Ағылшын тілі кафедрасы 6B02301 – Аударма ісі мамандығы бойынша (ShT 1103) «Шетел тілі»



бет3/8
Дата03.11.2022
өлшемі158,5 Kb.
#156469
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
БӨЖ тапсырмаларына арналган нұсқау мен тапсырмалар

- тақырыптар тізімі;
- тапсырманы орындау үшін кеңестер;
- тапсыру реті, мерзімі;
- бағалау тәртібі;
- қажетті әдебиетттер тізімі мен интернет сайты.
1.15 Оқытушының басшылығымен орындайтын білім алушының өзіндік жұмысы (ОБӨЖ) аудиторияда өткізілетін оқу жұмысының ерекше түрі.
1.16 ОБӨЖ мазмұны мен мақсаты пәннің оқу бағдарламасымен, курстың концепциясымен, кітапхана қорының және оқу орнының техникалық мүмкіндігімен анықталады.
1.17 ОБӨЖ оқытушы мен білім алушының бірге орындайтын жұмысы болғандықтан оны өткізу формасы БӨЖ-ден өзгеше болады.
1.18 Білім алушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстарын ұйымдастыру технологиясының элементтері: өз бетімен орындайтын жұмыстарды жоспарлау; әдістемелік қамтамасыз ету; орындалуын бақылау және жоспарлау; талдау және жетілдіру.
1.19 ОБӨЖ жеке график бойынша оқытушымен байланыста орындалатын білім алушының аудиториядан тыс жұмысы болғандықтан, ол жалпы оқу сабақтарының кестесіне енбейді.
1.20 Оқытушының басшылығымен орындалатын білім алушының өзіндік жұмысы (ОБӨЖ) БӨЖ жалпы көлеміне енеді.


2. НЕГІЗГІ ЖАҒДАЙЛАР

Microsoft PowerPoint презентациясын құрастыруға байланысты кеңестер


Презентация (ағыл. presentation) - аудиовизуалдық құралдарды қолдана отырып, ақпаратты есте сақтау, қабылдау, нәтижелігін арттыруға арналған көрмелік көрініс.
Мультимедиалық презентация түрлі түсті мәтін мен суреттерді, көрнекі суреттерді, сызбаларды, кестелерді, схемалар мен фильмдерді нәтижелі үндестіретін және бірінен екіншісіне слайд көрсетілімі сияқты өтілетін бейнебеттер.
Презентацияның ақпаратты қабылдаудың нәтижелігін арттыруға бағытталған өз сюжеті, сценариі және құрылымы болады.
Презентация құрастыруға байланысты практикалық кеңестер

  • Презентация 10 слайдтан кем болмауы керек.

  • Титульдік слайдта оқу орны (факультет, кафедра), презентацияның атауы мен автор көрсетілуі тиіс.

  • Екінші слайдта презентация жоспары, қарастырылатын негізгі бөлімдер/тараулар немесе сұрақтар көрсетілуі мүмкін. Гиперсілтеме арқылы қажет бетке ауысып және кері оралуды қарастырған жөн.

  • Дизайн-эргономикалық талаптар: түстер үйлесімі, слайдтағы нысандардың шектеулі болуы, мәтін түсі.

  • Презентацияның соңғы бетінде (қажет болсы) глоссарий мен қолданылған әдебиеттер тізімі беріледі.

  • «Бір слайд – бір негізгі ой» қағидасын ұстануға тырысыңыз.

  • Бір слайдта тезис пен оның бірнеше дәлелдемесі берілген презентация нанымды болады.

  • Қорытынды әрқашан жинақы түрде жеке слайдта берілуі тиіс.

  • Слайдта нысандар басынан бастап-ақ тұруына болады немесе баяндамашының қалауына қарай қажет кезінде пайда болуы мүмкін, бұл байндаманың көрнекілігін күшейтіп, аудиторияның назарын сөз болып жатқан нысанға немесе мәтінге аударады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет