Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


§ 108. ОДАҒАЙЛАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА



бет28/28
Дата09.04.2020
өлшемі2,43 Mb.
#62039
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Қазіргі-қазақ-тілі-Ысқақов
антиплагият Волейбол, антиплагият Волейбол
§ 108. ОДАҒАЙЛАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Одағай сөздердің мағыналық жағынан да, морфоло-гнялық жағынан да, синтаксистік кызметі жағынан да өздеріне тән ерекшеліктері бар. Осымен байланысты одағайлардың жалпы сөз таптарының ішінде алатын ор-

ны ерекше.


Одағай сөздер мағына жағынан заттын (субстанция-нын) өзі туралы да, сыны, саны, қимылы туралы да, қи-мылдын жайы-күйі туралы да ұғым бермейді. Олай болса, одағайлар мағына жағынан зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу сияқтанған негізгі сөз таптарына тән сөздердің бірде-біреуіне ұқсамайды. Осындай ерекшеліктерімен байланысты, одағай сөздер сөйлемде не түрлаулы, не тұрлаусыз мүшелердің қыз-меттерін атқармайды, сөйлемдегі басқа сөздермен тіке-лей синтакснстік карым-катынасқа түспейді.
Сонымен катар, одағай сөздер түрлі шылау сөздерге де ұқсамайды, өйткені шылау сөздердің өздеріне тәи лексикалық мағыналары болмағанымен, сөйлемдегі бас-қа мағыналы сөздермен селбесіп, оларды өз ара байла-ныстыратьш грамматикалық дәнекер болып қызмет ат-карса, одағайларда бұл қасиет те жоқ.

Одағайлар — өз алдына ерекшеліктері бар сөздер.

Ал ол ерекшеліктері мыналар:

Біріншіден, одағай сөздердің мағыналары адамның әр түрлі сезімімен байланысты шығатын дыбыстык иша-раттарды білдіреді. Мысалы: Мүны бастап жүрген кім екен, ә? (Ә. Әбішев); Япырмау, жастьщ деген қандай қызық? (Ғ. Сланов) дегендердегі ә, япырмау деген сөз-дер — одағайлар. Алғашқы сөйлемдегі ә күдіктеигендікті
білдірсе. соңғы сөйлемдегі япырмау деген сүйсіну, шат-лу жанын байқатады. Япырмау, қайда сол күндер! (Абайі дсгендегі япырмау деген өкінгендікті, арманды


    1. білдіреді.

  1. Екіниііден, адамның көңіл күйі кұбылмалы болатын-тадыктан. одағай сөздердің көпшілігінін мағыналары да «.убылмалы, ауыспалы демек, көп мағыналы болый келе-ді. Одағай сөздіндәл мағынасы сөйлемде айтылатын ой-дын жалпы сарынына багіланысты болады. Өйткені ода-ғай сөздер сөйлемде айтылатын оймен жарыса қабаттаса айтылатын сезімді білдіреді. Ендеше, сейлемде айтыла-тын ойдың жалпы аңғарына карай, демек, бірде сүйсіну, бірде кею (ренжу), бірде күдіктену, бірде өкіну сияқты алуан түрлі сезім қүбылыстарына қарай, одағай сөздер-діц айтылу ырғактары да (интонациясы) кұбылып оты-рады. Мысалы: Уай, жарандар, мен бір ақыл айтайын ба (Ә. Әбішев); Әй, кім барсыц (бұ да); Уай, ңой деймін, бала! (бұ да) деген сөйлемдердегі айтылған ойдың ма-ғыналарына, аңғар-сарындарына қарай, одағай сөздер де, дауыс ырғағы арқылы, сөйлеуші адамның көңіл кү-йін жарыстыра, қабаттастыра білдіріп тұр.


Үшіншіден, одағай сөздер сөйлемнің басқа мүшелері-

мен грамматикалык жағынан байланыспайды, олай бол-са. өзі жарыса айтылған сөйлемнін мүшесі болмайды. ^Одағайлар — өздері жарыса, қабаттаса айтылатын сөй-лемнен дауыс ырғағы арқылы оқшауланып, бөлініп тұ-ратын сөздер. Мысалы: Қап, барлық еңбектері далаға кетеді-ау! (Ғ. Мүсірепов). Бәсе, соны айтыңьізіиы (Ғ. Сланов); Бәрекелді, жігіттер, осы беттеріңнен қайт-паңдар (Ғ. Мүсірепов); Паһ, мьіқты екен-ау мынау мүн-дар, (С. Мұқанов) дегендердегі қап, бәсе, бәрекелді, паһ деген одағайлар сөйлемдермен жарыса айтылып, олар-дағы ыегізгі мағыналарды үстей, толықтыра түсіп тұр. Бірақ бұл мысалдардағы одағайларды жеке алғанда

сөйлем деп қарау қиын.
§ 109. ОДАҒАИЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Одағай сөздер көбінесе адам сезімінің алуан түрлі күйін білдіретін дыбыстар сияклы болып келеді. Бірақ олар жай ғаиа дыбыстар емес, жұртшылықка әбден тү-сінікті болып, белгілі дағды бойынша сөз ретінде пайда-ланылатын дыбыстар. Олар жүртшылыкка әбден түсінік-ті болып қалыптасқандықтан, жай ғана дыбыстардың қа-

378 379


тарынан шығып, оелгілі сөзге айналған. мысалы: Уау жігіттер-ау, бул ңалай? (Ғ. Сланов); Па, сабаз, мал бол ғаныңа! (бұ да); Түу, қандай тымырсық түн (бұ да) Е, жолдас, жақсы жатып, жай турдыңьіз ба? (С. Мұқа нов) дегендердегі уау, па, түу, е деген одағайлар үйрен шікті сөздерге айналып, жұрттың бәріне түсінікті болыг кеткен.


Одағайлар негізгі және туынды болып екіге бөлінеді Негізгі одағайларға: ау, па, ей, әй, е, уа, уау, уай, я пай, э, о, оһо, ой, әй, ие, аһа, ау, беу дегендер жатады

Бұл одайлар қайталанып та қолданылады.



Туынды одағайларға: мәссаған, бәрекелді, әттегенай жаракімалла, мащарай, о тоба, астапыралла, япырмай ойпырмай, о дариға... сияқтанғандар жатады. Бүлар әуел-бастағы мағыналы сөздерден я сөз тіркестерінеи бірігіп одағай сөздерге айналған. Мысалы: мәссаған де-ген одағайдын бастапқы төркіні — мә, саған; бәрекелді дегеннің төркіні — барақа аллаһу (алла саған бақьп берсін); жаракімалла дегеннің төркіні — я рақым (бер) алло; м асщ рай дегеннің түбірі — масқара-ай; о тобс дегеннің төркіні — иситиғфсіру аллаһу (алла кешірсін); япырай, ойпырмай, апьірай дегендердің түбірлері — я, пірім-ай; ой, пірім-ай дегендерден шыққан. Ал әттегенай деген одағай эйт деген-ай (айт дегенің -ой) дегеннен шыққан. Бірақ бұл сөздер өздерінің бастапкы акиқат-тық мағыналарынан тіпті алыстап, тан калу, үнату, ма-дақтау, өкіну шошыну сияқты көңіл күйлерін білдіретін одағайларға айналып кеткен.
Сол тәрізді, е, тәйір; тәйір-ай; уа, дуние; әттең; іиір-кін-ай; я сәт; аттан; алақай деген сияқты ескі ұғымдар-ды білдіретін сөздер көбінесе одағай ретінде әуелі ауыз-екі тілде қолданылып, біртіндеп әдеби тілге де еніп ке-

тіп жүр.
Сөйтіп, одағайлар тек көңіл күйін білдіретін күрделі дыбыстардан ғана емес, бастапкы кезде ақиқаттық ма-ғынасы бар сөздерден де шығады. Одағайлар тек ерте-ректегі дәуірлерде шыққан сөздер ғана емес, я олардын калдықтары ғана емес, кейінгі кездерде де, біздің зама-нымызда да шығып отыратын категория.


Одағайлардың дәлді мағынасы нактылы сөйлеу жағ-дайларымен байланысты контексте айкындалады, өйтке-ні бір одағай сөздің өзі, қолданылу ерекшелігіне қарай, әр сөйлемде әр түрлі мағьіна береді. Демек, бір одағай-дың өзі бірде таңырқау, бірде сүйсіну, бірде налу, бірде

аяу, бірде ызалану, бірде үнату, бірде үнатпау, бірде кү-діктен^' бірде мысқылдау, бірде назар аудартып қара-ту сиякты жай-күйлерді білдіріп ауысып отырады. Мы-(Салы: Әй, сол ма, тейірі! (Ғ. Сланов); Әй, байғүсым-ай, басын бастаса, тусіне кетесің-ау! (С. Мұканов); Әй, сен өзің әрі кетші! (С. Мұқанов).

Сөйтіп, көңіл күйіне байланысты, жоғарыдағы сияқ-ты, одағайлардың өздері әлденеше түрге бөлінеді. Бі-рақ мағыналарының соншалык ауысып отырғандығынан оларды жіктеу тіпті киын. Егер топтасақ, көңіл күйінің. алуан түрлі райын бас-басына атап санауға мәжбүр бо-латын сияқтымыз. Сондыктан жоғарыдағы сияқты ода-ғайларды шартты түрде бір топқа жатқызып, көніл күйі одағайлары деп атауға болады.
Бұлардан баска тілімізде адамға арнай айтылатын: кзне, міне, әні, мэ, жә, әйда, әй, тек, тәйт сияқты ода-ғайлар да бар. Бұлардың мағьіналары жоғарыдағы ода-ғайлардан гөрі басқашарактау. Демек, олардың кейбі-реулері көрсету я нүсқау (кәні, міне, әні), кейбіреулері үсыну (мә, айда), кейбіреулері тыю (жәй, тәй, тек, тәйт) мағыналарын береді; бұларды ишарат одағайлары де-ген дұрыс.
§ 110. ОДАҒАПЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Одағайлар ойды көріктендіріп, ырғакпен (интона-ция) айтылатын сөйлем емес, бірақ сөйлемге балама ре-тінде колданылатын сөздер. Бірақ олар — іштей мүше-ленбейтін, синтаксистік жағынан басқа грамматикалық категориялардан окшау тұратын, әлеуметтік кызметі мен мәні әбден түсінікті болып калыптаскан сөздер. Осы брекшеліктеріне қарай, одағайлар адамның көңіл күй-лерімен байланысты алуан түрлі сезімдерді білдіретін лепті, сүраулы сөйлемдер ретінде қолданылады. Мыса-лы: қане! деген одағай келщдер! іске кірістік я іске кі-рісіңдер! деген ишаратты білдірсе, міне! деген одағай һердіңдер ме, айтқаным осы еді немесе осы сияқтанған басқа мағынада колданыла береді. Ауызекі тілде қане! міне! дегендердің орнына сыпайырак ңанікиіңіз, мініки-іңіз деп, мә! жэ! деудің орнына мәңіз! жәңіз! деп те ай-тады.
Одағайлар екі түрлі жағдайда ғана сөйлем мүшесі бола алады.
1) Одагайлар кейбір көмекші етістіктермеғі тіркесіп

381


күрделі мүшенің кұрамына кіреді. Мүндайда көмекші етістік одағайды басқа сөздермен грамматикалық бай-ланысқа түсіретін дәнекер болып кызмет атқарады. Мы-салы: Ә т-т е-г е-н е-а йдеді ол таңдайын ңағып^ (С. М үқанов); Қ ү р - қ ұ р ... р р. Ә й, ә й!— десті үйдің ішінен екі дауыс (бү д а ); Моһ! моһ!— деп кешкі тьшық даланы басына көтерді (бү да) дегендердегі одағайлар де етістігінің дәнекерленуімен, қайтті? не деді? қайтіп? нс Оіп? деген сүрауларға жауап болып, сөйлемнің мү-шесі бола алады.


  1. Одағай сөздер субстаіітнвтеніп, түрлі қосымша: лар кабылдап. сөйлемнік қалыпты мүшесі болады. Мы-салы, Аллаңнан ойбайым тыньии (мәтел); Қешке әрі тоңып, әрі иіаріиап аһлап, уһлеп отырған, кемпір өзін өлтіріп кете жаздаған кім екенін есіне алды (С. Қөбе-ев); Койдың көл жағынан шэй-шэйлеп бір бала түре-гглді (Б. Майлин) т. б.


МАЗМҮНЫ

Бірінші бөлім
I тарау. Сөз және оныц морфологнялық құрылымы . . . Б


  1. тарау. Сөздің морфологиялық қурамы мен жасалу жолдары 23 III тарау. Сөз формалары және олардың жасалу тәсілдері . 80




    1. кінші бөлім







Сөз таптары және олардың морфологиялиқ

құрылымы

125

IV тарау.

Зат е с і и ..................................................................................




134

V тарау.

Сыи е с і м .............................................................................




ібб

VI

тарау.

Сан есім







191

VII

тарау.

Есімдік . .




. . .

207

VIII

тарау. Етістік .




222

IX тарау. Үстеу.......................................................................

. . .




333

X тарау. Еліктеу сөздер

-

'і14

XI

тарау.

Көмекші с ө з д е р ............................

358

XII

тарау.

Одағайлар......................................................................




578

Учсбдое издаиие


Ахмеди Искаков
СОВРЕМЕННЫИ КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК
(на казахском языке)
Редакторы Р. Ыбырайымова
Суретшісі Л. Матвеев

Көркемдеуші редакторы Ш. Байкенова



Техи. редакторы О. Рысалиева


    1. Б № GO P *» ci^ u ie (k .




  1. е р уге 31.10.90 ж іб е р іл д і. Б а с у ға 16.04.91 ко л ң о й ы л д ы . П іш ім і 8 4 > ;lf3 l/32.

Баспаханалың

ңағаз.

Әріп

түрі

«Әдеби». Ш ы гы ң ң ы

басылыс.

Ш артты

баспа

табағы

20,16. Ш артты

беяулы

беттаңбаеы 20,37.

Есептік

баспа та-

бағы 21,3. Тиражы 20

000 дана. Заказы

Ale 622. Б а ға с ы 2 с. 50

т.




Ңазаң

ССР Баспасөз

жөніндегі

мемлекеттік

комитетінің

«Ана тілі»

баспасы, 480124, А лм аты ңаласы,

Абай проепектісі, 143-үй.







Дазаң

ССР Баспасөз

жөніндегі

мемлекеттід

комитетінің

П олиграфком-

бинаты, 480002, Алм аты ңаласы,

Пастер көш есі,

41-үй.











Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет