Қадірлі талапкер!


«Есімше», «Көсемше» тақырыптары бойынша



бет26/27
Дата14.11.2019
өлшемі405,66 Kb.
#51787
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
KAZAK TILI ереже


«Есімше», «Көсемше» тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

  • 1 – C, 2 – B

  • 3 – A, 4 – A (қалғандары сөз тіркесі емес)

  • 5 – B, 6 – C

  • 7 – D, 8 – B (отырмаспын – отырман)

  • 9 – C, 10 – B (сөйлей-сөйлей – қалай?)

  • «Етістіктің шақтары» тақырыбы бойынша

  • ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

    1. Қай сөйлем сөйлеп тұрған уақытқа дейін әрдайым болып тұрған іс-әрекетті білдіріп тұр?

        1. A) Біз жазда өзенге шомылуға баратынбыз.

        2. B) Мен сабаққа дайындалдым.

        3. C) Олар ертең балық аулауға бармақшы.

        4. D) Ол үйде жалғыз отыр.

        5. Е) Ол ертең келеді.

    1. Баяндауышы мақсатты келер шақ тұлғасындағы етістіктен жасалған сөйлемді көрсетіңіз.

    1. Ертең ол да Қарқаралыға жүрмек.

    2. Түн ортасында аттарды жемдеп алармыз.

    3. Кешке алтыбақан құрамыз.

    4. Олардың ақылдылығына, білімділігіне піріндей сенеді.

    5. Көрмес – түйені де көрмес.

    1. Сөйлеп тұрған кезде болып жатқан іс-әрекетті табыңыз.

        1. А) Марат маған айтып тұрды.

        2. В) Олар сенің кітабыңды кеше сыныпта алып жүрген.

        3. С) Ол екі бұрын қалаға бара жатқан.

        4. D) Салтанат сабақ түсіндіріп тұр.

        5. Е) Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ.

    1. Баяндауышы ауыспалы келер шақ тұлғасындағы етістіктен жасалған сөйлемді көрсетіңіз.

        1. A) Ертең ол да Қарқаралыға жүрмек.

        2. B) Түн ортасында аттарды жемдеп алармыз.

        3. C) Кешке алтыбақан құрамыз.

        4. D) Олардың ақылдығына, білімділігіне піріндей сенеді.

        5. E) Атасы бәрін түсінетін.

    1. Күрделі нақ осы шақты табыңыз.

        1. А) айтып тұрды D) оқымай жүр

        2. В) алып жүрген Е) сурет салып отырмақшы

        3. С) бара жатыр еді

    1. Етістіктің болжалды келер шақ түрін табыңыз.

        1. А) сөйледі В) сөйлеген С) сөйлер

        2. D) сөйлейді Е) сөйлеп отыр

    1. Етістіктің жедел өткен шақ шағын көрсетіңіз.

        1. A) жеткізер B) жеткізген C) жеткізетін

        2. D) жеткізеді E) жеткізді

    1. Ауыспалы өткен шақ тұлғасындағы сөзді табыңыз.

        1. A) қадірледі B) қадірлейтін C) қадірлеген емес

        2. D) қадірлейді E) қадірлепті

    1. Қалып етістігін табыңыз.

        1. А) жүр В) е С) ет

        2. D) де Е) кел

    1. Бұрынғы өткен шақта тұрған сөзді көрсетіңіз.

        1. A) танысқан екен B) танысты C) танып тұрмын

        2. D) таниды E) танитынмын



        3. «Етістіктің шақтары» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

        4. 1 – A 2 – A

        5. 3 – D 4 – C

        6. 5 – D 6 – C

        7. 7 – E 8 – B

        8. 9 – A 10 – A

        9. «Етістіктің райлары» тақырыбы бойынша

        10. ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

    1. Шартты райлы етістікті табыңыз.

        1. A) Бір көрсем, арманым болмас еді.

        2. B) Содан кейін мені бір сына.

        3. C) Өзің білесің, біз момақан шаруамыз.

        4. D) Теңді шештірме, үйге де әбігер болма.

        5. E) Тамақ жегім келмей тұрғаны.

    1. Қай сөйлемде бұйрық рай қолданылып тұр?

        1. A) Оның қазақ тілін үйренгісі келеді.

        2. B) Осы сұрақтың жауабын түсіндіріңіздер.

        3. C) Менің дәптерімді табыңдар.

        4. D) Олар үйге ертерек жетсін.

        5. E) Күн жылы болса, тауға шығамыз.

    1. Шартты райлы етістікті табыңыз.

        1. A) Бір түрлі ұйықтағым келіп тұрғаны.

        2. B) Үйге тезірек келсейші.

        3. C) Осы сұраққа жауап берсеңіз екен.

        4. D) Қазір демалыс болса ғой!

        5. E) Жазсам, бітіріп тастаймын.

    1. Қалау райды табыңыз.

        1. A) Тез жазып бітір.

        2. B) Бүгін бізге келерсің.

        3. C) Үйге ертерек барса игі еді.

        4. D) Жазса, тез бітіреді.

        5. E) Оған айт, үйге тез жетсін.

    1. Бұйрық райдың III жағын табыңыз.

        1. A) табыңдар B) түсініңіздер C) үйренгісі келеді

        2. D) жетсін E) ұнатты

    1. Үш шақтың бірінде қолданылып, сөйлеушінің шындыққа қатысты баяндауы райдың қай түріне тән?

        1. A) шартты рай B) ашық рай C) ешбірі

        2. D) қалау рай E) бұйрық рай

    1. Қалау райлы етістікті табыңыз.

        1. A) толқыса B) алса игі еді C) оқысаңыз

        2. D) айтсаңшы E) көрген

    1. Қалау райдың қосымша жасалу жолын көрсетіңіз.

        1. A) -ғай, -қай B) -мақ, -бақ C) -са, -се

        2. D) -сын, -сін E) -ған, -қан

    1. Шартты райды табыңыз.

        1. A) Қазір әкем келсе ғой! D) Келгісі келсе, келсін.

        2. B) Бүгін үйге келсеңізші. E) Қап, сонда айтсамшы.

        3. C) Тезірек жазып болсай.

    1. Қалау, ниет сияқты ойды білдіретін бұйрық райды табыңыз.

        1. A) Тезірек болсайшы! D) Түсте асханаға барайын.

        2. B) Кел, балалар, оқылық! E) Маған көмектесіңізші.

        3. C) Айтып болдыңыз ба?



        4. «Етістіктің райлары» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:



        5. 1 – A 2 – C 3 – E 4 – C

        6. 5 – D 6 – B 7 – B 8 – A

        7. 9 – D 10 – D



        8. «Етіс», «Тұйық етістік» тақырыптары бойынша

        9. ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

    1. Қай етістің жұрнағы салт етістікті сабақтыға айналдырады?

        1. А) өзгелік В) өздік С) ырықсыз

        2. D) ортақ Е) ешбірі

        1. Бірыңғай етіс жұрнақтарын табыңыз.

        1. А) -ар, -ып, -ыр В) -т, -с, -л С) -а, -е, -й

        2. D) -ғыз, -ған, -ғалы Е) -р, -с, -п

        1. Қай етісте іс-қимыл өздігінен орындалғандай болады?

        1. А) ортақ В) өздік С) өзгелік

        2. D) ырықсыз Е) ешбірі

        1. Өзгелік етістің жұрнағын табыңыз.

        1. A) -ын, -ін, -н B) -ыл, -іл, -л C) -ыс, -іс, -с

        2. D) -дыр, ­­­­-гіз, -т E) -ған, -ар, -с

        1. Емлеге сай жазылған тұйық етістікті табыңыз.

        1. A) Тасыу B) Кепу C) Жуу

        2. D) Жайу E) Суыу

        1. Дұрыс жазылған етістікті табыңыз.

        1. А) жуыу В) байыу С) кею

        2. D) сыйу Е) төку

        1. Ырықсыз етіс қатысқан сөйлемді табыңыз.

        1. A) Алғысын жаудырды.

        2. B) Қасиетті туған жерді көркейт.

        3. C) Дұрыс қанаттанған түзу ұшар.

        4. D) Жиналыс өткізілді.

        5. E) Тайынбаған тауды жығады.

        1. Қимылдың атын білдіретін, шақпен, жақпен байланысты болмайтын етістіктің тұлғасын көрсетіңіз.

        1. A) Тұйық етістік D) Көмекші етістік

        2. B) Сабақты етістік E) Болымды етістік

        3. C) Құранды етістік

        1. Етіс нені білдіреді?

        1. A) Сөйлеп тұрған сәтке қатысты қимылдың өту кезеңін білдіреді.

        2. B) Іс-әрекеттің орындаушыға, қимыл иесіне қатысын айқындайды.

        3. C) Сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа қатысын білдіреді.

        4. D) Шақпен, жақпен баланысты болмай, қимыл іс-әрекеттің атын білдіреді.

        5. E) Әрі есім, әрі етістік мәнінде жұмсалатын етістіктің ерекше түрі.

        1. Бастауыш қызметіндегі тұйық етістікті табыңыз.

        1. А) Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет.

        2. В) Арақты сатпау керек.

        3. С) Темекі шегу денсаулыққа зиян.

        4. D) Нанды жерге тастауға болмайды.

        5. Е) Сауысқанның тамағы шоқуменен табылған.



        6. «Етіс», «Тұйық етістік» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

        7. 1 – A 2 – B 3 – D 4 – D

        8. 5 – C 6 – C 7 – D 8 – A

        9. 9 – B 10 – C

        10. «Үстеу» тақырыбы бойынша

        11. ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

    1. Күрделі үстеуді көрсетіңіз.

        1. A) Бүгін келдім D) Балаша сайрады

        2. B) Кеше бардым E) Шикілей әкелді

        3. C) Әрең көтердім

    1. Мезгіл үстеуін көрсетіңіз.

        1. A) Өте үлкен екен D) Қыруар жұмыс істедік

        2. B) Ілгері жүрді E) Бүрсігүні аттанды

        3. C) Әрең ұйықтады

    1. Мекен үстеуін көрсетіңіз.

        1. А) Алға қадам басты D) Амалсыздан үйіне жүрді

        2. B) Әрең- әрең бара жатты E) Қолма- қол тапсырды

        3. C) Қасақана істеген

    1. Мақсат үстеуін табыңыз.

        1. А) Әлгінде, емін- еркін D) Тысқары, мұнда

        2. B) Орасан, әжептәуір E) Амалсыздан, бе

        3. C) Жорта, әдейі

    1. «Тым, ең, кілең» үстеулері үстеудің қай түріне жатады?

        1. А) Мекен үстеуі D) Мақсат үстеуі

        2. B) Мезгіл үстеуі E) Себеп- салдар үстеуі

        3. C) Күшейткіш үстеуі

    1. Септік жалғауларының түбірге сіңісіп, көнеленуі арқылы жасалған туынды үстеулерді табыңыз.

        1. А) Сұңқардайын, осылай D) Жаздыгүні, күн ұзаққа

        2. B) Биыл, соншалық E) Қапыда, текке

        3. C) Әрең-әрең, қыстай

    1. Пысықтауыш қызметін атқарып тұрған сын-қимыл үстеуін табыңыз.

        1. A) Поездан әдейі түсіп қалдым.

        2. B) Күндіз де, түнде ол Барластың қасынан шықпайды.

        3. C) Соншама қандай қуаныш?!

        4. D) Жоғарыдан бетіме бірдеме тарс ете түсті.

        5. E) Ыза кернеп зорға тұрмын.

    1. «Қалай қарай?» сұрағы қай үстеуге тән?

        1. А) мақсат B) мезгіл C) мекен

        2. D) қимыл - сын E) мөлшер

    1. Туынды үстеудің жұрнағын табыңыз.

        1. А) -дай B) -даған C) -ың

        2. D) -ғыр E) -дық

    1. Мөлшер үстеуінің сұрағын көрсетіңіз.

        1. А) Қашаннан? B) Қаншама? C) Қайдан?

        2. D) Кімше? E) Қандай?



        3. «Үстеу» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:



        4. 1 – A (бүгін – бұл+күн)

        5. 2 – D (Бүрсігүні – қашан?)

        6. 3 – A (Алға – қайда?)

        7. 4 – C 5 – C 6 – E 7 – E (зорға – қалай?)

        8. 8 – C 9 – A (бала-дай – қалай?)

        9. 10 – B

        10. «Еліктеу сөз», «Одағай» тақырыптары бойынша

        11. ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

    1. Одағайға тән ерекшелікті табыңыз.

    1. Басқа сөздермен байланысқа түспейді.

    2. Сөз бен сөзді байланыстырады.

    3. Қимыл, іс әрекеттің белгісін білдіреді.

    4. Заттардың қозғалысын, күйін көру арқылы бейнелейді.

    5. Өзінен бұрын тұрған сөзді айқындайды, дәлелдейді.

    1. Күрделі еліктеу сөз қатысқан сөйлемді табыңыз.

        1. A) – Сауға, – деді саңқ етіп.

        2. B) Қараторғай көк аспанды матадай дар еткізіп, қақ айырғандай құлдилады.

        3. C) Тар бөлменің іші бұрқ етіп, шаң-тозаңға толып кетті.

        4. D) Шаңқ еткен мылтық түтінінің ішінде Ұрқия да, қабан да көрінбей кетті.

        5. E) Сайдағы ауыл жақтан көп иттің арс-ұрс, шәу-шәу етіп үргені естіледі.

    1. Баяндауыш қызметін атқарып тұрған еліктеуішті табыңыз.

        1. А) Үрінді қарды борт-борт басысып қос аттылы Бүркітті бауырын өрлеген.

        2. В) Сейіт күтпеген сөзге селк етті.

        3. С) Су түбінде малта тастар жылтырап, су сылдыр-сылдыр етеді.

        4. D) Алаң да алаң, алаң жұрт, ақала ордам қонған жұрт.

        5. Е) Аулада асық ойнаған балалардан басқа селт еткен жан жоқ.

    1. Шақыру одағайын табыңыз.

        1. А) Ойпырай. В) Түу С) Шөре-шөре

        2. D) Беу Е) Тәйт

    1. Көңіл-күй одағайын табыңыз.

        1. А) Тек В) Мәссаған С) Құрау-құрау

        2. D) Айт Е) Қош-қош

    1. Еліктеу сөздің қандай қызмет атқарып тұрғанын анықтаңыз.

        1. Қашан үйге жеткенше, артына жалтақ-жалтақ қарайды.

        2. А) Баяндауыш В) Толықтауыш С) Анықтауыш

        3. D) Бастауыш Е) Пысықтауыш

    1. Бейнелеуіш сөзді табыңыз.

        1. А) Тарс B) Сыңғыр C) Жалт-жұлт

        2. D) Арс-арс E) Шаңқ

    1. Өкіну мәнін білдіретін одағай қайсысы?

        1. A) Уау B) Әйда C) моһ - моһ

        2. D) Әттең E) Қане

    1. Туынды еліктеу сөз жасайтын жұрнақтарды табыңыз.

        1. A) -ын, -ін, -н, -ыл, -іл D) -ғы, -гі, -қы, -кі, -к

        2. B) -аң, -ең, -ың, -ің, -ң E) -ыра, -іре, -ғыр, -гір

        3. C) -ыс, -іс, -с, -ым, -м

    1. Жекіру одағайын белгілеңіз.

        1. А)Көс В)Шіркін-ай С) Уһ D) Пәлі Е) Жә



        2. «Еліктеу сөз», «Одағай» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

        3. 1 – A 2 – E (арс-ұрс, шәу-шәу)

        4. 3 – B 4 – C ("Шөре-шөре" деп ешкі малын шақырады)

        5. 5 – B 6 – E (жалтақ-жалтақ – қалай?)

        6. 7 – C 8 – D 9 – B 10 – E

        7. «Шылау» тақырыбы бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

    1. Қай сөзде «-ды» нақтылау мәнді демеулік шылау болып тұр?

        1. A) Қараған (ды) жер D) Әуелі қатты қысыл (ды)

        2. B) Ол көргенін айтқан (ды) E) Бар (ды) бағалай біл

        3. C) Бала қаз (ды) қуды

    1. «Оның кітабы соғыс туралы ма екен?» - Сөйлемінде қандай шылаулар қатысқан?

        1. А) жалғаулық-демеулік D) демеулік-септеулік

        2. B) септеулік-демеулік E) септеулік-жалғаулық

        3. C) жалғаулық-септеулік

    1. Нақтылау мәнді демеуліктерді табыңыз.

        1. A) ма, ме, ба, ше D) түгіл, тұрсын, тұрмақ

        2. B) -ақ, -ау, -ай, да E) ғана, -мыс,-міс

        3. C) -ды, -ді, ғой, қой

    1. Бірыңғай септеулік шылаулар қатарын көрсетіңіз.

        1. А) әрі, бері, гөрі D) мен, бен, пен

        2. B) не, я, да E) қой, ғана, ше

        3. C) -ды, -мыс, -ау

    1. Шылауға тән емес ерекшелікті табыңыз.

        1. A) Толық лексикалық мағынасы болмайды.

        2. B) Түрленбейді.

        3. C) Адамның әр түрлі көңіл-күйін білдіреді.

        4. D) Сөйлем мүшесі бола алмайды.

        5. E) Сөзді байланыстырады, не сөзге қосымша мән үстейді.

    1. Күшейткіш демеулікті табыңыз.

        1. A) Оның сөзінен өкініш те, ыза да сезіледі.

        2. B) Біз де естіп, қуанып жатырмыз.

        3. C) Жайдақ суды ит те, құс та жалайды.

        4. D) Айып менде екені рас.

        5. E) Екі-үш күнде әзер жеттік.

    1. Шектеу демеулігін табыңыз.

        1. А) Бұрын бір шал болыпты-мыс.

        2. B) Ол үйіне ерте келген-ді.

        3. C) Қоңырау соғылып қалса ше?

        4. D) Ол түгіл мені таныған жоқ.

        5. E) Мен-ақ сабаққа бармадым.

    1. Ыңғайластық жалғаулықты табыңыз.

        1. А) Бұдан әрі оның тыңдауға шамасы келмеді.

        2. B) Ол тәрбиелі әрі жігерлі.

        3. C) Ол Маратқа да алма берді.

        4. D) Тек кейде бұршақ жауады.

        5. E) Сол сияқты балалар өте көп.

    1. Себеп-салдар шылауды табыңыз.

        1. А) Бүгін ерте келдік, бірақ жарыстан қалып қойдық.

        2. B) Ол кеше көп ойнаған, сондықтан бүгін демалды.

        3. C) Олар біресе ойнайды, біресе отырады.

        4. D) Біз кешке сабақ оқимыз және тамақ жейміз.

        5. E) Олар не бүгін келеді, не ертең келеді.

    1. Қай сөйлемде үш түрлі шылау қатысқан?

        1. А) Марат та, Сәкен де сабақта жоқ.

        2. B) Ертеңге дейін барып қалармын.

        3. C) Олар туралы бұдан кейін де еститін шығармыз.

        4. D) Қызым, сабаққа дейін тамағыңды ішпедің бе?

        5. E) Қыста қар жаумаса ше?



        6. «Шылау» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:



        7. 1 – B 2 – B (туралы – септеулік / ма – демеулік)

        8. 3 – C 4 – A 5 – C 6 – B (де)

        9. 7 – E (-ақ) 8 – B (әрі) 9 – B (сондықтан)

        10. 10 – C (туралы / кейін / де)

        11. «Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері» тақырыбы бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

    1. Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын табыңыз.

        1. A) Ел арасына сыйлы D) Жыл сайын толықты

        2. B) Ұлттық ойын ойнайды E) Өмірдің мәнін түсінді

        3. C) Ақылды сөз айтылды

    1. Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын табыңыз.

        1. A) Желмаяға міну D) Ашық аспан

        2. B) Өмір үшін күресті E) Ғылымды игеру

        3. C) Өмірдің мәнін түсінді

    1. Матасуды табыңыз.

        1. A) Төребек үйі D) Жайын айтты

        2. B) Ашынған әйел E) Өзі келді

        3. C) Күн сайын күтті

    1. Меңгеру арқылы байланысып тұрған тіркесті табыңыз.

        1. A) Шарықтап тұр D) Тоқыма белбеу

        2. B) Балаға қара E) Қызық кітап

        3. C) Оқушының жабдығы

    1. Қабысуды табыңыз.

        1. A) үйінің қасына жетті D) дүниенің өзгерісі

        2. B) халықпен бірге жасайды E) қиыннан қиыстыру

        3. C) қара торы бала

    1. Жанасуды табыңыз.

        1. A) жұп-жұпқа бөліну D) алма алдырыпты

        2. B) ғалымдардың пікірі E) ешкімге соқтықпау

        3. C) бірте-бірте ашылды

    1. Байланысу түрлеріне қатысты талдаудың қайсысы дұрыс емес?

        1. A) Тоғыз адам – қабысу D) Біздің Жамбыл – матасу

        2. B) Оқуға лайық – меңгеру E) Хат жазу – меңгеру

        3. C) Кең бөлме – жанасу

    1. Бастауыш пен баяндауыштың байланысу түрі қалай аталады?

        1. A) Қиысу B) Меңгеру C) Матасу

        2. D) Қабысу E) Жанасу

    1. Сөздердің жалғау арқылы байланысуын көрсетіңіз.

        1. A) Ерекше мінез B) Ол сұрасын C) Әзер жетті

        2. D) Әлді адам E) Отан үшін аянба

    1. Интонация арқылы байланыс көрсетіңіз.

        1. A) Өнер қуу B) Ақ қайың C) Өмірді сүю

        2. D) Сенімді ақта E) Бұл – жігіт





        3. «Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері» тақырыбы бойынша тест сұрақтарының жауаптары:



        4. 1 – D 2 – D 3 – A 4 – B

        5. 5 – C 6 – C 7 – C (Кең бөлме – қабысу)

        6. 8 – A 9 – B (Ол сұра-сын – жіктік жалғауы)

        7. 10 – E

        8. «Сөз тіркесі» тақырыбы бойынша

        9. ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

    1. Қай қатарда тұрақты тіркес бағыныңқы сыңарда тұр?

        1. A) Айтқаның есімнен шығып кетті.

        2. B) Дұшпанның салы суға кетті.

        3. C) Науқастың беті бері қарады.

        4. D) Көзіне көк шыбын үймелететінін айтып салды.

        5. E) Бізге тісін қайрап жүр.

    1. Сөз тіркесінің белгісі қайсы?

        1. A) Зат, құбылыстың атауы болу керек.

        2. B) Толық мағыналы ең кемі 2 сөз болуы керек.

        3. C) Зат есімнің қосарлы сыны ретінде жұмсалады.

        4. D) Сөз мағынасын басқа сөзбен дәлдеп түсіндіреді.

        5. E) Синтаксистік қызметі бірдей сөздерден құралады.

    1. Бірыңғай есімді сөз тіркестерін табыңыз.

        1. A) Үлкен үй, үйді көру.

        2. B) Жолдасын шақыру, менің үйім

        3. C) Сабаққа дайындалу, жаттап алу

        4. D) Сыйлық алу, үздік оқушы

        5. E) Мөлдір су, оқуға ынталы.

    1. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін анықтаңыз.

        1. A) Бұлардың жағдайлары D) Ғалымнан басқа

        2. B) Балуанмен күресті E) Асығып сөйледі

        3. C) Ғалымды көрсеңіз

    1. Басыңқы сыңары етістіктен болған сөз тіркесін анықтаңыз.

        1. A) Суыққа шыдамды D) Түрлі бұйымдар

        2. B) Белгілі кісі E) Қиын есеп

        3. C) Жақсы оқиды

    1. Етістікті тіркесті табыңыз.

        1. A) Өнерлінің ырысы D) Елді қорғау

        2. B) Іске шебер E) Ізгі сөз

        3. C) Асқарда бесеу

    1. Төменде берілген сөздер қалай аталады?

        1. Айтарым осы.

        2. A) есімді сөз тіркесі D) еркін тіркес

        3. B) етістікті сөз тіркесі E) сөйлем

        4. C) тұрақты тіркес

    1. Сөз тіркесін табыңыз.

        1. A) өгіз аяң B) бара жатыр C) жүз он бес

        2. D) бірінші үй E) қара торы

    1. Қай тіркестің бағыныңқы сыңары «қалай?» сұрағына жауап береді?

        1. A) бұл жерде B) жасыл қала C) бес бала

        2. D) тез кел E) айтып болды

    1. “Кітабыңызды оқығым келеді” тіркесіндегі басыңқыны қай қатарға жатқызамыз?

        1. A) Ырықсыз етіс B) Есімше C) Тұйық етістік

        2. D) Қалау райлы етістік E) Көсемше




        3. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет