Адамзат өркениетінің ежелгі заманнан бастап бүгінгі күнге дейінгі әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық дамуының негізгі кезеңдері және түрлі халықтардың тарихи даму жолының ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру


-сыныпқа арналған «Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады



бет7/8
Дата15.03.2022
өлшемі210,49 Kb.
#135774
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
7 сынып КТП 23-24, 4 сынып ктп 23-24ж

18. 9-сыныпқа арналған «Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:


1) ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемнің саяси картасы. Отарсыздану үдерісінің күшеюі. Әлемдік отарлау жүйесінің дағдарысы және күйреуі. Британдық Үндістанды бөлу және екі мемлекеттің (доминионның) қалыптасуы. Тәуелсіз Үндістанның жариялануы. Африка жылы. Франциядағы отарлық мәселенің шиеленісуі.
Маршалл жоспары. «Қырғи қабақ соғыстың» басталуы. У.Черчилдің Фултон сөзі. Трумэн доктринасы. Екі полюсті әлем. Әскери-саяси одақтар НАТО және ВШҰ қарсылығы. Әлемдік «социалистік лагерьдің» қалыптасуы. Қарулану жолындағы жарыс. 1948-1962 жылдардағы «қырғи қабақ соғыстың» негізгі оқиғалары;
2) халықаралық ұйымдардың қалыптасуы. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы мен қызметі. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы.
XX ғасырдың екінші жартысындағы халықаралық мәселелерді реттеудің жолдары. Еуропалық интеграция (Еуроодақ, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы);
3) ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемдік экономиканың дамуы. Екінші дүниежүзілік соғыстың экономикалық салдары. 50-60 жылдардағы «экономикалық ғажайып». Батыс Еуропа мен Америка Құрама Штатындағы «мемлекеттік әл-ауқаттылық» негізінің қалыптасуы.
КСРО-дағы соғыстан кейінгі қалпына келу және әкімшіл-әміршіл жүйенің нығаюы. «Хрущев жылымығы». Кеңестік экономиканы реформалаудың сәтсіздікке ұшырау себептері. «Тоқырау» кезеңі (1960 жылдың ІІ жартысы – 1980 жылдың соңы);
4) екі полюсті әлемнен көп полюсті әлемге бағыт алу үдерісі.
1979-1985 жылдардағы «қырғи қабақ соғыстың» түйінді оқиғалары және оның аяқталуы. Саманта Смиттің КСРО- ға келуі. «Қырғи қабақ соғыстың» салдары: әлем картасындағы өзгерістер, жергілікті әскери шиеленістер;
5) аумақтық мәселелерді шешудегі халықаралық ұйымдардың рөлі. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі араб мемлекеттерінің негізгі даму тенденциялары. Араб-израиль қайшылығы мен Палестина мәселесі. Халықаралық шиеленістерді реттеудегі Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметі. «Араб көктемі»: әлемдік саясат үшін себептері мен салдары;
6) Батыс елдерінің ХХ ғасырдың екінші жартысындағы даму ерешеліктері. Ұлыбританиядағы консерватизмнің неоконсерватизмге ауысуы. «Тэтчеризм». Швеция үлгісіндегі социал-демократиялық мемлекеттің қалыптасуы. Германиядағы «әлеуметтік-нарықтық шаруашылық» белгілері. Әлемдегі жоғары дамыған елдердің әлеуметтік құрылымы мен адамдардың өмір сүру деңгейі;
7) ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Азия елдерінің даму ерешеліктері. Коммунистік Қытай: саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйе сипаттамасы. Үндістанның тәуелсіз дамуы: мәселелер және шешу жолдары. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кемализм эволюциясы.
1950-1960 жылдардағы жапондық және оңтүстік кореялық «экономикалық ғажайыптың» себептері;
8) қазіргі әлемнің жаһандануы. Жаһандану үдерісінің мәні. Бүгінгі әлемдегі лаңкестік қаупі. Халықаралық лаңкестік және экстремизм. Аса ірі лаңкестік әрекеттер. Жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті сақтау мәселесі;
9) ХХ ғасырдың екінші жартысындағы - ХХI ғасырдың басындағы ғылым, білім, технология. Қазіргі кездегі ғылымның негізгі даму бағыттары. ХХ ғасырдың екінші жартысы – XXI ғасырдың басындағы жаратылыстану, қоғамдық ғылымдар, техника мен өндірістегі маңызды жаңалықтар мен жетістіктер. Ғылыми-техникалық революция - ғылыми-техникалық прогрестің жаңа кезеңі. АҚШ-тағы ғылыми техникалық революцияның елдердің дамуына әсері. Дамушы елдердің мәдени-техникалық даму ерекшеліктері мен заңдылықтары. «Байқоңыр» ғарыш айлағы. Қоғамның бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы білім берудің рөлі;
10) ХХ ғасырдың екінші жартысындағы - ХХI ғасырдың басындағы мәдениет. Мәдениеттің негізгі даму бағыттары. Қазіргі кездегі ақпараттық қоғам. Адамзаттың мәдени мұрасын сақтаудағы ЮНЕСКО-ның қызметі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет