Формативті бағалау әдістері



Дата12.06.2023
өлшемі57,66 Kb.
#178707
түріСабақ
Байланысты:
формативти баг
МЕДИЦИНСКИЙ ТЕРМИНОЛОГИЧЕСКИЙ СЛОВАРЬ, ОМП дифф зачет

Формативті бағалау әдістері.
Формативті бағалау әдістерінің басты ерекшелігі оқушылардың түсіну қабілетін бағалауда, сондай-ақ оқушылардың аналитикалық құралдар мен мысалдарды қолдануында танымдық прогресін анықтау. Мұндай бағалаудың қорытындыларын оқыту деңгейін жаксарту барысында қолдануға болады.
Формативті бағалау әдістерінбірнеше шартты қатарлар мен түрге жіктеуге болады.
Әдістердің бір түрі мұғалімнің сабақ түсіндіру және жаттығулар орындау барысында қолданылады.
Бағдаршам
Әр бір оқушыда бағдаршам түстеріне сәйкес карточкалар таратылған. Мұғалім олардың сабақты меңгергендеріне байланысты карточкаларды көтеруін сұрайды.
· Жасыл карточка көтерген оқушылар – барлығын түсінді. - Не түсіндіңіз?
· Сары және қызыл карточка көтергендер- күмәнім бар: - Сіздерде қандай сұрақтар бар?
· Қызыл карточка көтергендер: - түсінбедім- Сіздерге не түсініксіз?
Бұл жүйе арқылы тақырыпты пысықтауға немесе әлі де жетілдіру керектігін білуге болады.


Қате түсінікті тексеру
Ұстаз қатысушыларға қандайда бір ұстанымның (идея) талдауларының қате болжамдарын немесе әдеттегі қате түсініктерді әдейі береді. Сонан соң ол қатысушылардан айтылғандармен келісетіндігін немесе келіспейтіндігін, өздерінің көзқарастарын айтуларын сұрайды.


Қысқа-тест
Қысқа-тест қатысушылардың нақты білімін, шеберлігін және дағдысын, яғни қандайда бір материалдың нақты мағлұматтарын білетіндігін бағалайды. Бұл тестті:
· Берілген көп жауаптардың ішінен
· Дұрыс немесе қате жауап ішінен таңдау арқылы орындайды.


Формативті тест
Мұғалім оқушыларды ерікті түрде бірнеше топтарға бөлді. (әрбір топта 4-5 оқушыдан). Әрбір қатысушы сұрақтары бар бір бет және жауап жазуға бір бет алады. Әр кіші топтардағы қатысушыларға тесттағы сұрақтарды талқылауларына уақыт беріледі. Оқушылар талқылаудан кейін әр біреуі жеке жауап парақтарын толтырады. Әрбір оқушының ұпайлары жеке есептелінеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет