Адамзат өркениетінің ежелгі заманнан бастап бүгінгі күнге дейінгі әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық дамуының негізгі кезеңдері және түрлі халықтардың тарихи даму жолының ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру


-сыныпқа арналған «Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады



бет3/8
Дата15.03.2022
өлшемі210,49 Kb.
#135774
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
7 сынып КТП 23-24, 4 сынып ктп 23-24ж

14. 5-сыныпқа арналған «Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:


1) терімшілер-аңшылардан бастап егіншілер мен малшыларға дейін. Адамның пайда болуы туралы теориялар. Адамдардың алғашқы бірлестік формалары: адамдар тобыры, ру, қауым, тайпа және олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Ежелгі адамдардың өмір салты. Иемденуші және өндіруші шаруашылық түрлері (терімшілік, аңшылық, балық аулау, мал шаруашылығы,егіншілік, металл өңдеу, айырбас сауда). «Неолиттік төңкеріс» ұғымы. Ежелгі діни наным-сенімдер. Алғашқы қауымдық өнердің түсінігі және түрлері;
2) өзен алқаптарының өркениеттері. Алдыңғы Азия мен солтүстік-шығыс Африканың табиғи жағдайлары. Месопотамия тарихының ежелгі кезеңі: Шумер және Аккад мемлекеттері. Ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесі мен өнері;
3) Ежелгі Египет. Табиғи жағдайлары. Египеттегі мемлекеттің пайда болуы. Пирамидалар құрылысының дәуірі. Ежелгі Египеттің әлеуметтік құрылымы, экономика, діни наным-сенімдер мен ғылыми білімдері;
4) қос дөңгелекті арбалар мен империялар. «Империя» түсінігі. Ежелгі замандағы әскери өнер: соғыс арбалары мен атты әскердің пайда болуы. Жаулаушылық соғыстар мен империялар шекараларының өзгеруі. Таяу және Орта Шығыс империялары. Орталық Азияның ежелгі мемлекеттері. Әлеуметтік ұйымдасу, шаруашылығы мен мәдениеті;
5) Ежелгі Үндістан: буддизмнің гүлденуі мен индуизмнің салтанат құруы. Табиғи жағдайлары. Үндістанда мемлекеттің қалыптасуы. Ежелгі Үндістандағы индуизм мен буддизм. Ежелгі Үндістанның әлеуметтік құрылымы (касталық жүйе). Шаруашылығы. Мәдениеті мен ғылыми білімдердің дамуы;
6) Ежелгі Қытай. Табиғи жағдайлары. Ежелгі Қытай мемлекетінің қалыптасуы. Конфуций және Лао Цзы ілімдері. Ежелгі Қытайдың саяси, шаруашылық және қоғамдық құрылысы. Ежелгі Қытайдың мәдениеті;
7) Ежелгі Грекия. Ежелгі Грекияның географиялық жағдайы. Грекияның ежелгі өркениеттері. Грекиялық қала-мемлекеттер. Афина мемлекеті. Ежелгі Спарта. Ежелгі Грекияның саяси, шаруашылық және қоғамдық құрылысы. Грек-парсы соғыстары. Александр Македонский империясы;
8) Ежелгі Грекия мәдениеті. Ежелгі Грекияның тарихшылары мен философтары. Ежелгі Грекиядағы білім мен ғылым. Ежелгі Грекияның мәдениеті (күнделікті өмірі мен мерекелері, Олимпиада ойындары, діни наным-сенімдер, аңыздар мен мифтер, театр, сәулет және мүсін өнері);
9) Рим империясының гүлденуі. Апеннин түбегінің табиғи-географиялық ерекшеліктері. Ежелгі Римнің саяси және қоғамдық құрылысы (патшалық басқару және республика кезеңі тұсында). Римнің жаулаушылық соғыстары. Рим империясы. Рим империясындағы басқару жүйесі мен әлеуметтік ұйымдасу. Спартак бастаған құлдар көтерілісі. Шаруашылығы мен тұрмысы. Мәдениет. Империя дағдарысы;
10) дәуірлер кезеңіндегі Рим. Христиандықтың пайда болуы. Рим империясындағы алғашқы христиандар. Мемлекеттік басқару жүйесі. Ұлы Константиннің діни реформасы. Ежелгі дүниенің мәдени мұрасы: жазу, әлемнің ғылыми бейнесі, ежелгі Римдегі техниканың дамуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет