Адамзат өркениетінің ежелгі заманнан бастап бүгінгі күнге дейінгі әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық дамуының негізгі кезеңдері және түрлі халықтардың тарихи даму жолының ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру


-сыныпқа арналған «Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады



бет5/8
Дата15.03.2022
өлшемі210,49 Kb.
#135774
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
7 сынып КТП 23-24, 4 сынып ктп 23-24ж

16. 7-сыныпқа арналған «Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:


1) жаңа заманның басталуы. Курсқа кіріспе. «Жаңа заман» түсінігі, оның мәні мен кезеңдері. XVII ғасырдағы ағылшын бұржуазиялық революциясы. Дәстүрлі өркениет дағдарысы және Англияда XVII ғасырда жаңа қоғамның пайда болуы. Мануфактура, фабрикалардың пайда болуы және жалдамалы жұмысшы табының қалыптасуы. Өнеркәсіп төңкерісі: мәні, маңызы және салдары. Феодалдық құрылыстан капиталистік шаруашылыққа өту. Индустриалды қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылымының ерекшеліктері;
2) XVIІI ғасырдағы Үндістан және Ұлыбритания. Ұлы Моғолдар империясының дағдарысы және күйреуі. Еуропалық мемлекеттердің Ост-Үнді компаниясы. Франция мен Ұлыбританияның Үндістанға үстемдік жүргізудегі бәсекелестігі. Британ отарлық империясының құрылуы. ХVIIІ ғасырдағы Үндістанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы;
3) Ағартушылық идеяларының таралуы. Ағартушылық кезеңінің қайраткерлері. «Ағартушылық абсолютизмі». Еуропа мен Солтүстік Америкадағы революциялық процестердің таралуындағы ағартушылық идеялардың рөлі. Солтүстік Америкадағы Британ отарлары. Отар елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуы. Тәуелсіздік үшін күрес және Америка Құрама Штаттарының құрылуы. «Тәуелсіздік декларациясы»;
4) Француз бұржуазиялық революциясының көрінісі. Француз абсолютизмнің дағдарысы. Француз бұржуазиялық революциясының негізгі оқиғалары. Ағартушылық идеялардың қоғамдық санаға әсері. Ағартушылық пен революция кезеңіндегі Франция мәдениеті. Республикалық құрылыстың ерекшеліктері.
Наполеон Бонапарттың ішкі және сыртқы саясаты. Антифранцуздық коалициялар. Құрлықтық блокада. Наполеонның Ресейге басып кіруі. Наполеон империясының күйреуі;
5) XIX ғасырдағы империялар және олардың бәсекелестігі. Ұлыбритания мен Ресейдің Иранға ықпал ету бәсекелестігі. Осман империясының саяси және әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері. Танзимат реформасы: мақсаттары мен нәтижелері. ХVIII ғасырдың ІІ - жартысындағы Осман империясының әлсіреуі: ішкі және сыртқы саясат. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі Ресей. Қырым соғысының себептері мен салдары;
6) XІX ғасырдағы Қытай мен Еуропа елдері. Цин династиясының оқшаулану саясаты мен еуропалықтардың сауда, дипломатиялық миссиялары. Апиын соғыстары: себептері мен салдары. Ихэтуандар көтерілісі («боксерлер» көтерілісі). Еуропалық мемлекеттердің Қытайды «ықпал ету аймақтарына» бөлуі. Жартылай отар Қытайдың әлеуметтік-экономикалық жағдайы. «Миссионерлік», «экспансия», «фактория», «отарлау» түсініктері;
7) революциялық идеялардың XІX ғасырда Еуропаға таралуы. Мемлекеттердің саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы (Германия, Италия). Либералдық және демократиялық қозғалыс. Марксизмнің қалыптасуы мен таралуы. Еуропадағы 1848 жылғы буржуазиялық революциялар. Франко-Пруссия соғысы және Германияның бірігуі. Италияның бірігуі;
8) XІX ғасырдағы Ресейдегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы. Әлеуметтік-экономикалық даму. Ресей самодержавиясының ерекшеліктері. Ресейдегі азаттық қозғалыстың үш кезеңі. Декабристер көтерілісі. II Александр императордың реформалары. Халықшылдардың қозғалысы. Ресейдегі марксизмнің таралуы мен В.И. Лениннің революциялық қызметінің басталуы;
9) XІX ғасырдағы еуропалық отарлық үстемдік. 1857-1859 жылдардағы Үндістандағы ұлт-азаттық көтеріліс (сипайлар көтерілісі). Үндістанды басқарудағы өзгерістер. XІX ғасырдың соңында әлемдік отарлық жүйенің қалыптасуы;
10) Америка Құрама Штаттарының күшеюі. Америка Құрама Штаттарының «Айқын болашақ» идеясы және АҚШ территориясының ұлғаюы. Қиыр шығыстық саясат. «Жапонияны ашу». Трансатлантикалық құл саудасы. 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы. Америка Құрама Штаттарындағы құлдықтың жойылуы. Өнеркәсіптің өркендеуі және әлеуметтік-экономикалық даму;
11) суретшілер және жазушылар көзқарастарымен: XІX ғасырдағы өзгерістерге шолу. XIX ғасырдағы өнер және оның бағыттары. Әдебиет пен өнер. Өнердегі әлеуметтік әділетсіздіктің суреттелуі (Э. Золя, А.Н.Радищев,
А. Құнанбаев, Ч. Диккенс, Ф. М. Достоевский);
12) ғылыми ойдың дамуы. ХІХ ғасырдың ғылыми жаңалықтары
(Ч. Дарвин, Г. Мендель және тағы басқалар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет