Қадірлі талапкер!



бет27/27
Дата14.11.2019
өлшемі405,66 Kb.
#51787
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
KAZAK TILI ереже


«Сөз тіркесі» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

  • 1 – D (Көзіне көк шыбын үймелетету – тұрақты тіркес)

  • 2 – B 3 – E 4 – A 5 – C 6 – D 7 – E

  • 8 – D (өгіз аяң – идиомалық тіркес, қалғандары – күрделі сөз)

  • 9 – D 10 – D

  • «Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері» тақырыбы бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

    1. Хабарлы сөйлемді табыңыз.

        1. A) Ал сосын D) Қайдағы жау

        2. B) Ойсыздарға қосылма E) Жел де жоқ

        3. C) Неге бұғасың

    1. Сұрау есімдігі арқылы жасалған сұраулы сөйлемді табыңыз.

        1. A) Қар жауса ше? D) Жағдай қалай?

        2. B) Балам, аманбысың? E) Мынау сен шығарсың?

        3. C) Бұл сен бе?

    1. Бұйрықты сөйлемді табыңыз.

        1. A) Егіс көлемін ұлғайт D) Ал Жамал ше

        2. B) Тіл қандай E) Бұл - тарихи жер

        3. C) Сен енді бала емессің

    1. Адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін сөйлем қалай аталады?

        1. A) лепті B) сұраулы C) хабарлы

        2. D) бұйрықты E) атаулы

    1. Сұраулы сөйлемді табыңыз.

        1. A) Қарағым, тоқтай тұршы

        2. B) Пай-пай, шабысының қаттысын-ай

        3. C) Сен жазып келген шығарсың

        4. D) Дала айдай жарық

        5. E) Мектептің кең залы

    1. Одағай сөз қатысқан лепті сөйлемді көрсетіңіз.

        1. A) Ойпырым-ай, балаңның мінезі қандай жаман еді.

        2. B) Көрсетпе көз жасыңды.

        3. C) Жүр, жарысайық.

        4. D) Балам, жөніңді айтшы.

        5. E) Амал нешік, пешенеме жазғаны осы болды.

    1. Сұраулық шылау арқылы жасалған сұраулы сөйлемді табыңыз.

        1. A) Ол кісі қайда тұрады.

        2. B) Неге үндемейсіз, әже, барамыз ба?

        3. C) Ол жерге неге отырасың.

        4. D) Ойбай, сен былай тұр.

        5. E) Мен күні бойы жұмыста болдым ғой.

    1. Бұйрықты сөйлемді табыңыз.

        1. A) Сен менен аулақ жүр.

        2. B) Біреу көп үшін, көп біреу үшін.

        3. C) Жеріміз біздің неткен бай.

        4. D) Сүйіндік жігіттері он шақты күнде Омбыға келіп қалды.

        5. E) Қазір қай жерде тұрасыз.

    1. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.

        1. A) Жарайсың, қалқам?!

        2. B) Енді мені ұрайын деп пе едің?!

        3. C) – Ешкімге сенуші болма, – деп айқайлады.

        4. D) – Рас па! – деп бажырая қарады.

        5. E) Тәйт. Тыныш отыр.

    1. Дауыс ырғағы арқылы жасалған лепті сөйлемді табыңыз.

        1. A) – Жасасын, Қазақстан!

        2. B) – Жолдастар, тынышталыңыздар!

        3. C) – Мынау дегенің әдемі ғой!

        4. D) – Шіркін, орманның таза ауасын-ай!

        5. E) – Бәрекелді! Бәрекелді! Жарадың, қалқам!



        6. «Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері» тақырыбы бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

        7. 1 – E 2 – D 3 – A 4 – A 5 – C

        8. 6 – A 7 – B 8 – A 9 – D 10 – C

        9. «Жай сөйлемнің түрлері» тақырыбы бойынша

        10. ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

    1. Қайсысы жақсыз сөйлемнің жасалу жолына жатпайды?

        1. А) -ғы, -гі, -қы, -кі тұлғалы қалау райлы етістік

        2. В) Құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар идиомалар

        3. С) Атау немесе барыс септігіндегі тұйық етістіктен соң “керек”, “мүмкін” сөздерінің тіркесуі

        4. D) Баяндауышы зат есімнен басталады.

        5. Е) Барыс септігіндегі тұйық етістіктен соң “бол”, “жара”, “тура”, “кел” көмекші етістіктерінің тіркесіп келуі

    1. Жақсыз сөйлемді көрсетіңіз.

        1. A) Бүгін емтиханға дайындалу керек.

        2. B) Жартастың басынан қарауытқан бір нәрселер көрінеді.

        3. C) Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.

        4. D) Ауыл маңы тып-тыныш.

        5. E) Оқу – білім бұлағы.

    1. Жақты сөйлемді табыңыз.

        1. A) Сенің балмұздақ жегің келе ме?

        2. B) Оның айтқандарын түсініп болмайды.

        3. C) Бұл оқиғаны енді айтпасқа болмайды.

        4. D) Оның үрейден төбе шашы тік тұрды.

        5. E) Ертең сабаққа келесің бе?

    1. Жалаң сөйлем дегеніміз не?

        1. A) Бастауыш пен баяндауыштан ғана құралған сөйлем.

        2. B) Тұрлаулы мүшелерімен қатар, тұраусыз мүшелері де бар сөйлем.

        3. C) Мазмұны толық берілген сөйлем

        4. D) Бастауышы жоқ сөйлем.

        5. E) Бастауышы әрдайым жасырын тұратын сөйлем.

    1. Жайылма сөйлемді көрсетіңіз.

        1. A) Мен барамын. D) Үй жап-жарық.

        2. B) Айдала. E) Сендер қараңдар.

        3. C) Ол - сері жігіт.

    1. Қай сөйлем түрі екеуара сөйлескенде жиі қолданылады?

        1. A) толымсыз сөйлем D) атаулы сөйлем

        2. B) жақсыз сөйлем E) жайылма сөйлем

        3. C) жалаң сөйлем

    1. «Кең зал. Құжынаған халық.» - Қандай сөйлем?

        1. A) Жақты сөйлем D) Атаулы сөйлем

        2. B) Жақсыз сөйлем E) Толымды сөйлем

        3. C) Жайылма сөйлем

    1. Бастауышы жасырын тұрған сөйлем қалай аталады?

        1. A) Жалаң сөйлем D) Жақсыз сөйлем

        2. B) Жайылма сөйлем E) Толымды сөйлем

        3. C) Жақты сөйлем

    1. Тұрлаусыз мүшелердің болу-болмауына қарай жай сөйлемдер қалай бөлінді?

        1. A) Жақты, жақсыз D) Жалаң, жайылма

        2. B) Атаулы E) Жай, құрмалас

        3. C) Толымды, толымсыз

    1. Жалаң сөйлемге жетпей тұрған сөзді көп нүктенің орнына қойыңыз. «........................... оқып шықсын».

        1. A)тез B)ол C)оған D) сенімен Е)қайратпен

        2. «Жай сөйлемнің түрлері» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

        3. 1 – D 2 – A 3 – E 4 – A 5 – C

        4. 6 – A 7 – D 8 – C 9 – D 10 – B

        5. «Сөйлем мүшелері-1» тақырыбы бойынша

        6. ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

    1. Сілтеу есімдігінен жасалған баяндауышты көрсетіңіз.

        1. A) Біз үшеуіміз мәселені дұрыс шештік деп ойлаймыз.

        2. B) Ақ бесті қара қасқадан сытылып шықты.

        3. C) Мен өзім де сізден осыны сұрағалы отыр едім.

        4. D) Ауылдың маңы – терең сай.

        5. E) Сұрап отырғаны – осы.

    1. Бірыңғай толықтауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.

        1. A) Оның бос сөзді сүймейтін, жақтырмайтын мінезі бар.

        2. B) Шәкенді, Баймағамбетті, Ерболды бұл сөз күлдірді.

        3. C) Жиренше Абаймен көп сөйлесті, ұзақ ақылдасты.

        4. D) Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын.

        5. E) Еріншектің ертеңі бітпес.

    1. Күрделі сан есімнен жасалған баяндауышты табыңыз.

        1. A) Осы араға жиналғанымыз-жетеу.

        2. B) Жиналысқа келгендері – он-ақ адам.

        3. C) Жеті жердегі жеті – қырық тоғыз.

        4. D) Оның жасы жиырмада.

        5. E) Оның қасиетті саны – бес.

    1. Себеп пысықтауышты көрсетіңіз.

        1. A) Батпаған ай батыстан қарап тұрды.

        2. B) Кешеден бері сақтаған нанды жеп отырмын.

        3. C) Бала кітап алғалы келіпті.

        4. D) Сен мұнда ойнауға келген жоқсың, білім алуға келдің.

        5. E) Ол табанда ақшасын өндіріп алды.

    1. Қашанғы? Қайдағы? – қай сөйлем мүшесінің сұрақтары.?

        1. A) пысықтауыш B) анықтауыш C) бастауыш

        2. D) толықтауыш E) баяндауыш

    1. Сөйлем құрауға негіз болатын сөйлем мүшесін табыңыз.

        1. A) баяндауыш B) анықтауыш C) пысықтауыш

        2. D) толықтауыш E) айқындауыш



    1. Бірыңғай анықтауышты табыңыз.

        1. A) Далада қызыл-сары гүлдер жайқалып тұр.

        2. B) Шаршаған кішкентай боталар артта қалып қойды.

        3. C) Біз таудың ең биік шыңына шықтық.

        4. D) Оның әкесі – кең жауырынды, ұзын бойлы кісі.

        5. E) Мария Бәкенді де, оның ағасын да үйіне алып жүрді.

    1. Мезгіл пысықтауышты табыңыз.

        1. A) Ер жолдасы – тәуекел.

        2. B) Олар Абаймен біресе жарысады, біресе қалжыңдайды.

        3. C) Олар екі күннен кейін келіп қалар.

        4. D) Жұрт Дәметкеннің қылығына әрі сүйсінді, әрі аяды.

        5. E) Ауыл жастары бұндай нәрселерге қызықпайды.

    1. Асты сызылған сөздердің қайсысы өзгелерінен басқа қызметте жұмсалып тұр?

        1. A) Жақсы сөз – жарым ырыс.

        2. B) Ол қазақша жақсы сөйлейді.

        3. C) Оның жақсы іске жаны жолдас.

        4. D) Ол көршілерімен жақсы қарым-қатынас орнатқан.

        5. E) Ол жақсы киімдерді таңдап алды.

    1. Қай сөйлемде іс-қимылдың мезгілін білдіретін сөз бар?

        1. A) Марат бұл жерге екі рет келді.

        2. B) Ат баспаймын деген жерін екі басады.

        3. C) Олар бұл жерге екіде келеді.

        4. D) Олар сыныпқа екі-екіден кірді.

        5. E) Ол алманың екеуін алды.



        6. «Сөйлем мүшелері-1» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

        7. 1 – E (осы) 2 – B (Шәкенді, Баймағамбетті, Ерболды)

        8. 3 – C (қырық тоғыз) 4 – D (білім алуға – не үшін?)

        9. 5 – B 6 – A

        10. 7 – D (кең жауырынды, ұзын бойлы) 8 – C (екі күннен кейін)

        11. 9 – B (қалғандары – анықтауыш) 10 – C (екіде – қашан?)

        12. «Сөйлем мүшелері-2» тақырыбы бойынша

        13. ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

    1. Сөйлем мүшесіне талданатын сөзді табыңыз.

        1. A) сондықтан B) меніңше C) әрине

        2. D) керісінше E) балам

    1. Бірыңғай мүшелерді байланыстыратын ыңғайластық жалғаулық шылаулар қайсы?

        1. A) та, не, немесе B) және, мен, әрі C) бен, я, яки

        2. D) мен, бірақ, алайда E) ма, ме, ше

    1. Бірыңғай мүшелерді байланыстыру үшін қандай жалғаулық шылау қолдану керек?

        1. Ол... биік,... аласа,... қатал,.... жұмсақ мінезді еді.

        2. A) бірақ B) және C) немесе D) да E) бірде

    1. Тыныс белгісі дұрыс қойылған cөйлемді табыңыз.

        1. A) Бұл не деген үлкен қала.

        2. B) Ауа райы қандай тамаша?

        3. C) Тыңда, дала, Жамбылды.

        4. D) Бұл өңірде, әсіресе Алатау маңында тарихи ескерткіш көп.

        5. E) Бәрекелді, балам, осы бетіңнен тайынба!

    1. Берілген сөйлемдерден оңашаланған айқындауышты табыңыз.

        1. A) Ауыр жол ерді сынайды.

        2. B) Менің жеңгем – Қалиса.

        3. C) Адам баласына адам баласының бәрі – дос.

        4. D) Бала кезімізде Абайдың көп өлеңін жатқа білетінбіз.

        5. E) Жазда, демалыс кезінде, балық аулауға барамыз.

    1. Қай сөйлемде барлық сөздер сөйлем мүшесіне талданады?

        1. A) Меніңше, осы істегеніміз дұрыс емес.

        2. B) Жасеке, жоғары шығыңыз!

        3. C) Бәрекелді, қарағым, өркенің өссін!

        4. D) Дала суық, қараңғы.

        5. E) Е, бәсе, сенің бүйтпейтініңді біліп едім.

    1. Айқындауыш мүше қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

        1. A) Біз, жастар, еңбекте, оқуда алда болуымыз керек.

        2. B) Содан бері бір қыс, екі жаз өтті.

        3. C) Айқыз ірілеу бір тасқа келіп, отыра кетті.

        4. D) Мүйізінен ұстады да, сол қалпы қатты да қалды.

        5. E) Ұжым тамаша табыстарға жетіп келді.

    1. Қыстырма сөз қолданылған жай сөйлемдерді көрсетіңіз.

      1. Ойбай, Жақа, ол Жоламанның дүмпуі ғой.

      2. Шынында да, халіміз онша мәз емес.

      3. Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат.

      4. Толғауы тоқсан қызыл тіл, сайраймын десең, өзің біл.

      5. Қарағым, дұғагөйім, қамқор анам!

    1. Жалпылауыш сөздердің анықтамасы қайсы?

        1. A) Бірыңғай мүшелерден бөлініп айтылады, жеке сөйлем мүшесі болады.

        2. B) Бірыңғай мүшелердің мағынасын нақтылап тұрады.

        3. C) Сөйлем мүшесіне талданбайтын сөйлем.

        4. D) Бірыңғай мүшелерден тыс жүретін сөздер

        5. E) Бірыңғай мүшелермен қызметтес болып, оған жинақтау мағынасын қосатын сөздер.

    1. Кею мағынасында қолданылған одағайды табыңыз.

        1. A) Па, жігіт-ақ екен!

        2. B) Әй, көзіңе қара!

        3. C) А, мен кешіккен екенмін ғой.

        4. D) Япырай,- деп ойлады ол ақырында.

        5. E) Құр – құр... – десті қора ішінен екі дауыс.



        6. «Сөйлем мүшелері-2» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

        7. 1 – E 5 – E (демалыс кезінде) 9 – E

        8. 2 – B 6 – D 10 – C

        9. 3 – E 7 – A (жастар)

        10. 4 – C 8 – B (шынында)

        11. «Төл сөз. Автор сөзі. Төлеу сөз» тақырыптары бойынша

        12. ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

    1. Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

    1. Сен дегенде сөз барма?

    2. Әй дер әже, қой дер қожа жоқ.

    3. Балалардың соңғы ермегі – “Ақсүйек”, “Соқыр теке”.

    4. “Осы күні сол ара жайнаған қызыл гүл”, - дейді.

    5. Сауатты болу дегеніміз-дұрыс жазып, дұрыс сөйлеу.

    1. Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

    1. Туған жер – алтын бесік.

    2. - Білмеске сөзің қор боп кетер, - деген М.Дулатұлы.

    3. Бала жігіт бұйырықты екі етпейді.

    4. Бұл-ойланатын нәрсе.

    5. Әркім-әуелі өз ауылының баласы.

    1. Төлеу сөзді табыңыз.

        1. A) Бүгін жылқышыларға да бірдеме болған сияқты.

        2. B) Жұман отыратын жерге бір әулие келіпті.

        3. C) Үйге кіре бере қара саба жарылып кетті.

        4. D) “Білмегенді біле бер”,- дейді Шәкәрім

        5. E) Әжем үйге кіріп, малдың өрістен қайтқанын айтты.

    1. Айжан: “Менің үйім алыс еді, ертерек қайтайын”, -деді. Қай жауап толымды және дұрыс?

        1. A) Айжан өзінің үйі алыс екенін айтты.

        2. B) Айжан өзінің үйі алыс екенін және ертерек қайту керек екенін айтты.

        3. C) Айжан ертерек қайту керектігін айтты.

        4. D) Үйіне қайту керектігін Айжан айтты

        5. E) Айжан айтты үйге қайтамын деп.

    1. Тыныс белгілері дұрыс қойылған төл сөзді табыңыз.

        1. A) Ол: «Арман қалыңыз қалай»? – деді.

        2. B) Ол, «Арман, қалыңыз қалай? – деді.

        3. C) Ол: «Арман, қалыңыз қалай?» –деді.

        4. D) Ол: «Арман қалыңыз қалай?» –деді.

        5. E) Ол «–Арман, қалыңыз, қалай?» –деді.

    1. Сұрау есімдігі қатысқан төл сөз төлеу сөзде қандай өзгеріске түседі?

        1. A) Төлеу сөзде сұрау есімдігі түсіп қалады.

        2. B) сөйлем мазмұнына қарай басқа сөз табына ауысады.

        3. C) -ма, -ме шылауға айналады.

        4. D) сұраулық шылауға айналады.

        5. E) сұрау есімдігі сол күйінде сақталады.

    1. Төл сөздің тыныс белгілері қай қатарда дұрыс қойылмаған?

        1. A) – Неге қорқады? – дейсіз ғой.

        2. B) – Көкпардан қалайша болады? – дейсіз ғой.

        3. C) – Жұрт қалай тартады екен, – деді.

        4. D) – Соғымның сирағы кесіле ме? – деді, анау екеуі.

        5. E) – Қап, әттеген-ай! – деді анау екеуінің біреуі.

    1. Төл сөздің баяндауышы етістің бұйрық райынан болса, төлеу сөзде қандай өзгеріске ұшырайды?

        1. A) тұйық етістікке айналып, оған барыс, табыс септік жалғауы, немесе туралы жөнінде, жайында шылаулары мен "керек" сөзінің бірі қосылып айтылады.

        2. B) өзгеріске түспейді.

        3. C) есім сөздерге айналады.

        4. D) есімше жұрнағы жалғанады.

        5. E) жедел өткен шақ жұрнағы жалғанады.

    1. Төл сөздің баяндауышы етістіктің ашық райынан болған жағдайда төлеу сөзде бұл сөз қалай өзгереді?

        1. A) тұйық етістікке айналады.

        2. B) сол қалпына қала береді

        3. C) сол қалпында қалып, одан кейін туралы шылауы жазылады.

        4. D) есімшеге айналып, оған -дық/-дік жұрнағы тәуелдік жалғауы және табыс септігі жалғанады да, толықтауыш болады.

        5. E) «екенін» деген көмекші етістік жалғасады.

    1. Төл сөзде «мен» деп берілген сөз төлеу сөзде қандай өзгеріске түседі?

        1. A) маған B) мені C) өзінің

        2. D) оның E) оған



        3. «Төл сөз. Автор сөзі. Төлеу сөз» тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары:



        4. 1 – D, 2 – B

        5. 3 – E (Әжем үйге кіріп: "Мал өрістен қайтыпты", - деді.)

        6. 4 – B,

        7. 5 – C

        8. 6 – E ("Сен кімсің?"–деді Ахат. /Ахат оның кім екенін сұрады.)

        9. 7 – C (Дұрысы: – Жұрт қалай тартады екен? – деді.

        10. 8 – A (– Үйге бар, – деді Ахат. / Ахат оған үйге бару керектігін айтты.)

        11. 9 – D (– Әкем келді, – деді Ахат. / Ахат әкесінің келгендігін айтты.)

        12. 10 – C (– Мен келмеймін, – деді Ахат. / Ахат өзінің келмейтінін айтты.)

        13. «Салалас құрмалас сөйлем» тақырыбы бойынша

        14. ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

    1. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

      1. Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде, бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады.

      2. Өлең, жыр – қазақтардың жан серігі.

      3. Осылар арасынан шыққан Базаралы болса, ол әрі сымбатты, әрі шешен жүйрік.

      4. Бұл қазақ нені бастан кешпеді, қазақ болғалы.

      5. Байлық пен бақ – сенімді серігің, балаң –артыңда қалған ізің.

    2. Себеп-салдар салаласты белгілеңіз.

      1. Молда маған орын нұсқаған соң, Оразәлі мен оның қасындағы бала араларын аша берді.

      2. Байжекең суырдың інін тереңдетіп қазып көрсе, ар жағы сіресіп жатқан тас көмір екен.

      3. Жел дауылды шақырады, бұлт жауынды шақырады.

      4. Жаманменен дос болсаң, сыртыңнан жүрер өсектеп.

      5. Байқағам жоқ, сондықтан кінәлі емен.

    3. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

      1. Таным-түсініктің дұрыс қалыптасуы – мәдениеттіліктің кепілі.

      2. Ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: әуелі - ел басы , топ басы деген кісілер болады екен, екіншісі – намысқор келеді екен.

      3. Кітап оқудан тыйылған адам ойлаудан да тыйылады.

      4. Ер деп атақ кім берер, алмас семсер асынбай.

      5. Одан әрі олар сөйлескен жоқ: әңгімеге уақытта қалмаған.

    4. Салдар мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан себеп-салдар салалас құрмаласты табыңыз.

      1. Түнде күзетші ұйықтап қалғандықтан, қалың жылқы егіске түсіп кетіпті.

      2. Досын сатқан жандардан жиренемін: Отаныңды ондайлар сата алады.

      3. Көкөзек Ушаковты алдап ұрды: нәлі бар да, бақыры болмай шықты.

      4. Сырт тазасы не керек, тазарт әуелі ішіңді!

      5. Мұқата сөйлеген Шұғылдың сөзін Хакім де естіді, бірақ бұл сөзге ол кек тұтқан жоқ.

    5. Жалғаулығы түсіп қалған қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

        1. A) Жерді жыртқан біледі, малды баққан біледі.

        2. B) Мақсат – біреу, сол себепті оны екіге бөлу – ымырашылдық.

        3. C) Сізден сұрайтынымыз мынау: бізге қамқоршы болыңыз.

        4. D) Ең сенімді су жер астынікі, – оны іздеу керек.

        5. E) Шытырлап тұрған қурай лап етті, қара түтін бұрқ етті.

    1. Тек жалғаулықты болатын салалас құрмаластың түрі қайсы?

        1. A) ыңғайлас B) қарсылықты

        2. C) себеп-салдар D) кезектес

        3. E) түсіндірмелі

    1. Жай сөйлемдеріндегі ойдың тек біреуіндегісі ғана жүзеге асатынын білдіретін салаластың түрі қайсы?

        1. A) ыңғайлас B) қарсылықты

        2. C) себеп-салдар D) кезектес

        3. E) талғаулы

    1. Қай салалас сөйлем екенін табыңыз.

        1. Менің артымнан тағы бір қыз туады, әке-шешем атын Балтуған қояды.

        2. A) Ыңғайлас D) Түсіндірмелі

        3. B) Қарсылықты E) Талғаулы

        4. C) Себеп-салдар

    1. Құрамындағы жай сөйлемдері ешбір жалғаулық шылаусыз, әрдайым ұласпалы интонация арқылы байланысатын салалас түрін табыңыз.

        1. A) Ыңғайлас салалас D) Себеп-салдар салалас

        2. B) Қарсылықты салалас E) Талғаулы салалас

        3. C) Түсіндірмелі салалас

    1. Кезектес салалас құрмалас сөйлемнің сыңарлары қандай жалғаулық шылаулар арқылы байланысады?

        1. A) бірақ, дегенмен, алайда D) жалғаулығы жоқ

        2. B) өйткені, сол үшін, себебі E) кейде, бірде, біресе

        3. C) және, әрі, да

























        4. Салалас құрмалас сөйлем» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

        5. 1 – E 6 – D

        6. 2 – E 7 – E

        7. 3 – B 8 – A

        8. 4 – B 9 – C

        9. 5 – D 10 – E

        10. «Сабақтас құрмалас сөйлем» тақырыбы бойынша

        11. ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

    1. Қайсысы себеп бағыныңқының жасалу жолына жатады?

        1. A) қалау райлы етістік пен "келіп" етістігінің тіркесуі

        2. B) ашық райлы етістік пен "деп" етістігінің тіркесуі

        3. C) шартты райлы етістік пен "деп" етістігінің тіркесуі

        4. D) бұйрық райлы етістік пен "деп" етістігінің тіркесуі

        5. E) тұйық етістік пен «үшін» шылауының тіркесуі

    1. Себеп бағыныңқы сабақтасты белгілеңіз.

        1. A) Аспандағы бұлт сиреп, жұлдыздар көріне бастады.

        2. B) Сөйлесуге тіл жоқ: Есенейден бата алмайды.

        3. C) Аңсаған төлде су тапса, бас қоймай ма бастауға.

        4. D) Мен қорықпаймын, өйткені әжем кеше сұрап алған.

        5. E) Қасқыр енді мұның айғайын елемейтін болған соң, Иса басқа бір тәсілге көшті.

    1. Мақсат бағыныңқы сабақтасты табыңыз.

        1. A) Абайлар Ойқұдықтағы ауылға жете қонбақ болып, атарын шоқыта, сар желіске сала жөнелді.

        2. B) Еңбексіз ауырса емі табылмайды.

        3. C) Ғылым өзін-өзі сызғылай отырып, толассыз ілгері жылжи береді.

        4. D) Өткенге топырақ шашсақ, болашақ саған тас атады.

        5. E) Көз – ақылдың, ақыл – ұжданның, ұждан – рухтың бақылау тетігі екенін біл.

    1. Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың сұрауларын табыңыз.

        1. A) Қайтпейінше? Не етпейінше?

        2. B) Кашаннан бері? Кайтіп?

        3. C) Не етпек болып? Қалай?

        4. D) Қайтсе де? Қайткенмен?

        5. E) Қайтсе? Не еткенде?

    1. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтасты белгілеңіз.

        1. A) Игіліктен қанша жасқанса да, бүгін тәуекел етіп жолығуға келе жатыр еді.

        2. B) Біз үйден шыққанда, күн де сәскелікке жақындап еді.

        3. C) Құс жоғары-төмен ұшып, бір қанатын сабалап қаша берді.

        4. D) Жасында жаттықтыра алмасаң, өскенде бастықтыра алмайсың.

        5. E) Біреу зәбір етсе, сен сабыр ет.

    1. Сабақтас құрмаластағы бағыныңқы сөйлемнің орын тәртібін анықтаңыз.

        1. Өзі, сол қағаз келгелі, қынжылып жүрген.

        2. A) Басыңқы сөйлемнің алдында.

        3. B) Басыңқы сөйлемнен кейін.

        4. C) Басыңқы сөйлемнің ортасында.

        5. D) Басыңқы сөйлемнің екі жағында.

        6. E) Басыңқы сөйлем алдында да, кейін де.

    1. Сабақтастың қай түрі?

        1. Елімнің қайғысына мың да бір дауа осы болар деп, Сырдың суына төсегін төсеп тартып тұрады.

        2. А) Мақсат бағыныңқы құрмалас

        3. В) Мезгіл бағыныңқы құрмалас

        4. С) Қимыл-сын бағыныңқы құрмалас

        5. D) Шартты бағыныңқы құрмалас

        6. Е) Себеп бағыныңқы құрмалас

    1. Олар келсе, сабақ аяқталыпты. – қандай сөйлем?

        1. A) Шартты бағыныңқы D) Мезгіл бағыныңқы

        2. B) Қарсылықты бағыныңқы E) Мақсат бағыныңқы

        3. C) Себеп бағыныңқы

    1. Шартты райды жұрнағы қай сөйлемнің жасалу жолына қатыспайды?

        1. A) Шартты бағыныңқы D) Мезгіл бағыныңқы

        2. B) Қарсылықты бағыныңқы E) Мақсат бағыныңқы

        3. C) Себеп бағыныңқы

    1. Төмендегі құрмалас сөйлемнің түрін табыңыз.

        1. Ол оянса, терезе жабық тұр екен.

        2. A) Шартты бағыныңқы D) Мезгіл бағыныңқы

        3. B) Қарсылықты бағыныңқы E) Мақсат бағыныңқы

        4. C) Себеп бағыныңқы



        5. «Сабақтас құрмалас сөйлем» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:



        6. 1 – B

        7. 2 – E

        8. 3 – A

        9. 4 – D

        10. 5 – C

        11. 6 – C

        12. 7 – E

        13. 8 – D

        14. 9 – C

        15. 10 – D



        16. «Құрмалас сөйлемнің көп құрамды түрлері» тақырыбы бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

    1. Көп құрамды салалас құрмаласты табыңыз.

        1. A) Көктем келді, күн жылынды, бірақ егістік басталған жоқ.

        2. B) Қар жауса, боран тұрса, бұл өңірде тұру мүмкін емес.

        3. C) Үйге келіп, қағазын іздеп еді, – табылмады.

        4. D) Сабақ аяқталып, демалыс басталса, олар ауылға кетеді.

        5. E) Қиын болса да, бараға жері болмаған соң, келісті.

    1. Қай сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер салаласа байланысады?

        1. A) Жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас

        2. B) Аралас құрмалас сөйлем

        3. C) Сатылы көп бағыныңқы

        4. D) Әр алуан жарыспалы

        5. E) Көп құрамды салалас құрмалас

    1. «Бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы» схемасына сәйкес келетін аралас құрмалас сөйлемді табыңыз.

        1. А) Жолдан бұрыстау болғанмен,егер сен қарсы болмасаң, соға кетуді ойлап келемін.

        2. В) Қыстың қысқа күні түс шағына жеткенде, барлық жылқышы түсіріліп, ат атаулы алынып, Абылғазының айтқаны түгелдей орындалып болған-ды.

        3. С) Ақбоз алдыңғы екі аяғын ербитіп, көзі шатынап тұра бергенде, Шолақ құлағын төмен қарай тұқырта басып қалып еді, ат етпетінен түсті.

        4. D) Жиын есіне түскенде, бетінен оты шықса да, мұғалімнің сөзіне көнбесіне Бектайдың шарасы болмады.

        5. Е) Денесі әлсіреп, сүлдері құрығандай болып, зорға келіп арбаға мінді.

    1. Көп басыңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз.

        1. A) Қоңырау соғылса, балалар қақтығысып, далаға шығады.

        2. B) Жаз келгенде, балыққа барамыз, тауға шығамыз.

        3. C) Күн шықты, таң атты, бірақ далада ешкім жоқ.

        4. D) Біреуден қрықты ма, асықты ма, қашып барады.

        5. E) Жел де, жаңбыр да тоқтаған, далаға шықсақ болады.

    1. Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

        1. A) Ербол ғана сүйеп қалып, зорға дегенде буынын бекітті, бірақ сонда да өзін-өзі аңғарып жүрген жоқ.

        2. B) Қысқы үкідей аппақ болып, ұзақ күндер ұзақ жортып, көбінесе үнсіз жортып, Омбы қаласына бүгін іңір қараңғысында келіп кірді.

        3. C) Сиырда аунамақ жоқ, жылқыда күйсемек жоқ, тамда белдеу жоқ, таста тамыр жоқ, суда қаймақ жоқ.

        4. D) Қуаты – ақындық, үміті – халық.

        5. E) Осы өткен қыс бойында кітап соңында көп отырған Абай үй ішіне, Ербол мен Баймағанбетке, кішкене молдаға және әңгіме тыңдауға жараған балалары: Әбдірахман, Күлбадан, Мағаштарға өзі оқыған кейбір романдарын да қызықты хикая етіп айтып беріп отрамын.

    1. Сатылы көп бағыныңқылы сабақтасты табыңыз.

        1. A) Егер бұл тулап, бойды үркітіп жүргенде, Ұлжан көріп қойса, жаман болады.

        2. B) Ереуіл атқа ер салмай, егеулі найза қолға алмай, ерлердің ісі бітер ме?

        3. C) Қыс түсті, қара аттың тізесінен суырынды бұрқыратып, шілденің тозаңындай аспанға шығады.

        4. D) Тәуелсіздікті анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле.

        5. E) Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім.

    1. Қай сөйлемнің бағыныңқы сөйлемдері басыңқы сөйлемімен тікелей байланысады?

        1. A) Жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем

        2. B) Аралас құрмалас сөйлем

        3. C) Сатылы көп бағыныңқы сабақтас сөйлем

        4. D) Көп басыңқылы сабақтас сөйлем

        5. E) Көп құрамды салалас құрмалас сөйлем

    1. Төмендегі аралас құрмалас сөйлемнің схемасын табыңыз.

        1. Шөптің бойы биік болады да, қашқан қоян мен түлкі болса, шөптер көрсетпейді, аңдар қалай қарай көшкеніне биік шөптің бойынан орғып шапқан иттің жобасынан ғана байқаймыз.

        2. A) басыңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы

        3. В) басыңқы, бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы

        4. С) бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы

        5. D) бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы

        6. Е) басыңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы

    1. Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз.

        1. A) Көл бетіндегі сырғанақшыларға бармақ болып, Асқар үйден шыққан соң, Айбала шай қоюға кірісті.

        2. B) Мен барар ем, сабалаған қымызым, жетектеген сойыстығым болса.

        3. C) Түсі сұрланып, екі танауы желбірей түсіп, тентек көздері жиреніш отын шашып тұр.

        4. D) Ертеңінде тұрсақ, жел басылып, бұлт ашылып, маужыраған бір әдемі күн басталыпты.

        5. E) Жабай шығып кетпегенде, Игілік жігіттерді сөзге айналдырып бөгей тұрмақ еді, ойы жүзеге аспады.



    1. Жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтастың қай түрі екенін анықтаңыз.

        1. Тау басына бүркітін алып Тұрғанбай жеткенше, Баймағамбет қорым тасты қағуға кіріспей, Қарашолақтың тамағасы тартылғанын тосып тұр екен.

        2. A) Сатылы көп бағыныңқы D) Бірыңғай жарыспалы

        3. B) Әр алуан жарыспалы E) Шартты бағыныңқы

        4. C) Қарсылықты бағыныңқы



        5. «Құрмалас сөйлемнің көп құрамды түрлері» тақырыбы бойынша тест сұрақтарының жауаптары:



        6. 1 – A

        7. 2 – E

        8. 3 – C

        9. 4 – B

        10. 5 – B

        11. 6 – A

        12. 7 – A

        13. 8 – E

        14. 9 – E

        15. 10 – B



        16. «Тыныс белгілері-1» тақырыбы бойынша

        17. ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

    1. Жақша ішінде нүкте қойылу себебін анықтаңыз.

        1. A) Жай сөйлемнен кейін.

        2. B) Автор түсінігі ретінде айтылған ремаркадан кейін.

        3. С) Хабарлы сөйлемнен кейін.

        4. D) Драмалық шығармада кейіпкер атынан соң.

        5. Е) Бұйрықты сөйлем соңында.

    1. Жалпылауыш сөзге қатысты тыныс белгіні табыңыз.

        1. А) Жанат орын ұсынып еді,- отырған жоқ.

        2. В) Балалар, аманбысың шырақтарым.

        3. С) Ата қоныс – ата мекен.

        4. D) Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

        5. Е) Ол ол ма, одан да бетері бар.

    1. Қос нүкте қойылмайтын жерді көрсетіңіз.

        1. А) Салдар мәнді сөйлемнен кейін.

        2. В) Автор сөзінен кейін.

        3. С) Бірыңғай мүшелердің арасына.

        4. D) Жалпылауыш сөзден соң.

        5. Е) Түсіндірмелі салаласта.

    1. Көп нүкте қойылатын жерді табыңыз.

        1. А) хабарлы сөйлемнен кейін.

        2. В) Ойға тосын, өте алшақ нәрсе қосылса.

        3. С) Төл сөзден кейін.

        4. D) Белгілі бір сөздің орынсыз айтылғанына таңырқау мәніндегі сөзден соң.

        5. Е) Сан, уақыт ,кеңістік мөлшерінің аралық шегін көрсету үшін сөзаралығында.

    1. Көп нүкте қай сөзден кейін қойылатынын анықтаңыз.

        1. Еліңнің анық көшін бастайын жолың даңғыл болсын да.

        2. А) Сөйлем алдынан D)“Еліңнің” сөзінен кейін

        3. В) “Бастайтын” сөзінен кейін Е) сөйлем соңында

        4. С) “Жолың” сөзінен кейін

    1. Үтірдің қойылу себебін анықтаңыз.

        1. Сәкен, таң жарқырап атып келе жатқандай, шаттана ұмтылмақ.

        2. A) Бағыныңқы сөйлемнің екі жағына

        3. B) Қаратпа сөзден кейін

        4. C) Бірыңғай мүшелер арасында

        5. D) Оңашаланған айқындауыштың екі жағына

        6. E) Қыстырма сөздің алдына

    1. Қай мысалда үтір қойылуы қажет?

        1. А) Аса тілеулес ағасы Абай оның алдынан шықпайды және ешкімге бетін де қақтырмайды.

        2. В) Сабырлы Олжабектің сасқаны сонша орнынан атып тұрды.

        3. С) Кенжебек Асқардың шақыруымен келіп отыр.

        4. D) Әр адамның бағасына бір ғана өлшеуіш бар ол – өнімді адал еңбек.

        5. Е) Біресе бір адым озып кетеді біресе кейін қалып қояды.

    1. Жетпей тұрған тыныс белгісін табыңыз.

        1. Халық ауыз әдебиетінің негізгі түрлері:

        2. а) тұрмыс-салт жырлары

        3. ә) мақал-мәтелдер, жұмбақтар

        4. А) Үтір D) Тырнақша

        5. В) Қос нүкте Е) Жақша

        6. С) Нүктелі үтір

    1. Қысқартылған түрінде қандай тыныс белгісі жетпей тұрғанын көрсетіңіз.

        1. Ахмет Байтұрсынов (А Байт)

        2. А)тырнақша В)жақша С)үтір D)сызықша Е)нүкте

    1. Қай қатарда нүкте қойылмайды?

        1. А) т.б. , т.с.с. D) Ғ.М. , Ғ. Мұст.

        2. В) Б.Ұ.Ұ. , м. , v. Е) “Қ.Ә.”, “П.”

        3. С) ж. , сағ. , мин.



        4. «Тыныс белгілері-1» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:



        5. 1 – B (Нұрлан. (Ойланып тұрып.) Енді не істейміз?)

        6. 2 – D

        7. 3 – C

        8. 4 – B

        9. 5 – B (Еліңнің анық көшін бастайын... Жолың даңғыл болсын да.)

        10. 6 – A

        11. 7 – E (Біресе бір адым озып кетеді, біресе кейін қалып қояды.)

        12. 8 – C а) тұрмыс-салт жырлары;

        13. ә) мақал-мәтелдер, жұмбақтар;

        14. 9 – E (А. Байт.)

        15. 10 – B (БҰҰ , м , v)



        16. «Тыныс белгілері-2» тақырыбы бойынша

        17. ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

    1. Сызықша қойылатын жерді көрсетіңіз.

        1. А) Бірыңғай мүшелердің арасына қойылады.

        2. В) Одағайдың екі жағынан қойылады.

        3. С) Ой тәртібін білдіретін қыстырма сөзден кейін қойылады.

        4. D) Сан, уақыт, кеңестік мөлшерінің аралық шегін көрсету үшін қойылады.

        5. Е) Кезектес салалас құрамындағы жай сөйлемдері арасына қойылады.

    1. Сұрау, леп белгілері қандай жағдайда жақшаға алынады?

    1. Ұранды сөйлемдерден соң.

    2. Талас, күдікті мәселе екендігін көрсетіп, оқушы назарын аудару үшін.

    3. Дәйексөздің авторын, шығарманың атын көрсеткен кезде.

    4. Келтірілген мысалды санамалап көрсеткен жағдайда.

    5. Драмалық шығармалардағы автор түсіндірмелері.

    1. Астарлы кекесін мәніндегі сөзге байланысты қойылған тырнақшаны табыңыз.

        1. А) Сұлтанмұрат пен Қадиша кезектесіп айтып,бір кезде “Екі жиренге” қосылып кетті.

        2. В) Арсыздыққа ауыздандыратындар - “абыройлы” ағайлар.

        3. С) “Ынтымақ түбі – береке” деген мақалды білемісің?

        4. D) Ол маған осы “Терек пен қызыл гүлді” айтып берді.

        5. Е) Жұрт елеңдеп, “бұл кім болды екен кешігіп жеткен”, “мықтылардың бірі ғой, тегі” десіп, жігітке қарасты.



    1. Қай сөз жақшаға алынатынын анықтаңыз.

        1. Ербол. Қуанып тұрып. Жолдастар, біз жеңеміз.

        2. A) Ербол B) Жолдастар C) Біз

        3. D) Қуанып тұрып E) Жеңеміз

    1. Жақша неліктен қойылғанын анықтаңыз.

        1. Махмұт (әкем) – 1870-1941 жж өмір сүрген.

    1. Белгілі бір сөздің мағынасын түсіндіргендіктен.

    2. Бірыңғай мүшелер.

    3. Оңашаланған айындауышқа қатысты.

    4. Цитатаның авторы кім екендігі көрсетілген.

    5. Авторлық ремарка болғандықтан.

    1. Сұраулы сөйлем көңіл-күйімен байланысты айтылса қойылатын тыныс белгісін табыңыз.

        1. А) Сұрау, леп белгісі D) Қос нүкте, сызықша

        2. В) Нүкте, көп нүкте Е) Дефис, тырнақша

        3. С) Үтір, сызықша

    1. Қай жерге тыныс белгілері қабаттаса қойылады?

        1. А) Сөйлем ортасында D) Автор сөзінен кейін

        2. В) Сөйлем басында Е) Қаратпа сөздің екі жағына

        3. С) Сөйлем соңында

    1. Қай жағдайда бастауыштан кейін сызықша қойылмайды?

        1. А) Бастауыш(Зат есім)―Баяндауыш(Зат есім)

        2. В) Бастауыш(3-жақ жіктеу есімдігі)―Баяндауыш(Зат есім)

        3. С) Бастауыш(Зат есім)―Баяндауыш(Сын есім)

        4. D) Бастауыш(Тұйық етістік)―Баяндауыш(Зат есім)

        5. Е) Бастауыш(Сан есім)―Баяндауыш(Сан есім)





    1. Берілген сөйлемде нүктелі үтір не үшін қойылған?

        1. Қазақ тілінің негізі болған көне түркі жазба нұсқаларын мынадай кезеңдерге бөліп қарауға болады:

    1. Көне түркі және Орхон-Енесей-Талас кезеңі;

    2. Қараханид кезеңі;

    3. Орта ғасырлық кезең;



        1. А) Санамаланып айтылған, мағынасы ыңғайлас сөйлемдердің арасына

        2. В) Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем болғаны үшін

        3. С) Төл сөз бен автор сөзі болғаны үшін

        4. D) Оңашаланған айқындауыш

        5. Е) Ой аяқталған соң

    1. Жақша қашан қойылады?

        1. А) Жақша сөйлем ішіндегі белгілі бір сөздің мағынасын немесе ойға қатысты басқа бір ойды жол-жөнекей түсіндірген жағдайда қойылады.

        2. В) Белгілі бір цитатаның кімнен алынғандығын білдіру үшін, соңына оның аты жақшаға алынып жазылады.

        3. С) Қосарлы айқындауыш жақшаға алынады.

        4. D) Кейде сөйлемдегі белгілі бір сөздің мәні оқушыға түсініксіз, талас, күдікті болса, сол сөзден не сөйлемнен кейін қойылатын сұрау, леп белгілері жақшаға алынады.

        5. Е) Драмалық шығармалардағы автор түсіндірмелері жақшаға алынады.



        6. «Тыныс белгілері-2» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:



        7. 1 – D (Алматы – Астана пойызы)

        8. 2 – B (Олар кешеден бері Асанбайдың ырғалын (?) көтеріп келеді.)

        9. 3 – B

        10. 4 – D ( Ербол. (Қуанып тұрып.) Жолдастар, біз жеңеміз.)

        11. 5 – A

        12. 6 – A

        13. 7 – D

        14. 8 – C (Дала жарық.)

        15. 9 – A

        16. 10 – A




        17. ҚАЗАҚ ТІЛІ


        18. Талапкерге арналған оқулық-тест





        19. Авторы:

        20. Қанат Ибрагимов





        21. Редакторы:

        22. Айнұр Ахметбекова





        23. Компьютерге беттеген:

        24. Бекболат Алтынбекұлы

  • 1 Ә.Болғанбайұлы, С.Бизақов. Синонимдер сөздігі, - Алматы, 2001.


    2 А.Ысқақов, Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Мектеп баспасы, Алм., 1974. 140-бет

    3 Сын есім өзінің сындық мағынасын сақтап, оның үстіне заттық мағынаға да ие бола алады және сөйлемде зат есім қызметін атқарады. Оны сын есімнің заттануы. (субстантивтенуі) дейді. Мысалы: Күштімен(кіммен?) алыспа, үлкенді(кімді?) сыйла. Білімді (кім?) мыңды жығады.

    4 Сан есімнің заттануы деп (субстантивтенуі) заттық мағынаға ие болуын және сөйлемде зат есімнің қызметін атқаруын айтады. Мысалы: Алтау (кім?) ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу (кім?) түгел болса төбедегі түседі.


    5 Да, , әрі, я, яки, немесе, әлде бірыңғай мүшелердің арасында қайталанбай тұрса, үтір қойылмайды.




    Достарыңызбен бөлісу:
    1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет