Алаштың АҚИЫҚтары мақалалар, деректі құжаттар, аудармалар жинағы



бет78/86
Дата05.02.2022
өлшемі5,84 Mb.
#14445
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   86
«Киргизская лите­ратура» - мақала алғаш рет «Трудовая Сибирь» журналының 1919 жылғы №1 санында жарияланған. Соңына «С.С-ов» деп қол қойылған бұл мақаланы С.Дөнентаевтің қызы Сәулет Сәбитқызы мен Айтқазы Дайырбеков Алтай өлкесінің мемлекеттік архивінен тауып, Көкшетаудың «Степной маяк» газетінің 1991 жылғы 4-5 шілде күнгі сандарында жариялаған. Олар бұдан кейін мақала авторының нақты есімін анықтау мақсатымен Мәскеу, Ленинград, Барнаул архивтеріне сұрау салып, нақты жауап ала алмаған. Нұрым Сансызбаевтың Омбы архивіне жолдаған сауалы нәтижелі болып, одан: «В архивном фонде Союза кооператив­ных объединений Западной Сибири «Центро-Сибирь» в документах об издании журнала «Трудовая Сибирь» имеется копия ведомости по оплате гонорара за статьи, помещенные в № 1 за 1919 г., где указано: «Фамилия автора - Садвакасов. Название статей и заметок - «Киргизская литература». Количество строк - 237. Расценка - 1 руб. К уплате - 237 р. (Ф. 151,оп.1,д.459,л.З)» - деген жауап алған. Н.Сансызбаевтің алғысөзімен «Абай» журналының 1997 жылғы №1 санында жарияланған.
«Предисловие к книге «Молодой Казахстан» - «Молодой Казакстан» деген атпен 1928 жылы Москваның «Огонек» баспасынан шыққан әңгімелер жинағына жазылған алғысөз.Жинаққа енген М.Әуезовтің, Ж.Аймауытовтың, Б.Майлиннің әңгімелерін аударған да автордың өзі сияқты. Д.Қамзабекұлының, Н.Сансызбаевтің («Абай»,1997, №1) түсініктемесімен мерзімді баспасөзде жарияланған. Бұл жинаққа М.Әуезов мұражайының қорында сақталған нұсқа бойынша ұсынылып отыр.

Каталог: repository -> history -> Ұжымдық%20жинақтар
history -> Халел досмұхамедов
history -> Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»
history -> Алматы: «Санат» баспасы, 2001. 480 бет
Ұжымдық%20жинақтар -> Комиссар єаббасов
Ұжымдық%20жинақтар -> Арман да, арман, шын арман
Ұжымдық%20жинақтар -> Қазақ Ұлт-азаттық ҚОЗҒалысы
Ұжымдық%20жинақтар -> Қазақ Ұлт-азаттық ҚОЗҒалысы
Ұжымдық%20жинақтар -> Хайруллина Ғайша- сафура Құзырғалиқызы Менің шыққан тегім, жанұям
Ұжымдық%20жинақтар -> Аудармалары
Ұжымдық%20жинақтар -> «алаш» баспасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   86




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет