппократ өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатына кеңінен қолдануға болады деп есептеді.
Сондай – ақ ол өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама берді. Рим дәрігері Гален тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді.Дәрілік өсімдіктердің маңызы бүгінгі күнде де аса жоғары, халық медицинасы осындай шипалы емдік қасиеттері бар өсімдіктерді көптеп жинап, бүгінгі күнде олардын саны едәуір азайған.

1-сурет. Шипалы өсімдіктер

Қай заманда болсын, адам өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес, сонымен қатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Қазіргі кезде «дәрі ауруы» аллергияның шығуы, иммунитеттің азаюы сияқты құбылыстардың байқала бастауына байланысты оның маңызы арта түспесе кеміген жоқ. Өсімдік тағамдарын ем ретінде пайдалану сонау көне заманнан бері дағдыға айналған, мұны ескі ескерткіш қолжазбалардан айқын көреміз.


Шипалы өсімдіктер қатарына әртүрлі сәнді өсімдіктерде жатады, өйткені олардың көпшілігі адамның көңіл күйін көтерумен ғана шектелмейді, бойындағы барлық сергектік заттардың арқасында олар денсаулығымыздың серігі де бола алады. Сондай-ақ біздің бау-бақшаларымызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде осыны айтуға болады. Өздерінің жер үстінде және жер астында өсетін мүшелерін де аса бағалы, «үй дәріханасына » қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшіліг аса пайдалы[1].




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет