Адамзат өркениетінің ежелгі заманнан бастап бүгінгі күнге дейінгі әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық дамуының негізгі кезеңдері және түрлі халықтардың тарихи даму жолының ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру


-сыныпқа арналған «Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады



бет4/8
Дата15.03.2022
өлшемі210,49 Kb.
#135774
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
7 сынып КТП 23-24, 4 сынып ктп 23-24ж

15. 6-сыныпқа арналған «Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:


1) Рим империясының құлауы. Тарихтағы «орта ғасыр» түсінігі. Орта ғасырлар тарихының хронологиялық шеңбері мен кезеңдері. Халықтардың ұлы қоныс аударуы және Батыс Рим империясының құлауы. Византия империясы. Византия мен Түрік қағанатының дипломатиялық қарым-қатынастары. Киев Русінің құрылуы. Киев Русінде христиандықтың қабылдануы;
2) феодализм. «Феодализм» түсінігі. Феодалдық шаруашылық түрінің ерекшеліктері. Феодалдық қоғамның әлеуметтік құрылымы. Ортағасырлық қалалар мен өнердің даму ерекшеліктері;
3) ислам тарихы. Ислам дінінің пайда болуы. 610 және 1258 жылдар аралығындағы ислам тарихындағы басты оқиғалар. Араб халифаты. Мұсылман әлемі мәдениетінің дамуы;
4) крест жорықтары. Крест жорықтарының (1-4 крест жорықтары) себептері, барысы мен салдары. Крест жорықтарынан кейінгі христиандық Еуропа мен мұсылман әлемі;
5) моңғолдар. Шыңғыс хан. Моңғол империясының құрылуы. Моңғолдардың әскери өнері. Еуразия этносаяси картасының қалыптасуына моңғол шапқыншылықтарының әсері;
6) XIV ғасырдағы - XVI ғасырдың бірінші жартысындағы ортағасырлық еуропалық қоғам. «Қара індет». Франция мен Англиядағы шаруалар көтерілісі. Феодалдық соғыстар (Жүз жылдық соғыс, Ал қызыл және Ақ раушандар соғысы) және Еуропадағы бір орталықтанған мемлекеттердің қалыптасуы. Жанна дАрк;
7) Батыс пен Шығыстағы абсолютизм. Феодалдық мемлекеттің даму кезеңдері. Батыс пен Шығыс мемлекеттеріндегі абсолютизмнің ерекшеліктері (Франция, Ресей, Англия, Қытай, Жапония, Осман империясы). «Парламент», «Бас штаттар», «сейм», «кортес», «Бояр Думасы» ұғымдары;
8) сауда, қолөнер және әлемді игеру. Ұлы Жібек жолы. Халықаралық сауда мен саяхаттар. Қытайдағы Мин әулетіндегі теңіз саяхаттары (Чжен Хе басшылығымен). XV ғасырдың соңы - XVI ғасырдың басындағы Ұлы географиялық ашулар мен олардың салдары. XV ғасырдағы Америка халықтары. Алғашқы отарлық империялар (Португалия, Испания);
9) Қайта өрлеу дәуірі. Батыс Еуропадағы қайта өрлеу дәуірінің мәдениеті. Гуманистер идеялары. Шығыстың ортағасырлық мәдениеті;
10) Реформация. Реформация себептері мен оның Еуропа елдеріндегі таралуы. Мартин Лютер наразылығының тарихи маңызы;
11) ғылыми революция. Әлемнің қазіргі ғылыми бейнесінің негізін қалаушылар және олардың ізбасарлары (Николай Коперник, Галилео Галилей, Джордано Бруно, Иоганн Кеплер).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет