Ағылшын тілі кафедрасы 6B02301 – Аударма ісі мамандығы бойынша (ShT 1103) «Шетел тілі»


АҚПАРАТПЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ



бет6/8
Дата03.11.2022
өлшемі158,5 Kb.
#156469
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
БӨЖ тапсырмаларына арналган нұсқау мен тапсырмалар

3.АҚПАРАТПЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
БӨЖ-ң ақпаратын ұйымдастырудың талаптары.
Егер де студент реферат немесе баяндаманы таңдаған болса, оны қорғаудың алдында берілген тәртіппен жазба (компьютерлік теру) жұмыстарын орындау керек: титуль парағы, мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және әдебиеттер тізімі. Компьютерлік бағдарламаларды және виртуальді тәжірибелер мен демонстрацияларды қолданғандары өте қызықты болады. Интернеттен алынған ақпараттарды аз қолданғаны дұрыс, себебі оның дұрыстылығын тексеру қиын.
Егер де студент эссе жазуды таңдаса, онда тақырыпта немесе тарауында кездесетін анықтамаларды айқындап, қысқаша 1-2 беттен аспайтын түсініктеме жазады.
Егер де студент глоссарий жазуды таңдаса – тақырыпта кездесетін ұғымдар мен терминдер анықтамасын түсіндіріп және талдап жазуы керек.
Егер де студент презентация жасау таңдалынса – таңдаған тақырыбы бойынша студент өз ой – пікірін, дүниетанымын білдіруі және оны қорғауы керек. Презентация тақырыпты қалай айқындауы, ашуды, қызықтыруымен бағаланады (8-10 минут). Суреттер, сызбалар, кестелер келтіріледі. Кестелер, схемаларды компьютерлік “Power Point” программасындағы арнайы “Презентациялар” АКТ-ны жүйелі пайдалану арқылы дайындауға болады.
Іскерлік ойын – болашақ мамандығына қажетті дағдыларды қалыптастыру мақсатында келешек мамандығында атқаратын жұмыстарын ойын ретінде белгілі рольде, топта ойнау (алдын-ала дайындалу керек).
Айқындап жағдайды үйрену, нақты жағдайларда қойылатын сұрақтарға өз ойынша жауап беру немесе жауаптарды өзінше жобалау. Студент өз ойын плакаттар жасап көрсетуіне болады.
Топтық жоба, 4-5 студенттен құралған топтар, оқу материалы бойынша өз жобаларын жасап, оларды қорғайды. Студенттер ғылыми-әдістемелік журналдарды қолданып, жоба жасап, оны реферат түрінде дайындауы керек.
Жеке жоба маңызды және өте қызық ғылыми зерттеулер нәтижелері, жетістіктерді қамтитын баяндамалар білім деңгейі жоғары студенттер ұсынысы бойынша тақырыпқа сәйкес жасалады.
Тақырып бойынша өзін-өзі тексеру сұрақтарына ауызша жауап беру (10-15 минут). Жауаптары тақырып қалай ашылғандығына (айқындағанына) және басқаларды қалай қызықтырғанына байланысты бағаланады.
Тақырып соңында студенттердің білім деңгейін анықтау үшін аз уақытта өткізілетін тест сұрақтары. Тест сұрақтарының саны статистикалық заңдылықтары қамтамасыз ететіндей мөлшерде (шамамен алғанда он бес сұрақтан кем емес) болуы қажет. Сұрақтар пәннің, тақырыптың мазмұнын біркелкі қамтитын. Сұрақтар қысқаша тұжырымдалады, әр сұраққа 5 біркелкі жауап беріледі. Жауаптардың біреуі дұрыс, қалғандары дұрыс емес болса да, формалары дұрыс жауапқа ұқсас болады. Бұл айтылған талаптар тест сұрақтарының жарамдылығын қамтамасыз етеді, яғни тексеру нәтижесі қажет білім көлемін қамтиды.
Пікір – студенттердің бір-бірлерінің рефераттарына талдау жасап, өз пікірлерін жазуы. Пікірді құрастыру (жазу) формасы сақталуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет