Қадірлі талапкер!


Стильдердің қолданылу аясы



бет22/27
Дата14.11.2019
өлшемі405,66 Kb.
#51787
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
KAZAK TILI ереже

СТИЛЬ


  • Стильдердің қолданылу аясы:

    1. Ғылыми стиль ғылыми еңбектерде, ғылыми баяндамаларда, лекцияларда қолданылады.

    2. Ресми іс-қағаздар стилі іс-қағаздарда, нұсқау хаттар мен кеңсе құжаттарында қолданылады.

    3. Публицистикалық стиль газет-журналда, жиналыстар мен митингілердегі сөздерде қолданылады.

    4. Көркем әдебиет стилі көркем әдеби шығармаларда қолданылады.

    5. Ауызекі сөйлеу стилі адамдармен еркін әңгіме кезінде қолданылады.

  • Стильдердің мақсаты:

    1. Ғылыми стильдің мақсаты – заттар ман құбылыстардың жалпы ерекшелігін ашып, мәлімет беру;

    2. Ресми іс-қағаздар стилінің мақсаты – хабарлау, анық мәліметтер беру;

    3. Публицистикалық стильдің мақсаты – көпшілікке әсер ету, құбылыстардың, оқиғаның мәнін ашу, оларға көпшіліктің назарын аудару;

    4. Көркем әдебиет стилінің мақсаты – құбылыстар мен заттарды суреттеу, жанды суретін көрсету, бейнелеу арқылы оқырманның сезіміне әсер ету;

    5. Ауызекі сөйлеу стилінің мақсаты – қатынас жасау;

  • Стильдердің ерекшелігі:

    1. Ғылыми стиль: дәлелді, зерттелген, сөзді тура мағынада алу;

    2. Ресми іс-қағаздар стилі: ресми, анық, дәл;

    3. Публицистикалық стиль: шақыру, үндеу, нақтылық;

    4. Көркем әдебиет стилі: образды, эмоционалды, экспресивті;

    5. Ауызекі сөйлеу стилі: сөздер мен сөз тіркестерін еркін қолдану, даярлықсыз өткізілу;

  • Стильдердің тілдік құралдары:

    1. Ғылыми стильде ғылыми терминдер жиі қолданылады; көбіне хабарлы сөйлем болып келеді; өткен шақ пен осы шақта жиі қолданылады;

    2. Ресми іс-қағаздар стилінде кітаби, ресми сөздер мен тіркестер, хабарлы сөйлемдер, даяр тіркестер мен терминдер қолданылады.

    3. Публицистикалық стильде риторикалық сұрақтар, стильдік қайталау, антитеза пайдалану сияқты құралдар қолданылады.

    4. Көркем әдебиет стилінде ауыспалы мағына, көркемдік тәсілдер, суреттеме құралдары (теңеу, метафора т.б.) жиі қолданылады.

    5. Ауызекі сөйлеу стилінде қарапайым сөздер және сұраулы, лепті сөйлемдер жиі қолданылады; көбіне диалог түрінде келеді.

  • Стиль түрлеріне қатысты мысалдар:

      1. Емен ұзақ жылдар бойы өсе береді. Ол 150-200 жылға дейін созылады. Жалпы емен жылусүйгіш ағаштар қатарына жатады.

      1. Ғылыми стиль

      1. Жолдың шетінде жалғыз емен өсіп тұрған... Бұл-екі құшаққа сыймайтын жуан, ескіден келе жатқан ауру бездерінен қартайып тұрған емен.Өзінің иілмейтін менмендігімен, аяқ-қолы салбыраған қалыпта, күлімсіреген екі қайыңның ортасында тұрды.

      1. Көркем әдебиет стилі

      1. -Мереке құтты болсын!

      2. -Рахмет, саған да ұлыс құтты болсын!

      3. -Саған табыс, сәттілік тілемін!

      4. -Тілегің үшін көп рахмет!

      1. Ауызекі сөйлеу стилі

      1. Ауруханаға бару үшін мені сабақтан босатуыңызды сұраймын.

      1. Ресми іс-қағаздар стилі

      1. Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен кейбір жер атауларына өзгерістер енгізілді.

      1. Публицистика-лық стиль

      1. 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Елбасымыздың Жарлығымен халқымыздың аяулы ұлы Рахымжан Қошқарбаевқа «Халық хаһарманы» атағы берілді.

      1. Публицистика-лық стиль

      1. Ақ қасқыр айналып жіберіп, ағызып келіп алдына түсті.

      1. Көркем әдебиет стилі

      1. Жәкіш қып-қызыл болып кетті. Алғашқыдағыдай тұмсығы тершіп, қыбыжықтай берді, төмен қарап, тырнақтарын шұқылады.

      1. Көркем әдебиет стилі

      1. -Кеше сабаққа бардың ба? Үйге қандай тапсырма барді?

      2. - Ережелерді жаттауға берді.

      1. Ауызекі сөйлеу стилі

      1. Жауындату – ауыл шаруашылық дақылда-рын суарудың бір әдісі. Жауындатудан ылғал топыраққа біркелкі жайылады.

      1. Ғылыми стиль

      1. Түсінік

      2. Мен, Асанов Үсен, бұдан былай сабақтан кешікпеуге сөз беремін.

      3. 20.05.2004

      1. Ресми іс-қағаздар стилі

      1. Екі ел арасындағы кездесуде Еуразия саудасындағы тауар тасымалына қызмет көрсетуде Ресей мен Қазақстан көлік жүйелерінің үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша назар аударылды.

      1. Публицистика-лық стиль

      1. Заттың атауын білдіретін сөзді зат есім дейді.

      1. Ғылыми стиль

  1. Қазақ тіл білімінің неше саласы бар?

      1. A) 2 B) 3 C) 4 D) 5 E) 6

  1. Жалғаудың неше түрі бар?

      1. A) 2 B) 3 C) 5 D) 1 E) 4

  1. Үндестік заңының неше түрі бар?

      1. A) 2 B) 3 C) 5 D) 6 E) 4

  1. Тіл дыбыстарын не зерттейді?

      1. A) лексика B) морфология C) фонетика

      2. D) синтаксис E) стилистика

  1. Термин сөзді тіл білімінің қай саласы қарастырады?

      1. A) морфология B) лексика C) синтаксис

      2. D) фонетика E) фразеология

  1. Қайсысы синтаксисте қарастырылады?

      1. A) екпін B) сөз табы C) мағына

      2. D) сөйлем мүшесі E) қосымша

  1. Қайсысы сөз табына жатпайды?

      1. A) шылау B) жіктік C) үстеу

      2. D) одағай E) есімдік

  1. Қайсысының күрделі сөздің түріне қатысы жоқ?

      1. A) туынды сөз B) біріккен сөз C) қос сөз

      2. D) тіркескен сөз E) қысқарған сөз

  1. Сөз табын табыңыз.

      1. A) еліктеу сөз B) кірме сөз C) қос сөз

      2. D) табу сөз E) кәсіби сөз

  1. Пунктуация қай тіл білімі саласының зерттейтін тақырыбы?

      1. A) морфология B) лексика C) синтаксис

      2. D) фонетика E) фразеология





      3. «Қазақ тіл білімі» тақырыбы бойынша тест сұрақтарының жауаптары:



      4. 1 – B (Қазақ тіл білімінің 3 саласы бар: фонетика, лексика және грамматика.)

      5. 2 – E (Жалғаудың 4 түрі бар: жіктік жалғауы, септік жалғауы, көптік жалғауы және тәуелдік жалғауы)

      6. 3 – A (Үндестік заңының 2 түрі бар: буын үндестігі және дыбыс үндестігі.)

      7. 4 – C

      8. 5 – B (Терминдер қолданылу аясы шектеулі сөздер тобына жатады. Оны лексика зерттейді.)

      9. 6 – D

      10. 7 – B (Себебі, жіктік – жалғаудың түрі. Жіктік деген сөз табы жоқ.)

      11. 8 – A (Туынды сөз күрделі сөздің түріне жатпайды. Себебі, туынды сөз 1 түбірден тұрады. Ал күрделі сөз болу үшін кемінде 2 түбірден тұратын және бір мағынаны білдіретін сөз керек. Мысалы, шек+ара )

      12. 9 – A

      13. 10 – C (Пунктуация тыныс белгілерін зерттейді. Ал пунктуация – синтаксистің зерттейтін тақырыбы.)

      14. «Қазақ тіл біліміне шет тілдерінен енген термин сөздер» тақырыбы бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Грек тілінен енген терминді табыңыз.

      1. A) неологизм B) стилистика C) мағына

      2. D) табу E) тасымал

  1. Қай сөздің мағынасы «құрастыру» дегенді білдіреді?

      1. A) фразеология B) семасиология C) синтаксис

      2. D) грамматика E) морфология

  1. «Лингвистика» қай тілден енген?

      1. A) араб тілі B) латын тілі C) грек тілі

      2. D) қазақ тілі E) орыс тілі

  1. Қай жұп бір-бірінің баламасы бола алмайды?

      1. A) табу-тыйым салу

      2. B) фонема-дыбыс

      3. C) эвфемизм-сыпайы сөйлеу

      4. D) термин-атын өзгертіп айту

      5. E) лексика-сөздік қор

  1. Қазақ тіліне шет тілінен енген терминді табыңыз.

      1. A) үстеу B) әріп C) буын

      2. D) қосымша E) шылау

  1. Термин сөзді табыңыз.

      1. A) дауыс B) сөйлеу C) мағына

      2. D) жазбаша E) үлгі

  1. Қай тіл білімінің саласы «нүкте» деген мағына береді?

      1. A) синтаксис B) семасиология C) лексикология

      2. D) стилистика E) пунктуация

  1. Сөздік жасайтын және оны зерттейтін тіл білімі саласы қайсы?

      1. A) метонимия B) фонология C) морфология

      2. D) лексикография E) фразеология

  1. Полисемия нені зерттейді?

      1. A) сөз түбірін D) сөз түрлерін

      2. B) сөз таптарын E) сөз құрамын

      3. C) сөздің көп мағыналығын

  1. Дифтонг деген не?

      1. A) дауысты дыбыс B) қосарлы дыбыс C) түбір сөз

      2. D) дауыссыз дыбыс E) қосымша



      3. «Қазақ тіл біліміне шет тілдерінен енген термин сөздер» тақырыбы бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

      4. 1A (Неологизм - грек сөзі. «нео» - жаңа, «лог» - сөз)

      5. 2C, 3B

      6. 4D (Термин мен атын өзгертіп айту бір-бірінің баламасы бола алмайды. Себебі, терминнің баламасы «бір нәрсенің шегі, шекаралық белгісі» деген болады, өйткені екеуі – бір ұғымның латын және қазақ тілдеріндегі атауы. Ал «атын өзгертіп айту» сөздері метонимияның баламасы болып табылады.)

      7. 5B («Әріп» сөзі қазақ тіліне араб тілінен енген.)

      8. 6C (Сөздің мағынасын лексика зерттейді.)

      9. 7C (Пунктуация қазақ тілінде «нүкте» деген мағына береді.)

      10. 8C

      11. 9B (Қосарлы дыбыс – я (йа), ю (йу) сияқты екі дыбыстан тұратын әріптер.)

      12. 10D

      13. «Дыбыс және әріп» бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Айтылатын және естілетін тілдік құбылыс қалай аталады?

  1. Тілдің ең кіші бөлігі не?

      1. A) дыбыс B) буын C) үн

      2. D) кіші тіл E) әріп

  1. Дыбысты немен таңбалайды?

      1. A) сызық B) фонема C) символ

      2. D) әріп E) әліпби

  1. Қай әріп ф әрпінен кейін тұрады?

      1. A) ұ B) т C) һ D) й E) д

  1. Дыбыс жасалу үшін не керек?

      1. A) өкпеден шыққан ауа D) мұрын қуысы

      2. B) дауыс шымылдығы E) дыбыстау мүшелері

      3. C) ауыз қуысы

  1. Қайсысы дыбыстау мүшесіне жатпайды?

      1. A) көмей B) мұрын C) тіс

      2. D) тіл E) езу

  1. Қазақтың төл сөздерінде кездеспейтін дыбысты табыңыз.

      1. A) я B) ц C) у D) щ E) ю

  1. Әріптердің қай қатары белгілі бір жүйеде емес?

      1. A) з, й, қ, м B) у, т, с, р C) ү, ф, х, һ

      2. D) а, е, о, ұ E) і, ь, ш, ц

  1. Қосарлы дыбысты табыңыз.

      1. A) ш B) ө C) ю D) у E) й

  1. Кірме сөзде ғана болатын әріп қайсы?

      1. A) ф B) п C) ы D) й E) б



      2. «Дыбыс және әріп» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

      3. 1 – E (Дыбыс айтылады және естіледі.)

      4. 2 – A, 3 – D

      5. 4 – C (Әліпбиде һ әрпі ф әрпінен кейін келеді. Яғни, ф, х, һ, ц)

      6. 5 – A (Дыбыс өкпеден шыққан ауаға байланысты шығады.)

      7. 6 – E

      8. 7 – B

      9. 8 – D (Жауабы: а, е, о, ұ. Себебі, қалғандары әліпбидегі қатармен берілген:

  • «з, й, қ, м» араларында бір әріп түсіп қалған. Сонда з, и, й, к, қ, л, м болады.

  • «у, т, с, р» әліпбидегі қатармен теріс берілген. Яғни әліпбидегі қатары мынадай: р, с, т, у .

  • «ү, ф, х, һ» әліпбидегі қатармен берілген.

  • «і, ь, ш, ц» әліпбидегі қатармен теріс берілген және араларында бір әріп түсіп қалған. Сонда ц, ч, ш, щ, ь, ы, і болады.)

      1. 9 – C (ю әрпі – қосарлы дыбыс, өйткені бұл әріп й және у (йу) деген екі дыбысты таңбалайды.)

      2. 10 – A (ф дыбысы қазақ тіліндегі кірме сөздерде ғана кездеседі.

      3. Мысалы, орыс тілі: футбол;

      4. араб тілі: Фәтима;)

      5. «Дауысты дыбыс» бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Қай дыбыстар қатары өкпеден шыққан ауаның кедергісіз шығуынан жасалады?

      1. A) р, й, с B) л, о, ө C) с, ш, щ

      2. D) а, ә, е E) к, қ, ғ

  1. Қайсысы дауысты дыбысқа негізделеді?

      1. A) буын B) тасымал C) әріп

      2. D) екпін E) дауыссыз дыбыс

  1. Екпін түсетін дыбысты табыңыз.

      1. A) ш B) қ C) т D) а E) п

  1. Әліпбидегі 12-ші дыбыс қандай дыбыс?

      1. A) езулік дауысты дыбыс D) еріндік дауысты дыбыс

      2. B) ашық дауысты дыбыс E) жуан дауысты дыбыс

      3. C) дауыссыз дыбыс

  1. Қай дыбыс жуан әрі еріндік дыбыс?

      1. A) ө B) ы C) а D) ү E) ұ

  1. Ашық дауыстының саны қанша?

      1. A) 6 B) 7 C) 5 D) 8 E) 4

  1. Бірыңғай қысаң дауыстыдан тұратын сөзді табыңыз.

      1. A) бұрылу B) кемсіту C) әшкерелеу

      2. D) құдалық E) өшіру

  1. Еріндік дауыстыларды табыңыз.

      1. A) а, ә, е, и B) ы, і, и, э C) а, о, ы, ұ

      2. D) е, и, у, ө E) ұ, ү, ө, о

  1. Қай дыбыс жақтың кең ашылуы арқылы жасалады?

      1. A) ү B) ы C) у D) і E) ә

  1. Жуан дауыстылар қалай жасалады?

      1. A) Тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестену арқылы жасалады.

      2. B) Тілдің ұшы ілгері созылып жатуы арқылы жасалады.

      3. C) Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалады.

      4. D) Езудің кейін тартылуы арқылы жасалады.

      5. E) Жақтың кең ашылуы арқылы жасалады.



      6. «Дауысты дыбыс» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

      7. 1 – D (а, ә, е – дауысты дыбыстар. Дауысты дыбыстар өкпеден шыққан ауаның кедергісіз шығуынан жасалады.)

      8. 2 – A (Буын дауысты дыбысқа негізделеді. Себебі, сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.)

      9. 3 – D (Екпін сөздегі дауысты дыбысқа түседі.)

      10. 4 – A (Әліпбидегі 12-ші дыбыс – и дыбысы. И–езулік дауысты дыбыс.)

      11. 5 – E (Ұ – жуан әрі еріндік дауысты дыбыс.)

      12. 6 – A (Ашық дауыстының саны алты: а, ә, о, ө, е, э.)

      13. 7 – A («Бұрылу» сөзіндегі ұ, ы, у дыбыстары–қысаң дауысты дыбыстар.)

      14. 8 – E

      15. 9 – E (Ә дыбысы жақтың кең ашылуы арқылы жасалады. Өйткені ол – ашық дауысты дыбыс. Ал ашық дауысты дыбыс жақтың кең ашылуы арқылы жасалады.)

      16. 10 – A (Жуан дауыстылар тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестену арқылы жасалады.)

      17. «Дауысты дыбыстардың емлесі» тақырыбы бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Буын талғайтын дыбысты табыңыз.

      1. A) у B) е C) а D) ә E) ы

  1. Қай сөзде «ы» дыбысы түсіп қалған?

      1. A) жина B) айна C) арна

      2. D) сұра E) шайна

  1. Қай сөзде қате бар?

      1. A) жүзігі B) қорқу C) қина

      2. D) халқы E) орыны

  1. «Ы» дыбысы қай сөзде қате жазылған?

      1. A) шоқу B) жымыю C) шошу

      2. D) сыйымдылық E) қиылыс

  1. Қай сөзде «і» дыбысы жазылмайды?

      1. A) ілезде B) ілес C) ілми

      2. D) іле-шала E) ілгері

  1. Қай сөзге «-а» жұрнағы жалғанбайды?

      1. A) орын B) ойын C) жиын

      2. D) қиын E) тиын

  1. Кірме сөздерде ғана 2-ші және 3-ші буындарда кездесетін дыбыс қайсы?

      1. A) ю B) ы C) ұ D) я E) й

  1. Қай сөзде «у» жуан дауысты дыбыс болып тұр?

      1. A) қуыс B) тауық C) уақ-түйек

      2. D) ауа E) төлеу



  1. Қай сөзде дыбыс пен әріпте айырмашылық бар?

      1. A) қоюлау B) шытырман C) айтыскер

      2. D) қауырсын E) кісен

  1. Қай сөзде «а» дыбысы қате жазылған?

      1. A) жай B) шай C) рәсуә

      2. D) Фәтима E) күмән



      3. «Дауысты дыбыстардың емлесі» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

      4. 1 – D (Ә әрпі қазақтың байырғы сөздерінде бірінші буында ғана жазылады. Мысалы: сәкі, әңгіме т.б.)

      5. 2 – A («Жиын» сөзіне жұрнағын жалғап туынды етістік жасағанда, дыбысы түсіп қалады. Жиын + -а = жина)

      6. 3 – E («Орын» сөзіне жалғауы жалғанғанда, сөздегі ы дыбысы түсіп қалады. Орын + -ы = орны.)

      7. 4 – B (Я, ю әріптерінен бұрын ы, і дыбыстары естілгенмен, олардың орнына и әрпі жазылады.)

      8. 5 – A («Лезде» сөзінің алдында і дыбысы жазылмайды)

      9. 6 – E , 7 – C (Кірме сөздерде 2-ші және 3-ші буындарда кездесетін дыбыс – ұ дыбысы. Мысалы, бұлбұл, мазмұн, мақұл т.б.)

      10. 8 – A («Қу-ыс» сөзінде у – жуан дауысты дыбыс болып тұр. Себебі бұл сөздегі «ы» – жуан дауысты дыбыс.)

      11. 9 – A («Қоюлану» сөзінде 7 әріп, 8 дыбыс бар. Өйткені «ю» дыбысы 1 әріп болғанмен, «йу» деген екі дыбысты білдіреді.)

      12. 10 – C («Рәсуа» сөзінің соңындағы а дыбысы ә болып оқылғанмен, а болып жазылады.)

      13. «Дауыссыз дыбыс» тақырыбы бойынша

      14. ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Тек салдырдан тұратын дыбыс қайсы?

      1. A) а B) п C) й D) ғ E) ж

  1. Үнді дыбыстардың қатарын табыңыз.

      1. A) у, й, н, р B) г, ж, д, в C) к, ш, т, ф

      2. D) м, ң, ғ, з E) й, к, л, м

  1. Тек ұяң дыбыстан тұрған сөзді табыңыз.

      1. A) айналмалы B) тасқын C) жазғытұрым

      2. D) ұзағырақ E) жұғады

  1. Қай дыбыстар жұп бола алмайды?

      1. A) п-б B) ғ-қ C) к-г D) с-ш E) ф-в

  1. Әліпбидегі алғашқы 7 дауыссыз қалай аталады?

      1. A) ұяң B) үнді C) жуан

      2. D) жіңішке E) қатаң

  1. Дауыссыздар ненің қатысына қарай 3-ке бөлінеді?

      1. A) тіл B) ерін C) жақ

      2. D) дауыс E) салдыр

  1. Көбіне қай дыбыстар қазақтың төл сөздерінде сөздің соңында келмейді?

      1. A) қатаң B) үнді C) ұяң

      2. D) жуан E) жіңішке

  1. Алфавиттегі 13-ші дыбыс қандай дыбыс?

      1. A) үнді B) қатаң C) жуан

      2. D) еріндік E) ұяң

  1. Дауыссызды айтқанда, өкпеден шыққан ауа қайда кедергіге ұшырайды?

      1. A) мұрын қуысы B) ауыз қуысы C) өкпеде

      2. D) кеңірдекте E) жақта

  1. Қосымшасы үндіден басталған сөзді табыңыз.

      1. A) Жазда көлге шомылуға бардық.

      2. B) Кешке құстар ұясына қонады.

      3. C) Қазақ тілі кітабым сөмкеде екен.

      4. D) Мұраттың ағасы машинамен келді.

      5. E) Ауылда гүл теруге бардым.




      6. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет