Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология



бет1/28
Дата09.04.2020
өлшемі2,43 Mb.
#62039
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Қазіргі-қазақ-тілі-Ысқақов
антиплагият Волейбол, антиплагият Волейбол
АХМЕДИ ЫСҚАҚОВ
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ
морфология

Қазақ ССР Халы ққа білім беру министрлігі жоғары оқу орындарыньің филология факультеттері студенттеріне арналған оқулы қ ретінде ұсынған
Толықтырылып, өңделген екінші басылымы

АЛМАТЫ «АНА ТІЛІ» 1991



ББК 81
Ы 88

Ысқақов А. Қазіргі қазаік тілі.—2-басылымы.


Филология факультеттері студенттеріне арналған оқулық.— Алматы: Ана тілі, 1991.—384 бет.
ISBN 5-630-00006-3
Толықтырылып, екікші кайтара ұсыиылып отырған «Ка-зіргі казак тілі» оқулығында қазақ тілінің морфологнясына катысты мәселелер ж аһгжакты қамтылған. Белгілі ғалым тіл теориясы саласындағы сЬңғы зерттеулерге де жіті зер салған.

Кітап жоғары оку орындары фнлология факультеттері оқытушылары мен студенттеріне, қазак. тілін тереңдеп окып, үйренуші көпшілік қауымға арналған.




4602020400—010 002_ ді




ББК 81

ЬІ 415(05)—91







ISBN 5-630-00006-3

«Мектеп» баспасы, 1974.




Ы сқақов А.,

1991, толыктырыл-




ған,

өнделген.

АЛҒЫ СӨЗ
Бұл кітап 1974 жылы шыққан «Қазіргі қазақ тілі» курсының




  1. негізінде өңделіп, жоғары оқу орындарының студенттеріне арналғак оқулық есебінде усынылып отыр. Кітапты баспаға даярлау үстінде автор мынандай мәселелерді қатты қадағалады: оқулық бастан-аяқ тіл білімінін қазіргі деңгейіне сай болуын ескерді; оқулықта қысқаша болса да, ана тілінің морфологнясына қатысты мәселелер-дің түгел қамтылуына ден қойды; морфология объектілерін оқулық-та тіліміздің грамматикалық құрылысының табиғатына орай, логи-калық жүйесіне сай орналастырылуын көздеді; әр тарауға, әр та-кырыпка эр категорияға катысты мәселелер жөнінде айтыла-тын кагидалар мен ережелер әрі қысқа, әрі жүйе-жүйесіне лайық дүрые айқындалып, дүрыс түзілуін нысана түтты; морфологнялық объектілердің тұс-түсында әрқайсысының граммдтикалық сыр-си-паттарын айқын көрсетіп түрарлықтай нақтылы мысалдар беріліп отырылуына ерекше зер салды.

Оқулыкта, біріншіден, морфологияның негізін түгел сақтап, аумағын шактау ниетімен ұсақ-түйек мәселелерді барынша қыс-'карту каж ет болды да, тарихи диахрондық сипаттамалар мен мә-ліметтерді алып тасгауға және теориялық қағндалар мен ережелер беруге сараңдық істеуге тура келді. Осы талапқа сәйкес, кітаптың іарау-тараулары мен тақырып-такырыптары үшін тністі әдебиеттер-ден сөйлемдер түрінде келтірілген текстердін кейбірі алынып тас-талды, кейбірі кысқартылды, иллюстрациялык матернал көбінесе жалаң сөздер арқылы ғана берілді.




    1. азақ тілі морфологиясының ірілі-уакты мәселелерінін бэрі де бірдей тексеріліп бітпегеиі, олардың ішінде кейбір даулы мәселелер бар екені де белгілі. Автор ондай әлі де жіті зерттелмеген, сырлары жете ашылмаған мәселелерді күңгірт қалдырмай, мүмкіндігінше ашық түсінерліктей етіп беру жағын қарастырды. Егерде оқулықта сондай және әлдекандай басқа да күңгірттік, я олқылық болса, сабак. үстінде ондайларды айкындай түсуге, толықтыра беруге, же-тілдіре отыруға қазіргі жоғары мектептеріміздің окытушыларының білімдері мен парасаттары да, қабілеттері мен тәжірибелері де кәміл жететініне автордың сенімі де күшті, үміті де зор.

Окулықта кейбір үйреишікті терминдер не жаңартылып, не ма-ғыналары өзгертіліп қолданылумен қатар, кейбір ж аңа терминдер де енгізілді. Ондай өзгерістер ж алан әуескойлықтан я ж анакүмар-лықтаи туған ермек емес, тіліміздің тексерілу дәрежесінің бірте-бір-те әрі терендеп, әрі кеңейіп, үнемі дамып келе жатқандығының ай-ғағы. Оидай жаңалыктар алдағы уақытта да болатыны шексіз, өйткені қазақ тіл білімінің өрісі өсіп, бойы биіктеген сайын, жаңа-лықтар да молайып, терминдері де еселене беретіні сөзсіз.


3





  1. азак ССР Халыкка білім беру мшшстрлігінің Оку методика-лы к со ветін д е ай ты л ған кейбір нактылы усыныстарды ескере оты-рып к ітап ты н осы басылымында 1974 жылғы басылымында кам-тылған біраз теориялык мәселелерді толықтыра түсу, ж аңаш а ойлар мен ғылыми тұжырымдар ж асау жағы мұкият ескерілді. Осыған байланысты кейбір түсініктер мен түсіндірмелер қайта каралып, мүмкіндігінше қысқартылып бсрілді де, кейбір тақырыптар мен та-қырыпшалар басқаша аталып, кейбірінің орны ауыстырылып, ка-жетсіз деп танылған бірер тақырыпшалар қыскартылды. Кітаптың «Етістік» деп аталатын тарауының «Кемекші етістік және аналити-калық форма» деген такырыбы баскаша қаралып, оган «Аналити-калық етістіктер», «Аналитикалық формалар», «Аналитикалык фор-манттар» деген ж аңа тақырыитар ендірілді. Осылайша қайта қарал-ған тақырыптардың бірі «Амалдың өту сипатынын. категорнясы» болды.

Кітантың осы басылымыиа А. Әбілқаев, F. Қалиев, Ы. Мама-нов, С. Мырзабеков, Н. Оралбаева, М. Оразов, С. Хасанова, Ж . Шә-кенов, т. б. жолдастар тиісті пікірлер мен үсыныстар айтқан бола-тын. Автор осы ғалымдарға шын ықыласымен рахметін айтады.


Автор.

Бірінші бөлім
СӨЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҢ

ҢҰРЫЛЫМЫ

I тар ау
КІРІСПЕ


§ 1. ТІЛДІҢ ЛҒЖСИКАСЫ МЕН ГРАММАТИКАЛЫҚ ҚҮРЫЛЫСЫНЫҢ ӨЗАРА ҚАТЫНАСЫ


  1. т іл - т іл д ің өзара бір-бірімен байланысты екі жағы болады. Оның б ір і— тілдің сөздік, екіншісі — тілдің. грамматикалық жақтарі^Тілдін. осы екі жағьіның бірлі-гінен біртүтас тіл қүралады да, айтылатын ой түсінікті болып, тіл нағыз қатынас құралы ретінде қызмет ете

алады. %

Бір мысал алып көрейік.



Етігімді ауылдағы етікшіге ұлтандатуға апарып бер-геннен кейін, манағы қылығыма бетімнен отым шыққан-дай боп, мен сәскелік асқа барған жоқпын (С. Мұқа-нов).
Мысалдағы сөздер де түсінікті, олардың өзара бай-ланысу тәсілдері де тіліміздің заңдарына лайык қүрыл-ған, ойды үғуға ешкандай нүқсан келмейді. Егер сөз-дердің сол ретін бұлжытпай сақтап, тек бастапқы формаларында ғана «жалаңаштап» қолданып көрсек, мысалымыз: Етік ауыл етік ұлтан апар бер кейін, мана қылық бет оқ шық бол, мен сәске ас бар жоң болар еді.
Әрине, мүндағы сөздер де зат, іс және басқа қубы-лыстао жайындағы жеке-жеке үғымдардьт'білдіреді. Бі* рақ олардан бастапқы сөйлемдердегідей жүйелі, жатық ойды түсіне алмаймыз. Ендеше, будан, сөздер тілдін грамматикалық заңдары бойынша қ-олданьілған күнде ғана айтылатын ой әрі түсінікті, әрі көрікті болатынын көреміз. Сонымен қатар, свздерсіз, жалаң грамматика-льіқ формалар йрқылы, ешқандай ой^ы хабарлауға да, түсіндіруге. де болмай^ы.
Сондықтан /сөздік пен грамматикалық қүрылыс үне-мі бірлікте жүмсалады. Олардың әрқайсысьгның езіне тән ерекшеліктері мен кызметтері бар негізгі элементтер

5


болып саналады. Сөйтіп, сөздерді тілдің материалы деп, грамматикалық құрылысты тілдін материалдарын (сөз-

дерді) бір-бірімен ұштастырып, олардың бастарын КУ-растырып, көріктендіретін жамылыш деп қарауға бо-лады.


Тілдің сөздігі мен грамматикалық құрылысының

осындай ерекшеліктері мен кызметтері, әрқайсысынык өз жүйесі болатындықтан,(тілдің сөздігін лексикология


ғылымы тексереді де, грамматикалық кұрылысын — грамматика ғылымы зерттейді.
Бірақ тіл ғылымының бүл салаларының тексеретін объектілері басқа-басқа болғанымен, өзара байланыс-тары да күшті, өйткеніі оның бұл екі саласы — лексико-логия да, грамматика да — ездерінің тексеру объектісі-нін негізі етіп сөзді алады, демек, тексеруді жеке сезден бастайды.
§ 2. СӨЗДІҢ ДЫБЫСТЫҚ ЖАҒЫ
Сөз дегеніміз — қыры-сыры мол, күрделі тілдік кате-гория. Сездің мағыналық, дыбыстық, шығу төркіні, да-му тарихы, қолданылу ерекшелігі, жасалу жолы, езгері-лу жүйесі және басқа алуан түрлі жақтары бар.

Тіл ғылымының әр саласы сөзді әрқилы түрғыдан қарап тексереді. Мысалы, сездің дыбыстык жағының сыр-сипатын оның белгілі бір дыбыстьщ комялекс арқы-лы айтылатынынан, сол дыбыстық комплекс арқылы кү-лаққа естілетінінен байыптаймыз. Дыбыстык. комплекс дегеніміз — сөздің сыртқы дыбыстық жамылышыі Бір тілде сейлейтін адамдардың бәрі де белгілі бір үғымды, белгілі бір дыбыстық жамылыш арқылы айтып, сол ды-быстық жамылыш арқылы естіп, сол арқылы сез түрін-де кабылдайды. Екінші сөзбен айтқанда, дыбыстық жа-мылыш белгілі бір үғымның аты я атауы (сөз) ретінде қызмет атқарады.


Дыбыстық комплекс, біріншіден, бір түтас комплекс-тік түлға болса, екіншіден жеке-жеке дыбыстарға бөл-шектенетін немесе, керісінше, жеке-жеке дыбыстардан қүрылатын түлға (единица).
Сездің осындай дыбыстық жақтарьшен байланысты мәселелерін зерттеу — тіл білімінің фонетика тарауынын міндеті.

Белгілі бір үғымның атауы (белгісі я танбасы) ретін-де қолданылатын дыбыстық комплексті сөз дейміз.
Әрбір сездің бір-бірімен тығыз байланысты екі жағы болады: оның бірі — сөздің сыртқы дыбыстық жағы (сыртқы дыбыстық жамылыіиы), екіншісі — сол дыбыс-хық жамылыш арқылы айтылатын я ұғынылатын ішкі мазмұны, мағына жағы.
Сөздің дыбыстық жағы белгілі бір үғымньщ сыртқы материалдық жамылышы (формасы) болса, сол арқылы біздің санамызда белгілі бір үғым байыпталып отырады.
Сездің сыртқы дыбыстық қүрамы мен сөздің. ішкі ма-ғынасы үнемі бірлікте болады.
§ 3. СӨЗДІҢ МАҒЫНАСЫ
(Лексикалық мағына мен грамматикалық мағына)
Сөз айналамыздағы зат я қүбылыс жайындағы үғым-ньщ аты я атауы болса, әрине, ол атаудың қоғамдық өмірде өзіне телінген мағынасы да болады. Бірақ ол ма-ғына өзі атайтын затпен я құбылыспен тікелей табиғи байланыста болмаса да, сол үғымды білдіретін белгі (таңба) я сол үғымның мазмұнының бейнесі ретінде қа-лыптасатындықтан, бір тілде сейлейтін адамдардың бәріне де бірдей түсінікті болады. Мысалы, тас, ағаш, топырақ деген сөздерді алсгіқ^-олдрдьГң әрқайсысы — әрі нақтылы, әрі жалпы атау. Өйткені ағаиі деп көз алды-мыздағы (я қолымыздағы) белгілі бір нақтылы ағашты да, сондай-ақ, жалпы, ағаш атаулыны да атай береміз.


  1. р б ір сөздің өзге сөздермен қарым-қатынасқа түс-пеи, жеке-дара түрғандағы (статикалық күйдегі) нақты-лы я негізгі мағынасы, әдегге, лексикалық я rtjpa мағы-на деп аталады.

Тілдің сездігі осындай әр алуан мағыналары бар сөз-дерден құралады. Тілдегі сөздерді, олардың жүйесін, даму заңдарын, қоғамдық түрмыстың сала-салаларымен байланыс-қатысын, сондай-ақ, жеке сездердіғс лексика-лық мағыналарын, сездердіц шығу тарихы мен мағына-ларының даму, колданылу өзгешеліктерін лексикология ғылымы тексереді.


Лексикалық мағыналары басқа-басқа сөздерді әрі Қарай топшылай түсіп, топ-топқа бөліп, олардың әр то бына тән жалпы және жалқы сипаттарын анықтауға болады. Мысалы, тас, ағаш, топырақ деген сөздердің ма-ғыналары жоғарыда лексика түрғысынан қаралса, енді олардың бэрін де заттың атын білдіретін жалпы белгісі* не қарай, бір ғана топқа жатқызып, зат есімдер деп,

6 7

грамматика турғысынан топшылауымызға әбден болады. Сөздерді зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, шылау деген сияқты грамматикалық топтарға бөлу салты — осылайша топшылаудан туған дәстүр. Екінші сөзбен айтқанда, сөздерді грамматикалық топ-тарға бөлу рәсімі оларға грамматикалық түрғыдан қа-рап (грамматикалық мағыналарын ашып), соған сәйкес категориялық сыр-сипаттарын анықтаудан туған. Мы-салы: Кен асылыжерде, сөз асылыелде (мақал); Елде болса, ерінге тиер; Ауылда болса, ауызға тиер (мақал); Тау тауға қосылмас, адам адамға қосылар (мақал) деген сөйлемдердегі жерде, елде, ауылда, ерін-ге, ауызға, тауға, адамға сөздері мен тиер, қосылар сөз-дерін грамматикалық түрғыдан салыстырып топтауы-мызға әбден болады. Мысалы, жерде, ауылда, елде, ерін-ге, ауызға, тауға, адамға деген сөздердің лексикалық мағыналарында айырмашылық бола түрса да, бүл жеті сөздің алғашқы үшеуінің (жерде, елде, ауылда) грамма-тикалық мағыиаларында өзара іштей әлдеқандай бір жалпылық барлығын, кейінгі төртеуінің (ерінге, ауыз-ға, тауға, адамға) грамматикалық мағыналарында да өзара іштей әлдеқандай бір жалпылық барлығын аң-ғару қиын емес: жерде, елде, ауылда сөздерінің бәріне тән жалпы грамматикалық мағына жатыс септік жал-ғауы арқылы байланысса, ал ерінге, ауызға, тауға, адам-ға сөздеріндегі жалпы грамматикальіқ мағына барыс септік жалғауы арқылы топтанып айтылып тур. Оның бер жағында, осы сөздерді тек жатыс я барыс септікте ғана емес, шығыс, ілік, табыс, көмектес септіктерінде де, сондай-ақ, көптік я тәуелдік жалғауларында да қол-дануға болады. Ж алпы грамматикалық мағыналары жа-ғынан бірыңғай болып келетін жоғарыдағыдай сөздерді зат есімдер деп атап, бір топқа белеміз.


Екінші топтағы тиер, қосылар деген сөздердің лекси-калык мағыналары баска-басқа бола тұрса да, екеуінде
де іс-әрекетті я амал-козғалысты білдірулерімен байла-нысты ортақ бір жалпы мағына бар. Бул жалпы мағына оларға жалғанып турған есімшенің -ар (-ер) қосымша-сынан тіпті айқын керініп тур. Сондай-ақ, осы сөздерді ешбір іріктеместен тисе, қосылса, тиген, қосылған, тие-тін, қосылатын; тиді, қосылды деген тәріздендіріп бірдей езгерте беруімізге де болады. Іс-әрекетті білдіретін бул сняқты сездердің бәрі де етістік деп аталатын сез табы категориясына жатқызылады, ейткені олардың әрқай-

сысына есімше, кесемше, етіс, ш ақ секілді грамматика-лық категориялардыц қай-қайсысы да жат емес.


Сөздің лексикалық мағынасына тікелей байланыса-тын, осындай жалпы грамматикалық мағыналарын, сон-дай-ақ, сол жалпы грамматикалық мағыналарды білді-ретін формаларды грамматика ғылымы зерттейді.
Лексикалық мағына да, грамматикалық мағына да бір сездің бойында жарыса емір сүре береді. Мысалы, көршіні көрші шақырды (Абай) деген сейлемдегі үш сөзді алсақ, алғашқы екі сездің лексикалық мағынасы бір де, соңғы сездің лексикалық мағынасы өз алдына басқа. Алғашқы екі сөздің лексикалық мағыналары бір болғанымен, грамматикалық магыналарында өзгешелік-тер де бар. Бул екеуінің грамматикалық мағыналарын-дағы жалпы үқсастықтар мыналар: екеуі де — зат есім, екеуі де — жекеше мағынаны білдіреді. Ал, ол екеуінің грамматикалық мағыналарыпдағы езгешелік сол екі сездің сыртқы түрлеріндегі (формаларындағы) айырма-гаылыққа байланысты. Әрине, көрші сезінен көршіні де-ген сөздің -ні бөлшегі артық. Осы артық бөлшек екінші сөздің тек сырткы түріне ғана емес, грамматикалық ма-ғынасына да өзгешелік енгізіп тұр. Демек, көршіні сө-зінде жоғарыда айтылған грамматикалық мағыналар-дан басқа, қосымша табыс септіктің мағынасы да бар. Осыған орай, бул екі сездің сейлем мүшелік қыз-меті жағынан қүралатын грамматикалық мағыналары да ажырап, біреуі сейлемнің бастауышы (көрші), екін-7 шісі сөйлемнің толықтауышы (көріиіні) болып тур. Соң-ғы іиақырды деген сөздің де бірнеше грамматикалық мағынасы бар: бул сез ■— етістік, ол әрі өткен шақтың мағынасы, әрі үшінші жақтың мағынасын білдіреді.
Жығылсаң, нардан жығыл (мақал) деген сөйлемдегі'-жығыл және жығылсаң сездерінін түбірі (жық), лекси-калық мағынасы да бір. Ал түбірге -ыл белшегі қосы-лып, жық етістігіне етіс категориясының, -са қосьшшасы шартты рай мағынасын, -ң қосымшасы оның үстіне екін-ші ж ақ пен жекешелік категорияларығіың мағыналарын берген.
Осы талдаудан мынадай қағидалар туады.

Сөз — тек мағынасы жағынан ғана емес, қурамы жа~; ғынан да аса күрделі категория. Сөз қолданылғанда әр алуан түлғалық өзгеріске ушырап, түрленіп отырады. Ондай өзгеріс, ең алдымен, сөздің, морфологиялық күра-мында болып отырады. Осындай түлғалық өзгеріске


8 9


орай, сөздің бірде лексикалық мағынасы өзгерсе, бірде семантикасы басқа реңкке кешеді. Сонымен бірге осын-дай езгерістерге байланысты сездің грамматикалық ма-ғынасы да түрленеді.


Сездің бөлшектері мен мағыналарын, олардын, ара-ларындағы қарым-қатынастарын және сол қарым-қаты-настар мен қүбылыстардың жүйе-жүйелерін зерттеудің нәтижесінде әрі сездің морфологиялық құрамы мен қу-рылысы, әрі алуан түрлі грамматикалық категориялар-дың сыр-сипаттары айқындалады.
Сөздің сыртқы жамылышы (формасы) ретінде кыз-мет ететін дыбыстық қүрамның (комплекстің) әрбір үсақ дыбыстық бөлшегі, сол сөздің белгілі бір грамматикалық мағынасын білдіретін әрбір үсақ бөлшегінің сыртқы жа-мылышы (формасы) ретінде қызмет етеді. Екінші сөзбен айтқанда, сөздің әрбір грамматикалық бөлшегінің өзіне тән дыбыстық керсеткіш болады.
Грамматика сезді тексергенде, фонетикаға да, лекси-каға да сүйеиеді, олармен тығыз байланыса отырып, сездің сырын ашады.
§ 4. ГРАММАТИКА ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛАЛАРЫ
Адам өзара сөйлескенде жеке лексикалык сез арқы-
лы білдіруге болмайтын неше алуан мағыналардың бә-рін де тек грамматикалық амал-тәсілдердің кемегі ар-қылы ғана түсінікті етіп айта алады. Ендеше, граммати-калық тәсілдер де лексикалық тәсілдермен қоса-қабат колданылатын аса қажетті тәсілдер болып саналады.
Эрбір тілдің өзіне тән грамматикалық амал-тәсілде-рінің жиынтығы тілдің грамматикалық қүрылысы деп аталады.
Грамматнкалық қурылыс сөзге сүйенеді және сез ар-қылы ғана керініп отырады; сезді таяныш етпейтін бір-де-бір грамматикалық қурылыс болмайды.
Грамматика ғылымы, тілдің грамматикалық курылы-сын зерттегенде, өзінің тексеретін объектісінің негізгі өзегі етіп сөзді және сөйлемді алады. Тексеру объекті-лерінің осындай ерекшеліктеріне қарай,г грамматика ғылымы морфология және синтГКсис деп аталатын екі салаға бөлінеді.
Морфология — сөз және оның формалары туралы ілім. 4 Сөйлеу дағдысында әр сөз сөйлем ^шіндегі өзге сөздермен белгілі заң бойынша әрқилы чқарым-қаты-

насқа түседі де, әлдевеше Қилы өзгеріске үшырап, әр алуан қызмет атқарадыг Морфолог«ячосындай сөздерді жеке-жеке қарамай, жалпы сез атаулыны алып, оларды белгілі топтарға беліп, сол топ-топтыц әрқайсысына тән жалпы грамматикалық сыр-сипатын анықтайдь^Соның арқасында сөздердің әр тобының өзіне лайық жалпы грамматикалық мағыналары мен грамматикалық фор-


маларьі' айқындалады, сөз таптары ажыратылады, әр сөз табына тән категориялардың сыр-сипаттары ашы-лаДы. Осындай талдаулардың нәтнжесінде сөздіц жаса-лу, түрлену, -өзгеру жүйелері, сөздін бөлшектенуі және олардың әрқайсысының грамматикалық мағыналары мен қызметтері анықталады.
Синтаксис — сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғы-лым. Сөйлеу дағдысьЬбойынша сөздер өзара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады (Ол туралы «синтак-сис» оқулығынан қараңыз).
Морфология сезді, сездің тиісті белшектерін, олар-дың мағыналары мен қызметтерін талдаса, синтаксис сейлемді, сөйлем ішіндегі тиісті сез тіркестерін я жеке сөздерді (сейлемнің мүшелерін), олардын. қарым-қаты-настары мен грамматикалық сыр-сипаттарын талдайдь^
Грамматиканың бұл екі саласы екі сара болып ікТк-телгенімен де, олар іштей бір-бірімен тығыз байланыс-ты, тіпті екеуі бір бутіннің екі бүтағы сияқты. Мысалы, Қызы едім Есімбектің атым Шұға; Басталды бул өлкеге атым шыға (Б. Майлин). деген сөйлемдердеғі сөздерге жалпы грамматикалық талдау жасай бастасақ, ондағы сөздерді, әрине, морфология өз турғысынан, синтаксис өз турғысынан талдайды. Ал, ондай талдау үстінде іс
жүзінде морфология синтаксистің ішіне еніп кетсе, кері-сінше, синтаксис морфологияныц да іщіне еніп кетеді, демек, ол екеуі бір-бірГне жәрдемдесіп, езара селбесіп отырады.

Морфология сезді оқшау қарамайды, оны басқа сез-дермен байланысты қарап барып,.олардьің қарым-қаты-настарын анықтайды. Бірақ морфология сездерді, олар-дың қарым-қатынастарын сол тілдің жүйёсшің қалыііты бір көрінісі, бөлшегІ ретін д еталд ап ,' бларды бір-бірі-мен уштастьгрып қарайды. Өйткені сезден сөз тудыру, сөзді түрлендіріп езгерту, сөз бең_сөзді жаяғастыру




    1. сияқты амал-тәсілдер — әрі әбден қальГптасьт- орньік-қан, әрі унемі қолданылатын дағдылы, жүйелі құбылыс-

10

тар. Сол себептен морфология тіліміздегі әрбір, жүрнақ-ты, әрбір жалғауды я болмаса бзсқа-бір морфология-лық қүбылысты және олардың әрқайсысыныд формасын тілдің жүйесімен байланысты, сол жүйеден тарайтын және сол жүйеге барып қосылатын заңды қүбылыс деп қарайды. Мысалы: Қой жатыр, қойшы тыңдап турды елжіреп (А бай); Екі атты таныған Абайдың көңіліне ол аттың иелері түсті (М. Әуезов) деген сөйлемдердегі бі-рінші сөйлемнен қой және қойшы сөздерін, ёкінші сөй-лемнен атты және аттың сөздерін өзара бір-бірімен са-лыстырып және қойды, қойға, қойдан, қойда, қойлар, қойшылар, сондай-ақ, аттан, атқа, атты, атпен, атшы, атшылар сияқты сөздердің өзгерген түрлерімен салые-тырып қарасақ, олардың әрқайсысы әрі тіліміздің бүкіл грамматикалық жүйесінен тарайтын, әрі сол жүйеге сар-қылатын өзара бір-бірімен байланысты грамматикалық қүбылыстар екенін мойындаймыз.

Морфология сөздің формасын да тексереді. Ал, сөз-дің формасы деген үғымға сөздін негізгі түбірі де, сөздің' туынды, біріккен, қосарланған, әр қилы қосымшалар қо-сылған түрлеірі де, сөз тіркестері де енеді. Екінші сөзбен айтқанда, сөздің формасы деген үғым сөзден сөз тудыра-тын, сөз бен сөзді байланыстыратын тәсілдерді де, сон-дай-ақ, сөзге қосымша мағына жамайтын өзге тәсілдер-ді де қамтиды.


Тілдегі сөздерді грамматикалық мағыналарына, фор-маларына және қызметтеріне карай, топ-топқа бөліп топ-тастыру да, әр сөз табына тән категорияларды анықтау да морфологияның міндеті.

НЕГІЗГІ ГРАММАТИКАЛЫҚ ҮҒЫМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ АНЫҚТАУ ЖОЛДАРЫ


  1. 5. ГРАММАТИКАЛЫҚ ҮҒЫМДАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

Тілдің грамматикалық қүрылысын тануда да, оның. негізгі мэселелерін анықтауда да әрі таяныш, әрі ныса-на түтатын негізгі грамматикалық үғымдар бар. Бүл үғымдарды ажыратпайынша тілдің грамматикалық қү-рьуіысының сыр-сипатын түсіну де, анықтау да қиын бси лады.

Грамматикалық қүрылысқа қатысы бар негізгі үғым-дар мыналар: грамматикалық мағына, грамматикалық форма және грамматикалық категория.


  1. 6. ГРАММАТИКАЛЫҚ МАҒЫНА ЖӘНЕ ГРАММАТИКАЛЫҚ ФОРМА

Тілдегі әрбір сөздің өзіне тән нақтылы лексикалық мағынасы мен жалгіы грамматикалық мағынасы оның түлға-түрпатына байланысты (мысалы: су, сушы, сусын, суат, суғар т. б.). Бірақ, солай бола түрса да, ол мағы-налар сөз бен сөздің, сөздер мен сөздердің ара қаты-настарынан жақсы аңғарылады. Мысалы, Той болса, тон киелік, жүр, баралың! Бірімізді біріміз аударальщ (Абай) деген сөйлемдердегі киелік, баральщ, аударалық деген сөздердің әрқайсысының өздеріне тән нақтылы лексикалық мағынасы бар. Олар — киіну, бару, аудару әрекеттерін білдіреді. Сонымен қатар, олардың сол лек-сикалық мағыналарымен жарыса жүретін, үшеуінің де бойынан табылатын — ортақ жалпы мағыналары бар. Ол мағыналар мыналар: біріншіден, бүл етістіктердің 'үшеуі де алдағы уақытта істелінбекші әрекетті білдіре-ді; екіншіден, үшеуінде де тыңдаушьілар (оқушылар) іске жүмылуға шақырылып түр; үшіншіден, сөйлеуші (автор) өзін де, өзгелерді де (тыңдаушыларды) бір үдай бірінші ж аққа топтап, «бәріміз (біз) киелік, бара-лың, аударалық» деп түтас қамти айтып отыр; төртін-шіден, ол әрекетті істеу көп адамға, арналып (мысалы, біз баральщ көптік мағынада) айтылып түр, бесіншіден, осы шақыру есім сөздер (зат есім, сын есім, сан есім, есімдік т. б.) арқылы емес, етістіктер арқылы айтылып түр; алтынщыдан, ол етістіктерде сабақтылық, салттық үғымдарымен байланысты грамматикалық мағыналар бар; жетіншіден, бүл сөздер осы сөйлемдерде баянда-уыш болып қызмет атқарып түр т. б.

Бүл аталған жалпы грамматикалық мағыналар сол түлғада жүмсалатын етістіктердің барлығында да бола-ды. Мысалы, сол мағыналар. Кел, балалар, оңылың! Оқығанды көңілге ьщыласпен тоңыльщ! (Ы. Алтынса-рин), деген сөйл£мдердегі оқылық, тоқылың дегендерде Де, сондай-ақ, келелік, тыңдалық, отыралық, жазалық, сөйлелік деген сияқты сөздерде де бар.
Қалтаң бүтін болса, ақшаң түгіл шақиіаң да түсіп ңалмайды (Ғ. Мүсірепов) деген сөйлемдердегі қалтаң,

12 13




ақіиаң, шақшаң деген үш сөздің нақтылы лексикалық мағыналарымен (қалта, ақша, шақша) қатар, граммати-калық мағыналары да бар: бүл үш сөздің үшеуі де зат-тың атын білдіреді, демек, грамматика тілімен айтқан-да, зат есімдер. Сонымен қатар, осы есімдер арқылы аталатын заттар (ңалта, ақиіа, иіаңша) екінші жақтағы (тараптағы) адамға меншікті я телулі екені аңғарыла-ды, үшеуі де сөйлемде бастауыш болып түр. Міне, осы аталған мағыналар грамматикалық мағыналар болады.
с-Сонымен, көздің нақтылы лексикалық мағынасымен жарыса отырвіп, сол лексикалық мағынаны айңындай, саралай түсетін я сөйлемдегі басқа сөздермен ңарым-қатынасқа түсу нәтижесінде туатын жалпы мағынасын грамматикалық мағына дейміғЬ)
Грамматикалық мағына сөздің түрленуі аркылы да, сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынастары арқы-лы да айтылады. Бірнеше мысал келтірейік:

Бетім барда, бетіме кім шыдар деп, Кімі паңдау келеді, кімі тантық (Абай) деген сөйлемдердегі бетім және бетіме, кім және кімі сөздері өзара түбірлес; олардың түлғаларында үқсастық та, айырмашылық та бар. Өйткені бетім және бетіме, кім және кімі сөздері-нің грамматикалық мағыналарында да, грамматикалық формаларында да ерекшеліктер бар.
Қонақ бір күн қонса — қүт; екі күн қонса,— жүт (мақал). Ауылдың салтында ауылға жақындаған жо-лаушының ақырын жүретін әдеті бар ғой (С. Мүқанов). Тентек ояз әмірінен астамырақ әділет, ар әмірі де бар (М. Әуезов). Өкпелерің орынды, жігіттер, ескі көшке ермей қалып, жаңа көшті бастай алмай, әрі-сәріге сал-ғаным рас (Ғ. Мүсірепов) деген сөйлемдерді қонақ жә-не қонса, ауылдың және ауылға, әмірінен және әмірі, көшке және көшті сөздерінің өзара негіздері бір бол-ғанымен, қосымшалары да, грамматикалық мағынала-ры да бір-бірінен, әрине, өзгешерек. , Сөйтіп, бүл мы-салдардың барлығында грамматикалық мағыналар бір сөздің әр түрлі грамматикалық формалары (морфоло-гиялық түрлері) арқылы айтылып түр.


  1. азақ тілінде грамматикалық мағына тудыратын сөздердің бір тобы өте, тым, аса, нағыз, нақ, дәл т. б. сияқты күшейткіш сөздер. Мысалы: өте жақсы, тым жүпыны, аса қадірлі, дәл өзі деген сөз тіркестерінде өте, тым, аса, дәл деген сөздер жақсы, жүпыны, қа-дірлі, өзі дегендердің мәнін күшейте түсетін граммати-

калык мағына үстеп түр. Дәл осындай мағынаны сап-са-ры, қып-қызыл, қап-қара дегендей can, қып, қап сияқты күшейткіш буындар ақылы да беруге болады. Бірақ

  1. ү н д а й д а көмекші сөз жетекші сөздің алдында айты-

лады.
Грамматикалық мағына негізгі сөздерге шылау сөз-дердін селбесуі арқылы да туады. Мысалы: Қүрым-байдын ол не үшін келгенін де сезді (Б. М айлин); Олар шеше алмаған мәселені шешу сіз үшін өте қиын (0. Әбішев) деген сөйлемдердегі үшін шылауы өзде-рінен бүрынғы сөздерге (не, сіз) қосымша граммати-калық мағына үстеп, оларды кейінгі сөздерге жалғас-тыруға дәнекер болып түр. Бүдан үшін шылауының мағынасы дәлме-дәл болмағанымен, барыс септіктің ма-ғынасына жақын екенін байқауға болады.
Кәсіп іздеген қайықшылар ол діңгектегі жүмырт-қаны қайьщ-қайық қып тасып шығарса да, тауыса ал-майды (С. Мүқанов) деген сөйлемдегі қайықиіылар жә-не қайық-қайық сөздерінің бастапқы түбірі де, нақты-лы лексикалық мағынасы да бір. Бірақ сол сөздердің формалары мен грамматикалық мағыналары басқа-бас-қа. Ең алдымен, қайықиіылар деген сөзге жалғанған -шы косымшасы мен соңғы -лар қосымшасын сөз етпей-ақ, екі рет қайталанған қайық-қайьщ деген түрін алсақ, сол түбір әлденеше қайықпен (я көп қайықпен) әлде-неше рет тасып шығарса дегендегі мағынамен пара-пар мағынаны білдіреді. Сауыншылар шелек-шелек сүтті қолдасып әкеле жатыр (Ғ. Мүсірепов); Адам дегеннің жүрегі тарау-тарау, еспе-еспе, бабы көп (F. Сланов) деген сөйлемдердегі шелек-шелек, төбе-төбе, тарау-та-рау, еспе-еспе деген қосарланған сөздердің мағынала-ры мен формалары да жоғарыда айтылғандай.
Сөйтіп, сөзді қайталап (қосарлап) қолдану тәсілі де тиісті грамматикалық мағыналардың сыртқы грамма-тикалык формасы ретінде жүмсалады.
Өзіне тән нақтылы лексикалық та, дербес грамма-тикалық та мағынасы бар бір алуан сөздер белгілі бір тіркестерде негізгі сөзге тек қана грамматикалық ма-ғына жамайтын дәнекер сөздер ретінде жүмсалады. Мысалы: Көңілге шек-шүбәлы ой алмаймын, Сонда да оны ойлап қоя алмаймын, Ақылдың жетпегені арман емес, Қүмарсыз қүр мүлгуге тоя алмаймын (Абай) сөйлемдеріндегі алғашқы алмаймын деген сөздің ойлап Цоя алмаймын, мүлгуге тоя алмаймын дегендердегі


и / 15

алмаймын дегеннен сыртқы тұлға жағынан, демек, тү-бірі мен қосымшалары жағынан, ешқандай да айырма-сы жоқ. Бірақ ой алмаймын деген тіркестегі алмаймын сөзі өзінің бастапқы лексикалық мағынасын да, грамматикалық дербестігін де толық сақтап түрса (кө-ңілге шүбәлы ой алма), соңғы тіркестегі алмаймын сө-зінің бастапқы лексикалық мағынасы солғындап кет-кен. Грамматикалық абстракцияның нәтижесінде бұл сөз әуелгі мағынадан айрылып, өзінен бүрынғы етістік арқылы айтылатын істің жүзеге асуға мүмкіншілігі бар-лығын я жоқтығын білдіретіндей ғана көмекшілік қыз-мет атқару дәрежесіне кешкен. К,алада да, далада да, осының лаңьінан қүтыла алмай қойдым (Ғ. Мүстафин) деген сөйлемдегі қой және ал етістіктерінің мағынала-ры мен қызметтерін салыстырып көрініздер.
Сөйтіп, етістіктердің бір-бірімен селбесіп тіркесуле-рінен құралатын күрделі және аналитикалық етістік-тердің мағыналары да грамматикалық мағына тудыру-дың белгілі бір саласы делініп танылып, көмекші етіс-тіктер сол грамматикалық мағыналарды білдіретін грамматикалық формалар ретінде қаралады.
Алдарындағы қабақта киіз үй, тас үйлердің, кең қоралардың төңірегін алып, көктемнің көк берен теңі-зіне еркін жүзген ақтылы қойлар жатыр (Ғ. Сланов) дегендегі киіз үй, тас үй деген әрбір екі сездің тіркесі арқылы да грамматикалық мағыналар беріліп түр. Өйт-кені бүл тіркестерде екі зат есім, ешбір қосымша фор-маларсыз-ақ, бір-бірімен тіркесіп, үйлердің қандай (не нәрседен жасалған) екенін білдіріп түр. Ондай тіркес әр түрлі үш я төрт зат есімнен де қүрала береді. Мы-салы: Ол адал бсщанға түйе жүн шекпені мен қам-шысын іле салды да, көрпе қабаттала төселген биік орынға барып отырды (Ғ. Мүсірепов); Қалаға кіре бе-рісте айналасы қоршаулы үршық бас темір бағаналар тур (Ғ. Мустафин) деген мысалдардағы түйе жүн шек-пен, үршық бас темір бағаналар деген тіркестер үш я төрт зат есімнен қүралады. Бүл және олардан бүрынғы мысалдардағы тіркестер өзге (мысалы, индоевропалық) тілдерде белгілі грамматикалық қосымшалар аркылы берілетін грамматикалық мағыналарды білдіріп тұр.
Сөздердің сейлемдердегі орны олардың мағыналары мен қызметтеріне үлкен әсер етеді. Оны мына мысал-дардан байқауға болады. Мысалы: Ж ақсы жол — елге

жора (М. Әуезов); Мәжіліс жақсы өтті, жаңа пікірлер айтылды (Ғ. Мұстафин) деген сейлемдердегі жақсы сөзі (сын есім) бірінде зат есімнен бұрын түрса (жақ-сы жол), екіншісінде — етістіктен бүрын (жақсы өтті) түр. Бұдан, қапдай сөз табымен тіркесуіне қарай, сын есімнің кызметі өзгеретінін аңғарамыз. Ашығырақ*айт-сак, алғашқы сөйлемде жақсы сөзі анықтауыш қызме-тін, екінші сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарып тұр. Сондай-ақ, қысқы үкідей аппақ болып, үзақ күндер үзақ жортып көбінесе үнсіз жортып, Омбы қаласына бүгін іңір қараңғысында келіп кірді (F. Мүсірепов) де-гендегі үзақ күндер, үзақ жортып деген тіркестерде ал-ғашқы үзақ (үзақ күндер)— анықтауыш та, кейінгісі (үзақ жортып)— пысықтауыш.
Сонымен, белгілі жағдайда (тіркесте, сейлемде) сөз-дердің орындарының ауысуларына қарай, олардың. грамматикалық мағыналары мен қызметтері өзгереді; сөйлемдегі сөздердің орналасу тәртібі де белгілі грам-матикалық тәсілдердің бірі болып саналады.
Дауыс ырғағы да грамматикалық мағынаны білді-ретін грамматикалық тәсіл ретінде қызмет етеді. Өйтке-ні кейбір тіркестердегі сездердің қызметін ажыратуға тек дауыс ырғағы (интонация) ғана бірден-бір дәнекер болады. Мысалы, Б ұ лм у ға лім Әлім еді де, о л дәрігер Әлім еді деген сейлемдерді дәл осы қалпында екі үшты түсінуге болады. Егер осы сейлемдердегі бүл, ол сез-дерінен кейін кідіріс жасап айтсақ, екеуі де сол сейлем-дердің бастауыштары болады да, мүғалім, дәрігер сөз-дері Әлім еді деген баяндауыштардың анықтауыштары болады. Ал, егер кідірісті бүлмүғалім, олдәрігер 'деген тіркестерден кейін жасасақ, муғалім, дәрігер сез-дері бастауыш болады да, бүл, ол сөздеірі мүғалім, дә-рігер деген бастауыштардың анықтауышы болады. Осы себептен, сызықшаны мағына ажырататын белгі ре-тінде — дауыс ырғағының (кідірістің) жазу тіліндегі шартты белгісі ретінде қолданып жүрміз.
Сонымен, тіліміздің грамматикалық күрылысы жү-йелі, сала-салз^ грдмматикалық құбылыстардан қүра-лады. Ал, сонйай әрбір грамматнкалық қүбылыстың екі жағы боладу”: біріншісі — сол қүбылыстың белгілі үғымды ^ т ^ ір ік т .і (бірдемені) білдіретін ішкі жағы, демек, ^ааііүНы,,-яғни грамматикалык мағынасы, екін-шісі сол - Кіазмұнды, яғни грамматикалық мағынаны (грамматикалТьж; үғымды %хү(у(!яікті) қрлай я не арқы-

16 17

лы білдіретін сыртқы жағы, демек — грамматикалық тэсілі.
Грамматикалық кұбылыстың өзіне тән грамматика-лық мағынасы мен сол мағынаны білдіретін граммати-калыд тәсілі үнемі бірлікте болады. Грамматикалық ма-ғына — грамматикалық күбылыстың (сөздің я оның бөлшегінің) м а з м ү н ы болса, грамматикалық тәсіл сол мазмүнды білдіретін ф о р м а с ы .
Міне, сондай жалпы грамматикалық мағыналарды білдіретін грамматикалық амал-тәсілдер г р а м м а т и - к а л ы қ ф о р м а л а р деп аталады. Қазақ тілінің грамматикалық амал-тәсілдері, олардың потенциалдық мүмкіншіліктері бай да, икемді де. Ол керегінше синте-тикалық тәсілдерді де, аналитикалық тәсілдерді де пай-даланады.
Қандай гарматикалық мағына болса да, оның өзіне тән грамматикалық формасы болады, керісінше, қандай бір грамматикалық форма болса да, оның өзіне тән грамматикалык мағынасы болады. Грамматикалық ма-ғынасы жоқ грамматикалық форма болмайды, грамма-тнкалық формасы жоқ грамматикалық мағына болмай-ды. Тілдегі сөздердің грамматикалық мағыналары мен грамматикалық формаларының бірлігінен және солар-дың жинағынан тілдің грамматикалық күрылысы туады.


  1. 7. ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Грамматикалық категория ретінде қаралатын я та-«ылатын грамматикалық құбылыстың өзіне тән жалпы грамматикалық мағынасы және ол мағынаны білдіре-тін дербес грамматикалық формасы болуҒа тиіс. Мыса-лы, тәуелдеу категориясының қазақ тілінде және басқа түрік тілдерінде өзіне тән жалпы граі^матикалық ма-ғынасы және сол мағынаны білдіретін өзіне лайық грам-матикалық формасы бар.


Грамматикалық категория тікелей сөйлемдегі сөз-дерге және сөз тіркестеріне тән жалпы грамкатикалык мағынамен байланысты болады.1Ж алпы грамматика-лы қ категориялар ішінара морфологиялык. категориялар және сиңтаксистік категориялар болып екі салаға бөлі-неді. Осыған орай, грамматиканың морфология атты тарауы морфологиялық категорияларды тексереді де,

синтаксис атты тарауы синтаксистік категорияларды тексереді.


Морфологиялық категориялар деп жеке сөздердің езгерілуі (түрленуі) арқылы туатын жалпы граммати-калық мағыналарды айтамыз. Мысалы, Құлпыртып ән салайық түрден түрге: Бастайьщ ілгері адым өрден-өрге (И. Байзақов) деген сөйлемдердегі әр сөз белгілі-бел-гілі морфологиялық формалар арқылы бір-бірімен қа-рым-қатынасқа түсіп, тиісті грамматикалық мағыналар-ды білдіріп түр. Олар мыналар: бірінші сөйлемдегі қүлпыртып сөзі әуелі — т (қүлпырт), одан кейін -ып (қүлпыртып) формалары арқылы екі түрлі морфоло-гиялық өзгеріске үшырап барып, салайық сөзімен тір-кесіп, екі түрлі грамматикалық мағына білдіріп түр. Ол әуелі өзгелік етіс мағынасын, одан дейін — көсем-шенің негізгі істі айкындап түратын түрінің беретін мағынасын білдіреді; екінші сөйлемдегі ілгері сөзі бас-тайьщ сөзімен тіркесіп, негізгі істі айқындайтын мағы-наны аңғартады, бірінші және екінші сөйлемдердегі ән-ді, адамды сөздері табыс септіктің -ді (-ды) формасы арқылы, салайық, бастайык, сөздерімен қатынасқа тү-сіп (тіркесіп), оларды іспен тікелей байланыстыратын мағына береді; түрге, өрге сөздері барыс септіктің -ге формасы арқылы қулпыртып салайық, ілгері бастайық 'сөздерімен қатынасып (тіркесіп), бет алыс — бағытқа меңзейтін мағынаны көрсетеді, түрден, өрден сөздері -ден формасы арқылы өздерінен кейінгі түрге, өрге сөздерімен қарым-қатынасқа түсіп (тіркесіп), істің я амалдың бір орыннан (я дәрежеден) екінші орынға (дә-режеге) кешетінін білдіріп түр.


  1. ар қабащ а иін тіресе салынған сарайлар, мастер-скойлар, складтар, көмір атжалдары, барактар, үзын-ұзын мойындар үлкен қаланың бір шетіне •уқсайды (Ғ. Мүсірепов) деген сөйлемдегі сарайлар, мастерской-лар, складтар, атжалдар, барактар, мойындар деген сөздерді сарай, мастерской, склад, атжал, барак, мойын сөздерімен салыстырсақ, әрине, олардың сыртқы мор-фологиялық формаларынан көптік мағына және жеке я даралық мағына аңғарылады.

СөйтіпД^сөйлемдегі сөздер өзара бір-бірімен қарым-қатынасқа түсудің нәтижесінде, әр түрлі морфология-лық өзгерістерге үшырап та, оған үшырамай-ақ әр түрлі синтаксистік тәсілдер арқылы да өзара байланы-сады; осындай грамматикалық қүбылыстардың арқасын-


18 19


да сөз тұлғаларынын түрленулеріне, тіркесу тәсілдері-ніц құбылуларына қарай, ол сөздерге әр түрлі грам-матикалық мағыналар үстеліп, әр қилы грамматикалық қызмет атқару қабілеті пайда боладьі. Ол грамматика-лық мағыналар мен грамматикалық формалар сөйлем-дерде қолданылатын сөздердің бойындағы жалпы қа-снеттері ретінде көрініп отырады. Осы себептен де грам-матикалық мағыналар мен грамматикалык формалар әрқашан жалпы гр^амматикалық қүбылыс делініп есеп-теледуМ үндай жалпы грамматикалық мағына мен жал-пы грамматйкалық форма тұтас бір грамматикалық құ-былыстың әрі өзара бірі мен бірі тығыз байланысты екі жағы ретінде, әрі сол екеуінің бірлігі ретінде қара-лады. Міне, осындай бір тұтас грамматикалық құбы-лыс әдетте грамматикалық категория деп есептеледі. Дсмек, тілдегі өзіне тән грамматикалық формасы (тәсі-лі) бар жалпы грамматикалық мағына грамматикалық категория деп аталады.
І_Келіңіз, менде қызық кітаптар, газет-журналдар бор, бірге отырып оқиы қ,(Ъ . Майлин); Мүсәпірге тиген ат ұиіқыр, менің атым. ұиіқалақ (С. М уқанов); Адамды ба-ғындырудың асылы еңбек, түбінде еңбексізді еңбек жеңбек (С. М үқанов); Мен шаруа бащ ан момын адам-мын (С. Мұқанов); Міне, енді сіз үйіңіздесіз (Ғ. Мүсі-репов) деген сейлемдердегі сөздер грамматика заңы бо-йынша қүрылған. Бұл сездердін, кейбіреулеріне көптік жалғауы, кейбіреулеріне тәуелдік, кейбіреулеріне сеп-тік, кейбіреулеріне жіктік жалғауы жалғанып тұр да, солардың арқасында сөйлемдердегі айтылған ойлар да керіктеніп, жатық айтылып тұр. Бұл төрт түрлі жалғау тек осы сөйлемдерде ғана емес, өзге сөйлемдерде де үне-мі қолданылып, әрқайсысы ез орнында белгілі мағына-лар үстеп, сөздердін. қызметтерін сараландырып отыра-ды. Демек, төрт түрлі жалғаудың әрқайсысының өздеріне тән грамматикалық мағыналары және сол ма-ғыналарына орай арнаулы грамматикалық формалары бар. Сол себептен олар өз алдарына категория деп та-нылып, әрқайсысы бас-басына септеу категориясы, көп-теу, тәуелдеу, жіктеу категориясы. делініп есептеледі.,
Сөздерге, әдетте, жалғаулардан өзге жүрнақтар да қосылып, өздерінің ерекшеліктеріне қарай, әр түрлі грамматикалық мағыналар үстеп, әрі олардың тұлғала-рын өзгертіп, әр қилы баска категориялар тудырып оты-рады. Мысалы: М илиционер орта бойлы, көселеу, үл-
кендеу келген сарғылт көзді ақ сары жігіт екен (С. Сей фуллин) деген сөйлемдегі бойлы, көселеу, үлкендеу, сарғылт, көзді, келген, екен сездерінің әрқайсысына тиісті қосымшалар қосылып қолданылған. Бірақ бұл қосымшалардың бәрі де — жүрнақтар: бойлы, көзді де-гендердегі -лы (-ді) жүрнағы есімдерді сын есімге ай-налдырып түрса, көселеу, үлкендеу, сарғылт сөздерін-дегі -деу (-леу), -ғылт жүрнақтары сапалық сын есім-дерді жай шырай формасынан салыстырмалы шырай формасына түсіріп тұр; ал, келген, екен дегендердегі -ген (-кен) жүриағы кел, е етістіктерінен есімшеніц ет-кен шақ формасын тудырып тұр.
Тілден тыс ешқандай грамматикалық құбылыс бол-майтыны сияқты, тілдегі сөздерден тыс грамматикалық категориялар да өмір сүре алмақ емес. Өйткені сөздің езі болмаған жағдайда ол сөздің мағынасы туралы да, өзгерісі туралы да сөз болуы мүмкін емес. Сондай-ақ, жалғанатын негіз болмаса, қосымшалардың бір де бі-реуі өздігінен түрып ешқандай мағына да бере алмай-тыны, онын. қызмет атқару қабілеті де болмайтыны бы-лай түрсын, өздері де болмас еді. Солай болса, грамма-тикалық категориялар тілде топ-топқа белініп, белгілі грамматикалық сөз таптарына тән, оларға телулі бо-лады.
Қазақ тіліндегі сөздер өздерінін, лексикалық мағы-налары жағынан болсын, грамматикалық мағыналары мен өзге сипаттары жағынан болсын, белгілі-белгілі грамматикалық топтарға бөлінеді. Тіліміздегі сөздерді зат есім, сын есім, сан есім, етістік деген сияқты топ-тарға бөліп, топтардың әрқайсысынын. ерекшеліктері-ле қарай, тиісті грамматикалық сипаттамалар беру де олардыд әрқайсысына тән грамматикалық категория-ларды ашудан, анықтаудан туған. Сөздерді, граммати-калық сипаттарына, ең алдымен, олардың грамматика-лық категорияларына қарап, топ-топқа бөліп граммати-калық сөз таптары деп танып жүрміз.
Мысалы, сын есім деп аталатын негізгі сөз табына тән сөздердің жалпы грамматикалық мағынасы заттың сипатын (түрін, көлемін, түсін, сапасын т. б.) білдіреді. Сол жалпы грамматикалық мағыналарына орай, сын есімдерде бір сынды екінші сынға салыстырып, оларды өзара бір-бірінен ажырататын шырай формалары бар. Мысалы, сары деген сыннан сап-сары, сарырақ, сары-лау, сарғыш, сарғылт, тым (аса, өте, тіпті) сары деген

50 23

тәрізді формалар туады. Осы формалар сын есімнін, ка-тегориялық сипаты да, көрсеткіші де болып саналады. Сол сияқты, сан есім деп аталатын сез табына қатысты сөздер грамматикалық мағынасы жағынан жалпы сан-дық ұғымды білдірсе, олардын. өзге сөздерде жоқ, өзде-ріне ғана тән реттік түсінікті ажырататын арнаулы ка-теогриялық формасы бар (сегізсегізінші, отызотызыншы т. б.).


Сөз таптарынын,, олардын, грамматикалық катего-рияларыньщ өзара қарым-қатынастарынан тіліміздің грамматикалық ерекшеліктері туады, ал сол ерекшелік-терден онын. грамматикалык құрылысына тән алуан түрлі грамматикалық құбылыстардьщ бірлігі қүра-лады.
Грамматикалық категориялардың өресі мен өрісі бір-келкі болмайды. Кейбір категориялар тым жалпы, әрі өрісті, әрі қарымды болса, кейбір категориялардын. өрі-сі тайыз, қарымы аз, тіпті жалқы да бола береді. Мы-салы, тым жалпы категория деп сөз таптары категория-сын, қосымшалар категориясын алсақ, олардың, әрқай-сысын іштей саралап, әлденеше ірілі-ұсақты жалқы категорияларға бөлуге болады. Айтайық, сөз таптары ка-тегориясын жалпы ерекшеліктеріне карай, әуелі есімдер категориясы, етістіктер категориясы, көмекші сөздер категориясы деп топтасақ, одан әрі есімдер категория-сын зат есім категориясы, сын есім, сан есім категория-сы деген сияқты жіктерге бөлумен тынбай, олардың, әрқайсысын тағы да әрі қарай саралап отырамыз. Мы-салы, есімдіктер категориясын жіктеу есімдігі, сілтеу, сұрау, топтау, белгісіздік, болымсыздық есімдіктер деп, одан әрі бір ғана жіктеу есімдіктерін тағы да даралан-дырып, ж ақ категориясын анықтаймыз. Сол сиякты, қосымшалар категориясын әуелі жалғау категориясы және жұрнақ категориясы деп жіктеп, одан әрі жалғау-ларды, жоғарыдағыдай, көптік жалғау, тәуелдік жал-ға\, септік жалғау, жіктік ж алғау категориялары деп бөлеміз. Ж ұрнақтарды әуелі сөз тудыратын және сөз түрлендіретін категорияларға, одан әрі іштей жеке сөз таптарына тели бөліп, олардын. өзара жіктері мен сыр-сипаттарын ашамыз.
Грамматикалық категория сөздін, негізгі (лексика-лық) мағынасына тек жанамалай ілесіп қана я жары-сып қана отырмайды, ол екеуі бірі мен бірі іштей үла-

сып, езара бір-біріне ықпалдарын да тигізіп. тығыз қа-рым-катынасқа түседі. Сол себептен бір сөздін, бойынан бірнеше категорияны табуға болады.



II т a р а у
СӨЗДІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҢ ҢҰРАМЫ МЕН
ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ ч. /


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет