Айтуреева ж ж «Түрлі мекемелердегі психологиялық қызмет»


Психологиялық ағартушылық



бет34/37
Дата12.12.2023
өлшемі210,27 Kb.
#196317
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
xBwQGhekgQbnOF9wt4FsdjKjbrAMYH1xl5KlmX7A 2

Психологиялық ағартушылық – бұл үлкендер (тәрбиешілер, мұғалімдер, ата-аналар) мен балаларға психологиялық білім беру. Бұндай психологиялық ағартушылықтың негізгі мәні мынада:1. Тәрбиешілер, мұғалімдер мен ата-аналарды балалардың психикасының дамуының негізгі заңдылықтары мен жағдайларымен таныстыру;2. Жаңашыл психологиялық зерттеулердің нәтижесін анықтау.3. Психологиялық білімге сұранысты, оларды балалармен жұмыс істеу кезінде немесе тұлғаның өзінің дамуына деген қызығушылығында қолдануға ынта-ықыласты қалыптастыру;4. Практикалық психологияның және балаларды оқыту мен тәрбиелеу ұйымдарында психолг жұмысының қажет екендігін түсіндіру; Психологиялық ағартушылықтың формалары әр түрлі болады: дәріс, әңгіме, семинарлар, көрме, т.б. Бұндай жағдайда психолог жұмыс істеу кезінде барлық іс-әрекетті бір өзі ғана атқара бермей басқа да мамандарды шақыруға болады. Алайда, жұмыстың бұл формалары тек бірсарынды теориялық түрде өтпеуі керек. Яғни, бұл жұмыстар психологиялық білімнің бала білімі мен тәрбиесіне қатысты нақты мәселелерді шешуге бей-жай қарамайтындығын көрсету қажет.
Үй тапсырмалары:
1. Жетім балаларға психологиялық қызмет көрсетудегі психологтың кәсіби ерекшелігі.
2. Қазіргі кездегі білім беру жүйесінде және әлеуметтік ортада психологиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
3. Білім беру жүйесіндегі психолог мамандарына сұраныстың мол болуы.
4. Мүгедек жасөспірімдерге психологиялық кеңес берудің ерекшелігі.
5. Ата-аналарға психологиялық кеңес беру.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Бердібеков,С.Оқушылар психологиясы : семинар сабағын жүргізуг еарналған / С. Бердібеков, С. Қозыбақова. - Шымкент : ОҚМУ, 2020 www.lib.ukgu.kz

  2. Нурханова,Г.Б. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызмет пәні бойынша дәріс жинағы : 5В010300-Педагогика және психология мамандығына арналған / Г. Б. Нурханова. - Версия . - Шымкент : ОҚМУ, 2017 www.lib.ukgu.kz

  3. Айтжанова Г.Т. "Үлгермеуші оқушылар психологиясы" пәнінен дәрістер жинағы : 5В010300 - "Педагогика және психология" маман. бойынша студ. үшін / Г. Т. Айтжанова. - Шымкент : 0ҚМУ, 2015. - 166 с. www.lib.ukgu.kz




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет